Басу формасын дайындау



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
Кіші баспахана жобасы
М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ 4
1 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ 6
1.1 Басу әдісін таңдау 6
1.2 Басу қағазын таңдау 8
1.3 Басу бояуын таңдау 10
1.4. Басу жабдығын таңдау 11
1.4.1 RISO RP 3100 11
1.4.2 RYOBI 520 басу машинасы 15
1.5 Басуға дейінгі процестер бөлімін жобалау 18
1.5.1 Теру процесі 18
1.5.2 Сканер 19
1.5.3 Журналдар мен оқу әдістемелік оқу құралдарын беттеу процестері.
20
1.5.4 Принтер 21
1.6 Басу формасын дайындау 22
1.6.1 Ризографияда басу формасын дайындау 22
1.6.2 RYOBI басу машинасына басу формасын дайындау 24
1.6.3 Монтаждау столы 27
1.6.4 Көшіру рамасы 27
1.6.5 Офсеттік пластиналарды айқындауға арналған процессор 28
Сыммен тігілген өнімдерді дайындаудың технологиялық схемасы 31
Сыммен внакидку тігу 33
Бір бүгіп бүктемелеу 33
1.7.1 Терможелім аппараты 35
1.7.2 Іріктеп жинақтап, тігіп, бүктемелейтін аппарат 36
1.7.3 Бір пышақты кесу машинасы 37
1.8 Материалдар шығынын есептеу 38
1.8.1 Журналға кететін сымның шығынын есептеу 38
1.8.2 Әдістемелік оқу құралын кететін терможелім шығынын есептеу 39
1.8.3 Әдістемелік оқу құралына кететін сымның шығыны 40
1.8.4 Қағазды есептеу 40
1.9 Сапаны бақылау 42
1.10 Көмекші-өндірістік цехтар және өндіріс қызметі 43
Өндірісті басқару аппараты 44
ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ БӨЛІМІ 46
2.1 Еңбекті қорғаудағы ұйымдастыру шаралары 46
2.1.1 Еңбекті қорғау 46
2.2 Еңбек қорғаудағы қауіпсіздік шаралары 47
2.2.1 Қорғаныс шараларын талдау 48
2.2.2 Электр қауіптілігі 48
Еңбек қорғаудағы өндірістік тазалық шаралары 48
2.3.1 Микроклиматтық жағдайлар 49
2.3.2 Жарық 49
2.3.3 Желдеткіш есебі 50
2.3.4 Жерге қосылған қорғанысының есебі. 50
2.4 Еңбек қорғаудағы өртке қарсы шаралары 50
2.5 Айналаны қоршаған ортаны қорғауға арналған шаралар 51
3 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМІ 52
3.1 Жалпы жағдай 52
3.2 Экономикалық есептер 57
3.2.1 Күрделі (бір реттік) шығындар 57
3.2.2 Ағынды үлестірімдер (айлық шығындар) 61
3.2.3 Баға 67
3.2.4 Келтірілген шығындар 68
3.2.5 Бұйымды сату есебінен жылғы кіріс 68
3.2.6. Жылдық жалпы пайда есебі 68
3.2.7 Таза пайда 68
3.2.8 Тиімділік 68
ҚОРЫТЫНДЫ 70
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 71

АНДАТПА

Диплом әдістемелік оқу құралдарын және журнал өнімдерін басып
шығаратын кіші баспахананы жобалауға арналған.
Жобада негізгі, қосалқы цехтар қамтылған:
басуға дейінгі процестер бөлімшесі;
басу цехы;
кітапшалау цехы;
жөндеу механикалық бөлімшесі;
қағаз қоймасы;
материалдар қоймасы.
Диплом жұмысында кіші баспахананың техникалық-экономикалық
көрсеткіштері берілген, еңбекті қорғау жөніндегі шаралар жасалған.
Диплом жобасында түсіндірме жазба мен сызбалар бар.
Түсіндірме жазба – беттен
оның ішінде мәтін – бет
кесте –
сызба –
Диплом жобасының графикалық бөлігі мына төмендегідей сызбамен
келтірілген:
кіші баспахананы жобалау;
жүк тасқыны сызбасы;
тілік сызбасы;
кіші баспахананың аумақтық жоспары;
экономикалық көрсеткіштер.

АННОТАЦИЯ

В дипломе проектируется мини типография по выпуску методичек и
журнальной продукции.
В проекте разработаны основные и вспомогательные цеха:
допечатный участок;
печатный цех;
брошюровочный цех;
ремонтно-механический участок;
склад бумаги;
материальный склад.
В дипломном проекте даны технико-экономические показатели типографии,
разработаны мероприятия по охране труда.
Дипломный проект включает пояснительную записку и чертежи
Пояснительная записка состоит из – страниц
из них текст – страниц
таблицы –
схемы –
Графическая часть дипломного проекта представлено следующими
чертажами:
планировка типографии;
схема грузопотоков;
поперечный разрез типографии;
территориальный план;
экономические показатели.

КІРІСПЕ

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ 63 жылдан астам уақыттан бері әр түрлі мамандарды даярлап
келеді. Осы уақыт ішінде университетіміз тек ТМД елдеріне ғана емес, шет
елдерге де кеңінен белгілі болып, еліміздің техникалық жоғары оқу
орындарының біріне айналды. Университеттен білім алғандардың арасынан
көпшілікке белгілі бірқатар саясаткерлер, министрлер мен ғалымдар шықты.
Осы уақытқа дейін ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Қазақстан
Республикасының маңызды өнеркәсіп, экономика, ғылым және білім салаларына
70 мыңнан астам инженер мамандарды дайындады. Бұл университетте 10 мыңнан
аса студент, 100 – ден аса магистрант, аспирант және ғылыми атаққа
ізденушілер білім алады.
Бір кездегі үлкен Одақтың қабырғасының күйреуі полиграфия, кітап
шығару өндірісіне өзінің әсерін тигізді. Оның ішінде орта, жоғары оқу
орындарына қажетті социальды мәні бар оқулықтар мүлдем шығарылмай, кітап
дүкендерінің сөрелері бос қалды. Бұған себеп, таралымның азаюы,
тиімділіктің төмендеуі сатылуының ұзаққа созылатындығы.
Еліміздің жоғары оқу орындары өз студенттерін оқулықтар, оқу
құралдарымен қамтамасыз ету үшін, шама-шарқынша таралымы аз полиграфиялық
өнімдерін өздері шығаруға кірісіп кетті.
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетінде қазіргі
заман талабына сай, нарықтың көзімен қарап баспа орталығын құру керек.
Мұндағы басты міндет: университетіміздің студенттерін оқулықтар, оқу
құралдарымен қамтамасыз ету. Осындай тағы басқа себептермен Қазақ Ұлттық
Университеті үшін кіші-баспахананы ашудың маңызы өте зор.
Мамандықтарда өтетін жалпы білімдік, техникалық барлық пәндер
бойынша оқулықтар мен оқу құралдарын дайындау, еліміздегі мемлекеттік және
жеке оқу орындарын оқу құралдарымен қамтамасыз ету мәселелерін шешу керек.
Баспа орталығының тіршілігін қамтамасыз ететін полиграфиялық жабдықтарға
жұмсалатын мемлекеттік қаржыны біртіндеп қайтару алдағы тұрған күннің
мәселесі. Бәрі бүгінгі студенттер, ертеңгі еліміздің экономикасын
көтеретін, егеменді Қазақстанның негізін нығайтатын инженерлер үшін жасалып
жатқан шаралар.
Кіші-баспахана термині 90 жылдардың аяғында пайда болды. Көп
жағдайда кіші-баспаханалардың негізі ризография болып табылады және оған
қосымша әр-түрлі басудан кейінгі жабдықтар – табақ жинақтау, кітапшалау,
қағаз кесу машиналары және т.б жатады. Бұндай кіші-баспаханалар аз
таралымды басылым өнімдерін қысқа мерзімде дайындауға арналған.
Ризография аппараттары дыбыссыз, зиянды заттарды бөлмейді. Ал
өнімділігі бойынша офсеттік басу машиналарынан қалыспайды. Ризографпен
жұмыс істеуге арнайы мамандырылған жұмысшы қажет етілмейді. Осындай кіші-
баспаханалар ғылыми жоғары білім салаларына өте қажетті.
Ризограф аппараттары полиграфиялық қызметті жеңілдетті. Оны әр түрлі
кіші және орташа таралымды өнімдерді минимальды қысқа мерзімде басып шығару
үшін кең қолданылады. Ең маңыздысы, өнімділігі жоғары, шығыны аз
ризографтар өзінің даусыз артықшылығын көрсетті. Ризографтар көшірмелік
техникамен аз таралымды офсеттік басу машиналарының арасындағы аралық
жағдайға ие болды.
Түрлі-түсті өнімдерді басуға арналған RYOBI 520 офсеттік басу
машинасының өнімділігі жоғары, үлкен және орташа таралымды көп бояулық
өнімдерді жоғары сапамен минимальды қысқа мерзімде басып шығарады. Көлемі
кіші, басу цехында аз ауданды алады, экологиялық таза және де оны пайдалану
қолайлы.
Тұрақты жетістікке осы басу түрлерінен басқа үздіксіз сапаның
жақсаруы және технологиялық мүмкіндіктердің кеңеюі мынадай фактілерге себеп
болды: жоғары өнімділік, үнемділік, басылымның сапалылығы, сенімділік және
пайдаланудың қарапайымдылығы, экологиялық тазалылығы, сонымен қатар
ризограф және RYOBI негізінде кіші-баспахананы құрудың мүмкіндігі мол.

1 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

Полиграфиялық нарықтың негізгі бір саласы болып аз және орташа
таралымды тапсырыстарды орындайтын кіші-баспахана болып табылады. Өнімнің
сапалы болуы үшін технологиялық процестерді, жабдықтарды, материалдарды
және басу әдісін таңдау керек. Сонымен қатар өнімнің технологиясы, оның
көлеміне, таралымына, бояулығына, қызмет ету мерзіміне және қолдану
жиілігіне байланысты болады.
Мендегі жобаланған кіші-баспаханада журналдар мен әдістемелік оқу
құралдарын, офсеттік әдіспен және трафаретті цифрлы басу әдісімен басып
шығарады. Тағы да басқа түрлі-түсті өнімдерді қажеттілігі бойынша басып
шығаруға болады. Экономикалық көрсеткіштері өндірістің түрін, техникасын,
технологиясын және ұйымның еңбегін анықтайды.
Журнал дегеніміз мерзімді басылымдардың бір түрі, оның тұрақты
көлемі, форматы және аптасына бір рет шығару мерзімі болады.Журналдың
кітаптан айырмашылығы ол мерзімділігі және жылдам өндіріліп дайындалуы,
онда әр түрлі мақалалар кең көлемде жазылады. Менің жұмысымда бұл журнал
бейнелік, төрт бояулы басылым. Бекіту әдісі іріктеп жинақтап, сыммен тігу.
Әдістемелік оқу құралы мерзімді емес басылым өнімі, мұқабамен
қаптауға тағайындалған, аз мерзімге қолдануға болатын өнім. Менің жұмысымда
бұл әдістемелік оқу құралдары бір бояумен басылған, бекіту әдістері: біреуі
тігусіз желімдеу әдісімен бекітілген, екіншісі, сыммен тігіп бекіту
әдісімен бекітілген болып табылады. Бұл әдістемелік оқу құралдарында
студенттерге, аспиранттарға және тағы да басқаларына арналған қажетті
әдістемелік нұсқаулар және технологиялық бөлімдер негізделген.

1.1 Басу әдісін таңдау

Іс-жүзінде бәрінен бұрын басылым әдісін және басу машинасын
тандайды.
Басу әдісін тандаған кезде, олардың сапасы мен өнімдердің өз құны,
дайындау еңбек сыйымдылығы және шығару мерзімі болады.
Қазіргі кездегі полиграфия өнеркәсібінде басудың әр түрлі әдістері
және түрлері бар, бірақ соның ішінде шығыңқы, ойыңқы, жазық офсетті және
трафаретті басылымдар саланың басты техникалық негізін құрады. Басылым
әдісінің әр түрлі қасиеттері мен кемшіліктерін қарастырамыз.
Шығыңқы басылым, таңбадағы бейне түзу, дұрыс болуы үшін формадағы
бейне керісінше болуы қажет. Шығыңқы басу әдісінде көп бояулы өнім басу
кезінде оптикалық тығыздығы біркелкі болмағандықтан, растрлы элементтің
жағылуы бойынша айтарлықтай бұзылуы жүреді.
Ойыңқы басу әдісінде текстің кескіні және бейнелер растрланады.
Басылым элементтері әр түрлі көлемде ойылады, ашық элементтері бір жазықтық
бойында, басылым элементтерінен жоғары жатады. Алынған бейнелер жоғары
қаныққан және ашық болады, сұйық бояулар ойыңқы басу элементтерінен басу
материалына жағылады, сосын арнайы ракель арқылы ашық элементтері алынады.
Осыған байланысты алынған таңбаның оптикалық тығыздығы әр түрлі болады.
Жазық офсеттік басу әдісінде басылым және ашық элементтері бір
жазықтықта жатады. Басу процесінде басу формасының әр бір ашық элементтері
ылғалды қабылдайды, бояуды қабылдамайды. Бұнда майлы бояумен ылғалдау
ерітіндісі араласпайды, офсеттік басылымда басу формасымен басылатын
материалға офсеттік цилиндрдегі резеңке маталы төсем арқылы басады.
Табақты офсеттік басу машинасының бірі RYOBI 520. Бұл офсеттік басу
машинасында түрлі-түсті бейнелері бар журналдар, буклеттер және т.б. көп
бояулық өнімдерді жоғары сапамен басып шығаруға болады. Бұл офсеттік басу
әдісі дүние жүзіне кеңінен таралған.
Ризографияның негізі болып табылатын әдіс: бұл трафаретті басу
әдісі. Трафаретті басылым дегеніміз серпімді ракель көмегімен басу
формасының тесіктері арқылы бояу басылатын материалға қысылу жолымен
беріліп басу таңбасын алу әдісі. Ризография технологиясы трафаретті басылым
әдісіне негізделген, басылым элементтері тордың ашық бөліктері болып
табылады, ал ашық элементтері көшірме қабатымен полимерленген болады.
Қазіргі кезде торды синтетикалық материалдан жасайды. Трафаретті басуда
таңба тұтқыр бояумен ерекшеленеді. Сосын трафаретті басылым үшін мимограф
(грек сөзі mimos) құрылғысын ойлап тапты.
Қазіргі кезде ризографтарды құруда және өндіруде жаңа цифрлы
технологияның пайда болуы керек кезең болды. Жалпы айтқанда цифрлы басылым
технологиясы деп басу құрылғысында берілген сандар арқылы басу таңбасын алу
негізделген. Цифрлық дегеніміз ол бейнелерді көшіру әдісі емес, ол негізгі
түпнұсқаның түріне байланысты ЭВМ көмегімен кодтар құру әдісі. Цифрлы басу
әдістерінің бірі Ризография болып табылады, бұған қатысты цифрлы әдіс
информацияны өңдеп, қағазға бояуды трафаретті әдіспен жағу. Computer-to-
press басу формасы тікелей басу машинасында дайындалады. Осы технология
бойынша жұмыс жасайтын машиналар қазіргі кезде полиграфияда белгілі орын
алады.
Жоғарыда айтылғандарды қамти отырып, біз жобалайтын өнімге
байланысты офсеттік басу әдісін және цифрлы трафаретті басу әдісін
таңдаймыз.

1.2 Басу қағазын таңдау

Таралым басу үшін қолданылатын полиграфиялық материалдардың бірі
қағаз болып табылады. Қағаз дегеніміз – бір-бірімен байланысып өсімдік
талшықтарынан тұратын және бірігу күшімен байланысатын жұқа парақтық
материал. Қағаз дайындау үшін келесі шикізат материалдарын қолданады:
целлюлозалық талшықтар, толықтырғыштар, қосымша байланыстырғыштар,
желімдегіштер.
Келесі кезеңдері талшықты массаны механикалық жолмен алу, талшықты
массаны химиялық жолмен алу, қағаздық массаны дайындау. Сосын қағаздық
массаны желімдеу, толықтырғыштар қосу, түстендіру немесе қағаздың құрамын
бояу жүреді. Толықтырғыштар мөлдір еместілігін, ашықтығын, тегістілігін
және басуға жарамдылығын көтереді, желімдегіш құрамы төзімділігін және
жарылуға, сынуға қарсыласуын жоғарлатады.
Қағаз дайындау процесі қағаздың құрамында су өте көп болады, суды
машина арқылы ажыратады, судан ажыратудан пайда болған ылғал қағазды
престеу бөліміне келеді, бұнда механикалық түрде қалған су сығылады, осы
себептен қағаз тығыздалады және жазылады. Сосын 60 % ылғал бар қағаздар
кептіру камерасына беріледі. Соңғы рет кептіру камерада өтеді. Жоғары
сапалы қағаз дайындауда соңғы кептіру цилиндріне шлихтовка (беткі желімдеу)
секциясы орналасады. Пленка сияқты ерітінді материалы екі ролик арасынан
өтуі арқылы қағаз бетіне жағылады және келесі валиктерден өткенде
қыртыстары жазылады. Бұл жұқа желімдеуші пленка қағаздың бетін жақсартады
және қағаздың беттік қарсыласуын көтереді.
Қағаз алудың қорытынды кезеңі өлшемі бойынша кесу және бумалау.
Басылым қағаздары басу әдістерінің түріне, өнімнің түріне байланысты
бөлінеді. Қағаздар гидрофобты, ылғалға төзімді және деформацияға бейім
болып келеді.
Қағаздар өнімнің түріне қарай кітаптық, журналдық, газеттік,
иллюстриациалық, этикеттік, мұқабалық, картографиялық, форзацтық және т.б
болып бөлінеді. Басу жабдығының түріне байланысты рулондық және парақтық,
қағаздың талшықты құрамына байланысты, матовые, коландрированные, жоғары
коландирленген және борланған болып бөлінеді; және де өнімді бір бетіне
және екі бетіне басу керектілігі бойынша, қағаз бір және екі жақты
борланған болады.
Қағазды таңдау көптеген жағдайларға байланысты: басылымның түріне,
мерзіміне, қызмет ету мерзіміне, басу әдісіне байланысты және т.б
анықталады.
Ризографта қолданылатын қағаздарға қойылатын талаптар төмендегідей:
- Қағаздың шаңдануы минимальды болу керек. Шаңдануы жоғары болса,
ризографтың датчигіне қиындық тудырады, аппаратты жиі тазалап тұру қажет
болады.
- Желімдену дәрежесі орташа немесе минимальды болу керек, борланған
және глянцті қағаздар жарамайды, оларды ризографқа қолданса бояу қағазға
бекімейді. Мөлдір және матовый пленкаларды, синтетикалық қағаздарды мүлдем
қолдануға болмайды.
- Этикеттік және арнайы қағаздарға арнайы сіңдіруші қабат жағылған
болуы тиіс.
- Ризографта қолданатын қағаз, интервалы бойынша салмағы бір метр
квадратта 46 дан 210 гл- ге дейін (кейде бұл көрсеткішті қағаздың
тығыздығы деп атайды). Қалың қағаздарды қолданған кезде қағаздың берілуін
реттеу керек.
- Парақтың қисаюы 0,2 % -тен көп болмау керек. Егер талшық бағыты
бойынша дұрыс болмаса, қағаздың тұрып қалуынан, қабылдау лоткасында
парақтардың бүктелуінен машина жиі тоқтап қалады. Парақтардың мыжылып қалуы
жұқа, жеңіл, жұмсақ және А3 форматында басу кезінде болуы мүмкін.
- Кітап-журнал өнімдерін дайындау кезінде, ризографқа қолданылатын
қағаздар құрамы берік, төзімді болуы тиіс.
RYOBI офсеттік басу машинасында кез-келген қалыңдықтағы басу
материалдарына кең көлемде қалыңдықтағы басу материалдарына кең көлемде көп
бояулық өнімдерді орташа және үлкен таралыммен басып шығаруға болады.
Қағаздың офсеттік басу әдісіне арналған түрлері өте көп. Офсеттік
қағаздардың салмағы 1м² 70 грамнан бастап 300гр-ға дейін болады. Бұл
офсеттік басу машинасында борланған, борланбаған, жылтырлығы жоғары,
жылтыр, металдандырылған, желімдеуші қабаты бар және т.б қағаздарға
өнімдерді баса алады.
Бұл офсеттік басу машинасына қолданылатын қағаздарға қойылатын
талаптар төмендегідей:
- Көп бояулы өнім екі жақты басуға төзімді, берік болуы керек;
- Бүктелген кезде аз деформацияланатын болуы тиіс,
- Қағаздардың сапасы өте жоғары дәрежеде сапалы және ақ болуы тиіс;
- Қағаздың шаңдануы минимальды болуы керек;
- RYOBI офсеттік басу машинасында қолданылатын қағаз салмағы 60 тан 300
г-ға дейін болуы керек;
- Қағаздарды керекті өлшемі бойынша кесілген, араларына ауа кіргізіп
көпсітілген болуы керек.
Басу қағаздарына өнім басар алдында аклиматизация жасау керек.
Қағаздың деформациясын және электролизациясын минимумға келтіру үшін басу
цехта ауаны конденсациялайды және акклиматизациялайды.
Акклиматизация дегеніміз қағаздың температурасын басу цехының
температурасына сәйкестендіру және ауаның ылғалдылығын қағаз қабылдау
керек.

1.3 Басу бояуын таңдау

Полиграфияның материалдарына жататын негізгі материалдың бірі – басу
бояуы. Қағаз бетіне түсетін түрлі кескіндер бояулар арқылы іске асырылады.
Бояуларсыз полиграфиялық өнімдердің болуы мүмкін емес. Бояулардың
қасиеттері қолданылуына байланысты түрлі-түсті болады. Бояу бояушы пигмент
деп аталатын заттан тұрады, ол қатты дисперсияланған түрде, яғни ұсақталған
түрде кездеседі, екінші байланыстырушы сұйық фазадан тұрады. Бояуларға
бұдан да басқа қоспалар қосылуы мүмкін: Пигменттер – бұл ақ, қара, түрлі-
түсті ұнтақтар жай суда ерімейді, химиялық еріткіштерде жақсы ериді. Бұлар
өте майда болған сайын сапасы жоғары болып саналады.
Байланыстырғыштар – бұл сұйық фазадағы зат, негізінен смола шайырдан
және түрлі-түсті еріткіштерден тұрады. Бұл көптеген бояудың құрамын
анықтайды, ол басылым формасына және басылым материалына біртегіс жағылып
бекітіледі.
Бояушы заттар – бояушы заттардың негізгі құрамы түрлі химиялық
қоспалар, олар органикалық пигменттерден, лактардан тұрады, бұл суда еритін
бояғыштар деп аталады.
Бояулар сақтауға қолайлы арнайы тұтқырлығы және жабысқақтығы жоғары
болу керек және таңбаға тез сіңіп, тез кебуі керек, сонымен бірге түстік
қасиеті өзгермейтін болу керек.
- Бояушы заттардың интенсивтілігі жоғары болу керек;
- Байланыстырушы орта сұйық және мөлдір болу керек;
- Сырттан түсетін жарыққа төзімді болу керек;
- Бояушы зат суға және спиртке, толуолға т.б еріткіштерге берік болу
керек;
Ризография бояуына қойылатын үш түрлі талаптарға жауап береді:
экологиялық; технологиялық және экономды.
Технологиялық талапқа; приборлардың құрылымына байланысты және бояудың
қағазға берілуі және бекуі жатады. Бояу мастер пленканың ұсақ тесіктері
арқылы 0,02 мм өлшемдегі полимерлік пленкаға беріледі.
- бояу жүйесі жоғары дисперсті болуы керек;
- бояу тез сіңіп, кеуіп және қағазға бекуі керек;
- бояу мастер-пленкада кеуіп кетпеуі керек.
Ризографта басуға арналып, өндірілген бояу жоғарыдағы талаптарға
сәйкес жауап беруі керек.
Байланыстырушы бояулар эмульсиядан, судан тұратын және өте азғана
глицериннен және пленка кескіндегіштен, мұнайды еріткіш түрінен тұрады.
Осындай жолмен алынған бояу автоқаламға арналған пасталарды еске түсіреді.
Ризографқа арналған бояулар ризографтың моделіне байланысты,
сиымдылығы 0,8 және 1л пластмассалы тубада орналасқан сулы майлы бояулар.
Қара бояудан басқа, бұл түрлі-түсті бояуларды кең көлемде қолданады.
Ризографтың моделіне байланысты 19 стандартты түстерден және 64-ке дейінгі
қосымша түстер, сонымен бірге Pantone қосымша түстер жиынтығы кіреді.
Ризографта өзіне ғана арналған "Riso" фирмасының бояуымен жұмыс істеу
керек.
RYOBI офсеттік басу машинасына арналған бояулар.
RYOBI офсеттік басу машинасына арналған бояу жәшігі MALETON деп
аталады. Бояу жәшігінен басу бояуы айналмалы, жағатын біліктер арқылы
планетарлық басу аппаратындағы формаға беріледі, формадан декельге,
декельден басу материалына өтеді. Бояу басу материалына тез сіңіп тез кебуі
тиіс.
Таралым басуға бояуды таңдағанда, міндетті түрде көп бояулық
өнімдердің түстік сапалы басылуына назар аударылу керек. Түрлі-түсті жоғары
сапалы өнім алу үшін, қосымша қоспа бояуларды қолданады, мысалы Pantone
сериясы.
Pantone бояуы – бір немесе көп бояулы кез-келген ылғалдау жүйесі бар
офсеттік басу машиналарына арналған. Борланған, офсеттік қағаздарға,
қатырмаларға және де басқа басу материалдарына осы бояуды қолдануға болады.
Pantone бояуы негізінде 14 негізгі қоспалар арқылы 1000 –нан аса реңдерді
алуға болады.
Pantone бояуы жоғары дәрежедегі мөлдірлігімен және беку жылдамдығының
жоғарылығымен ерекшеленеді. Pantone бояулары жарыққа төзімді, олар арнайы
банкілерде болады. Сәтсіздіктер болмау үшін Pantone каталогы бойынша
түстерді таңдайды.

1.4. Басу жабдығын таңдау

1.4.1 RISO RP 3100

Басу жабдығын таңдағанда басатын өнічмнің формасына, шығару мерзіміне,
машинаның баяулығына, өндірімділігіне және жабдықтың құрылымына назар
аудару қажет.
Бұл мини-типографияда әдістемелік оқу құралдарын 60х8416 форматпен
шығарады. Таралымы 200 ден – 5000-ға дейін, боялығы 1+1. Бұл өнімді басу
үшін Ризографтың RP 3100 моделін таңдаймыз. Бұл ризография машинасының
негізгі бір артықшылығы үнемділігі және де қоршаған ортаға зиянды заттар
бөлмейді, аз таралым басуға өте қолайлы. Сондықтан аз таралымды оперативті
басылымдар үшін қолданылады.
Ризография (цифрлы, ротоционды, трафареттік басылым) – дәстүрлі
трафареттік басу әдісімен цифрлық технологияны біріктіретін басу әдісі.
Оны жалпы қарастырамыз. Ризографтың жұмысын екі кезеңге бөлуге болады
– басу формасын дайындау және басуға дайындау. Ризографтың ең басты бір
артықшылығы, бұл екі процесте өзінің компакілі құрылымында біріккен.
Басу формасын дайындауда, таралым басуға арналған көшірілген түпнұсқа-
макетті ризографтағы сканерге салады. Сканер арқылы информация цифрланады,
кодталады. Алынған цифрлық информация термоголовкаға, басқару құрылымына
түседі. Осы кезде ризограф автоматты түрде керексіз басу формасын бокске
шығарады да мастер-пленка рулонынан тарқатылып кесіледі. Ары қарай осы
кесінді термобас астынан өтеді, ол сканерленген түпнұсқа-макеттегі
информацияларға сәйкес, формалық материалға ұсақ тесіктерді күйдіріп
жасайды. Осындай жолмен дайындалған басу формасы формалық цилиндрге
бекітіледі. Формалық цилиндрдің құрылысы торлы болады. Оның ішкі қабаты
тубадағы бояумен ылғалданады, сосын тек қана тесіктер бар жерлерден ғана
бояу басу формасына өтеді және айналып тұрған формалық цилиндрдің астынан
өтетін қағазға таңба түседі. Бірінші бақылау таңбасын аламыз. Ризографтың
моделіне және басу форматына байланысты бұл кезең 11-ден 24 секундқа дейін
созылады.
Екінші кезеңде басу процесі жүреді. Қағаз парақтар беруші лоткадан
беретін механизм көмегі арқылы формалық цилиндр мен қысу біліктерінің
арасынан өтеді. Бояу басу формасының тесіктері арқылы қағазға жағылады.
Содан соң басылым басылған парақтар қабылдау лоткасына түседі. Басында,
басу формасына бояу қаныққанша таралымның белгілі бір бөлігі шығындалады.
Мастер-пленкадан дайындалған бір басу формасынан 4000 ға дейінгі сапалы
баспа-таңбасын алуға болады. Тексті түпнұсқалар үшін бір басу формасына 2-3
есе көп баспа-таңбасын алуға болады.
Ризографтың өндірімділігі жоғары. Басу жылдамдығы моделіне байланысты
минутына 60 тан 120 немесе 130 таңбаға дейін. Бұл принтерлерге және көшіру
аппараттарына қарағанда, айтарлықтай көп.
Ризографта көп бояулы өнімдер басуға болады (RP сериясында 19 стандарт
түс қолданады). Ризографтың барлық моделдерінде формалық цилиндрдегі бояуы
бар тубаны ауыстыру жолымен көп бояулы өнім алады (бір тубадағы бояу А4
форматта орташа есеппен 18000 – 36000 баспа-таңбасын жетеді).
Компьютерлік интерфейстер ризографтар үшін дербес компьютермен
ризографты тікелей қосуға қызмет етеді. Интерфейс арқылы ризографты
компьютерге қосу басылым сапасын жоғарылатып, өзгеріссіз дәл қалпында
шығару құрылғысына келіп түсіреді.
Компьютерден таралымның көлемі, басылымның негізі және жылдамдығы
беріледі. Сонымен бірге ағымдағы басылым жағдайы тез арада экранға
шығарылады. Бір документті басып болғанша, компьютерде келесісі өңделеді.
Аз уақыт ішінде документті құру және жасауға толығымен компьютер қызмет
жасайды, сосын компьютер бұйрығымен керекті таралымдарды басу басталады.
RISIONIKC 3 интерфейсі қосылған әрбір ризограф оның көмегімен
суреттерді, фотосуреттерді, аралас мәтіндік және бейнелік информацияларды
өңдеудің ең жақсы алгоритімін автоматты түрде таңдайды. Интерфейсі бар
ризографтың жадында жиі қолданатын файлдарды және түпнұсқаларды, мысалы
ұйымның фирмалық бланкілерін, логотиптерді, формулярларды, нұсқауларды және
тағы басқа өзгертпелерді сақтауға болады.

Ризографты жұмысқа дайындау және негізгі операциялар
Бастапқы түпнұсқа ретінде толығымен дайындалған (бетті беттеу,
лазерлік принтерден қағазға енгізу және беттерді орналастырып түзету)
репродукциялық түпнұсқа-макет қолданады. Форматты және кез-келген
құрамдағы (297 х 420 мм) түпнұсқа А3 қағаз құрамы технологиялық нұсқауларға
сәйкестендірілген.
Беттерді дұрыс орналастыру екі жақын, көршілес беттерге коллондцифр
қосумен бақыланады, олардың қосындысы әрқашанда бірінші және соңғы
беттердегі колондцифр қосындысына тең, тақ беттің жанында әрдайым жұп бет
тұрады. Түпнұсқа-макетте баспагердің белгілері, кесуге және бүктемелеуге
белгілері қойылуы керек.
Ризографты жұмысқа дайындағанда келесі операциялар жүреді:
түпнұсқаларды сканерлеуге дайындау, қағаз беру және қабылдау лоткаларын
дайындау, түпнұсқа-макетті түпнұсқа түріне байланысты өңдеу режимін таңда
у. Басу режимі - ризографтың басқару панелінде орналастырылған.
Басқару панелі негізгі дисплейден және клавиш толы қатарлардан тұрады.
Басқару панелінің бар болуы, сканерлеуден бастап басу таңбасын алғанға
дейінгі барлық процестерді үнемі бақылап тұруды іске асыруға мүмкіндік
береді.


М о д е л і RP 3100
Сканер түрі Планшеттік
Басу жылдамдығы, көшірме минутына 5 сатылы: 60-130
Бірінші басу таңбасы, сек 11 секунд (А4)
Сканердің ажырату қабілеттілігі, dpi300 х 400
Түпнұсқаның форматы, мм 50 х 90 – 297 х 420
Қағаз форматы, мм 90 х 140 – 297 х 420
Қағаз тығыздығы, гм² 46 - 210
Басу беті бойынша, мм 290 х 412
(А3 барабаны үшін)
Лотканың сиымдылығы:
Қағаз беру, парақ 1000
Қағаз қабылдау, парақ 1000
Масштабы, % 50 – 200
Азаюы, % 4 саты: 87 , 82, 72, 61
Көбеюі, % 4 саты: 116 , 122 , 141, 163
Қажетті электр қуаты, V, Гц, А 220 – 240, 5060, 2,2
Габариті, мм 1320 х 695 х 660
(ені х биіктігі х ұзындығы)

- кесте RISO Ризография басу машинасының техникалық
сипаттамасы

1.4.2 RYOBI 520 басу машинасы

RYOBI 520 басу машинасы көп бояулық өнімдерді басуға арналған. Көп
бояулық өнімдерді орташа және үлкен таралыммен әр түрдегі басу
материалдарына (борланған, борланбаған, жылтырланған, жылтырлығы жоғары,
металдандырылған, желімдеуші қабаты бар қағаздарға) кез-келген қалыңдықтағы
басу машинасында басу материалдарын кең көлемде басып шығарады. Екі бояулық
басу машинасында 5 цилиндрлі планетарлық құрылымды екі есе үлкен басу
цилиндірі бар.
RYOBI 520 басу машинасы жоғары дәрежеде автоматтандырылған, бір
планетарлық басу секциясынан тұрады. Өзі бергіш столдан пневматикалық басу
аппаратынан бояу аппаратынан, ылғалдау аппаратынан, табақ өткізу және
шығару құрылысынан, қабылдау үстелінен, кептіру құрылғысынан, электр
көмегімен қысымды реттеу құрылғысынан тағы да басқа бірнеше бақылау –
блоктау құрылғыларынан тұрады.
RYOBI 520 басу машинасының өнімділігі сағатына 10 000 және 15 000
басу таңбасын өндіреді.
Бұл машинада басу аппаратын дайындау: планетарлық басу аппаратында екі
формалық цилиндр екі офсеттік цилиндр, бір басу цилиндрі болады. Басу
аппаратын дайындау қажетті болған жағдайда офсеттік цилиндрға декель
немесе резина маталы пластина кигізуден басталады. Кигізіп болған соң басу
аппаратындағы басқа да цилиндрларды жұмыс күйіне дайындайды. Формалық
цилиндрге форма кигізіп, ауыстыруын автоматтты түрде орындайды. Басылым
цилиндрінің беті берік хромдалған болады, олар тозуға төзімді, өте жақсы
жуылады, сонымен қатар басқа еріткіштерді қабылдамайды. Жұмыс барысында
формалық цилиндрдегі форманы, офсеттік цилиндрдегі декельді арнайы
ерітінділермен сүртіп тазалап отырады. Басылым аппаратының қысымын
реттейді, басу секцияларындағы формалық, офсеттік және басылым цилиндрлерін
жуу құрылғысы көмегімен тазаланады.
Бояу аппаратын дайындау: жетілдірілген бояу жәшігі MOLLETON деп
аталады. Иллюстрациялық түпнұсқаның түсіне және басылым өнімінің
сипаттамасына, басу машинасының түріне және таралым басу режиміне, басылым
қағазы, басылым формасына сонымен қатар дайын басылым өнімінің қолдану
жағдайына сәйкес басылым бояуын анықталған номірмен полиграфиялық өндірісте
таңдайды. Офсеттік басу машинасына Pantone бояуын таңдауға болады. Көп
бояулы басылым өнімдерін басқан кезде түрлі-түсті бояулар қоспасын
қолдануға тура келеді. Бояуды басуға дайындауды полиграфиялық өндірістік
бөлімінде жүргізеді.
Бояу аппаратының біліктері мен цилиндрлерін жұмысқа дайындау барысында
біліктер мен цилиндрлерді өз ұяшықтары бойынша орналасуын қадағалау қажет,
бояу жәшігіне бояу салынған соң бояудың дұрыс жағылуын қадағалап бояу
беруді реттейміз.
Ылғалдау аппаратын дайындау: ылғалдау аппаратының мақсаты ылғалды
жұқа қабатпен басылым қабатына беру. Ылғалдау аппаратын дайындап, тазалап,
ылғал беретін және айналмалы біліктерді реттеу керек. Ылғалдау
ерітіндісінің форманың ашық элементтеріне орналасуы оның рН табиғи металдың
құрамына тәуелді. Форманың ашық элементтеріне ерітінді жұқа біртегіс пленка
түрінде жақсы жағылуы тиіс, оның қажетті гидрофилділігін ұстау керек, түсі
болмау керек. RYOBI 520 басу машинасындағы ылғалдау аппаратын RYOBI –
MATIC деп атайды.
Кептіру құрылысы: RYOBI 520 басу машинасы кептіру концепция
бағдарламасына кіретін ультрафиалетті кептіру және жылы ауамен кептіруді
қамтиды.
Машинаны дайындау операциялары аяқталғаннан кейін, формаға ылғал беру
мен бояу берудің керекті режимін реттеу керек.
Таралымдарды басу үшін баспагер машинаны ретке келтіріп, мынандай
жұмыстарды орындау қажет:
- Жұмыс орнын дайындау, қажет ерітінділермен қамтамасыз ету;
- Басу аппаратын дайындау, басу формасын өңдеу;
- Бояу аппаратын дайындау;
- Ылғалдау аппаратын дайындау;
- Қағазды және қағаз өткізу жүйесін даярлау;
- Өзі беретін столы қағазбен жабдықтау, қағаз қабылдау жүйесін ретке
келтіру;
- Автоматты түрде бақылау және реттеу;
- Бақылау данасын алу;
- Таралым басуға қол қою;
- Таралым басу.

– кесте RYOBI басу машинасының техникалық сипаттамасы

Параметрі RYOBI 520
Қағаздың максимум форматы, мм 485 х 660
Қағаздың минимум форматы, мм 330 х 330
Басудың максимум форматы, мм 475 х 650
Материал қалыңдығы, мм 0,45
Өнімділігі (махмин) 130003000
Өзі бергіш стапельдің биіктігі, мм 550
Қабылдайтын стапельдің биіктігі, мм 400 (430)
Басу қағазының мөлшері, мм 510х400
Бояу аппараттындағы білік саны 17
Айналмалы біліктер саны 4
Ылғалдайтын біліктер саны 41
Габариттік өлшемдері 177511201570
ұзындығы, ені, биіктігі, мм
Салмағы, кг 2000

1.5 Басуға дейінгі процестер бөлімін жобалау

Басылымды дайындаудың ең негізгі кезеңі басуға дейінгі процестер
бөлімін жобалау. Полиграфиялық дайын өнімнің сапалы болуы осы процестердің
дұрыс жүруіне байланысты.
Бұл бөліміндегі басуға дейінгі процестерге жататыны – түпнұсқаны
өңдеу (теру, енгізу, беттеу және т.б.) және өнім басуға арналған форма
жасау. Ары қарай түпнұсқаны дайындаудан бастап, басу формасын шығарғанға
дейінгі процестерді жеке-жеке қарастырамыз

1.5.1 Теру процесі

Полиграфиялық кәсіпорында мәтіндік басылым өнімін шығару үшін теру
процесі кеңінен қолданылады. Қолдан жазылған жазбаларды немесе мәтіндерді
өңдеу керек. Мәтінді дегеніміз - кәдімгі символдармен терілген (әріптер,
сандар, тыныс белгілері және т.б) сөздерден тұратын, қағазға басылған теру
процесі. Теру дегеніміз – мәтіндік басу формасын немесе бейнелік форманы
жеке таңбалардан, сызықтардан және ашық элементтерден қалыптастыру процесін
айтады.
Автоматталған жұмыс орнымен қолданылатын баспа өнімінің өңдеуін
технологиялық процестің алдында мәтіндік және бейнелік файл құрастырады,
мәтіндік файлды арнайы бағдарлама қолданып дайындайды. Оған мәтіндік
редакторлар жатады.
Мәтінді бірдей көлеммен, бірдей өлшемде тереді. Мәтіндермен жұмыс
жасауда компьютерлердің маңызы зор.
Теру бөлімінде компьютерлік техника қолданумен байланысты басылымды
өңдеудің негізгі кезеңдері:
- Мәтіндік және бейнелік файлды құру;
- Мәтіндік және бейнелік редакторларды қолданып, мәтіндік және
бейнелік ақпаратты енгізу;
- Жазылған файлды түзету, редакторлау;
- Жасалған файлды форматтау;
- Файлды принтерге немесе фототерілім автоматқа шығару үшін дайындау;
- Принтердің типін қою, өлшемін және табақ қағазының бағдарын істеу;
- Беттерді макеттеу үшін эскизді видео мониторда жасау;
- Беттеу жүйесіне текстік және бейнелік материалдарды импорттау;
- Мәтіндік және бейнелік фрагменттерді форматтау;
- Ризографқа, компьютерден басылым формасына дейінгі әдіспен шығару
және компьютерден басу қағазына дейінгі әдіспен шығару.
Компьютерге информация енгізу құрылғылары. Пернелік тақта-ЭЕМ-ге
мәлімет енгізетін ең негізгі құрылғы болып саналады, ол арқылы мәтіндік
информацияны теріп, әр түрлі командалар енгізіп орындауға болады. Пернелер
стандартты пернелер жиынтығынан тұрады, олар белгілі бір тәртіппен
орналасып, мынандай топтарға жіктеледі:
- Әріптік-цифрлық және таңбалық пернелер, қазақ, орыс, латын, ағылшын
әріптері, сандар, тыныс белгілері, арифметикалық, логикалық және т.б
символдар;
- Функционалдық пернелер F1-F12;
- Әр түрлі қызмет атқаратын пернелер, Insert, Delet, Enter, Shift,
Ctrl, Caps Lock, Tab, символдар +, -, *, және т.б тәрізді пернелер;
- Бағыттауыш тіл сызық пернелер.
Тышқан (тышқан тәрізді қол тетік). Пернелерге ұқсас, ЭЕМ-ді басқаруға
арналған. Бұл тегіс үстел бетімен жылдам жылжи алатын, қажет болғанда оның
екі-үш бастырмасының бірін баса отырып, белгілі-бір әрекетті орындауға
болатын қолмен басқарылатын кішкене тетік.

1.5.2 Сканер

Қағазға жазылған кез-келген мәліметтердің түрін (бейне, текст, сызба)
оптикалық негізге сүйене отырып компьютерге жылдам енгізе алатын құрылғы
сканерлердің ішіндегі ең атақты сканер – UMAX POWER LOOK. Бұл сканер
негативтерді, слайдтарды, суреттерді және полиграфиялық растрланған сонымен
қатар кез-келген үш шамадағы RGB, CMUK сияқты нәрселерді автоматты түрде
сканерлей алады.
POWER LOOK сканерін бағдарламамен қамтамасыз етуді сканерлеу
процесімен шебер басқаруға болады. Жарықтануын, контрастылығын, ақ және
қара нүктелер сияқты параметрлерін қондыру қолмен немесе автоматты түрде
жүргізіледі.
Сканерлерді үстел үстіне қойып жұмыс жасайды, ол қуаты 32Вт, ССД
лампасымен арнайы жабдықталған, өткізілген және шағылысқан жарықпен жұмыс
істейді. Кез келген қалыңдықтағы мөлдір емес түпнұсқалар үшін өту
тереңдігі 5 мм-ді құрайды. UMAX POWER LOOK сканерінің өнімділігі басқа
сканерлер арасында басты орынға ие. Бұл сканер тұрақты дәлдікпен, сапасына
және түсіне қатысты тура сканерлеумен қамтамасыз ете алады. Бүкіл түпнұсқа
ауданы бойынша сканердің оптикалық максимум тығыздығы 1200 х 2400 dpi.
Түсті сканерлеу жылдамдығы 14,4 м сексызық құрады. Бұл сканерді
баспаханада, мини-типографияларда кеңінен қолдануға болады.


Моделі POWER LOOK 1100
Максимум оптикалық нүктесі dpi 1200 х 2400
Интерполяция, dpi 9600 х 9600
Сканерлеу ауданы, мм 216 х 297
Д max 3,4 Д
Слайд модулі Сыртқы
Түс тереңдігі, бит 42

- кесте Сканердің техникалық сипаттамасы

1.5.3 Журналдар мен оқу әдістемелік оқу құралдарын беттеу процестері.

Беттеу – бұл басылым формасын даярлаудың негізгі бір операциясы. Осы
операцияға кіретіні журнал және кітапшалардың беттеріндегі алдын-ала
терілген негізгі және қосымша элементтерді бір форматқа беттеп жинақтау.
Мәтіндерді, кестелерді, формулаларды, бейнелі материалдардың
аттарын, басылымды өңдеуінің сапасына байланысты беттеп жинақтайды.
Әрбір басылымның беттеу түрлерінің ерекшелігі бар терілім процестерін
беттеу технологиялық нұсқау ережесі бойынша жасайды. Журнал басылымының
беттеу мінездемесі беттің күрделілігіне бейнелік, мәтіндік элементтеріне
байланысты. Ал қарапайым мәтіндік басылымның беттерін беттеу жалпы
мәтіндіден және көмекші элементтерден тұрады.
Беттеудің сапасына қойылытын талаптар:
- Беттеуді ереже бойынша техникалық нұсқауларға қарап істеу керек;
- Толық полосалардың биіктігі, негізгі текстердегі жолдардың саны
бірдей болуы керек. Кестелер, формулалар болса жолдарды санап, оларды
орнына орналастыру қажет;
- Беттеу жолдарының жұп және тақ беттеріндегі жолдар бір-бірімен
сәйкес болуы керек;
- Беттеу полосалары стандартқа сәйкес төрт бұрышты болуы керек.

1.5.4 Принтер

Принтер PHASER 750 мәтіндік және бейнелік мәліметтерді компьютердің
жедел жадынан қағазға басып шығаруға арналған баспа құрылғысы. Ол рулон
қағаз түрінде де, парақ қағаз түрінде де бола береді. Принтердің негізгі
артықшылығы – кез келген символдар мен бейнелерді қаныққан сапалы түрде
басып шығара алады. Принтердің оптикалық тығыздығы 1200 х 1200 dpi, бұл
түрлі-түсті басылым басуда жарықтылықпен және лазерлік дәлдікпен қамтамасыз
етеді. Автоматтандырылған Tek color түстік коррекциясы әр бір беттегі
барлық бөлшектердегі түсті оптимизациялайды.
Процессор қуаты 200 МГц, оның өндіруінің жоғарғы жылдамдығы минутына
ақ-қара басылым үшін 16 бет, ал түрлі-түсті басылым үшін минутына 5 бет
басып шығарады. Ал, автоматтандырылған екі жағынан да басатын секциясы
уақытты және ақшаны үнемдеуге көмектеседі. PHASER 750 принтерінде таралымы
30 дана түрлі-түсті өнімді басуға болады.

Максимум ажырату Ақ-қара басу 1200 dpi
қабілеттілігі Түрлі-түсті басу 600 dpi
Жады көлемі ОЗУ станд. (макс) 64 МБ (128 МБ)
Сырты қатты диск Қосымша
(4,5 Гб)
RTSC- процессоры 20 МГц
Басу жылдамдығы Ақ-қара басу 16 бет мин
Түрлі-түсті басу 5 бет мин
Интерфейстері 10100 Base T станд
Екі бағытты параллельді станд
USB станд
Габариті, мм 507 х 464 х 501
Салмағы, кг 43

- кесте. Принтердің техникалық сипаттамасы

1.6 Басу формасын дайындау

1.6.1 Ризографияда басу формасын дайындау

Басу формасын сапалы дайындау басылымның сапалы болуына әсерін
тигізеді. Бұдан да басқа басу формасын дайындау ықпалдылығы және жылдамдығы
машиналардың барлық жұмысына әсер етеді. Сондықтан "Riso" фирмасы басу
формасын тиімді дайындау процестерін және ең жақсы фирмалық материалдар
өндіруге айрықша көңіл бөледі.
Басу формасын дайындаудың бастапқы кезеңінде түпнұсқа сканерленеді,
алынған ақпарат цифрлық формаға өзгертіледі. Бейнені өңдеу процессоры
оптикалық сканерлеу жүйесінен, фотоэлектрлік элементтерден және сигналдарды
өзгерту жүйесінен тұрады. Сканер жүйесінің оптикалық өлшемі, сканер
өлшемімен анықталады. Ризографтағы сканердің соңғы сериясы 256 жартылай
реңді сұр түсті айырады және ажырату қабілеттілігі дюймына 600 нүктеге
дейін цифрлық сигналдарға өзгерген информация сканер арқылы термобасқа
беріледі.
Термобастың негізгі тапсырмасы бұл сканерден алынған цифрлық
сигналдарға қатысты формалық материалға шағын тиісті тесіктер жасау,
алынған цифрлық сигналдар, термосезгіш мастер-пленкаға түпнұсқаға
сәйкестендірілген перфорация жасайды.
Басар алдында формалық цилиндрде басу формасының бар болуын тексеру
датчик көмегі арқылы іске асырылады. Егер цилиндрде форма жоқ болса, онда
басқару панеліне бұл қателіктің себебі негізінде нәтижесі шығады да басу
процесі тоқтатылады.
Басу таңбасы сапалы алу үшін басылым формасына бояу берілу жүйесі ең
маңыздысы болып табылады. Бұл жүйенің құрамына, бояуы бар туба, бояу насосы
және айналмалы білік жанында орналасқан бояу беру білігіне бояу беру
жатады. Айналмалы білік бояу бөлігін алып, оны формалық, цилиндрдің ішкі
бетіне береді. Бұл бет темір тордан жасалынған. Сұйық бояу осы арқылы
өтіп, формалық цилиндрдің сыртқы беті бойынша талшықты қабат басу формасына
сінеді. Сосын формалық цилиндрдегі басу формасына термобас жасаған тордың
тесіктері арқылы бояудың қысылуы жүреді. Нәтижесінде осы бояу басу
материалына келіп түседі.
Цилиндрден жұмыс жасап болған басу формасын алу процесінде, босату
рычагі форманы қысқыш пластикадан босатады, біліктер мен формалық
цилиндрдің айналу процесінде басу формасы алынып қабылдау боксіне түседі.
Бокс толып кеткен кезде ондағы форма пресстеу пластикасына түсуге мүмкіндік
бермейді.
Басу формасын жүктемелеу – оны торлы формалық цилиндрге тартудан
басталады. Формалық цилиндрді айналдыру кезінде цилиндрді басу формасымен
орайды. Формалық цилиндрге басу формасының дұрыс орналасуын датчик
бақылайды. Информацияларды термобас операциясымен жазуды аяқтағаннан соң
пышақ формалық материалдың берілген өлшеміне байланысты кеседі.
Ризографтағы формалық материал – мастер-пленка
Ризограф цифрлы трафаретті ротоционды басу машинасы болып табылады.
Трафареттік басу әдісі жүз жылдан бері белгілі, бұны қолдануда көптеген
қиындықтар болды, осы өндіріс мейлінше қиын және лас. Негізгі қиындықтардың
бірі – басу формасында ұсақ бөлшектерді дәл өндіріп дайындау.
Жазық торда форма дайындаумен бірге Эдисон балауызбен жабылған
талшықты қағаз парақ түріндегі басу форма тартылған торлы барабанды ұсынды.
Бояу өтетін жерлерді инемен жіңішке тесіктер жасады. Алғашқы формалар 200-
300 таңбаға дейін басуға төзді.
Басу процесінің жылдамдығын және дәлдігін көтеру үшін электрөткізгіш
жабылған форманы дайындайды. Бұған электрлік ұшқынмен тесіктерді
күйдіретін арнайы электрлік - көшіру аппаратын қолданады. А3 форматына басу
үшін 5-16 минут дайындалады.
Екі қабатты лавсанды пленкалар сияқты форма, лазерлік қондырғымен
күйдіру арқылы дайындалады. Күйдіру уақыты 1-2 минутқа қысқарады. Формалық
материалдың мүлтіксіз бекуінің орындалуы жұмысшылардың мамандығын және
еңбек сыйымдылығын көтерді.
Сосын басу формасын дайындау технологиясында, жұқа пленкалық қабат пен
талшықты қағаз түріндегі астарды біріктірді, ал тесіктерді ризогарафтың
өзінде-ақ күйдіре бастады.
Мастер-пленка ризографта әртүрлі көлемде, басылым форматына байланысты
және аппараттың моделіне байланысты рулон түріндегі қондырымды
термопленкадан бір басу формасын дайындау үшін керекті формалық материалды
кеседі. Рулон көлемі "кадрде" өлшенеді.
Ризографтағы формалық материалға қойылатын талап қазіргі кездегі
мастер-пленканы қолдану ерекшеліктері келісілгендегідей. Басу формасының
таралым төзімділігі минимальды 4000 дана (қиын емес түпнұсқада 15 000
таңбаға дейінгі таралым алуға болады).
Басу формасын дайындау уақыты, бірінші таңба дайындау сигнал
бергеннен кейін – 11 ден 24 секундқа дейін.
Басу формасының бояу сыйымдылығы тұрақты. Ризографияға арналған мастер-
пленка 3 қабаттан тұрады:
А) берік, бірақ ұсақ тесікті қабат қағаз түріндегі төсем
желімделінбеген және толықтырғыштарсыз;
Б) адгезиялық қабат, қағаз төсемінің беткі қабатымен бекітілген;
В) жоғарғы, жұқа полимерлік қабат.
Мастер-пленка форма цилиндрінің торына тығыз жабысып, бүкіл беті
бойынша, ені және ұзындығы бойынша біркелкі тартылуы керек. Мастер-пленка
құратын үш қабатқа сипаттама.
Адгезиялық қабат пленкалы-полимерлі қабатпен қағаз негізін жеткілікті
біріктіруі керек. Бұнда пленкадағы тесіктер күйдірілген соң, полимерлік
қабаты бояуды өткізуі керек және пленкамен бірге күйдірілуі керек.
Пленкалық қабат термиялық әсерге анизотропты құрамына ие болу керек.
Полимердің құрамы басу кезінде минимум 4000 дана таңба алғанға төзімді болу
керек.
Қағаздың қабаты басылым формасы арқылы бояудың қағазға берілуін
қамтамасыз етуі керек. Басылым формасы арқылы бояудың қағазға біркелкі
берілуі барлық басылатын парақтар бойынша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кітап басу
Полиграфиялық кәсіпорынды жобалау технологиясы
Мерзімді басылым - журнал өнімін шығаратын баспахана
Жоғары көркем әдеби басылымдарды шығаратын баспахана жобалау
Corel Draw графикалық редактор
Баспа және баспахана. Полиграфиялық материалдар
Ұялы телефон дүкен администраторының жұмысын автоматтандыру жүйесін құру
Өндірістік цех ауданын есептеу
Мәліметтер базасымен жұмыс істеуге арналған құрал
Delphi программалау ортасы
Пәндер