Біріншісі - дәстүрлі саяси теориядан бастау алатын институционалды талдау бағыты



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлімі

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі .

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы егемендігін алуына байланысты республика
өмірінің барлық саласында түбегейлі өзгерістер болды. Елімізде кең ауқымды
терең экономикалық және саяси реформалар жүргізілуде, қоғамымыз
демократияланып, жаңа тұрпатты қатынастар орнуда.
Мемлекетіміз аяғынажаңа тұрып келе жатқан кезде жас ұрпақты нарықтық
экономика талаптарына сай бейімдеп, жаңа қоғамдық қатынастар жүйесіне
қосылуға бағыттап, демократиялық үрдіске сай тәрбиелеудің маңызы өте зор.
Бұл салада ең алдымен жалпы білім беретін орта мектеп пен жоғарғы оқу
орындарының алар орны ерекше.
Еліміздің егемендігін баянды ететін, оның нық нарықтық жолға түсіп,
демократиялылығын дамытатын негізгі қозғаушы күш – жастар. Бұл жөнінде
жастардың Н.Ә.Назарбаев: Әр буынның өзіндік тағдыры бар. Сіздерде де ол
өздеріңіздікі. Сіздерге осындай уақытта өмір сүру үлесі тиді және сіздер
елді көтере аласыздар... Қуатты күш болғандықтан Қазақстан Республикасы
кері бағытта жүргісі келмейтіндігін нық жариялай отырып, жастар жүргізіп
жатқан реформалар бағдарын қолдай алады, - деп республика жастарына үлкен
сенім білдірді.
Жаңа саяси жағдайда өмір талабын кешегі күні өткен тоталитарлық
жүйенің сұраныстары шеңберінде шешуге болмайтындығы белгілі. Ол үшін
еліміздің азаматтары жаңа саяси жүйе тұжырымдаған қоғам мақсатын жүзеге
асыратындай бағдар ұстап, бойына жаңа саяси құндылықтар игілігін сіңіріп,
адамгершілік сапаға ие болуы керек. Мұндай ардақты борышты біздің
жастарымыз сапалы білім алып, берік саяси сана қалыптастырып, отансүйгіш,
ұлтжанды болып, Отанның мызғымастығын, тұтастығын қорғауға, сол жолда
жоғары саяси-әлеуметтілік белсенділік танытса ғана ақтай алады. Сондықтан,
елімізде жаңа саяси әлеуметтік жағдайға байланысты ғылыми негізделген
жастар саясатын жүзеге асыру талабы туындап отыр.
Бір қоғамдық құрылыстан екіншісіне өткен өтпелі кезеңде бұрынғы саяси-
әлеуметтік принциптер, ережелер , ұстанымдар өзгеріп, жаңа сұраныстар пайда
болады. Соған сәйкес еліміз егеменділігін алғаннан кейін жастарды жаңа
қоғамдық қатынастар жүйесіне қосу, жаңа өркениетті өмір құру, сол жолда
аянбай еңбек етіп, белсенділік таныту талабы туады. Осыған орай курстық
жұмыстың негізгі мақсаты – республиканың өркениетті дамуы үшін жоғары саяси
- әлеуметтік белсенділік таныта білетін жаңа тұлғаны қалыптастыру жолдарын
зерттеу.
Жеке адамның дамуы – күрделі процесс. Саяси әлеуметтену ұғымы 50-шы
жылдары Г.Хайманның зерттеулерінің арқасында ғылыми айналымға енді.
Тұлғаның саясат әлеміне енуі туралы саяси зерттеулер қазіргі кезеңде
екі бағытта дамып отыр. Біріншісі – дәстүрлі саяси теориядан бастау алатын
институционалды талдау бағыты. Бұл бағытта сипаттамалық әдістер мен
мәселенің философиялық және тарихи жағына қызығу басым. Ал екінші бағытқа
іс-әрекет немесе бихевориалдық бағытты жатқызуға болады.
Ал енді саяси әлеуметтену ұғымы туралы анықтамалар да оның әр түрлі
қырын ашуға бағытталған. Г.Алмонд саяси әлеуметтенуді индивидтің саяси
мәдениетке кіріспесі деп есептеді.
Ресей ғалымы Г.В.Шишукова саяси әлеуметтену мазмұны жағынан ұрпақтан
ұрпаққа құндылықтар, нормалар, іс-әрекет үлгісін беру процессі деп
есептеді. Сонымен бірге саяси әлеуметтенуді әлеуметтік бақылаудың бір түрі
ретінде қарастырады.
Саяси әлеуметтену мәселесі ХХ ғасырдың 50-жылдары кеңінен көтерілді.
Оған себеп болған Батыс саяси жүйесінің дәстүрлі институттарының дағдарысқа
түсуі еді. Бұл кезде сыбайластық жемқорлық көбейді, нәсілдік кемсітушілік
әлі жойыла қоймаған, саяси билік адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыра
алмады. Сондықтан билік институттарына сенімсіздік көбейді, саяси
абсинтеизм (саясатқа селқос қарау), билікке жаппай қарсы шығу және т.б.
көбейді. ХХ- ғасырдың 70-80-жылдарында Батыс елдерін неголер, соғысқа
қарсы, экологиялық, феминистік қозғалыстар дүр сілкіндірді. Бұрынғы
дәстүрлі материалдық құндылықтарға қарсы шыққан субмәдениет пайда болды.
Мысалға, ХХ ғ. 60-жылдары дамыған хиппилер қозғалысын алайық. Оған ірі
саясаткерлердің, бизнесмен, заңгерлер сияқты ауқатты отбасыларының балалары
қатысты. Олар жеке адамның өзін-өзі толық көрсетуіне жағдай жасалмағандығы,
адамдар арасында теңсіздіктің, алалаушылықтар бар екендігіне сол кездегі
қоғамдық тәртіпті кіналады. Сондықтан қоғамдағы әлеуметтік тәртіпке қарсы
шықты. Мұның бәрі америка қоғамын қатты толғандырды. Ғалымдар бұл
құбылыстың себептері мен сырын ашу үшін зерттеулер жүргізді. Сөйтіп саяси
әлеуметтену мәселесі бұл кезде күн тәртібіне қатты қойылды.
Сонымен саяси әлеуметтену деп адамның саяси ілімдерді, ережеледі,
құндылықтарды бойына сіңіріп, оларды өзінің рухани ішкі дүниесіне
айналдырып, сол арқылы өзінің саяси санасы мен мәдениетін қалыптастыру,
саяси іс-әрекетке дайындалу процессін айтады. Саяси әлеуметтену барысында
адам қоғамның толыққанды мүшесі боларлық саяси ережелерді, салт-
дәстүрлерді, білімді меңгереді.
Адамның саяси жұмысқа саналы түрде және өз еркімен қатысу деңнейіне
байланысты саяси әлеуметтенуді ғалымдар әдетте алғашқы және екінші деп екі
түрге бөледі. Алғашқы әлеуметтенуге бала кездегі және бозбала кезіндегі
саяси білім алып, саяси көзқарасының қалыптасқан кезін жатқызады. Мұнда жас
ұрпақ саяси ұғымдарды алғаш рет естіп, мағлұматтар алады. Олар біртіндеп
саяси өмір құбылыстарына адамның жеке қатынасын қалыптастырады. Екінші
әлеуметтенуге бұрынғы алған құндылықтар мен бағдарлар және ұстанымдар
негізінде жеке адамның саяси жүйемен белсене әрекеттесу кезеңі кіреді.
Негізгі бөлім
1-тарау:
Тұлғаның саяси қалыптасуына, бір жағынан, оның күнделікті өмір сүретін
ортасы, яғни отбасы, құрбы-құрдастары, ауылдасы, бейресми топтар және
т.с.с. стихиялы түрде қатынасса, екінші жағынан мемлекет тарапынан арнайы
ұйымдастырылған тәрбие жүйесі, саяси партиялар, қоғамдық-саяси ұйымдар
қатысады. Мемлекеттік тәрбие жүйесін өз кезегінде макро деңгейлік және
микро деңгейлік етіп екіге бөлуге болады.
Макро деңгейде мемлекеттік басқару органдары өз жұмысын бұқаралық
ақпараттар құралдары – газет, теледидар, радио – арқылы жүргізіп, өзінің
стратегиялық бағдарламаларын, мақсат-мүдделерін, саяси құндылықтарын
насихаттап, азаматтардың санасына сіңіріп отырады. Микро деңгейге мақсатты
оқу-тәрбие жұмыстарын тікелей жүргізетін жалпы білім беретін орта мектеп,
арнаулы орта мектеп, жоғарғы оқу орындары жатады.
Жас ұрпақты қоғамдық өмірге, саяси-әдеуметтік белсенділікке
тәрбтелеуде жалпы білім беретін мектептің орны ерекше. Себебі өскелең
ұрпақтың болашақ тұлға ретінде қалыптасуына мектепте алған білімі мен
тәрбиесі орасан зор ықпал етеді. Мұнда жас жеткіншектер алдағы өмір бойы
азық болар сапалы білім алуымен қатар Отан алдындағы азаматтық борышын адал
орындауға, неше түрлі мамандықтар туралы мағлұмат алып, солардың ішінен
өзінің болашақ мамандығын таңдауға, қоғамдық жұмыстарға, саяси өмірге
белсенді қатысуға үйренеді. Жас ұрпақ саясат жөнінде білімді мектепте алып,
оған деген белгілі бір қатынастары соның қабырғасында қалыптасады. Сонымен
қатар жалпы білім беретін мектеп жас ұрпаққа жоғары рухани ұлттық сезімі
оянған, адам құқықтары мен бостандықтарын жақсы сезінетін, әрдайым саяси-
әлеуметтік белсенділік танытуға дайын, өзін де, өзгені де құрметтейтін,
өзіне-өзі сенімді елдің болашақ иелерін оқытып, тәрбиелейді.
Барлық оқу орындары сияқты, жалпы білім беретін мектептердің басты
мақсаттарының бірі – оқушыларға дүниеге дұрыс, ғылыми негізделген көзқарас
қалыптастыру. Дүниеге көзқарас деп айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас
дүние жөнінде,ондағы адамдардың алатын орны, тіршіліктің мән-мағынасы
туралы көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтық
көзқарасын айтады. Оған адамның өмірлік позициялары мен құндылық бағыттары
да кіреді. Дүниеге көзқарас орнықса, адам тұлғаға айналады. Әлеуметтік
топтың, таптың, саяси партияның мұндай жағдайға жетуі олардың есейгендігін
білдіреді. Мектеп қабырғасында адамның дүниеге толық көзқарасы
қалыптаспағанымен, оның қанқасы қаланып, негізі салынады.
Білімнің арқасында адам белгілі бір мамандық алады, табиғаттың,
қоғамның даму заңдылықтарын түсінеді, материалдық және рухани құндылықтар
жасайды, ұлттық мақсат-мұраттарды білетін болады, жалпы адамзатқа тән
қазыналардан сусындайды. Яғни білім адамды өмірге дайындап, қосады, оның
дүниетаным аясын кеңейтеді, саяси санасын дамытады, саяси-әлеуметтік әрекет
жасауға, белсенділік танытуға тікелей түрткі болады. Білім қоғамдағы
келісім мен ішкі тұрақтылықты орнықтырады және қоғамның саяси құрылымын
дамытуға зор ықпалын тигізеді. Француз ғалымы Э.Дюркгейм білім берудің
негізгі міндетін қоғамда үстемдік етіп отырған мәдени құндылықтарды ел
арасында тарату деп түсіндірсе, американ ғалымы Н.Смелзер білімді
институттандырылған процесс, яғни қоғамда қалыптасқан белгілі бір
құндылықтарды жеке адам, топ, қауымдастық арасында орнықтыруды жүзеге
асыратын құрал ретінде санады.
Білімнің арқасында жастар қоғамда болып жатқан саяси құбылыстарға
сындарлы қарап, талдай білу және өзінің нақтылы саяси бағыт-бағдарын
қалыптастыра алады. Білімнің маңызы әсіресе соңғы жылдары көп көтерілді.
Оқу жасындағы балаларды тәрбиелеуде олардың жас ерекшеліктерін ескере
жүргізудің маңызы өте зор. Оқушылар 14 пен 17 жас аралығында жасөспірімдік
шаққа жетеді. Бұл кезде олар дене құрылысы, ой-өрісі, психикалық болмысы
және т.б. жағынан үлкендерге жақындайды. Олар Отан, қоғам, мемлекет алдында
тұрған негізгі саяси-әлеуметтік міндеттерді түсінеді. Жоғары сыныптарда
өздерінің болашақ мамандықтарын таңдап алу мәселесі жиі толғандырады. Бұл
жастағыларға әсіресе әкімшілдік-әміршілдік тәсіл, шараларды азырақ
қолданған жөн. Өйткені мұндай әдіс олардың намыстарына тез тиеді. Сондықтан
бұл шақта жасөспірімдердің іс-әрекетіне өте төзімділікпен,
жауапкершілікпен, көрегенділікпен қарап, оларға өздері орындайтындай
жауапты істі тапсырса болады.
Академик И.С.Кон жастардың әлеуметтену процессін төмендегідей үш
кезеңге бөліп қарастырады:
1-кезең 11-15 жас аралығын қамтиды. Бұл кезеңді бозбалалық шаққа, яғни
балалық пен жігіттіктің екі аралығындағы әлеуметтену кезеңіне жатқызады.
Бозбалалық шақтың негізгі әлеуметтік қызметі – оқу.
2-кезең 14-18 жас аралығын қамтиды. Бұл жасөспірімдердің әлеуметтену
сатысы. Бұл кезде жастардың әлеуметтік жағдайы әр түрлі. Біреулері - жалпы
орта білім беретін мектептердің немесе кәсіптік-техникалық училищелердің
оқушылары, екіншілері - арнаулы орта білім беретін оқу орындарының
студенттері, үшіншілері - өз лдына еңбек жолын бастаған жасөспірімдер. Бұл
шақта олардың қоғам алдындағы жауапкершіліктері де арта түседі: 14 жасында
кейбір жастар одақтардың қатарына өтсе, 16 жасында азаматтық куәлік немесе
төлқұжат алады, ал 18 жаста халық депутаттарын сайлауға қатысады. Сонымен
қатар бұл мезгіл жасөспірімдердің өз тағдырларын өзі шешуге ұмтылудың,
өмірдегі, қоғамдағы орнын белгілеуде құштарлық кезеңі.
3-кезең 17-25 жас аралығын қамтиды. Бұл аралық орнықты, яғни біржола
әлеуметтену кезеңіне жатады. Бұл кезде адам биологиялық тұрғысынан да,
әлеуметтік тұрғысынан да толық ер жеткен естияр адам. Оның әлеуметтік-
психологиялық бейнесі енді жасына қарап емес, мамандығына, әлеуметтік
орнына қарап анықталады.
Қазіргі кездегі мектептегі саяси білім Қоғамдық ғылымдардың негізі
деп аталатын пән көлемінде беріледі. Бұл пәннің мемлекеттік стандпрт
бойынша негізгі 9-сыныпта аптасына 3 сағат жоспарланған. Мемлекеттік
стандартта Мектепте қоғамдық білім негіздерін оқытудың басты мақсаты
оқушыларға қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік өмірінде болып
жатқан құбылыстар мен үрдістердің даму заңдары туралы және адамдардың тұлға
ретінде қалыптасуымен қатар білімді, ғылыми түсініктер мен ұғымдарды
меңгерте, олардың қазіргі заман талабына сай мәдени құндылықтарды,
нормаларды, тәртіптерді меңгерген өзіндік қоғамдық тұрғысы бар,
әлеуметтенген, өз Отанын шын сүйетін азамат болып шығуына көмекетесуі болып
табылады-деп тұжырымдалған.
Сонымен жас ұрпақты саяси-әлеуметік белсенділікке тәрбиелеуде орта
мектептің алдағы сана-сезімді шыңдап, қалыптастыру жұмысын мемлекетік
патриоттық тұғырнама принциптері негізінде жүргізудің орны мен ролі ерекше.
Өйткені олардың жеке тұлға ретінде қалыптасуының бастапқы кезеңі мектеп
қабырғасындағы шаққа келеді және саяси көзқарастардың іргетасы қалана
бастайды. Жаңа ұрпақтың болашақ азаматтық бағдары оның патриоттық туған
жерге етенелігі көп ретте ұстаздарға, мектептегі тәрбиеге байланысты.
Өйткені оқушылардың зиянды әдеттерден, есірткіден сақтап, салауатты өмір
салтын бойларында орнықтыруда метеп ұжымының күш-қуаты жетеді. Ел үшін оның
балалары балғын шағынан тәуелсіз Қазақстан үшін мақтаныш сезімін бойларына
сіңіріп, оның тарихы мен заңдарын, мемлекеттік нышандарын білгені өте
маңызды.

2-тарау:
Зерттеушілердің көбінің пайымдауынша, адамдардың саяси-әлеуметтік
белсенділік танытып, саяси қатынастар мен байланыстарға өз үлесун қосуы 18
жастан басталады. Бұл кез жастардың көпшілігінің жалпыға бірдей орта
мектепті бітіріп, жоғарғы немесе арнаулы орта оқу орындарына түсіп білім
алуымен тұспа-тұс келеді, сонымен бірге бұл шақ олардың ой-өрісі кеңейген,
жаңалыққа, жасампаздыққа, білімге құмар, өздерін болашаққа ұшқындап
ізденген кезі. Академик И.С.Конның ойынша, 17 мен 25 жас аралығындағы
азамат биологиялық тұрғыдан да, әлеуметтік тұрғыдан да ер жеткен кісі. Оның
әлеуметтік-психологиялық бейнесі жасына қарап емес, әлеуметтік орнына қарап
анықталады. Оларға білім беру жалпылама сипатта емес, арнаулы кәсіптік
сипатта жүргізіледі, оның үстіне кәсіптік-техниалық училищедегі не арнаулы
және жоғарғы оқу орнындағы оқу еңбектенудің белгілі бір түрі ретінде
қарастырылады. Жас адамдардың көпшілігі отбасы иесі атанады.
Студент жастар қоғамның интеллектуалдық потенциалының негізгі қайнар
көзі болып табылады. Олардың атқаратын әлеуметтік маңызды міндеті – жоғары
маманданған кәсіби ой еңбегінің әр түрлі мамндықтарын игеру және атқару
мақсатында белгілі бір білім жүйелері мен практикалық дағдыларды меңгеру.
Жоғарғы оқу орындарында, Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім
беру тұжырымдамасында көрсеткендей: Кез келген жоғары оқу орнын бітіруші
игеруге тиісті негізгі жеке қасиеттер, адамгершіліктік өлшемдер мен
гуманитарлық бағдарлар жиынтығы ретінде мыналар танылуы мүмкін:
• Философиялық даярлық;
• Нарықтық экономиканың әлеуметтік бағытталуы туралы қазіргі
кездегі түсініктердің негізінде қалыптасқан экономикалық
белсенділік;
• Әлеуметтік өркениет тарихындағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Институционалды бағыт
Жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу
Экономика ғылымдар жүйесіндегі экономикалық дамудың орны
Білім беру экономиканың бәсекеге қабілеттілік факторы ретінде
Экономиканы дамыған мемлекеттерде бюджеттік реттеудің қалыптасу ерекшеліктері
Қоғамның әлеуметтiк жағдайы
Институционализм туралы
Институционалды инвесторлардың мәні жане олардың қызымет ету механизмдері
Экономиканың зерттеу әдістері
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еуразиялық жобасы
Пәндер