Шағын кәсіпкерлікті талдау
Жоспар
Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . 3
I. Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардың кәсіпкерлік қызметін
басқару
1.1 Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері. . . . . . . . . . . . 5
1.2 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің түрлері, олардың
өзара қатынастары және бизнеске қатысудағы өзгешеліктері . . . . . . .8
1.3 Кәсіпорын . басқарудың жүйелік объектісі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10
II. Қазақстан Республикасының кәсіпорындар шаруашылық қызметінің
негіздері және ұйымдастыру нысандары
2.1 Нарықтық жағдайда кәсіпорындар шаруашылық қызметінің
ерекшеліктері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . .16
2.2 Кәсіпорынның ұйымдастыру нысандарының түрлері . . . . . . . . . . . . .19
ІІІ. Шағын кәсіпкерлік . нарықтық экономиканың өзегі және шағын
кәсіпкерліктің дамуы
3.1 Шағын кәсіпкерлік . нарықтық экономиканың өзегі ... ... ... ... ... .22
3.2 Шағын кәсіпкерлік . ұлттық экономиканы дамытудың маңызды
шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
3.3 Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің дамуы ... ... ..28
Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .33
Қолданылған әдебиеттер тізімі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . 35

Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екенін республиканың тәуелсіздігінің 15 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді.
Нарықтық экономика жағдайында қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны – бұл кәсіпкерлік, соның ішінде шағын кәсіпкерлік болып табылады. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріп, қызмет көрсетілуі тиіс. Өйткені, кәсіпорында ең білікті мамандар жинақталады. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі. Кәсіпорында өндірісті және өнімді сатуға кететін шығындарды мейлінше азайтуға қол жеткізеді. Сол сияқты бизнес – жоспарлар әзірленеді, маркетинг қолданылады және тиімді басқару жүйесі – менеджмент іске асырылады.
Мұның барлығы терең экономикалық білімді қажет етеді. Қазіргі нарықтық жағдайда тек мынадай ғана кәсіпорын өміршең бола алады, егер де ол нарық талабын аса сауаттылықпен және компоненттілікпен анықтайтын, өнімдерді өндіруді табыспен, ең соңында, көп пайданы табуды қамтамасыз ететін болса.
Қайбір шағын кәсіпорын болмасын өзінен – өзі тіршілік ете алмайды, ол жалпы экономикамен тығыз байланысты, бірінші жағынан – өндіріс факторлар нарығы, екінші жағынан – өткізу нарығы арқылы. Сондықтан да кәсіпорын экономикасы жеке кәсіпорындардың басқа шаруашылық құрылымдарымен қатынасатын нарықпен зерделеуге болады.
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің тиімділігі мен дамуы» болып табылады. Бұл негізінен қазіргі таңда республикамызда дамып келе жатырған өндіріс саласы. Осы курстық жұмысым екі бөлімнен және әр бөлім үш тараудан тұрады. Бірінші бөлім – Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардың кәсіпкерлік

. А. Қ. Мейірбеков, Қ. Ә. Әлімбетов « Кәсіпорын экономикасы »
Алматы « Экономика » 2003
2. А. Темірбаев, О. Қалдыбаев « Экономика предприятия »
Алматы « Санат » 1997
3. Д. Л. Қуатова « Кәсіпорын экономикасы »
Алматы « Экономика » 2006
4. К. Ш. Дүйсенбаев, Э. Т. Төлегенов, Ж. Г. Жұмағалиева
« Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау »
Алматы « Экономика » 2001
5. О. Сәбден, А. Тоқтасынова « Шағын кәсіпкерлікті басқару »
Алматы « Білім » 2002
6. Қ. Белгібаев « Экономикалық теория » ІІ – бөлім
Алматы 2006
7. «Қазақстан Республикасының шағын кәсіпорындарының қызметі»
Статистикалық жинақ 2000 – 2004
Алматы 2005

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . 3
I. Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардың кәсіпкерлік қызметін
басқару
1.1 Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері. . . . . .
. . . . . . 5
1.2 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің түрлері, олардың
өзара қатынастары және бизнеске қатысудағы өзгешеліктері . . .
. . . .8
1.3 Кәсіпорын – басқарудың жүйелік объектісі. . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . 10
II. Қазақстан Республикасының кәсіпорындар шаруашылық қызметінің
негіздері және ұйымдастыру нысандары
2.1 Нарықтық жағдайда кәсіпорындар шаруашылық қызметінің
ерекшеліктері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . .16
2.2 Кәсіпорынның ұйымдастыру нысандарының түрлері . . . . . . . . .
. . . .19
ІІІ. Шағын кәсіпкерлік – нарықтық экономиканың өзегі және шағын
кәсіпкерліктің дамуы
3.1 Шағын кәсіпкерлік – нарықтық экономиканың өзегі ... ... ... ... ... .22
3.2 Шағын кәсіпкерлік – ұлттық экономиканы дамытудың маңызды
шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
3.3 Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің дамуы ... ... ..28
Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . .33
Қолданылған әдебиеттер тізімі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . .. . . . . . 35
Кіріспе
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін
ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екенін
республиканың тәуелсіздігінің 15 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе
дәлелдейді.
Нарықтық экономика жағдайында қызметтің барлық экономикадағы негізгі
буыны – бұл кәсіпкерлік, соның ішінде шағын кәсіпкерлік болып табылады.
Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріп, қызмет
көрсетілуі тиіс. Өйткені, кәсіпорында ең білікті мамандар жинақталады.
Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен
технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі. Кәсіпорында
өндірісті және өнімді сатуға кететін шығындарды мейлінше азайтуға қол
жеткізеді. Сол сияқты бизнес – жоспарлар әзірленеді, маркетинг қолданылады
және тиімді басқару жүйесі – менеджмент іске асырылады.
Мұның барлығы терең экономикалық білімді қажет етеді. Қазіргі
нарықтық жағдайда тек мынадай ғана кәсіпорын өміршең бола алады, егер де ол
нарық талабын аса сауаттылықпен және компоненттілікпен анықтайтын,
өнімдерді өндіруді табыспен, ең соңында, көп пайданы табуды қамтамасыз
ететін болса.
Қайбір шағын кәсіпорын болмасын өзінен – өзі тіршілік ете алмайды,
ол жалпы экономикамен тығыз байланысты, бірінші жағынан – өндіріс факторлар
нарығы, екінші жағынан – өткізу нарығы арқылы. Сондықтан да кәсіпорын
экономикасы жеке кәсіпорындардың басқа шаруашылық құрылымдарымен
қатынасатын нарықпен зерделеуге болады.
Менің курстық жұмысымның тақырыбы Қазақстан Республикасындағы
шағын кәсіпкерліктің тиімділігі мен дамуы болып табылады. Бұл негізінен
қазіргі таңда республикамызда дамып келе жатырған өндіріс саласы. Осы
курстық жұмысым екі бөлімнен және әр бөлім үш тараудан тұрады. Бірінші
бөлім – Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардың кәсіпкерлік қызметін
басқару болса, ал екінші бөлімі – Қазақстан Республикасының кәсіпорындар
шаруашылық қызметінің негіздері және кәсіпкерліктің дамуы деп аталады.
Курстық жұмыста негізінен қарастырылған мәселелер кәсіпкерлік қызметтің
түрлері, мәні және кәсіпкерлік қызметтің негізгі ерекшеліктері. Сонымен
қатар, Қазақстандағы нарық жағдайындағы кәсіпорындарды ұйымдастыру
нысандары мен ұлттық экономиканы дамытудағы шағын кәсіпкерліктің маңызы.
Сонымен, курстық жұмыстың басты мақсаты – Қазақстан
Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің мәнін, қызметін және ұйымдастыру
нысандарының түрлерін зерттеу. Ал, курстық жұмыстың өзектілігі –
экономикалық дамуындағы шағын кәсіпорындар тиімділігі мен дамуын қарастыру
болып табылады.

1.1 Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері
Нарықтық қатынастар көптеген адамдардың өз ісіне деген табиғи
ұмтылуды тудырып, өздерінің меншіктерін арттыра түседі. Ең соңында бұл
қызметтің ерекше түрі – кәсіпкерлік қайраткерліктің пайда болуына әкеп
соғады.
Кәсіпкерлік дегеніміз – адамдар мен олар құрған бірлестіктердің
белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел
буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын кқздейді.
Кәсіпкерлікті шығармашылық күш – жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және
ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. Кәсіпкерлікті жаңа
тұрғыдан түсіндіргенде мынадай екі жағдайға: біріншіден, коммерциялық бағыт
– бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына
дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуге; екіншіден,
экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға, ғылыми –
техникалық прогреске жетуге тікелей қатысты.
Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің қандай да
болмасын түрімен айналыса алады. Олар: шаруашылық – өндірістік, сауда –
көтерме сату, жаңартпашылық, көрсетілген консультациялық қызметтер және
тағы басқа коммерциялық делдалдық, сол сияқты құнды қағаздар операциялары.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің субъектілері
мыналар бола алады:
– Қазақстанның азаматтары;
– Шетел мемлекетінің азаматтары;
– Адамдардың бірігуі (кәсіпкерлер ұжымы)
Кәсіпкерлердің мәртебесі заңды және заңды тұлғалар мемлекеттік
тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Құқығы, міндеті, жауапкершілігі және кәсіпкерлердің кепілдіктері
ұлттық заңдарымен реттелетіндер:
– Кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығы, кәсіпорындар құру және олар
үшін қажетті мүліктер сатып алу;
– Барлық субъектілердің нарықтағы материалдық, еңбек, ақпарат және
табиғи ресурстарға қол жеткізудің теңдік құқығы;
– Меншік түрлеріне және ұйымдастыру – құқықтық формасына қарамастан
кәсіпорын қызметінің теңдік жағдайы;
– Кәсіпкерлердің мүліктерінен заңсыз айыруды қорғау;
– Кәсіпкерлік саласындағы бекітілген шегінді еркін таңдау;
– Нарықтық монополия жағдайында кәсіпкерлер мен кейбір тауар
өндірушілердің бәсекеге селқос қарауына жол бермеу.
Кәсіпкерлік нарықтық экономикада әр түрлі кәсіпорындары мен
ұйымдарының және өздерінің жеке бастарының мүдделеріне сәйкес өндірістік
ресурстарды неғұрлым ұтымды пайдаланудың әдіс – амалдарын іздестіріп,
іріктеп жинай алатын, тауар өндіруде және сатуда тәуекелге бара алатын,
пайда таба алатын, өзінің іс – әрекетіне экономикалық тұрғыдан жауап бере
алатын қызметкерлер.
Кәсіпкерлік қызмет сөздің кең мағынасында – тапқырлық, ынталық,
белсенділік, экономика саласындағы шапшаңдылық, ал қысқа ұғымда айтсақ –
жеке меншік иесінің немесе шаруашылық субъектісінің экономикалық қызметі.
Кәсіпкерлік қызметіне экономикалық және заңдылық қасиеттер тән.
Кәсіпкерліктің ұғымын кеңейтіп, тереңдете түскенде, нарық экономикасында ол
тек пайда табуға мақсат жасаған шаруашылық жаңашылдық ресурстарды
пайдаланудың жаңа тиімді әдістерін іздеп, табу, тәуекелге бел буарлық
қасиеттерге тән экономикалық ойлау типі, шаруашылық жүргізу әдісі деп те
қарастыруымыз керек.
Нарықтық экономикаға кәсіпкерлік және осы кәсіпкерлікті бойына
сіңіріп, асырып тасымалдаушы – кәсіпкерлер. Экономикалық коммерциялық ойлау
жүйесін ең алдымен осы адамдар – кәсіпкерлер иемденуі, игеруі керек.
Өйткені, нарық экономикасында әр түрлі кәсіпорындардың мүддесіне сай
өндіріс ресурстарын тиімді пайдалану мүмкіндіктерін іздеу және сұрыптау
қызметін атқаратын, өндіріс пен айырбасты ұйымдастыратын, жасаған
әрекеттен пайда түсіріп және жасалған әрекет үшін жауапкершілікті өз
міндетіне алатын қызметкерлер, жұмыскерлер категориясы ауадай қажет.
Кәсіпкерлік – бұл, өз бетінше шешім қабылдай алатын, өндіріс
факторларын өнімді дайындау және басқа фирмаларға сату үшін пайдаланатын
мүмкіндігінше молынан пайда түсіруге ұмытылатын экономикалық бірлік.
Қазақстан Заңында кәсіпкерлік – азаматтар мен бірлестіктердің пайда
алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай – ақ мүліктік
жауапкершілігінің негізінде жүзеге асырылатын іскер, ынталы қызмет
делінген. Кәсіпкерліктің белгілері: іскерлік, ынталылық, дербестілік,
жауапкершілік, белсенділік және тәуекелге бара алатындығы.
Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны, кәсіпкерліктің атқаратын қызметтері
арқылы түсіндіріледі. Кәсіпкерліктің атқаратын қызметтері төмендегідей:
1. Иницатива көрсеткен кәсіпкер, кез келген тауар өндіруге қатысатын әр
түрлі ресурстарды біріктіру қызметін орындайды. Мысалы, астық өндіруді
ұйымдастыру үшін, кәсіпкер қажетті жер учаскесін алуы тиіс, керекті
тұқым, керекті техника, керекті тыңайтқыштар және тағы басқа қажетті
ресурстарды жұмылдыру тиіс.
2. Кәсіпкер өз шаруашылығын қалай басқару және қалай ұйымдастыру жөнінде
шешімді өзі қабылдайды, яғни кәсіпкер сонмен қатар, ұйымдастырушы
деген сөз.
3. Кәсіпкер шаруашылыққа жаңа технологиялар енгізеді, өнімнің жаңа
түрлерін өндіру туралы шешімдер қабылдайды, яғни кәсіпкер дегеніміз –
өндіріс жаңашылдары.
4. Кәсіпкер өз қаржысын іске жұмсайды, экономикалық жауапкершілікті
мойнына алып, кауіп – қатерге басын тігеді. Осыдан түсетін табысты
адам бойындағы ерекше ресурс – кәсіпкерлік қабілеттің нәтижесі деп
түсінеміз.
1.2 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің түрлері, олардың өзара
қатынастары және бизнеске қатысудағы өзгешеліктері
Өндірістің сипаты оның қарқындану (интенсификация) дәрежесімен,
кәсіби біліктілігімен анықталады. Біз кәсіпорындарды ұсақ, орташа және ірі
деп бөлгенде сандық параметрлерге жүгінген болсақ, енді олардың ұсақ,
орташа және ірі өндіріске жатуы саналық өлшемдерімен айқындалады.
Нарық экономикасында кәсіпорындар түрлі ұйымдастырушылық пішінде
болуы мүмкін. Мысалы, серіктестік, жауапкершілігі шектелген қоғам, ашық
және жабық акционерлік қоғам, өндірістік кооператив және тағы басқалар.
Жалпы алғанда, дербес кәсіпорын деп жеке дара меншіктенуіні,
немесе мүлікке толық меншіктік иелік ететін, сол шаруашылықтан түскен
пайданы өзіне иелене алатын, ал егер кәсіпорын шығынға ұшыраса, барлық
зардапты, қиыншылықты жалғыз өзі тартатын тұлғаны айтуға болады.
Дербес кәсіпорындар әдетте, шағын бизнес үшін тән. Дербес
кәсіпорынның иесі сол жерде өзі жұмысшы болып қалуы да мүмкін.
Жеке дара кәсіпорындар бір адамның меншігі мен жалданған жұмыс
күшіне сүйеніп те жүргізе алады. Мұндай жағдайда капитал еңбекті жалдайды,
ал жалдамалы еңбек күші тек жалақыға үміттенеді, ал шаруашылықтың нәтижесі
кәсіпорын иесінің үлесіне келеді.
Кәсіпкерліктің экономикалық формадағы қызметіне төтеп беру
өзгешелігі, кәсіпкер барлық жұмыстарды қолға алады, ал тұтынушы оған
бүгіннен бастап ақша төлеуге дайын.
Кәсіпкер тауарлар өндіреді, содан соң оларды сатады. Осыған орай
кәсіпкерлік өндірістік, коммерциялық және қаржылық болып бөлінеді.
Осылардың әрбір формасы өзіндік ерекшелігі, өзгешелігі, демек өзіндік
технологиясы болады.
Сызба 1
Өндірістік кәсіпкерлікке – тұтынушылардың кейіннен сатып алуына
тиісті өнім өндіру, жұмыстар жүргізу және қызмет көрсету, жинау, өңдеу және
ақпарат беру, рухани құндылық жасау тағы тағыларға бағытталған қызметтер
жатады.
Өндірістік кәсіпкерліктің мүдделік өрісі едәуір түрліше және оны
іске асыру үшін қаржылық және материалдық ресурстар, ал кейде олар көп
мөлшерде қажет болады. Өндірістік кәсіпкерлік қызметінің нәтижесі мол өнім
өндіру және оны сату мүмкіндігі болып табылады.
Коммерциялық кәсіпкерлікке – қызмет түрін сипаттайтын, оның
мазмұнының мәнін айқындайтын тауар – ақша қатынастары, тауар – айырбастау
операциялары жатады. Мұның өндірістік кәсіпкерліктен айырмашылығы – мұнда
өнім өндіруге – байланысты өндірістік ресурстарды қамтамасыз ету
қажеттілігі тумайды. Технологияның бастапқы сатысы ретінде, не сатып алу,
нені қайта сату және қай жерде екенін таңдай білу қажет. Бұл мәселелерді
іске асыру, ең алдымен тауар бағасының өткізу бағасы жағдайында көтерме
сатып алу бағасы елеулі жоғары болуы керек екеніне сүйену қажет.
Қаржылық кәсіпкерлік – коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі, солай
болғандықтан оның сатып алу, сату объектісі айрықшалары – тауар болып
есептеледі: ақшалар, валюта, құнды қағаздар (акциялар, облигациялар,
вексельдер, кепілдіктер және тағы басқалар), яғни бірдей ақшаларды сату
тікелей немесе жанама формада жүргізіледі. Солай болғандықтан қаржылық
кәсіпкерлік – бұл коммерцияның бір түрі, онда қаржылық кәсіпкерінің
технологиялық мәмілесі коммерциялық технология мәмілесімен ұқсас болады,
айырмасы тек тауар – қаржы активі болып саналады.
1.3 Кәсіпорын – басқарудың жүйелік объектісі
Экономиканың қайсысы болмасын өндірістен, экономикалық өнім жасаудан
құралады. Өндіріссіз тұтыну болмайды, тек шығарылған өнімді ішіп – жеп қою
болады. Атап айтқанда, кәсіпорын өнім шығарады, жұмыстар және қызмет
көрсетеді, яғни тұтыну және ұлттық байлықты молайтудың негізін қалайды.
Өндірістік кәсіпорын ішкі орта
Сызба 2
Сызба 3
Қаншалықты кәсіпорын тиімді жұмыс істейді, оны қаржылық жағдайы
қандай екені экономиканың барлық саулығына және мемлекеттің индустриалдық
қуатына байланысты болады. Оның негізгі белгілері мыналар:
• ұйымдық бірлік: кәсіпорын – бұл белгілі түрде ішкі құрылымы және
басқару жөнімен ұйымдасқан ұжым;
• белгілі түрдегі өндірістің құрал кешені: кәсіпорын пайданы
барынша
көбейту мақсатында экономикалық игіліктерді өндіру үшін
экономикалық ресурстарды біріктіреді;
• мүліктің жекеленуі: кәсіпорынның өзінің мүлкі болып, белгілі
бір
мақсатқа жеке пайдаланады;
• мүліктік жауапкершілік: кәсіпорынның түрлі жағдайына сай өзінің
барлық мүліктеріне толық жауапкершілікте болады;
• шаруашылық айналымына жеке атынан шығады;
• оперативті – шаруашылық және экономикалық дербестік: кәсіпорын
жеке өзі түрлі мәмілелерді және операцияларды жүзеге асырады,
пайдасын өзі алады немесе зиян шегді, пайданың есебінен қаржы
жағдайын және өндірісті одан әрі дамытуын жақсартады.
Өндіріс жоспарлы немесе әкімшіл – әміршілдік экономика жағдайында
мына тәсілмен жұмыс істейді:
Сызба 4
Бұл тәсілде ең негізгісі – ресурстар, атап айтқанда олар шектеулі
өнім шығарылымының көлемі болып саналады. Сонымен, жоспарлы экономика
жағдайының кәсіпорындарда өнім шығарылымының көлемі мемлекеттік оларды
қажетті ресурстармен қамтамасыз ету мүмкіншілігіне байланысты болады.
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының нарықтық қатынастарға
өтуіне байланысты бұл жөніндегі жағдай түбірінен өзгереді. Кәсіпорындар
бүгінде бүтіндей қарама – қарсы басқа тәсілде жұмыс істеуге мәжбүр болды:
Сызба 5
Бұл тәсілде негіздісі – сатып алушылардың сұранысы, яғни өзінің
өнімдерін өткізу. Ол үшін нарық жағдайларын, сатып алушылардың сұрау
салуларын, нарық сыйымдылығын, әлуетті бәсекелес өнімдері сапалылығының
және тағы басқа нарықтық экономика үшін сипатталатын сұрақтарын үйрену
қажет.
Жасыратыны жоқ, көптеген отандық кәсіпорындар түрлі себептермен
аталған тәсілмен жұмыс істеуге қабілетсіздігін көрсетеді және де дайын емес
еді, олардың ішінде кәсіпорындардың басшылары жаңа тәсілге, ал кейбіреулері
өтіп жатқан қайта құру реформасының маңыздылығына түсінбейді, қайтадан
жоспарлы жоспарлы экономика дәуіріне қайтып үміттенді және күтті де.
• КСРО – ның ыдырауы өндірістік және кооперативтік байланыстардың
бұзылуына әкеліп соқтырады;
• нарықтық қатынастарға өту инфляцияға және шектен тыс инфляцияға
жалғасып, кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуіне, әсіресе оларды
айналым қаражаттарымен қамтамасыз етуге айтарлықтай жағдай жа–
салынбайды;
• көптеген отандық кәсіпорындардың өнімдері бәсекеге жарамсыз бол–
ды;
• көптеген кәсіпорындар әлі де болса, нарықтық қатынастарға
бейімделе
алмады;
• Қазақстанның нарығындағы импорттық тауарлардың молықтырылуы
аз болды;
• өтпелі кезеңде мемлекет Қазақстандағы өркениетті нарықтың жұмыс
істеуіне қажетті жағдай жасай алмады.
Міне, осы және басқа да себептер ақырында көптеген кәсіпорындардың
қаржы жағдайын нашарлатуға және елімізде экономикалық дағдарыстарды
ұзартуға әкеліп соқтырды.
Өтпелі кезең біздің республика үшін тек жағымсыз салдармен ғана
емес, сонымен қатар кейбір оңды мезеттермен сипатталады. Атап айтқанда:
– Кәсіпорындар бірте – бірте нарыққа бейімделіп, шынында сатып
алушылардың мұқтажын қанағаттандыра алатын өнімдерді өндіре бастайды;
– Көптеген кәсіпорындар инфляцияның құлдырауы жағдайында өндіріс
шығындарын азайту, өнімдерді өткізу, оның сапасын жақсарту – қаржылық
сәттілікті дұрыс шешудің бірден – бір жолы екенін түсіне бастады;
– Нарықтар тауарлармен толықтырылып, кейбір экономикалық салаларда
кінәратсыз бәсеке пайда болды.
Қазақстан Республикасында жұмыс істеп тұрған бірлескен және шетел
кәсіпорындарының саны
Кесте 1
Қазақстан Оның ішінде Оңтүстік Қазақстан
бойынша облысы бойынша
1995 736 27
1996 995 35
1997 1338 39
1998 1677 39
1999 1865 22
Кәсіпорынға басшылық ету әдістері нарықтық экономиканың даму
дәрежесіне сәйкес болуға тиіс. Олардың өзгертусіз, бір орында қатып
қалуларына болмайды. Кәсіпорынды басқару икемді, әрқашан басты мақсатқа
жетуге және сонымен бірге әрбір нақты кезеңнің ерекшеліктерін ескеріп
отыруға тиіс. Кәсіпорынға басшылық етудің міндеттері де практиканы терең
зерттеудің негізінде өндірістің одан әрі даму тенденциясын анықтау – бұл
дамуды шапшаңдату үшін өндіріске әсер етудің осы кезең үшін аса маңызды
экономикалық тұтқаларын пайдалану болып табылады.
II. Қазақстан Республикасының кәсіпорындар шаруашылық қызметінің негіздері

ерекшеліктері
Кез келген кәсіпорынның нарықтық жағдайдағы ең маңызды мақсаты –
өз жұмысындағы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жетудің
күрделі жолы, бұған қосылатын, тек пайда тауып қана қоймай, сонымен қатар,
пайда табуды тұрақтандыру, ал бұған жету оңай мәселе емес.
Сызба 6
Кәсіпорынды дамытудағы стратегиялық басқару
Сызба 7
Кәсіпорын, егер де өзінің жұмысында белгілі бір принциптерге
сүйенсе және қажетті бернесін орындаса, онда алдына қойған мақсатына
жетеді. Осыған орай кәсіпорындардың негізгі міндеттеріне жататындар:
• жоғары сапалы өнімдер өндіру, оларды жүйелі түрде жаңалау және қолда
бар өндірістік мүмкіншіліктеріне, сұраныстарына сай қызмет көрсету;
• өзара алмасушыларын ескере отырып, өндірістік ресурстарды ұқыпты
пайдалану;
• кәсіпорынның бет алысының стратегиясы мен тактикасын әзірлеу және
жағдайлардың өзгеруіне байланысты оларды өзгертіп отыру;
• ғылыми – техникалық жетістіктер мен озық тәжірибені, еңбекті
ұйымдастыру және басқаларды өндіріске кеңінен енгізу;
• өздерінің қызметкерлеріне жағдай жасау, олардың сыныптамаларының өсуін
және еңбектерінің үлкен маңыздылығы, олардың тіршілік деңгейлерін
арттыру, еңбек ұжымдарында қолайлы саяси – психологиялық ахуалды
жақсарту;
• кәсіпорынның шығарған өнімінің бәсекеге жарамдылығын қамтамасыз ету,
кәсіпорынның жақсы атағын қолдау;
• баға саясатын икемді жүргізу және басқа өндірістік функцияларды іске
асыру.
Қорыта айтқанда, ең маңыздысы, кәсіпорындардың барлық функциялары
межеленген стратегияны іске асыруға және алдарына қойған мақсаттарына
жетуге бағытталған жөн.
Қазіргі заман жағдайында көптеген отандық кәсіпорындардың алдында
кәмілдік басқа мақсаттар мен міндеттер тұр, ал пайда табу бірінші орында
болмай отыр. Көптеген кәсіпорындардың басшылары бұл кезеңдегі негізгі
мақсаттары олар үшін – өнімді өткізу, кәсіпорындардың қызметкерлеріне
жалақыларын уақытылы төлеу деп есептейді.
Осы кезеңдегі қиындық жағдай Қазақстан экономикасы үшін жақын арада
бастан өтеді, кәсіпорындар бірте – бірте қалыпты жұмыс істейді, нарықтық
экономкаға тән алға қойылған міндеттер шешіліп, мақсаттарға жетеді, ал
үдемелі қоғамдық өндірісті ұйымдастыру формаларын, атап айтқанда,
кәсіпорындарында шоғырландыру, мамандандыру, кооперациялау және
құрамдастыру жұмыстары іске асады деп үміттенуге болады.
Нарықтық қатынастар жағдайында қоршаған ортадағы өзгерістер
жылдамдығы, сондай – ақ осы өзгерістерден туатын қосымша мүмкіндіктер
тұрақты өседі. Сондықтан, кәсіпорынның стратегиясы осы өзгерістерден
артықшылықтар алу мүмкіндігін шаруашылықты жүргізу үшін барлық қосымша
мүмкіндіктерді қамтитындай болуы керек.
Кәсіпорынның мақсаты оның қызметінің соңында қандай нәтижеге жету
жолдарын, бағыттарын анықтайды. Әрбір кәсіпорынның стратегиясы өзгеріп
отырған нарық жағдайын ескеріп, кәсіпорынға жаңа шешімдер қабылдауға
еркіндік береді. Кәсіпорынның стратегиясы оның нақты жағдайына қызмет ету
ерекшеліктеріне тікелей байланысты.
2. Кәсіпорынның ұйымдастыру нысандарының түрлері
Қазақстанда Меншік туралы Заңға сәйкес кәсіпорындар
мемлекеттік, жеке меншіктік, сол сияқты меншіктің аралас нысанасы түрінде
құралады және іс істей алады.
Мемлекеттік кәсіпорындар – мұнда негізгі құралдар мемлекеттің
меншігінде болады. Мемлекеттік органдардың қарамағында болатын
кәсіпорындарды қазыналық деп атайды.
Мемлекеттік холдинг – компаниясы – Холдинг деп үлкен
корпорациялардың ортақ мүдделерінің сақталуына акцияларың бақылау пакеті
арқылы бірыңғай бақылау жасауды айтады. Алғашқы кезеңде Қазақстанда
мемлекеттік акционерлік кәсіпорындары құрылғанда халық шаруашылығы
салаларында көптеген холдингтер көріне бастады.
Біздің республикада жеке меншік секторы мына төмендегі
бөлімшелерден тұрады:
• Жеке кәсіпкерлік;
• Толық серіктестік;
• Коммандіттік ( сенімгерлік ) серіктестік;
• Жауапкершілігі шектеулі қоғам;
• Қосымша жауапкершілігі жүктелген қоғам;
• Ашық акционерлік қоғам;
• Жабық акционерлік қоғам;
• өндірістік кооперативтер.
Жеке кәсіпкерлік – бұл жеке кәсіпкертің ең жақсы нысаны, мұнымен
айналысуға әрекетті әрбір азаматтың құқығы бар.
Толық серіктестік – екі немесе одан да көп тең құқықты адамдардың
ұйымдасқан шаруашылық қоғамының бірлестігінің түрі. Олар кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асыру үшін бірігіп, жасасқан шарт негізінде өз мүліктерімен
қоғам алдында жауапты болады. Толық серіктестіктің мүлкі оның
қатысушылардың үлес (пай) жарнасы негізінде (ақшалай және басқа түрде)
қалыптасады.
Коммандиттік ( сенімгерлік ) серіктестік – шаруашылық қоғамдарының
бір түрі. Оған шарт жасасу негізінде екі, одан да көп кісі біріге алады.
Алайда олар мүлікке деген жауапкершілігіне қарай екіге бқлінеді. Бірінші
топқа жататындар толық үлесшілер ( пайдашыл ) немесе коммандиттік
серіктестіктің толық мүшелері деп аталады. Олар қоғамның борышы үшін өз
мүліктерімен толық жауап береді. Ал коммандиттер, сенім бірлестігіндегілер
деп аталатын екінші топтағылар қоғам қосқан жарнасы көлемінде жауапты.
Жауапкершілігі шектеулі қоғам – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру
үшін екі, одан да көп адамды біріктіретін қоғамның түрі. Жауапкершілігі
шектеулі қоғамың оның мүшелері есебінен жиналатын жарғы қоры бар.
Жауапкершілігі шектеулі қоғам ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz