Ойыңқы басылымға арналған қағаз



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
Цифрлық басылым технологиясы
М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ 2
ӨНДІРІСТІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕСІ 3
1.1 Басылымның техникалық мінездемесі 3
1.2 Басылымды таңдау түсіндірмесі. 4
1.3 Computer-to-Print-ң негізгі артықшылықтары. 4
1.4 Бейненің қалыптасуы 6
1.5 Екі жағынан басу құрылғысы 9
1.6 Машинаны таңдау түсіндірмесі 13
1.7 Есептеу тәсілдері 15
2. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ 25
2.1 Жалпы жағдай 25
2.2 Экономикалық есептер 37
2.3 Техника - экономикалық көрсеткіштер кестесі 48
3. Еңбек қорғау 48
3.1. Өндірістік факторларының қауіпті және зиян анализі 49
3.2. Қорғау шаралары 50
3.2.1. Қауіпсіздік техникасы 50
3.2.2. Өндірістік тазалық 51
Қорытынды 55
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 56

КІРІСПЕ

Дәстүрлі офсеттік басылым технологиясы баршаға аян артықшылықтарынан
(жоғары сапашылығы, үлкен тиражда өзіндік құнының төмендегі, жоғары
өнімділігі) басқа, белгілі кемшіліктерге ие.
Біріншіден, басылымға дейінгі процестердің (қиындығы) ұзақтылығы
тиражды тапсырыс берушінің көзінше дайындау мүмкін емес.
Екіншіден, бастапқы шығындардың көптігі (пленкаларды даярлау, түске
бөлу, басылым қалыбы) және оның тиражға тәуелсіздігі, аз тиражды басылымның
қымбаттауына әсерін тигізеді.
үшіншіден, аса кішкене тиражды басуға технологиялық шектеулер мүмкін
етпейді (бірнеше дана). Және де, толық басылым цикілі үшін жабдықтың аса
қымбаттығы бұл, өзін-өзі ақтау үшін үздіксіз тапсырысты талап етеді. Осы
айтып өткен мәселелердің шешімі - цифрлық басылым технологиясы. Цифрлық
баспалау кешенін типографияны ұйымдастырудан гөрі көп арзан. Өте қымбат
қосалқы жабдықтарды сатып алудың (фототерім, айқындағыш, көшірмелеу рамасы
ж.т.б) қажеті жоқ.
Бүгінде, цифрлық басылым бірнеше технологиялық қатарды біріктіреді,
олардың дәстүрлі басылым әдістерінен екі нәрсе ажыратады:
басылым қалыбының жоқтығы;
ауыспалы берілгендерді қосалқы жабдықтарсыз басу мүмкіншілігі;

ӨНДІРІСТІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕСІ

1.1 Басылымның техникалық мінездемесі

Көрсеткіштер аты Безендіру көрсеткіш
Басылым аты “ Буклет” Плакат Жарнамалық
парақ
Басылым түрі Жарнама Жарнама Жарнама
Басылым форматы 42*30 42*30 21*30
Көлемі 6 1 0,5
Тиражы ( мың дана) 5 4 6
Басылым бояуылығы 4+4 4+4 4+4
Атау саны 360 190 180
Бейненің алатын орны ( %) 50 50 50
Текстің алатын орны ( %) 50 50 50

1.2 Басылымды таңдау түсіндірмесі.

Computer–to–Print цифрлық баспа машиналарының жұмыс принципі

Цифрлік баспа машиналары, бұларда басу тапсырмасы (текстік немесе
бейнелік) цифр түрінде беріледі. Тапсырмалар компьютерден, компьютерлік
тораптап немесе қатты тасымалдағыштардан (дискета және диск) еңгізіледі.
Осы аңықтамаларға сәйкес цифрлік машиналары деп, Computer-to-Press,
Computer-to-Cylinder, Computer-to-Print принциптері бойынша басатын
машиналарды айтамыз.
Бірінші жағдайда: басылым қалыбын арнайы қалыптық материалда,
офсеттік басылым машинада жасайды. Тираж басылып бол?ан соң қалып алынып
тасталып жаңасымен ауыстырылады.

Екінші жағдайда: басылым қалыбы қалыптық цилиндр бетінде қалыптасады,
оны тираж басылып болған соң жуып қайталап жаңа қалып жазуға қолданылады.

Үшінші жағдайда: басылым тұрқы әр басылым данасы үшін басынан аяғына
дейін қайталанып қалыптасады. Соңдықтан тек Computer-to-Print цифрлік
машиналары ғана цифрлік басылымның арнайы мүмкіндіктерін толық іске асыра
алады- және бұл талап, персонализация бойынша басылым.

1.3 Computer-to-Print-ң негізгі артықшылықтары.

Көпбояулы цифрлық СТР машиналардың мүмкіндіктері.

Бұл машиналардың конструкциясының негізін баслым құрылғысы және
басқаратын станция құрайды. Жоғары өндірістік компьютерлермен жабдықталған
мысалы, Intel Pentium 3, Intel Pentium 4 базасындағы Windows NT опеациялық
жүйесін қолданып басуға тапсырманы қабылдап, оны өңдеп, басу құрылғысына
жіберетін басқаратын станция. Бұдан басқа да басқаратын станцияның
функциясына машина жұмысын және оның технологиялық түйіндерін басқару
кіреді.
Компьютерлік тораппен байланыс үшін басқарушы станция Ethernet және
стандартты тораптық TPSIP, Apple Tolk, IPXSPX протоколдарын қолданады.
Басу тапсырманы Adobe Post Script Level 3 және PDF форматтарында
қабылданады. Басқару станциясында бағдарламалық растрлық процессордың (Rip)
екеуі бар. Ауыспалы берілгендерді басатын PPML (Personalized Print Mark-up
Language) стандарттары қолданылады.
Басқару станциясының мүмкіндіктері машинаның типіне, моделіне,
конфигурациясына байланысты және де жасаушы фирмалар осы мүмкіндіктерді
кеңейту варианттарын ұсынады. Әдетте олар келесі операцияларды іске асыруға
мүмкіндік береді:
• тираж басылымын тоқтатып, одан гөрі маңызды өнімді басуға, одан соң
тоқтатылған тиражды қайтадан басуға мүмкіндік береді. Басылымның
кезектілігінің осылай ауысуы машинаның тоқтауына, қағаздың қосымша
шығынына және сапасының төмендеуіне әкелмейді;
• түске бөлудің жылдамдығы. Әйтеуір бір тапсырысты басып жатып оны
тоқтатып, жаңа тапсырысты түске бөліп, тоқтатқан тапсырысқа қайта оралуға
мүмкіндік бар. Ауысу процесі қас-қағым сәтте іске асады. Түске бөлуді
қажет ететін тапсырысты үзіліссіз баса беруге болады;
• электронды табақтерілім. Материалдың тізілуін басылымның брошюралануына
сәйкес етуге басқарушы станция мүмкіндік береді. Нәтижесінде 1-і
экземплярдың табақтарынан соң 2-і экземплярдың табақтары басылады. Бұл
машинаға парақтарды біріктіретін (степлер не буклетмейкер) жалғауға және
машинадан дайын брошюра алуға мүмкідік береді;
• бейнені мультиплицирлендіру. Растрланған, өңделген кішкене форматты бейне
(мысалы, визитка) табақ бетіне максималды мүмкін экземпляры (дана)
орналастырылады. Бұл мұндай қиын жұмысты мейлінше арзандатады,
жылдамдатады;
• Персонализация, бұл екі қабаттан құрылған (тұрақты және айнымалы) бейнені
қалыптауға мүмкіндік береді. Басқару станциясының оперативтік жадында
ақпараттың үлкен көлемін (13 мың журналдық парақ) сақтауға болады;

1.4 Бейненің қалыптасуы

CTP технологияны іске асыратын цифрлық машиналарда түсті бейнені алу
тәсілі қолданылатын тонер (құрғақ, сұйық тонер) түріне байланысты. Бүгінде
құрғақ тонер қолданатын электрографиялық басылым аппараттарының бірнеше
типі бар.
Бірінші типке, жататын басылым станциясы, қағазды жүргізетін
белдеудің бойында бірінен соң бірі орналасқан функционалдық түйіндерімен
қоршалған фоторецептор түрінде болады. Станцияның әрқайсысы қағазға
(әдетте табақтық) CMYK бояуының біреуін басады. Одан соң құрғақ тонерлік
бейне термобекіткішке өтеді. Осы принцип бойынша цифрлық баспа машиналары
(аппараттар) Docu Color 40 және Canon 5000 жұмыс істейді.
Екінші типке жататын конфигурация, баспа станциялары силикон
резиналы белдеу бойына орналасқан. Бұл резина тонер үшін адгезиясы нашар
да, электр өткізгіштігі шектеулі. Мұндай қасиет баспа станциялары арқылы
өтетін резинаның аймақтарына арнаулы зарядтаушы құрылғылар арқылы тонердің
және жасырын бейненің зарядына қарсы (оң) зарядталған электр потенциал беру
мүмкіндігін береді. CMYK түсіндегі тонер бейнесі қабат-қабат болып
белдеуге беріліп, бейненің қағазға көшу зонасына жеткенше жабысып тұрады.
Осы жерде резинаны қарама қарсы (-) зарядтайды да, бейне қағазға көшеді.
Осы процесті шапшаңдату үшін қағаздың басқа бетін оң зарядтайды. Қағазға
сәйкестендірілген 4 бояулы бейне түседі бұл бояудың сәйкестігін арттырады.
Бұдан ары қарай өнім термобекіткішке түседі. Міне Docu-Color 2060-ң
жұмысы осындай.
Үшінші типі, бейненің қағазға қалыптық цилиндрдан резина офсеттік
цилиндр арқылы берілуіне негізделген. Осы тәсілде бояулардың
сәйкестендірілуі қағаз бетінде өтеді. Осы принцип Heidelberg-Kodak
бірлесіп шығарған NexPress машинасында іске асады.
Қазіргі кезде сұйық тонерді тек Indigo фирмасының цифрлық машиналары
ғана қолданылады. Бейненің қалыптасу процесі зарядтаудан, экспонирлеуден,
фоторецептор бетінде бейненің айқындалуынан және бояулы бейненің алдымен
офсеттік цилиндрге содан соң басылымдалатын материал бетіне көшірілуінен
турады. Бұл процестің қысқаша түсіндірмесі: қалыптық цилиндрдың
(фоторецептор) және айқындайтын цилиндр арасы айқындалу зонасына сұйық
тасымалдағышпен араластырылған (жеңілұшатын минералдық май) электробояу
беріледі. Тонер бейне аймақтарында қалыптық цилиндрге ұшады да жасырын
бейнеге отырады, ал ашық элементтер аймақтарында айқындайтын цилиндр арқылы
өзінің түсіне сәйкес бояу ыдысына келеді. Айқындалу тонерді басылым
элементтерде шоғырландыру үшін де ашық элементтерді тонер қалдықтарынан
тазалау үшін де қолданылатын электрофарез арқылы өтеді. Бояулы бейне
офсеттік цилиндрге өту себебі оның тонерге де жасырын бейнеге де
қарағандағы кері зарядта болуы. Бояу қағазға қыздырылған цилиндрде кеуіп
жұмсарған күйі өтеді. Бояудың силиконды резина офсеттік цилиндрге адгезиясы
төмен болғаны үшін қағазға толығымен көшеді. Осы технологиялық схема
аздаған өзгерістер енгізілген күйі Indigo машиналарының барлық
модельдерінде қолданылады. Олар бір-бірінен бояу аппаратының құрылысы,
жұмыс жылдамдығы, басылымдалатын материалды әперу тәсілі (табақтық және
рулондық басылым) және басқа параметрлері бойынша өзгешеленеді.

1.5 Екі жағынан басу құрылғысы

Цифрлық баспа машиналарында екі жағынан басу үшін арнаулы автоматты
дуплексті құрылғылар қолданылады, олар екі түрлі болады- стекті (жинағыш
лотогы бар) және стексіз. Біріншісінде тираждың бір жағынан басылған
барлық табақтары машина ішінде орналасқан арнайы лоток ішіне бекітіліп
жиналады. Содан соң олар “аударылып” екінші бетінен басылымға жіберіледі.
Бұл әдістің кемшілігі басылым бетінің дефекті кері бетті басқан кезде ғана
байқалады.
Стексіз дуплексті әдісте машинадан тираж табақтары екі жағынан
басылып табақ-табақ болып шығады. Алайда, бұл жағдайда басылымдауға
табақтың зарядтау және термобекіту стадияларынан өткен беті жіберіледі
бұның салдарынан кері бетті басу технологиялық тұрғыдан алғанда қиын өтеді.

Қазіргі заман цифрлық машиналарында негізінен стексіз дуплекс әдісті
болып шығарылады.
Xeikon фирмасының One-Pass-Duplex технологиясы

Xeikon фирмасының љндіріп шығарған екі жағынан басу One-Pass-Duplex
технологиясы қызығушылық тудырады, бұны рулонды DCP 320 және DCP 500D
машиналарында сонымен қатар табақтық CSP 320D машиналарында қолданады.
Бұл технлогияда табақтың екі бетінде түрлі-түсті бейне қалыптасып болған
соң ғана көшірме бекіту құрылғысына өтеді.

One-Pass-Duplex технологиясымен басатын рулонды DCP машинасының
басылым модулінің схемасы: модуль басатын 10 станциядан тұрады олар
шахматты тәртіппен (бес станциядан) қағаздың екі бетінде орналастырылған,
бұл 4-5 бояумен екі беттен басуға мүмкіндік береді. Станциялар
электрофтография принципі бойынша құрғақ тонермен жұмыс істейді. Xeikon
фирмасының машиналарында цифрлық техниканың барлық түріндегідей реверстік
айқындау қолданылады. Бұл дегеніміз, кері зарядталған электростатикалық
бейне кері зарядталған тонермен айқындалады. Сондықтан бұл айқындау әдісін
DAD (Discharged Areas devolopment-разрядталған аймақтарды айқындау) әдісі
деп те атайды.
One-Pass-Duplex технологиясының шешетін негізгі технологиялық
мәселелері:
қағаздың екі жағында орналасқан көптеген станциялардан бекітілмеген тонерлі
қағаздың өтуі;
қағаз жүрісінің және басу станцияларының фоторецепторларының
синхронизациясы;
Бірінші мәселе тонер қағазға қағаздың кері бетінің зарядталуы арқылы
демек электр өрісімен. Әр бетке кезек-кезек кері зарядталған бейне тонері
және көшіру коротронының оң заряды жағылады. Бірінші бетіне басылған
бірінші бейне (сары) сары бояу басу зонасына түскенде кері бетіне көшіру
коротроны тонерді қайтазарядтайды. Ол зарядтың оң көрсеткішіне ие болады.
Одан ары бұндай бейне екінші бояудың (көгілдір) көшіру зонасына өтеді.
Фоторецептор және көгілдір тонер кері зарядталған. Пайда болған электр
өрісінде көгілдір тонер қағазға ал алдыңғы бейненің сары тонері
фоторецепторға ұшады. Мұндайда басылым өнімінің сапасы күрт төмендейді.
One-Pass-Duplex технологиясы бұл мәселені келесіше шешеді Нәтижесінде
алдыңғы тонерлік бейне (сары) 2 ішінара разрядталып және ішінара оң
зарядталып қалады. Осындай тонердің келесі баспа станциясының электр
өрісінде қағаздан көшіп кетпес үшін, үшінші станцияның және келесілерінің
алдында жұп коротрон 3 орналастырады. Оның бірі баспа зонасын енетін
бейнені кері потенциалмен қайтазарядтайды, ал контркоротрон көшіру зонасына
енетін бейнені оң зарядтайды. Жұп коротрон тонерді қайтазарядтап қана
қоймай, қағазды электро өрісінің күшімен (біліктердің орнына) баспа
станцияларының арасында ұстап тұрады.
Қағаздың екі жағындағы бекітілмеген тонерлік бейне білікке жағылып
немесе жабысып жатпас үшін бірқатар шаралар

Диэлектриктік жабыны бар (мысалы үшін тефлонды) аздаған адгезияға ие,
бұл-бөлшектердің жабысқақтығын жоятын реверсивтік біліктер. Әйтсе де ол
үшін тазалағыш құрылғысы 1 ойластырылған. Білік қағазбен айналысқа
келтіріледі. Білік жерлендірілген, ал оның беті коротроннан 2 зарядталады.
Қағаз реверсивтік білікке келер алдында қарама-қарсы зарядталған жұп
коротронның әсеріне ұшырайды. Олар білікпен әсерлесетін тонерлік бейнені
білік зарядталған потенциалмен зарядтайды. Осының нәтижесінде ол білікке
көшпейді. Қағаздың екінші беті кері зарядты иеленеді. Коротрон 3, қағазды
білікке қысатын өрісті тудырады. Айнымалы тәжілі коротрон 4 қағазды
разрядтап оның біліктен ажырауына мүмкіндік береді. Қағаз жүрісінің және
фоторецепторлрдың синхронизациясының мәселесі екі 5а және 5б мотормен
жалғанған біліктерімен шешеді (1-сурет). Оның бірі 5б қағаз жүрісінің
жылдамдығын ал 5а керіліуін қамтамасыз етеді. Қағаз коротрондар және
фоторецепторлар арасында пайда болатын электростатикалық күштердің әсерімен
фототрецепторларға жабысады. Түсті табақтық CSP One-Pass-Duplex
технологиясын іске асыратын машинасындағы түсті бейненің синтезінің
кезектелуін қарастырамыз. Машинаның құрылысында бейне синтезінің екі А және
Б секциясы (беті және тысы) бар, олар бірдей жұмыс істейді. Сондықтан оның
біреуін ғана (А) қарастырамыз. Шексіз жолақ түріндегі фоторецептор 1
бағдаршаның бағытымен бағыттаушы біліктердің, бейнені қалыптастыратын
функционалдық түйіндердің жанынан өтеді. Бірінші жасырын түске бөлінген
бейне (қара тонер үшін) экспонирлеу станциясынан 2 айқындау станциясы 3
түседі, мұнда оның айқындалуы өтеді. Ал басқа айқындау құрылғылары және
көшіру станциялары жқмыс істемейді. Айқындау процесі аяқталу фазасына
енгенде 2 станция келесі (қарақошқыл) бейне жазылады. Айқындалған қара
түсті бейне айқындағыш құрылғылар бойымен жүреді және оның артқы бөлігі
қарақошқыл айқындау станциясынан шыққанда қарақошқыл айқындау құрылғы жұмыс
қалпына көшіп жасырын қарақошқыл бейне айқындалады. Осы кезде станция 2
жасырын көгілдір бейне жазылады. Нәтижесінде жолақ-фоторецепторда CMYK
түсіндегі бір-біріне белгілі арақашықтықта орналасқан төрт бейне пайда
болады.

Стопа 4 үстіңгі парақ табағы алынып түзүленіп транспортерге
беріледі. Қағаздың жұмыс ауданының шеті және соңғы кезектегі бейне шеттері
(сары) бірге бірінші көшіру зонасына 5 жетеді. Соңғы айқындалған сары
түсті бейне қағазға бірінші болып көшеді.

Осы кезде қара бейненің алдыңғы шеті 6 жағдайда болады, схемада ол
кресттермен белгіленген. Бейнелер бір-бірінен белгілі реттпен және
фоторецепторлар түйіндерінің орналастырлу ерекшелігі сондай қағаз түзу
жолмен жүргенде көшіру станциялардың барлығынан өткенде оның бетінде төрт
түсті бейне дәл сәйкестеліп синтезделеді. Одан ары қарай бекітіліп қабылдау
лотогына беріледі.

1.6 Машинаны таңдау түсіндірмесі

Docu Color 3535

Docu Color 3535 ақпаратты файл түрінде әртүрлі стандартағы форматты
еңгізу үшін жасалған, олардың ішінде PDF 1.3, Post Script және EPS бар.
Docu Color 3535 тапсырыс берушінің қолында бар цифрлік жұмыс процестерімен
оңай үйлесе алады, себебі оның жұмыс жүйесі барлық стандартты цифрлік
процессорлар үшін ашық, олардың ішінде Btisque, Apoque Rampage.

Docu Color 3535 – цифрлік машинаның техникалық сипаттамасы.

Технологиясы Түрлі – түсті бір өтетін басылым
Жылдамдығы сағатына 2100 данаға дейін
Сканирлеу дюймде 600х600 нүкте, түстің
тереңдігі 8 бит
Басылым реттеушісі Electronics for Imaging (EFI)
- 850 МГц (мин) Intel Pentium III
- жады 256 Мб
- қатты диск 20 Гб
- Adobe PostScript Level 3
- 10100 BaseT (стандртты)
Принт - драйвер - Windows 9598 NT 4. x2000 XP
- Macintosh OS X
- Xerox Web – интерфейс
Парақтың max форматы 305 х 483 мм
320 х 450 мм
Парақтың min форматы 20 х 32 мм
Бейненің max ауданы 302 х 476.6 мм
Қағаз лотоктарының сиымдылығы 520 парақ; А3, А5 форматтары
Қолданылатын қағаздың тығыздығы64 – 220 гм2
Басудың max жылдамдығы - Қағаз: 35 түсті немесе ақ қара
түпнұсқа;
- мөлдір пленкалар: 8 түсті бет
минутына; 16 ақ қара бет;
- тығыз қағаз: (99 – 169 гм2): 22
түсті немесе ақ қара бет минутына;
- тығыз қағаз: (170 – 220 гм2) 11
түсті немесе ақ қара бет минутына;
Парақты беру әдісі Тура
Бояу Құрғақ тонер
Габариттік өлшемі (Е х Ұ х Б) 660 мм х 780 мм х 1145 мм
Электр тұтынуы 220240 В 10А

1.7 Есептеу тәсілдері

Типографиялық қағаздар және оларды пайдалану
салалары

Шығыңқы басу әдісіне арналған №2 А және Б маркасы, №3 типінің
қағаздар шығарылған массасы 30-40-80 гм2. А-маркасы – көркем және ғылыми
көпшілік әдебиеттерді оқулықтарды көркем журналдарды және анықтама
әдебиетті басуға қолданылады. Бейне-суреттері жоқ тек мәтінді басылымдарда
60-80 гм2 қолданылады. Растр линиатурасы 40-48 линия см болатын реңді
бейне суреті бар басылымдарға каландрланған және жоғары каландрлы қағаз
қолданылады. Пайдалану мерзімі аз басылымдарды басуға №2 және №3 қағазды
қолданады.
№2 Б маркалы қағаз ғылыми, өндірістік әдебиеттерге, мектеп
оқулықтарға және жарнама өнімдеріне арналған.
№3 қағаз жаппай бұқаралық кітапшаларды өңдеу қағаздарын, жыртылмалы
күнтізбелерді басуға арналған. Массасы 40-50г жұқа шығыңқы басу әдісіне
арналған қағаздар көлемі үлкен энциклопедия, сөздік, анықтамалық
басылымдарға арналған.

Газеттік қағазы

Газет өндірісіндегі жылдамдық өте жоғары болғандықтан және негізінен
рулонды ратационды машиналарында басылатын болғандықтан, бұл өндірістегі
қағаз, бояуын тез сіңіріп алатын қабілеті болуы керек. Қағаздың бағасы
төмен А және Б маркасы қағаз массасы 45, 48, 51г. Газет басатын қағаз
линиатурасы 24, 34 линиатура см-ден аспайды. Массасы 48,8 және 48г А және О
маркалы рулонды газет қағазы жылдамдығы жоғары.

Офсеттік қағаздар

Офсеттік басу әдісіне арналған А, Б, В және Г маркалы №1, А және Б
марка №2; және тығыздығы 50 грамдық қағаз, көрсеткіштері: бойынша 3 қағаз
кітап – журнал өнімдерін басуға сәйкес келеді. Массасы 60-80г №1 қа?аз
мектеп, техникум, жоғары оқу орындарының оқулықтарын, көркем әдебиет және
журналдарды және жарнамалық басылымдарды басуға арналған. Массасы 70гр м2
№1 қағаз жаппай бұқаралық басылымдарды рулонды ротациондық машинада басуға
арналған. Массасы 100-160г қағазды көркем альбомдарды басылымға репродукция
түрінде кіретін вклейка, приклейка басуға қолданылады. 240 грамдық қағазды
открытка типтес басылымдарды басуда қолданылады. Массасы 60-100 граммдық №2
қағаз. Пайдалану мерзімі орташа топқа жататын басылымдарға арналған.

Ойыңқы басылымға арналған қағаз.
Ойыңқы басу әдісіне дайындалатын кітап-журнал қағаз басуға арналған
№1 және 2 кітап-журнал қағазы шығарылады. Бұл қағаздарда жаппай бұқаралық
түрлі-түсті журналдармен кітаптар вклейка бейне суреттерін басуға арналған.

Қағаз шығынын есептеу

Буклет: 42 х 301000 х 360 х 1 х 5 х 120 = 27216 кг
Плакат: 42 х 301000 х 190 х 1 х 4 х 120 = 11491 кг
Жаранамалық парақ: 42 х 301000 х 180 х 1 х 6 х 120 = 16330 кг

Типографиялық бояулар және оларды классификациялау

Полиграфиялық бояулар басу әдісінің түріне басу машинасының
жылдамдығына, конструкциясына, өнімді басу ерекшелігіне және басылатын
қағаздың түріне қарай бөлінеді. Типографиялық бояу 6 саннан тұрады. Алдыңғы
4 сан бояудың сериясын, және оның атын қолдану шартын көрсетеді. Сызықша,
арқылы бөлінген 2-сан бояу түсін және пигмент маркасын көрсетеді.
Мыс: 01 – 09 қара
10 – 19 оранжевый
20 – 29 қызыл
30 – 39 көк
40 – 49 жасыл
50 – 59 сары
60 – 69 қоңыр
70 – 79 фиолетовый
80 – 89 ақ

Бояу шығынын есептеу

Буклет: 6 х 4 х 5 х 0,7 = 84 кг
Плакат: 1 х 4 х 4 х 0,7 = 11 кг
Жаранамалық парақ: 1 х 4 х 6 х 0,7 = 17 кг

Технологиялық есептеу тәсілдері

Полиграфиядағы кез-келген технологиялық үрдісінде қабылданатын жоба
шешімдері басқа процестердің өзгеруіне әсер етуі мүмкін. Жобаланып жатқан
әдістердің, шешімдердің, құралдар мен жабдықтардың дұрыстығы мен
тиімділігін технологиялық есептеулер, арқылы дәлелдеу керек. Өндірістегі
процесстердің әр кезеңдегі жұмыс көлемдерін есептеп, шыққан нәтижелері
арқылы, өнідрістің цех аралық қуаттардың сәйкестік деңгейін анықтайды.
Жобаланып жатқан кәсіпорындағы дайындалатын өнімнің техникалық көрсеткіші
негізінде өндірістің процесстердегі жұмыстың бір жылдық көлемі немесе
жүктемесі есептеледі. Теру және форма жасау өнімнің бір жылдық көлемі теру
табағына есептеледі.
Лн=НVв
Лн – теру табағының бір жылдық көлемі;
Н - өндірістегі басылып дайындалатын атау саны;
V – басылымның баспа табақ бойынша есептелген орташа көлемі;
в-басылымның бір айда қанша рет шығатынын мерзімділігін көрсетеді
(периодичность).
1 физикалық теру табағы – басылымның форматына сәйкес келетін басу
формасының оттискісіне тең. Теру өндірісіндегі, жүктемені анықтау үшін
физикалық емес шартты немесе келтірілген теру табағын есептейді. Шартты
теру табағы 60х9016 форматтағы №10 кеглімен бір бағанда терілген, әр
терілген беттің өлшемі 6х9ј квадратқа тең, 40 мың таңбадан тұрады.
Луслн=Лн*К1;
Луслн – шартты теру табағы;
Лн – теру табағы;
К1 – сиымдылық коэффиценті
Сыйымдылық коэффиценті – баспа табағына қанша материал сиятынын
көрсететін коэффицент. Баспа табаққа неғұрлым, таңбалар мен бейне
материалдар сыйса, соғұрлым оның сиымдылық коэффиценті үлкен болады. Ал
егер К1 1-ден кем болса, қағаздың артық жұмсалғанын көрсетеді. Бірақ өлең,
сурет альбомдарда, формула таблицалар басылым-да сиымдылық коэффиценті 1-
ден үлкен болуы мүмкін емес.
Басылымның басты көрсеткіштерінің бірі басу форматындағы мәтінің
немесе бейне суреттің процентпен алғандағы алатын орны (ауданы). Осы
көрсеткіштер арқылы теру табағындағы мәтіннің немесе бейне суреттің көлемін
анықтайды.
Лнт(ин)=Лн*а%100
Лнт(ин) – мәтінді немесе бейне мен толтырылған теру табағының саны
Лн – барлық теру табағының саны
а – басу формасындағы немесе теру табағындағы мәтіннің немесе бейне
суреттің %-пен көрсетілген алып жатқан орны.
Осы формулалар бойынша есептелген мәліметті басу формасын дайындайтын
форма жасау цехын есептеу үшін қолданылады.

Лн буклет = 6 х 360 = 2160;
Лн плакат = 1 х 190 = 190;
Лн жарнма = 1 х 180 = 180;

Парақ табағын есептеу

Ло буклет = 6 х 360 х 5 = 10800;
Ло плакат = 1 х 190 х 4= 760;
Ло жарнама = 1 х 180 х 6= 1080;

Барлығы: 12640 парақ табағы; 6320 листопрогон

Өндіріске қажетті негізгі жабдықтарды есептеу тәсілдері

Полиграфиялық кәсіпорындағы негізгі өндірістік жабдықтарға басты
цехтардағы технологиялық операцияларды орындайтын машиналар, агрегаттар
немесе станоктар жатады. Тоқтап тұратын уақыт нормаланған басу
машиналарында, агрегаттарда және автоматтандырылған желілерде жабдықтың
негізгі жұмыстың жылдық қорын анықтап алады.
Ғосн= Ғоб - Тпрі
Ғосн – жабдықтың негізгі жұмыстың жылдық уақыт қоры.
Тпр – бір жылдағы барлық қайта іске қосуға кететін уақыт (приправка,
приладка). Бір типтегі машиналар тобында бір немесе әртүрлі басылымды
дайындауға болады. Егер әртүрлі баспаға дайындалып жатқан өнімнің кезекті
бір технологиялық операцияның күрделілігі бірдей болса, бұл операциядағы
өнімнің уақыт нормасы мен өнімділігі бірдей болады. Бұл жағдайда жабдықтың
жылдық жүктемесін топталған басылым өнімнің қосындысын натуралды бірлікте
көрсетуге болады.
Nр=MnFoбmn;
Nр – жабдықтың есептелген саны;
Mn – осы жабдықтың натуралды бірлікте көрсетілген жүктемесі;
Foб – жабдықтың 1 сменадағы жылдық уақыт қоры;
m – жабдықтың жұмысының сменасы;
n – жабдықтың 1 сағаттағы өнімділік нормасы.

Nр= 2440 х 401910 х 5 х 2 = 5.5 = 6 компьютер
Nр=63201910 х 2 х 2 = 2 басу машинасы

Аудандарды есептеу

Полиграфиялық кәсіпорындардың аудандары өндірістік көмекші және
қызмет-тұрмыстық болып бөлінеді. Өндірістік ауданға өндіріс жабдықтары және
оларға қажетті столдар мен шкафтар тасымал жабдықтары жұмысқа қажетті
шикізаттар тұратын орындар, мастерлер, контроллер сараптаушылар отыратын
жұмыс орындары және жабдық қатарлары арасындағы жолдар жатады.
Көмекші аудандарға жөндеу қызметтері алып отырған, қойма шаруашылығы,
лабаратория және магистральді және өрт сөндіру жолдары жатады. Жобалау
барысында полиграфиялық кәсіпорынның қажетті ауданын есептеу үшін алдымен
барлық өндіріс цехтарының аудандарын есептеп алып шығарады. Қажетті
өндірістік және көмекші адандарды жалпы цехты технологиялық ауданы, деп
есептейміз. Технологиялық аудандарды технологиялық жобалау нормалары
негізінде есептейді. Норма бойынша ғимараттың қабырғаларына, коллоналарына
сәйкес келтіріп жабдықтың жұмыс істеу және жұмыс істемеу зонасына қарай
жабдықты дұрыс орналастырып немесе бір технологиялық процесспен байланысқан
жабдық топтарын орналастыруға қажетті жалпы ауданды шығарып алу керек.
Жұмыс ауданы Sp дегеніміз бекітілген нормаға сәйкес және жұмыс орнына
қажетті өндірістік жиһаздармен жабдықталған жабдықты немесе жабдықтар тобын
орналастырып және онда жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасалған қажетті аудан.

Жалпы ауданға So – жұмыс ауданы мен тасымал көлік жолдары, барлық
жабдықтарға қажетті арнайы қондырғылары және ғимарат конструкциясының
ерекшелігі ескерілген аудан кіреді. Технологиялық жобалау нормасы бойынша
мынадай коэффициенттер бекітілген.
Жұмыс ауданының коэффициенті Кр-бекітілген жұмыс ауданының, жабдықтың
немесе жабдықтар тобының алатын ауданының өндірістік жиһаздың алатын
ауданына қатынасы.

Орташа коэффициент Ку – цехтың технологиялық ауданының Sцех – негізгі
жабдық пен оған қажетті жићаздың алатын ауданына қатынасы.


Басу цехының ауданын есептеу

Басылым машинасы: 0,66 х 0,78 х 2 = 1 м2;
Фальц аппарат: 1,2 х 0,9 = 1 м2;
Материалдарға арналған шкаф: 0.8 х 2 = 1,6 м2 ;
Басқару станциясы: 2 х 2 = 4 м2;
Барлығы: 1 + 1 +1,6 + 4 = 8м2 х 4 = 32 м2;

Өндірістегі жұмысшылар санын анықтау

Әр цехтың немесе бөлімнің негізгі жұмысшылар санын есептеу үшін
алдымен жұмыс өндірісте толығымен істейтін пайдалы уақыт қорын есептеп алу
керек. (Ғn деп белгілейміз).
Жұмыстың пайдалы уақыт қорын режимдік уақыт қорынан еңбек демалысына
ауыру сырқау және т.б. орынды себептермен жұмысқа шықпай қалатын уақыттарды
алып тастап шығарамыз.
Ғn= Ғp( 1 - Kн)
Ғp – режимдік уақыт қоры = 2018;
Кн – жұмысқа шықпай қалу коэффициенті;
Егер еңбек демалысы 15 күн болса;
15к Кн=0,11
18к Кн=0,12
24к Кн=0,14
Машинада жұмыс істейтін жұмысшының штабын есептей отырып жабдық
жұмысының уақыт қорымен жұмысшы жұмысының уақыт қорының сәйкес келмеуі
мүмкіндігін ескеру керек. Штатты белгіленген жабдық жылдық уақыт қорын
есептеу үшін жабдықтың техникалық күтімін, профилактикалық тексеруін,
тазалауын, жөндеу, қызмет көрсету жұмыстарынан тыс машинада жұмыс істейтін
жұмысшылар да үлес қосады.
Сондықтан Ғон=Ғр-tрем
Ғон – штаты белгіленген жабдықтың уақыт қоры қолмен орындалатын
операцияларда қызмет ететін жұмыстың тізімдік санын, әр операциядағы
жүктемелерді есептеу негізінде анықтайды.

М – әр операциядағы өнімнің натуралды бірліктегі жылдық жүктемесі.
n – натуралды бірліктегі 1 сағат өнімділік нормасы.
Кn- норманың орындалу коэффиценті.
Жұмысшылар әртүрлі себептермен жұмысқа шықпай қалғандықтан нақты
жұмыс істеп жатқан жұмысшының саны тізімдегі жұмысшылардың санынан аз
болады. Нақты жұмысшының саны мына формуламен есептеледі.

Kн - жұмысқа шықпай қалу коэффиценті
Rin - жұмысшының тізімдік саны
Есептеулер нәтижелер тізімінен құрама ведомостар жасайды. Онда
разрядтағы әрбір мамандық бойынша есептелген адам саны жазылады.
Қабылданған жұмысшылар санын өндіріс цехтары мен бөлімшелеріне әр цехтың
ерекшеліктерін ескеріп, сменаларға бөліп тастайды. Бірінші сменадағы барлық
жабдықтар толығымен жүктемеленген болуы керек.
Жұмысшылар саны:

Басшы - 1 адам;
Бухгалтер - 1 адам;
Инженер-технолог - 1адам;
Мастер - 2 адам;
Басуға дейінгі тапсырысты өңдеу - 6 адам;
Офис – менеджер - 1 адам;
КҚП - 2 адам;

БАРЛЫҒЫ: 14 адам (қызыметкер);

2. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ

2.1 Жалпы жағдай

Өндіріс процестерін ұйымдастыру әдістері
Өнеркәсіптік өндіріс - өте қиын қоғамдық процесс. Ол цехтардың,
бөлімдердің және адамдардың жұмыстарын бірге қосып бұйымдар шығарады. Жалпы
айтқанда кәсіпорынның өндіріс нәтижесі үш процестен құрылады: ішкі затты
арзан алып жақсы сапалы жасауы, бұйымды пайдалы сату. Біз негізінде 2
процесті бұйымды өндіруін қараймыз. Бір және үш процестер маркетинг және
коммерциялық іс пәндерінде қараланады.
Өндірістік процесс тіке ұйымдастырылады, шын жоспарлауды, епті
басқаруды талап етеді. Кәсіпорындар әртүрлі бұйымдар шығарады және күрделі
(құрамды) болады. Олар көп шкізаттар мен материалдарды пайдаланады. Күрделі
өндіріс жоғары білімді инженерлерді талаптайды.

Менеджмент және басқару мәселелері
Шет ел ғалымдары, кәсіпорынды басқару мәселелерін арнайы ...
менеджмент деп атайды.
Менеджер - басқарушы, ұйымдастырушы.
Менеджмент - басқару, ұйымдастыру.
Бұрын бізде, инженерлерді негізгі мамандығына күшті үйретіп, (жақсы)
эконом мен басқару білімдеріне көп көңіл бөлмейтін. Осы пәндерден жұмыс
уақытында, инженер білімділерді алатын. Қазіргі менеджерлер техникалық,
коммуникалдық және аналитикалық білім мен өнерге ие болу керек.
1 Техникалық білім және өнер - бұл, айқын жұмысты жақсы істейтіндік.
Техникалық өнер, әсіресе төменгі сатыдағы менеджерлерге қажет.
2 Коммуникалдық өнер - бұл, әрбір адаммен тіл тауып, оны көндіру, осы өнер
көбінесе тәжірибе арқылы келеді.
3 Аналитикалық өнер - уақытпен және тәжірибеден келеді. Жалпы айтқанда,
менеджмент үш функциясынан тұрады.
а) Ұйымдастыру - бұл, еңбек пен түрлі ресурстарды қосып, жоспарланған
бұйымды шығары немесе қызмет ету. Ұйымдастыру мәселелерді біз толық
қарадық.
б) Жоспарлау - бұл, алдын-ала кәсіпорынкөрсеткіштерін бекіту.
в) Басқару - бұл, күнделік кәсіпорындарды басқару жұмыстарын өткізу.
Менеджмент, әуелі менеджердің өзіне мынадай талаптарды қояды.:
1) Менеджер - салауатты өмірде сүру керек.
2) Жаман әдеттерді жою керек (түкіру, талтайып отыру, қырыну).
3) Менеджер салмақты қасиеттерді дамыту керек: әрбір қиын жағдайлардан
қорықпау керек, күйгелектерден сақ болу керек (дёрганный), өндіріс шешім
бірнеше варианттардан іздеп табылуы керек, жылдамдылық болу керек,
патриот болу керек.
4) Әрбір кезеңде, кезекті мақсат қою.
5) Әрдайым үйрену, қазіргі уақытта техника және ғылым өте тез дамиды.
Институттың білімі 2 жылдан кейін ескіреді.

Жұмыс тәртібі:
Жылғы жұмыс уақыт қоры, сменалардың саны
Жұмыс тәртібі және сменалар саны. Қазір шаруашылықта мынадай жұмыс
кестелері кездеседі:
а) 5 күн - 7 сағаттан + 1 күн 5 сағат (1 демалыс)
б) 5 күн - 8 сағаттан (2 демалыс)
Сменалардың саны екіден ке болмағаны жөн. Менеджер мынадай үш ұғымды
білуі тиіс:
а) календарлық жылғы уақыт қоры
365 х 24 = 8,760
б) ережелік уақыт қоры

С - сменалар саны;
У - сменалар уақыты,
Кд - жылдық демалыс күндері,
Км - жылдық мейрам күндер.
в) Шын уақыт қоры

- жоғалған уақыттың үлесі, бұл көрсеткіш жөндеу жұмыстарының негізіне
байланысты.

У - бір сменаның жылғы уақыт қоры (минутта)

n - сменалар саны;
К - жылғы шығарған бұйымның көлемі.

Инженерлік дайындау жұмыстары
Жаңа немесе өзгерген нәтижені (бұйымды) шығару үшін арнайы дайындау
жұмыстарды өткізу керек. Өндірістің инженерлік дайындауы - жаңа бұйымды
ойлап, өндірістен шығару үшін ұйымдастыру таралады. Инженерлік дайындау
мақсаттары: жаңа немесе өзгерген бұйымның пікірін, маркетингтік қуысын
табу. Сол бұйымды жобалауы және өндіріске енгізу. Сол бұйымды тез өндіріп
сату. Бұйымның жоғары сапасына жету.
Бұйымның жаңалығына және құрамына сәйкес инженерлік дайындауының
көлемі қажет болады. Әрбір кәсіпорында жыл сайын техникалық дамыту жоспары
жазылады, оның ішіде инженерлік дайындау да жоспарланады. Жоспарда керекті
жаңа бұйым, уақыт, еңбек және ақша шығындары есептелінеді. Инженерлік
дайындауды үш сатыға бөледі.
а) Ғылыми - техникалық дайындау.
б) Конструкциялық дайындау.
в) Технологиялық дайындау.

Ғылыми-техникалық дайындау, бұл бір ғылыми шығарманы негіз етіп
қажетті бұйымды шығаруға мақсат қою. Ғылыми-техникалық дйындауды,
тапсырушы, ғалымдар және конструкторлар қосылып бастайды. Ғылыми -
техникалық дайындауы жаңа ғылыми пікір іздегеннен басталады.

Бақылау әдістері
Кәсіпорында жүргізілетін жұмыстарға бақылау қажет. Сол үшін
техникалық бақылау жасалынады.
Техникалық бақылау - бұйымды жасағанда әр сатыдағы сапаны және
технологияны тексеру. Сондағы сырттан келген шикі затты, жартылау талшықты,
өнімді шығару кезіндегі істелінетін технологиялық процестерді және дайын
өнімді тексереді. Тексеру жұмыстарын, операцияны орындайтын жұмысшылардың
өздері жасайды. Кейбір тексеру жұмыстары ғана мастерлреге немесе техникалық
бақылау бөлім қызметкерлеріне тапсырылады.
Техникалық бақылау келесі принциптермен ұйымдастырылады:
- бақылауға барлық тетіктердің тобы, барлық жұмыстар жатуы керек;
- бақылау әдістері өндіріс процестеріне сәйкес болуы керек;
- әрбір бақылаушы жұмыскерлердің міндеті анық белгіленген болу керек;
- ақау болған жағдайда жауапты адамдарға айып салу керек.

Еңбекті ұйымдастыру шаралары
Еңбекті ұйымдастырудың мақсаты жоғары өнімделікке жету. Жалпы
айтқанда, өнімділік - бұл белгілі бір уақытта бір өндіру-шімен шығарған
бұйымның немесе жұмыстың көлемі.
Жоғары өнімділікке жету үшін және еңбекті нәтижелі ұйымдастыру үшін
менеджер мынадай әрекеттерді істеуі тиіс:
1) Еңбек туралы заңдарды сақтауы тиіс;
2) Жұмыскерлердің әр тобын және санын бекітіп, жұмысқа алу;
3) Оларды айқын жұмыс орнынына қою;
4) Жұмыскерлерді өндіріс процесіне үйрету;
5) Жұмыс тәртібін және сменалар санын бекіту;
6) Жұмыс орнын қауіпсіз және ыңғайлы ұйымдастыру;
7) Еңбекті ережелендіру және жалақыны бекіту.

Энергия және басқа инженерлік қамтылу мәселелері
Әрбір кәсіпорында энергиялық шаруашылықты, ол мынадай энергияның
түрлерін кәсіпорынға береді: электроэнергияны, қысылған ауаны, қысымды,
суды, әртүрлі газдарды (оттегі, сутегі, ацетилен, пропан), отынды,
жанармайларды, жылуды (бу немесе ыстық су арқылы), химиялық энергияны
(аккотупяторлар), тоңазытқыш энергияны, канализацияны пайдалану керек.
Демек, осы мәселелерді ұйымдастыру қажет.
Энергиялық шаруашылық экологиялық таза, қауіпсіз және тиімді болуы
керек. Қазіргі өнеркәсіп өте энергия сыйымды, бұйымның өз құнында
энергияның үлес саллмағы жоғары және әр дайым өсе береді. Себебі энергияның
құны қымбаттай береді.
Әртүрлі энергияны өнеркәсіпте келесі мақсаттарға пайдаланады:
жабдықтың қозғалтқыш күші ретінде, технологиялық процестерге, жарыққа, жылу
ретінде шаруашылық - тұрмыс қажетіне. Қозғалтқыш күші ретінде көбінесе
электроэнергияны пайдаланады. Электро қозғалтқыш күшті, жеңіл, оларды әр
жерге қоюға болады.
Ең жиі кездесетін, ең ыңғайлы және ең қымбаты бұл электро энергия.
Сондықтан оны үнемді пайдалану керек.

Мамандандыру және кооперациялау деңгейлері
Ғылыми - техникалық прогресс, қоғамда еңбекті әрдайым бөле береді.
Соған сәйкес салалар, кәсіпорында көбейді.
Кәсіпорындық мамандардыру - бұл шығарған бұйымды немесе қызмет
түрлерін кеміту. Аймақ қамтуына орай мамандардың 4 түрі кездеседі:
1) Мемлекеттік мамандандыру - бұл әрбір елде белгіленген өнеркәсіпті
дамыту;
2) Салалық мамандардыру - бұл өнеркәсіп саласының белгілі бір бұйымдар
тобын шығару;
3) Кәсіпорындық мамандандыру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кітап басу
Мерзімді басылым - журнал өнімін шығаратын баспахана
Баспа және баспахана. Полиграфиялық материалдар
Жоғары көркем әдеби басылымдарды шығаратын баспахана жобалау
Полиграфиялық кәсіпорынды жобалау технологиясы
Көру талдағышы
Басу формасын дайындау
Көру және есту анализаторлары. Жас ерекшеліктері мен гигиенасы.
ZEBRA S600 принтерін орнату және жөндеу
Таяу және қиыршетел елдерінің қалаларындағы кітапханалары мен мұрағаттарына ғылыми-іздестіру іссапарларын ұйымдастыру
Пәндер