Істі тоқтата тұру
Істі тоқтата тұру
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І ТАРАУ. Қылмыстық процесте іс бойынша тергеудегі алдан ала тергеуді
тоқтата тұрудың ұғымы, шарты және негіздері
І.1.Алдын ала тергеуді тоқтата тұрудың ұғымы
І.2. Қылмыстық іс өндірісін тоқтата тұру шарттары
1.3. алдан ала тергеп тексеруді тоқтатуға негіз – алдын ала тергеу негізі
ІІ ТАРАУ. Алдын ала тергеуді тоқтата тұрудың процессуалдық негіздері мен
әрекеттері
2.1. Алдын ала тергеуді тоқтата тұрудың негіздері мен процессуалдық тәртібі
2.2. Тоқтатылған қылмыстық іс бойынша жүргізілетін тергеушінің әрекеттері
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Қылмыстық процестің басты міндеттерінің бірі - қылмысты жедел әрі
толық, объективті жасаған қылмыскерді әшкерелеу болса, осы міндеттерге қол
жеткізу үшін алдын ала тергеудің нәтижелі жүргізілуінің маңызы өте
зор.Ендеше аталған міндет,мақсаттардың орындалуының өзі қоғамдағы
қылмыстылыққа тоқтау салудың шарты болады.Сондықтан да қылмыстық іс бойынша
өндірісті толық аяқтаумен қатар, қылмыстық іс бойынша өндірісті тоқтата
тұру институттарының да алар орны ерекше. Қылмыстық іс бойынша өндірісті
тоқтата тұру үшін де, қылмыстық процессуалдық заң талабына сәйкес келетін
негіздер болуға тиіс. Осы қылмыстық істер жургізу кодексінің 50-бабында
көрсетілген әрбір негіздерді жіктеп,оның құқықтық және процессуалдық
мәнінен ерекше сипат беруде теориялық ілімдерді меңгерумен қатар
практикалық ерекшеліктерімен ұштастыра отырып, мазмұндаудың өзіндік мәні
бар. ҚІЖК-нің 265-268-баптарында қылмыстық іс бойынша тергеуді уақытша
тоқтата тұру себептері,негіздері, шарттары, тәртібі көрсетілген. Тергеуші
алдын ала тергеуді ҚР ҚІЖК-нің 50-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген
негіздер бойынша тоқтата тұруға құқылы. Осы тұрғыда дипломдық жұмыстың
тақырыбын зерттеу барысында,қылмыстық іс бойынша өндірісті тоқтата тұрудың
әрбір негізіне талдау жасап,оларды мазмұндау мақсатында, заң әдебиеттерінің
авторлары Сүлейменова Г.М.,Төлеубекова Б.Х.,Ларин А.М., Шетило А.,Гуценко
К.Ф.,Фаткуллин Ф.Н., Сарсенбаев Т.Е., Ахпанов А.Н., Хан А.Л., Фаткуллин
Ф.Н.,Гинзбург Л.сияқты заңгерлердің пікірлеріне сүйене отырып,өз
пікірлерімізді тұжырымдадық. Әрбір негізге жекелеген түсініктер беру арқылы
тергеу әрекеттерін токтата тұрудың мәні ашылып,тергеушінің атқаратын
процессуалдық әрекеттері мен анықтау органдарымен бірлесе жүргізілетін,
қылмыскердің бой тасалап,жасырынып жүрүі кезіндегі жедел іздестіру шаралары
мен қылмыскерді анықтау міндеттерін орындауы туралы түсініктер беріледі.
Алдын ала тергеуді тоқтата тұру институты-қылмыстық іс жүргізудің
әрекеттерінің бірі болып табылады. Тоқтата тұрудың өзіндік
ерекшеліктері,мәні,маңызы,занмен белгіленген негіздері мен тәртіптері
қолданылған кезде, заңдылық қағидасы жүзеге асырылады. Сол себепті осы
қылмыстық іс жүргізудің тергеуді тоқтата тұруға байланысты негіздері мен
оның қандай тәртіпте жүргізілетіні, тоқтатылған іс бойынша тергеушінің
әрекеттері, тергеуді тоқтата тұру кезінде прокурорлық қадағалауды жүзеге
асыру сияқты тарауларда, дипломдық жұмыстың тақырыбының мән - мазмұнын
ашуға тырыстым. Дипломдық жұмысты орындауда алдын ала тергеуді тоқтата
тұрудың заңмен белгіленген негіздеріне сүйене отырып, практикалық тұрғыда
заң талаптарына сай тиімді қолдану ерекшелігін толық сипаттау мақсатын
алдымызға қойдық.
І. ТАРАУ. Қылмыстық процесте іс бойынша тергеудегі алдын ала тергеуді
тоқтататұрудың ұғымы, шарттары және негіздері.
І.1. Алдан ала тергеуді тоқтата тұрудың ұғымы.
Алдын ала тергеудің мақсаты ол қылмыстардың тез және әрбір қылмыс
жасаған әділ жазаға тартылуы үшін заңдарды дұрыс қолдану. Бұл қылмыстық
оқиғаларын аныктау,белгілі бір тұлғаны оны жасауына қатыстылығы туралы
дәлелдемелерді жинау және тексеру,осы тұлғаларды кінәлі ретінде жауапқа
тарту және олардың соттық талдауда қатысуын қамтамасыз ету жолымен
жетіледі. Бірақ істерді тергеу процессіңде,тергеуші айыпкерді қылмыстық
процессте қатысуын қамтамасыз ете алмайтын жағдайлар кездесуі мүмкін.
Бұндай жағдайда ол алдын ала тергеуді тоқтата тұруға құқылы. Юридикцалық
әдебиетте алдын ала тергеуді тоқтата тұру ол бір қатар себептерге немесе
қылмыстық-процессуалдық заңмен көрсетілген жағдайларға байланысты уақытша
үзіліс деген пікір ең кең тараған болып табылады. Бұндай ұғымдарға,тоқтата
тұрудың мәні,тергеушінің дәлелдемелерді жинау және зерттеу әрекеті
тоқтатылады, қылмыстық іс қозғаусыз болады деген тұжырыммен шектеледі, ал
қылмыстық-процессуалдық заң жүйесін зерттеуі, алдын ала тергеуді тоқтата
тұру өзгеше сипатта болатындығын корсетеді. Алдын ала тергеу,тергеушінің
дәлелденген қаулысымен тоқталы тұрады (КР ҚІЖК 265 бабынан 2бөлімі), ҚР
ҚІЖК 266-бабына сай алдын ала тергеуді 50 баптың 2 бөлігінде көрсетілген
жағдайлар бойынша тоқтатылғаннан кейін, тергеуші айыпкерді іздестіру үшін,
және айыпкер ретінде тартылатын тұлғаны анықтау үшін шаралар қолдану керек.
Істі 266 баптың 2 бөлімі бойынша іс тоқтатылғанда, анықтау органдары,
тергеушінің тапсырмасы бойынша айыпкерді іздестіруін жүргізеді, ал
ашылмаған қылмыстар туралы істер бойынша, тергеу немесе анықтау үшін,
шараларды қолдана береді, яғни анықтау органдарының әрекеті де алдын ала
тергеуді тоқтата тұру этапының құрамдас бөлігі болып табылады. Осылай да
алдын ала тергеуді тоқтата тұрудың заңдылығын қадағалайтын, тоқтата тұруға
әкелген жағдайларды жоюға шаралар қолданылатын прокурор жөніндегі сұрақты
шешеді. Ал сонымен қатар анықтау органына және тергеушіге қажетті іздестіру
және тергеу әрекетінің өндірісі туралы жазбаша нұсқаулар береді, анықтау
органдарға, тоқтатылған істер бойынша іздестіру шараларын қолдануын
тапсырады. Сонымен қатар ,айтылған органдардың әрекеттерінің жылдамдылығы,
алдын ала тергеудің тоқтата тұру негізіне байланысты. Мысалы: істерді КР
КІЖК 50 бабының 4 бөлімі бойынша тоқтатылғанда, тергеуші ауырған
айыпталушыға емдеу шараларын қолдануымен шектеле алмайды Осы пунктімен
тоқтатылған қылмыстық істердің шалалығы көп емес: 8-10 пайыз ғана.
Керісінше, Казақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің 50
бабының 2 бөлімі бойынша тоқтатылған істер, кінәліні іздестіру үшін немесе
қылмыстарды алу үшін белсенді жұмысты қажет етеді. Тергеуді тоқтата тұру
ұғымы өзгеше белгілі енгізу сұрағының тоқтатыла тұруынан кейін жүргізілетін
және кінәлінің тұрағын және қылмыстың ашылуына бағытталған, тергеушінің,
анықтау органының және прокурордың білімді әрекеті ретінде қарастырудың
әрине маңыздылығы бар. Бұл ұғымның тиімді, оның құқықтық институтпен ара-
қатынасын есепке алусыз толық емес болуы. Мысалы, кейбір авторлар,
тергеудің тоқтатыла тұруын, тергеу әрекетінің уакытша тоқтатылу ретінде
түсінеді. Қылмыстық іс бойынша тергеу және басқа да процессуалдық
әрекеттерден уақытша бас тартуы. Субъективтік (мысалы, тергеушімен жіберген
созалаң және объективтік) маңызды куәгерлердің немесе жәбірленушілердің
кетуі себептерге байланысты болуы мүмкін. Айтылған жағдайларда істі тоқтата
тұру мүмкін емес, өйткені заң бұл жағдайларда, тоқтата тұрудың негіздер
тізбегіне енгізбейді. Алдын ала тергеуді тоқтата тұру институты, басқада
кеңес кылмыс процесстің институттарды сияқты, әрбір қылмыстық іс бойынша
ақиқаттың орындалуына бағытталынған, барлық кылмыстардың ашылуына, кінәлі
тұлғалардың әшкереленіп, жазалуына комектеседі. Алдын ала тергеуді тоқтата
тұру, барлық жағдайларда қажетсіз шара болып табылады, сондықтан да, зиянды
көрсетілген жағдайлар бойынша тоқтата тұру, уақытша ғана емес, сонымен
қатар тергеудегі мәжбүрлі үзіліс болып табылады. Сонымен, алдын ала
тергеуді тоқтата тұру ол заңда көрсетілген жағдайларға байланысты туындаған
қылмыстық істерді тергеудегі уақытша және мәжбүрлі үзіліс, бұл үзіліс
мезгілінде тергеу әрекеттері жүргізілмейді, бірақ осы істі тоқтата тұруын
туғызған кедергілер мен жағдайларды жойылуына бағытталған шаралар жүзеге
асырылады. Айыпталушының мекен - жайының белгісіздігіне байланысты
өндірістің тоқтатылуының бірінші негізі. Оның мәні, алдын ала тергеу
органы, тергеуді заңмен орнатылған тәртіпте анықтай алмайды, өйткені
кінәлінің қай жерде екені белгісіз. Қазақстан Республикасының ҚІЖК 50-
бабының І бөліміне сәйкес алдын тергеуді мына жағдайларда тоқтатылады: 1.
Айыпталушы тергеуден немесе соттан жасырынып жүрсе және мекен жайы белгісіз
болса. 2. Айыпталушының тұрағы, басқа да себептерге байланысты анықталмаса.
Тұлға тергеуден жасырынып кеткен категориясына жататын шарттар бойынша,
юридикалық әдебиетте ортақ пікір жоқ. Қылмыстық құқық оқулығы бойынша,
тұлға тергеуден немесе соттан жалтарған болып табылады, егер ол біреудің
фамилиясымен немесе тіпті құжатсыз және пропискасыз тұрғаның, жүйені
орыннан – орынға көшкені анықталса. Бұл жағдайда айыпталушының тергеуден
немесе соттан жасырынуы, адам қылмыстық жауапкершіліктен бұлтарды деп
ойлауға негіз беретін бірқатар белгілер мен негіздерді. Сонымен қатар
тұрған мекен-жайын ауыстыруы, тұлғаның жалған құжаттарды пайдалануы белгілі
бір мақсатты көздеген екенің қылмыстық жауапкершіліктен қашуы, тергеу
немесе соттан жасырынып кетуін анықтау қажет. Қылмыстан жалтару әртүрлі
формада жүзеге асырылуы мүмкін: мекен-жайды жасырын ауыстыру, жалған
құжаттар бойынша тұру, құжатсыз туысқандарда немесе таныстарда пропискасыз
тұру және тағы басқа. Осының барлығы айыпталушының жағдайын заңсыз ретінде
мінездейді. Яғни, тұлға тергеуден немесе соттан жасырын жүрген болып
табылады, егер қылмыстық жауапкершілікке тартылуын біле тұрып, алдын ала
тергеу органдарымен, оның тұрағын анықтауы қиындататын шараларды, қасақана
түрде қолданады. Қылмыстық жауапкершіліктен жалтару үшін қолайлы немесе
белсенді шараларды қолданбаған айыпталушы, тергеуден және соттан жасырынып
жүрген тұлға ретінде қарастырлмайды. Осы категорияға сонымен қатар қылмыс
жасағаннан кейін немесе қарулы күштерде қызметін аяқтағаннан кейін, мекен
жайын, прописка ережелерін сақтай отырып ауыстырған тұлғалар кіреді.
Айыпталушының науқасы, психикалық немесе басқа да ауыр науқасы, алдын ала
тергеудің тоқтата тұрудың екінші негізі болып табылады. Заңда психикалық
аурудың басқа да қылмыстық істің тоқтатылуына әкелетін психикалық ауруларды
айыра алуға мүмкіндік беретін белгілер көрсетілмейді. Егер қылмыстық істі
тергеу процессінде, тұлға қылмыс жасағаннан кейін психикалық аурумен
ауырғаны және бұл ауру жан сезім аурулық уақытша ауруы болып табылады екені
анықталады, қылмыстық іс айыпталушының сауығуына дейін тоқтатыла тұру
керек. Істі басқа да ауыр науқасқа байланысты тоқтатқанда, аурудың мінезін
немесе оның ауырлық дәрежесін анықтау керек. Бірақ, тәжірибеде тергеушілер
кей жағдайда айыпталушының ауруы туралы хабарды алуымен ғана шектеледі және
осы мәліметтерді анықтау және нақтылау үшін шаралар қабылдайды. Мысалы:
Жаңаарқа ауданының ішкі істер органының тергеушісі Қазақстан
Республикасының Қылмыстық іс жүргүізу кодексінің 267 бабы бойынша қоғам
мүлкін ұрлау туралы қылмыстық істі тоқтата тұрды. Айыпталушы өзінің
қарамағында болған материалдық құндылықтарды ұрлап жасырынып кетті. Тергеу
кезінде тергеуші айыпталушының жұқпалы ауру ауруханасында емделіп жатқалы
туралы хабар алды. Осының негізінде ол қылмыстық істің мынандай дәлелмен
тоқтата тұрды: Осы қылмыстық істі тергеу барысында анықталған, кінәлі
жұқпалы ауру ауруханасында емделіп жатыр, сол себепті тергеу заңмен
көзделген мерзімдерде аяқтала алмайды. Бірақ істің зерттеуі, оның
материалдарына аурудың мінезін, ауырлығын, әрі қарай дамуы туралы
мәліметтер жоқ екенін көрсетті. Айыпталушының ауыр науқасы әртүрлі
формаларда өтіп, әртүрлі жағдайларда өтіп,әртүрлі салдары бола алады.
Кейбір аурулар созылмалы түрде бола алады және аурудың күшею кездерінен
басқа қылмыстық істің тоқтатылу негізі болып санала алады (Мысалы: диабет,
туберкулез, есту қабілетінің нашарлауы тағы басқа) екінші жақтан ауық
болатын бірақ ыстықтың жоғары болатын, естің жоғалуына әкеп соғатын, яғни
денсаулықтың уақытша нашарлауы. Айыпталушыны осы кезенде қылмыстық
процесске тарту мумкіндігін жояды. Ақыры, қылмыстық іс, айыпталушы ретінде
тартылатын тұлға анықталмаған жағдайда тоқтатылады. Қазақстан
Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің 50 бабының 1 бөлімі . Бұрын
әрекет еткен заң жүйесінде бұндай істі тоқтата тұру негізі белгісіз болған.
Ал қазіргі уақытта тергеушіге, қандай жағдай болса да қылмысты ашу міндетін
жүктеуі мақсатында енізген. Істі тоқта тұру негіздерімен қатар, заң тоқтата
тұру сұрағын шешкенде, міндетті түрде есіне алатын шарттарды көрсетеді.
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің 50 - ші бабына
сәйкес алдын – ала тергеу тоқталыдады. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу: 1.
Айыпталушы ретінде жауапқа тартуға жататын адамның анықталмауы; 2.
Айыпталушы тергеуден немесе соттан жасырынып қалған не оның тұратын жері
басқа себептермен анықталмаған; 3. Айыпталушы қылмыстық ізге түсу
иммунитетінен айыру не оны шетелдік мемлекеттердің беруі туралы
мәселелердің шешілуі туралы айыпталушының іске қатысуының нақты
мүмкіндіктері болмаған; 4. Айыпталушы жүйкесінің заңда көзделген тәртіпте
куәләндырылған уақытша бұзылуы немесе өзге де науқастануы; 5. Айыпталушының
Қазақстан Республикасынан тысқары жерде болуы; 6. Соттың аталған қылмыстық
істе қолданылуға тиіс заңның немесе өзге де нормативтік - құқықтық
актілердің Конституцияға сәйкес еместігін тану не адамның және азаматтың
Конституциямен бекітілген құқықтары мен бостандықтарын шектейтіндігі туралы
ұсыныспен Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне өтініш жасауы;
7.Қылмыстық іс бойынша одан әрі іс жүргізуге уақытша кедергі келтіретін
тежеусіз күштің іс- әрекеті жағдайында анықтаушының, тергеушінің немесе
соттың қаулысымен толықтай немесе тиісті бөлігінде тоқтатыла тұруы мүмкін.
Заңда көрсетілген негіздерді қарастырайық. Қылмыстық іс айыпталушы ретінде
тартылатын тұлға анықталмаған жағдайда тоқтатылады Қазақстан
Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің 50-ші бабының І бөлімі .
Бұрын әрекет еткен заң жүйесінде бұндай істі тоқтата тұру негізі белгісіз
болған. Ал қазіргі уақытта, тергеушіге қандай жағдай болмасын қылмысты ашу
міндетін жіктеуі мақсатында енгізілген. Істі тоқтата тұру негіздерімен
қатар, заң тоқтата тұру сұрағын шешкенде, міндетті түрде ашылатын шарттарды
көрсетеді. Өзінің табиғаты бойынша, тоқтата тұрудың шарттары – ол тергеуші
қылмыстық істі тоқтата тұру қаулысын шығарғанға дейін, белгілі бір
процессуалды іздестіру әрекетін орындауды міндеттейтін заңды нұсқауы.
Өздерінің мақсаттары бойынша , олар бір жақтан қылмыстық істің тоқтата
тұруына әкелетін жағдайларды пайдалануына, екінші жақтан, бір тоқтата
тұрудың негізділігін, заңдылығын қамтамасыз етуге көмектесуге арналған.
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің 50-ші бабында
көрсетілген негіздер бойынша тергеуді тоқтата тұруынан бұрын, тергеуші
айыпталуышының жоқ болған жағдайда, өндіре алатын барлық тергеу әрекеттерді
жасауға және де оның табу үшін, сонымен қатар, қылмыс жасаған тұлғаны
анықтау үшін барлық шараларды қолдануға міндетті. Қазақстан Республикасының
қылмыстық іс жүргізу кодексінің 266 бабының ІІ бөлімі. Алдын - ала
тергеуді, айыпталушы ретінде тартылуға жататын тұлға анықталмаған деген
негіз бойынша тоқтата тұру, тергеушімен қылмыс жасаған тұлғаның табу үшін,
барлық мүмкіндіктер қолданылған соң ең соңғы жағдайда қолданылады. Алдын-
ала тергеуді тоқтата тұру, тергеу органдарының барлық тырысушылықтарына ,
жасалған барлық тергеу шараларына қарамастан, осы уақытта қылмыстық сот
өндірісінің мақсаттары орындалмайтын істер бойынша тоқтатыла алады.
Сондықтан да барлық тергеу әрекеттері бітпей тұрып, алдын ала тергеуді
тоқтата тұруға болмайды. Тергеуді тоқтата тұру болып табылады, егер осы
тергеліп жатқан іс бойынша туындаған жағдайларды әрекеттерді жүргізсе.
Юридикалық әдебиетте бұл ереже алдын ала тергеуді тоқтата тұрудың бірінші
шарты деп аталады. Тергеуді тоқтата тұрудың екінші шарты көрсетілген істе
қылмыстық белгілері бар, дәлелденген әрекеттің болуы. Егер тергеліп жатқан
әрекет анықталмаған болса және оның қылмыстық штаты жоқ болса, онда іс
тоқтата тұрмай өндіріс тоқтатылмайды. Үшінші жағдай заңда көрсетілген
негіздердің біреуі болып табылады: Айыпталушының тұрғылығының белгісіздігі;
Уақытша психикалық немесе басқа да науқас жағдайында; Қылмыс жасаған тұлға
анықталмаған жағдайда. Жалпы шарттар әрбір қылмыстық іс бойынша ,
тоқтатылудың негізіне байланысты , міндетті түрде орындауға жатады: -
Тұлғаны айыпталушы ретінде тартылғаннан кейін ғана істі бірінші немесе
екінші негіз бойынша тоқтатуға рұқсат; -Тергеудің ,орнатылған мерзімінің
анықталғанға дейін, істі бірінші- үшінші негіздері бойынша тоқтатуға тиым
салу; -Істі екінші негіз бойынша тоқтатқан жағдайда , айыпталушының ауруын
, міндетті түрде дәрігерлік мекемеде істейтін дәрігердің куәландыруы.
Мысалы: Балалар әлемі дүкенінде орналасқан Жедел бөлімінде
видиомагнитофон ұрланған. Ұрлық жасалған күні, сол бөлімде азамат Журченко
көрген, азамат Журченкадан сұрауға мүмкіншілік болған жоқ. Алдын ала тергеу
мерзімі өткеннен кейін іс айыпталушының анықталмауына байланысты тоқтатыла
тұрғаннан кейін Журченко келіп сұрастырылып жатқан жағдайларда жауап
берген, қылмыс қалай болғаны жағдайын айтқан. Менің көз-қарасым алдын ала
тергеудің тоқтатыла тұру шартының өзі емес тәжірибелік маңызы бар. Айтылған
шарттарды сақтау, қылмыстық сот өндірісінің мақсаттарының орындалуына
көмектеседі, қылмыстық істерді тергеу барысында заңдылықты сақтауды
қамтамасыз ету.

І.3. Алдан ала тергеп тексеруді тоқтатуға негіз-алдын ала тергеу
мерзімі
Сотқа дейінгі іс жүргізудің нысандары мен түрлеріне қарай оның әр
түрлі мерзімдер белгіленеді (ҚІЖК-нің 196-бабы). Алдан ала тергеу
нысанындағы сотқа дейінгі іс жүргізу қылмыстық іс қозғалағн күннен бастап
екі ай мерзімнен кешіктірмей аяқталуға тиіс. Аталған мерзімге қылмыстық іс
қозғалған күннен бастап істі айыптау қорытындысымен немесе медициналық
сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені қарау үшін істі сотқа
беру туралы қаулымен бірге прокурорға жіберілген күнге децінгі немесе іс
бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы қаулы шығарылған күнге дейінгі уақыт
енгізіледі. Заңда алдын ала тергеу мерзімін қылмыстық іс қозғалған күннен
бастап есептеуді ескертудің маңызы мынада: тәжірибеде қылмыстық істі
анықтау органынан тергеушіге, бір тергеушіден екіншісіне, бір қылмыстық
ізге түсу органынан екіншісіне беруге тура келетін жағдайлар
кездеседі.Осыған қарамастан, қылмыстық іс қозғалған күн алдын ала тергеудің
іс жүргізу мерзімі аяқталатын бастапқы кезең болып табылады. Бұл анықтау
органаның бастапқы тергеу іс әрекеттерін жүргізуге пайдаланған уақата да
екі айлық мерзімге кіретінін білдіреді. ҚІЖК-нің 282-бабына сәйкес прокурор
айыптау қорытындысымен қоса тергеушіден келіп түскен істі қарайды және ол
түскен кезден бастап 10 тәуліктен аспайтын мерзімде шешім қабылдайды. Алдын
ала тергеу қылмыстық іс қозғалған кезден бастап, қоса алғанда адамды
қылмыстық жауапқа тартатын күнге дейінгі аралықта жүзеге асырылатындықтан,
прокурордың өзіне келіп түскен істі қарайтын уақыты екі айлық мерзімге
кірмейді. Сонымен қатар, бұл мерзімге мыналар жатпайды: - ҚІЖК-нің 50-бабы
тәртібінде істің тоқтатылған уақыты; - ҚІЖК-нің 275-бабы тәртібінде
айыпталушыны және оның қорғаушысын қылмыстық істің материалдарымен
таныстыру ауқыты; - Айыпталушының шағымы боынша сұратылып алынған қылмыстық
істің сот пен прокуратурада жатқан уақыты (ҚІЖК-нің 197-бабының 1-
тармағының 13-тармақшасы; 68-бабының 7-тармағы; 69-бабының 2-тармағы).
Алдын ала тергеу ісін жүргізу үшін екі айлық мерзім белгілеу шекті әрі
қатаң ереже емес, ол ұзартылуы мүмкін. Бұл мерзімді ұзартудың мынадай
негіздері бар: - тергеп-тексеру ісінің күрделілігі. - Тергеп-тексерілетін
істің ерекше күрделілігі. Бірінші негіз боынша мерзімді аудандық және оған
теңестірілген прокурор – үш айға дейін, екінші негіз бойынша – облыс
пркуроры және оған теңестірілген прокурор мен толардың орынбасарлары – алты
айға дейін ұзартады (ҚІЖК-нің 196 бабының 4-бөлігі). Алайда бұл мерзім де
шекті емес. Ерекше жағдайларда (екінші негіз бойынша) Бас Прокурор, оның
орынбасары, Бас әскери прокурор мерзімді ұзарта алады. Тергеушінің істің
күрделілігін білдіретін мән-жайларды көрсеткен дәлелді қаулысы мерзімді
ұзарту үшін негіз болып табылады. Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 303-бабы
тәртібінде, сот немесе ҚІЖК-нің 197-бабының 1-бөлігінің 11-тармағы
тәртібінде прокурор істі қосымша тергеу үшін қайтарғанда, сондай-ақ осы
кодекстің 50,51-баптары тәртібінде тоқтатыла тұрған немесе қысқартылған
істі қайтадан қозғағанда қосымша тергеуді іс тергеушіге түскен езден бастап
бір айдан аспайтын мерзімде жүргізеді.(ҚІЖК-нің 196-бабының 7-бөлігі).
Көрсетәлген бәр айлық мерзім өткен соң алдын ала тергеу мерзімін ұзарту
қажет болатын жағдайда, тергеуші ҚІЖК-нің 196-бабының 4,5,6,-бөліктерінде
көзделген ережелерді қолданады. Тоқтатыла тұрған іс мынадай жағдайларда
қысқартылуы мүмкін: - ҚР-ның Қылмыстық кодексі осы қылиыстық жолмен
хазаланатын әрекет үшін белгілеген ескіру мерзімі өтіп кеткен; - ҚР
Қылмыстық кодексінің 69-бабында көзделген негіздер бойынша ескіру мерзімі
үзілмеген; Бұл іс бойынша қылмыстық жолмен жазаланатын әрекет жасаған адам
анықталмаған (ҚІЖК-нің 50-бабының 5-бөлігі,196-бабының 8-бөлігі).
ІІ ТАРАУ. Алдын ала тергеуді тоқтата тұрудың процессуалдық негіздері
мен әректтері.
ІІ.1. Алдын ала тергеуді тоқтата тұрудың негіздері мен процессуалдық
тәртібі.
Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 50-ші бабына
сәйкес мынадай қылмыстық іс бойынша өндірісті тоқтата тұруға болады: 1.
Айыпкер ретінде жауапқа тартылуға тиісті адамның белгісіз болуы. 2. Айыпкер
соттан немесе тергеуден жасырынып жүрген және оның тұрғылықты жері белгісіз
болса. 3. Айыпкерді қылмыстық қудалаудан шеттету туралы мәселе немесе оны
басқа мемлекетке беру туралы мәселе шешуге байланысты айыпкердің іске
қатысуына нақты мүмкіндік болмаған жағдайда. 4. Заңда көрсетілген тәртіппен
куәландырылған , айыпкердің уақытша жан күйзелісіне ұшырауы немесе басқа да
науқасқа шалдығуына байланысты. 5. Айыпкердің Қазақстан Республикасы
аумағынан тыс жерде боуы. Бұл негізді мына тұрғыдан түсініп қарауға болады,
іссапарда болуына байланысты немесе басқа да дәлелді себептермен ел
аумағынан тыс жерде болуға тура келсе және де ,мұндай негіз бойынша
қылмыстық іс айыпкер қайтып оралғанша тоқтатыла тұрады. 6. Қолдануға тиісті
заң немесе басқа нормативтік акт Қазақстан Республикасында бекітілген адам
және азаматтық құқықтары мен еркіндіктеріне нұқсан келтіруіне байланысты,
Конституциялық емес деп тану туралы сот Қазақстан Республикасының
Конституциялық кеңесіне жүгінген жағдайда. 7. Белгісіз күштің әрекет етуіне
байланысты, қылмыстың іс бойынша өндірісті жүргізу мүмкін болмаған
жағдайда. Осы жеті негізге жеке-жеке тоқталып өтейік: 1.Айыпталушы ретінде
танылатын адамның анықталмауы. Қылмыстық істі қозғау , қылмыс жасаған
адамды табу уақытымен бірдей бола бермейді. Мысалы: Банк бөліміне, қару
жарақталған топтық шабуыл жасағаны ішкі істер бөліміне қылмыскерлер
жасырынғаннан кейін белгілі болды. Іс бойынша жиналған барлық дәлелдемелер,
бұл іс бойынша жасалған әрекет қылмыстық жазалану нышаны болып көрсетті.
Егер барлық қылмыскерлерді табу жөніндегі тергеу жұмыстары, жедел іздестіру
бөлімінің жұмыстары ешқандай нәтиже бермес, ал бұл іс бойынша
қылмыскерлердің қатысуынсыз жаңа дәлелдемелер мен мән-жайлар ашылмайтын
болса , онда бұл қылмыстық іс бойынша өндірісті тоқтата тұруға мәжбүр
болады. Айыпкерлерді анықтағаннан кейін қайта қозғалады. 2. Егер айыпкер
тергеуден немесе соттан жалтарып кетсе, немесе оның мекен жайы белгісіз
болса ,немесе тағы да басқа себептерге байланысты болса. Бұл айыпкерге
бұлтартпау шарасы қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар бұлтартпау шарасы оның
қамауға алумен байланысты болмауы мүмкін. Егер бұл жағдайда соттан немесе
тергеуден жасырынып кетсе, ал оның болмаған жағдайда істі жүргізудің
мүмкіндігі жоқ болса. Онда айыпкерді табуға дейін қылмыстық істің
өндірісіне тоқтатыла тұрады. 3. Айыпкердің қылмыстық қудалаудан шеттету
туралы мәселе немесе оны басқа мемлекеттің беруі туралы сұрақтарды шешуіне
байланысты қылмыстық іс бойынша қатыса алмауына байланысты. Қылмыстық
қудалаудан иммунитетпен Қазақстан Республикасының Конституциясына
байланысты төменгі тұлғалар ие болады: Республика Президенті (Президентті
жауапкершілікке тарту, туралы сұрақты Мәжіліс депутаттарының дауыс беру мен
шешіледі және істі тергеу Сенатпен ұйымдастырылады) Қазақстан
Республикасының депутаты өзінің сайланған уақыт ішінде (оның қылмыстық іске
тартылуын белгілі бір Палата шешеді. Қылмыс істелген жерде ұсталған
жағдайлар немесе ауыр қылмыс жасаған жағдайда). Конституциялық кеңес
мүшелері мен оның төрағасы өздерінің сайлау мерзімі ішінде (қылмыстық іс
бойынша жауапкершілікке Парламент келісімі бойынша тартылады.Басқа
жағдайларда қылмыс болған жерде ұсталса немесе ауыр қылмыс жасаса):
судьялар (қылмыстық жауапкершілікке Қазақстан Республикасының Президентінің
келісімімен, бұл жағдайлардың басқа қылмыс жасалған жерде ұсталса немесе
ауыр қылмыс жасаса) Қазақстан Республикасының Бас Покуроры (Сенат
келісімімен жауапкершілікке тартылады). Сондай-ақ шетел дипломатиялық
өкілдіктерінің мүшелері: Тұлғаны иммунитеттен айыру сұрағы әртүрлі
мерзімдерде шешіледі. Ол сұрақтардың шешілуі , істің процессуалдық
мерзімдеріне әсер етеді. Осыған байланысты қылмыстық істің өндірісін
айыпкердің қатысуынсыз жүргізуге болмайтындығын , оны иммунитеттен айыру
туралы сұрақтарын шешуге байланысты тоқтата тұруға жөн болады. 4.
Айыпталушының уақытша психикалық жан қүйзелісіне немесе басқа да ауыр
науқастарға шалдығуына байланысты. Заңда көрсетілген тәртіппен тұлғаның
науқасына байланысты істің жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, дәлелдемелерді
жинаудың барлық мүмкіндіктері біткен жағдайда қылмыстық іс тоқтатыла
тұрады. Айыпкердің науқасының қай уақытқа дейін созылатынын білмегендіктен
ол қылмыстық процессуалдық уақыт мезгіліне әсерін тигізеді.Сондықтан
қылмыстық істі тоқтата тұру , қылмыстық процесске қатысушылардың құқықтарын
бұзбауға мүмкіндік береді. 5.Айыпталушының Қазақстан Республикасынан
тысқары жерде болуы , бұл іс бойынша тоқтата тұру айыпталушының қатыспауы
мүмкін болатын қылмысты іс жүргізуге шараларының барлығын орындауды талап
етеді. Осы шаралардың барлығын орындалғаннан кейін қылмыстық іс тоқтатыла
тұрады. Осы уақыттан бастап айыпкердің керегіне қарай оны шақырып алуға
шаралар қолданылады. Шақырып алу қылмыстық істі жүргізіп жатқан органның
шағымдануымен жүзеге асуы мүмкін . Шағымдалу айыпкердің жұмыс органына
жіберіледі (оны белгілі мақсатпен жіберген). Егер айыпталушыға қарсы
бұлтартпау шарасын қолдану жөнінде қаулы шықса. Ондай жағдайда Қазақстанның
мүшелігі бар халықаралық келісім бойынша, қылмыстық процестегі жүргізетін
тергеушінің жеке ұйғарымы бойынша, сол мемлекеттен шығарылуға және оны
мәжбүрлеу арқылы тергеу органына жеткізіледі. 6. Қолданылуға тиісті заң
немесе басқа нормативтік акті Қазақстан Республикасының Конституциясында
белгіленген адам және азаматтық құқықтары мен еркіндіктеріне нұқсан
келтіруіне байланысты Конституциялық емес деп тану туралы соттың Қазақстан
Республикасының Конституциялық Кеңеске шағымдануы жағдайында. Қазақстан
Республикасының Конституциясына байланысты 73- бабында көрсетілген
Конституциялық Кеңестің шешім шығару мезгілі бір ай болып есептеледі .
Шағымның келіп түскен күнінен бастап есептеледі. Осыған байланысты
қылмыстық іс тоқтата тұру бір ай мөлшерінде ғана созылады. 7. Қылмыстық
істі әрі қарай жалғастыруға белгісіз күштің әрекет етуіне байланысты
уақытша тоқтата тұру. Белгісіз күш деп: су тасқыны, жер сілкіну, соғыс
әрекеттері тағы да басқа жатады. Органның шақыруымен келе алмауы , бұл
себепте айыпталушының құқық қорғау органдарының шақыруымен келе алмауы оны
қылмыстық процессуалдық шараларды қолдануды алып тастайды. Осыған орай әрі
қарай айыпталушының жоқтығынан қылмыстық істі әрі қарай жүргізу
мүмкіндігінің болмауы. Тергеушіге істі тоқтата тұруға құқық береді. Сонымен
қатар, қылмыстық процесске қатысушылардың статусын оларға шығын келтірмей
сақтап қалады. Қылмыстық істі тоқтату жалпылай көлемде және жекелей іске
асырылады. Қылмыстық істі тоқтату іс бойынша екі немесе одан да көп адам
болған жағдайда кездеседі. Бұл жағдайда тоқтатылған бөлігі істің әрі қарай
жүргізілуіне кедергі болмау керек. Егер іс бойынша екі немесе бірнеше
айыпкер тартылса, ал істі тоқтату үшін негіз барлық айыпкерлерге қатысты
болмаған жағдайдағы іс бойынша өндірісті тоқтатудың жағдайлары мен
тәртіптері. Егер іс бойынша екі немесе бірнеше айыпкер тартылса, тергеуші
үшін негіз барлық айыпкерге қатысты болмаса, тергеуші жекелеген айыпкерге
қатысты істі бөлуге және тоқтатуға құқылы. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің
267- бабына істі бөліп және тоқтатудың 3 негізі көрсетілген. Істі бөліп
қарау қажетті жағдайларда ғана қолданылады . Егер ол жан жақты толық
объективті зерттеуіне әсер етпесе; Әдебиетте қылмыстық істі бөліп қараудың
басқа да жағдайлары көрсетілген айыпкердің қорғану құқын сақтау және әділ ,
негізделген үкімнің шығуын қамтамасыз ету; Істі жан жақты толық және
объективті тергеу және шешу заңда көрсетілген қылмыстық процесстің басты
қағидаларының бірі Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу
кодексінің 8- бабында көрсетілген талаптарға байланысты анықтау, тергеу
және сот органдары барлық дәлелдемелерді жинауға, бекітуге және тексеруге
сонымен қатар айыпкердің кінәсін ауырлататын және жеңілдететін, іс үшін
маңызды барлық мән-жайларды анықтауға міндетті; Тергеу органдарының істі
болып қарауы аталмыш айыпкердің қатысты процессуалдық құжаттардың
көшірмесін түсіруімен тікелей жүргізіледі және де осы көшірмелер қаулы
немесе ұйғарымға сәйкес қосып тіркеледі. Егер алдын ала тергеу сатысында іс
бөлініп қарастырылса , онда негізгісі сотқа жіберіледі , ал бөлінгені
тергеушіге қалады. Бұндай істі бөліп қараудың өзінің оң және теріс жақтары
болады. Оң жақтары егер істі қайта жаңарту өндірісті тексеру қажеттілігі
туса онда ол тез арада жүзеге асады . Істі жекелеген өндіріске бөлу
айыпкердің жасырынуы немесе науқасқа ұшырауына байланысты қылмыстық
істі тексеру тоқтатпайды . Теріс жақтары болып мыналар табылады : Қылмыстық
іс бойынша тергеу материалдарының көлемі , яғни техникалық жақпен
байланыстырсақ оған көп еңбек және уақыт кетеді. Топтық қылмыстар жөніндегі
қылмыстық істі тексеру процесінде кейбір айыпкерге қатысты істі бөлу және
тоқтату қажеттігі туады. Бір қылмыс бойынша істі тоқтатуды бөліп қарастыру
кезінде бірдей зерттеу мәні ал көбінесе бірдей дәрежеде болатын екі немесе
бірнеше дербес қылмыстың өндірісі құралады. Бұндай жағдайда сот қарауына
жіберілген іс бойынша алдын ала тергеуде табылған дәлелдемелерге сотпен
баға беріледі, алдын ала тергеу материалдары және дәлелдемелерді растайтын
немесе жоққа шығаратын үкім шығарады. Сонымен қатар бөлінген іс бойынша
жедел тергеу шаралары жүргізіледі. Олар істі дұрыс шешуге арналған
фактілерді анықтауға бағытталады . Кінәлі деп тану жөніндегі сұрақтарды
дұрыс шешу үшін тергеуден жасырынп немесе науқасқа ұшырауын уақытында
анықтамаса кейбір жағдайда айыпкердің, жәбірленушінің және куәнің
көрсетуі сот мәжілісінде негізгі істі тыңдау процессте маңызды орын алады .
Негізгі тергеу кейбір жағдайда бұрынғы бөлініп қойған іс кезінде, негізгі
істі дұрыс шешу үшін белгілі бір оң мәнге ие болады. Бөлінген іс тәртіп
бойынша негізгі істі тергеуден тергеушінің өндірісімен аяқталады. Бірақ,
бұл бұндай істі тергеу басқа тергеушінің өндірісімен аяқталмайды дегенді
білдіреді. Тергеуші істі өз өндірісіне алу жөнінде қаулы шығарады.
Жекелеген өндірісті бөлу кезінде тергеуші қалған уақытты айыпкердің
тұрғылықты орнын анықтауға барлық шараларды қолдануға және барлық тергеу
әрекетін жүргізуге міндетті. Тек қана мерзімі өтіп кеткен жағдайда
қылмыстық іс тоқтатылады . Айыпкер ретінде жауапқа тартылатын тұлғаны
анықтамау кезінде қылмыстық істі тоқтата тұру. Алдын ала тергеуді тоқтата
тұрудың келесі негізі болып қылмыстық жауапкершілікке тартылатын адамды
анықтамау болып табылады. Бұрынғы қылмыстық - процессуалдық заңда
көрсетілмеген жаңа негіз болып табылады. Тергеу органдары қылмысты істеген
адамды анықтамауы кезінде іс тоқтатылады деп санаған. Тәжірибеде осы жолмен
жүрген бір шама қылмыспен күресуді әлсіретті. Себебі, қылмыстық белгілі бір
топтары ашылмай қала берді, кінәлілердің сазайлары тартылмады. Қылмыс
ашылмай қалған жағдайларда тергеу органдарының заңда көрсетілген уақытында
жедел анықтау шарасына қарамастан қоғамға қауіпті іс әрекетке қатысты
адамды анықтау мүмкін болмаса, қылмыстық іс тоқтатылады . Заңның мазмұнынан
мынаны көреміз : Тергеуді тоқтату айыпкердің қылмыстық процессте қатысуына
мүмкін болмаған жағдайда осыған байланысты мына себептерге байланысты:
яғни, жасырынп жүрсе немесе оны табу мүмкін болмаса немесе оның ауыр
науқасқа ұшырауына байланысты мұның тізбесі жеткілікті болып табылады.
Алдын ала тергеуді процессуалдық тоқтату қылмыстық іс жүргізу кодексінің
173 - бабының 3 бөліміне сәйкес ерекше талаптарға міндетті түрде жауап
беретін қаулы түрінде дайындалады. Тергеуші алдын ала тергеу жөнінде қаулы
шығарады. Ал кіріспе бөлімі сипаттама және қорытынды бөлімнен тұрады. 107-
бапқа сәйкес қаулыда мыналар көрсетілуі тиіс : Оның құрудың орны мен уақыты
. Анықтау жүргізушінің немесе тергеушінің адам немесе тергеуші қол қоюы
тиіс . Бұл жағдайда қылмыстық істі тоқтата тұрудың заңдылығы мен
дәлелдемелегін қамтамасыз ету үшін заңда көрсетілген жағдайлар сақтауымыз
керек. Барлық тергеу әрекеттерін орындау қылмысты ашуға бағытталған барлық
шараларды қолдану, дәлелдемелерді жинастыру мүмкіндігінің болуы. Белгілі
бір адамға айыптауға мүмкіндік беретін дәлелемелерді жинау мүмкіндігі
болатын дәлелдемелерді жинауға мүмкіндік болмаған жағдайда ғана тергеуші
аллдын ала тергеді тоқтату жөнінде қаулы шығаруға құқылы. Қаулы дәлелді
болуы керек, істің барысында қандай тергеу әрекеттері болды, істің мәні
жөнінде. Кінәліні анықтау үшін қандай шаралар қолданылғаны жөнінде .міне
осы жағдайлардың барлығы қаулыда көрсетілуі тиіс. Сонымен қатар тергеуші
немесе алдын ала бөлімнің анықтаушысы осы сәтте бой берілмейтін
кедергілермен кездескенін көрсететін дәлелдемелерді ұсынуы қажет. Қаулының
мазмұны мына жағдайларды көрсетуі қажет: істі тоқтата туралы шешім аталмыш
жағдайда дұрыс және қажетті. Іс бойынша дұрыс шешім шығарудың мысалын
келтірейік: 2005 жылы 6 наурызда Жаңаарқа ауданының Ленин көшесінің 127
үйінде орналасқан коммерциялық дүкенге қарақшылық шабуыл жасаған: тергеуші
бірқатар тергеу әрекетін жүргізген іс болған жерде қарау, дактелоскопия,
жәбірленуші, куәлардың жауабы, фоторобот құрастырған бірақ қылмыскерді
анықтау мүмкіншілігі болмаған, сол себептен қылмыстық іс тоқтатыла тұрған.
Мұндай жағдайда заңмен көрсетілген тергеу ісінің мерзімі өтіп кетсе,
қолданылған шараларға қарамастан қылмыс жасаған адам анықталмаса іс
қылмыстық іс жүргізу кодексінің 26 - бабына байланысты тоқтатылады. Егер
айыпкердің қылмысқа қатынасы дәлелденбей қалса онда ашылмай қалды деп
танылады. Тергеу органдары қылмысты жасаған кінәліні анықтау үшін барлық
шараларды қолдануы қажет. Осыдан барып істі тергеуді жалғастыру қажеттігі
туындайды. Егер алдын ала тергеу мерзімінің өтуіне байланысты
дәлелдемелерді жинау жеткіліксіз болса, осы қолданған шаралар оң нәтиже
бермесе, қылмыстық істі тоқтату үшін қылмыстық іс жүргізу кодексінің 175-
бабына жүгінеміз . Нақты адамға байланысты істі тоқтату қылмысты толық ашу
және объективтік шындықты анықтау мақсатын алып тастайды. Сондықтан
айыпкердің жасалған қылмысқа қатынастылығы дәлелденбеуі өндірісті толық
тоқтатуға негіз ретінде емес тек қана сол адамға байланысты істі тоқтату
негізі ретінде қарастырылады. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс
жүргізу кодексінің 267- бабында көрсетілген жағдайлар бойынша болған
жағдайда, заңға сәйкес қылмыстық іс жүргізу кодексінің 120-бабы алдын ала
тергеу міндетті қылмыстық істерді тоқтата тұруға құқылы ма деген сұрақ
туындайды. Алдын ала тергеу міндетті істер бойынша Қазақстан
Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің 50 бабында көрсетілген,
анықтау органдарының құзырынан мөлшері кейінге қалдырыла алмайтын тергеу
әрекеттерін жүргізумен шектеледі және осы істер бойынша анықтау, істі
тергеушіге жіберу туралы қаулыны шығарумен аяқталады . Бұндай істер бойынша
тергеуді тоқтата тұруға тек қана істе, заңмен тәртіптелген мерзімде анықтау
органымен алып, оны өз өндірісіне алған тергеуші құқылы. Қылмыстық істі
айыпкердің тұрағы белгісіз болған жағдайда тоқтата тұру. Қазақстан
Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің 50-бабының 2-ші бөліміне
сәйкес алдын ала тергеуді тоқтата тұруды егер айыпталушы тергеуден немесе
соттан жасырынып кетсе немесе басқа да себептерге байланысты оның тұрағы
анықталмаған болса. Бұл алдын ала тергеуді тоқтата тұру негізінде
тергеушіге айыпкердің қайда екені белгісіз, бірақ айыпталушының өзі белгілі
екенің білдіреді, яғни, қылмыстық жауапкершілікке тартылатын тұлға белгілі.
Бұндай жағдай айыпталушы ретінде тартылған және оның айып тағылған тұлғаның
қашып кетумен байланысты болуы мүмкін немесе тұлғаны айыпкер ретінде
жауапқа тарту туралы қаулы шыққан, бірақ тергеуге заңмен тәртіптелген
мерзім ішінде тұлғаның тұрағын анықтай алмаған, сондықтан оған айып
тағылмаған. Егер айыпталушы тергеуден немесе анықтаудан жасырынып кетсе
немесе басқа да себептерге байланысты оның мекен-тұрағы анықталмаса ,
тергеуші анықтау жүргізіп жүрген тұлға , іздестіру үшін қажетті шараларды
қолдануға міндетті. Іздестіру шараларынан бұрын, айыпталушының жасырынып
кеткенін, онымен кездейсоқ бақытсыздық, өлу, басқа іс бойынша қамау
болмағаның анықтау қажет етеді. Сонымен қатар айыпталушы туралы тергеу
әрекеттерін жүргізу арқылы және жедел іздестіру шаралары арқылы толық
мәліметтер жиналу керек1 . Қылмыс жасаған тұлғаны іздестіру күрделі көп
жақты әрекет болып табылады. Бірінші кезекте ол істі тергеу барысында
тергеушінің өзімен жүзеге асырылатын, бұл ешқандай процессуалды бекітуде
талап етпейді, сұрақ басқаша шешіледі, егер Қазақстан Республикасының
қылмыстық іс жүргізу кодексінің 266 бабының 2 тармағына сәйкес тергеуші
іздестіруді тапсыра салатын, айыпталушының іздестіруіне анықтау органдары
тартылады. Бұл тартылу тергеуші алдын ала тергеуді тоқтата тұру қаулысында
көрсетеді немесе жеке қаулы шығарады. Осындай қаулылардың бірін шығарған
анықтау органы. Тәуліктің ішінде іздестіру ісін бастап, іздеу ісіне
кірісуге міндетті. Іздестіру ісінің нақты мезгілін,уақытын белгілеудің
маңызы өте зор. Айыпталушының жоқ болып кетуі мезетінен бастап қанша бос
уақыт кетеді, сонда оны ұстаудың мүмкіндігі жоғары болады . Қазақстан
Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің 267- бабының 2 бөліміне
сәйкес: іздестіру алдын ала тергеу барысында және оны тоқтата тұру
уақытында жариялануы мүмкін. Яғни, тергеуші әрбір мезетте іздестіруді
анықтау органдарына тапсыра алады. Бұл мезеттің бекітуін ,билеуін заң
тергеушінің қарауына жатқызады. Қылмыстық істерді тоқтата тұрудан бұрын
іздестіру үшін негіздердің пайда болу жағдайлары аз емес. Бұл тергеушіні,
іздестіруді анықтау органдарына тапсыру туралы ерекше қаулыны шығару туралы
міндеттейді. Егер іздестіруді жариялау туралы сұрағы іс бойынша өндірістің
тоқтатыла тұру сұрағымен бірге шығарылса, тергеуші істі тоқтата тұру
қаулысында, іздестуруді анықтау органдарына тапсыру туралы көрсете алады.
Іздестіру анықтау органдарына тапсыру жөнінде ерекше қаулы, іс бойынша
өндірісті тоқтата тұру қаулысымен қатар, Қазақстан Республикасының
қылмыстық іс жүргізу кодексінің 267- бабының 1 бөліміне сай, тоқтата тұру
процессуалдық тәртібінің құрамдас бөлігі болып табылады. Ешқайда кетпеу
туралы шара тергеуден әрі қарай бұлтаруға ешқандай кедергі жасалмайтындығы
айғақ. Жалпы тәртіп бойынша жасырынып жүрген айыпталушы жөнінде бірақ
бұлтартпау шарасын қамауға алуды қолдану керек. Өйткені, басқа шаралар
айыпталушының тергеуден немесе соттан әрі қарай жасырынуына кедергі
жасалмайды Бұл жерде, бостандығынан айыру жазалар қолданылатын қылмыстар
туралы айтылып тұр. Кейбір жағдайларда қылмыстық істі тоқтата тұруға,
айыпталушы ешқайда кетпеу туралы шараны бұзып, жасырынып кетпеуі туралы
байланысты туындауы мүмкін . Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу
кодексінің 143-144 баптарына сәйкес егер айыпталушы ешқайда кетпеу туралы
қолхатты, жасырыну арқылы бұзса, бұдан қатаң бұлтартпау
шарасын,мысалы:қамауға алуды қолдана алады. Бірақ, егер ешқайда кетпеу
туралы қолхаттың бұзылуы ,айыпталушы тергеуден немесе соттан жасырынып
кетуде көрініс тапса, онда ешқайда кетпеуі туралы қолхатты, қамауға алумен
ауыстыруы құқығы және міндеті болып табылады. Қамауға алу айыпталушыны
тергеу орнына жеткізу сұрағымен тығыз байланысты. Қамауға алуға немесе
жеткізуге арналған қаулы прокурормен санкциялануы керек. Қазақстан
Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің 143 бабына сәйкес анықтау
органы, тергеуші, прокурор дәлелденген қаулы шығарады немесе онда міндетті
тәртіпте, бұлтартпау шарасын таңдау негіздерін көрсетеді . Егер Қазақстан
Республикасының 267 бабына сәйкес тергеуші іздестіру жариялау туралы істі
тоқтата тұру қаулысында көрсете алуға құқылы болса, ол іздестірілуші
жөнінде бұлтартпау шарасын таңдағанда, заң ондай құқықты бермейді . Егер
іздестірілінуші жөнінде бұлтартпау шарасын қолдану жөнінде сұрағы, істі
тоқтата тұру сұрағымен бірге шешілсе, тергеуші жеке қаулы шығаруға міндетті
болып табылады. Іс бойынша өндірісті тоқтата тұру сұрағы бекітілетін
қорытынды процессуалды құжат болып, тағы да қаулы болады. Қазақстан
Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің 265-бабының 2 бөліміне
сәйкес істі тоқтата тұруына негіз болған жағдайлар толық көрсетілуі тиіс,
осы негізді дәлелдейтін қажетті дәлелдемелер қолданылуы қажет. Қаулының
дәлелдену бөлімінде қылмыстық іс қандай негіз бойынша тоқтатыла тұруына
көрсетіледі. Іздестіруді тапсыру туралы қаулының күші, процессуалдық
мерзімнің белгілеуімен шектелмейді. Ол барлық іздестіру кезінде орындалуға
жатады. Іздестіріліп жатқан тұлға табылып ұсталған жағдайда немесе өз
бетімен кінәсін мойындап тексеруші органдарға келген жағдайда және
қылмыстық істің тоқтата тұруының барлық жағдайларында, қылмыс жасаған
тұлғаның іздестірілуі тапсырылған анықтау органы сол мезетте хабарланады.
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің 267- бабының 3
бөліміне сай, тергеуші істің 50 - бабының 2 тармағы бойынша тоқтатылуына
байланысты, егер, бұрын бұлтартпау шарасы қолданбаған болса айыпкерге
қатысты бұлтартпау шараны таңдай алады және тергеуші айыпталушының
тұрағының белгісіз болған жағдайларда анықтайды: жасырынып кетсе, немесе
оның тұрағы басқа себептерге байланысты белгісіз болса. Бұл жағдайлар
бұлтартпау шараларды қолдану негізімен тығыз байланысты екенін еске алу
керек. Айыпталушыға қылмыстық жауапкершіліктен бұлтаруға кедергі қоятын ең
тиімді бұлтартпау шарасы болады, қамауға алу болып табылады. Бұндай шара
айыпталушы тергеуден және соттан жасырынып кете алады деген мәліметтер
болған жағдайда қолданылады . Егер осындай бұлтартпау шарасын таңдау үшін
айыпталушының жасырынып кетем деген ниетін басу жөнінде негізделген
болжамның болуы жеткілікті болса, қылмыстық іс айыпталушының тергеуден
жасырынып кеткен себептер бойынша тоқтатылған жағдайда бұндай шара қажетті
болып табылады : Айыпталушы айып тағылудан бұрын немесе кейін жасырынып
қалса, немесе оның мекен жайы белгісіз болса. Онда тергеу органдары
айыпталушыны табуға немесе оның мекен жайын анықтауға бар күшін салуға
міндетті. Бұл жағдайларда тергеуші анықтау органдарына айыпкерді табу үшін
бұйрықтар, ұйғарымдар беруге құқығы бар. Бұл тапсырмалар бойынша ол
қылмысты тоқтата тұру қаулысында көрсетеді. Айыпкерді іздестіру жөніндегі
қаулы, істі тоқтата тұру қаулысымен бір мезгілде шығарылады немесе ерекше
қаулы айыпкерді іздеу, егер қаулы істі тоқтатуға дейін шығарылса . Іздеу
жөніндегі қаулыда тергеліп жатқан істің мән- жайы баяндалады, іздеу салуға
негізін тағы да оның кімге жүктелетіні, қандай бұлтартпау шарасын қолдану
керектігін және ұстағаннан кейін оны қайда апаруы көрсетіледі. Іздеу салу
қаулысы қылмыстық істі тоқтата тұру қаулысымен бір мезгілде шығарылса ,
онда осы жағдайлар сол қаулыда көрсетіледі . Айыпталушыны іздеудің
сәттілігі көп жағдайда, тергеушінің қандай жағдайда анықтау органдарымен
байланысты іздеуді қандай жағдайда анықтау органдарымен байланысты, осы
мақсатпен тергеуші қаулыны ішкі істер бөліміне жолдайды. Бұл қаулыға қоса
қылмыскер туралы анықтама болуы мүмкін жерлер, байланыстары, ерекше
белгілері қосылады. Анықтамаға айыпталушының фото суреті, ал ондай жоқ
кезде фотороботы және оның сыртқы түрін сипаттауы қосылады. Іздестіру
қаулысымен қоса қылмыскердің қылмыстық жауапкершілікке айыпкер ретінде
тартылғаны туралы қаулыда қоса жіберіледі және ұсталған кезде оған жария
етіледі . Заңды негіздердің болғаны жағдайында оған бұлтартпау шарасын
қолдануы мүмкін, сонымен қатар, прокурормен санкцияланған бұлтартпау
шарасы. Бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулы шыққан кезде оны басқа
қаулылармен бірге ішкі істер бөліміне жібереді. Келісу мақсатымен анықтау
органдарымен, жедел іздестіру бөлімімен бірге жұмыс істеуге тәжірибеленеді.
Бұлар мәліметтермен бөлісу, бірге жоспарлау. Айыпталушыны іздеу алдын ала
тергеу жүргізу кезінде де оның тоқтатыла тұруымен де бір мезгілде
жарияланады. Кездестіріліп жатқан айыпталушыға қатысты, ол табылған
жағдайда бұлтартпау шарасы қолданылады. Қазақстан Республикасының қылмыстық
іс жүргізу кодексінің 139-бабына байланысты айыпталушыға қолданылатын
бұлтартпау шараларын қолдану үшін негіздер. Айыпталушы анықтаудан ,алдын
ала тергеуден немесе соттан жасырынады, не істі сотқа объективті зерттеуге
және талдауға бөгет жасайды немесе қылмыстық әрекетпен шұғылдануды
жалғастырады деп ойлауға жеткілікті негіздер болған кезде сондай-ақ үкімнің
орындалуын қамтамасыз ету үшін қылмыстық процессті жүргізуші орган өз
өкілеттегі шегінде ол адамға осы кодекстің 140-бабында көрсетілген
бұлтартпау шараларының бірін қолданады : Бұлтартпау шаралары: 1. Ешқайда
кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қол қойдыру. 2. 3. Әскери қызметшіні
әскери бөлім бұйрығымен бақылауына ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz