Саяси жүйе қызметтері
ЖОСПАР
Кіріспе 3
І ТАРАУ Саяси жүйе қызметтері 5
ІІ ТАРАУ Саяси жүйенің жіктелуі 5
2.1 Тоталитарлық құрылыстың негізгі белгілері мен түрлері. 8
2.2 Авторитарлық саяси жүйе және оның ерекшеліктері 12
2.3 Демократия идеясы және оның қоғамның саяси жүйесінде жүзеге асырылуы
14
Қорытынды 16
Пайдаланған әдебиеттер 17
Кіріспе
Алғашқы қауымдық қоғамда жалғыз адам жеке-дара өмір сүре алмайтын.
Себебі, айналада жыртқыш аңдар болды, басқа рудың адамдары да жат көзбен
қарады. Сондықтан ұжымдасып, ру-ру, тайпа-тайпа болып тұрудың арқасында
ғана табиғаттың дүлей күшіне қарсы тұра алды, өздерінің қауіпсіздігін және
күн көрісін қамтамасыз ете алды. Олардың нақтылы тұратын жері болмайтын,
көбіне көшіп-қонып жүретін. Еңбек өнімі аз болды. Сондықтан аштан өлмей,
күн көру үшін барлық еңбекке жарамды адамдар-еңбектеген баладан еңкейген
кәріге дейін өз күшіне қарай аң аулайтын, жұмыс істейтін. Тапқан табыс ру
мүшелері арасында тең бөлетін. Артық өнім болмады, күнделікті тапқан
болмашы табыс тіршілік етуге әрең жетті. Мұндай жағдайда өндіріс құрал-
жабдықтары, еңбек өнімдері тек адамға емес, ұжымға тиісті болды. Руға
басшылық ету нақтылы жағдайларға байланысты қауымның бір мүшесінен
екіншісіне ауысып отыратын. Әдетте, оны дәстүрді жақсы білетін ақсақалдар
атқаратын. Адамдар арасындағы қатынастарды, ұжымдық өмірді, іс-әрекеттерді
өзін-өзі басқаратын ұйым, әдет-ғұрып, дәстүр арқылы реттеп, шешіп отырды.
Тәртіпті бұзғандар ата-бабаның салты бойынша жазаланатын. Халықтан оқшау
қарулы күштер болмаған, ер-азаматтың бәрінің қаруы болды, керек кезінде жау
тайпаларға қарсы шығатын.
Өндіріс құралдары бірте-бірте жетіле берді, оларды бұрынғыдай ағаштан,
тастан емес, металдан жасай бастады. Қоғам ішінде еңбек бөлінісі пайда
болды: мал шаруашылығымен қатар егіншілік, онан кейін қолөнері де өмірге
келді. Еңбек бөлінісі өз кезегінде өнімдер айырбасын туғызды. Өйткені
егіншіге мал өсіруші мен қолөнершіге егіншілік өнімдері керек болды.
Еңбектің жаңа құрал-жабдықтары жасалынды. Оның бөлінуінің арқасында
еңбекшілер өнімді өзінің күн көрісіне қажетті мөлшерден артық өндіре
бастады. Бұл қосымша өнімнің өсуіне әкеледі. Басқа сөзбен айтқанда,
қоғамдық өнім екі бөліктен құралды: 1) қажетті өнім, яғни қоғам мүшелері
оларды күнделікті тұтынбай өмір сүре алмайтын игіліктер;
2) қосымша өнім, яғни экономикалық даму нәтижесінде пайда болған
басыартық еңбек өнімі. Қосымша өнім өз кезегінде екі салдарға әкеледі:
біріншіден, ол қоғамды шектен шыққан мұқтаждықтан құтқарды, екіншіден, оны
иемденудің арқасында орынсыз баюдың көзі ашылды. Қосымша құнға ру
шонжарлары, ақсақалдар, әскербасшылар, абыздар және басқа қауымдастықта
қызмет ететін адамдар иелік ете бастады. Осыдан кейін өндіріс пен қор жинау
экономикалық өмірдің өзара тығыз байланысты екі саласына айналды. Қосымша
құнға байланысты жеке меншік дүниеге келді, адамды адам қанауына мүмкіндік
туды. Ол әскери тұтқындармен қауымның қарызданған, берешекке
белшесіненбатқан, бейшарашылық халге түскен мүшелерін құлдарға айналдыру
нәтижесінде пайда болды. Сөйтіп, алғашқы адамдар қоғамының орнына құл
иеленушілік қоғам келді.
Бұл қоғам құлдар мен құл иеленушілер, басқарушылар мен бағынушыларды
тудырды. Мұндай жағдайда адамдар арсындағы қатынастарды бұрынғыдай
ынтымақтастықпен шешуге болмайтын. Керісінше, үстем тапқа қоғамды басқару,
жеке адамдар, тұлғалар мен қоғам, осы мемлекет пен басқа мемлекеттер
арасындағы қатынастарды реттеу үшін белгілі бір әлеуметтіктетік, құрал,
қоғмның ішкі дау-дамайын, жанжалдарын бақылайтын әлеуметтік топтың
қажеттілігі туды.
Рулық қоғамға белгісіз бірқатар ұйымдар мен саяси өмір саласы
қалыптасты. Айрықша құқықтары бар, ерекше жеңілдіктермен пайдаланатын
орталықтанған азғантай пұрсатты топ билік қызметіне жеке-дара иелік ете
бастады. Ол төмен шенділердің бағынатын әкімшілік аппаратына сүйенді.
Қоғамның басқа мүшелеріне еріксіз бақылау жүргізді. Күштеу, зорлау арқылы
орындаттыратын анық заң ережелері, нормалары қалыптасты. Билеуші топтар
экономикалық қызметті ұйымдастырды, бағынушылар қоғамдық өнімді өндірді.
Бұл олардың арасында қайшылықтар мен теңсіздікті өрістеті. Әлеуметтік
шиеленістер жиілеп, қоғамның тұрақтылығына нұқсан келді. Басқарушылар
тобының мақсаты- жоғарыда көрсетілген билеуші және бағынушылық қатынастарды
қолдау және оларды сол қалпында сақтау. Бұл жолда ол келісімге келуден
бастап күш қолдануға дейінгі (әдет-ғұрыпты пайдалану, немқұрайдылық
көрсету, қорқытып-үркіту, сендіру және т.с.с.) сан түрлі тәсілдерді
пайдаланады. Осыдан бастап үстемдік етуші тап пен қаналушылардың
кикілжіңдері саяси қоғамдастық шеңберіне енеді. Биілікті иеленушілер мен
оған бағынушылардың рольдері институционалдық қалыпқа түседі. Олардың
ішіндегі ең маңыздысы – мемлекет. Ол - үстем таптың саяси өкімет ұйымы.
Кейінірек, қоғамның даму деңгейіне, тап күштерінің ара салмағына
байланысты, саяси ұйым үздіксіз өзгеріп, күрделілене берді. Саяси партиялар
және басқа қоғамдық ұйымдар пайда болды. Олар өкіметті басып алу немесе оны
қолдан шығармай ұстап тұру, белгілі бір таптың мүддесін жүзеге асыру үшін
жасалды. Осы ұйымдар мен әлеуметтік институттардың бәрін бір-бірімен тығыз
байланыста алсақ, қоғамның саяси жүйесін құрады. Басқа сөзбен айтқанда,
қоғамның саяси жүйесі деп билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті
қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер
арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйым мен мекемелердің
жиынтығын айтады. Бұл жүйе саяси деп аталады. Себебі, мемлекеттік істер
алға қойған мақсатты, амал-әдістерді, оларға жету жолдарын қамтитын арнайы
жете зерттелген шаралар, саяси бағыт арқылы жүзеге асырады. Сонымен қатар
оны жүйе дейді. Себебі, оған мемлекеттен басқа мемлекеттік билікке ықпал
ету үшін басқалармен бәсекеге түсетін, одақтарға кіретін, мәмілеге келетін
мемлекеттік емес көптеген ұйымдар да кіреді. Бұл саяси қатынастардың
күрделі көрінісі жүйелілікті, тұтастықты білдіреді.
І ТАРАУ Саяси жүйе қызметтері
Саяси жүйе төмендегідей қызметтерді атқарады:
1. Белгілі бір әлеуметтік топтың немесе көпшілік халықтың саяси
билігін қамтамасыз ету. Ол биліктің тәртіпке келтірілген,
ережелерде, қалыптарда бекітілген, яғни институтцияланған түрі.
Сондықтан ол конституцияға негізделген жалпыға міндетті заңдар
шығарады. Сол арқылы қоғамда тәртіп орнайды. Егер оны бұзушылар
болса, оларға тиісті шара қолданады.
2. Саяси жүйе қоғамдық қатынастарды реттейді, жекелеген әлеуметтік
топтар немесе көпшілік халықтың мақсат-мүддесіне сәйкес адамдардың
тіршілік әрекетінің әр түрлі салаларын басқарады. Ол әлеуметтік
интитуттар қызметінің мақсаттрын анықтайды, солардың негізінде
оларды орындаудың сяаси жобаларын жасайды.
3. Саяси жүйе қоғамда жинақтаушылық, топтастырушылық қызметті
атқарады. Ол ортақ әлеуметтік-саяси мақсаттар мен құндылықтардың
айналасында барлық әлеуметтік топтар, таптар, жіктердің белгілі
бір бірлестігін қамтамасыз етеді.
4. Экономиканың қалыпты жұмыс істеп, прогресті дамуына қажетті саяси
жағдай жасау. Мысалы, саяси жүйе өндіріс құралдарына меншік
түрлерін құқықтық тұрғыдан бекітеді, қаржы жүйесін реттейді, салық
саясатын жүргізеді.
5. Қоғамды, оның мүшелерін ішкі және сыртқы бүліндіргіш әрекеттерден
қорғау. Мысалы, ұйымдасқан қылмыс, сыртқы агрессиядан (әскери,
экономикалық, информациялық) және т.с.с.
Сонымен, саяси жүйе құлдық қоғамда жеке меншіктің, қанаушылар мен
қаналушылардың пайда болуына байланысты дүниеге келеді. Ол қоғамда
тәртіпті, бірлікті қамтамасыз етеді, әр түрлі қоғамдық топтар, ұйымдар
мен қозғалыстардың қызметтерін реттейді, қоғамдық қатынастарды
үйлестіреді, қазына, байлықты бөледі, әлеуметтік қажеттіліктерді
қанағаттандыру үшін қаржы-қаражатты жұмылдырады.
ІІ- ТАРАУ Саяси жүйенің жіктелуі
Зерттеушілер саяси жүйенің мынадай негізгі төрт бөлігін атайды:1)
саяси институттар; 2) саяси қатынастар;3) саяси ережелер; 4) саяси
мәдениет.
Ал саяси жүйенің түрлері мен олардың сипаты жайында мәселеге келсек
саяси жүйенің жіктелуі жөнінде ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ. Олар бұл
мәселеге әр жақтан қарайды, әр түрлі өлшемді пайдаланады. Мысалы, марксизм
формациялық көзқарасты басшылыққа алып (өндіріс тәсілінің және қоғамның
таптық құрылымның өзгешеліктеріне қарай) оны құлдық, феодалдық,
капиталистік және коммунистік саяси жүйе деп бөледі.
Ал У.Ростоу және т.б. ,,экономикалық өсу сатысы,, деген тұжырымдаманы
алға тартады. Олардың ойынша, адамзаттың даму тарихы мынандай бес сатыдан
тұрады:
1) дәстүрлі қоғам;
2) өтпелі қоғам;
3) алға басу (жылжу) қоғамы;
4) индустриалдық және
5) индустриаланғаннан кейінгі (постиндустриалдық) қоғам.
Бірінші сатыға алғашқы қауымдық, рулық және феодалдық қоғамның бір
бөлігін, екінші сатыға өндірістік революцияны, үшіншісіне 70-80 жылдардағы
капитализмді, төртіншісіне 2000 жылға дейінгі капитализмді жатқызады.
Бұлайша сатыға бөлудің өлшемі ретінде техникалық даму деңгейін алады.
Марксизмнің басшылыққа алатын өндірістік қатынастармен олар санаспайды.
Ғалымдардың үшінші тобы мәдениеттегі ерекшеліктерге басты мән
беріп, шығыс және батыс мәдениеті мен өркениеттілігі деп жүйелейді.
Қазіргі саясаттануда ең кең тараған жіктеудің түрі қоғамдағы
қалыптасқан саяси тәртіптің ерекшеліктеріне негізделеді. Енді соған
келейік.
Саяси тәртіп деп саяси билік, қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдер
жиынтығын, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің демократиялық
дәрежесін айтады.
Қазіргі саяси тәртіптерді демократиялық және демократияға қарсы
(антидемократиялық) деп үлкен екі топқа бөледі.
Демократиялық тәртіпке халықты биліктің қайнар көзі деп санап, оған
мемлекеттік істерді шешуге құқық берілген және ол үшін қажетті жағдайлар
жасалған биліктің түрі, қоғамның мемлекеттік-саяси құрылысы жатады.
Мұндай тәртіпте азаматтардың негізгі құқықтары мен еркіндіктеріне
кепілдік беріледі, әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін көздеуші
саяси партиялар, үйымдар, мекемелер кедергісіз жұмыс істейді. Саяси өмір
демократиялық негізде кең өріс алады. Саясат мәселелері ашық
талқыланады, биліктің шектен тыс шоғырлануына жол берілмейтіндей тетік
жасалады, азаматтарға қолайлы құқықтар мен еркіндіктер, олардың саяси
көңілін білдіру түрлері айқындалады, жалпыға бірдей сайлау құқығы
орнатылады.
Сонымен қатар демократиялық тәртіп мынадай белгілермен
сипатталады:
1. Адал, шынайы сайыс арқылы, жүйелі түрде өткізілетін сайлау. Ол амал-
айласыз, қулық-сұмдықсыз жүргізілсе және оны шынайы өткізудің жолы
табылғанда ғана адал болады. Егер мемлекеттік билік бір партияның
қолында болса да сайлау адалдыққа жатпайды. Шынайы сайыс арқылы
дегенде өзінің кандидатурасын еркін ұсынуға мүмкіндігі бар әр түрлі
топтар мен жеке тұлғалар болуын айтады. Егер бір топтар қатысып,
екіншілері қатыса алмайтындай болса, ондай сайлау жарыс арқылы
өтпегені. Жүйелі түрде деп сайлаудың белгілі бір мерзімде өткізілуін
айтады.
2. Үкіметтің сайлау арқылы дүниеге келуі. Демократияны қамтамасыз ету
үшін сайлаудың жүйелі түрде жүргізілуі жеткіліксіз. Мысалы, Латын
Америкасында сайлау жиі болып тұрады, бірақ содан кейін көп ұзамай
әскери төңкеріс жасалып, билік басына басқа біреу келіп отырып алады.
Бұл дұрыс емес. Себебі үкімет басына сайлау арқылы келу керек.
3. Демократия жеке тұлғалар мен аз ғана адамдардың да құқығын қорғайды.
Әдетте, демократияға азшылықтың көпшілікке бағынуын айтады. Бірақ ол
аз. Көпшіліктің үкіметі жеке тұлғалар мен аз ғана адамдардың құқығын
қорғағанда ғана демократиялы бола алады.
Демократиялық тәртіп президенттік және парламенттік болып екіге
бөлінеді. Олар туралы келесі тақырыпта арнайы сөз болады.
Антидемократиялық тәртіп тоталитарлық және авторитарлық болып екіге
бөлінеді.
Тоталитарлық (латынның бүтіндей, тұтас, жалпы деген сөзінен) тәртіп
деп өоғам, адам өмірінің барлық салалары тұтасымен мемлекеттік бақылауға
алынған мемлекеттік-саяси құрылымды айтады. Онда өндіріс, экономика,
бұқаралық ақпарат құралдары, білім, мәдениет, адамдардың жеке өмірі және
т.б.-бәрі тегіс бақылаудың астында болады. Азаматтардың конституциялық
құқықтары мен бостандықтарына, демократиялық ұйымдардың жұмыстарына
тыйым салынады, жазалау, қуғын-сүргін күшейеді, террорлық полициялық
бақылау орнайды.
Тотаритарлық тәртіпте жалғыз көпшілік партия қалыптасады. Билікті
сол жүргізеді. Ол партия оған кірген мүшелердің өз еркімен және
демократиялық жолмен ұйымдаспайды. Көсемнің ырқымен, соның
айналасында(Гитлер, Сталин) құрылады.
Ондай қоғамда идеологияның ролі үстемдік етеді. Ол барлық бұқара
ақпарат құралдарын пайдаланады. Солардың күшімен жұртшылықты өз
теориясының ,,шындығына,, сендіруге тырысады. Идеологияны көсем
анықтайды. Ол өз әрекеттерін биік бір арман, мұратқа жету мақсатымен
бүркемелейді.Ол Гитлердің айтқанындай, басқалармен салыстырғанда бір
нәсіл не ұлттың пешенесіне жазылған артықшылығы, Франконың христиандық
қоғамы, Сталиннің бұрмаланған социализм идеялары сияқты болуы мүмкін.
Басқаша ойлауға мүмкіндік бермейді.
Авторитарлық тәртіп деп күштеуге, жеке адамның билігіне
негізделген мемлекеттік-саяси құрылысты айтады. Мұнда атқарушы билік
үстемдік етеді. Парламент жойылмайды, дегенмен, ол кеңесші органға
айналады. Тоталитарлықпен салыстырғанда авторитарлық тәртіпте бірыңғай
идеология, көпшілік партия болмайды. Экономика қатал бақылауға
алынбайды, күштеу әдістері де азырақ қолданылады. Әдетте, ол саяси
процеске белсенді араласатын әскер күшіне сүйенеді. Азаматтар мен
қоғамдық ұйымдардың саяси құқықтары мен бостандықтары шектеледі,
оппозицияға тыйым салынады. Сайланбалы мемлекет органдары азаяды.
Олардың жұмыстары мемлекет басшысының ырқына бейімделеді. Авторитарлық
тәртіпке, мысалы, Пиночет кезіндегі Чилиді, Франко кезіндегі Испанияны,
қазіргі Иорданияны, Индонезияны, Марокко, Кувейтті, Сауд Аравиясын және
т.б. жатқызуға болады. Мұндай тәртіп, әсіресе, Латын Америкасында жиі
кездеседі.
Тоталитарлық және авторитарлық саяси тәртіппен демократиялық
тәртіпке көшу әр елде әр түрлі өтеді. Біз үшін либералдық демократияға
өту қосымша қиындықтар тудырады. Себебі, бізде нарықтық экономика
айтарлықтай қалыптаспаған. Оның үстіне еліміздің саяси мәдениеті әлі
жеткілікті дамымаған. Сондықтан демократиялық жолға түсу ұзақ та күрделі
болмақ.
2.1 Тоталитарлық құрылыстың негізгі белгілері мен түрлері.
Тоталитаризм саяси жүйенің ерекше типі ретінде ХХ ғасырда пайда болған
саяси және қоғамдық құрылыс. Ал тоталитарлық идеяның өзі тоталитарлық
құрылыстан көп бұрын болды. Тоталитаризм термині көне латынның
Totalіtas - деген сөз тұтастық, толық, түгелдей деген мағынаны береді.
Мұны саяси лексикаға 1925 жылы өз қозғалысын сипаттау үшін Муссолини
енгізген. ХХ ғасырдың аяғында Таймс деген ағылшын газеті
тоталитаризмді жағымсыз саяси құбылыс ретінде фашизм деп сипаттап, КСРО-
дағы саяси құбылысты да осыған жатқызған. 30 жылдары тоталитаризм
түсінігін ең алғаш рет ғалымдар арасында неміс философы, Ссаясаттанушы
К. Шмитт пайдаланған. Екінші дүниежүзілік соғыстың қарсаңында АҚШ-та
тоталитарлық мемлекет теориясына арналған арнайы симпозиум өткізілді.
Тоталитаризм теорисы ХХ ғасырдың 40-50 ж.ж. пайда болды Тоталитаризм
мәселесі бойынша алғашқы классикалық теориялық еңбектің авторы Ф.
Хайектің 1944 жылы Құлдыққа қарай жол еңбегі, одан соң 1957 жылы Х.
Арендтің Тоталитаризм бастауы, К.Фридрих пен З. Бзжинскийдің 1956
жылы Тоталитарлық диктатура және автократия деген еңбектері жарық
көрді.
Қазіргі саясаттану ғылымында тоталитаризм теориясы көрнекті орын алып
құрылымды жүйелеу (классификациялау) үшін пайдаланды. Мұның терең
құндылығы сол, ол қоғамның, оның саяси жүйесінің әр түрлі типтерін,
әсіресе, ашық және жабық қоғамдардың түбірлі айырмашылығын түсіну
мүмкіндік береді.
Тоталитаризмді әдетте тұрғын халыққа жанө жақты бақылау жасаушы, үнемі
зорлық пен сүйенуші саяси тәртіп ретінде бейнелейді. Бұл анықтама
тоталитаризмнің басты белгілерін көрсетеді. Бірақ саяси тәртіп
түсінігі тоталитаризмніңтолық мәнін ашу үшін көлемі бойынша өте тар.
Себебі тоталитаризм билікті қалыптастырушы элементтерге кірмейді, бірақ
оның функциясы мен өзгеру аспектілерін қамтиды. Сонымен қатар, қоғамның
жалпы типін, жеке адамның менталитетін, мәдениетін, әлеуметтік және
экономикалық құрылымын т.т. сипаттайды. Тоталитаризм - бұл биліктің
тұтас қоғамды және жеке адамды жан-жақты бақылауы. Бүкіл қоғамдық жүйені
ұжымдық мақсат пен ресми идеологияға бағындырумен сипатталатын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz