Диспозитивтік қағиданың соттың бірінші инстанциясында көрініс табуы


МАЗМҰНЫ
РЕФЕРАТ2
КІРІСПЕ4
І-тарау. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ДИСПОЗИТИВТІК ҚАҒИДАСЫ7
1. Диспозитивтік қағиданың түсінігі және мәні7
2. Диспозитивтік қағиданың мазмұны16
ІІ тарау. Диспозитивтік қағиданың азаматтық іс жүргізу сатыларында көрініс табуы28
1. Диспозитивтік қағиданың соттың бірінші инстанциясында көрініс табуы28
2. Диспозитивтік қағиданың апелляциялық, кассациялық инстанцияларда көрініс табуы43
3. Диспозитивтік қағиданың азаматтық іс жүргізудің басқа да сатыларында көрініс табуы47
ҚОРЫТЫНДЫ52
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР56
РЕФЕРАТ
Орындайтын бітіру жұмысымның тақырыбы «Азаматтық іс жүргізудегі диспозитивтік қағидасы». Бітіру жұмысымның өзі осы аталған қағиданың азаматтық іс жүргізуде көрініс табуына бағытталған.
Бітіру жұмысымның мақсаты: азаматтық іс жүргізудегі диспозитивтік қағидаға толығымен құқықтық сипаттама беру, яғни азаматтық іс жүргізудегі диспозитивтік қағидаға толық түсінік беру? Осы қағиданың мәні мен мазмұнын ашып көрсету. Сонымен қатар диспозитивтік қағиданың азаматтық іс жүргізудің жеке сатыларында көрініс табуына тоқталу, сондай-ақ азаматтық іс жүргізудің жеке сатыларындағы диспозитивтік қағида көрініс табатын нормаларын ашып көрсету.
Бітіру жұмысында жиі кездесетін сөздер бар. Олар: азаматтық іс жүргізу, дипозитивтік қағида, тараптар, іске қатысушы тұлғалар, талапкер, жауапкер, сот, прокурор, сот өндірісі, талап қою, талаптан бас тарту, талапты мойындау, бітімгершілік келісім, шешім, ұйғарым, шағым беру, наразылық келтіру.
Бітіру жұмысымның құрылымы мынадай. Бітіру жұмысы кіріспе, екі тарау және қортындыдан тұрады. Бірінші тарау «Азаматтық іс жүргізудегі диспозитивтік қағида» деп, ал екінші тарау «Диспозитивтік қағиданың азаматтық іс жүргізу сатыларында көрініс табуы» деп аталады. Бітіру жұмысы 34 беттен тұрады.
Бітіру жұмысын жазу кезінде А. Т. Боннер, М. Г. Авдюков, М. К. Треушников, А. А. Мельников, В. А. Мусин, М. С. Шакарян, Ю. С. Осипов, З. К. Абдуллина және тағы басқа да авторлардың еңбектері қолданылды.
КІРІСПЕ
Жаңа іс жүргізу заңдары адамның құқығы мен бостандығын қорғау туралы тиісті халқаралық актілерді ескере отырып, адам құқықтарын қорғау саласындағы органдардың назарын процесстің жарыспалығы, жеке тұлғаға қол сұғылмайтындығы, оның ар-ожданы мен қадыр-қасиетін құрметтеу, кәсіби заңгерлік жәрдем көрсету және сот ісін жүргізудің кез келген сатысында қорғау құқығына, сондай-ақ істі жүргізуді тым формалды түрге айналдырмай сот әділдігінің тиімділігін арттыруға аудару керек.
«Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасында» іс жүргізу туралы мынадай мәселе қарастырылған.
«Түбірлі өзгерістер азаматтық сот ісін жүргізуге де қатысты болуы тиіс. «Бүкілодақтықң меншікті қорғау тетігі рөлін атқаруды доғарып, ол азаматтық дауда тең құқықты жақтарға мемлекет тарапынан қызмет көрсету құралына айналуы тиіс. Азаматтық іс жүргізу азаматтардың ар-ожданы мен намысын қорғаудың, еңбек дауы мен өзге де таластарды шешудің, моральдық және материалдық зиянның орнын толдырудың, азаматтық-құқықтық қатынастардың күллі субъектілерінің құқықтары заңды мүдделерін қамтамсыз етудің тиімді тетігіне айналуы керек. Сот шешімдерін орындату үшін мемлекеттік тұрғыдан мәжбүр етудің күші пайдаланылуы тиіс».
Осы жоғарыда айтылған мәселелердің негізінде сот жүйесін реформалау судьялардың әлеуметтік беделін арттырып, сотты және адамның құқығы мен бостандығының сенімді кепілгері ету, қоғамдағы жанжалдардың заңды әрі әділетті түрде тоқталуына жәрдемдесу мәселелерін шешуге тиіс.
Осы аталғандарды жинақтай келгенде, қарастыратын тақырыбымыз азаматтық іс жүргізудегі қағидалармен байланысты. Осыған байланысты әр-бір құқық саласының ерекшеліктері оның қағидаларынан көрініс табады. Өйткені қағидалар құқықтың бастамасы, негізі болып табылады.
«Принципң сөзін латын тілінен аударғанда негіз немесе бастама деген ұғымды білдіреді. Жалпы құқық саласында қағидалар туралы түрліше көрсетілген. Бірақ қағида түсініктері түбінде бір мағынаны білдіреді. Қағида туралы атақты ғалым С. С. Алексеев мынадай пікір айтқан. «Қағида - бұл құқықтың мазмұнын, негізін, онда бекітілген қоғамдық өмірдің заңдылықтарын сипаттайтын құқықтық нормативтік - жетекші бастама». Қағида құқықты туындатады, оның мазмұнын көрсетеді. Қағидада жалпы құқықтың, сонымен қатар оның нақты салаларының ерекше өзіне тән белгілері құралады.
Қарастыратын тақырыбымыз диспозитивтік қағида болғандықтан, Қазақстан Республикасы Конституциясында адам туралы мынадай бап көрініс тапқан.
«Әрбір адам өзінің құқыққабілеттігін мойындатуға және өзінің құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтін кез келген әдістермен қорғауға, өздерінің құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқылы».
Міне осы айтылған бапқа байланысты әрбір адам азаматтық сот өндірісінде өз құқықтары мен бостандықтарын азаматтық іс жүргізудің қағидаларын басшылыққа ала отырып қорғай алады.
Жалпы алғанда, азаматтық іс жүргізу құқығының қағидалары - бұл осы құқық саласында басшылыққа алатын негізгі ережелер, іс жүргізу институттарының мәні мен мағынасын дұрыс түсіндіруге жағдай туғызытын негіз.
Осы қағидалардың ішіндегі тоқталатынымыз, азаматтық іс жүргізудегі диспозитивтік қағида. Негізінен «dіsposіtіo» сөзі латын тілінен аударғанда «орналасу» деген ұғымды білдіреді.
Диспозитивтілік - бұл азаматтық іс жүргізудегі қорғанудың процессуалдық құралдарын қолдану. Іске қатысушы жақтар өздерінің материалдық және процессуалдық құқықтарын еркін пайдалана алады.
Диспозитивтік қағиданың ерекшелігі, бұл қағида тек азаматтық іс жүргізу құқығына ғана тән. Диспозитивтік қағидасы азаматтардың сотқа өз құқықтарын қорғау үшін жолдануға, талап қою құқығында, сонымен қатар сот шешіміне шағымдануда және тағы басқа да жағдайларда көрініс табады.
Азаматтық іс жүргізу құқығына тән реттеу әдістерінің бірі диспозитивтік әдіс. Бүл әдісте азаматтық істің туындауы, оның дамуы, бір сатыдан екінші сатыға өтуі мүдделі тұлғалардың еркімен жүзеге асады.
Бүл жерде де диспозитивтік бастама, диспозитивтік қағида көрініс табады. Осыған байланысты бітіру жұмысының негізгі бағыты да осы диспозитивтік қағиданың түсінігі, мәні, мазмұны мен іс жүргізу сатыларында көрініс табуына бағытталған.
І-тарау. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ДИСПОЗИТИВТІК ҚАҒИДАСЫ
1. Диспозитивтік қағиданың түсінігі және мәні
Диспозитивтік қағида ерекше белгілері бойынша азаматтық іс жүргізуді қылмыстық іс жүргізуден ерекшелендіреді. Диспозитивтік қағида азаматтық іс жүргізудің ерекше бір қағидасы болып табылады. Бұл қағида істің жылжуын, олардың бір сатыдан екінші сатыға өтуін анықтайды, яғни азаматтық іске қатысушы тұлғалардың өздеріне тиесілі материалдық және процессуалдық билік етуден көрініс табады. Диспозитивтік қағидаға сәйкес азаматтық істі қозғау, талап пәні мен негізін анықтау, сот шешіміне шағымдану, шешімді орындауға жолдану талапкердің еркінде. бІтімгершілік келісімге келу екі жақтың, ал талапты мойындау жауапкердің еркіне байланысты.
Нақтық азаматтық істегі диспозитивтілік азаматтық сот өндірісінен бастап орындау өндірісіне дейін орын алады. Азаматтық іс жүргізу саласандағы диспозитивтілік азаматтық материалдық құқыққатынасқа тән диспозитивтік бастаманың жалғасы және нәтижесі болып табылады. Диспозитивтік бастамасы сот өндірісінің барлығына - нақты іс қоғаудан орындау өндірісіне дейін таралып, әрекет етеді.
Негізінен диспозитивтік қағидаға ғалымдар әртүрлі түсініктер береді. Олардың берген мағынасы да әртүрлі. Осы авторлардың біреуінің пікірлеріне тоқталсақ, оларды төмендегідей көрсетіп кетуге болады. Ю. С. Осиповтың пікірі бойынша, диспозитивтік қағидасы соттың, прокурордың және басқа да құзіретті органдардың көмегі арқылы іске қатысушы тұлғалардың өздеріне тиесілі материалдық және процессуалдық құқықтарын пайдалану құқығы мен бостандықтары. Ол осы анықтамада диспозитивтік қағиданың екі негізгі және бір-бірімен байланысты кезеңін анықтайды. Біріншіден, бұл жерде азаматтық сот өндірісінің бастамасы бекітілген және екіншісі, осының нәтижесінде іс барысындағы мүдделі тұлғалардың бастамашылығының ара қатынасы анықталады.
Келесі бір автордың пікірі бойынша диспозитивтік қағидасы - азаматтық сот өндірісіндегі процесстің бастамасы мен жылжу механизмін анықтайтын нормативтік-жетекші ереже. Мүдделі тұлғалар азаматтық істі қозғап, іс барысында оның ары қарай жылжуына, өзгеруіне, сатыдан сатыға өтуіне және істің тоқтауына әсерін тигізеді. Диспозитивтік қағидасы азаматтық іс жүргізудің барлық сатыларын қамтиды және тек қадағалау өндірісінде ғана шектеулер арқылы көрініс табады.
Міне, осы екі ғалымның берген түсініктері екі түрлі мағынаны көрсетіп тұр. Осы айтылған пікірлерге сәйкес азаматтық іс жүргізудегі диспозитивтік бастамаға келесідей сипаттама беріп өтуге болады.
Азаматтық іс жүргізу құқығындағы диспозитивтік қағиданың көрініс табуы мен дамуы болып табылады. Осы айтылғанға байланысты Азаматтық кодекстің 8-бабына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне тиесілі азаматтық құқықтарды, соның ішінде оларды қорғау құқығын өз еріктері бойынша пайдаланады. Азаматтардың өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау Конституцияда көрсетілген.
АІЖК-нің 8-бабына әрбір мүдделі тұдға өзінің бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жолдану құқығы көрсетілген. Азаматтық іс жүргізу заңы азаматтық субъективтік құқықтарды сотпен қорғауды жүзеге асыру мақсатында әрбір субъектіге іс жүргізуде еркін пайдаланатын нақты процессуалдық әрекеттер мен құқықтарды ұсынады.
Азматтық іс жүргізу құқығында осы кезге дейін диспозитивтік қағида түсінігі мен мәні, осы қағиданың әрекет өтуі, таралатын субъектілері және бұл қағиданың азаматтық сот өндерісінің жеке сатыларында көрініс табуы туралы ғалымдарда ортақ пікір жоқ деп айтуға болады. Былай айтуымыздың себебі ретінде, алдында айтып өткен ғалымдардың пікірін қаратыруға болады. Бірақ көптеген авторлардың пікірі бойынша диспозитивтік қағидасы азаматтық сот өндірісінің жылжымалы бастамасы болып табылады. Нақтылай айтсақ, азаматтық іс жүргізудегі бастама іске қатысушы тұлғалардың құқықтарымен айқындалады.
Диспозитивтік қағидаға дұрыс пікір берген ғалымдардың бірі М. С. Шакарянның пікірін айта кетуге де болады. Диспозитивтік қағида - азаматтық сот өндірісінің ерекше қағидаларының бірі. Бұл қағида азаматтық процесстің жылжу механизмдерін анықтайды. Ол даулы азаматтық құқық қатынастағы субъектілердің дербес жағдайынан көрініс табады. Даулы азаматтық процесстің негізгі жылжымалы бастамасы болып іске қатысушы тұлғалардың бастамашылығы болып табылады.
Осы айтылған мәселеге байланысты тағы бір айта кететін жағдай бар. Кейде қоғам, мемлекет, сонымен қатар азаматтар құқықтарын қорғауды жүзеге асыру белгілі бір себептерге байланысты мұмкі болмай қалады. Бұндай жағдайда азаматтық іс прокурордың, мемлекет басқару органдарының арызымен қозғалады. Кейбір сирек кездесетін жағдайларда қоғамдық және басқа да ұйымдар мен азаматтар заңмен өкілеттік берілген жағдайларда басқа тұлғаның құқықтары мен заңмен қорғалатын мүддесін қорғау үшін сотқа жолдана алады.
Осы диспозитивтік қағида таралатын субъектілердің ішінен үшінші тұлғаларды да қарастырып көрейік. Біз білетіндей, даудың пәніне дербес талап мәлімдейтін үшінші тұлғалар бар. Олардың процессуалдық жағдайы талапкердің процессуалдық жағдайына жақын, бірақ олардың өздеріне тән ерекшеліктері бар. Мысалы, осы тұлға іс жүргізу кезінде екі тарапқа да (талапкер мен жауапкерге) талап қоя алады (АІЖК 52 б. ) . Сонымен қатар даудың пәніне дербес талап қоймайтын үшінші тұлғалар да бар. Олар нақты заңда көрсетілген процессуалдық құқықтар мен міндеттерге ие (АІЖК 53 б. ) . Дербес талап мәлімдейтін үшінші тұлғалар диспозитивтік қағиданың әрекет ету аясына еніп кетеді. Ал дербес талап қоймайтын үшінші тұлғалар процесстің жеке сатыларында істің жылжуына әсерін тигізуі мүмкін. Осы айтылған мәселелерді қорыта келе, диспозитивтік қағида бойынша азаматтық іс жүргізуде процессуалдық және материалдық құқықтарды пайдалану еркі тараптармен қатар үшінші тұлғаларға да берілген деп айтуға да болады.
Сонымен жоғарыдағыларға байланысты айтатын болсақ, диспозитивтік қағида дегеніміз тараптар басқа да іске қатысушы тұлғалардың өздерінің материалдық және процессуалдық құқықтарын өз еркімен пайдалануы. Әрбір мүдделі түлға өзінің құқығын бұзылды деп есептесе, онда сотқа жолдана отырып қорғау сұрауға құқылы. Бұл жерде мүдделі тұлға ретінде алдымен өз атынан өзінің субъективтік құқықтарын немесе заңды мүдделерін қорғайтын адамды түсіну керек.
Сондай-ақ оқулықтарда диспозитивтік қағидасы азаматтық іс қозғау тәртібін, сотпен қорғалуға жататын құқық көлемін анықтауды, процесстің сатыдан сатыға өтуін, процесстің аяқталуын реттейді делінген. Осы жерде тағы бір айта кететін жағдай, осы ғалым процесстің туындауын, дамуын және аяқталуын соттың, прокурордың және басқа да ұйымдардың көмегімен тараптардың материалдық процессуалдық құқықтарын жүзеге асыру еркімен байланыстырады.
Бұл жерде осы ғалымның тараптардың өздеріне тиесілі материалдық және процессуалдық еркін өз еркімен пайдалана алады деп дұрыс көрсеткен. Ал соттың тараптарға құқықтарын түсіндіруі, прокурордың кей жағдайларда азаматтардың арызы бойынша істі қозғау, олардың белсенді көмегі деп айтуға жеткіліксіз болып табылады.
Осы диспозитивтік қағиданың пәні тараптардың азаматтық іс жүргізуде өздерінің мтаериалдық құқықтарын қолдану және осы құқықтарды қорғауда процессуалдық құралдарды толық қолдану еркіндігін сипаттайды.
Диспозитивтік қағидасы азаматтық іс жүргізудің басқа қағидалары - заңдылық, теңдік, объективтік шындық және бәсекелестік қағидаларымен тығыз байланыста әрекет етеді. Бұл жерде қысқаша тоқталсақ, заңдылық қағидасына сәйкес тараптар өз құқықтарын пайдалану кезінде заң талаптарын сақтауы және бұзбауы керек. Теңдік қағидасына сәйкес тараптарға артықшылықтағы құқықтар берілмейді. Ал бәсекелестік қағидасына сәйтараптар айтысуда бірдей құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
Сонымен қатар заң оқулықтарында диспозитивтік қағидасы азаматтық іс жүргізу кезіндегі субъектінің мүліктік және мүліктік емес қатынастардағы дербестігі деп көрсеткен. Бүл жерде диспозитивтілік азаматтық сот өндірісінде азаматтық құқықтағы жеке бастама қағидасына сай келеді деп түсіндірген.
Ал Ресей ғалымы М. Г. Авдюков диспозитивтік қағиданың азаматтық сот өндірісінде көрініс табатын үш үш жағдайын көрсеткен:
а) іс жүргізу мүдделі тұлғаның бастамасымен туындайды;
б) даудың пәнін мүдделі тұлғамен анықталады;
в) іске қатысушылар процессті дамыту және аяқтау үшін өздеріне тиесілі процессуалдық құқықтарды еркін пайдаланады.
Бұл жерде ғалымның пікірін дұрыс деп айтуға болады. Өйткені мүдделі тұлға істі қозғау немесе қозғамау туралы мәселені өз еркімен шешеді. Мүдделі тұлға өз бастамасымен істі қозғаған кезде қойған талаптың пәнін және негізін жеке өзі анықтайды. Ал тараптар процессті бір нәтижеге жеткізу үшін өздеріне берілген процессуалдық құқықтарды еркін пайдаланады.
Сонымен қатар азаматтық іс жүргізудегі жеке құқықтардың диспозитивтік сипаты келесідей реттерде көрініс табады:
Біріншіден, тек құқығы иеленушінің өзі ғана бұзылған құқығын орнына келтіру үшін сотқа жолдану не жолданбауын өзі дербес шешеді. Осыған байланысты, егер мүдделі тұлға өз құқықтарын қорғауды талап етпесе, онда сот өз бастамасы бойынша азаматтық істі қозғай алмайды. Сол себептен азаматтық істі қозғау үшін арыз-талап берілуі қажет. Бүл жерде рим заңгерлерінің «талапкерсіз судья жоқң деген сөзін айтуға болады. Сонымен қатар басқа тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін үшін прокурорға, мемлекеттік басқару орындарына және басқа да тұлғаларға сотқа жолдану құқығы берілген. Бірақ көбінесе азаматтық істер мүдделі тұлғаның өзімен қозғалады, яғни мүдделі тұлға талап қою арқылы істі қозғауға септігін тигізеді. Осы мүдделі тұлғалардың өз талабымен іс жүргізуін және прокурор мен басқа да тұлғалардың бастамасымен іс жүргізуді салыстырып қарасақ, бірінші айтылған тұлғаның әрекетінде диспозитивтік бастама, әрекет неғұрлым көп. Сонымен қатар ешкімді де өз еркіне қарсы талап қоюға мәжбүрлеуге жол берілмейді. Егер прокурор, мемлекеттік басқару органдары басқа біреудің еркінсіз оның мүддесін қорғау үшін сотта іс қозғаса, онда бұл істерді сот қысқартып, тоқтатып тастайды. Бұл жерде әрекет қабілетсіз деп тану туралы, психиатриялық мекемелерге мәжбүрлеп орналастыру туралы істерді қоспау керек.
Екіншіден, құқықты иеленуші талап негізін және пәнін, берілген талап мөлшерін өзі анықтайды. Талапкер талап негізін және пәнін өзгертуге, қойылған талап мөлшерін ұлғайтуға немесе кемітуге құқылы. Бірақ бұл жерде тараптар өз құқықтарын пайдаланған кезде екінші жақтың құқықтарына нұқсан келтірмеуі керек. Егер процесс барысында тұлғаға істің перспективасының аяқталуына байланысты талабын өзгертуге жол берілсе, онда екінші жақтың құқықтарына нұқсан келеді. Осыдан туындайтын нәтиже теңдік қағидасы бұзылып, талапкер басымдыққа ие болады.
Үшіншіден, егер азаматтық құқықты иеленуші процесске дейін құқықты еркін пайдалана алса, онда бұл мүмкіндік процесс кезінде де сақталуы керек. Осыған байланысты талапкер талаптан бас тартуы, жауапкер талапты мойындауы, екі тарап істі бітімгершілік келісіммен аяқтауы мүмкін. Тағы бір айта кететін жағдай, сот процесске қатысушылардың материалдық және процессуалдық құқықтарды жүзеге асырудағы әрекеттері заңға қайшы келмеуіне және басқа біреудің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылмауына бақылауды жүзеге асырады. Жауапкердің талапты мойындауы, тараптардың бітімгершілік келісімге келуі заңға қайшы келгенде және басқа біреудің құқықтарына және заңмен қорғалатын мүдделеріне нұқсан келтірсе, онда сот тараптардың бұндай әрекеттерін қолдамайды. Ÿғни талапты мойындау, талаптан бас тарту немесе бітімгершілік келісімді қабылдап, бекітпейді. Бұндай жағдайда сот дәлелді ұйғарым шақырады және бас тартудың негіздері мен себептерін көрсетеді.
Осы мәселеге байланысты тағы бір айт кететін жағдай бар. Көптеген ғалымдар (М. Г. Авдюков, А. Т. Боннер, А. А. Мельников) тараптардың жоғарыдағы айтылған әрекеттерді жүзеге асырғанда, осы әрекеттермен (диспозитивтік қағида) соттың белсенділігі қағидасы тығыз байланысты деп көрсеткен. Олардың ойларынша, диспозитивтік қағидаға сәйкес тараптар өәрекеттерін соттың араласуымен жүзеге асырады. Сот тараптардың әрекеттеріне кей жағдайларда ғана араласа алады. Нақтылап айтсақ, сот заңды бұзушылықтың болмауын немесе басқаның құқықғына нұқсан келмеуін бақылайды және тараптарға сот ісін жүргізудегі құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді.
Сонымен қорыта келе мынадай тұжырым жасауға болады. Егер мүдделі тұлға өз құқығын сот арқылы қорғау туралы мәселені шешуде еркіндікке ие болса, онда осы құқықтарды қорғаудағы процессуалдық әрекеттерді пайдалануда да ерікті болуы керек.
2. Диспозитивтік қағиданың мазмұны
Диспозитивтік қағиданың мазмұны іске қатысушы жақтар мен басқа тұлғарларға заңмен бөлініп берген кең құқықтармен анықталады. Диспозитивтік қағиданың көрініс табу шеңберінің кеңдігі соншалықты, азаматтық іс жүргізу заңының бір бабына жинақтау мүмкін емес. Бұл қағиданың жеке бөліктері, аспектілері АІЖК-нің 8, 32, 49, 51, 55, 56, 140, 150, 156 және тағы басқа да баптарында көрініс табады. Осы кодекске сәйкес іске қатысушылар әртүрлі процессуалдық өкілеттіктерге ие болады. Бірақ диспозитив қағиданың мазмұнына олардың ішіндегі сот қызметі пәнімен және процесстің жылжуына әсерін тигізетін өкілеттіктер ғана енеді.
Диспозитивтік қағиданың негізгі мазмұны адамның сотпен қорғану құқығы болып табылады. Сол сияқты диспозитивтік қағида мазмұнына мүдделі тұлғаның істі қозғау, оны жалғастыру мен аяқтау және сотпен қорғану көлемін анықтайтын құқықтарды жүзеге асыру кіреді.
Диспозитивтік қағида мазмұнына тараптардың өз құқықтарын қорғау үшін материалдық құқықтар мен процессуалдық құралдарды пайдаланумен байланысты жүзеге асыратын өкілеттіктері енеді. Кейбір авторлардың айтуы бойынша, тараптардың өз құқықтарын қорғау үшін материалдық құқықтар мен процессуалдық құралдарды пайдаланумен байланысты процессуалдық құқықтарға мыналар енеді: талап қою және қарсы талап қою; өтініштер, шағымдар, аппеляциялық, кассациялық шағымдар келтіру; қарсылықтар мен талаптың көлемін анықтау; оларды өзгерту мүмкіндігі; талаптың негізін және нысанын анықтау, өзгерту; талаптан бас тарту; талапты мойындау; бітімгершілік келісімге келу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz