Экономикалық фактор
ЖОСПАР
Кіріспе 3
Ұлттық қауіпсіздік немесе Қазақстанның мемлекеттік тұтастығы 3
"Қауіпсіздік" ұғымы 3
Қауіпсiздік мәселесі: Қазақстан ұлттық қауіпсіздік факторлары 6
Қорытынды 13
Қолданылған әдебиеттер тізімі 14
Кіріспе
Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастар жүйесінде толық
жарамды субъект ретінде қызмет жасауы, жаңа экономикалық кеңістік
шеңберінде өзінің ұлттық, мүдделерін айқын анықтауын талап етеді. Қазақстан
Республикасының мүдделері, ең алдымен мынадай саяси және экономикалық
факторлармен байланысты: соғыс объектілерінің және ядролық қару-жарақтың
бар болуы, космостық база, ішкі саяси жағдайдың белгілі мөлшерде тұрақсыз
болу қаупі, халық санының арту қарқынының биіктігі, аймақтың әлеуметтік-
экономикалық артта қалуы, КСРО-ның тарауы салдарынан пайда болған
республикалардың әлемдік аренадағы қызметін реттейтін халықаралық құқық
механизмдерінің болмауы, республиканың "нативизацияға" бейімделуі.
Бұндай жағдайда Республиканың алдына шетелдермен және таяу шетелдермен
қарым-қатынастардың ұтымды жағын табу және күштердің қазіргі кездегі
балансына байланысты Азия мен Орта Шығыс кеңістігіндегі Қазақстанның
ғаламдық рөлін белгілеу мәселесі қойылады. Ұлттық мүдделер мен басымдық
таңдауды мемлекеттің саяси, әлеуметтік және қорғану салаларындағы
қызметінен іздеу керек. Қазіргі кезде көрініс алып отырған Қазақстанның
Ұлттық позицияларының белгілену тенденциясы, болашақта бұрынғы КСРО
шеңберіндегі мемлекеттер арасындағы күш балансына әсер етуі мүмкін.
Қазақстанға әсер етуші күштер мыналармен анықталады: Ресей
мемлекетінің қарым-қатынасы (Шығысқа әуестенуі); Қытайдың мақсаттары
(өзінің экономикалық және саяси әсерін күшейтуде); Иран, Түркия, және тағы
басқа мемлекеттердің өзіндік мүдделері. Осыған байланысты Қазақстанның
мүддесіне ең бастысы мыналар жатады: Қазақстанның егемендігін және таңдаған
даму моделін құрметтеу, шекара қауіпсіздігі, экономикада, мәдениетте өзара
тиімді ынтымақтастық. Сонымен, республиканың мүдделері сыртқы факторлармен
тығыз байланысты және ол ішкі саясаттың макро және микро деңгейдегі
бағыттарына әсер етеді.
Ұлттық қауіпсіздік немесе Қазақстанның мемлекеттік тұтастығы
"Қауіпсіздік" ұғымы
"Қауіпсіздік" ұғымының шығу төркіні адам, қоғам өмірінде олармен бірге
жүретін қауіп- қатер. Бұл барлық адам мен барлық мақұлықтар тіршілігінің
мүмкін элементі, керек десеңіз оның дамуы – шарты. Жан бар жерде қауіп-
қатер де бар. Бірде-бір жан иесі қауіп-қатерсіз бола алмайды. Қауіп-
қатердің қайнар көздерінің бірі - бұл әлеуметтік әрекет және әлеуметтік
қайшылықтар.
Дегенмен бұл саладағы екінші қарсы ұғымды "қауіпсіздікті" тудырады.
Табиғат күштері, қоғамдық құбылыстар мен адам әрекеттері оны адам өмірінің
міндетті шарттарының біріне айналдырды. Адам тіршілігі басқа тіршілік
иелерімен салыстырғанда тым нәзік, қорғансыз. Сондықтан, оның басты шарты -
қауіпсіздігі, яғни оның тіршілік әрекетінің қалыпты, оның өзіне зиянсыз
біркелкі қолайлы жағдайда жүзеге асуы. "Қауіпсіздік", В. Дальдің түсіндірме
сөздігінде, бұл қауіп-қатердің болмауы, сақталуы, сенімділік. Адам
қауіпсіздігін қамтамасыз етуде табиғи, биологиялық, т.б факторлардың зор
маңызы бар екендігін айтпауға болмайды. Адамның қауіп-қатерден сақтануы -
объективтік қажеттілік. Бұл негізінен оның сыртқы және ішкі орта жағдайына
бейімделуі, оның әрекеттерінің нөтижесі. Ол оның биологиялық- әлеуметтік
тіршілік иесі - homo sapiens өкілі ретінде жан-жақты дамуына, оның
әлеуметтік-гуманитарлық тұрғыдан жетілуіне мүмкіндік тудырды. Осы ретте
қауіпсіздік үшін күрес амалдарды адамзаттың ғасырлар бойы жиып-терген,
ұрпақтан ұрпаққа беріліп жалғасып келе жатқан әлеуметтік-мәдени тәжірибесі.
Қауіпсіздік күрделі әлеуметтік-саяси нақтылық, оны қол жеткен
жайбарақаттыққа алданбай жетілдіре беру абзал. Өйткені жиырмасыншы ғасырдың
аяғы, жиырма бірінші ғасырдың басы адамзат үшін қауіп-қатердің айырықша
күшеюімен сипатталады. Қауіпсіздік тіршілік әрекеті мөселесінің кейінгі
кезде асқынып кеткенін Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаев та
атап көрсетті[1]. Бұл қоғамдық өмірдің, қазіргі заманғы ғылыми-техникалық
және ақпараттық процестері дамуының күрделіленуі, ғаламдық жылылықтың
артуы, сан алуан табиғи және техногендік катаклизмдер, әр түрлі апаттар
т.б. байланысты өріс алуда.
Бүгінгі таңда адамзат үшін өте зардапты алуан түрлі қауіп-қатерлер
мысалдарымен кездесіп отырмыз. Әрине, қандай да болмасын адам, нақтылы ел,
қоғам мен мемлекет өзінің қалыпты, лайықты тіршілігін қамтамасыз етуге күш
салады, керек болса ол үшін күреседі де. Осы орайда қауіпсіздіктің аса
аумақты және кешенді деңгейі - ұлттық қауіпсіздік туралы айту қажет. Ұлттық
қауіпсіздік табиғат – адам - қоғам және бүкіл адамзат жүйелік байланысының
аса маңызды құраушы элементтерінің бірі. Бұл байланыс бүкіл адамзат үшін
нақтылы қоғам, елдер мен мемлекет үшін универсалды кешенді сипаттама.
Ұлттық қауіпсіздік кейде оны ұлт қауіпсіздігі деп атайды - бұл елдің
орнықты дамуын қамтамасыз ететін тіршілік әрекетінің әр түрлі салаларында
жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделерінің және
сыртқы қауіптерден қорғалуы. Мысалы, "Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасының тәуелсіз егеменді мемлекет ретінде дамуының басты
шарты болып табылады. "Сондықтан, ұлттық қауіпсіздік ел дамуының
стратегиялық векторын сақтауға, халықты іштей ыдыратып, өзара теке-тірес
жолына түсірмей, оның тағдырының лайықты қызмет етуі тиіс. Бұл көп деңгейлі
құрылымдық қызметтік жүйе. Аталған мүдделер мен оларға ішкі және сыртқы
қауіптердің үздіксіз және өзара әрекеттесуі мен қарсы күресі қоғамдық
дамудын қозғаушы күші болып табылады. Заманымыздағы қауіп-қатерлер сипаты
ұжымдық жауаптылық пен ұжымдық қауіпсіздікке аса үлкен мән беріп отыр. Әлем
тарихында кауіпсіздік мәселесі алғаш рет 1914 ж. Наполеон Корсикадан қашып
шығып, қол жинап Парижге аттануына байланысты Вена конгресінде қойылған.
Бүгін қауіпсіздік мәселесі бүкіл әлем халықтарының назарында. Бұл мәселемен
Біріккен Ұлттар Ұйымы Құрамында Қауіпсіздік Кеңесі, сол сияқты Кауіпсіздік
пен Қарусыздандыруға байланысты Халықаралық ұйымдар айналысып, оның оң
шешімдерін табуға үлес қосуда. Қауіпсіздік үшін күрес бұл заманның
адамзаты, көптеген елдер мен мемлекеттер алдында тұрған аса маңызды
міндеттердің бірі[2].
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері біздің бұқаралық ақпарат құралдары
еліміздің ұлттық мүддесін қауіп-қатерден сақтандыру және өмірдің барлық
салаларындағы игі істерге жаршылық істеп, еліміздің дамуындағы маңызды
мәселелер төңірегінде жұртшылықты белгілі мемлекет қайраткерлерін, мамандар
т.б зиялы қауым өкілдерін жұмылдыруға өз үлесін қосты. БАҚ-да сыртқы,
ақпараттық, қоғамдық, экономикалық, экологиялық т.б. қауіпсіздіктерге және
оларға қауіп төндіретін жағдайларға байланысты біраз материалдар жарық
көрді.
Глобализация жағдайында еліміздің экономикалық қауіпсіздігі, ел
экономикасының ресурстық-энергетикалық негізін сақтау мен нығайту және
бәсекеге қабілетті экономиканы жасау аталмыш газеттің назарында жүрген
мәселе.
Бұл ел басшысының қазіргі құбылмалы әлемде өзінің қуатты мемлекет
екендігін таныту және ұлттық мүдделерді мейлінше қорғай білу тек бәсекеге
қабілетті экономикасы бар елдердің қолынан келетіні туралы тұжырымын
нақтылай түсу болып табылады.
Кез келген мемлекет үшін сыртқы қауіпсіздікті қамтамасыз ету аса
маңызды сала.
20 ғасырдың аяғында болған жаһандық геосаяси өзгерістер тек әлемдік
ғана емес, аймақтық қауіпсіздікті халықаралық саясаттың өзекті мәселесі
етіп отыр. Сыртқы қатынастар саласында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
оны аса маңызды принциптерге оның ішінде ұлттық, аймақтық жөне жаһандық
қауіпсіздіктің етене бірлігін ескере отырып негіздеу және оларды жүзеге
асырумен байланысты. Бұл замандағы сыртқы қауіпсіздіктің ең әрекетті әрі
нәтижелі факторы — халықтар мен мемлекеттер арасындағы татуластық пен
ынтымақтастық. Бұл мәселелерге оның ішінде әлемдік және аймақтық
ынтымақтастыққа Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары аса үлкен мән
береді және олар басылымдардың тұрақты тақырыптарына жатады. Әлемдегі сан
алуан оқиғалары оның ішінде қауіп-қатерлер туралы басылымның көптеген
материалдары сол сияқты "Шарайна" топтамалық хабарлары беріліп тұрады.
"Егемен Қазақстанның" қыркүйек айындағы номерлерде "Дамудың басты шарты -
аймақтық қауіпсіздік пен бейбіт өмір" (17 қыркүйек 2004ж) , "Аймақтық
ынтымақтастыққа мүдделік" (15 қыркүйек 2004ж) т.б материалдарды берді.
Бұларда ТМД елдерінің өзара ынтымақтастығы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы
қызметі және оның дайындық жаңа сатысына аяқ басқаны және Орталық Азия
мемлекеттерінің өзара кең көлемде ықпалдасуы мен қауіпсіздік мәселелері
көтерілген.
Қазір Халықаралық Лаңкестік (Әдебиеттерде, террорлық - лаңкестік деп
атайды), діни экстремистік пен радикалистік, анаша мен қару-жарақтың заңсыз
айналымы басты қауіптер санатында. Олар ғаламдық сипат алып, бейбітшілік
пен саяси тұрақтылыққа тікелей қауіп төндіріп отыр. Мұндай қатерлердің
қорқынышты сипаты мен фактілерін АҚШ, Ауғанстан, Ирак, Ресей, Өзбекстан,
Кыргызстан, Индонезия т.б. әлем елдері мысалынан қанды оқиғалары негізінде
Егемен Қазақстан Қазақстан халқынан жеткілікті дәрежеде жеткізуде.
Қауіпсiздік мәселесі: Қазақстан ұлттық қауіпсіздік факторлары
Қазақстанның ұлттық мүдделері деп – қазақстандық әлеуметтік - мәдени
қауымдастық мүшелерінің физикалық тіршілік етуі ғана емес, сонымен қатар
олардың талаптары мен мүдделерінің прогрестік дамуы үшін де қажетті
жағдайын қанағаттандыратын және қорғау болып табылатын жиынтық деп түсіну
керек. Бұл қажеттіліктер республиканың әлеуметтік-эканомикалық және саяси
құрылымы, оның эканомикалық даму денгейінен, халықаралық және аймақтық
еңбек бөлінісіндегі тарихи қалыптасқан орнынан, географиялық жағдайының
өзгешелегі ұлттық және мәдени дәстүрлерінен, яғни барлық геосаяси факторлар
спектірінің ерекшеліктерінен туындайды.
Өзінің ұлттық мүдделерін, ұлттық құндылықтар мен өмір салттарын
кристалдау, сондай-ақ Қазақстан үшін сырттан және іштен болатын нақты және
әлеуетті қауіп-қатерлерді анықтау процесінде бұрыннан бар геосаяси
факторлар ерекше әсер тигізді. Мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін негізгі
параметрлерін қарауда геосаяси факторларға ерекше маңыз бөліп отырғаны
кездейсоқтық болып табылмайды, қайта олар Қазақстанның өз ұлттық мүдделерін
қорғаудағы қолдан келген мүмкіндіктері және елдің мүмкіндігін айқындайды.
Мұндай факторлар қатарына мына төменде келтірілген алтауының орындары
ерекше болғандықтан, оларды жеке-жеке атап көрсетуге болады:
І.Географиялық фактор.
Қазақстан Азия мен Еуропа ортасында және екеуі ядролық держава болып
табылатын бес мемлекетпен шекаралас орналасқан континентальды ірі мемлекет
болып табылады. Оның өзін сонау Кеңестік дәуір кезіндегі ядролық бомба
жарысы және оны сынақтан өткізу басталғаннан Қазақстан жері сырттан төнген
қауіп ортасында тұрды десек қателеспейміз. Еліміздің дамуына өз ықпалын
тигізетін Ресей мен Қытай да екі ядролық күштер екенін және біздің жақын
әрі стратегиялық маңызға ие көршіміз жөнінде ұмытпауымыз керек. Сонымен
қатар, Қазақстанның географиялық орналасуы да, табиғи климаттық жағдайы да
және материктік платформалармен анықталатын табиғи апаттардың барлық
түрлерінен республиканың обьективті осалдығын ескеру қажет.
Орталық бақылаудан шыққан дамымаған инфроқұрылымдар аясындағы қатынас
ұлан байтақ жері бар Қазақстанның комуникация саласындағы үлкен әлсіздігі
болып табылады. Тұрақсыз аймақта тұрған унитарлы мемлекет үшін мұндай
жағдай айтарлықтай қауіп тудыруы мүмкін.
Бай минералды - шикізат кен орны бар болуына қарамастан Қазақстан су,
ауыз су және орман ресурстарынан зор тапшылық көріп отыр. Егістік жердің
қысқаруы, бүлінуі және шөлге айналу процестері де Қазақстанның тез дамып
кетуіне тізгін болып отырған бірден-бір фактор.
ІІ. Саяси факторлар.
Мемлекеттің геосаяси жағдайы оның мемлекеттік ішкі саяси
құрылымындарына өзінің әсерін тигізері сөзсіз.
Мемлекеттік шекараның үлкен мөлшері Ресеймен (6032 км) және Қытаймен
(1730 км) созылған шектессе, оңтүстігінде тұрақсыз болып табылатын ыстық
нүктелер көршілері, еліміздің көп ұлтты және көп дінді болуы осылардың
болуы осылардың ішкі саяси жағдайының тұрақтылығына өз әсерлерін тигізетін
бірден-бір факторлар десек болады. Қазақстанның 1995 жылғы Ата Заңымыз
бойынша президенттік республика болып жариаланды. Унитарлы мемлекет шегінде
күшті президенттік тәртіптің болуы үлкен аумақ пен аймақ әкімдердің
кеудемсоқтықтығына қарсы және жекелеген министрліктер төңірегінде болатын
сыбайластық пен жемқорлыққа қарсы мұрындық деп есептесек болады. Бірақ
саяси шындық көрсеткендей, бұл вертикал министрлер денгейінде бітіп, іс
жүзінде аймақтық зиялыларды аз қозғайды.
Облыс әкімдерінің бәрін президент сайлағанымен және оған адалдық
көрсеткенімен, олардың көпшілігінің қызметі жалпы мемлекеттік саясатпен жиі
қарама-қайшылықта болып жатады. Бұл жалпы құқықтық кеңістікпен әкімшілік
аумақтық бірліктердің өз қызметімен лауазымдығын пайдаланып, заңды аяққа
таптап, көптеген аймақта наполиончик әкімдердің пайда болуы Қазақстан
қауіпсіздігіне сыртқы күштерден төнген қауіптен кем түспейтін қауіп. Бұл
өз кезегіде, Қазақстан үшін ішкі саяси қиындықтарын, тіпті сол келелі
мәселелерді одан әрі ушықтырып, республиканың әлеуметтік-экономикалық
кеңістігіндегі онсызда туындап отырған дағдарыс жағдайын одан әрмен
қиындатады. Көптеген батыс және отандық мамандардың пайымдауынша, өтпелі
кезеңнің ерекшелігі Қазақстан ұлттық қауіпсіздігіне негізгі қауіп сол ішкі
саяси тұрақтылықтың бұзылуынан болады дейді. Әлеуметтік шиеленіс деңгейі
өсуге бет алғанымен, Қазақстан бұрынғы Одақтық республикалар мен Шығыс
Еуропа елдері арасында Дүниежүзілік банктың саяси тұрақтылық жүргізген
зерттеу деректеріне сүйенсек, нақ орта (13-ші) орында алады. Қазақстан
ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету денгейіне әсер ететін саяси факторлар
қатарына халықаралық қатынастар сипатын, халықаралық құқықтық шарттардың
сапалы іске асырылуын, көршілердің нақты және әлуетті егестің барын және
шекаралар сипатымен оларды іс-қимыл тәртібін жатқызуға болады.
Қазақстан өз тәуелсіздігін алғалы бері сыртқы саяси қызметіне
көпвекторлы саясатты жариялады. Бұл саясаттың мәні Орталық Азия мен
Қазақстан жеріне көз тіккен, стратегиялық мүддесі бар түрлі алпауыт
мемлекеттер арасындағы мүдделерді бір ретте теңдікте ұстап, оларды
үйлестіруші күш ретінде болу болып отыр. Шын мәнінде, Қазақстан әлемнің
алдынғы қатарлы державаларының осы аймақта өздерінің ықпалы үшін және
ресурстарын пайдалануға жол ашу үшін бақталастықтарын пайдалана отырып,
өзіне тиімді саясат ұстауға әрекет жасап отыр. Бұл, біріншіден елдегі
тұрақтылықты қамтамасыз ету болса, екіншіден мемлекетке қаржы тартудың
тиімді жолы, Республиканың геосаяси жағдайы, оның экономокалық және әскери
әлсіздігі осы саясатты айқындайды. Алайда, Француздардың мынандай мақалы
бар: Бәріне дос, ешкімге де дос емес. Ертеме, кешпе Қазақстан өзінің
сыртқы саясатында өз мүддесін басшылыққа алып, бір жақа шығуына тура
келеді. Ал, ол үшін Қазақстан республикасының қауіпсіздігіне қандай сыртқы
қауіп төнуі мүмкіндігін анықтау болып табылады.
ІІІ. Экономикалық фактор.
Бұған халықтың өмір сүру деңгейі, өнеркәсіптегі, ауыл
шаруашылығындағы, көліктегі, қаржы жүйесіндегі жағдай мемлекеттің күшін
жұмылдыру мен стратегилық қоры, сонымен қатар дүниежүзілік шаруашылық
байланысы жүйесіне және дүниежүзілік еңбек бөлінісіне кіру дәрежесі сияқты
салалар кіреді. Қазақстанның осы аталған салаларының көбісі төменгі
денгейде тұр. Алайда, ресми мәліметтер бойынша, сонғы екі жылда
экономиканың кейбір салаларында өнеркәсіп өндірісінің өскендігі байқалады.
Экономикалық өсім тенденцясы жөнінде жақсы пайымдаулардың болуына
қарамастан қазіргі кезде Қазақстан барлық жағынан 1984-85 жылдардың
денгейінде тұр. Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіші
тұрғындардың жалпы адам басына шаққандағы жалпы өнімі 1990-шы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz