БӨТЕННІҢ МЕНШІГІН ҰРЛАУДЫҢ ТҮСІНІГІ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І. БӨТЕННІҢ МЕНШІГІН ҰРЛАУДЫҢ ТҮСІНІГІ . . . 8

1. 1. Ұрлықтың түсінігі . . . 8

1. 2. Ұрлықтың қылмыстық құрамы . . . 13

ІІ. БӨТЕННІҢ МЕНШІГІН ҰРЛАУДЫҢ ТҮРЛЕРІ . . . 19

2. 1. Жай ұрлау . . . 19

2. 2. Мән-жайды ауырлататын жағдайда жасалған ұрлық . . . 20

2. 3. Мән-жағдайды өте ауырлататын жағдайда жасалған ұрлық . . . 25

ІІІ. ҰРЛЫҚТЫҢ БӨТЕННІҢ МЕНШІГІНЕ ҚАРСЫ ҰҚСАС

ҚЫЛМЫСТАРДАН АЙЫРМАСЫ . . . 32

3. 1. Ұрлықтың тонаудан айырмасы . . . 32

3. 2. Ұрлықтың қарақшылықтан айырмасы . . . 34

3. 3. Ұрлықтың қорқытып алушылықтан айырмашылығы . . . 35

3. 4. Ұрлықтың алаяқтықтан айырмашылығы . . . 37

ІV. БӨТЕННІҢ МЕНШІГІН ҰРЛАУҒА ҚОЛДАНЫЛАТЫН

ЖАЗА МӘСЕЛЕЛЕРІ . . . 40

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 46

СІЛТЕМЕЛЕР . . . 49

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 50

КІРІСПЕ

Жетпіс жыл бойы билеген тоталитарлық жүйенің ыдырауы бүгінде егемендік алған барлық Республикаларға шешімін іздер көптеген проблемалар сыйлады. Сол өзекті мәселелердің бірі, әрі бірегейі - қылмыс. Бүгінгі күні айрықша алаңдатып отырған жағдай қылмыс тек қана қоғам үшін ғана емес, мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіріп отырғаны шындық. Оған қарсы күрестің қауқары жоқ деп айтуға болмас, дегенмен мүлдем ауыздықтаудың мүмкіншілігі болмай отырғаны және ақиқат. Оған түрлі себептер бар.

Нарық қатынасы қоғамға жаңаша өзгеріс әкелді. Осы қатынастарды реттейтін заңдар толық күшінде жұмыс істемейінше, қылмыстың тамырын қию мүмкін болмайды. Президентіміздің өзі атап өткендей: «Экономиканы сауықтыру жұмыссыздықты азайтып, елдің жағдайын жақсылау арқылы қылмыстың өсуін тежеуге болады, - деп көрсетті.

Социологиялық зерттеулерге жүгінсек, қылмыстың төркіні экономикалық дағдарысқа келіп тіріледі екен. Айта берсек себеп те, сылтауда жеткілікті. Рас қарақан тамағы үшін қылмысты іске қол ұрушылық фактілеріде кездеседі. Президентіміз «Елдегі жағдай мен 1997 жылға арналған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына жолдауында былай деген еді: «Қылмыстың жай-күйі жалпы экономикалық ахуалға, халықтың өмір сүру деңгейіне, жұмыссыздыққа, ал оған күрестің тиімділігі құқық қорғау органдарының қаржыландыру деңгейіне тікелей байланысты екенін ұғыну қажет. Сондықтан экономиканы сауықтыруға жұмыссыздықты азайтуға және адамдардың әл-ауқатын арттыруға ұмтыла отырып біз қылмыстың өсу мүмкіндігін кезең-кезеңімен төмендетіп, оның табаны астындағы тіректі ығыстырып шығаратын боламыз.

Кейінгі жылдардағы экономиканың ауыр жағдайы, экономикалық дағдарыс, халықтың басым көпшілігінің тұрмыс деңгейінің күрт төмендеп кедейленуі оның мәдени-рухани дағдарысқа, күйзеліске ұрынуымен, қылмыстың қауырт өсуімен, тағы басқа да құбылыстармен тығыз байланысты. Осыған сәйкес қылмыстың соңғы жылдары сан жағынан мықтап өсуі, олардың ара қатынасының әр түрінің үлес салмағынан өзгеруі қылмыстың ауыр және жаңа түрлері көбеюі бөтеннің мүлкіне, құқына деген қауіп қатердің артуын байқауға болады. Дегенмен де нақты мәліметтерге назар аударсақ, 2005 жылы Республика бойынша - 59810 яғни 10, 8 пайыз қылмыс жасалған; ал 2006 жылы 48995 қылмыс жасалған. 2007 жылдың 3 ай қорытындысы бойынша 10473 қылмыс жасалған.

Бұл көрсеткіш арқылы өткен жылдарға қарағанда 17, 9 пайызға қылмыстың азайғандығын көрсетеді.

Шынтуайтына келгенде ұрлық жасап жүргендердің дені ауыл жастары. «Жұмысы жоқтық, қарны тоқтық аздырар адам баласын, - дегенді Абай атамыз бүгінгі жастарға арнап айтқан сияқты. Адам азғындығын заман тапшылығынан көргісі келген кейбіреулер «олар қылмысқа бармағанда қайтеді дегенді де айтып қалып жүр. Соғыс жылдары мен оның алдындағы ашаршылықта да бір үзім нанға көзіңізді сүзгеніңізбен біреудің ала жібін аттамағанымызды айтар болсақ, бүгінгі жастардың сондай топтарға үйірсек келуі қамын күйттеуден гөрі оңай олжа табуға бейім тұратындықтарынан екендігін аңғару қиын емес. Оның үстіне бұрыннан қалыптасқан тәрбие көздері де қожырап, сарқыла бастады. Содан барып мейірім шапағаттан ада, қатыгез ұрпақ шығары қалыптасып келеді. Ендігі жерде олардың қылмыс жасауын күтпестен алдын алу шараларын қолға алу қажет.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы жаңа дәуір кешенінің басында тұр. Ескі жүйенің елдігінен алыстап, жаңа тәуелсіз мемлекеттің іргесі қаланып отырғаны біздің ел үшін абырой. Әйтсе де қоғамдық әлеуметтік жағдайымыздың бір жүйеге түсіп, алғы күндерге, аршынды қадам басуы тым қиындылықпен жүргізілуде.

Қайта құру кезінде демократия жариялық деген сияқты дабыра сөздер көбейіп, заңға қарсы келмегеннің бәріне рұқсат деген желеу пайда болып, тәртіптің, қылмысқа күрестің, әлсіреп бейбастықтық пен бетімен кетушілік күшейіп кетті. Бұдан соң бұрынғы 15 одақтас республика және дербес егемен мемлекетке айналды. Осы кезде одақтық заңдар дұрыс жұмыс істемейді, яғни өз күштерін жас бастады. Сонымен бірге құқық реформасы жүзеге асырылмады. Осыған сәйкес қылмыстың өрістеп және бой бермей жатуының тағы бір үлкен себебі - ол құқық қорғау органдарының жұмыстарында үйлесімділікпен тізе қосып бір бағытта қызмет ете білудің жетіспеушілігінде. Оның үстіне кейінгі кезде жастар тәрбиесі жайына қалды. Арақ ішу, наша тарту, наркотиктер қолдану өрістеді. Яғни қылмыстың әлеуметтік базасы кеңейді. 2006 жылы қылмыс жасаушылардың 42 пайызы жастар болса, бұл көрсеткіш 2007 жылы 54 пайызға өсті.

Қазіргі уақытта зерттеулер мен тергеу нәтижесі арқылы анықталған қылмыстық мамандықтың 100-ден аса түрі белгілі. Бұл 20 жылдармен салыстырғанда 2 есе көп. Бұл қылмыстың оның ішінде кәсіби қылмыстардың жылдан жылға көбейгенін көрсетеді. Кәсіби қылмыстар көбейген сайын оның бұрынғы түрлері қазіргі әлеуметтік жағдайларға сәйкес пайда болып дамып отырады.

Ч. Ламбразодан бастап басқа да шетелдік зерттеушілердің пікірінше кәсіби қылмыстың ең көп әсер ету ортасы бұл мүліктік қылмыстар болып табылады.

Зерттеу нәтижелеріне сәйкес 80 жылдардың соңы мен 90 жылдардың басында кәсіби қылмыстар болып табылатын ұрылардың, пәтер ұрыларының, алаяқтар мен тонаушылардың статистикалық көрсеткіші реті бойынша 80, 6% болды.

Кәсіби қылмыскердің тұлғасының ерекшелігі болып:

1. Нақты бір қылмыстық әрекетті жүзеге асыру үшін білімді, шеберлікті, әдісті білу.

2. Сол әдістерді жетілдіру болып табылады.

Мысалы: зерттеу нәтижесіне сәйкес әрбір жаңа бастаған қалтаға түсуші ұры өз әдісінен игеру үшін 6 ай уақыт бойы дайындалады. Оның дайындығы басқа бір кәсіби қылмыскерлердің тәжірибелеріне және қазіргі уақыттағы әлеуметтік жағдайларда сынақ арқылы жетілдіруге жүргізіледі. Сонымен қатар кәсіби қылмыскерлердің шеберлігі артқан сайын қылмыстың өсуімен жиілігі арта түседі. Орта есеппен әрбір кәсіпқой қоймаға түсуші ұры бір айда 25 рет ұрлық жасайды. Әрбір 100 қалта ұрлығының 15-інде ғана жәбірленуші өзінің қалта ұрлығының құрбаны болғанын біледі. Ал зерттеу нәтижесіне сәйкес қалта ұрлығының ашылуы 1-3 пайыздан аспайды.

Әрбір кәсіби қылмыскер өзінің қылмыстық ортасында өзінің атын шығаруға, тәжірибе жинауға және өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге күш салып қызмет етеді. Кәсіби қылмыста жасалған қылмыстардың бір-бірімен байланыстылығы өте жиі кездеседі. Айтарлық комиссиондық магазин мен ломбардтардан ұрлаған заттарды қайта пайдалану үшін жеке куәліктер, документтер, ақшасына қалта ұрыларының көмегімен алынады немесе қылмыскерлер қолдан құжат жасаушы мамандардан алынады. Мүмкін біз кәсіби қылмыскерлердің әртүрлі топтарының бір-бірімен тығыз байланыста болатынын көреміз. Мысалы: ұрылар мен қалта ұрылары документ жасаушылар осыған сәйкес әрбір топтың мұндай байланыстары қылмыскерлердің өздерінің әдет-ғұрыптарының, өз заңдарымен реттеліп отырады. Кәсіби қылмыстың себеп-салдары болып жас өспірімдердің қылмыстық ортаға қосылуы, олардың сол ортаның заңдарын қабылдауын айтуға болады. Сонымен бірге кәсіби қылмыскерлердің басқа қылмыскерлерден ерекше мынадай белгілер бар:

Қылмыстың бір түріне мамандану;

Қылмыс жасауда нақты тәсілдерді пайдалану;

Бұл мінездеме қылмыскерлер мен жасалған қылмыстардың құрамын нақты зерттеу нәтижесі арқылы бекітілген. Республикамыздың жүргізіп жатқан барлық шараларына қарамастан, «қылмыс атты әлеуметтік теріс құбылыс бар болып қана қоймай, ол күннен күнге дами түсіп, неше түрлі қауіпті қылмыстар пайда бола бастады. Соңғы уақыттағы қылмыстың жаңа түрлерінің пайда болып, көбейе түсуі қоғамымызды ойландырмай қоймайды. Әрине оның ішінде қатты ойландыратын мәселелердің бірі бөтеннің меншігіндегі мүліктерді ұрлаудың күннен күнге өріс ала түсуі, ал ұрлықты жасаушылардың көбі жасы кәмелетке толмағандар, ерекше рецедивистер және қоғамымызға қайшы келетін арамтамақтықпен өмір сүретіндердің болуы.

Қоғам үшін қауіпті қылмыс жасап, адал еңбек жолына түскісі келмейтін қылмыскерлерге жазаның ауыр түрін қолдана білу керек. Оның негізгі мақсаты қылмыстың алдын-алу табылады.

Қылмыспен күрес кең көлемде жүргізілуі керек. Қылмыс жасау және басқа да қоғамға қарсы іс-әрекеттердің түрлері әлеуметтік қырсық болып есептеледі. Сондықтанда олармен күнделікті күрес жүргізе білу және де күресте нақты шешімдер қолдана білу керек.

Бұл мәселеде Қазақстан Республикасының заң күші бар Қазақстан Республикасының заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. 1997 жылғы шілденің 16-ғы Президент жарлығының маңызы ерекше. Осы жарлыққа сәйкес Қылмыстық Кодекске едәуір өзгерістер енгізілді. Меншіктің барлық түрлеріне Қылмыстық жауапкершілік Кодекстің VІ-тарауында көрсетілген. Бұл енгізілген өзгеріс меншікке қарсы қылмыстарға бірдей жаза қолдануда алдымен күрес жүргізуді қамтамасыз етеді.

Бұл дипломдық жұмыстан біздер бөтеннің меншігіне пайда көру мақсатында жасалған қылмыстардың түрлерімен Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 175- бабында көрсетілген бөтеннің меншігін ұрлау негізінен бөтеннің меншігіндегі мүлікті ұрлаудың түсінігін, оның түрлерін, ұрлықтың басқа да бөтеннің меншігіне қарсы жасалған ұқсас қылмыстардан айырмашылығының, жасаған қылмыстары үшін қылмыскерлерге қандай жаза қолданылатыны туралы оқып білуімізге болады. Осы диплом жұмысын жазу барысында Қызылорда қалалық сотының Сот тәжірибелері қолданылады. Қылмыстық заңда орын алып отырған қайшылықтарға да кеңінен көңіл бөлінді.

І. БӨТЕННІҢ МЕНШІГІН ҰРЛАУДЫҢ ТҮСІНІГІ

  1. Ұрлықтың түсінігі

Бөтеннің меншігіне қарсы жасалатын қылмыстардың ең көп тараған түрлерінің бірі ұрлау, тонау, алаяқтық, қарақшылық болып есептеледі.

Ұрлық дегеніміз - бұл заң тілімен алғанда, бөтеннің меншігін жасырын түрде ұрлау, яғни пайдакүнемдік мақсатта бөтен мүлікті осы мүліктің меншік иесі немесе өзге иеленушісіне залал келтіре отырып, айыптының немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз, қайтарымсыз алып қою және айналдыру танылады.

Бұл анықтамадан жасауға болатын қорытынды, ол ұрлықтың өзіне тән белгілерінің болатындығында. Олар мына белгілер:

1. Қылмыскердің басқа біреудің мүлкін заңсыз түрде алып қойып өзі иеленуі.

2. Мүліктің ұрының қолына, жәбірленушіге күш жұмсалмай, жасырын түрде өтуі.

3. Қылмыстың жасалу барысында қасақана пайдакүнемдік оймен-басқа біреудің мүлкін иемденіп алу мақсатымен жасалуы. ¹

Бөтеннің мүлкі деп мемлекеттің, жеке қоғамдық ұйымдардың меншігіне жататын материалдық игілікке арнаған, әл-әуқатының жиынтығын айтуға болады. Заң жүзінде ол мүліктерін меншік иесінің өздерінің жеке басының мұқтажын қанағаттандыру үшін иелену, пайдалану және билік етуге мүмкіндіктерінің бар екендігін айту артық емес.

Барлық жағдайда да, мүлік деп өзінің белгілі бағалық қасиеті болып, меншік иесінің материалдық немесе рухани қажеттілігін қанағаттандыратын мүмкіндігі бар заттардың жиынтығын айтуға болады. Мүліктің экономикалық мәні де сонда жатыр.

Бөтеннің меншігіне ұрлаудың субъектісі кез-келген жауапқа қабілетті (өзінің жасаған қылмысы үшін жауап бере алатын), қылмыс жасаған кезде қылмыс заңы белгіленген белгілі бір жасқа толған адамдар бола алады. Ол жас-он төрт жас.

Бөтеннің меншігіне қарсы жасалған ұрлық, тонау, қарақшылық тонау сияқты пайдақорлық қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікке он төрт жастан, ал алаяқтық пен қорқытып алушылық сияқты қылмыстар үшін жауапкершіліке он алты жастан бастап тартылады. ²

Өзінің моральдық сапасы жағынан мұндай адамдар жұмыс істегісі келмейтін, адал еңбекпен өмір сүргісі келмейтін, тек қана арамтамақтық жолымен күн көріп ауырдың астымен, жеңілдің үстімен жүріп, өздерінің қылмыстық әрекеттерін жалғастыра бергісі келетін адамдар. Ондай адамдардың сана-сезімі ескіліктің, кеңес өкіметі кезіндегідей, аш-көздік, пайдақорлық, жеңіл пайда табуға тырысқан сияқты. Адам еңбегін сыйлай білмейтін зиянды пиғылдармен уланған. Ал қазіргі нарықтық экономика заманында ондай субъектілермен ымырасыз күресе білу керек.

Бөтеннің мүлкін ұрлаудың обеъктісі деп жасалған қылмыстың неге қастандық жасайтындығын немесе Қазақстан Республикасы Қылмыстық Заңымен қорғалатын бөтен меншік құқындағы игілігіне жасалған қастандық деп айтуга болады. Егер меншік құқығына талан-таражға байланысты іс бойынша, меншіктің кімдікі екенін анықтаудың зор мәні бар екенін сот тәжірибелерінен алынған мына мысалдардан көруге болады:

Ержанов Б. «Бірлік» өндірістік кооперативінің қоймасына кім екені анықталмаған адаммен бірге кіріп, жалпы құны, 1101972 теңге тұратын қоғамдық мүлікті ұрлаған. «Бірлік» құрылыс монтаждау өндірістік кооперативінің жарғысында, кооперативтің мүлкі ұжым мүшелерінің ақшалай заттай қаржыларынан құралған деп көрсетілген. Былайша айтқанда, қаржы жалпы мақсаттағы түрлі құнды қағаздарды, акция сатудан, кооператив атына банктен берілген несиеден құралған. Сонымен қатар, жарғыда ұжымның ақшалай-заттай мүлкін құрғанда мемлекеттік ұйым, жеке кооперативтер: басқа да қоғамдық кәсіпорындардың үлес қосқаны жөнінде істе дәлел бар, яғни қылмыс бөтеннің меншігіне қарсы қол сұғылу арқылы келді. Ержановтың әрекеті ҚК-нің 175-бабы 3 бөлігімен дөрежеленіп, оған 4 жылға бас бостандығынан айыру үкімі шығарылды.

Сөйтіп, облыстық соттың қоғамдық мүлік талан-таражға салынып, ұрланған деген тұжырымы дұрыс болып шықты.

Жеке шағын кәсіпорыннан ұрланған мүлік, мемлекет мүлкі деп саналмайды.

Петров, Салямов /аты-жөні анықталмаған/ сыбайласымен бірге саналы ұжымдық «Айдан» атты жеке шағын кәсіпорнының қоймасынан 3259536 теңгенің мүлкін ұрлағаны үшін, Қызылорда қалалық соты оларды ҚРҚК-нің 175-бабы 3 бөлімімен соттады. ³

Мемлекет меншігінен басқа, жеке және ортақ меншіктердің субъектісі республика азаматы және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестігі болады.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Конституциясының 6-бабына сәйкес былай деп көрсетілген: «Республика азаматының меншік иесі болуға құқы бар, меншік құқығының мерзімі шексіз».

Олардың объектісіне арнайы заңда көрсетілген мүліктерден басқа, кез-келген мүлік болады. Жеке және ортақ меншікте болатын мүліктің, саны мен құны бұрынғыдай шектелмейді. Былайша айтқанда республика азаматының жеке меншігінде көлік құралдарынан самолет, не бірнеше түрлі жеңіл, не жүк автомашиналары, не тұрғын үйлер болуы заңды деп саналады.

Конституцияда меншік объектілері мен субъектілері, олардың негізгі салаларының әртүрлі меншік иелерінің өз құқығын жүзеге асыру шектері, оларды қорғау кепілдіктерімен белгіленетіні көрсетілген. 4

Бірақ бұл сұраққа әр түрлі ғылыми көзқарастар бар. Мысалы: М. П. Михайлов былай деп жазады: «Ұрлық кезінде қылмыстың тікелей объектісі болып, мүлікке деген меншік те, құқтылық та емес, не мүліктің өзі де емес, адамдардың өзіндік мүліктері ғана есептеледі» - деп көрсетеді.

Профессорлар Беляев пен Шаргородскийлер М. П. Михайловты сынай келе: «Меншікке қарсы қылмыстың объектісі ретінде мүліктің өзін тану негізсіз болып көрінеді»-дейді. Біріншіден, бұдан мемлекеттік меншікке қастандық жасау мен өзіндік меншікке қол сұғудың арасын бөлуге мүмкіндік жоқ, өйткені екі меншіктің де құрылысында ұқсастық, тепе-теңдік бар, екіншіден, қастандық жасалған объектінің тек қана кеңес азаматтарының болуы шындық болып есептелмейді. Бұл заңға қайшы келеді, себебі, ол белгілі бір территориядағы адамдардың азаматтығына қарамастан, барлығының өзіндік мүліктерін қорғайды. Мұнан шығатын қорытынды, азаматтардың өзіндік меншіктерінің қандай құқы болса, бұл тараудағы барлық қылмыстардың да сондай барлығына ортақ арнайы бір объектісі болады. 5

Мұндай көзқарасты профессор А. А. Пионтковский де мақұлдайды. Ғұлама ғалым А. А. Пионтковский өзінің еңбегінде: «азаматтардың өзіндік меншігін ұрлаудың тікелей объектісі өзіндік меншікке құқы болады, ал қылмыскер ұрлаған заттар мен бұйымдар болса ұрлықтың бұйымы болып есептеледі -дейді.

Біздің пікірімізше профессорлар Беляев пен Шаргородский және Пионковскийлердің берген анықтамасын дұрыс деп айтуға болады. Себебі, бөтеннің меншігін ұрлаудың тікелей объектісі болып бөтеннің меншікке деген құқық есептеледі, ал енді заттар мен бұйымдар қылмыстың бұйымы болып есептеледі, егер біздің елімізде тұратын халықтарды алалап, олардың азаматтығын тексеріп, егер де олар біздің Қазақстан Республикасының азаматы болмай, басқа мемлекет болса немесе азаматтығы жоқ болып, солардың заттары ұрланған болса, ал біз оларды, Қазақстан азаматы емес, сондықтан да қылмыс та жоқ десек, онда бұл біздің Қазақстан Республикасының Конституциясына, басқа да халықаралық құқық нормаларына қайшы келген болар еді. Сондықтан да М. П. Михайловтың «ұрлық кезіндегі қылмыстың тікелей объектісі болып кеңес адамдардың өзіндік мүліктері саналады, - деген өрісі тар тұжырымымен келісуге болмайды.

Қылмыс жасалған кезде қастандық басқа азаматтардың бұйымдары мен мүліктеріне жасалады. Қылмыскер ұрлаған заттар немесе бұйымдар сол ұрлықтың бұйымы болып есептеледі.

Бұл жерде айта кететін тағы бір мәселе, егер ұрланған мүліктің материалдық құны болса ғана ұрлықтың бұйымы болып есептеледі, ал егер ондай қасиеті жоқ заттар болса, онда олар қылмыстың бұйымы бола алмайды. Мысалы, қолдануға жарамсыз, лақтырып тастаған заттар ұрлықтың бұйымы бола алмайды, себебі олардың материалдық құны жоқ.

Қылмыстың қастандық материалдық құны бар құжаттарға, мысалы, тауар, ақша алуға берілген квитанцияларға да жасалуы мүмкін. Бірақ бұлар бөтеннің мүлкін ұрлаудың бұйымы болып есептелмейді, мұндай құжаттарды иемдену бөтен мүлікті ұрлауға дайындық болып есептелуі керек. Құжаттардың ішінде көрсеткіштік өзгешілігі бар құжаттар ғана ұрлықтың бұйымы бола алады. Ондай құжаттар қатарына құнды қағаздар, мемлекеттік заемдардың облигациялары, көрсетушіге берген сақтық кітапшалары және тағы басқа да құжаттар жатады.

Ал енді мүліктік қасиеті жоқ құжаттар (төлқұжат, оқу орнын бітіргендігі туралы диплом, тағы басқа да құжаттар) ұрлық бұйымы бола алмайды.

Жалпылама ортақ меншіктегі мүліктер де ұрлық бұйымы болады, сонымен қатар сот дауын шешпеген даулы мүліктер де, егер ол затқа оның немесе ұйғарылған иесі болмаса, ұрлық бұйымы бола алмайды.

Сол сияқты, адам да ұрлық бұйымы болмайды. Пайдақорлық ниетімен ұрланған балалардың өзі де адамның жеке басының бостандығына қарсы жасалған қылмыс болып есептеледі. Әйелді өз еркінен тыс, некеге тұру үшін алып қашу да иесінің жеке басына қарсы жасалған қылмыс болып есептеледі.

Адамның өнері, ашқан жаңалықтары, музыкалық, суретшілік шығармалары басқа да ойшылық еңбектері ұрлықтың бұйымы бола алмайды, олар авторлық және өнерпаштық құқына қарсы жасалған қастандық болып есептеледі.

Атылатын қару-жарақты /тегіс стволды аңшылық мылтығынан басқасын/ оқ дәріні, жарылғыш немесе ерекше қауіпті заттарды ұрлау да ұрлық бұйымы емес, халықтың денсаулығы мен қоғамның қауіпсіздігіне қарсы жасалған қылмыс. ²

Сондай-ақ, ұрлық бұйымы бола алмайтын заттар қатарына, жоғалып кеткен заттарда жатады.

  1. Ұрлықтың қылмыстық құрамы

Бөтеннің мүлкін ұрлаудың объективтік жағы дегеніміз олардың мүлкін жасырын ұрлауды немесе мүлікті жасырын түрде, байқаусызда, жәбірленушінің келісімі мен ықтиярынсыз, күш жұмсамай алып қою.

Ұрлықтың жасырын түрде жасалуының өзі оның негізгі белгісі болып есептеледі. Ұры ұрлық жасаған кезде сол заттың иесімен не басқа да адамдармен қақтығысып қалмау ниетінде жасырын жасайды және сол арқылы, ол ұрланған затты кедергісіз өз игілігіне жаратуға жол ашып алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бөтен мүлікті ұрлаудың обьективтік және субьективтікбелгілері
Бөтен мүлікті ұрлаудың обьективтік белгілері
Бөтеннің мүлкін ұрлаудың қылмыстық құқықтық сипаттамасы, онымен күресудің шаралары
Бөтен мүлікті ашық жымқыру
Ұрлық
Меншікке қарсы қылмыстарды жіктеу
Бөтен мүлікті ұрлаудың объектісі
Бөтеннің мүлкін талан-таражға салу
Талан – таражыға салу және сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу қылмысы
Мал ұрлығы үшін қылмыстық жауаптылықтың теориялық проблемасын кешенді түрде зерттеу, мал ұрлығына байланысты қылмыстық заңдарды жетілдіру бағытында ұсыныстар жасау, зерттеліп отырған проблемаға байланысты қылмыстық заңды теориялық және практикалық тұрғыда қолданудың бірегей жолын іздестіріп, оны дамытуға мүмкін болатын жағдайларды көрсету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz