Қазақстанда Азаматтық қоғамның қалыптасуы
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 БӨЛІМ. АзаматтыҚ ҚоҒам концепциясыныҢ
дамуы жӘне ҚҰрылымы
1.1. Азаматтық қоғамның қалыптасу себептері мен оның
қызмет ету негіздері
1.2. Азаматтық қоғамның құрылымы және
оның беделдігінің негізгі бағыттары
1.3. Қазақстанда Азаматтық қоғамның қалыптасуы
2 БӨЛІМ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ОНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
2.1. Құқықтық мемлекет туралы идеялардың дамуы
2.2. Қазақстан құқықтық мемлекет
3 БӨЛІМ. ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТЕГІ БИЛІК БӨЛІНІСІ ЖҮЙЕСІ.
3.1. Билік бөлінісі қағидасы
3.2.Тежемелік және тепе-теңдік жүйесі
Қорытынды
Кіріспе
Қазіргі таңдағы өте маңызды мәселелердің бірі Азаматтық қоғам және
құқықтық мемлекет құру болып табылады. Оның себебі, Қазақстан аумағындағы
адамдар бір ғасырға жуық кезең бойы, яғни сол кездегі Кеңестік Социалистік
Республикалар одағы дәуірінде, ғылыми әдебиеттерде тоталитарлық деп
аталатын жүйеде өмір сүріп келді. Аталған кезеңде адамдардың көптеген
құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірілген және олардың құқықтары
болмай, керісінше міндеттер жүктеліп отырған.
Бүгінгі таңда елімізде халықтың бостандығына негізделген Азаматтық
қоғамды көру процесі жүріп жатыр. Бұл үрдісте адамның құқықтары мен
бостандықтарының басымдығы танылады. Шын мәнінде айта кететін жәйт,
қамтыиды елімзде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар
Одағының құрамында болған басқа да елдерде Азаматтық қоғам және құқықтық
мемлекет туралы мәселелер бұдан бірнеше жылдар бұрын ғана көтерілген.
Құқықтық мемлекет мәселесіне назар аударуын басты себебі оның пайда
болуы туралы идеяның ізгілігінде ғана емес, сонымен бірге оны неғұрлым
нақты рәсімдеу және тиімді іске асыру жолдарын іздестіру болып табылатыны
анық.
Жалпы алғанда зерттеліп отырған жұмыс объектілерінің бірі болып
табылатын құқықтық мемлекет – адам мен азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын неғұрлым толық қамтамасыз етуге, сондай-ақ қол сұғушылықты
болдырмау мақсатында саяси билік құқығының көмегімен байланыста болуға
бағытталған жағдайлар жасайтын мемлекет болып табылады.
Ескере кететін жәйт, Азаматтық қоғам сөз тіркесі шартты болып
табылады, өйткені кез келген қоғам азаматтардан тұратыны және оларсыз қоғам
болмайтыны сөзсіз. Әрине мемлекетке дейінгі, рулық қоғамды Азаматтық деп
атауға келмегенімен, ол кезде азамат, Азаматтық ағымдары болмаған.
Бұл тақырыптың маңыздылығы Азаматтық қоғамның ролі, сондай-ақ
Қазақстанда Азаматтық қоғамды қамтыитын құқықтық мемлекет құрудың бұдан он
жылдан астам кезден басталу фактісімен сипатталады.
1 БөЛІМ. Азаматтық қоғам концепциясының
дамуы және құрылымы

Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының жетпіс жылдық өмір сүруі
барысында мемлекет және құқықтық теориясы ғылымын оқыту барысында, ғылыми
зерттеу жұмыстарында Азаматтық қоғам ағымы пайдаланылмаған. Мұның себебі
мынамен түсіндіріледі: иерархияға негізделген социалистік шындық Азаматтық
қоғам теориясынан түбегейлі ажыратылған. Дәлірек айтқанда, ол кезде қоғам
мен мемлекет таптық тұрғыдан зерттелініп, басқа теория, басқа бағыт сырып
тасталған. Бүгінгі таңда, Қазақстандағы демократиялық өзгерістер,
экономикалық және саяси реформаларды іске асыру кезеңінде Азаматтық қоғам
концепсиясының шығармашылық потенциалы айқындалды. Осыған байланысты
Азаматтық қоғам ағымының генезисін (қалыптасу тарихын) анықтау үшін өткен
дәуірлердегі ойшылдардың еңбектеріне сүйену қажеттілігіне туды.
Азаматтық қоғам – бұл құқық пен демократияға негізделген әлеуметтік
өмір тәсілі; адамға өзінің экономикалық және саяси болмысын еркін таңдау
нысанына кепілдік беретін, адамның құқықтары бекітіліп, саяси ер алуандылық
қамтамасыз етілетін қоғамдық құрылым Азаматтық қоғам категориясы
мемлекет, отбасы, ру, ұлттар, діни және қоғамдық қауымдастықтар сынды
түсініктерден ажыратылып өз алдына дербес зерттеу объектісі ретінде XVIII –
ХІХ ғасырлардан бастап оқытыла бастады және бұл мәселе Гегелдің Құқық
философиясы еңбегінде түпкілікті қарастырылған. Гегель өз еңбегінде
Азаматтық қоғамды адамдардың қажеттіліктер және еңбек бөлнісі, әділет
(құқықтық мекемелер мен құқықтық тәртіп), сыртқы тәртіп (полиция және
корпорация) жүйелері арқылы байланыстары (қарым-қатнастары) ретінде
анықталған .
Құқық философиясында Азаматтық қоғамның құқықтық негіздері құқық
субъектілері ретінде адамдардың теңдігі, олардың заңды бостандығы, жеке
меншік, шарттардың орындалуы, бұзушылықтардан қорғану құқығы, сондай-ақ
тәртіпке келтірілген заңдар мен сот, соның ішінде ант берушілер сотының
беделдігі болып табылатындығы пен құқықа Аталған. Гегелдің өзі өмір сүрген
дәуірдегі мемлекет қатысты көзқарастары көне болғанмен, оның Азаматтық
қоғамның мемлекетке қатысты жеке мүдделер саласы ретіндегі дербестігі
(жария мүдденің айқындығы), қоғамдық құрлымының еңбек бөлнісі мен меншік
нысандарына тәуелді екендігі туралы пікірлері қоғамдық ғылымдардың
дамуындағы үлкен қадам болып табылатындығы анық.
Азаматтық қоғамда ер адам өз мүддесін көздейді, басқаларды
көрмейді...Басқаларсыз ол өз мүддесін іске асыра алмайды - деген Гегель
Азаматтық қоғамды индивидтердің жай ғана жиынтығы емес, сонымен бірге
адамдардың арасындағы экономикалық, құқықтық және өзге де қатнастар
негізінде қалыптасатын байланыстар жүйесі ретіндегі көзқарастар бірнеше
ойшылдардың, соның ішінде К. Маркс пен Ф.
Энгельстің еңбектерінде өз жалғасын тапқан. Олардың еңбектерінде меншік
нысаны мен еңбек бөлнісінің өзгерулеріне негізделе отырып әзірленген
мемлекет пен құқықтың арат қатнасының динамикасы зерттелінген. К. Маркс пен
Ф. Энгельстің пікірлерінше, еңбек бөлнісінің шартты нысаны мемлекеттегі
касталық құрылымды тудырды, қоғамдық өмірдің бірқанша салаларының
мемлекеттік меншіктен арылуына әкеп соқты, өйткені жеке меншіктің алғашқы
нысандары қауымдық өмірдің көрінсін бейнелейді. К. Маркс пен Ф. Энгельс өз
еңбектерінде Азаматтық қоғам түсінігінің XVIII ғасырда, яғни меншік
қатнатарының антикалық және ортағасырлық қауымдықтан ажыратыла бастаған
сәтте пайда болғанын айта отырып, Азаматтық қоғамның қалыптасуындағы
маңызды жүйе ретінде жеке меншікті атап өткен.
Азаматтық қоғамның қалыптасуы және дамуы бірнеше ғасырды қамтыиды.
Бұл үрдіс біздің елімізде де, әлем масштабында да қалыптасып біткен жоқ.
Азаматтық қоғам туралы жекелеген алғашқы көзқарастар өте ертеде
қалыптаса бастады және антикалық әлем кезеңінен бастау алатын ұзақ даму
кезеңін қамтыиды. Ежелгі грек философы Аристотель Азаматтық қоғамның негізі
ретінде азаматтың тәуелсіз және іскер болып қалыптасуына негіз болатын жеке
меншікті атады. Соңынан бұл мәселелер Цицеронның еңбектерінде орын алған.
Ол адамдардың құқықтық теңдігін негіздей отырып Заң Азаматтық қоғамның
байланыстырушы зыеносы, ал құқық заңмен бекітіледі, жұрттың барлығы үшін
бірдей - деген 4.
XVII ғасырдың ортасында ағылшын философы Джон Локк Адамзаттың ақыл-
ойы туралы тәжірибелері атты еңбегінде әлеуметтік-саяси концепцияны
негіздеуде табиғи құқық пен қоғамдық шарт теориясына сүйенеді. Ол -
Азаматтық қоғамның негізін қасиетті және қол сұғылмайтын жеке меншік
құрайды - деп айтқан.
Азаматтық қоғамның белгілері туралы философиялық сипаттамалармене
И.Канттың еңбекетрінде де танысуға болады. Оның маңызды идеялары мыналар:
заңмен қамтамасыз етілген жеке тұлғаның Азаматтық бостандығы өзін-өзі
жетілдірудің қажетті шарты, адамзат беделін сақтау және көтермелеу кепілі
болып табылады 5.
Әрине, Азаматтық қоғам туралы көзқарастарға қомақты үлес қосқан ғалым
Г. Гегель екендігі сөзсіз.
Бүкіл елдер масштабында, Еуропа мен Америка сынды үлкен аймақтар
көлемінде Азаматтық қоғамның қылыптасуы Жаңа кезеңнен бастау алады.
Азаматтық қоғамның дамуында үш кезеңді ажыратуға болады және бұл кезеңдер
қоғамдық және мемлекеттік құрылымның елеулі өзгерістері, әлеуметтік және
саяси қақтығыстар, таптар арасындағы қақтығыстар, қоғамдық идеологияның
түбегейлі өзгерістерінің бір кезеңнен басқасына ауысып отыруымен
сипатталады.
Бірінші кезеңде (XVI-XVII ғғ. шамасында) Азаматтық қоғамның
экономикалық, саяси және идеологиялық алғышарттары қалыптаса бастаған.
Оларға мыналар жатады: кәсіпорындар мен сауданың дамуы, өндіріс түрлерінің
мамандандырылуы және еңбек бөлнісінің нақтылануы, тауар-ақша қатнатарының
дамуы. Қалалар мен қала сословиелеріне қолдау қолдау көрсету барысында
бірқатар мемлекеттерде Қазіргі кезеңдегі мемлекетердің бірнеше белгілеріне
ие орталықтандырылған ұлттық мемлекеттер қалыптаса (егемендік, мемлекеттік
қазына, кәсіби басқару аппараты және т.б.) бастады. Міне осы кезең мынадай
оқиғалардың болуымен сипатталады: қоғамдық идеологиядағы төңкерістер, өнер
мен мәдениеттің қарқынды дамуы, протестанттық буржуазиялық әдептің кеңінен
тарауы, Азаматтық қоғамды әлеуметтік-саяси идеал ретінде қарастыратын
көзқарастармен байланысты жалпы идеяларды табиғи құқық теориясына енгізу.
Екінші кезеңде (шамамен XVII ғ. – ХІХ ғ. соңы) неғұрлым дамыған
мемлекеттерде жеке кәсіпкерлікке негізделген алғашқы капитализм
көрінісіндегі Азаматтық қоғам қалыптаса бастады.
Азаматтық қоғам өте ежелгі ұғым. Азаматтық қоғам Аристотель,
Макиавелли, Локк, Гобсс, Монтескье, Руссо, Кант, Гегель, Маркс, Бакуниннің
және тағыда басқалардың еңбектеріне нақты және сенімді жан-жақты талданып
жазылған. Азаматтық қоғам туралы осы бұрынғы өткен ойшылдарымыздың бірнеше
үзінділерінен мысалға алатын болсақ:
Н.Макиавеллидің пікірінше: Саяси құрылыстың маңызы (мемлекетке)
бағынушылықпен еркін болушылардың қиылысуы мен түсіндіріледі. Мемлекеттік
қатнастарға қарағанда халықтың тәуелсіздігі жоғары болып саналады, ал
халықтың шексіз билікті құлатуға құқығы бар.
И.Кант: Азаматтық қоғам келесі принциптермен негізделеді:
1. Қоғамның ербір мүшесіне бостандық;
2. Оның ербіреуімен теңдігі;
3. Ербір қоғам мүшесінің азамат ретінде дербестігі.
Ф.Гегель: Қоғам мен Мемлекет өз бастақ, сондай-ақ өзара бірлесіп
ерекет ететін институттар болып табылады.
Азаматтық қоғаммен отбасы бірігіп мемлекеттер базасын құрайды.
Мемлекетте азаматтардың жалпы еркіндігі орын алды, Азаматтық қоғам бұл
бөлек жеке тұлғалардың, ерекше, жеке мүдделердің саласы.
К.Маркс: Азаматтық қоғамда әрбір жеке адамның өзінің тұтынушылық
кешені болады және өзара бір-бірімен әрекеттесу құралы болғандықтан
басқалары үшін өмір сүреді.
Қазіргі қоғам бойынша Азаматтық қоғам дегеніміз қоғамдық өмірдегі
барлық салада өздеріне қолайлы қарым-қатынасқа жетуі: экономикалық, саяси,
әлеуметтік, рухани салаларда тұрақты алға басушылықты қамтамасыз етеді.
Тағы да ескеретін жағдай, Азаматтық қоғамның көптеген ғылымдарға
зерттеу объектісі болуы, атап айтқанда оларға мыналарды жатқызамыз:
мемлекеттану және құқықтану, экономикалық теория, тарих, философия,
әлеуметтану және басқалары.
Әрине, заң ғылымы Азаматтық қоғамды Азаматтық құқықтың субъектісі
ретінде және құқықтық реттеу субъектісі ретінде зерттейтіні берімізге
белгілі.
Экономикалық теорияны Азаматтық қоғам ұйымдары қалыптасуының
экономикалық негіздері, олардың қызметіндегі қаржы саласы қызықтырады.
Тарих Азаматтық қоғамның нақты ұлттық нысандарын, азаматтардың
қоғамдық өмірге қатысу ерекшеліктерін кеңнен суреттейді.
Философия мен әлеуметтану Азаматтық қоғамды әлеуметтік жүйе ретінде,
қоғамдық ұйым және байланыс ретінде меңгереді.
Егер жоғарыда баяндалғандарға сүйенетін болсақ, ербір нақты
Азаматтық қоғамның қалыптасу себептері жеке сипатқа негізделеді деген
түсінік қалыптасады. Дегенмен бұл пікір шындыққа сәйкес келмейді. Азаматтық
қоғам сынды үлкен қоғамдық саланың (жүйенің) туындауына жеке себептер
(олардың көп не аз болуынан тәуелсіз) негіз болуы мүмкін емес. Тиісінше,
Азаматтық қоғамның қалыптасуы және дамуы процесін түсіндіретін ортақ
себептердің бар екендігін айтқым келіп отыр. Бұлардың тізімі көп болғанмен,
мұндай себептердің ең негізгілерін, бастыларын қарастырайық. Аталмыш
себептердің үш түрін толығымен тоқтап өтейін.
Азаматтық қоғамның қалыптасуындағы бірінші және негізгі себептердің
бірі жеке меншікпен байланысты. Дамыған демократиялық қоғамда өмір сүруші
халықтың орасан зор бөлігін жеке меншік иелері құрайды. Тиісінше, ірі
бизнес өкілдерінің саны көп емес. Дегенмен мұндай қоғамда орта таптағы
адамдардың саны басым. Және осы орта таптағылардың және олардың отбасы
табыстарының көздері, өмір сүру құралдары жеке меншік болып табылады. Олар
– жеке кәсіпорындар (өндірістегі, саудадағы, ауыл шаруашылығындағы, өндіріс
саласындағы және т.б. салалардағы), жер, жылжымайтын мүлік, жалға берілетін
мүлік, пайда әкелетін бағалы қағаздар, пайыз әкелетін ақша құралдары,
интеллектуалдық меншік және т.с.с. Бұл Аталған адамдар үшін меншігінен
айрылу тіршілік ету үшін маңызды көзден айрылу болып есептеледі. Сол
себептен, өздеріне тиісті меншіктерді қорғау мақсатында, оның ерекеттілігі
үшін тиімді жағдайды қалыптастыруға меншік иесі өз бойында бар барлық күш-
жігерін жұмсайтыны анық.
Күнделікті өмірдегі тәжірибе көрсеткендей ұжымдық күш жұмсаудың
неғұрлым тиімді болып саналатындары мыналар: меншік иелерінің ортақ
мүдделерді көздей отырып ертүрлі бірлестіктерге бірігуі; фермерлер
ассоциациялары; кәсіпкерлер одағы, банкирлер және т.б. Мұндай ұйымдардың
өкілдері заң шығарушы органдағы ертүрлі комиссиялармен және үкіметпен өзара
тығыз қатынаста бола тұра, осы ұйымдардың мүшелеріне тиісті жеке меншік
оңтайландыруға қол жеткізуді мақсат ететіні сөзсіз.
Солай етіп, демократиялық қоғамның неғұрлым дамыған институты бола
тұра, жеке меншік Азаматтық қоғамның қалыптасуы мен қызмет етуінің ең
негізгі себептерінің алғашықысы болып табылады және ол Азаматтық қоғамды
өзін-өзі ұйымдастыратын мықты қоғамдық құрылымға айналуына септігін
тигізеді. Дәл, осы жеке меншік және түрлері Азаматтық қоғамның маңыздылығын
одан ері арттыра түседі.
Азаматтық қоғам қалыптасуының екінші себебі жоғарыда атлған жеке
меншікпен тығыз байланысты. Бұл жерде әңгіме нарықтық экономика жөнінде
болып тұр. Демократиялық қоғам бостандықтың барша түрінің болуын қолдаумен
бірге, өз заңдылығымен дамитын шаруашылық жүйесінің болуын көздейді. Бұл
заңдарды орындаған жағдайда ғана сәтті ксіпкерлік қызметті жүргізуге
болады. Және ең бастысы –жалғыз тұлғаның нарық заңдарына төтеп беруі өте
қиын болып табылады. Және осы мақсатты шешу үшін ертүрлі кәсіпкерлер
бірлестігі, яғни Азаматтық қоғам ұйымдары құрылады.
Азаматтық қоғамның қалыптасуы мен қызмет етуінің үшінші себебінің
мазмұны мынада. Демократиялық жүйедегі мемлекет өз азаматтарының мүдделері
мен қажеттіліктерін барынша қанағаттандыруды көздейді. Алайда, қоғамда
қалыптасатын мүдделер сан алуан, сонымен бірге ер түрлі және бір текті емес
болуының нәтижесінде мемлекет бұл мүдделердің барлығы жөнінде ақпаратқа ие
болуы мүмкін емес. Демек, мемлекетті, мемлекеттің күшімен және құралымен
қанағаттандырылатын азаматтардың нақты мүдделері жөнінде ақпараттандыру
қажет. Және бұл нәтижеге жету, Азаматтық қоғам ұйымдары арқылы ерекет
еткенде шындыққа сәйкес келеді.
Ербір демократиялық елде сан түрлі Азаматтық қоғам ұйымдары қызмет
етеді. Олар аймақтың және тіпті, жекелеген қалалардың нақты проблемаларымен
байланысты, кәсіби мүдделермен (мысалы, актерлар, кино, театрлар)
байланысты ұйымдастырылады. Олар қайырымдылық сипаттағы ұйымдар мен қорлар,
үлкен мәдени маңызы бар ескерткіштерді қалпына келтіру қажеттілігінемен
байланысты бірлестіктер. Сонымен бірге мұндай ұйымдарға ер түрлі
қозғалыстар да (мысалы, кінәлі емес адамдарды сотауға қарсы наразылық
білдіру) және т.с.с. кіреді. Осы іспеттес ұйымдар мен қозғалыстар жалпы
мемлекеттік масштаб деңгейіне дейін өсуі мүмкін. Осындай ұйымдарға мысал
келтіретін болсам, батысеуропалық елдердегі жасылдар қозғалысын атауға
болады. Бастапқы кезде табиғатты қорғауға бағытталған кішігірім қозғалыс
Қазіргі таңда үлкен қолдауға ие болып, мықты күшке айналды және олардың
қызметінің нәтижесінде мемлекет қоршаған ортаны қорғау мақсатында қосымша
ресурстар бөлген және Аталған процесті реттеуші заңдарға өзгерістер
енгізген.
Солай етіп, Азаматтық қоғамның қалыптасуы мен қызмет етуінің
қажеттілігінен арттыра түсетін үшінші себеп – демократиялық қоғамдағы
азаматтар мүдделерінің сан алуандығы. Бұл жерде айта кететін жәйт, тек қана
демократиялық қоғамда мүдделердің кең шеңберіне қолдау жасалынады.
Енді Азаматтық қоғамның маңыздылығы неде деген сұрақтан оның
мүмкіндіктері қандай деген сұраққа көшейін. Демократия Азаматтық қоғамдның
қажет екенін тұжырымдаумен бірге, оның қалыптасуы мен дамуы үшін барлық
мүмкіндіктерді жасайды. Осы мүмкіндіктердің арасынан неғұрлым маңыздыларын
атап өтейін. Азаматтық қоғам белсенді өмір сүруінің ең негізгі шарттары -
әлеуметтік бостандық, демократиялық әлеуметтік басқару, саяси қызмет пен
саяси пікірталастың қоғамдық саласының өмір сүруі. Еркін азамат – Азаматтық
қоғамның негізі. Әлеуметтік бостандық адамның қоғамда өз мақсатын іске
асыруына мүмкіндік туғызады.
Азаматтық қоғамның қызмет етуінің маңызды шарттарының бірі жариялылық
және азаматтардың жоғары ақпарға ие болу кабілеті болып табылады.
Азаматтық қоғамның қызмет етуінің аса маңызды шарты - тиісті
заңнамасының болуы және оның өмір сүру құқықғығының конституциялық
кепілдіктері.
Азаматтық қоғамның негізгі қызметі – қоғамның материалдық, әлеуметтік
және рухани құндылықтарын неғұрлым толық қанағаттандыру.
Азаматтық қоғамның мемлекетпен қатынасыңдағы еркіндігін мойындамау,
оның әлеуметтік бағалылығында мойындамағаңдығы, ол жағдайдың қиындыққа
тірелетіні сөзсіз. Советтік тоталитаризмнің агрессивтік анықтаушысы (қоғам
мүдделерінін алдындағы таптық мүдделердің артықшылығы, таптық күрес,
меншікті мемлекеттендіру, жеке адамдардың өзіндік бағалылы-ғын есепке алмау
т.с.с.) арқылы Азаматтық қоғамды мемлекетке сіңіру болды. Соның нәтижесінде
адам, жеке адам ретінде қабылданбады, табиғи бөлінбейтін құқық және
еркіндіктің маңызы жойылды, себебі барлығы мемлекет арқылы жойылды. Адам то-
талитралық жағдайда өз еркімен өмір сүріп, ойын айтуға, саяси көзқарастарын
біддіруге құқығы болмады, соның салдарынан саясатсыз "бағынушыға"
айналдырылды.
1.2. Азаматтық қоғамның құрылымы және
оның беделдігінің негізгі бағыттары
Қоғамның қалай, қандай жағдайларда пайда болуы туралы бұрынғы және
кәзіргі ғылыми болжамдарда бір ойды түйіндейтін шешімдер жоқ. Дегенмен де,
барлық оқымыстылар, әдеттегідей, қоғамның қажетті белгісін – саналы және
ерікті адамдардың жиынтығы ретінде бөліп көрсетеді. Тарихи және
социологиялық ғылымдардың тұжырымдарына қарағанда, жеке түлғалардың адамзат
қоғамына бірігуін, олардың ортақ мақсаттарының негізінде болатындығы
анықгалады. Жалпы алғанда, мақсатсыз қоғам болмайды. Осындай тұжырымдарға
мүлдем қарсы келмейтін жағдайлар, бір қоғамда бірнеше мақсаттар, біріне-
бірі ұқсас не қарама-қайшы болулары мүмкін. Ер адамның, алдына қойған жеке
мүддесі болады. Ол қоғамдық ортаға қанша бейімделгенімен, оның жеке мүддесі
сақталады. Сондықтан, жалпы мүдде жеке адамның мүдделеріне объективті түрде
қайшы келуі мүмкін. Ең маңыздысы, сол мүдделердің қайсысының
басымдылығында. Қоғамның ұйымшылдығы, мүшелерінің жалпы мүдделері мен жеке
мүдделерінің үйлесуіне байланысты. Олардың мүдделерінің сәйкес келмеуі
қоғам өмірін түрақтандырмайды.
Қоғам мүдделердің өзара сәйкестігі негізінде құрылады, ал олардың
орындалуы, жеке адамдардың өзара қарым-қатнастарына байланысты болады.
Яғни, бірігіп жүмсаған күштің нәтижесінде, жеке адамның жете алмайтын
мақсаттарына жетуге болады. Мысалы, К. Маркс қоғамды "адамдардың қарым-
қатнасының жемісі" - деп қысқа анықталған.
Бірақ, ондай мүдделері бір-біріне сай адамдардың жиынтығы, бірігіп
қоғам болмайды. Театрда көрермендерді олардың жалпы мүдделері біріктіреді
бірақ ол қоғам емес. Адамдар жиынтығы, тек өзінен жеке тұратын нерсеге
қызығудан басқа, сол мақсатқа жетудің жолын бірігіп іздеуді сезінуінде.
Олай дегеніміз, адамдар жиынтығындағы бір-біріне деген қызығушышық,
ерқайсысының мүдделерін іске асыруға берілетін мүмкіншілік.
Дегенмен, бері бірдей бір-бірімен қарым-қатынастағы адамдардың
жиынтығы, жалпы мүдделерінің негізінде қоғам құрмайды (жұмысшылар
бірлестігі құрылыс салудағы міндеттерін орындағаннан кейін тарап кетеді).
Қоғам – деп айтуға, тек адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы ғана емес,
олардың мүдделеріне сай, тұрақты және объективтік сипаттағы адамдар
жиынтығы болуы қажет. Мұндай қоғамдық қатнастар, қоғамдас адамдардың өз
мәніндегі жұмыстарын қамтамасыз етеді, оның ұдайы өндірісімен өзін-өзі
дамытады.
Қоғам, қалай болса солай не болмаса, күштеумен біріккен адамдардың
жиынтығы емес. Адам қоғамсыз, әлеуметтік қатнастарсыз уақыт өткен сайын
еркімен маңызды бағалылығынан айырылады. Бұл жөнінде К. Маркстің, адамның
мәні, оның қоғамдық қатнатарының жиынтығында, деген ойына ешбір талас жоқ.
Адам - қоғамның алғашқы клеткасы. Бірақ, қоғам жеке адамдардың
механикалық конгломераты емес. Бұл өте қиын, көптүрлі байланыстағы және
қатынастағы әлеуметгік құрылым, яғни қоғам мүшелерінің және олардың ертүрлі
қосылымдарының арасындағы қалыптасқан көптүрлі байланыстар және қатнастар.
Қоғам, өзара қарым-қатынастағы адамдардың жиынтығы ретінде,
ұйымдастырушылық факторға ие, себебі ол адамдық тәртіптің шекарасын барлық
қоғамның мүддесі үшін белгілейді. Бұл қызмет, қоғам белгілеген жалпыға
бірдей міндет, жөнге сай арнаулы өкімет органдары арқылы орындалады.
Сонымен, қоғам түсінігіне мынадай негізгі бөліктер", белгілер кіреді:
➢ Саналы және ерікті адамдардың жиынтығы;
➢ Тұрақты және объективті сипатгағы жалпылама мүдделердің болуы;
➢ Жалпы мүдделердің негізіндегі ерекеттік және ынтымақтастық;
➢ Қоғамның ішкі тертібін және сыртқы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге
қабылеті бар;
➢ ұйымдасқан күштің құрылуы.
Егер бұрынғы Кеңестік Социалистк Республикалар Одағының азаматтары
Азаматтық қоғам туралы ешнерсе білмеген болса, не ол жөнінде кішігірім
көзқарастарда болған болса, Қазіргі таңда елімізде бұл ұғым көбіне көп
айтылып жатады. Азаматтық қоғам туралы көзқарастар мемлекеттік басқару
мәселесімен байланысты, Конституция мен Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексімен байланысты, саяси жүйелерді талдау барысында, нарықтық экономика
көшу мәселелерімен байланысты, жеке меншіктің дамуымен, сондай-ақ ең
маңыздысы – елімізде соңғы жылдары қалыптасқан көптеген, бұрын соңды
болмаған кәсіпкерлер банкирлер, несие берушілер, актерларғ соғыс
ардагерлері, зейнеткерлер және т.с.с. ұйымдары мен бірлестіктері жөнінде
сөз қозғағанда еске алынып жатады.
Азаматтық қоғам дегеніміз не және ол не себептен толыққанды тек
демократиялық жүйе жағдайында ғана неғұрлым қарқынды дамиды?
Азаматтық қоғам – бұл демократиялық мемлекеттерде біздің, дамитын
және мынадай жағдайларда көрініс беретін адамдар қауымы: 1) қоғамдағы
барлық өмір сүру салаларында ерікті құрылатын мемлекеттік емес құрылымдар
(бірлестіктер, ұйымдар, ассоциаицялар, одақтар, орталықтар, клубтар, қорлар
және т.с.с.) жүйесі және 2) мемлекеттік емес – экономикалық, саяси,
әлеуметтік, рухани, діни және тағы басқа да қатнастар жиынтығы.
Осы Аталған анықтаманы нақтылай отырып, мына жағдайларды атап өткім
келеді:
- бұл Аталған жүйе кейбір елдерде жүз мыңдаған азаматтар бірлестігі
немесе кәсіпорындарды (жоғары дамыған демократиялық қоғамның белгісі)
қамтыитын өте тығыз болуы мүмкін, не мұндай ұйымдардың аз бөлігін ғана
қамтыитын (демократиялық дамуда алғашқы қадамдарын жасаушы мемлекеттерге
тән қасиет) ішінара болуы да мүмкін;
- Азаматтық қоғамды құрайтын бірлестіктер азаматтардың
(кәсіпорындардың) шаруашылық, отбасылық, құқықтық, мәдени және өзге де
мүдделерін бейнелейді және олардың мүдделерін қанағатттандыру мақсатында
құрылады;
- Азаматтық қоғамды құрайтын барлық ұйымдарға тән ерекше қасиет,
оларды мемлекет құрмайды, олар азаматтардың, кәсіпорындардың өз еркімен
құрылады және әрине заң шеңберінде мемлекеттен бөлек өмір сүреді;
- Азаматтық қоғамды құрайтын бірлестіктер көбіне кездейсоқ пайда
болып жатады (бірқатар азматтар немесе кәсіпорындардың нақты мүдделерінің
пайда болуы және оны іске асыру қажеттілігінемен байланысты). Соңынан бұл
ұйымдардың қандай да бір бөлігі өз өмір сүруін тоқтатады;
- Азаматтық қоғам жалпы алғанда, қоғамдық пікірді білдіреді және
мұның өзі оның саяси биліктегі көрінісінің өзіндік сипаты болып табылады.
Ербір көздерде “Азаматтық қоғам” түсінігі ер түрлі қарастырылған. Осы
ұғымға толық сипаттама беретін анықтамалар көп болғанмен, олардың жалпы
түсінігі бір. Атап айтсам,
Азаматтық қоғам бұл –
адамның иелігіндегі жекеменшіктің бар болуы (ұжымдық немесе жеке дара);
дамыған және тармақталған демократияның ертүрлі қоғамдық топтардың
көпбейнелі мүдделерін көрсететін дамыған көпбейнелі құрылыстың бар болуы;
Азаматтық қоғамның белгілі не болмаса өзге институттарына қосылуы
кезіндегі қоғам мүшелерінің жоғарғы деңгейдегі санаткерлігі, психологиялық
дамуы, өздерінің ерекетіне қабілеттілігі;
халықты заң мен қамтамасын етушілік яғни құқықтық мемлекеттің қалыптасуы.
Бұл анықтамаға мынадай баға беремін:
Азаматтық қоғам дегеніміз – бұл азаматтардың ертүрлі табиғатына қарай
бірігуі (партия, одақтар, кәсіподақтар, топтар) олар адам мен мемлекет
арасындағы байланысты жүзеге асырады және соңғысына жеке тұлғаны озбырлық
пен басып алушылықты болдырмау.
Яғни, Азаматтық қоғам болған кезде ‡кімет дегеніміз ер түрлі
институттар, партиялар бірлестіктер және тағы да басқалары бірлесіп,
қалыптасқан бір ғана элемент осының бері плюрализім атауына ие және
демократиялық қоғамдағы көптеген ұйымдар мен институттардың өздерінің
қалыптасуы, заңдылығы және беделдігі үшін ‡кіметтен тәуелсіз болуы.
Азаматтық қоғамдағы ертүрлі күштердің бір келісімге келуін мемлекет
білдіреді. Азаматтық қоғамның экономикалық негізі жекеменшік құқығы.
Басқаша жағдайда ербір азаматқа мемлекет билігінің бұйырған шарттары
бойынша мемлекетке қызмет етуге мәжбүр болған жағдайда туады.
Істің мән-жайы бойынша, Азаматтық қоғамдағы кейбіреулердің мүдделерін
ертүрлі әлеуметтік саяси, одақтық, топтық партиялар білдіреді. Олар
мемлекеттік сондай-ақ тәуелсіз бола алады. Бұл бөлек тұлғаларға
демократиялық қоғамдағы азаматтың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға
жол береді.
Осындай ұғымдарға ертүрлі әдістермен қатысу арқылы саяси шешімдер
қабылдауға әсерін көрсете алады.
Азаматтық қоғам мемлекет пен қарама-қайшылық бірлестікте қалыптасады.
Демократиялық тәртіп кезінде мемлекетпен өзара ерекетке түседі, ал
тоталитарлық кезінде – мемлекетке (пассивтік не активтік) қарама-қарсылықта
болады.
Жоғары дамыған Азаматтық қоғамның белгілері:
1. Адамның иелігіндегі жекеменшіктің бар болуы (ұжымдық немесе жеке дара)
2. Дамыған және тармақталған демократияның ертүрлі қоғамдық топтардың
көпбейнелі мүдделерін көрсететін дамыған көпбейнелі құрылыстың бар
болуы.
3. Азаматтық қоғамның белгілі не болмаса өзге институттарына қосылуы
кезіндегі қоғам мүшелерінің жоғарғы деңгейдегі санаткерлігі,
психологиялық дамуы, өздерінің ерекетіне қабілеттілігі.
4. Халықты заң мен қамтамасын етушілік яғни құқықтық мемлекеттің
қалыптасуы.
Азаматтық бірлестік мемлекеттің шеңберінен тыс оның
араласуынсыз дамыған жеке дара адамдар арасындағы қарым-қатнастардың
жиынтығы. Сондай-ақ мемлекеттен тәуелсіз болатын жеке күнделікті және
ұжымдық тұтынушыларын өткізетін қоғамдық институттардың тармақталған
жүйесі.
Азаматтардың күнделікті мүдделері тең болғандықтан сондай-ақ
Азаматтық қоғамның салаларының белгілі бір бағынушылығы болғандықтан келесі
түрде көрсетуге болады. Жеке адамның өмірінің қалыптасқанын қамтамасыз
ететін, адамның тамақтығы, киімдігі, тұрғын үйлердегі және тағы басқа
тұтынушылығы. Жеке қарым-қатынас байланысын құрайтын өзіндік қатнастарды
қанағаттандырады. Бұл тұтынушылықтар кәсіби тұтынушылық және өзге
бірлестіктер сияқты қоғамдық институттар арқылы өткізіледі.
¦рпақтың, денсаулық, балаларды тербиелеу, рухани игеру мен сену,
ақпараттар байланысының және тағыда басқаларын жалғастыруын
тұтынушылықтарын әлеуметтік, мәдени қарым-қатнастарға отбасылық, діни,
этикалық және өзге ерекет етушілікті қосып алады.
Бұлар жеке (дара) өзара қарым-қатынастың 2-ші деңгейін құрайды.
Осы деңгейлердің тұтынушылары отбасы, шіркеу, білім және ғылым
мекемелері, шығармашылық одақ, спорт қоғамдары және тағы басқалар
институттар шеңдерінде қанағаттандырылады. 3-ші жеке дара қарым-қатынастың
жоғарғы деңгейін саяси, мәдени қатынасын құрайды.
Адам баласы қоғамында, ертүрлі мүдделермен өмір сүретін орталар
аралысып кетеді. Олар өздерінің ерікті жүйесін құрады, өрқайсысының өзіне
тән сипатгары бар: өндірістік (экономикалық-шаруашылық), материалдық
қажеттілікті қамтамасыз ету, саяси тағы сол сияқты өмір сүруге қажетті
жағдайларды іске асы-ратын (оған қосымша); әлеуметтік және рухани құралдар
ретінде Азаматтық қоғамның жиынтығын қүрайды.
Көптеген институттар бір мезгілде, Азаматтық қоғамның және мемлекеттің
құрамды бөлімдері болып табылады. Оларға - саяси партиялар және олардың
арасын байланыстыратын қызмет ортасын белгілейтін ұйымдар жатады.
Саяси партиялар жекелеген азаматтардың, әлеуметтік топтардың көпсалалы
мүдделерін қолдап жүреді және олардың саяси өмірге араласуын қамтамасыз
етеді.
Азаматық қоғамның құрылымы (традициялық жағдайда құрылған) адамға жақын
болса, сол құрлым оның мүддесін іске асыруға мүмкіндік болады, қоғам
түгелімен бір қалыпта болады, ру-хани бағалылық арта түседі. Осы жөнінен
Францияны айтуға болады. Яғни, онда 36 коммунаның 200-ден 3600 дейін
тұрғындары болған. 80 жылдардағы жергілікті басқаруды ірілендіру үшін
реформа жүргізілген кезде коммуналарға тиіспеген. Соның нәтижесінде
қоғамдастық-әлеуметтік және француз ұлтының рухани негізі сақталып қалды.
Болжап айтсақ, мынандай қортынды дұрыс болады, яғни Азаматтық қоғамның
сипаты даму деңгейі және нысаны, мемлекеттің нысанымен даму деңгейін
белгілейді. Осы туралы белгілі француз заңгері М. Ориудың мына сөзін
келтіруге болады: "Айтқаным артық болмас, себебі сол үшін (Азаматтық
өмірге, Азаматтық қоғам - Т.А.) барлық мемлекеттік машина құрылды. ¤сімдік
әлемі бізге қызығарлық ұрықтар: бидай, басқа да әдемі ағаштарға, өте қиын
табиғи қорғалу жүйесінде, өсіп жетілуіне жағдайлар туғызылады және соның
негізінде дамуға мүмкіншілік алады. Сол сияқты Азаматтық қоғамда
мемлекеттің саяси институтының қорғану кеңістігіне кіреді және сол өзі
тұрған ортаның мақсаты өркениетті жеке адамның пайда болуы мен дамуы" 6.
Жалпы айтқанда Азаматтық қоғам, институттарын бөліп алып өкіметке
зерттейтін объект. Ондай зерттеулерді Шығыстағы ғалым гуманитарлары
бастады, себебі оның қоғам дамуындағы объективті роліне байланысты болды.
Азаматтық қоғамнын көптеген түсініктемелері бар. Біз Мұнда К. С. Гаджиевтің
түжырымдамасын келтіреміз: "Бұл еркін және мемлекеттен тәуелсіз қоғамдық
институтгар және жеке адамдардың қатнастары, олар жекелеген индивидтердің
және ұжымдардың өздерін-өздері дамытуға жағдай жасайды және солар арқылы
жекелеген мүдделер, қажетгіліктер — жекелеген және ұжымдықтар іске
асырылады"7.
Қандай да болсын елдердің өзіндік ерекшеліктерінен тәуелсіз, кез
келген Азаматтық қоғамның негізінде оларға тән ортақ идеялар мен
қағидалардың бар екенін атап өтуге болады. Оларға мыналар жатады:
• экономикалық бостандық, меншік түрлерінің сан алуандығы, нарықтық
қатнастар;
• заңдылық және биліктің демократиялық сипаты;
• адам және азаматтың табиғи құқықтары мен бостандықтарын тану және қорғау;
• таптық өмір, еріптестік және ұлттық келісім;
• биліктің бөлінуі және биліктің өзара ара қатынсына негізделген құқықтық
мемлекет;
• жұрттың заң мен сот алдындағы теңдігі, жеке тұлғаның сапалы заңды
қорғауда болуы;
• саяси және идеологиялық сан алуандылық, заңды оппозицияның болуы;
• сөз еркіндігі, бұқаралық ақпарат құралдарының тәуелсіздігі;
• азаматтың жеке өміріне мемлекеттің араласпауы, олардың өзара міндеттері
мен жауапкершілігі;
• адамдардың қолайлы өмір сүруін қамтамасыз етуші тиімді әлеуметтік саясат
8.
Міне, осы жоғарыда Аталған идеялар мен қағидалар ербір Азаматтық
қоғамда болуы ықтимал. Және осы орайда айта кететін жәйт, Аталған
қағидалардың барлығы біздің өмір сүріп отырған еліміз – Қазақстанда
сақталған және бұл қағидалар жоғары заңды күші бар нормативтік актілерде өз
көрінісін тапқан. Атап айтсақ, Қазақстан Республикасы Конституциясының 14
бабының 1 тармағы былай деп тұжырымдалған: Заң мен сот алдында жұрттың
бері тең; 20 бап мынадай ережеден тұрады: Сөз бен шығармашылық
еркіндігіне кепілдік беріледі. Басқа заң нормалары да осы жоғарыда
баяндалған қағидаларды сақтай отырып әзірленген деп айтсам қателеспеймін.
Қазіргі таңда, Азаматтық қоғамға ортақ белгілер (ерекшеліктер)
жиынтығынан, төмендегідейлерін атап өтуді жөн көріп отырмын және олар:
• адамдардың жоғары санасы;
• олардың меншікке иелік ету негізінде жоғары материалдық қамтамасыз
етілуі;
• қоғам мүшелері арасындағы кең шеңбердегі байланыстар;
• бақылауда болатын мемлекеттік биліктің болуы;
• билікті орталықтандыруға жол бермеу;
• биліктің бөлігін өзін-өзі басқару органдарына беру;
• қақтығыстар орнына пікірлерді келісу;
• ортақ мәдениетке, ұлтқа тән қасиетінің болуын сезінетін ұжымдық сезімнің
дамуы;
• Азаматтық қоғам тұлғасы – руханилыққа бағыт алған адам.
Азаматтық қоғам өзінің ұйымдары және бірлестіктерімен қоғамның барлық
саласын қамтыиды. Олардың ішінде көп бөлігі экономикалық, әлеуметтік-саяси
және діни салалар.
Экономика саласында Азаматтық қоғамның мемлекеттік емес кәсіпорындармен
кең тараған ұйымдары қызмет етуде (өндірістік, сауда, қаржылық және т.б.)
Бұл кәсіпорындар туралы не айтуға болады? Біріншіден, олар Қазіргі заманғы
демократиялық елдерде олар абсолютті көп бөлікті құрайды (Мысалы, Англия,
Франция, Австрия және бастысеуропалық елдердегі кәсіпорындардың 45
мемлекеттік емес нысанда. Ал АҚШ-та мемлекеттік өндірістік және сауда
кәсіпорындары, мемлекеттік коммерциялық банктер мүлдем жоқ).
Екіншіден, мемлекеттік емес бола тұра, мұндай ұйымдар нарықтық
экономика жағдайында қалыптасады және қызмет етеді және мынадай салдармен
кездеседі: экономикалық тәуекел, банкрот болу қаупі, қатаң бәсекелік күрес
және т.б.
Азаматтық қоғам - бұл олардың көмегімен жеке тұлғалар мен топтардың
мүдделері қанағаттандырылатын Адамгершілік, діни, ұлттық, әлеуметтік-
экономикалық, отбасы институттары мен қатнатарының жиынтығы9.
Азаматтық қоғамның құрылымына мыналар кіреді:
мемлекеттік емес. әлеуметтік-экономикалық қатнастар мен институттар
(меншік, еңбек, кәсіпкерлік);
мемлекеттен тәуелсіз өндірушілердің жиынтығы (жеке фирмалар және т.б.);
қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер:
саяси партиялар мен қөзғалыстар;
тербиелеу мен мемлекеттік емес білім беру саласы;
6) мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат кұралдарының жүйесі;
7) отбасы;
8) шіркеу және т.б.
1.3. Қазақстанда Азаматтық қоғамның қалыптасуы және негіздері
Азаматтық қоғамның қатынасын Конституциялық реттеудің мүмкіндігі мен
керектілігі мынада: Қазақстан Республикасының негізгі заңы болып тек
мемлекетке емес сонымен бірге қоғамға да байланысты.
Ол халықаралық сайлау құқығы (рефендум) мен адам және азамат құқығы
туралы халықаралық акттан тұратын шын-құқықтық шешілдерден құралған.
Берілген сұрақты қарау барысында тек конституциялық емес
конституциялық заңдардың да ерекет етуі есептеледі.
Сонымен қоса 1-бөлімінде Азаматтық қоғам негізіндегі конституция
жөнінде екенін ұмытпаған жөн.
Заңдық ерекшелік бойынша Азаматтық қатынасты Конституциялық реттеу 4
түрде белгіленеді. Олар:
ҚР Конституциясы Азаматтық қоғамның функциялық принциптің негізін
бекітеді. 1-бапта “Мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның
өмірі, құқықтары мен бостандықтары” болып табылады делінген, ал 3-бапта “ҚР
Мемлекет тәуелсіздігінің, биліктің бірден-бір бастауы - халық” делінген;
➢ Құқықтық қатынас анықтамасын қорғау мүмкін болған жағдайда Конституция
құқықтық талап қояды. Мысалы: 10-бапта Қазақстан Республикасының
азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқталады. Ол қандай негізде
алынғанына қарамастан біріңғай және тең болып табылады.
➢ Конституциялық қатынастың құқықтық және міндетті субъектілерін
конституция бекітеді. 1,2 бөлімнің 33 бапта “ҚР азаматтарының тікелей
және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысуға, мемлекеттік
органдар мен жергілікті өзін-өзі барқару органдарына сайлана алады,
сондай-ақ республикалық референдумға қатыса алады”.
➢ Конституциялық азаматтардың бостандықтары мен құқықтарының жүзеге
асуының кепілі. Мысалы 30-бабында көрсетіледі:
Азаматтық қоғамның құрлымына сәйкес конституциялық реттеу
институттарын айрықша көрсетуге болады.
Әлеуметтік жүйе институты Азаматтық қоғамның алғашқы және табиғи
негізін құрайды. Конституциялық заңдылық Қазақстан халқының тарихи
тағдырымен, теңдігімен, келісімдерімен байланысты, ал бүгінгі және болашақ
ұрпақ алдында жауапкершілікте болады. Сондықтан да жер, қазба байлығы, суы,
өсімдік және жануарлар әлемі, өзге де табиғат байлықтары мемлекеттік
меншікте болады.
Конституцияда мемлекеттің әлеуметтік практикасының басты бағыттары
бекітілген:
➢ азаматтардың денсаулығын және еңбегін қорғау.
➢ еңбек ақының ең төменгі мөлшерінің кепілдігін бекіту.
➢ баланы, әкені, ананы, отбасын мемлекеттік қолдау.
➢ әлеуметтік қызметтер жүйесінің дамуы.
➢ мемлкеттік зейнетақы мен әлеуметтік жердемақы тағайындау.
➢ қоршаған ортаны қорғау.
Экономикадағы дағдарысты жеңу, қоғамдық қатнастардың
тұрақтауы-мемлекеттік әлеуметтік саясатының тиімділігі үшін қажет жағдай,
ол Президенттің Жолдауында қаралған.
Экономикалық және әлеуметтік жедел жаңару бағыты Қазақстанның
экономикалық және әлеуметтік дамудағы өзінің көшбасшылығын одан ері
сақтап, сол арқылы капиталды, инвестициялар, технологиялар мен білімді,
білікті кадрларды тарту орталығына айналуына мүмкіндік туғызуға тиіс.
Кәсіпкерлер біздің оларға қалыпты жағдай туғызып, артықшылықтар
беретінімізді, бізде бизнестің қауіпсіз ері келешегі мол екенін білгендері
жөн. Ғалымдар мен жоғары білікті мамандар өз еңбектеріне бізді тиісінше сый-
сияпат көрсетілетініне сенімді болу керек. ¤нер адамдары өздерінің лайықты
бағаланатындықтарын сезінуі тиіс. Біз бұл үшін берін де жасаймыз.
Бұл біздің жетістіктеріміздің бағасы болмақ.
Экономикалық жүйе институты – адамдардың меншікке, өндіріске,
материалдық және материалдық емес игіліктерді пайдалануға қатысты
қатнастарын реттейтін конституциялық нормалардың жиынтығы. Бұл қатнастарды
конституциялық реттеу олардың дамуына қажетті жағдай жасау және меншік иесі
мен кәсіпкердің құқықтарын бекіте отырып, оның жүзеге асуына құқықтық
кепілдік жасау жолымен жүруде.
1. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын
мүлкін жеке меншігінде ұстай алады.
2. Меншік, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі.
3. Соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды. Заңмен
көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін мүліктен күштеп айыру
оның құны тең бағамен өтелген кезде жүргізілуі мүмкін.
4. Еркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды
кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайданалуға құқығы бар. Монополистік қызмет
заңмен реттеледі ері шектеледі. Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады.
Конституцияның 26-бабының 1-тармағындағы ереже ҚР АК-нің 191-бабын,да
одан ері дамытылған, ол бойынша заңдарға сәйкес азаматтардың немесе заңды
тұрғалардың иелігіне жатқызылмайтын мүліктердің жекелеген түрлерін
қоспағанда кез келген мүлік жекенің меншігінде бола алады. Жекенің
меншігіндегі мүліктердің саны мен құнына шек қойылмайды.
Меншік құқығын иелену негіздері ҚР АК-нің 235 бабымен қарастырылған.
Атап айтқанда, жаңа дүниені меншіктеуге, егер шарттармен немесе жасалған
адамдар құқылы
Бұл мертебенің жаңалығы, жариялылығы, ҚР-ның территориясында таралуы
еліміздің экономикалық өмірінің қажетті факторы боп табылады. Кәсіпкерлікке
қадам Қазақстандық заңдарда жаңартылып қаралған. Оның дәлелі ретінде
конституциялық жағдайды айқындаушы және дамытуша Қазақстан Республикасының
Азаматтық Кодексін айтуға болады.
Саяси жүйелер институты саяси билікті жүзеге асырушылықпен байланысты
қатнастарды реттейді. Оның негізгі бастауы ретінде Қазақстан халқы
түсініледі. Саяси билік негізгі заң нормаларымен қаралған және бекітілген
саяси институттар арқылы жүзеге асады. Саяси жүйедегі Орталық билік
мемлекетке беріледі. Қазақстан Республикасының Конституциясының 3-бабына
сәйкес мемлекеттік билік тұтас билік бөлнісі қағидасына бағытталған
конституция негізінде жүзеге асады. Конституцияға сәйкес билікті жүзеге
асырушы ҚР Президенті, Парламент, ‡кімет, Конституциялық Кеңес, сот және
прокуратура органдары.
Саяси билікті жүзеге асыру механизміндегі қажетті звеналардың бірі
саяси партиялар боп табылады. Конституцияның 5-бабы.
2 Б¤ЛІМ Қ¦ҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ОНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ

Тарихи ескерткіштерде – мемлекет пен құқықтың бірлігі туралы
пікірлерді аз кездестірмейміз. Құқықтық мемлекет – жаңа кезеңнің жемісі. Не
ежелгі кезең, не орте ғасырларда құқықтық мемлекеттің не екендігін білген
жоқ. Әйтсе де ербір заңгерлер құқықтық мемлекет туралы идеялар өз тамырын
антикалық қоғамнан алады деген пікірге сүйенеміз. Құқықтық мелекеттің
Қазіргі тұжырымының негізінде неміс философы Канттың (1724-1804 жж),
француз құқықтанушысы Монтескьенің (1689-1755 жж) және басқа да 18-19
ғасырлардағы европалық ойшылдардың идеялары жатыр. Соның ішінде Гуго
Гроций, Спиноза, Дж. Локк, Дени Дидро, Ж.Ж.Руссо сияқты ойшылдардың
еңбектеріне көбірек сүйенеді. Бұл ойшылдардың ұсынуы бойынша абсолютизм
дәуірінде полицейлік, бюрократиялық мемлекетті жеке тұлғаның өзіндік
құқықтарына ие негіздегі құқықтық мемлекет алмастыру керек.
Құқықтық мемлекет жағдайындағы мемлекеттік билік пен жеке тұлғаның
өзара қарым-қатынасы абсолюттік мемлекетке қарағанда өзгешелеу, немесе
құқықтық мемлекетке мемлекеттік биліктің шектелуі және оның құқық пен
заңмен байланыстылығы тән.
Канттың тұжырымында құқықтық мелекет келесідей негізде: құқықтық және
өнегелік заңдардың бастауы ретінде ақыл және адамдардың бостандығы еркін
көрінеді; адам өзінің адамзат алдындағы жауапкершілігін сезінсе ол
моральдық тұлғаға айналады: өнегелік заңдарына негізделген құқықпен бір
тұлғаның бостандығы өзге тұлғалардың бостандықтарына нұқсан келтірмеу
мақсатымен адамдар қатнасының шегін айқындайды; құқық адамдар арасындағы
өркениетті қатнастарды қамтамасыз етуге арналған мемлекет – бұл құқықтық
заңдарға бағынатын көптеген адамдардың бірігуі; мемлекет тәртіпті
қамтамасыз етуші және тәуелсіздікке құрылады.
Монтескьенің мемлекеттік – құқықтық көзқарасы басқару нысаны
мемлекеттік құрылым нысаны заңдылық мазмұнын анықтайды дегенге саяды;
демократия принципі – ортақ игілікке деген көзқарас; жоғары билік халықта
болатын, халықтың еркін білдеретін, заңға деген құрмет, ерекерт етуші
тәртіпті сақтау, теңдікке негізделеді.
18-20 ғасырлардағы саяси-құқықтық доктринада қалыптасқан құқықтық
мемлекеттің теориялық конструкциясы билік бөлнісін заң шығарушы, атқарушы,
сот билігі деп жіктейді. Сондай-ақ құқықтық заңның үстемдігі, тұлға мен
мемлекеттің өзара жауапкершілігі, тұлғаның бостандықтары мен құқылығының
нақты кепілін бекіту көрінеді.
Көптеген негізгі түсініктер тарихи дамудың жаңа кезеңінде қайталанады.
Бірнеше жылдар бұрын “құқықтық мемелекет” ұғымы “социалистік құқықтық
мемлекет” ұғымымен ұқсастықта қаралған.
Құқықтық мемлекеттің мәнін терең түсіну үшін оның сыртқы көрінісін
сипаттаумен шектелмеу керек, арнайы принциптердің, институттардың,
нормалардың жүйесімен шектелмеген жөн. Құқықтық мемлекеттің мәні заңды
тыңдау ғана емес онда құқықтық мемлекеттің емес полейцейлік мемлекеттің де
кейбір белгілері кездеседі. Құқықтық мемлекеттің мәні - заңның сипатында,
оның заттардың құқықтық табиғатына сәйкестігінде, тұлғаның тәуелсіздігін
қамтамасыз етуге бағытталуында.
Құқықтық мемлекеттің мәні заңның сипатына тәуелді болып келеді. Гегель
жақсы заңдар мемлекеттің гүлденуіне септігін тигізеді, ал еркін меншік
оның көркеюіне негізгі шарты деп ерекше көрсетеді. 10.
Мемлекет пен құқықтық келіскен ерекеттестігін іздеу моделі, құқықты
саяси биліктің негізін іске асыратын құрал ретінде тануы, ерте заманнан
басталады. Соған сай идеялардың бастамасы ертедегі қытайдың Легистерінде
(Шан Ян – І‡ ғ.б.ғ. дейінгі) заңды ғана сараптаған, құқықтық мемлекеттің
мәжбірлеуінің нысаны ретінде емес, тек билікке оны орындаудың міндеттілігі
ескертіледі.
Құқықтық мемлекеттің негізгі идеяларының элементтері көне
оқымыстылармен құралған. Оларға: Солон, Гераклит, Пифагор, Платон,
Аристотель, Демокрит, Сократ, Цицерон сонымен қатар софистер, стоиктер және
рим заңгерлері жатады. Олардың басқару нысаны жөнінде дұрыс және дұрыс емес
ережелерге: табиғи және ерікті белгіленген құқық қатнастары, адамдардың
теңдігі туралы табиғи құқық, мемлекетті “халықтың жұмысы” құқықты
адалдықтың өлшемі ретінде есептеу, жеке және көпшілік құқық жатады. Жаңа
кезеңде, табиғи құқық доктринасының теориялық дамуына ықпал жасамады, екі
мың жылдарғы созылған кезеңдерде құқықтық мемлекет идеялары жетіле бастады.
Континенталдық Еуропада құқықтық мемлекет тұжырымдамасы
элементтерінің алғашқы кезеңі, құрылымына сай тарихи алғы шарттардың жоқ
кезінде өтті.
Жаңа кезең (уақыт) оқымыстылары (Н.Макиавелли, тирандармен күресушілер
Э.Боэсси т.с.с) бірінші болып, қоғамдық санаға ертедегі табиға құқық
доктринасын енгізе бастады, оның көптеген ережелерін жаңа тарихи жағдайда
дамытты. Олардың егеменді тәуелсіз ғылыми, құқықтың шығуы, еркіндік
тирандарға қарсы тұруға арналған халықтық қықығы, табиғи теңдік және барлық
адамдардың еркіндігі, жаңа ғылыми принциптегі мемлекет проблемаларын
зерттейтін теориялық негіз болды.
Жоғарыдағы көрсетілген жағдайлар, белгілейтін элементтердің мемлекет
пен адамға қатынасын табуға мүмкіндік берді – құқықтың принциптерінің
артықшылығын көрсетті. Бірінші рет оны (толық емес құрастырған) көрсеткен,
Гуго Горций болды. Оның ойы бойынша жақсылықтың және мемлекеттің қызметі
құқық принциптеріне сай болуы керек – деген ой И.Кантқа жатады. Халық
егенмендігінің қағидаларына сай, негізгі маңыздылығы, арқарушы биліктің,
заң шығарушыдан айрылғандығын және оның қызметін тежейтін принципті
белгілегенінде, яғни халық өзі туралы шешім қабылдай алады. И.Канттың мына
ойына құлақ салуға болады: заңның құқықа сай келуіне байланысты, мемлекет
құқыққа мәжбірлеугше мүмкіндік алады және құқықты өзінің өмір сүруі үшін
сақтайды. Р.Фон Моль бірінші рет, құқықтық мемлекетке анықтама бере отырып,
оны жаңа кейіпті конституцияда бекітілген азаматтардың құқығы және
бостандығы бар индивидтердің, сот қорғауы қамтамасыз етілген конституциялық
мемлекетке жатқызды.
Осы күнге анық түсініктемелердің біріне жататындар:
Құқықтық мемлекет - көпшілік-саяси биліктің құқықтық нысандағы құрылған
қызметі, индивиттермен құқық субъектісі ретіндегі оның қарым-қатынасы.
Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілеріне мыналар жатады: құқыққа
негізделген заңның жоғарылығы, құқықтың шындығы және индивиттердің
еркіндігі. Биліктің бөлінуі принципіне сай жалпы биліктің құрылуы және
қызметі.
Бірінші белгінің мәні, құқықпен заңды айыра көрсеткенде. Қандай
жағдайларда да мұндай бөлінушілік болған мен олардың негізгі мақсаттары
– заңның, ертүрлі нормативті актілерден және басқа да жалпы билік
қызметтерінің бір-біріне сай келуін қаматамасыз ету. Тек құқығы, заң
шығарудан тәуелсіз әлеуметтік феномент, жалпылама өлшем ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz