Экономикалық ынтымақтастықтың бағдарламасы
ЖОСПАР:
1. КІРІСПЕ:
Өзбекстан Республикасы.
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
а) Өзбекстанның табиғаты
ә) Өзбекстан тарихы
б) Өзбек әдебиеті
в) Мәдениеті мен өнері
3. ҚОРЫТЫНДЫ:
Өзбекстанның Қазақстанмен байланысы.
ӨЗБЕКСТАН
Өзбекстан Республикасы – Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Жер аумағы
– 44,24 мың км2. Халқы 24,6 млн (2000). Негізгі халқы - өзбектер (75,8%),
онан басқа орыстар (6%), тәжіктер (4,8%), қазақтар (4,1%), татарлар (2,4%),
қарақалпақтар (2,4%), т.б. ұлт өкілдері тұрады. Мемлекеттік тілі - өзбек
тілі. Тұрғындары негізінен ислам дінін ұстанады. Астанасы – Ташкент қаласы
(2,1 млн адам). 1992 жылы 8 желтоқсанда қабылданған конституциясы бойынша –
президенттік басқару нысанындағы зайырлы мемлекет. Президент 5 жылға
сайланады. Жоғарғы заң шығарушы органы (Олий Мажлис) – қос палаталы
парламент заң шығарушы палата (төменгі палата) және Сенаттан (жоғарғы
палатала) тұрады. Атқарушы органы – Министрлер Кабинеті. Әкімшілік жағынан
бір автономиялық республикаға (қ.Қарақалпақстан) және 12 облысқа бөлінеді.
Ұлттық мерекесі – 1 қыркүйек – Тәуелсіздік күні. Ақша бірлігі – сум.
ТАБИҒАТЫ. Өзбекстан өңірі жер бедері жөнінен солтүстік-батыс жазық және
оңтүстік-шығыс таулы бөліктерге бөлінеді. Жазық жағынан Қызылқұм шөлі,
Үстірт, Тұран ойпаты, Әмудария атырауы алып жатыр. Таулы өлке Шатқал,
Құрама, Ферғана, Алай, Зеравшан, Түркістан, т,б, жоталардан құралады,
бұлардың аралықтарында Ферғана, Зеравшан, Шыршық-Ангрек, Қашқадария,
Сурхандария, т.б. аңғарлар орналасқан. Жер қойнауы пайдалы қазындыларға
бай. Қаратау-*Нарын белдеуінен сирек металл, темір кен тасы, полиметалл,
қорғасын-мырыш, Белтау-Құрамадан мыс (Қалмақыр, Сарычек кендері), Түркістан-
Алайдан графит-никель-кобальт (Тазқазған) кен орындары ашылған. Өзбекстан
аумағы Орталық Азиядағы ірі мұнайлы-газды аймақ саналады. Оңтүстік
Ферғанада күкірт және озокерит (Шорсу), Гиссар жотасында карноллит,
сильвинит, тас тұзы, Сұлтануиздат тауында фосфорит бары анықталды. Климаты
тым континенттік, куаң. Жазы ыстық, шілденің орташа температурасы солтүстік-
батыс бөлігінде 33 — 38°С, оңтүстігінде 25 — 30°С. Қысы жылы, қар жұқа
түседі. Қаңтарда 6,3°С, оңтүстігінде 3°С болады. Жылдық жауын-шашынның
мөлшері әр қилы, кей шөлді өңірлерде 100 мм, кей жер-лерде 200 — 400 мм,
тау бөктерлерінде 900 мм. Өзендерінің көпшілігі Арал теңізінің алабына
жатады. Ірі өзеңдері — Әмудария, Сырдария, Зеравшан, Қашқадария. Жер суару
және сулаңдыру жүйесі өте жақсы дамыған. Жері негізінен сары жөне сары
қоңыр топырақты; батыс және солтүстік жағы құм-шағылды келеді. Республика
жерінің көпшілік бөлігінде куаңшылыққа төзімді өсімдіктер мен жануарлар
дүниесі тіршілік етеді.
ТАРИХЫ. Өөзбекстан жерін адамдар ежелгі тас ғасырынан (палеолит)
мекендей бастады. Олар аңшылық және терімшілікпен айналысты. Жаңа тас
дәуірінде (неолит) егіншілік пен бақташылық пайда болды. Қола дәуірінің
соңында алғашқы мемлекеттік бірлестіктер — Соғды, Хорезм тайпалық одақтары
құрыла бастады. Б.з.б. 5 — 4 ғасырларда ел аумағы Ахемен әулеті билеген
парсы патшалығына бағынды. Бұл кезеңде өзбек жерін мекендеген халықтар мен
олардың тарихы туралы Геродоттың жазбалары мен Бехистун сына жазуында
айтылады. Б.з.б. 330 — 328 ж. өлкеге Македонский шапқыншылық жасады. Грек-
македон империясы ыдырағаннан кейін ел аумағында әр түрлі кезеңдерде
Бактрия, Кушан, Шулы мемлекеттері өмір сүрді. 5 ғасырдың ортасында кұрылып,
түріктердің қысымымен ыдырап кеткен ақ ғұндар (эфталит) мемлекетінің
негізінде ел аумағы бір орталыққа біріге бастады. 6 ғасырдың ортасында
Алтай мен Жетісуда құрылған Түрік кағанаты құрамында болды. 7 ғасырда ел
аумағы Батыс тү-рік кағанатына бағынды. Осы кезеңде Ұлы Жібек жолы дамып,
Самарқанд, Бұхара, т.б. қалалар ірі сауда орталықтарына айналды. Бірақ 7
ғасырдың аяғында қағандық ыдырап, өлкені арабтар жаулап ала бастады. Халық
жаппай ислам дінін қабылдай бастады. Араб мәдениетінің ықпалымен
Мауераннахр аймағы ислам өлемінің аса ірі мәдени орталығына айналды. 9
ғасырдың басында Араб халифаты ыдырай бастады да, ел аумағында Самани
мемлекеті құрылды. Мауераннахр мен Зеравшан өңірі барынша дамыды. 10—12
ғасырларда ел аумағында Карахан әулеті, Ғазнауи әулеті, Салжұктар мемлекеті
кезек-кезек билікке келді. 12 ғасырдың 2-жартысында Хорезм мемлекеті
күшейіп, Бұхар мен Самаркандты бағындырды. 13 ғасырда өзбек жері Шыңғысхан
империясы құ-рамына кіріп, ел аумағында Шағатай ұлысы құрылды. 14 ғасырдың
2-жартысында Әмір Темір Мауераннахр жерінде қуатты империя құрды. Оның
астанасы — Самарқаңд қаласы ірі сауда орталығына айналды. Үндістанмен,
Қытаймен, Иранмен және Шығыс Еуропамен арадағы тікелей сауда байланысы
елдің экономикалық және мәдени өркендеуіне әсерін тигізді. Өзбек
мемлекетінің тарихи негізі қаланып, саясат, экономика, мәдениет, ғылым мен
өнер саласында ірі табыстарға қол жетті. Әмір Темір өлгеннен кейін куатты
империя екіге бөлінді. Мауераннахрды Әмір Темірдің немересі Ұлықбек
басқарды. Ұлықбек қолөнер мен сауданы дамытуға қолдау көрсетіп, ғылым мен
мәдениетке жіті көңіл бөлді әрі аса көрнекті ағартушы-ғалым ретінде
танылды. 15 ғасырдың соңы мен 16 ғасырдың басында Орта Азияны Мұхаммед
Шайбани ханның көшпелі өзбек тайпалары басып алды. Көш-пелілердің
жергілікті тұрғындармен сіңісуі нәтижесінде "Өзбек" этнонимі орныға
бастады. Шайбани әулеті елдің шаруашылығын нығайтып, суландыру жүйесін
жетілдіруге, ақша реформасын жүргізуге тырысты. Бірақ Сыр бойындағы қалалар
үшін Қазақ хандығына, сондай-ақ қазіргі Иран, Ауғанстан аумағында құрылған
мемлекеттік бірлестіктерге қарсы үздіксіз соғыстар Шайбани мемлекетінің
ыдырауына алып келді. 17 ғасырдың басында Бұхар хандығы, Хиуа хандығы, 18
ғасырдың басында Коқан хандығы құ-рылды. Хандықтар арасындағы халықты
күйзелткен үздіксіз соғыстарға қарамастан, өлкенің шаруашылық-мәдени
тұрмысы әрі қарай дамыды, ирригациялық құрылыстар жетілдірілді, ауыл
шаруышылығы жақсарып, жаңа кадрлар бой көтерді. 19 ғасырда Ұлыбритания мен
Ресей Орта Азияға, оның ішінде Өзбекстанға да көз тігіп, қордалы шикізат
пен пайдалы қазбалар көзін иеленуге ұмтылды. Қазақ жеріне мықтап орналасқан
Ресей Бұхар, Хиуа және Қокан хандықтарымен дипломатиялық байланыс орнатуға
тырысты. Ресей басқыншылары Орта Азия жеріне басып кіріп, 1876 жылы
Түркістан генерал-губернаторлығын (орталығы — Ташкент қаласы) құрды. Қоқан
хандығы жойылып, оның аумағы Түркістан генерал-губернаторлығына берілді.
Бұхар және Хиуа хандықта-рының аумақтары қыскартылып, өздері Ресей боданына
айналды. Мақта алқаптары ұлғайтылып, мақта тазалау зауыттары мен май айыру
кәсіпорындары салынды. Орта Азия Ресейдің отарына, оның аграрлы шикізат
базасына, өнеркәсіп бұйымдары өткізу ауданына айналды. 2 ғасырдың басында
орыс шаруаларын Орта Азияға карай аударту басталды. Экономикалық және
әскери стратегиялық максат көздеген патшалық Ресей Орта Азия, Орынбор-
Ташкент темір жолын сала бастады. 1917 жылғы Ресейдегі төңкеріс елдің
қоғамдык-саяси өміріне өзгерістер алып келді. "Шура-и-Ислам", "Шур и-Улема"
ұйымдары, бұхаралықтар" козғалы пайда болды. Діни және түрікшілдік
қозғалыстары күшейді. 1917 ж. 28 қарай Қоқан қаласында құрылған Мұстафа
Шокай бастаған Түркістан автономиясын да ұзамай большевиктер таратты.
Бірақ ірі қалалар мен әскери бөлімдер жоқ жерлердің барлығында
жергілікті халықтың қолдауына сүйенген басмашылар козғалысы күрт күшейді.
1920 жылы Ішкі Ресейдегі Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Қызыл Армия
бөлімдері басмашылар козғалысын күшпен басты. Көп ұзамай Хиуа және Бұхар
хандықтарында да Кеңес өкіметі күшпен орнатылып, халық толқулары Қызыл
Армия тарапынан катыгездікпен жаныштады. 1924 - 1925 жылы Орта Азия
елдерінде ұлттық межелеу жүргізіліп, КСРО құрамында Өзбек КСР-і құрылды.
1937 жылы қабылданған Өзбек КСР-і Конституциясы КСРО тарағанша қолданыста
болды. 2-дүниежүзілік соғысқа өзбек халқы да белсене араласты. 1991 жылы 31
тамызда өткен Өзбек КСР-і Жоғарғы Кеңесінің сессиясы елдің атауын Өзбекстан
Республикасы деп өзгертіп, 1 қыркүйекте елдің тәуелсіздігі туралы
Декларация қабылдады. Экономикасы Өзбекстан индустриалды-аграрлы мемлекет.
1913 жылы бүкіл фабрика, зауыт өндірісі жалпы өнімінің 85%-ы мақта тазалау
мен май айыру саласының үлесіне тиіп, ауыр индустрияның өндірісі 2%
шамасында болған. Кеңес өкіметі жылдарында жаңа өндіріс салалары құрылып,
ауыр индустрияның үлес салмағы артты. 1990 жылы ол бүкіл өнеркәсіп өндірісі
көлемінің 44,4%-ын құрады. Ташкент авиациалық-өндірістік бірлестігінде "Ил-
76", "Ил-114", Ил-114 ұшақтары шығарылады. 1996 ж. Оңтүстік Кореялық
"Daewoo" фирмасымен бірлесіп өндірістік куаты жылына 200 мың жеңіл
автомобиль шығаруға жететін зауыт іске қосылды. Сонымен бірге
автомобильдерді жабдықтауға арналған бұйымдар жасайтын кәсіпорындар
құрылып, жүк автомобильдері мен автобустар шығаратын зауыттар салынды.
Жеңіл өнеркәсіп орындары республикадағы өнеркәсіп өнімінің 20%-ынан астам
бөлігін өндіреді. Жері табиғи ресурстарға бай. Бүкіл Орта Азиядағы газ
конденсатының 74%-ы Өөзбекстанның үлесіне тиеді. Алтын қоры жөнінен ол
әлемде 4, жез қоры жөнінен 11, уран қоры бойынша 7 — 8-орынды иеленеді.
Мақта дақылын өсіру көрсеткіші бойынша әлемде 5-орында, оны экспортқа
шығару жөнінен 2-орында. Ел аумағынан жалпы ұзынды 4 мың шақырым құрайтын 9
ірі газ құбыры өтеді. Аса маңыздылары: Орта Азия — Орталық және Бұхара-Орал
кұбырлары. Жібек шикізатын, жүн, қаракөл елтірісі, жеміс-жидек, алтын,
табиғи газды экспортқа шығарып, азық-түлік, шикізат, т.б. өнімдерді сырттан
алады.
ӘДЕБИЕТІ. Өзбек әдебиетінің дамуына ауыз әдебиеті мен шығыс халықтары
әдебиетінің әсері мол болған. Жанрлық түрі бай ұлттық фольклорында халық
тарихын баяндайтын жыр-дастандардың алатын орны ерекше. Оларға
"Күнтуғимиш", "Алпамыш", "Гороглы", "Юсуф пен Ахмад", "Тахир мен Зухра",
"Арзигул", т.б. жырлар жатады. Түркі халықтарының, оның ішінде өзбектердің
дүние жүзіне танылуына Әлішер Науаидың шығармалары ықпал етті. 18 — 19
ғасырлардағы өзбек әдебиетінде тұрды, Күлхани, М.Хорезми, Агахи, т.б.
шығармалары елеулі орын алды. Ал Фурқат (1853-1909), Дилшад (1800 -1905),
Х.Хакизада Ниязи (1889 - 1929), С.Айни (1878-1954), А.Қадыри (1894-1940)
шығармалары демократиялық-ағартушылық ағымның бастауы болып саналады. 20
ғасырдағы өзбек әдебиеті классиктері Ғ.Ғүлам (1903 — 66), Айбек (1905 -
68), А.Қаһар (1907 - 68), К.Яшен, Ұйғын, т.б. жазушылар туындыларында ел
өміріндегі әлеуметтік-саяси өзгерістерді бейнеледі. Өзбек әдебиеті 20
ғасырдың 50-90-жылдары кәсіби-шығармашылық деңгейге көтеріліп, ақын-
жазушылардың еңбектерін өзге ұлт тілдеріне аудару үрдісі жанданды. Мир-
мухаин, Зүлфия, А.Мұхтар, Шукурулла, А.Хашим, А.Саади, В.Абдуллаев, т.б.
қаламгерлер өнімді еңбек етті. К.Мухаммади, К.Хикмет, Т.Момын, Х.Нәзір
балаларға арналған шығармалары арқылы танымал болды.
МӘДЕНИЕТІ МЕН ӨНЕРІ. Өзбекстандағы ежелгі сәулет ескерткіштері б.з.б. 4
ғасырда салынған. Олар Бактрия, Хорезм, Соғдияна, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz