Ұлыбританияның жергілікті басқару органдары
Мазмұны.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
І- Бөлім. Ұлыбританияның негізгі заңы; даму тарихы, ерекшеліктері;
негізгі
заң салттарының ролі және соттың прецедент
ролі ... ... ... ... ... ... .
ІІ-Бөлім. Мемлекеттік билікпен басқарудың жоғарғы
органдары ... ... ... ...
1. Парламент: құрылысы және
қабілеттігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Ел басқарудағы монархтың
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. Үкімет пен
кабинет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...
4. Заң шығару
процесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...
ІІІ-Бөлім. Ұлыбританияның жергілікті басқару
органдары ... ... ... ... ... ... .. .
1. Жергілікті басқару органдарының түрлері мен
құрамы ... ... ...
2. Жергілікті басқару органдарының жұмысын
ұйымдастыру ... .
3. Орталық және жергілікті басқару органдары
салыстырмалы
түрде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Библиография ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе
Шетелдік мемлекеттердің тарихи дамуын олардың құрылысын, саяси жүйесін,
экономикасын, мәдениетін тереңірек зерттеу қазіргі уақытта, яғни Қазақстан
Республикасының өз алдына тәуелсіз ел болып, егемендік ел болған шағында
басқа мемлекеттермен сыртқы саяси және сыртқы экономикалық қарым-
қатынастарына кіруі шағында қажеттілік қана емес, заман талабы болып отыр.
Оның ішінде Ұлыбритания мемлекетініңде құрылысын, саяи жүйесін,
экономикасын, мәдениетін зерттеуге арналған осы дипломдық жұмыс ғылыми
түрдегі екі ел арасындағы жаңа заман талабына сай қарым-қатынастарды
арттыруға өз үлесін қоспақ.
Ұлыбритания – Европаның солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан дамыған
кариталистік елдердің бірден-бірі. Ол үш тарихи аймақты – Англияны, Уэльсті
және Шотландияны өзіне ендіреді.
Англия мен Уэльс ХІІІ –ғасырдың аяғында ХІV –ғасырдың басында біртұтас
мемлекет болып құрылған, ал Шотландия ХVІІІ –ғасырдың басында бір бөлігі
болып қосылды.
Ирландия Құрама Корольдық ХІХ –ғасырдың басында кірді, алайда 1922 жылы
Ирландияның оңтүстік графствосы өз алдына жеке мемлекет болып қазіргі
Ирландия Республикасын құрды.
Ирландияның солтүстік-шығыс провинцияларының алты солтүстік графствасы
Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Құрама Патшалығында қалды.
Осы елдің мемлекеттік құрылысын, оның орталық және жергілікті
органдарын, Негізгі Заңының ерекшеліктерін, заң шығару процесінің дамуын
зерттеу үлкен қызығушылық білдіреді.
Осы дипломдық жұмыстың мақсаты мемлекеттік басқарудың жоғарғы органы –
Парламенттің билігі мен құрылысын, ел басқарудағы монархтың ролін,
Үкіметтің жұмысын зерттеу және министрлер кабинетінің жұмысын талдап қарау
болып табылады. Осымен қатар заң шығару процессі қамтылып отыр.
Осы жұмысты Ұлыбританияның негізгі заңына да көп көңіл бөлінеді, себебі
Ұлыбритания мемлекетінің Негізгі заңының өз ерекшелігі бар, атап айтқанда
Ұлыбритания мемлекеті мен қатар тек қана Жаңа Зеландияда негізгі заң
жазылмаған болса да басшылыққа алынады.
Жергілікті басқару органдарының түрі, салалары және осы органдардың ара
қатынастары, сайлау , ұйымдастыру және басқа да ерекшеліктері мысалы
ретінде Манчестерлік қалалық кеңесінің, осы дипломдық жұмыста ашып көрсету
болып отыр.
Осы тақырыпта жұмыс істеу барысында заң құжаттарының жеткіліксіздігінен
қиыншылықтар кездесті.
Осыған қарамастан бұрынғы Кеңестер Одағындағы ғылыми зерттеу жасаған
ғалымдардың 1970- 1980-ші жылдардағы еңбектердің ескіргеніне қарамастан
дипломдық жұмыста біршама қолданылды. Сол кездегі Кеңес Одағының саясатына
сәйкес А.М. Некрия, Л.В. Поздееваның ( 1958 ж. ), Б.С. Крылованың ( 1961 ж.
), И.С. Крыловтың және басқа да ғалысдардың еңбектерінде сын көзбен
жазылған және әрдайым шынайы қорытынды жасалмаған.
Осымен қатар, Ұлыбритания мемлекеттінің құрамында біршама өзгерістер
болған, мысалы жергілікті басқару саласында. Аталған дипломдық жұмыс
тақырыбын жазу барысында негізінен көп көмегі тиген ағылшын, американ және
неміс ғалымдарының ғылыми еңбектері, атап айтқанда мемлекеттанушылар – Д.
Гарнердің, П. Бромхедтің, Дж. Харвейдің және басқалардың басылымға шыққан
әр мезгілдегі еңбектері пайдаланылды.
І – БӨЛІМ
Ұлыбританияның негізгі заңы: даму тарихы, ерекшеліктері; негізгі
заң салттарының ролі және соттық прецедент ролі.
Шет елдердің, оның ішінде Ұлыбритания да бар, мемлекеттік құқтарының
шығу тегі формасы жағынан да, мемлекеттік билікті құқты түрде басқару
маңызы жағынан да сан алуан. Бұған себеп мемлекеттік құқтың қиын да қарама-
қайшылықтарға толы сипаты.
Мемлекеттік құқтың негізгі шығу тегі Негізгі заңдары болып келеді.
“ Ұлыбританияның Негізгі Заңы ” деген түсінікті анықтауға Питер
Бромхедтің “ Британия Негізгі Заңының эволюциясы ” атты еңбегінде
төмендегідей үзінді тура келеді “... бұл заңдар, салттар және негізгі
заңдық келісімдер мемлекеттік органдардың саласы мен қызметтерін орнықтырып
қана қоймай, сонымен қатар мемлекеттік органдардың өзара қатынасын және
олардың азаматтармен қарым-қатынастарын реттейді ”[1]
Қазіргі уақыттағы әрбір мемлекеттерде негізгі заңдары жазылғы түрде, ал
бірақ Британияда салттар жинағы және мемлекеттік өмірдің ережелер жиынтығы
қолданылып келеді. Олар бірқатар заң актілерімен бірігіп мемлекеттік
басқару жүйесінің бір бөлігін құрайды. Бұл заң актілері өздерінің Негізгі
Заң актілері екендігіне қарамай статусы жоқ және де олар басқа заңдардай
өзгертілу тәртібі бір.
Соңғы 200 ден аса жылдар бойы әлемдегі жасалған Негізгі жазба заңдардың
барлығы да тарихи бұрқаныстар кезінде қабылданған, ал Британияда 1688
жылдан бастап қазіргі кезге дейін ешқандай бұрқаныстар болмаған. Сол
кездегі тарихи жағдайлар- патша Яков ІІ-нің қуылуы мен таққа Вильгелм мен
Мариидің отыруы- өз алдына төңкерістік сипат болды, осының негізінде
қазіргі күнге дейін қолданылып отырған Негізгі заңға ұқсас құқтар туралы
Билл ( 1689 ) пайда болды. Ол кезде ешқандай мемлекет жазылғы Негізгі заңы
болған емес, осы кездегі түсінік бойынша. Осыдан кейін тағыда бірқатар
заңдар қабылданды, мысалы: 1701 ж. Тақты мұраға қалдыру туралы Акт, бұл
заңдардың барлығы да өз заманының талабына сай болды. Сол кезден бастап
елдің Негізгі Заңдар жүйесіне қарама-қайшылықтарды бұза жүріп басқа да заң
актілері өтіп отырды, олар еш жүйесіз “ саяси өмірдің қалыптасқан шындығы
”[2] делініп қатталып отырды немесе олар негізгі заңдық келісімдер ретінде
өндірілген. Осы түсінік жиі қолданылып келді де оған еш анық мзмұн
берілмеді. Басқа елдерде жазылғы заңдарды қалыптасқан кездеде 1973 жылға
дейін Британияда осыны жақтаған жақтар өз дегендеріне жете алмады.
Негізгі Заң принципінде мемлекеттік органдардың қабілеттігін анықтау
қажет. Британия мемлекетінде әр саладағы мемлекеттік органдарының
қабілеттігін негізгі заңның келісімдерінде немесе статутында табуға болады,
бірақ мемлекеттің тұсінігі туралы анықтама жоқ. Осының орнына Ұлыбритания
мемлекетінде бұдан да тиянақты шынайылық – жоғарғы патшалық билік, яғни –
Тәжі бар. Жоғарғы билікте алдын-ала билік мүмкіншілігіне шектеу жасалмаған.
Қалыптасқан салтқа сәйкес Ханша өз халқына қарсы әрекет жасамайды.
Алайда нормандардың шапқыншылығынан кейін билеуші монара шешімді шығарар
алдында мемлекет мүшелерімен және топтармен ақылдасып солардың кеңесін
іске асырады. Бірақ билеуші монарх өз тарапынан қалыптасқан салтты бұзып
шешім қабылдап әрекет жасаса, оны үкімет билігінен алған.
Осы тұжырымдардың арасынан 1689 жылғы құқтар туралы Билль негізгі орын
алады. Билльдің тақырыбы төмендегідей нұсқау жасайтын деклорациядан
басталады: Яков ІІ патшасының кейбір әрекеттері “
Патшалықтың құқтары мен бостандықтарына кесірін тигізді ”, сонымен қатар “
Патшалықтың қалыптасқан заңдарына, статуттардың, бостандықтардың нәсіліне
деректі және тікелей бұзушылығын ” енгізді деген мәлімге келген. Жоғарыда
көрсетілген Патшаның құқтарға қайшылығы оның қалыптасқан дәстүрлерді
бұзғандығын және Билльде осылай ереже бұзушылықты бұдан былай жібермеуге
келісілген. Билльде Патшамен Парламенттің құқықтылығы мен оның іс-
әрекеттерін шамалауды дұрыс деп санамай: Тәжінің финанстық құралдарын
Парламенттің келісімінсіз жұмсауына жол бермеу; қолданылма әскерді
бейбітшілік уақытта қолдануына және жұмсауына кедергі болуы бекітілген.
Билльді қабылдау Парламенттің немесе Патшаның Парламенттегі қызметін
шамалаған емес. “ Билльді құрушылар айдан анық жорамалдан туындап отыр,
егер де Парламент еркін түрдегі сайлаумен сайланса, егер де оның ішінде сөз
сөйлеу бостандығына кепілдік болса және Парламентпен салық салу, заң шығару
және әскерді ұстау мәселелері шешілетін болса, онда қосымша кепілдемелер
енгізу қажеттілігі тумайды ”.[3]
Ұлыбританияның Негізгі Заңына оралар болса, оның жеке элементтерінің
ара қатынасына тоқтала кеткен жөн.
Жазылмаған Негізгі Заң жазылған заңның көлеміндей болып келеді.
Ұлыбританияның Негізгі Заңы басқару формасын, мемлекеттік құрылым формасын,
жоғарғы билік органдарының құрылысын, жеке адамның құқықты тұрғысын және
тағы басқа өзіне қамтыған. Алайда оның ұсынылымы жоғарыда көрсетілгендей
бір құжатта емес, үлкен шамадағы құқтардың шығу тегінде жатыр.
Британияда қысқа мерзім арасында ( 1653 – 1660 ж.ж. ) О.Кромвельдің
басқару құралы –жазылған Негізгі Заң іске келген. Бірақ ол Британ Негізгі
Заңдылығының дамуына ешқандай із қалдырмады. Ұлыбританияның қазіргі
уақыттағы Негізгі Заңы ( немесе Негізгі Заң актілері ) толтырылып,
өзгертіліп отыр. Ол бірнеше негізгі бөліктерден тұрады: статуттық құқ,
жалпы құқ, негізгі заң дәстүрлері. П. Бромхед ағылшынның құқықтылық
жүйесін, оған статуттық құқ пен салттарды қоса, төмендегідей көрсетіліп
отыр: ол жалпы құқты қабырға мен теңеп отыр, “ әрқашан да қосымша кірпіштер
қаланып отырғандай ( соттардың жаңа шешімдері, прецеденттері секілді ) және
де ол қабырғаға жаңа жазулар ( қолданылма заңдардың аттары сияқты )
секілді. Бірақ қазіргі уақытта ол қабырғаның беттері жазбалары жаңа
заңдардың қосылуынан емес, жаңа сот прецеденттерінің қосылуынан толып тұр
”.[4]
1. Статуттық құқ. Бұл топтың шығу тегіне бірқатар көне актілер мен
біршама негізгі заң сипатындағы парламенттік заңдар кіреді: 1215 ж. Ұлы
еркіндік хартиясы, 1628 ж. Құқтық петиция, 1589 ж. Құқтар туралы Билль,
1911 ж. және 1949 ж. Парламент актілері, 1968 ж. ұлттық қатынас туралы
акті, 1972 ж. жергілікті басқару туралы акті және басқалары. Парламенттің
статусы өз алдына лауазымды адамдардың және азаматтардың құқтары мен жаңа
міндеттерін өзгертіп отырады және саяси жүйенің бөліктерінің қатынастарында
өзгертеді.Бұл процесс үзіліссіз.
2. Жалпы құқ. ( соттық құқ, прецеденттік құқ ) Бұл норман
шапқыншылығынан кейінгі барлық Англияға арналған құқ, бұл патшалық соттар
мен құрылған және бұл салтты құққа қарсы бағытталған. Ол заңға
негізделмеген, ал жалпы құқтың заңды ошағы доктрина болады, ол соттың
бұрынғы шығарған шешімдеріне негізделген.
3. Негізгі Заңдық дәстүрлер. ( негізгі заңдық келісімдер немесе
конвенциялық нормалар ). Бұл саяси практика ережелері, оларды осыған
қатыстылар бұлжытпай орындайды және оларға міндетті түрде болады. Басқа
сөзбен айтқанда, негізгі заңшың дәстүрлері – ережелер, олар мемлекеттік
заңдармен құқтыланбаса да, мемлекеттік органдардың күнделікті қызметі
барысында және басқару тұрғысында қолданылып келеді. Негізгі Заң
дәстүрлерін кейбір кездерде негізгі заң келісімдері, конвенциялық
нормалар, негізгі заңдық мораль деп атай береді.
Осы көрсетілгендермен қоса, Доктриналық шығу тегі де бар – бұл атақты
ғалымдардың көзқарастары, оларға негізгі заңда ұңғылар болып, оны статуттық
құқпен толтыра алмаған жағдайда, қолданылады немесе сот шешімдерінің
тіркелген жинағымен толтырылмағанда.
Сонымен, біз Британ Негізгі Заңының формасы жағынан қосылымды түрде,
жүйесіз сипаттағы түрде екендігін және жазылмаған тұратынын көріп отырмыз.
Жазылған бөлігі – бұл әр кезде қабылданған Негізгі Заңының статутын
құрайтын актілері ( 1215 ж. Ұлы еркіндік хартиясы, 1689 ж. Құқ туралы
Билль, 1911 ж. және 1949 ж. Парламент туралы заңдар, басқа да актілер және
тағы басқа ). Бұл жазылғы негізгі заңдарға негізінен азаматтардың құқтары
мен бостандықтарын реттейтін сот шешімдері де кіреді.
Негізгі Заңның басқа бөлігі жазылмаған түрде, яғни заңды түрде
құжаттарда бекітілген емес. Мағанасы жағынан оны құрайтын нормалар –
Негізгі Заңның маңызды бөлігі болып келеді.
Британ Негізгі Заңының ерекшелігі оның икемділігінде Ұлыбритания
Негізгі Заңын қарама-қайшылықтарға толы, мағынасыз деп те айтады. Оның
икемділігі оны қолдану үстінде өте пайымдылығында. Ол қосымша енгізуге және
өзгертуге процедураларына тиімді. Бұл үшін көптеген қарапайым тәсілдер бар
– парламенттік заң қабылдаудан жаңа сот прецеденттерін жасауна дейін.
ІІ – БӨЛІМ
Мемлекеттік билік пен жоғарғы органдары.
Елді бір орталықтан басқарудың процесін жалпы көріністе қарап өтейік.
1. Парламент: құрылысы және қабілеттілігі.
Ұлыбританияның Парламенті, лордтар палатасы мен қауымдастық палатасынан
тұратын, англияның мемлекеттік механизмінің бірден - бір маңызды бөлігі
болып келеді. Қауымдастық палатасы жалпыға бірдей сайлау негізінде
құрылады. Лордтар палатасы сайлаусыз негізде құрылады.
Парламент формальды түрде жоғарғы заң шығару қабілеттілігімен бөлінген.
Бұл деген тек қана Парламентте заң шығару, өзгерту немесе алып тастау құқы,
бюджетті қалыптау, салықтар өндіру және үкіметке негізгі құралды жұмсауына
рұхсат ету құқтарына ие. Ол формальды түрде үкіметке бақылау жасайды және
егер оның жұмысы Парламенттің ықпалынан шыға алмаса оны шеттете алады.
Парламент сонымен қатар соттың қызметтерінде жүзеге асыра алады. Ал ісі
негізінде, парламенттің көрсетілген барлық міндеттері тек кабинеттің
қолдауымен және бақылауымен ғана іске асады.
Қазіргі кездегі Парламент өзіне тән бірқатар ерекшеліктерімен
мемлекеттің басқа орталық органдарының арасында жеке дара орнын алады және
ол Ұлыбританияның ең көне мемлекеттік органдарының бірі болып есептеледі.
Парламент ХІІІ аяғы кезінде пайда болып, сол уақыттан бері еш үзіліссіз
жұмыс істеп келеді, англия қоғамның саяси тарихында.
Англияның Парламенті мемлекеттің маңызды органы болып отырып: алдымен
феодалдық мемлекеттік сославиялы – дәстүрлі органы болған, содан соң,
капиталистік өндіріс тәсілінің дамуына қоса буржуазиялық мемлекеттің
класстық органы болады. “ Англияның буржуазиясы парламентті көп, ұзақ уақыт
бойы өзінің тиімді және іскер құралы ретінде қарап көріп келеді ”.[5]
Енді біз Парламенттің бірден-бір палатасы – лордтар палатасының
құрылысы мен қабілеттілігін қарап өтейік.
“ Лордтар плптасына герцогтар, маркиздер, графтар, виконттар, барондар,
епископтар, яғни ағылшын двориянствосының “алтын кітабына” жазылғандар
(ролл) кіреді. Бұлар парламент пэрлары. Бірақ бұл пэрлардың бәрі бірдей
ордтар палатасына кіре бермейді, яғни мәжілісіне қатыса алмайды. Оның
ішінде кәмілетке толмағандарға, лордтардың өздерімен палатадан қуылған
пэрларға; фелония мен мемлекетті сатқаны үшін сотталғандарға; шет елдік
пэрлер мен банкрот болған пэрларға шектеуленген ”.[6]
Және де сонымен қоса Ұлыбританияның Парламентіндегі ерекшеліктерінің
бірі болып келетіндей, осы лордтар палатасында орын алу орта ғасырдан қалып
келе жатқан дәстүр бойынша мұрамен қалдыру немесе мұраға алу да қолданылып
келген.
Лордтар палатасының мәжілісіне Лорд - канцлер - үкімет мүшесі -
жетекшілік етеді. Лордтар палатасының бір бөлігі – пэрлар. Бұл атақ премьер-
министрдің ұсынуымен монарх пен тағайындалады, яғни бұл атаққа премьер-
министрдің жаққан адамдары ие болады. Бұл адамдар кей кезде көрнекті
консерватор немесе либерал саясатшылар, кей кезде жоғарғы орындардағы шен
иелері. Алайда осының ішіндегі жиірек кездесетіндері - байлық иелері.
Лордтар палатасы белгілі бір шамада өзіне анорхизмді жүйелеп келді,
яғни белгілі бір тәртіпті емес. Оның құрамына шіркеудің жоғарғы шендері –
26 дін пэрлар кіреді, ( архиепископтар, кентербергиялық және йорктік және
24 епископ ) жоғарғы аппелияциялық соттың 9 лорды, аристократиялық 818
мұрагер пэрлар ( 5- қандық ханзада, 27 герцог, 38 маркиз, 203 граф, 138
виконт, ал қалғандары барондар ). Сонымен қатар лордтар палатасына 300 - өз
атақтарын отан алдындағы борыштары үшін алған - өмірлік пэрлар, (
өндірісшілер, банкирлар, ғалымдар, артистар, жазушылар, дипломанттар және
басқалар ) кіреді. 1911 ж. және 1949 жылдардағы Парламенттік актілермен
лордтар палатасының құқтары шамалы шектеуде болады. Оның негізгі міндеті
қауымдастар палатасымен ендірілген заң нұсқаларына түзетулер мен қосымшалар
енгізу болады. 1949 жылдан лордтар палатасында тек жалпылама вето, яғни
қауымдастық палатасымен ендірілген заң жобаларына олардың қабылдануына
қысқа түрде шақтау құқы ғана қалды, ал оның алдында осы лордтар палатасы
қауымдастар палатасымен ендірілген заң жобаларын толық қайтаруға құқты еді,
парламент ішінде. Лордтар палатасы өзінің тумасынан төменгі қауымдастар
палатасына қарама-қарсы салмақта болып келеді. Олардың осы салмақты ұстап
оны заңды негіздеп келген қаруы – жалпылама вето және заң жобасыны шамадан
тыс көп түзетулер ендіру құқы. Ал төменде көрсетілгендей қауымдастар
палатасында үкімет мүшелері басым болғандықтан негізгі қарым-қатынастар осы
лордтар палатасымен үкіметтің арасында болып отыр.
Оның ішіндегі өзін әлдебір партияларға жақын ұстайтындардың ара
қатынасы 3:1 болып консерваторларға ауып отыр. Ал үкімет лейбористік
партиядан болғанда лордтар палатасы қарсы салмақты болады.
Соғыстан соңғы жылы Ұлыбританияда лордтар палатасын қауымдастар
палатасына қосымша беріп ендіру көзқарастары болды. Ол көзқарас әсіресе
1948 жылғы партияаралық конференцияда, парламенттік реформалар туралы сөзде
қозғалды. Алайда қазіргі уақытқа дейін ол көзқарас өз дегеніне жете алмай
отыр. Ол түсінікті де, себебі ол лордтар палатасы өзінің қауымдастар
палатасына деген қарсылық салмағын жоғалту деген сөз, яғни дәстүрлік
Парламенттің жұмыс істеу қабілеттігін төмендету мен бірдей. Осындай
көзқарасты жүзеге асыру үшін лейбористтер партиясы үкіметте басым болған
кезде, 1968 жылда, олардың лордтар палатасын реформалау жобасында
көрсетілді. Алайда бұл мәселе іске аспады, соның нәтижесінде осы уақытқа
дейін лордтар палатасы өзінің 1911 жылғы тұрғысында қалып отыр.
Енді ағылшын парламентінің төменгі жағдайдағы палатасы – қауымдастар
палатасының құрылысы мен құқтық қабілетін қарастырып өтейік.
Қауымдастар палатасының құрылуына бақылау болатын негізгі институт –
екі партиялық жүйе.
Формальды түрде британ парламентінің қауымдастар палатасына
Ұлыбританияның кез келген 21 жасқа – кәмелетке толған азаматы кандидат бола
алады. Парламентке кандидат бола алмайтындар, олар: - пэрлар, дін иелері,
мемлекет қызметіндегілер, соттар, шет ел азаматтары және банкроттар,
қылмыскерлер, есі сау еместер және басқалай соларға теңелгендер, яғни
қауымдастар палатасының мүшесі болу құқы жоқтар. Бірақта кез келген адам
депутат бола алмайды. “Екі партиялық жүйе жағдайында сайлау округінен не
консерваторлардан, не лейбористерден өтетіндердің мүмкіндігі көп ”.[7]
Екі партия да кандидат болып өтетіндер тек партияның басшы топ мүелері
ғана, ал жергілікті партия орындарынан кандидат болып өту солай парламент
мүшесі болу мүмкіндігі өте аз. Сайлау компаниясы кезінде консерваторлар
негізінен көп сомаларын шашады, сайлау алды үгітіне.
Ағылшынның сайлау жүйесі сайлаушылардың дауыс теңдігін қамтамсыз
етпейді. Қауымдастар палатасы формальды түрде 650 мүшелік орнына жалпыға
бірдей, тікелей тең және жасырын сайлау жолымен 5 жылдық мерзімге
сайланады. Ал шындығында сайлаушылардың сайлау округтерінің бірінен бір
ғана кандидатты сайлайды, ал ол сайлау округтерінің сайлаушылар саны әр
түрлі.
Сайлау көптік қатынтастағы таториталық жүйеде, округ бойынша
басқаларына қарағанда көп дауыс жинаған кандидат жеңіп шыққан болып
есептелінеді. “ Ағылшынның мемлекеттік доктринасы импераивті мандатқа, яғни
депутаттың өзін сайлаушыларына міндетті қарауына, терісқарайды ”.[8]
Сайлаушылар депутаттың Парламенттегі жұмысын бақылауға ала алмайды, оны
шақыртып немесе оған өз талаптарын күштеп арта алмайды.
Ұлыбритания Парламентінде консерватиялық және лейбористік ішкі
функциялық топтар да жұмыс істейді, олардың жұмыстары партияларының
жарғыларымен қамтылған, олардың жпупкершіліктері де онда көрсетілген.
Қауымдастар палатасында партиялық комитеттердің мәжілістері палатаның
іскерлігіне өз маңыздылығы мен ықпалын белсене араластырып отыр.
Үкіметтің қауымдастар палатасында өз беделін одан ары асыруы мен қоса
осы палатадағы өз билігін одан бетер ықпалдату үшін лауазымды иесі адамы
керек болды, ол үшін консерваторлық партия мен лейбористтердің
фракцияларының идеялық жағынан жақындасуы да себепкер болды.
Үкіметтің қауымдастар палатасындағы осындай органы болып сол палатаның
лидері – жеңіп шыққан партияның басшысына ең жақын партия қайраткері
тағайындалады.
Қауымдастар палатасында лидерден басқа және бір лауазым иесі – спикер,
онымен қатар – спикердің орынбасары. ( басқа түрде “жолдар мен құралдар
комитетінің төрағасы ”) және оның орынбасары тағайындалады. Олар палатамен
депутаттар қатарынан сайланады.
Парламентті шақыру мен тарату секілді маңызды мәселелерді, негізінен
премьер-министр шешеді, ол және парламент сессиясының жоспарын кабинетпен
бірге отырып қарайды.
Үкімет автоматты түрде өзінің мүшелерінің көптігін қолдана отырып,
қауымдастар палатасымен шешілетін істерді өзіне лайықты болатын процедура
арқылы шеше алады. Қауымдастар палатасының өзі ішкі комитеттер жүйесінен
тұрады, көмегі мен үкімет палатаның істерін бақылап және бағыттап орырады.
Палатадағы бұл комитеттер өздері тұрақты, сайлаулы, сессиялы, жіктеп
алынулы болып бөлінеді. Сонымен қатар, Парламенттің екі палатасымен қатар
құрылған қосынды комитеттер де бар.
Осы қауымдастар палатасының заң шығарар принциптеріне де нұсқап кеткен
абзал.
Фоормальды түрде Парламент жоғарғы заң органы болып есептелінеді. Заң
шығару оның негізгі міндеті. Тек Парламент қана шектеулі шама аактілерін “
Акт парламента ” ( заң ) сияқты құқына ие. Ал іс барысында заң шығару
бетінде жоғарылық туралы және қазіргі уақытта қауымдастар палатасымен өз
алдына заң шығару бтлігі бакер. Үкімет өз алдына қатыстырма заңдар шығару
арқылы, қауымдастар палатасының заң шығару қабілетін өзіне ауыстырып алған.
Сонымен қоса үкімет қауымдастар палатасындағы заң шығару процессін бақылап
отырады, солай осы палатаның заң шығару қабілетін жіңішкерте түседі.
Сонымен қатар палатадағы заң жобасын талқылауды ескермей кетуге де
болмайды. Ол бірден-бір депутаттардың өз үлестерін заң шығару процессінде
көрсетуге жолы болып келеді. Олар өздерінің осы қатысулары арқылы
палатадағы заң шығару өзегіне, жарыса сөзге келіп және бұқаралық тарату
жолымен осы процесске өздерінің деген көзқарастарын көрсете алады. Осы
жұмыс барысында қолданылып отырған Б.С. Крыловтың көрсетілген еңбегінде, ол
былай деп атап кетіп отыр “ Талқыланып отырған жобаға, оны талқыға салу
барысында осындай сөз таластардың талқылануға жататын жобаға ғана емес,
сонымен бірге бұқараға да өз алдына қатысты екендігін айта кеткен жөн ”[9]
Осылай деп онымен бірге атақты ағылшын заңгері, Ноттингем
университетінің профессоры Д. Гарнер көрсетіп отыр. “ Парламент, ғылыми
түрде болса да, қайткенмен де атқарушы билік жұмысына өз төрелік жүргізеді
және оны толық бақылауға алады. Алайда осы кезгі партиялық саяси машинаның
өтімділігінен және парламенттің уақытының жетіспеушілігінен, бұл бақылау
бергі шамада тезсіз, жүйесіз және қайтарымды емес. Соған қарамастан
тәжірбелі парламент мүшесінің қолында парламенттік сұратым салу және
талқыланып отырған жобаның жөнінде сөз таласын созып, солай үзіліске тап
қылу ( бірақ осы арада оны дауысқа салдырмай ) сияқты құралдары бар, осылар
мен ол өте өтімді парламент болса да, яғни үкімет болса да оның жұмысына
біраз қиындықтар туғыза алады ”.[10]
Қауымдастар палатасындағы заң жобасының талқыланудан өтуі туралы
көрсете кетіп, палатадағы бұл процесс жобаның өзінің түріне қарасты екенін
айтып кеткен дұрыс. Ағылшынның негізгі заңына сай барлық заң жобалары
өздерінің шешер мәселелеріне қарай екіге бөлінеді: бұқаралық және жеке
азаматтық болып. Бұқаралыққа барлық елді қамтитын заң жобалары жатады да,
ал жеке азаматтыққа – жеке адамға қатысты және тек жергілікті мәселе
шешетін заң жобалары жатады.
Билік атқаратын аппараттың күшейуі парламенттің көпжоспарлы жағдайына,
оның саяси үстіңгі құрылысы мен құқындағы тұрғысына өз ықпалын тигізді.
Монополиялық капитал мен атқарушы билеушілердің қосылуымен және саяси
өмірдегі екі партиялық фракцялардың жетекшілерінің жауапкершіліктерінің
дамуы парламенттің өз бетімен шешім қабылдауына кедергісін тигізбей
қоймайды. Бұл жағдайлар буржуазиялық демократияның жалпы механизміне де өз
ықпалын жүтеді. Алайда парламенттің ықпалының екінші қатарға шығуы оның
белсенділігінің төмендеуінен деп көрсетпейді. Қазіргі уақытты ағылшынның
саяси қайраткерлері мен идеологтары Парламенттің осыдан шығу жолын
іздестіруде, ол жол бар да. Ондай жол Парламенттің дәстүрге ттолы
ұйымдастырушы күшінде болып отыр. Қазіргі кезде де Парламенттің әрбір
сессиясы ашылар алдында Тәждік сөз алу бар. Бұл күн өз алдына монархтың
парламенттің есігін ашар жалғыз күні. Оның тәждік сөз алуын есітуге екі
палата мүшелері де лордтар палатасына жиналады. Солай ашылудың бірінші күні
салтанатты түрде өтеді.
Жоғарыда атап өтілгендей қауымдастар палатасының ішіндегі үкімет
мүшелерінің көп болуы өз алдына оның билік қабілеттігін төмендеткен
парламент ішінде осы палата алдыңғы роль ойнайды. Атқару органдарының
өздерін кеңейтуіне негіз олардың Парламент алдында өз тәуелсіздігін орнату
мақсаты ьолып келеді және оны бақылауды ттолықтандыру болып отыр.
Қазіргі уақытта Үкіметтің Парламентті бақылау негізінен 4 түрлі
тәсілмен жүзеге асыралады. Ол: парламентте үкіметте басқарушы партияның
болуымен; парламенттің жұмыс уақытын қадағалаумен; билік атқарушының заң
шығару жағынан кең қабілеттерін қолдану және де парламентшілердің беріліп
отыратын хабрлардың негізінде.
Патшалықтың іс есебіне оның қалдырылған, Тәжіден, қабілеттілігімен ғана
айыруға болады. Алайда Тәжіге жүктелген құқтылықтардың бір қатарын оның ұлы
мәртебесі, тек министірлер кеңесінің қатысуымен ғана шеше алады. Ал
төмендегідей мәселелерді ол парламенттің келісімінсіз де шеше алады, олар:
шетелдік державалармен келісімге отыру, кешірім ету құқы, оны жүзеге асыру,
құрмет белгілерін беру, Тәждің еркіндік шекарасын ұлғайту, қарулы күштерге
жетекшілік ету, соғыс жариялау және бейбіт келісімге келу осыларды
парламентпен заң шығарту жолымен ғана емес өз алдына шеше алады. Егер осы
құқтарын жүзеге асырған соң оны заңдылау қажет болса, онда Кеңесте жарлық
шығару арқылы да жүзеге асады.
Монах министрлер кеңесінсіз және оларға сенусіз ақ өз алдына, жеке өзі
шешім қабылдау құқын да иеленген. Бұл оның тек құрмет белгілерін беру
құқымен ғана шектеледі.
Және де Негізгі Заңдық ерекшеліктердің бірі ретінде оның ұлы мәртебесі
премьер-министрдің, ал ол егер қауымдастар палатасында көпшілікті бағып
отырса, тіпті, сұрауымен өз құқтылықтарының онымен қолдануға береді, мысалы
парламентті таратуды және монархтың министірді, премьер-министірді де өз
бет алдымен қуып шығаруына құқы бар, бірақ оның бұл құқтылығы соңғы
көптеген жылдар бойы іске асып көрген емес.
2. Ел басқарудағы монархтың рольі.
Англия парламенттік монархия елі, яғни ұлы мәртебелімнің билігі тек
парламент пен министрлер кабинеті арқылы ғана іске асырлады. Ұлыбританияның
қазіргі патшалық етуші ханымы-Елизабет ІІ, Виндзор тұқымына жатады. Оның
әкесі Герцог VI Виндзор, император атындағы ағылшын патшаларының соңғысы.
Ханым 1926 жылдың көкек айының 21 жұлдызында дүниеге келді. Ол әкесі өлген
соң 1952 жылы ақпан айында таққа отырды. Оның күйеуі – ханзада – консорт –
герцог Филипп Эдинбкрский. Ханымның балалары: мұрагер ханзада Чарлз
Уэльский, ханша Анна, герцог Эндюр Йориский, Эдуард.
1952 жылдан ресми түрдегі патшалық атақ былай дейді: “ Елизаветта ІІ,
Құдай сүйген Құрама патшалықты және Солтүстік Ирландияның және басқа
патшалықтар мен жерлердің ханымы, Достастықтың Басы және сенімнің қорғанышы
”.
Осы бір атақтың өзінде де тәуелді патшалық биліктің саяси сұры ашылып
тұр. Ханым – Британ Достастығының Басы. Қазіргі уақыттағы оның құрамына
кіріп отырған мемлекеттердің кейбірі өз алдына тәуелсіз болып отырған
кезде, Англияның билеуші топтарына парламенттік монархия тіптен қол ұшы
болып отыр, себебі ол саяси келісімдерге келуге де өте қолайлы.
Англия буржуазиясына монарх ол қай бір Шатыр іспеттес, астын монополия
өз дегеніне жетіп отырған. Ал көпшіліктік тиімділік жағынан, ол өз алдына
жұбаныш, ресми түрде оны мәртеделеу, оны еректұлға санау, оның “
әділеттілігін ” мадақтау, оны Құрама патшалықтың азаматтық бейбітшілік
әлпетінде көреді. Жұмысшылар партиясы ролін орындап жүрген лейбористтік
партия да патшалықтың қызметін билігін қолдап отыр. Оның осы ролін олар
монархияның “ еш жамандығын жоқ ”, “ патша патшалық етеді ” басқармайды
деген принциптерге балап отыр. Осының арқасында ол билемейді, яғни өз
бетімен шешім қабылдамайдыға келтіріп отыр. Бірақ бұл шындықтың бір пұшпағы
ғана. Негізгі Заңдық дәстүрлердің бірі ретінде ол патшалық пререготивасын
іске асыра отырып, министрлердің кеңесін тыңдай отырып және олармен ілесе
отырып билеу мүмкіндігі болғанмен сол министрлердің өздері қауымдастар
палатасына есепті. Осының негізінде оның осы қимылдарының өзіне тиімді
саяси бақылау жүргізілуде. Пререготива әрдайым “ тұра нұсқайтын немесе
іштей байқайтын түрдегі парламент актілерімен ” көлемі жағынан кішіріле
алады.
1832 жылғы реформалардан бері кабинет тағдырын тәжі, “ партиялық
айтыстардан жоғары ” екендігі жағынан ойламайды.
1941 жылдан бастап патшалықты билікті бұқаралық басылымда немесе
парламентте сынауға тиым салынады. Бірақ та әрбір заң үшін жауапкершілікке
алынатын тәж емес, министрлер кабинеті не бірден – бір министр. Ратшалықтың
қызметі қазіргі кезде төмендегідей.
Тәж жалпыға бірдей сайлау нәтижесі бойынша премьер-министрді
тағайындайды. Ал бірақ бұл таза формальды түрде солай, ал негізінде премьер-
министр болып сайлауда жеңіп шыққан партияның жеткшісі болады, негізінде
егер бірнеше кандидатураның бірі таңдау керек болған жағдай туса ғана Тәжі
өз ісіне енеді ( негізінен бұрын солай болған ). Англияның тарихында тәжі
ашық түрде саясатқа қатыспай-ақ өз ықпалын артып отырған уақыттар
болған.[11]
Патшалықтың міндетіне сонымен қатар парламентті тарату ( премьер-
министрдің ұсынысымен ), жаңа парламентті шақыру, оған тәждік сөзбен қарау
( министрлер кабинеті жасаған). Монарх формальды түрде қарулы күштермен
басқарады. Тәж құрмет белгілерін таратады. Бірқатар жағдайларда патшалық
етушінің өзінің қатысушылығы, араласы, көп мәселені шешеді. Мысалы,
парламентте күш айырмасы қауымдастар палатасы мен лордтар палатасы алдында
салмақталса, бұл жағдайда премьер-министр монархтан лордтар палатасына
басқа жаңа лордтарды тағайындауын өтінеді. Бұл жағдайда Тәжі парламентті
таратып жіберуге құқылы және жаңадан сайлау өткізуді талап етуге.
Тәжі атынан министрлерді, жоғарғы соттық соттарын және жоғарғы
мемлекеттік орынбасарларды және шіркеулік аймақтарды тағайындайды,
тиындарды бастырады, корпорацияларды ұйымдастырады. Қабылданған әрбір Билл
Ханымға қол қоюға ұсынылады.
Ханымның жанұясы үлкен мөлшердегі кіріске ие. Ханым – ірі жер иесі,
оның иеліктері елдің әр жақтарында орналасқан. Сонымен қоса Ханымға
парламент құнды қағаз бет береді, оның құны жылына 400-500 мың фунт
стерлинг тұрады. Ханымның туыстары да сондай құндарға ие.
3. Үкімет пен кабинет.
Англияның мемлекеттік және саяси құрылысында жетекші рольді министрлер
кабинеті ойнайды. Англияда шынайы негізгі билік осы министрлер кабинетінде.
Кабинет, біріншіден, заң ұсыну алғы шартын алған, яғни парламенке ол
биллдар ( заң жобаларын ); екіншіден, кабинет парламент жұмысын бақылап
отырады, кабинеттен оның таратылуы мен шақырылуы ықпалды; соңында, кабинет
атқару билігін жүргізеді, билеуші партияның платформасына сай.
Заң шығарудағы оның қызметі сол, ол парламенттің бекітуі үшін заң
жобаларын құрастырып алып кіреді. Ал қаржылық заң жобалары түгелдей
кабинеттің өз қолында. Осыған сай кабинеттің қабылдаған заң қаржылық
жобалары еш түзетулерсіз тез ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz