Қоғамдық саяси құрылысы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Қазақ Еңбек және әлеуметтік Қатынастар Академиясы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «Қоғамның саяси жүйесі»

Орындаған: Байзакова А. Т.

Тексерген: Жапакова С. М.

Алматы 2006ж.

Жоспар

Кіріспе

Тақырып: Қоғамның саяси жүйесі

Негізгі бөлім: а) Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттік емес буындар.

б) Мемлекет - қоғамның саяси жүйесінің өзегі.

в) Мемлекеттік қоғамның саяси жүйесінің басқа

буындармен өзара қарым-қатынасы.

Қорытынды: Қоғамдық саяси құрылысы

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттік емес буындар. Қоғам өзінің тіршілік ету процесінде тек қана мемлекетке емес, сондай-ақ мемлекеттік емес құрылымның ауқымды жүйесіне, ұйымдарга, бірлестіктер мен қозғалыстарға да сүйенеді. Мемлекетпен бірге соңғылары қызмет көрсетуге, бақылауға және қоғамдық қызметтің түрлі саласын реттеуге қатысады, көптеген бастамалар мен жаңалықтардың бастамашысы болады, қоғамға туындаған проблемаларды, қиындықтарды жеңіп шығуға, күнделікті келешектегі және перспективадағы міндеттерді шешуге көмектеседі. Қоғамды жан жағынан қоршай, оның байланыстары мен қарым-қатынастарына кірісе отырып, оның өмір тіршілігіндегі көптеген процестеріне мемлекеттік емес құрылымдар, ұйымдар, бірлестіктер мен қозғалыстар орасан зор, кейде баға жеткісіз роль атқарады. Олар бірінші кезекте қанағаттандыруға жататын анағұрлым елеулі қажеттіліктер мен мүдделерді тауып, жұмыстың қандай да бір учаскесіндегі кемшіліктерді жойып, жағдайды жақсартуға шаралар қабылдайды, анағұрлым тиімді (олардың көзқарасы бойынша) шешімдер вариантын ұсынады, теріс пайдаланушылық және бұзушылықтармен күреседі. Кейде олар қоғамды мемлекеттің болжап болмайтын әрекеттерінен қорғайды, әсіресе - өкіметті басып алып, жұрттың барлығына өз еркін, диктатын және өзінің тәртібін таңуға тырысушы жекелеген топтар мен тұлғалардың озбырлығынан қор-ғайды. Мемлекеттік емес құрылымның бірі болмаса екіншісі заңдылық пен конституциялық тәртіпті қалпына келтіруге тырысып, жоғарыда аталған сияқты топтар мен тұлғалардың жолына кесе көлденең тұрады. Билікті қолына алып алған топтар мен тұлғалардың жағына шығып кеткен немесе әліптің артын бағып отырған мемлекеттік емес құрылымдар, ұйымдар, бірлестіктер, қозғалыстар да бар екендігі шындық. Бұл жерде әдетте бірыңғай көзқарас болмайды.

Мемлекеттік емес құрылымдар, ұйымдар, бірлестіктер, қозғалыстар мейілінше әралуан, сипатты, әр түрлі, алға қойған мақсаттары да әр түрлі. Оларды түрлі критерийлер мен негіздер тұрғысынан қарап, жіктейді. Қазір ғылыми еңбектерде мемлекеттік емес құрылымдардың, ұйымдардың, бірлестіктердің және қозғалыстардың әрекетіне олардың саясатпен, саяси өмірмен және саяси қарым-қатынаспен байланысының қандай екендігіне қарап талдау жасалуда.

Осы тұрғыдан алғанда саясатпен белсенді айналысуға, қоғам өмірінің саяси көңіл-күйіне ықпал етуге, саяси қарым-қатынастың тікелей субъектісі болуға бейім құрылымдар, ұйымдар, бірлестіктер мен қозғалыстар ерекше көзге түседі.

Олардың саяси міндеттерге бағыт алуы өздерінің жағыларында және басқа да маңызды құжаттарда айқын баянды етілген. Мұндай құрылымдар мен ұйымдардың қатарына ең алдымен саяси партиялар, сондай-ақ президенттің, парламенттің, жергілікті өкілетті органдар мен жергілікгі өзін-өзі басқару органдарының, басқа да сайлауы мекемелері мен лауазымды тұлғалардың сайлау кезеңінде үгіт-насихат, ұйымдастыру-саяси жұмыстарын октізу үшін құрылатын тұрақты немесе уақытша сайлау блоктары жатады. Мұндай блоктардан ерекшелігі, саяси партиялардың қызмет аясы анағұрлым кем: олар сайлауға байланысты жұмыстармен шектеліп қалмайды, өмірдің өзі туындатып отырған түрлі саяси мәселелердің шешілуіне қатысады (парламентке заң жобаларын енгізу және үкіметке ұсыныстар енгізу; жылдың, жарты жылдықтың, тоқсанның және одан туындайтын міндеттердің қорытындыларын шығару; ішкі және халықаралық өмірдегі маңызды саяси жағдайларға үн қосу; мемлекеттік аппараттың қызметіне қоғамдық-саяси бақылау жасау және т. б. ) .

Мемлекеттік емес құрылымдардың, ұйымдардың, бірлестіктер мен қозғалыстардың басқа тобын тікелей саяси өмірге қатысу үшін құрылатындар емес, өндірістік-экономикалық, әлеуметтік-мәдени, рухани, кәсіби-еңбек қызметі саласындағы міндеттерді шешу үшін құрылған топтар құрайды. Бұл жерде кәсіподақ, кооператив, діни, әйелдер ұйымдары, жазушылар, композиторлар, сәулетшілер одақтары және басқалар айтылып отыр, олар өздерінің жарғылары мен ережелерінде саяси мақсатты айрықша баса көрсетпейді, керісінше материалдық-экономикалық, мәдени-тұрмыстық, рухани, әлеуметтік, кәсіби қажеттерін және өз мүшелерінің мүдделерін қанағаттындыру міндеттерін алға қояды. Ақиқат өмірде олар (әсірссе кәсіподақтар), саясаттан тыс болмайтыны рас, анда-санда немесе тұрақты түрде сайлау науқандарына қатысады, кейде тіпті түрлі саяси талаптарды да белсенді түрде қойып отырады (мысалы, еңбекақыларын ұзақ уақыт төлемегендігіне байланысты Ресейдің шахтерлері мен кеншілерінің бірқатар кәсіптік одақтары 1998 жылдың жазында Ресей президснті мен үкіметінің отставкаға кетуін талап етіп қойды) . Кейбір зерттеушілер (М. Н. Марченко, С. А. Комаров) жоғарыда аталған ұйымдарды "нагыз саяси ұйымдар емес" деп атайды, және бұл термин құлақка онша жағымды болмағанымен, олардың қоғамның саяси саласындағы өзіндік ерекшелігі мен орнын дәл көрсетеді.

Ақырында, саясаттан және саяси қарым-қатынастан алыс тұрған және тар шеңбердегі кәсіби, әуесқойлық мақсатты көздейтін, адамдардың жеке және топтық бейімділігі мен мүдделерін ескеретін мемлекеттік емес құрылымдар, ұйымдар, бірлестіктер мен қозғалыстар да бар. Бұл жерде филателистер, нумизматтар, автоәуесқойлар, музыкамен әуестенушілер және тағы басқа қоғамдар айтылып отыр. Олар қоғамның саяси жүйесінің құрамына кіре ме? Олар саяси биліктің субъектісі болып табылмайды, нағыз саяси қарым-қатынасқа қатыспайды, сондықтан да оларды қоғамның саяси жүйесінің бір бөлігі деп санауға болмайды.

Осылайша қоғамда тіршілік етіп, қызмет істеп жатқан мемлекеттік емес құрылымдардың, ұйымдардың, бірлестіктер мен қозғалыстардың бәрі бірдей саяси жүйенің компоненттері және құрамдас бөліктері болып табылмайды.

Ондайлардың қатарына қоғамның саяси өміріне қатысуды тура немесе жанама түрде өздерінің мақсаты деп жариялайтын, саяси биліктің субъектісі болып табылатын, белгілі бір саяси мүдделерді көздейтіндерді жатқызу керек.

Қоғамның саяси жүйесінің мемлекеттік емес буындарының негізгі түрлерін кеңінен қарастырдық. Олардың нақтылы ролі көптеген факторларға байланысты және қоғамдық дамудың түрлі кезеңдерінде айтарлықтай өзгеруі мүмкін. Мемлекеттік-ұйымдасқан қоғам жағдайында әрекет ете отырып, олар мемлекетке қатысты толық селқостық таныта алмайды және әр түрлі мәселелер бойынша ауық-ауық олармен байланысқа түсуге мәжбүр.

Мемлекет - қоғамның саяси жүйесінің өзегі. Мемлекет қоғамның саяси жүйесіне оның құрамдас бөлігі ретінде енеді. Сонымен саяси жүйенің бөлігі ретіндегі мемлекеттің субъектілігі - айрықша, өзгеше дара, қайталанбас: саяси жүйенің мемлекет сияқты осындай қасиеті мен сапасы бар, демек мемлекетке тән жағдайға, роль мен функцияға үміттене алатын басқа субъектісі жок қой. Мемлекетті саяси жүйенің құрамында оның жаңа қырлары мен жақтарын көрсетуге мүмкіндік бере отырып зерттеу аса пай-далы.

Саяси жүйеге саяси сипаты бар, қоғамның саяси өміріне қатысатын, саяси биліктің субъектісі болып табылатын құрылымдарды, бірлестіктерді, қозғалыстарды қоса отырып, осы аталғандардың барлығының толық көлемінде мемлекетте де қолданылатындығын айта кету керек. Өйткені ол саяси биліктің қоғамдағы басты идея қолданушысы және негізгі субъектісі. Ол - саяси қатынастардың басым көпшілігінің белсенді қатысушысы (көбінссе - бастамашысы) ; онсыз олар көп жағдайда өзінің мәнділігі мен салмақтылығын жоғалтады. Барлық дерлік мемлекеттік-құқықтық институттар бір мезгілде саяси институттар болып табылады.

Басқаша айтқанда, мемлекетке саяси сипат тән, соған қарай ол қоғамның саяси жүйесінің құрамына кіреді. Алайда мемлекет - оның мемлекеттік емес буындарына ұқсас саяси жүйесінің, әдеттегіден тыс бөлігі. Ол - оның белгілі бір мөлшерде (белгілі бір елеулі ескертулерімен) ондағы шоғырландырушы және үйлестіруші рольді орындайтын өзегі.

Қоғамның саяси жүйесі саяси биліктің ұйымын қамтиды және, нақтырақ айтқанда, олардың арасындағы қарым-қатынастан тұратын, әр алуан саяси институттардың қызмст істеуіне әсері бар билік субъектілерінің жиынтығын өзіне қосып алады.

Түрлі объективті және субъективті себептердің әсерімен саяси жүйе өзгеріп, жаңа жағдайға бейімделеді. Және қоғамның әрбір даму кезеңінде саяси жүйенің өзінің жай-күйі сәйкес келеді.

Саяси жүйенің барлық буындары, оның ішінде мемлекет те, бір бірінен бөлек, жеке әрекет ете алмайды. Олар қандай да бір мәселелер бойынша өзара алуан түрлі қарым-қатынасқа түседі. Сондықтан да олар бірлік пен тұтастық құрады деп айтуға болады.

Алайда қоғамның саяси жүйесінің мұндай тұтастығы мен бірлігін асыра мақтауға, тіпті абсолюттендіруге болмайды, өйткені оның ішіндегі қарым-қатынас ылғи да оның құрамдас бөліктерінің ынтымақтастығы мен өзара көмегінің ара қатысы сияқты бағаланбауы мүмкін. Бұл қарым-қатынастың кейбіреуі ынтымақтастық пен өзаракөмек шеңберіне сыйып кетеді, ал олардың кейбіреулері оған қарама-қайшы болып, күрес пен бірін бірі жоққа шығаратын сипаты болады.

Қоғамның саяси жүйесі - өзінің құрылымында саяси құрылыс, саяси ұйым, саяси нормалардың жиынтығы мен солардың негізінде құралатын саяси қарым-қатынастардың бірнеше салыстырмалы оғаштау, шағын жүйелері бар көптеген топтан тұратын құрылым. Қазіргі жағдайда бізді әсіресе қоғамның саяси ұйымы қызықтырады, өйткені онын құрамдас бөлігі болып өзінің алдына өз мүшелерінің саяси белсенділігін арттыруды, саяси билік (соның ішінде мемлекеттік билік үшін) жолындағы күреске қатысуды, оны өзінің саяси мүдделерін қанағаттандыру үшін пайдалануды мақсат етіп қойған ұйымдар, бірлестіктер мен құрылымдар табылады. Олармен бір "қатарда" әрекет ете отырып, мемлекет қоғамның саяси ұйымының бөлігі ретінде белгілі бір шекте олардың іс-қимылына ықпал етеді, кажетті жағдайларда олармен байланысқа да түсе алады және т. б.

Ішкі саяси жүйенің қарым-қатынасын ең алдымен оның бірқатардағы элементтерінің (мысалы, мемлекеттік органдардың, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың арасындағы) арасынан қарастырған дұрыс. Сөйтсе де кейде саяси жүйенің әр қатардағы элементтерінің қатынасын айқындау қажеттілігі туып қалады (мысалы, мемлекеттік органдардың саяси нормалармен қатынасы) . Әрине, әр қатардағы элементтердің қатынасын айқындау көбінесе бірінші түрдің қарым-қатынасымен жанама түрде байла-нысады (мысалы, мемлекеттік органдар құқықтық нормаларды қабылдағанда, толықтырғанда немесе күшін жойғанда, жаңа нормалармен ауыстырғанда және тағы басқа жағдайларда саяси нормаларды ескереді), бірақ кейде ол "тікелей" жүзеге асырылады (мысалы, әңгіме саяси нормалардың мемлекеттік органдардың қызмет етуіне ықпалы туралы болғанда немесе, керісінше, қандай да бір саяси нормалардың мемлекеттік органдардың ықпалымен түзетуге түсуі туралы болғанда) .

Бұл тарауда әңгіме саяси жүйенің бір қатардағы элементтерінің арасындағы қарым-қатынастар туралы болады.

Мемлекеттік қоғамның саяси жүйесінің басқа буындарымен өз-ара қарым-қатынасы. Мемлекеттік қоғамның саяси жүйесінің түрлі құрамдас бөліктеріне қатынасы жөніндегі позициясы бірдей емес; ол олардың әрқайсысының қандай бағдарды және қандай бағытты ұстанғанына қарай жіктеледі.

Өзара қарым-қатынастың бір тұрпаты мемлекет пен саяси жүйенің билеуші таптар, таңдаулылар, әлеуметтік топтар мен топтар құрған мемлекеттік емес буындарына тән. Бұл өзара қарым-қатынасқа, әдетте, терең де шиеленісті, атнагонистік қарама-қайшылықтар жат. Бұған қоса, мемлекет пен қоғамның саяси жүйесінің аталған буындары бірін бірі өзара қолдайды, алдарында тұрған міндеттерді шешуде көмек пен жәрдем көрсетеді. Мемле-кет саяси жүйенің аталған буындарына заңмен көзделген (кейде тіпті көзделмеген де) жеңілдіктер мен артықшылықтар береді, ешқандай кедергі келтірмейді, оларды неғұрлым қолайлы режиммен қамтамсыз етеді, олардың жіберген бұзуышылықтарына көбінесе "көзін жұмып" қарайды. Өз кезегінде соңғылары үкіметтің саясатын әрқашан қолдайды, мемлекеттік механизмнің кез келген қадамын, кез келген акциясын ақтайды, халықтың өзіне адал қарым-қатынасына қол жеткізеді.

Қарым-қатынастың басқа тұрпаты мемлекетке және оппозициялық топтар, таңдаулылар, әлеуметтік топтар мен топтар құрған саяси жүйенің мемлекеттік емес буындарына тән. Бұл қарым-қатынастардың әдетте қарама-қайшылық сипаты болады, кейде бұл қарама-қайшылықтар шиеленісіп, антагонизм сипатына ие болады. Салыстырмалы түрде алғанда олардың арасындағы ынтымақтастық пен өзара көмек сирек болады, олардың бір біріне қарсы тұруы мен қарсы әрекет жасауы жиі кездеседі. Мемлекет оппозицияның әрекетін шектеуге тырысады, оған кедергілер келтіреді, реті келсе күшпен басып отырады. Саяси жүйенің олар құрған буындарында топтасқан оппозициялық күштср үкімст саясатына қарсы әрекет етеді, қоғамдық пікірді оған қарсы қояды, халықтың өмір сүріп отырған өкіметке жағымсыз қарым-қатынасын туғызады.

Сондай-ақ мемлекет пен саяси жүйенің мемлекетке енжар қарайтын мемлекеттік емес буындарының арасында пайда болатын, өзара қарым-қатынастың аралық тұрпатын да айта алу керек. Соңғылар бір мәселелер бойынша үкіметті қолдаса, екінші бір мәселе бойынша оны сынайды. Мемлекет саяси жүйенің осындай мемлекеттік емес буындарына қатысты біржақты қолдаушылық немесе біржақты кінәлаушылық бағыт ұстанбайды.

Қорытынды

Қазақ қоғамы түрлі әлеуметтік топтармен таптардан феодалдар мен феодалға тәуелді шаруалардан тұрды. Патриархалдық құлдық өмір сүрді.

Қазақ қоғамында артықшылықпен пайдаланатын үстем тап өкілдеріне хандар, сұлтандар, байлар, билер, батырлар, дін өкілдері, тархандар жатты. Феодалдарға тәуелді топтарға шаруалар, төлеңгіттер, кұлдар, жатақтар жатты.

Хан. Қазақ қоғамының жоғарғы мемлекет басшысы хан болды. Қазақ хандары Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарады. Ханның қолында әскери және азаматтық билік шоғырланды. Хан әскердің бас қолбасшысы болып есептелді. Бас қолбасшы ретінде әскер басыларын, түменбасы, мыңбасыларды тағайындады. Соғыс жариялау және бітім мәселелерін шешті. Соғыс жоспарларын тыңдап бекітті. Қазақ хандарының өздері тікелей соғыс жағдайында басшылық жасап, өздері де ерліктің ересен үлгілерін көрсетті. Мәселен Бұрындық хан (1480-1510) мен Қасым хандар Мұмаммед Шайбанидің әскерімен соғыстарда өздері ерен ерліктер көрсетіп, батырлығымен және қолбасшылығымен ерекшеленген. Ақназар (1538-1580) және Тәуекел (1580-1598) хандар қазақхандығының шекарасын кеңейтіп өмірінің көпшілігін ат үстінде өткізді.

Жәңгір хан (1628-1660) Орбұлақ шайқасыңда 600 әскермен қалмақтың 80 мыңдай әскерін талқандады. Абылай (1771 -1781) және Кенесары (1837-1847) хандардың ерлік істері аңызға айналды. Хан жайылымдардың бағытын белгіледі. Көшпелі шаруашылықтың жалпы ұйымдастырылуын басқарды. Тәуке ханның тұсында барлық қазақ жүздерінің тайпалары мен руларының көшіп-қону бағыттары толық анықталды деп есептеледі.

Рубасы сұлтандарды тағайындады. Билерді белгіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан республикасының сыртқы қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар
Мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарға жалпы сипаттама
Мемлекеттің Конституциялық құқықтарға қарсы қылмыстар
1224-1502 ЖЫЛДАРДАҒЫ АЛТЫН ОРДАНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ- САЯСИ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Қазақстан Республикасының Конститутциясы және оның құқықтық қорғауы
ҚР мемлекет және құқық тарихы
КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ КАУШСІЗДІПНЕ еҚАРСЫ КЫЛМЫСТАР
Мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар туралы ақпарат
Ғұн мемлекетінің қалыптасуы
Сайлаушылар партиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz