Шабуыл жасап тонау


Мазмұны
Кіріспе- 3 -
1-тарау. Тонау мен шабуыл жасап тонаудың жалпы сипаттамасы. - 7 -
1. 1. Тонау мен шабуыл жасап тонаудың қылмыстық құқықтық сипаттамасы- 17 -
1. 2. Тонау мен шабуыл жасап тонаудың криминалистік сипаттамасы. Анықталатын мән-жайлар- 32 -
1. 3 Қылмыстық істі қозғау ерекшеліктері. Тергеудің алғашқы кезеңдеріне тән жағдайлар- 36 -
2 тарау. Алғашқы тергеу және жедел іздестіру шаралары- 39 -
2. 1 Алғашқы тергеу әрекеттері, жедел іздестіру шаралары, тергеуді жоспарлау ерекшеліктері- 44 -
2. 2 Тағайындалатын сараптамалар- 51 -
3 тарау. Тонау мен қарақшылық қылмыстары бойынша сезіктіден жауап алу тактикасы- 53 -
Қорытынды- 57 -
Пайдаланған әдебиеттер- 59 -
Кіріспе
Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздік алғаннан кейін, барлық егеменді мемлекеттің, я оның халқының өмірін құрайтын құқықтық жүйесін түбірімен қайта құру қажеттілік туындайды. Бұл бағытта біраз іс жасалды: көптеген заңдар мен үкімдер жобаланды және ендірілді. Бұл заңдар мен актілер республиканың алғы қатарлы құқықтанушы - ғалымдар мен тәжірибелі - заңгерлер терең талқыланды, ал олардың ішінде маңыздысы, мысалы, Негізгі Заң - Қазақстан Республикасын Конституциясы бүкілхалықтық республикалық референдумда қолдау тапты.
Қазақстан халқы өз алдына тарихи мақсат - құқықтық мемлекет құру қойды. Мұндай құқықтық мемлекет құру үшін, қоғам өмірін гуманизациялау және демократизациялауға, жынысына қарай, ұлтына, қоғамдағы мүліктік жағдайына, әлеуметтік жағдайына, беделіне қарай төмендетудің кез-келген нысасын жоюға бағытталған жаңа құқықтық жүйе құру қажет болды.
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігі мен дербестігін алғаннан кейін, нақты осындай құқықтық жүйе құрыла бастады. Қазақстан Республикасының бірнеше жыл дербес өмір сүру кезінде халық өмірінің көптеген жақтарын жақсартуға бағыттылған заңдар мен басқа да нормативтік - құқықтық актілер орасан зор мөлшерде қабылданды. Осы мезгіл ішінде заң шығару процессі үлкен жылдамдықпен жүрді.
Заң адамның өмірін және денсаулығын, оның бостандығын, ар-намысы мен абыройын оның табиғи құқықтарына қол сұғушыдан қорғауға міндетті. Сондықтан, барлық адамдар оларды қорғайтын құқықтарды білуге міндетті. Заңдарды мұқият зерттеу бізге Қазақстанда қандай мемлекет құрылып жатқанын, азаматтар қандай құқықтар мен бостандықтар бар екендігін, сондай-ақ егер де олардың құқықтар мен бостандықтарын лауазымды тұлғалармен, басқа азаматтармен бұзылған жағдайда олардың заңды мүдделерін кімдер қорғайды.
Құқықтық мемлекет құруда, елдегі заңдылық пен құқық тәртібі сақталуында ерекше роль құқық-қорғаушы органдарға жүктелген. Яғни қағидалардың сақталуы мен заңбұзушылықтың жауаптылығы осы органдарға байланысты.
Міне осыдан мен өзіме «неге мен осы тақырыпты алдым» деген сұрақ қойдым. Бұл тақырып қазіргі таңда көкейкесті мәселелердің бірі болып табылады. Соңғы екі-үш жалдықта тонау мен қарақшылық қылмыстары үлкен қарқынмен өсіп келді. Тонау мен шабуыл жасар тонаудың (қарақшылықтың) басқа қылмыс түрлерінен ерекшеліктері мен ұқсастықтарын анықтау үшін, қандай адамдар осы қылмыстарды жүзеге асыратынын, қандай жағдайда бұл қылмыстар жасалады.
Қарақшылық (немесе шабуыл жасап тонау) - ұрлықтың аса қауіпті нысаны болып табылады. Мүлікке қарсы қылмыстардың қатарында қарақшылық маңызды орын алып тұр, соңғы онжылдықта осы қылмыстардың өсу тенденциясы көзге анық көрініп отыр. Осылайша, тек 1987 жылдан 1990 жылға дейін біздің мемлекеттегі тонау мен қарақшылықтың жалпы саны 55. 5 мыңнан 151. 9 мыңға көтерілді, яғни жуықтап алғанда үш есеге өсті. Сонымен қатар, осы қылмыстардың 90 %-ы азаматтардың мүлкін иеленіп алуға бағытталған, соның ішінде қарасын үйлерге кірумен бірге жасалғандар да бар1.
Тәжіребеге байланысты, соңғы жылдары осы қылмыстар ұйымдасқан топтармен немесе кәсіпкой қылмыскерлермен жасалатыны анықталды, олар қылмыс жасау әдісімен, шабулға дайындалу процесіне әр түрлі әрекеттер қосатындығымен, қылмыстың нақты жасалануымен, үйлерге кірушілігімен, құндылықтарды заңсыз иеленумен, сондай-ақ, қылмыстық озбырлықтың іздерді жасырумен ерекшеленеді.
Мен бұл жұмысымда тонау мен шабуыл жасап тонаудың, әрекеттегі заңдар мен өзге нормативтік-құқықтық актілерін талдауға негізделе отырып құрастыруға болатын өзекті сипаттамаларын ұрлықтың негізгі бір түрлері ретінде қарастырымын. Сонымен қатар, тонау мен қарақшылықтың квалификациялы түрі және осылардың ұрлықтық басқа түрлерінен, мысалы талантараж немесе қорқытып алушылықтан айырмашылығы зерттеледі.
Тонау мен шабуыл жасап тонаудың соңғы екі жылда даму динамикасы 1-кестеде көрсетілген. Осы кестеге сай қылмыстардың ашылу пайызы неғұрлым жоғоры болса, соғұрлым қылмыс саны аз болады.
1-кесте
Астана
Ақмола обл
Ақтөбе
Алматы
Алматы обл
Атырау
Шығ. Қаз
Жамбыл
Бат. Қаз
Қарағанды
Қызыл Орда
Қостанай
Маңғыстау
Павлодар
Солт. Қаз
Оңт. Қаз
Оңт-Шығ. транс. аудан
Бат. транс. аудан
Орт. транс. аудан
әскерлер
ГУСП
Республика бойынша
384
292
386
1431
223
189
937
311
283
634
99
420
193
802
214
321
39
16
18
10
29
7232
372
321
411
1423
260
173
1244
270
341
753
87
473
175
1024
236
332
20
16
17
23
31
8004
-3. 1
9. 9
6. 5
-0. 6
16. 6
-8. 5
32. 8
-13. 2
20. 5
18. 8
-12. 1
12. 6
-9. 3
27. 7
10. 3
3. 4
-48. 7
0. 0
-5. 6
130. 0
6. 9
10. 7
52. 3
75. 1
53. 0
31. 3
84. 4
40. 1
52. 7
76. 8
51. 6
57. 9
80. 2
73. 8
73. 1
31. 7
67. 7
50. 5
95. 1
84. 6
100
100
95. 2
52. 1
50. 9
64. 9
49. 5
35. 1
84. 3
64. 8
40. 3
63. 4
45. 7
51. 8
78. 4
51. 7
62. 9
30. 2
63. 4
62. 6
94. 7
91. 7
94. 1
55. 6
90. 0
47. 7
53
103
52
378
91
11
205
67
107
253
14
58
47
252
66
230
3
0
1
9
2
2002
72
89
66
308
120
8
201
54
115
166
6
57
16
345
103
211
2
0
1
7
1
1949
35. 8
-13. 6
26. 9
-18. 5
31. 9
-27. 3
-2. 0
-19. 4
7. 5
-34. 4
-57. 1
-1. 7
-66. 0
36. 9
56. 1
-33. 3
-33. 3
0. 0
-22. 2
-50. 0
-2. 6
87. 1
90. 2
86. 5
51. 7
93. 8
100
88. 9
87. 5
88. 6
84. 4
100
95
91. 5
72. 4
93. 0
66. 8
100
100
95. 7
100
77. 0
87. 5
87. 1
88. 4
63. 5
94. 7
100
95. 2
78. 8
77. 2
82. 9
100
90. 4
100
53. 1
93. 4
71. 7
100
100
38. 9
100
76. 2
алд - алдынғы жыл; осы - осы жыл; +/- қылмыс санының өскені немесе кемігені; бұл көрсеткіштер 2004 және 2005 жылдардың көрсеткіші.
1-тарау. Тонау мен шабуыл жасап тонаудың жалпы сипаттамасы.
Тонау - Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 178 бабына сай бөтен мүлікті ашық ұрлау болып табылады2.
Шабуыл жасап тонау (Қарақшылық) - Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 179 бабына сай бөтен мүлікті ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе тікелей осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау болып табылады. Қылмыстық кодексте мұндай қылмысқа «жеке меншікке қарсы қылмыс» бөлімінде орын берілген, дегенмен де, бұндай екі обьектіні қамтиді: жеке меншік және жеке адамның өмірі мен денсаулығы.
Осындай екі обьектілік мәнімен бұл қылмыстық аса қауіптілігі айқындалады. Бұл қылмыстық қауіптілігі оның жеке меншілікке қауіп тоғызу емес, оның адам өмірі мен денсаулығына қауіп туғызатын шабуыл арқылы жасалуында. Соған байланысты мұндай қылмысқа қарсы жоғары санкция қолдану арқылы жеке басты қорғау мүмкіншілігін шешуге болады.
Қарақшылық шабуыл деп, зәбірленушіге қылмыстық ниеттен жасалған зорлық деп түсінуге болады. Мұндай зорлық түрі ашық немесе жасырын (тасадан оқ ату, арттан соғу және т. б. ) түрінде жасалады. Шабуылға зәбірленушіге қарсы жүйепараличін туғызатын, улау және еркінен айыратын заттар қолдану да жатады.
1961 жылы желтоқсанның 7 жұлдызында Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Пленумының Қаулысында тонау мен шабуыл жасап тонау адам өміріне қатер төндіру мен денеге зақым келтірумен қатар жасалған жағдайда Қылмыстық Кодекстің статьяларына сәйкес жауапкершілікке тартылу керек деп түсініктеме берілген. Егерде жәбірленушінің организміне осындай мақсатпен небір заттар енгізілсе, оның нәтижесіне қарай, оны зорлықпен байласқан тонау немесе осындай қылмыс жасауға ұмтылыс деп қарауға болады. Қолданылған заттардың мәні мен әсері осы бағыттың маманы арқылы немесе сараптама түрде анықтауға болады.
Шабуыл жасап тонау мен тонау қоғамға орасан зор қауіпсіздік көрсетеді, себебі бұл қылмыстар жәбірленушіге тек қана материалды залал келтіріп қоймай, көптеген жағдайларда оларға психикалық зардап келтіруі мүмкін, яғни олардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірумен байланысты. Сонымен қатар, шабуыл жасап тонау мен тонау қылмыстық топтармен де жасалынады, бұдан бандиттік шабуыл жасайтын, қорқытып алушылық жасайтын аса қауіпті қылмыстық құрылымдар пайда болады.
Көптеген қарақшылық пен тонаулар мүлікпен иемдену үшін жасалынады (бас киімді жұлып кету, белгілі бір сомадағы ақшаны, киімді, тамақты және тағы басқаны тартып алу) . Әдетте мұндай қылмыстар қандай да болмасын арнайы дайындықсыз жасалады. Қылмыскерлер осындай қылмыстарды топ құрамында немесе жалғыз, ашық жерде (далада, парктерде, үйлер ортасында), кешкі немесе күндізгі уақытта жасайды.
Мемлекеттік мүлікті немесе коммерциялық құрылымдардың мүлкін иемденуге бағытталған тонау мен қарақшылықтар (ақша қаражаттар сақтауларына, валюта айырбастау орталықтарына, кассирлерге, инкассаторларға), сондай-ақ такси немесе жеке көлік жүргізушілеріне және азаматтардың үйіне шабуыл жасап тонау мен тонау аз кездеседі, бірақ дәл осындай қылмыстар қоғам үшін аса қауіпті болып табылады. Мұндай қылмыстар әдетте қылмыстық топтармен жасалынады; көбінесе оларға алдын ала ойластырған дайындық көмектеседі. Қылмыскерлер мұқият обьектінің күзет жүйесін бағалайды, қылмыс құралдарын дайындайды, тығылу әдістерін ойластырады, қылмысқа көмектесушілерді іздейді.
Шабуыл жасап тонау мен тонаудың әдістерінің ішінде келесілерін атап өтуге болады:
- Аяқ асты факторын пайдалана отырып, зорлықты қолданусыз ашық жерде шабуыл жасау (азаматтардан сомканы, бас киімді, ақшаны жұлып кету, дүкеннен заттар ұрлап кету және тағы басқа) .
- Зорлықты қолдану немесе осындай күшті пайдалану әрекетімен қорқытып, ашық жерде, сондай-ақ аулаларда және үйлердің подьездерінде шабуыл жасау.
- Азаматтардың үйлеріне қандай да бір сылтаумен кіріп, зорлықты қолдана отырып, азаматтарға шабуыл жасау.
- Сауда кәсіпорындарында, қаржы құрылымындарында, байланыс бөлімшелерінде және басқада мемлекеттік немесе жеке кәсіпорындар мен құрылымдардағы кассирлерге, сатушыларға, мемлекеттік немесе коммерциялық банктердің мүшелеріне шабуыл жасау.
- Азаматтарға жүріп келе жатқан теміржол, су және басқа көлікте шабуыл жасау.
- Көлік жүргізушілеріне, көлікті тартып алу, ақшаға, бағалы жүкке талан-тараж жасау мақсатында шабуыл жасау.
- Басын айналдыратын химиялық заттар қолдану арқылы жәбірленушінің ақшасын немесе мүлкін иеленіп алу.
Шабуыл жасап тонау мен тонау кезінде із пайда болу механизмінде ерекшеліктер бар. Оқиға болған әдетте қылмыстың іздері және басқа да заттай дәлелдемелер өте аз болады. Куәлар көбінесе шабуыл жасап тонау мен тонауды толығымен көре алмайды; өздерінің айғақтарында олар тек қылмыстың кейбір элементтерін ғана есіне түсіре алады. Көптеген жағдайларда мұндай қылмыстардың куәлары болмайды. Жәбірленушіге келетін болсақ, қылмыстың салдарынан пайда болған жүйкелік қажу жағдайында ол қылмыстың болғанын түсінбей қалады. Жәбірленушіге қылмыскерлердің саны көп болған сияқты болып көрінеді: «өте үлкен бойлы», «айуан бетті» және тағы басқа. Сондықтан тергеуші мұндай ақпараттарға критикалық көзқараспен қарау керек, куәлар мен жәбірленушінің айғақтарын басқа да дәлелдемелермен салыстыру қажет3.
Шабуыл жасап тонау мен тонауды жасайтын тұлғалар әдетте жұмыс жасамайды, жүйелі түрде алкогольдік ішімдіктер ішеді, есірткелік заттар қабылдайды. Олардың ішінде үлкен пайызы бұрын сотталған адамдар (осындай немесе басқа қылмыс жасағаны үшін) .
Шабуыл жасап тонаудың алдында қылмыскерлер өзінің залал келтіретін адамын белгілеп алады, яғни оның жұмыстық мәртебесін, күнделікті істейтін ісін, осыған қарап, оның материалдық жағдайын анықтайды. Әдетте шабуыл жасап тонау мен тонаудың жәбірленушілері қылмыскерге, өздерінің жас немесе басқа факторға сәйкес ешқандай қарсы әрекет жасай алмайтын адамдар болады. Көбінесе шабуыл жасап тонау мен тонауға алкогольдік ішімдіктер ішетін, сондай-ақ жеңіл жүрісті әйелдерге қызуғышылығы бар адамдар ұшырайды.
Тонау мен шабуыл жасап тонау қылмыстық істері бойынша анықталатын жағдайларға мыналар жатады:
- Шабуыл жасап тонау мен тонау қылмыстарының жасалынған жері, уақыты және жағдайы.
- Қылмыс жасау әдісі.
- Қылмысқа дайындық жүргізілді ме, егер жүргізілсе, қандай дайындық, қашан жүргізілді, кім жүргізді.
- Кімге қатысты шабуыл жасап тонау мен тонау жасалды.
- Жәбірленушіге дене жарақаттары келтірілді ме, нақты қандай жарақаттар, еңбекке қабілеттігі жоғалды ма.
- Нақты не жоғалды (заттың аты, саны, заттың белгілері) және ұрланған заттың бағасы.
- Шабуыл жасап тонау мен тонауды кім жасады. Егер қылмыс топпен жасалған болса - шабуыл жасап тонау мен тонауда қанша адам орын алды, олардың арасында алдын ала сөз байланысы бар ма, әр қайсысының қылмыстағы атқарған ролі.
- Бұл қылмыскерлермен басқа қылмыс жасалынды ма, қандай қылмыстар, қашан, қайда.
- Шабуыл жасап тонау мен тонауға қандай жағдайлар туғызылды.
Криминалистикалық методика дегеніміз бұл қылмыстардың жеке түрлері мен топтарын тергеу мен алдын алу әдістері. Ол әдіс-тәсілдер жиынтығының ғылыми жағдайлары мен оған негізделген адам өлтіру, бұзақылық, зорлау, ұрлық, парақорлық, боспалаушылық және тағы басқа қылмыстарды тергеу мен алдын алу үшін әдістемеләк көрсеткіштерді және кеңестерді өз құрамына жинақтайды4.
Белгілі бір қылмыстың түрін тергеуде криминалистикалық методика техника және тактикамен тығыз байланысты.
Криминалистикалық техника - ғылыми жағдайлар оған негізделген дәлелдерді жинау мен зерттеуге, қылмысты ашу мен алдын алуды жүзеге асырушы басқа да жағдайларға арналған құралдарды, әдістерді және тәсілдерді пайдалану бойынша берілетін техникалық сараптамалардан құралған криминалистикалық бөлімі.
Криминалистикалық тактика - дегеніміз ол тергеу әрекеттерінің тиімділігін, нәтижелігін арттырып, іс бойынша керектідәлелдемелерді дер кезінде жинауға, сонымен қатар тергеуді ұйымды және жоспарлы түрде жүргізуге бағытталған, заң заң шеңберінде қолданылатын тиімді де қолайлы тәсілдер жөнідегі ғылыми ережелердің жиынтығы.
Криминалистикалық методика немесе қылмыстың жеке түрлерін тергеу методикасы - бұл тергеуді ұйымдастыру мен жүзеге асыру (алдын алу) және қылмыстың жеке түрлерін болдырмау бойынша кеңес беру негізінде қарастырылатын ғылыми жағдай жүйесін құрайтын криминалистиканың бөлімі.
Криминалистикалық методика көздері мыналар болып табылады:
- Қылмыс құрамының белгілерін, сондай-ақ, қылмыстық іс бойынша дәлелдеу пәні мен шегін анықтайтын қылмыстық және қылмыстық іс жүргізуші заң шығарушы нормалар;
- Криминалистикалық техника, криминалистикалық тактика және криминалистикалық ұйымдастыру жағдайларының жалпы теориялық ережелері;
- Қылмысты ашу, алдын алу және болдырмаудың алдыңғы қатарлы ережелері;
- Қылмысты тергеуде қолданылатын басқа ғылымдардың жеке ережелері (сот медицинасы, психология, криминалогия және тағы басқа) .
Криминалистикалық методиканың жалпы мәселесі Республикадағы қылмыспен белсенді айбынды түрде күреске қатысу болып табылады.
Қылмыстың жеке түрлерін тергеу әдісі екі бөлімнен тұрады:
- Криминалистикалық методиканың жалпы ережелері;
- Қылмыстың нақтылы айқын түрлері мен топтарын тергеу әдістемесі (жеке әдіс) .
Жалпы жағдайы - бұл криминалистикалық методиканың теориялық негіздері (жүйесі, мақсаты, қағидасы және тағы басқа) .
Жеке әдістер - қылмыстың нақты түрлерін тергеу кеңестері мен бағдарламалары.
Жеке әдістер екі топқа бөлінеді: жай және ерекше.
Жай әдістер - қылмыстық заңмен бекітілген қылмыстың түрлері бойынша, ал ерекше әдістер мынадай белгілер бойынша құрылады:
- Қылмыстың болған орны;
- Қылмыскер тұлғасының мінездемесі;
- Қылмыстың болу мерзімінен бергі уақыт саны;
- Тергеуге қатысқан тергеушілер саны;
Қылмыстың әрбір түрлері бойынша анықтауға жататын жағдай шеңбері берілген қылмыс үшін жауаптылықты бекітетін Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне сай баптарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық Іс Жүзгізу Кодексінің кейбір баптарымен анықталады. Тергеу практикасымен заң нормаларын басшылыққа ала отырып, криминалистикалық методика қылмыстың әрбір түріне байланысты немесе тактикаларымен бекітуге жататын тергеуге жағдай шегін анықтауға мүмкіндік беретін кеңестерді реттейді.
Анықтауға жататын жағдай - бұл қылмыстық кодекс баптарына сай келетін диспозиция емес, дәлелдеу пән бөлшектерінің механикалық сәйкестігі. Қылмыстық іс жүргізу мен қылмыстық құқық ғылымына сәйкес келетін аталған категориялар криминалистикада қарастырылады, толықтырылады және оның үстіне жаңа сапаға иеленеді5.
1. 1. Тонау мен шабуыл жасап тонаудың қылмыстық құқықтық сипаттамасы
Қазақстан Респуликасының Қылмыстық Кодексінің 178 бабында былай делінген:
1. Тонау - бұл бөтен мүлікті ашық ұрлау, - үш жылға дейін бас бостандығымен шектеумен не алты айға дейін қамауға алумен немесе төрт жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады.
2. Тонау:
- өмірі мен денсаулығына қауіпті емес зардап келтіру арқылы немесе осындай күш қолданумен қорқытып жасалса;
- бірнеше рет жасалса;
- алдын ала сөз байласқан топпен жасалса;
- тұрғын үйге, қызметтік, кәсіптік жерге немесе сақтауға заңсыз жолмен кіріп жасалса, -
үштен жеті жылға дейін, мүлкін тәркілеумен немесе тәкілеусіз жазаланады.
3. Тонау:
- ұйымдасқан топпен жасалса;
- үлкен көлемде;
- бұрын екі немесе одан да көп рет талан-тараж немесе қорқытып алушылықпен сотталған тұлғамен жасалса, -
алтыдан он екі жылға дейін, мүлкін тәркілеумен жазаланады.
1. ҚР ҚК-нің 178-бабында тонау дегеніміз - бөтен мүлікті ашық ұрлау деп анықтама берілген.
Бұл қылмыстық іс-әрекеттің қоғамдық қауіптілігі сонда, ол меншікке құқықты бұзады.
2. Осы қарастырып отырған қылмыстың обьектісі - меншік.
Қосымша тікелей обьект ретінде адамның денсаулығы алынады (күш қолданып алынғанда) .
Тонаудың затына ұрлаудың кез-келген формасының нышандары сәйкес келеді. Сондықтан да, қайталамау үшін, бөтен мүліктің тонауға қатысты нышандарын қарастырмаймыз. Ұрлық, алаяқтық, иеленіп алу сияқты бөтен мүлікті алудың күш қолданылмайтын тәсілдеріне қарағанда ұрлаудың күш қолданылатын формаларында (тонау, қарақшылықта) ұрланған мүлік құны мардымсыз болса да, оны алу тәсілінің өзі оларды қылмыстық-жазаланатын іс-әрекеттер қатарына қосады.
3. Тонаудың құрамы құрылымы жағынан материалды, сондықтан да бұл іс-әрекеттің обьективтік жағын:
- қоғамға қауіпті әрекеттер;
- қоғамға қауіпті салдарлар;
- солардың арасындағы себептік байланыс құрайды.
4. Тонау кезінде қоғамға қауіпті әрекет бөтен мүлікті ашық ұрлауға бағытталған. Ұрлаудың ашық тәсілі де екі критерийді: обьективтік және субьективтік критерийлерін сипаттайды. Обьективтік критерий дегеніміз - ұрлаудың меншік иесінің немесе бөгде адамдардың көзінше жасалуы, ол адамдар айыпты әрекеттерінің қылмыстық сипатын ұғынады, сол үшін аыйптаттайды. Субьективтік критерий дегеніміз - айыпты өзінің ашық әрекет жасап тұрғанын, меншік иесін немесе өзге адамдардың бар екендігін елемей тұрғандығын ұғынады. Егер айыпты меншік иесінің немесе өзге адамдардың көзінше ашық әрекет жасап тұрмын деп балап, ал шын мәнінде, айыптының алу процесі кезіндегі әрекеттің заңсыз сипатын көріп тұрғандар ұғынбаса онда жасалған іс-әрекет өзінің бағыттылығына қарай тонау ретінде сараланады6.
5. Тонау кезінде мүлікті алу процесі, көбіне, басынан аяғына дейін ашық сипатта болады. Егер айыпты мүлікті жасырын бастап, онысы әшкереленген кезде өз әрекетін ары қарай жалғастырса, онда ұрлық тонау ұласады. Кезінде Қазақ ССР Жоғарғы Соты Пленумының 1961 жылғы 7 желтоқсандағы қаулысында, айыптының ұрлық ретінде бастаған әрекеті кейін сол ұрланған мүлікті сақтап қалу мақсатында күш қолдануға алып келсе, онда қолданылған зорлықтық сипатына қарай оның әрекеті тонау немесе қарақшылық болып сараланады деген түсінік берілген.
Алу кезінде күш қолдануды ҚК-тың 178-бабының 1-бөлігі қамтымайды. Күш қолданып тонау - осы іс-әрекеттің сараланған құрамы болып табылады. Бірақ алудың ашық тәсілі, сонда да, мүлікті иелену үшін айыптың тарабынан қандай да бір күш жұмсалуын қарастырады (итеру, қақтығысу және тағы басқа), ол ҚК-нің 178-бабының 1-бөлігінде көзделген.
Жәбірленушіге залал келтіру фактісі мен мүлікті ашық түрде иеленуге бағытталған айыпты адам әрекетің арасында қажетті тікелей себептік байланыс болуға тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz