Саяси ғылымның пайда болуы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қоғамдық пәндер кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:
Саясаттанудың теориялық және практикалық маңызы

Орындаған:
Абдуллаев Б.
РЭТб-04-5к
Тексерген: аға
оқытушы
Абдиева Г.И.

Алматы 2007

Жоспар

Кіріспе 3
Саяси ғылымның пайда болуы 4
Саясаттың құрылымы, тәсілдері мен міндеттері 7
Басқа қоғамдық ғылымдар жүйесіндегі саясаттанудың орны және оны оқып-
білудің маңызы 10
Қорытынды 14
Пайдаланылған әдебиеттер 15

Кіріспе

Қазақ халқы бүгінде ғасырлар бойғы ұзақ тарихи өміріндегі ең бір
құрметті де жауапты кезеңді басынан кешіріп отыр. Тарихи әділеттік жеңіп,
ежелгі арман іске аса бастады. Қазақстан дербес, тәуелсіз мемлекет есебінде
болашаққа қадам басты, егемендігі ресми түрде әлемге жарияланды, оның заңды
құжаттары қабылданды. Қазақ елі өткен бодандық өмірден біржола бас тартып,
жаңа қоғам бұруға бет бұрды. Бұрынғы тоталитарлық жүйенің сірескен
қалдықтары ыдырап, адамдар шынайы рухани және саяси бостандықты сезіне
бастады. Сонымен қатар, қайшылықтар мен проблемалар қат-қабаттасып, ескінің
етектен тартып, жаңаның екпіндегі ілгері баса алмай жатуы – бүгінгі
тіршілігіміздің айқын белгісі.
Еліміз күрделі тарихи кезеңді батан кешіріп отырған шақта әрбір
абзал азаматты оның бүгінгі мен болашағы терең толғандыратыны сөзсіз. Уақыт
әрбір азаматтың алдына саяси мәні бар сан тарау жол ұсынып, сан түрлі
сұрақтарды қоюда.
Қоғамдағы саяси қатынастардың қалыптасу және өзгеру заңдылықтарын
зерттейтін Саясаттану ғылымын оқып-үйренудің қажеттігін және соңғы
уақыттағы оны игеруге деген ынта-құлшыныстың арта түсуін көп ретте осы
тұрғыдан түсіндіруге болады.
Саясаттану мыңдаған жылдық тарихи, өзіндік ерекшелігі бар қоғамдық
ғылым болғанымен біздің елімізде, жалғыз бізде ғана емес, бұрынғы КСРО-ның
құрамында болып келген бүгінгі дербес мемлекеттердің барлығында да, оқулық
пән есебінде тек соңғы бес-алты жылдан бері ғана жоғары оқу орындарының оқу
бағдарламаларына енгізіліп, оқытылып келеді. Осы жылдар ішінде
саясаттанудың ғылыми мәніне, практикалық маңызына айтарлықтай назар
аударылды. Бүгінде ол өмірлік қажеті үлкен сүбелі пән есебінде орнықты
деуге болады.

Саяси ғылымның пайда болуы

Саясаттану – саясатты танып білу ғылымы, яғни саясат туралы, оның
адаммен және қоғаммен байланысы туралы ғылым екендігі. Саясат болса адамзат
қоғамы белгілі бір жүйелік арнаға түсіп қалыптасқаннан бері, әсіресе
мемлекеттік құрылым, мемлекеттік басқару тетігі, билік тұтқасы пайда
болғаннан бергі уақытта халықтардың, елдердің тағдырында айтарлықтай шешуші
роль атқарып келе жатқан және атқара беретін көп қырлы күрделі құбылыс.
Сондықтан да қоғам дамуының әр белестерінде өз дәуірінің ойшылдары саясат
құбылысының мәнін түсінуге, сырын ұғуға ұтылып, тиісті ой-пікірлерді
жинақтап отырды.
Саясатты танудағы ең алғашқы түсінік діни-аңызнамалық сипатта
болды. Билікті, қоғамдық-саяси тәртіпті құдайдың құдіретімен, алланың
әмірімен байланыстыру – сол дәуірге тән көзқарас. Бертінде қоғамның сапалы
түрде ілгерілеуіне, өндіріс құрал-жабдықтарының дамуына, түрлі әлеуметтік
топтардың, тайпалар мен ұлыстардың жіктелуіне, олардың өзара қарым-
қатынасының артып, тығыз топтасуы негізінде мемлекеттік құрылымдардың нығая
түсуіне орай саясаттану ғылымының алғашқы ірге тасы қаланып, өзіндік арнасы
айқындала бастады. Бұл ретте көне гректің данышпан ойшылдары Платон мен
Аристотельдің еңбектері айрықша. Платон Мемлекет деген еңбегінде үздік
мемлекеттік құрылыс, адам мен мемлекет мүддесінің ұштасуы мәселелерін алғаш
рет қозғаса, Аристотель Саясат деп аталатын шығармасында мемлекеттік
саяси биліктің мән-мағынасы туралы жазды. Аристотель саяси режимдерді
жіктеп, саралап, ғылымда тұңғыш болып демократия, монархия,
олигархия, аристократия, т.б. түсініктерді енгізді. Алайда, антикалық
дәуірде саясаттану этика мен философияның құрамынан жеке пән есебінде
ажырап шыға алған жоқ.
Саясаттану білімін діни-аңызнамалық, этикалық сипаттан ажыратып,
оның негізгі зерттеу объектісі саяси құбылыстар мен процестер екенін,
мемлекет билігі оның түп қазығы екенін жан-жақты дәлелдеп, дәйектеген XVI
ғасырдағы итальян ойшылы Н. Макиавелли болды. XVII-XVIII ғасырлардағы қайта
өрлеу дәуірінде өндірістің және ғылымның құлаш жая дамығаны белгілі. Осы
кезеңде саясаттану да айтарлықтай жемісті өрлеу үстінде болды.
Саясаттың аса күрделі қоғамдық құбылыс ретінде зерттелуіне,
саясаттанудың дербес ғылым есебінде қалыптасып, қаз тұруына әртүрлі тарихи
кезеңде өмір сүрген Т.Гоббс, Дж.Локк, Ш.Монтескье, Т.Пейн, Т.Джефферсон,
О.Конт, А.Токвиль, К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин сияқты көптеген ойшыл
ғалымдар қомақты үлес қосты.
Саясаттану ғылымының осы заманғы мән-мағынасы, құрылымы XIX
ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында қалыптасты. Ол, әсіресе, Америкада
қарқынды дамып, қолдау тапты. 1880 жылдардан бастап саясаттану Американың
жоғары оқу орындарында дербес пән есебінде оқытыла бастады, 1903 жылы
Америка саяси ғылымдар ассоциациясы құрылды. Ал 1948 жылы ЮНЕСКО-ның
жанынан саяси ғылымдар халықаралық ассоциациясы құрылып, осы күнге дейін
жемісті жұмыс істеп келеді.
Осы заманғы тұрпаттағы саясаттану ғылымының қоғамдық ғылымдар
арасында өзіндік дербес орын тауып орнығуына, кемелденіп дамуына немістің
аса көрнекті оқымыстысы М.Вебер, француз ғалымы Э.Дюркгейм, ұлты орыс
американ ғалымы П.Сорокин, т.б. зор үлес қосты.
Бұрынғы КСРО тұсында біздің елде саясаттану ғылымына қақпа жабық,
жол тұйық болды. Саясаттану саласында арнаулы ғылыми зерттеулер
жүргізілмеді, оқу орындарында ол пән есебінде оқытылмады. Сөйтіп, бұрынғы
Кеңестер Одағының құрамында өмір сүрген барлық халықтар, барлық адамдар
білімнің аса бір маңызды саласы – саясат туралы ілімнен шетқақпай қалып,
сауатсыздыққа ұрындық. Неге бұлай болды? Себебі, біріншіден, бізді
тоталитарлық әкімшіл-бұйрықшыл жүйе билеп-төстеді. Еңбекші қауым, халық осы
жүйенің айтқанын орындап, айдағанына жүрді. Бір ғана идеология өктемдік
жүргізіп, бұқараның санасын жаулап алуға ұмтылды. Осындай жағдайда,
халықтың саяси сауаты болғаны, билік тұтқасының атқару механизмдерін
ұғынғаны – басқарушы билік иелері үшін өте тиімсіз еді. Екіншіден, Кеңес
үкіметі тұсында біздің еліміз басқа дүниеден оқшаулыққа бейім болды,
әлемдегі болып жатқан процестерден, ғылым-білімнің, мәдениеттің даму
бағытынан көп жағдайда оңаша тұруды қалады. Үшіншіден, социалистік
елдерден, өзімізден тысқары, әсіресе капиталистік елдерде қанаттанған,
дүниеге келген ғылым салаларына сенімсіздікпен қарайтын көзқарас үстем
болды. Кезінде кибернетикаға, генетикаға үрке қарағанымыз сияқты
саясаттануда да буржуазиялық сарын бар деген түсінік ол ғылымның бізде
тарауына тосқауыл қойды.
Сондықтан да саясаттану сияқты бүкіләлемдік, жалпы адамзаттық
сипаты бар, қоғам үшін, бостандық пен демократияны түпкі мақсат еткен елдер
үшін аса қажетті ғылым саласын игеруде кенже қалдық. Оның салдарларын
Қазақстан тәуелсіздік алып, дербес даму жолына түскеннен бергі уақытта
көріп жатырмыз. Саяси мәдениеттің төмендегі, саясат туралы білетініміздің
саяздығы бұл күнде әлі де болса етектен тартып келеді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының бірінші бабында: Қазақстан
Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет
ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі,
құқықтары мен бостандықтары, - деп жазылған. Олай болса мұндай қоғамды
толық орнықтыру үшін, мұндай қоғамда еркін өмір сүру үшін әрбір азаматтың
саясат туралы ғылымның негіздерін терең игеруі - өмірлік мәні бар
қажеттілік болып табылады. Саясаттану пәні бұл күнде барлық жоғары оқу
орындарында оқытылып жатыр. Бірнеше жылдардан бері бұл саладан мамандар да
дайындалуда. Егер сен саясатпен шұғылданбасаң, ол сенімен шұғылданады,-
деген қанатты сөз үлкен мәнге ие болуда. Қоғамның бүгінгі саяси өмірі асқан
күрделілігімен, ішкі қайшылықтарының молдығымен сипатталып отырғанда, саяси
салада терең әрі тым жылдам ауқымды өзгерістер жүріп жатқанда, сан жылдар
бойғы қалыптасқан дәстүрлі саяси түсініктер сеңше бұзылып, біз үшін мүлде
жаңа құбылыстар пайда болған кезеңде саяси білімнің әрқайсымыз үшін ауадай
қажет екенін есте ұстаған абзал.

Саясаттың құрылымы, тәсілдері мен міндеттері

Саясаттану пәнінің ішкі құрылымы 3 арнаға бөлінеді:
1) саясаттану ғылымы нені зерттеп, нені оқытады, оның тарихи жолы
қандай, бүгінгі теориялық және практикалық проблемалары қайсы деген
мәселелер;
2) саясат, саяси билік және саяси жүйеге қатысты мәселелер;
3) саясаттың, саяси биліктің мемлекетаралық көріністері
төңірегіндегі мәселелер.
Ғылымның басқа түрлеріндегі сияқты саясаттану пәні жөнінде де
ғалымдар арасында бірыңғай ортақ пікір жоқ. Ол туралы әр түрлі көзқарастар
бар. Кейбір ғалымдар оны тар мағынасында қолданып, саясаттың бір саласы
ретінде ғана санайды. Олардың ойынша, саясаттану ең алдымен мемлекеттің
құрылысы мен қызметін, саяси биліктің ішкі құрылысын, басқару тетіктерін
зерттейді. Мұндай жағдайда біз саяси институттар жөнінде тұтас емес, үзік-
үзік, жырымдалған ғана мағлұмат аламыз. Сондықтан мұндай тәсілді
саясаттанушылардың көпшілігі қолдамайды.
Екінші біреулер саясаттану мен саяси әлеуметтануға (социология) бір
ғылым ретінде қарайды. Олар саясатқа негізінен әлеуметтік құрылыс пен
бейресми әлеуметтік институттар, жеке адамдар мен шығын топтарды талдау
арқылы қарайды. Әрине, саясаттану мен саяси әлеуметтанудың арасында
көптеген ұқсастық бар. Дегенмен ол екі ғылымды біріктіріп жіберсек, не
саясат жан-жақты қаралмайды? Не саясатта социологиялық талдау ерекшеліктері
ескерілмей қалады.
Ал саясаттанумен шұғылданатын ғалымдардың көпшілігі (үшінші топ)
бұл ғылымды саясат туралы жалпы, оның барлық көріністерін қамтып, тәртіпке
келтіретін, біріктіретін деп санайды. Олар саясаттануға саяси социологияны,
саяси философияны, саяси психологияны, мемлекет пен құқық теориясында
кіргізеді. Бұл пікірді Біріккен Ұлттар Ұйымының білім беру, ғылым және
мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) басшылығымен 1948 жылы Парижде
өткен саясаттанушылардың Халықаралық коллоквиумы да мақұлдады. Оған
қатынасқан дүние жүзінің белгілі ғалымдары саясаттану пәні мына бөлімдерден
тұрғанын жөн деп тапты: 1) саяси теориялар (олардың пайда болуы, дамуы және
қазіргі кездегі қызметі), 2) саяси институттар (конституциялар, аймақтық
және жергілікті басқару ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Cаясат тарихы
Ғылымдағы дағдарыс
Натуралистік парадигма
Саясат тарихы жайлы мәлімет
Саяси халықаралық құрылым мәселелері
Теориялық және қолданбалы әлеуметтану.
Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы
Теологиялық парадигма
Дүниежүзі саяси географиясы дамуының негізгі кезеңдері
Саяси психологияның дамуы
Пәндер