Кейбір азаматтық істерді соттың қарауына дайындаудың ерекшеліктері
Ж О С П А Р
І - тарау. Азаматтық істерді сотта қарауға әзірлеу және оның
маңызы.
ІІ - тарау. Азаматтық істі сотта қарауға дайындау жөніндегі
судьяның әзірлеу іс-әрекеттері
1. талапкер мен жауапкерден істің мән-жәйы жөнінде сұрастыру.
2. Іске қатысушылардың тобын анықтау және мүдделі тұлғаларды іске
енгізу туралы мәселелерді шешу
3. Істе прокурордың, мемлекеттік органдардың қатысуы
4. Куәларды шақыру туралы және куәлардың берген жауаптарын пайдалану
мүмкіндіктері
5. Жазбаша және айғақтық дәлелдемелер туралы мәселелерді шешу
6. Азаматтық істерді дайындаудағ сараптама тағайындау
7. Сот тапсырмалары.
ІІІ - тарау. Кейбір азаматтық істерді соттың қарауына дайындаудың
ерекшеліктері.
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
РЕФЕРАТ
Бітіру жұмысының тақырыбы: Азаматтық сот өндірісіндегі дайындау
сатысың деп аталады.
Бітіру жұмысын жазу барысында Қазақстандық, Кеңестік және жақын
шетелдікң ғалымдардың ғылыми еңбектері пайдаланылды.
Сонымен бірге қазіргі кезде қолданып жүрген қазақстандық нормативтік
құқықтық актілер басшылыққа алынды.
Жұмысты жазу барысында мынадай терминдер, ұғымдар қолданылды: талап
өндірісің, талапң, сот өндірісің, субъектң, дайындық әрекеттерің,
сараптамаң, куәларң, сот тапсырмасың, ұйғарымң, қарсы талапң, қарсы
пікірң.
Бітіру жұмысының мақсаты азаматтық іс жүргізу құқығының сот
сатыларың мәселелеріне қатысты теорияда және тәжірибеде кездесетін
мәселелерді ашып көрсету.
Қарастырылып отырған мәселені алда талдау, ғылыми зерттеу жүргізуші
ғалымдардың көзқарастарын, олардың берген анықтамаларын, пікірлерін
салыстыра отырып ашып көрсетуге тырыстым.
Жұмыс құрамы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және
библиографиядан тұрады.
К І Р І С П Е
Елімізде соңғы кездердегі қоғамдық қатынастардың әсіресе экономикалық
қатынастардың түпкілікті өзгеруінің соған сәйкес, оларды құқықтық реттеудің
формаларының өзгеруі ұлттық заңдарымызды және нақты құқық саласының барлық
жүйесін қалыптастыратын бастапқы, негізгі ережелерді қайта қарау, зерттеуді
қажет етеді.
Азаматтық және басқа да материалдық-құқықтық қатынастарды реттеудің
құқықтық базасындағы елеулі өзгерістер азаматтық сот өндірісін жетілдіру
қажеттілігін туғызғаны сөзсіз. Осыған байланысты қабылданған Қазақстан
Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі сот жүйесіндегі ауқымды қайта
құруларды, сот билігін жүзеге асырудың жаңа тәртібін іске асыруға
бағытталған бірнеше заң актілерінің қатарын толтырды. Алайда бұл заң өзінің
қызмет етуінің қысқа мерзіміне қарамастан, қазіргі күнде бірқатар күрделі
кемшіліктерін байқатады. Соның ішінде көптеген сыни көзқарастар оның сот
өндірісі сатыларына, байланысты айтылып жүр. Сондықтан да бүгінгі күні
процессуалдық ғылымның мұндай өзекті мәселелері Қазақстан
юриспруденциясында толыққанды теориялық талдауларды қажет етеді.
Қазақстан Республикасы соттары мен судьяларының мәртебесі
конституциялық заңдармен белгіленеді. Азаматтардың бұзылған құқығы және заң
бойынша қорғауға жататын мүддесі жөнінде Қазақстан Республикасының
Конституциясында сотқа жолдану құқығы ерекше белгіленген.
Негізгі соттың міндеті АІЖК-мен реттеледі. Сот түскен материалдармен
және түсініктермен ғана шектелмей, істің шынайы мән - жайын және
талаптардың құқықтары мен міндеттерін жан - жақты, толық және әділетті
түрде айқындау үшін заңда көрсетілген, барлық шараларды қолдануға тиісті.
Соның бірі азаматтық істі сотта қарауға дайындау болып табылады. Арызды
қабылдағаннан кейін судья азаматтық істі қозғап істі сотта қарауға дайындық
шараларын жүргізеді, оның міндеті істі дер кезінде және дұрыс шешуді
қамтамасыз ету (АІЖК 166 бап). Сондықтан істі дайындау жұмысын судья барлық
істер бойынша жүргізуге міндетті.
Қазақстан Республикасындағы сот билігі Жоғарғы Сотқа және жергілікті
соттарға тиесілі.
Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасында
сот әділдігін тек соттар ған жузеге асырыды деп көрсеткен[1]. Соттарда
істерді қарау заңдылық негізінде, соттасуын тараптардың тікелей қатысуымен
сотта іс жүргізілетін тілді сақтай отырып, жариялық, айтысушылық, тараптар
құқықтарының теңдігі судьялардың тәулсіздігі және шешімдер шығарған кезінде
олардың айғақтарды еркін бағалауы жағдайында жүргізіледі. Соттарда істер
соттың бірінші сатысында жеке дара, ал жоғарғы сатыларда алқалы түрде
қаралады.[2]
Сот ісін жүргізу тәртібі заңмен белгленеді.
Бітіру жұмысым судьяның істі сотта қарауға дайындау кезеңінде
жүргізілетін іс жүргізушілік әрекеттердің негізінде сипатталған. Осыны
ескере отырып, біз бітіру жұмысымызда жалпы азаматтық іс жүргізу құқығының
принциптеріне сәйкес сот өндірісі,соның ішінде азаматтық істерді сотта
қарауға дайындық сатысының ұғымына түсінік беріп, оның жүйесіне, мазмұнына
талдау жасап мәнін анықтадық. Соның негізінде теорияда орын алған сыни
көзқарастарға, жетілдіру мәселелеріне тоқталып, оны шешу жолдарын бітіру
жұмысы көлемінде қарастыруға тырыстық.
Бітіру жұмысын жазу барысында әрекеттегі заңдар мен арнайы ғылыми еңбектер
және соттардың тәжірибе материалдарын пайдалануға тырысытм.
Бітіру жұмысы кіріспеден және негізгі ІІ тараудан және қорытындыдан
тұрады.
І - Т А Р А У
Азаматтық істерді сотта қарауға
әзірлеу және оның маңызы.
Заңда белгіленген тәртіптен әрбір мүдделі тұлға өзінің бұзылған немесе
даулы құқығын, болмаса заңмен қорғалатын мүддесін қорғауды сұрап сотқа
жолдана алады (АІЖК-нің 8 бабы).
Ең алдымен бұл құқықты жүзеге асыру азаматтық істі қозғауға әкеліп
соғады.
Сот азаматтық істі қозғап оны қарауға кіріседі.
1.Өзінің құқығын қорғау немесе заң қорғайтын мүддесін қорғауды тұлғаның
арызы бойынша.
2.Прокурордың арызы бойынша.
3.Заң бойынша белгіленген реттерде басқа адамдардың құқықтары мен
мүдделерін қорғауды сұрап, соттан өтіне алатын, мемлекеттік органдардың,
ұйымдар немесе жекелеген азаматтар заң бойынша құқық қорғау және басқа
азаматтар мүддесін қорғау үшін сотқа өтініш жазған жағдайдағы арыздары
бойынша.
Талап істерін жүргізу жөнінде талап арыздары беріледі.
Ерекше өндірісте азаматтық іс қозғау құралы ретінде арыз болып
табылады.[3]
Істі қозғау үшін мүдделі азаматтың берген арыздарынан басқа да осындай
арыздар сотқа өтуі қажет. Азаматтық іс бойынша арыздары қабылдау туралы
мәселе судьяның жеке өзі шешеді152-бап АІЖК .
АІЖК - ң 170 бабына сәйкес, істі дұрыс және дәл уақытында шешу
мақсатында арыз қабылданған соң судья істі сотта қарауға әзірлік жүргізеді,
оның мақсаты - істі дер кезінде және дұрыс шешуді қамтамасыз ету.
Азаматтық істерді сотта қарауға әзірлік дегеніміз не?
Яғни, ол азаматтық сот өндірісінің бір сатысы болып есептелетін болса,
сипаты жағынан қандай міндетті ме, міндетті емеспе немесе бір айтатын
болсақ дайындау неге, қандай деген сұрақ айналысында жақын уақыттарға дейін
арнайы әдебиеттерде, басылымдарда алуан түрлі пікірлер айтылып жүрді.
Осы сұрақтардың барлығына ғалымдарға, тәжірибелері заң қызметкерлеріне,
АІЖК - ң ережелерінде заң шығару негіздерін талдап, сот органдарының
тәжірибесін жинақтап қорытуға негіз болар жауап болған жоқ. Көрсетіліп
кеткен мәселелердің әр түрлі шешілуі сот ісіне кері әсерін тигізіп,
тыңдалуға дайын еместігінен соттың талдаулары қаралмай қалып отырды.
Істерді соттық дайындауға талдау институтының тарихына көз жіберіп қарасақ
азаматтық іс жүргізу заңдары бұл туралы тұжырымды ойлар келтіре алмайды,
соның ішінде кеңес заманындағы алғашқы азаматтық іс жүргізу кодекстері
азаматтық істерді қарайтын ережелерді қамтамасыз ете алмады. Ресейдің АІЖК-
нің 80 - бабы сотқа тек даулы тілегі бойынша жауапқа тартылушыны
шақырғанға дейін, жеке ізденуді қанағаттандырып, куәгерлерді шақыру туралы,
құжаттар мен мәліметтер алу үшін, куәліктер беру туралы немесе жауапкер
қарсы болмаған, жағдайда істі шешу үшін қажет құжаттарды талап ету.
П.В.Логинов атап айтқандай бұл баптың іске жарасымдығы сол, бұл бап,
мәселені шешуді қамтамасыз ете алмады, төрешілік етушінің бастамасын аяқ
асты етіп, азаматтық іс жүргізу құқығының айтысушылық қағидасына қарсы
келіп, айғақтар жинауда сот белсенділігін түсірді.[4] Осының бәрі азаматтық
дауды тезде әділ шешуге кері әсерін тигізіп отырды.
ҚР АІЖК- азаматтық істерді соттық қарауға дайындау сатысының
міндеттерін ашық белгілеп берді. Заңдылықты тұлға әрі нығайту, сот
әділеттілігі деңгейінің жоғары болуын жүзеге асырып, тәрбиелік сипатының
ықпал етуі, азаматтардың саяси, еңбек, тұрғын үй, жеке және мүліктік
құқығын, мемлекеттік және басқа да қоғамдық ұйымдардың, мекемелердің,
кәсіпорындардың құқығын қорғау мен заңды мүдделерін барынша сақтаумен тығыз
байланысты.
Азаматтық істерді соттық қарауға дайындау – азаматтық істер бойынша
қажетті дәлелдемелерді жинап, істі өз уақытында және дұрыс шешу мақсатымен
қамтамасыз ететін маңызды бөлшегі.
Істі соттың қарауына дайындаудың мазмұны бұл, жасалатын іс - әрекеті
жағынан өте алуан түрлі. АІЖК - нің дербес бөлшегі ретінде талап арыз
түскеннен бастап, істің соттың мәжілісінде талдануына дейінгі, судьяның іс
жүргізушілік әрекеттерін қамтамасыз етеді. Арыз қабылданғаннан соң судья
істі соттың қарауына дайындайды.
Әр азаматтық істі дайындау, оның күрделілігіне, қарапайымдылығына,
ауырлығына және жеңілділік сипатына байланысты емес сондықтан да азаматтық
істерді дұрыс және өз уақытында шешу сот жұмысында азаматтық істерді соттың
қарауына дайындау азаматтық сот өндірісі сатысының маңызды да дербес
бөлшегі болып табылады және ол барлық істер бойынша жүргізіледі. Азаматтық
істерді сотта қарауға дайындау – бұлсот өндірісі сатыларының дайындаудан
кеінгі сатылардың сот жұмысының нәтижелі болуына негізін салады. Сот
қарауындағы азаматтық істер, күрделі, әр-алуан, сансыз көп болып келеді.
Нашар әзірленген істі мәні бойынша қарау кезінде кемшілігін толықтыру
мүмкіндігі болмаса, тәртіп бойынша кейінге қалдыруға тура келіп, істің
мезгілінде сотта қарауға кері әсерін тигізеді. Жеткіліксіз дайындалған іс
оның зерттелгендігін анықтап, мәселені шешуде елеулі қателіктер жіберіп,
апелляциялық немесе қадағалау тәртібінде іс қайта қаралғанда шешімді бұзуға
әкеп соғады. Сот шешімінің заңдылығы мен негізділігі, азаматтық іс
жүргізудің тез де айқын болуы, істі қарауға дайындаудың сапасына
байланысты.
Нашар дайындалған іс көпке созылып, қате шешімдер шығаруға әкеліп
соғады. ҚР Жоғары Сотының пленумы өзінің 20001 жылғы 13 желтоқсандағы
қаулысында: “ Азаматтық істерді сотта қарауға дайындау туралы ң азаматтық
істі сотта қарауға дайындау І сот инстанциясының қажетті бөлшегі және
азаматтық істерді дұоыс, жан-жақты, объективті түрде шешуге қажетті
жағдайлар жасайды дей келе дайындау әрекеттерінің керектігіне сот назарын
аударды.[5]
Дайындығы дұрыс жүргізген іс – сот мәжілісінің бірінші күнінде - ақ
істі жан-жақты, толық және әділ қарауға жағдай жасайды. Сот тәжірибесі
материалдарды көрсеткендей, көптеген азаматтық істер дайындық сапасы
жөнінен заң талабына сай келмейді, кей жағдайларда ол мүлде
өткізілмейді.[6] Іс нәтижесінде мүдделі тұлғалардың қарсылық мәні айтылған
талаптар анық шешілмей жатады. Осының барлығы соттың азаматтық істерді
қарау кезінде азаматтық іс жүргізушілік заң негізінде шешім шығарудың
міндеттерін іске асыруды қамтамасыз ете алмайды. Кей кезде соттар істі
дайындауда дәлелдер айғақтар келтіруді ұсынбайды,ал осының өзі заңды
және негізді шешім қабылданбауына әкеледі.
Іс жүргізу экономикасы тәртібін бұзу сот ісінде салыстырмалы рұқсат
етілген іс бойынша ешқандай мағынасы, іске қатысы жоқ айғақтар жинау, істің
дұрыс шешілуіне мүмкіндік бермейді. Қабылданған арыз бен дайындалған іс
арасында байланыс болмауы, істі заңды түрде дайындау үшін бекітілген
мерзімді жалған қысқартуға тура келеді.
АІЖК - нің 167 – бабында істі дайындау мерзімі депкөрсетілген. Ерекше
жағдайларда іс өте күрделі болса төреағалық етушінің ұсынуымен мерзімді бір
ай мерзімге дейін созуға болады, алимент өндіру, мертігуден немесе
денсаулықтың өзге зақымдануынан келтірілген зиянды өтеу туралы істерден
басқа, сондай-ақ асыраушысынан айырылуына байланысты және еңбек
қатынастарынан туындайтын талаптардан басқа істер бойынша арнайы мерзім
көрсетілген. Мерзімді тағайындау арыз берген күннен бастап есептеледі.
Кейбір авторлар күрделі істерді ғана қарауға дайындау керек деп қателеседі.
Дәйекті дайындалмаған немесе мүлде дайындалмаған істер негізсіз кейін
қалдырылып, сот белгілеген қаралу мерзімін бұзуға әкеп соғады.
Азаматтың процесстің қылмыстық процесстен айырмашылығы, мұнда істі
дайындау тек соттың өзіне ғана байланысты. Істі дайындап жүргізетін
төрешілік етушіге істің сапалы да тез толық болуы үшін үлкен жауапкершілік
артылады.
Дайындалған әрекеттердің құқықтық регламентациясын іс жүргізушілік
тәртіптің маңызды кезеңі деп қарау керек. Қазақсатн Республикасы азаматтық
іс жүргізу кодексінің 166-170 баптарына сәкес істі соттың қарауына
дайындау, арыз қабылданған кезден басталу керек. Іс жүзінде кей кезде іс
жүргізілу дайындығы туралы ұйғарым, материалдар жоқ боп шығады. Судья тек
ұйғарым шығарып, істі соттың қарауына тағайындаумен шектеледі. Соттардың
бұл әрекеттері азаматтық іс жүргізу нормаларына қайшы келеді.
Дайындық ісінің міндеті АІЖК 166 бабында көзделген. Ондағы мақсат
азаматтық істердің уақытында және дұрыс шешілуін қаматамасыз ету болып
табылады. Енді міндеттерін атап көрсетететін болсақ,олар мынадай:
1) істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жәйларды анықтау;
2) тараптардың құқықтық қатынастарын және басшылыққа алынуға тиісті
заңды анықтау;
3) іске қатысатын тұлғалардың құрамы мен процестің басқа да
қатысушылары туралы мәселені шешу;
4) әрбір тарап өз пайымдауларын негіздеу үшін ұсынуға тиіс
дәлелдемелерді анықтау.
Істі дұрыс шешуді қамтамасыз ету дегенді қалай түсінуге болады. Ол -
сот шешімінің заңды және негізді болуы.(АІЖК. 218 бап). Істі өз уақытында
шешу бәрінен бұрын азаматтық істі қарау мерзімін сақтаудың кепілдігі болып
табылады. Азаматтық істерді мүмкіндік болса, бірақ - ақ күнде бір сот
мәжілісінде қарауды қамтамасыз ету керек, бір сөзбен айтқанда соттың
олқылық әрекеттеріне байланысты себептермен істі кейінге қалдырмау. Атап
айту керек, ең мұқият дайындалған іс сот әрекетіне байланысты емес
себептермен кейінге қалдырылуы мүмкін. Олар, іске қатысушы тұлғалардың
келмей қалуы және де оларсыз істі қарауға мүмкін болмайтын жағдайда немесе
куәлардың, сарапшының, тілмащтың, прокурордың, мемлекеттік органдарының
белгісіз себептермен сот мәжілісіне келмеуі. Азаматтық істерді дайындау іс
бойынша айғақтардың түгел болуын қамтамасыз етіп, істің бірінші сот
инстанциясындағы сот мәжілісінде түпкілікті шешілуіне тиісті жағдай
жасайды.
Азаматтық істерді қараудағы соттың басты міндеті - әділетті шешім
шығарып, ақиқатты анықтау. Бұл үшін істі қарауда сот қарамағында іс бойынша
талапкердің талабын, жауапкердің қарсылығын негіздейтін маңызды мән-
жәйлардың бар-жоғына , түгел болуына көз жеткізу. Яғни судья азаматтық істі
дайындау кезінде істің мән-жәйларын анықтап, екі тарап ара қатынасына
анықтауға міндетті. Судья істі қарауға дайындаудағы әрекеті өз білгеніне
байланысты емес, заңды негізге ала отырып жүзеге асырады. Азаматтық сот
өндірісінің дайындық сатысына байланысты көптеген әдебиеттерде дайындық
сатысының дербес және міндетті сипаты жөніндегі мәселені көптеген ғалымдар
талдап, өз бағыттарын негіздеуі заңдарға, іс жүргізу құқығы ғылымына және
соттың тәжірибесіне сүйенеді дейді. Істі соттың қарауына дайындауы -
азаматтық процесстің ерекше сатысы деп жай ғана аталады. К.С.Юдельсон жазып
көрсеткендей азаматтық процесс сот органдарының қызметі ретінде белгілі
сатылардан өтетін прцессуалдық әрекеттер жиынтығы боп саналатын мақсаттарды
біріктіреді. Олар келесі сатыға бөлінеді: 1 - инстанциялы сотта істі
тікелей қарау; ІІ - инстанциялы сотта іс жүргізу, соттың заңды кұшіне енген
сот қаулыларын қайта қарау тәртібінде іс жүргізу, жаңа ашылған мән-жәйлар
бойынша, атқарушылық іс жүргізілу; І - инстанциялы сотта істі тікелей қарау
негізгі және маңыздырақ сатысы екенін мойындап, ескеру керек.[7]
К.С.Юдельсон оны тағы үш дербес сатыға бөліп отыр істі қарау, істі қозғау,
істі қарауға дайындау және істі қарау. Азаматтық істерді соттың қарауға
дайындауы - азаматтық сот өндірісінің екінші сатысы, яғни соттың мүдделі
тұлғадан талап арызды қабылдаған сәттен басталады. Осыған орай азаматтық іс
жүргізу құқығы ғылымында басқа да пікірлер айтылған.[8] М.А.Гурвич - тің
пікірі бойынша І - инстанциялы сотта іс жүргізудің сатысы көптеген
негізісіз ұсақ біріңғай сатыларға бөлінуі дұрыс емес, өйткені кез - келген
сатының белгілі шешімі бар, құқықтық қатынас шеңберінде бекітілген сотта
орындалады. Істі тікелей шешудегі арызды қарау, шешімдердің орындалуы және
басқа.[9] Процессуалдық әрекеттер тобын бөлуде, істі соттақарауға
дайындауға жіберуде азаматтық процесстің дербес сатысы ретінде теориялық
анықталған және тәжірибелік мәні бар екеніне келісеміз. Азаматтық істер
бойынша алдын-ала тергеу жүргізілмейді, мүдделі адамдар кез-келген уақытта
барлық қажет жағдайлар мен дәлелдерін көрсетуге шамалары келмейді, дайындық
қажеттігі осындай жағдайларда іске асырылып көп септігін тигізеді.
Судьяның әр іс бойынша бас назар аударатын міндеті іс бойынша азаматтық
істерді сотта қарауды жетілдіру. Азаматтық істерді дайындау, барлық соттың
негізді іс қарауы, сот пен мемлекет абыройы, өйткені сот әділдігі мемлекет
атынан жүзеге асырылады Азаматтық істерді соттың қарауына дайындау -
азаматтық процесстің бір сатысы болғандықтан, азаматтық іс жүргізу
құқығына тән: судьялардың тәуелсіздігі және олардың тең заңға бағынуы,
тараптардың теңдігі, бәсекелестік, сот мәжілісінің жариялылығы, сот ісінің
тілі, тікелей және ауызша және тағы басқа да қағидалар негізінде жүзеге
асырылады. Істі соттың қарауына дайындау, азаматтық сот өндірісінің бір
сатысы ретінде, тиісті істі дайындау - соттың объективті, толық, жан-
жақты шешім қабылдауының кепілі болып табылады.[10]
Істі дайындауды техникалық сипаттағы іс-шара деп қарауға болмайды.
Бұдан шығар нәтиже, іс дайындау сатысы, процесстегі басқа сатылардан өзгеше
толық та дербес, теориялық сипаты бар және сот әділдігіне тікелей қатысы.
Төрағалық етушунің істі дайындаудағы азаматтық іс жөніндегі
қабылданған арыз бойынша іс жүзінде әр түрлі әрекеттер орын алады, ол болса
істі қозғау мен істі соттың қарау арасындағы шекті жоюға әкеп соғады.
Мәселен, судья арызды қабылдаудан бас тарта алады, егер арыз азаматтық сот
өндірісінде қаралуға жатпаса, және тағы басқа АІЖК-нің 153 бабында
көзделген негіздер орын алса. Сондықтан да іс қозғау мен істерді соттың
қарауына дайындау сатысының арасында айқын шек қоюдың нақты маңызы бар және
де оларды араластыру, іске қатысушы тұлғалардың құқығын және заңмен
қорғалатын мүддесін бұзуға әкеледі.
Екі тараптың қарсы келуі және дәлелді талаптар қою фактілерінің істі
дұрыс шешуде маңызды орын алатын фактілер мен талаптар бойынша арыздану
мәнін анықтау.
Дәлелдемелер мен фактілер шеңберін дәл анықтау, заңды маңызы бар істі
шешу үшін процесске қатысушылар арасында іске асатын тұсты объективті
бекіту.
Құқықтық қатынас- адамдардың ашық әрекеті және оқиға ықпалында
туындайды және тоқтатылады, адамдардың еркінен тыс жүргізіледі. Бірақ, кез
келген әрекет немесе оқиғада мұндай күні бола бермейді. Олардың ішінде
тек заңдық маңызды құқық қатынасына сәйкес келеді деп заң түрінде
шешілгендері ғана. Қаралған нормалардан заңды фактілері туындайды және
жүзеге асырылады және де осы норма адамдар арасындағы құқықтық байланыс
нормасы боп есептеледі. Дауды шешу үшін өте қажет, фактілер аумағында заңға
назар аудармау істі анықтауға кедергісін тигізеді. Дәледеу фактісін толық
және анықтау үшін төрелік етуші берілген нақты жағдайда қолданылуға лайық
құқық нормаларын іздеуі керек.
АіЖК талапкерлерге сотқа жазылған арызында ізденуге негіз болатын
жағдайды баяндауды алдын - ала ескертеді (АІЖК,150 бап). Бірақ талапкер екі
жақ ара қатынасында материалдық құқық нормасына сәйкес нұсқау бергізуде заң
маманы болуы міндетті емес. Заңның қолданылуы мен түсіндірілуі жайын сөз
етсек төрелік етуші іске қатысты адамдардың разылық білдіруіне қарамастан,
заңды шешуде дұрыс келетін нормаларды басшылыққа алуы керек. Арыз жазуда
талапкер өзінің заңынан хабарсыз екендігі және басқа да жағдайлар мен
фактілерді дұрыс және дәлелді баяндай алмайды, дәлелдікті талап ету және
бейімдеу үшін іске қатысы жоқ жағдайларға құқықтық маңыз беру керек. Және
де талапкер тікелей мүдделі адам ретінде іс жүргізу процесінде өзіне қарсы
келііп, жауапкердің пайдасына шешілетін фактілерді келтірмейді. Көптеген
жағдайларда сот бастапқыда тек талапкер ұсынған материалдар бойынша іспен
танысып, өте күрделі жұмыс жүргізеді, соттың қарауы алдында тексеруге
жататын фактілер құрамын анықтау - жақсы дайындалған іс болып табылады,
мұндай істерге - іске қатысты талапкер, жауапкер және де басқа адамдардан
жауап алу. Егер жұмысшы кәсіпорында денсаулығына зиян келтіріп, мүндектіне
себеп еткені бойынша арызданса, онда сәтсіз оқиға фактісін бекітіп,
себептерін тауып, денсаулығына зиян келгенге дейінгі айлық жалақысы
көлемінде зейнетақы немесе арнайы әлеуметтік сақтандыру жәрдем ақысымен
қамтамасыз етіледі. Басқа тұрғындардың өзімен бірге тұруына, тәртібімен
кедергі жасап бірге тұруға мүмкін емес жағдайлар туғызған адамдарды
пәтерден немесе үйден қоныс аударту үшін төрешілік етуші сот мәжілісінде
жауапкердің адамгершілікке жат қылықтарын ашатын фактілерді жинап, жатақ
тәртібін бұзып, басқа адамдардың үй - жайды пайлану мүмкіндігінен айырғаны
үшін.
Судья - даулы қатынастарды реттеуші құқық нормаларын тапқан соң, осы
нормаларды басшылыққа ала отырып, берілген іс бойынша айқындауды қажет
ететін, дәл де жеткілікті фактілер құрамын анықтайды. Осындай жағдайда
кейбір жағдайлармен көрсетілмей қалған жағдайлар ашылуы мүмкін, сонда ғана
төрелік етуші сот мәжілісінде жаңа түскен фактілерді зерттеу үшін қолда бар
мүмкіндікті жасайды. Оның істі талдауға еш қатысы жоқ фактілерді, талапкер
мен жауапкер тек соған сүйеніп отырса оны істен алып тастауға толық құқы
бар.
Өзін дұрыс емес немесе заңсыз жұмыстан шығарылды деп есептейтін
азаматтар талабын қарауда негізгі мәні бар нәрсе ол жұмыстан шығарылу
себебін зерттеп, берілген істе жұмысшының еңбекке қабілеттілігі, жұмыс
сапасы жоқтығын дәлелдейтін әкімшілік шығарған шешім.
Сот тәжірибесінде істі қарауға дайындауда қатып қалған қағида тез
орындалатын қалыптан шықпас қабылдау болмайды.
Кез келген іздену талаптарын сөзсіз, қарапайым немесе күрделі іске қоса
салуға болмайды. Кей кезде талапкер арызында фактілер аумағын бекітіп
тұратындай толығымен және жеткілікті анықтайды, енді бір кезде ол оны жасай
да алмайды және жасағысы келмейді. Соған сәйкес сот алдына қойылған мәселе
өзгереді. Процесс нәтижесі істе мүдделі талапкердің, жауапкердің және басқа
тұлғалардың бағытына байланысты.
Екі жақтың заңды қатынастары, және жөнге салуды анықтау. Судьяның
берілген нақтылы істе заңды және маңызды фактілерді шешуі, соттың талдау
кезінде негізгі қаулыда шығарылған әділдікті орнатуға кепілдік береді.
Тараптардың әрқайсысы өзінің талаптары қарсы пікірлеріне негіз етіп
көрсетіп отырған мән - жайларды дәлелдеп беруге тиіс.
Дәлелдемелерді тараптар және іске қатысушы басқа адамдар тапсырады.
Егер тапсырылған дәлелдемелер жеткілікті болмаса, сот тараптарға және іске
қатысушы басқа адамдарға қосымша дәлелдемелерді тапсыпуын ұсынады.
Мәселені шешуде барлық қажет дәлелдер болмаса, сот шешімі дәлелсіз және
іс материалдары жеткіліксіз дәлелденген болса онда мұндай шешімді
өзгертуге,жоюға тура келеді.
Сот органдарына қарауға алуан түрлі азаматтық істер түседі. Айғақты
заттарды шешуге тарту мазмұны бойынша төтен алуан түрлі фактілерді бекітуде
іздену негізінде жазбаша дәлел жоқ болса төрелік етуші істі дайындауда
жақтардан керекті құжаттарды тапсыруды ұсынады.
Берілген материалды тексеріп бітіп, қажетсіз істер қалған соң төрелік
етуші қалған істерді біріктіріп, нақтылы талап ету дәлелдерін қарауға
мүмкіндіп алады.
Судьяның қарамағында әрқашанда жеткілікті дәлелделген материал бола
бермейді. Мәжіліс кезінде мүделі адамдар қосымша дәлел ұсынуға құқылы.
Судья алдында дәлелденген материалдар толықтығын қамтамасыз етіліп
тұрады. Істі дайындау кезінде дәлелдеу нәтижесі дау шешудегі материалдарың
жеткілікті ме, жеткіліксіз бе, соны білуге болады.
Занды мүдделі қатысушылар шеңберін анықтау іс жүргізуде арыз қабылдаған
соң азаматтық істерді шешудің ең маңызды мәселесі. Нақтылы процессте занды
мүдделілік, құқықтық қатынасты зерттеуге қатысушылар сотта болуы керек.
0лардың қатарына кейбір іс жүргізу ерекшеліктерін, істі қарау
нәтижесіне қөніл аударатын іске қатысушылар кіреді.
Аззаматтық процессте прокурор кез-келген талапты ұсына алады. Кейбір
мекемелер мен ұйымдар даудың дәрежелі анықталуын қарауда әділ сот
органдарына қоғам мен мемлекет мүддесін қорғауға көмектеседі.
Мүдделі тұлғалардың аумағы және олардың процессуалдық жағдайды,
құқықтары мен міндеттерін кез келгенінің сотқа түскен матераилдарды талдау
жолын талап етуді, даулы құқықтық қатынастарды ұстау сияқты, мәселелерді
шешуде судья жіберген қатесі,істі дайындауда процесс жұмысына кері әсерін
тигізіп, қате шешім қабылдауына соғады. Мүдделі тұлғалардың куәға айналуы
істі дайындауда қолайсыздықтар тудырады. Сотқа талапкер мен жауапкер ғана
мүдделі болатын істер көп түседі.
Бірақ кез-келген жағдайда мұндай тұлғалар аумағы кеңімейді, мәселен,
бір жатқан бірнеше тұлға қатысады, сол жағдайда тиісті емес жауапкерлерді
ауыстыру мәселесі туындайды, дербес талаптарсыз-ақ. үшінші адамдарды іске
тартуға тура келеді.
Азаматтық процессте үшінші тұлғалардың қатысуы, азаматтық сот ісін
жүргізу негіздерінің 53-ші бабынла қаралады.
Процесске қатысушының жағдайын дұрыс анықтамау, ұйымдар мен жеке
азаматтардың құқығын бұзуға әкеп соғады және де соттың іс қарауға дейінгі
жіберген қатиелігі болыпр тавбылады.
Егер істі дайындау және оны қарауда мүдделі тұлғалар мәселесі қойылмаса
несеме қате шешілсе, сот қаулысы зансыз деп табылып, жоюға жатады. Тағыда
бір, азаматтық істер бойынша әділ сот шешімдерін жүзеге асыруда негізгі
процессте зандардың дәлдікпен орындаулын қадағалап, жеке азаматтардың,
кәсіпорындардың, ұйымдардың мүддесін қоғайтын прокуратура органдарын
шақыру. Заң прокурорға істі қалай бастап, сот өндірісінің қай сатысында
болса да іске араласуына құқық береді. Прокурор азаматтық істерге екі түрлі
нысанада қатысады, олар прокурордың талабымен азаматтық іс қозғау және
басқа біреулердің бастамасы бойынша қозғалған азаматтық іске қорытынды беру
үшін қатысуы. Сонымен қатар прокурор іс дайындалып жатқан кезде түрлі
өтініштер жасаса, судья оның мәніне,ерекшелігіне қарай қарап,
қанағаттандыруы керек. Яғни прокурордың кей жағдайларда қатысуы міндетті
түрде, егер ол заңдарда тікелей көрсетілсе. Прокурордың өз бетінше немесе
соттың қарауына байланысты процесске араласуы тағы бар. Бұдан мынадай
қорытынды шығады өздерінің қызметтік міндетінде және қоғам мен мемлекеттік
мүддені көздеп, жеке азаматтар мен ұйымдардың құқығын қорғау
жатады(АІЖК55бап). Прокурордан басқа осы нысанады және осы аталған негіздер
бойынша мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары да
азаматтық істерге қатыса алады. Бұл органдардың іс-тәжірибесінде даулы
істерді қарауда әсіресе балалар құқығын қорғауға байланысты істер..
Ана мен бала құқығын қорғау мемлекеттік органдардың қатысуынсыз,
апелляциялық және қадағалау тәртібінде шешімді қайта қарау сатыларында
шешімнің кұшін жоюға тура келеді.
Сот әділ де занды негізделген шешім шығару үшін дәлелдер жинау-істі
соттык істі дайындаудың маңызды бір мәселесі. Дәлелдер жинаудағы соттың
әрекеті АІЖК-нің дәлелдемелер туралы ережесіне бағынышты болуы керек, сот
занда көрсетілген тек іске манызды, дәлелдеу құралы бола алатын
дәлелдемелерді, кейбір жағдайларда анықталынған дәлелдеу құралы болып
есептелінетін жазбаша дәлелдемелер, және басқа да құжаттарды айтуға болады.
Алғашқы сот мәжілісінің табыспен немесе сәтсіз өтуі төрелік етушінің
істі дайындаудағы жоғарыда айтылған мәселелерді дұрыс шеше білуіне
байланысты. Егер дәлелдеу құралы дәл де оң ашылса, істе әділ шындықты
анықтауға, жеке азаматтар мен ұйымдар мүддесін процесс кезінде қорғауға,
істің тез және нақты негізде аяқталып, барлық қатынастарда соттық әділ
қаулы қабылдауына жол ашады.
Кей бір жағдайда сот мәжілісі ашылған соң, іске қатысушы жақтар мен
жеке адамдар істің қаралу уақыты жайында хабарландырылмағанда, шақыру
қағаздарын алмағанда, сотқа куәгерлер, эксперттер, уақыт тығыздығынан істі
зерттеуді аяқтай алмай сот талабына жауап бере алмаса, әртүрлі мемлекеттік
және қоғамдык үйымдар шақырылмаған жағдайларда, сот ісі кейінге
қалдырылады.
Сотқа іс дайындау кезінде сотта іс қарауға әсер ететін факторлар
нәтижесін жүзеге асыруға тура келеді. Сот мәжілісінің уақыты мен орнын
міндетті түрде іске қатысушы тұлғалар алдын-ала хабарланды.
ІІ ТАРАУ
Азаматтык істерді сотта қарауға судьяның
дайындау жөніндегі іс-әрекеттері
Істі дайындаушы судья басында тек арызданушыдан түскен материал мен
таныс болады. Ол алдымен сот қызметінің мәнін анықтап, керекті істе
дәлелдеу материалдарын алып, көптеген іс жүргізушілік әрекеттерін жүзеге
асырады. АІЖК-нің 170 бабына сәйкес,судья істі дайындау кезінде ең алдымен
талапкерден ол мәлімдеген талаптардың мәні бойынша жауап алады, одан
жауапкердің тарапынан мүмкін болатын қарсылықтарды анықтап алады, егер бұл
қажет болса, қосымша дәлелдемелер беруді ұсынады, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz