Соттық дәлелдемелер біртұтас түсінік



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
М А 3 М Ұ Н Ы
РЕФЕРАТ 1
КІРІСПЕ 3
І ТАРАУ. §1. Дәлелдемелер түсінігі 5
§2. Дәлелдемелердің жарамдылығы, қатыстылығы 8
§3. Дәлелдемелердің жарамдылығы 11
ІІ ТАРАУ. §1. Дәлелдеу құралдары 14
§2. Тараптардың және үшінші жақгардың түсініктемелері 16
§3. Куәнің айғақтары 19
§4. Жазбаша дәлелдемелер 20
§5. Сарапшылардың қорытындысы 22
§6. Заттық дәлелдемелер 25
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 28

РЕФЕРАТ

Көлемі 33 беттен тұратын бітіру жұмысының тақырыбы Дәлелдемелер
түсінігі және түрлері мәселелеріне арналған.
Тақырыпты ашуға бағытталған бітіру жұмысы кіріспеден үш тараудан және
қорытындыдан тұрады.
Кіріспеде тақырыпты ашудың маңызы, тарауларда дәлелдемелердің
жіктелуі, дәлелдеу құралдары, заттық дәлелдемелер сияқты мәселелер
қарастырылған.
Ал қорытындыда осы еңбектің нәтижелері көрсетілген.
Тақырыпты жазу барысында келесідей сөздер мен сөз байласымдары
қолданылған: дәлелдемелер, дәлелдемелерді бағалау, талапкер, жауапкер, кінә
презумпциясы, бірінші инстанциялы сот және т.б.
Еңбекті жазған кезде саны 18 жуық қайнар көздер қолданылаған. Соның
ішінде нормативтік құқықтық актілер мен арнайы әдебиеттер орын алады.

КІРІСПЕ

Қазақстан мемлекеті, оның барлық органдары заңдылыққа негізделіп,
қоғамның мүдделерін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, құқықтық
тәртіпті қарауды қамтамасыз етеді.
Азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын қорғауды жүзеге асырудағы
органдардың ішінде ерекше орын сот әділдігі органы ретінде сотқа беріледі.
Оның қызметі істің ақиқатын қамтамасыз ететін азаматтық іс жүргізу
құқығының нормаларымен реттелетін түрінде.
Сотпен субъективтік құқықтарды және заңмен қаралатын мүдделерді қарау
азаматтық істерді қарау мен шешу арқылы жүргізіледі. Құқықтар мен
мүдделерді қорғау актісі болып заңды және негізделген сот шешімі.
Сот төрелігін жүзеге асыру үшін сотқа алдымен азаматтық істі
қозғалғанға дейінгі орын алған фактімен мән-жайларды анықтау қажет, содан
кейін оларға материалдық құқықтық (азаматтық, отбасылық, әкімшілік)
нормалары қолданылады. Фактілік мән-жайларды анықтау соттық дәлелдерді
жүзеге жүргізу арқылы жасалады.
Соттық дәлелдемелер көмегімен істің фактісін мән-жайларды анықтап алып
және қолдануда жататын материалдық нормаларға сүйене, сот ішкі наныммен
көмегімен субъективтік құқықтар және міндеттер туралы шынайы қорытындыға
жетеді.
Сот қызметі барысында нақты фактілердің бар немесе жоқ екендігін
дәлелдеуі. Сот дәлелдемесіне жатқызылатын, істі дұрыс шешу үшін маңызы бар
фактілерді тікелей немесе жанама түрде растайтын фактімен мәліметтер.
Қазіргі таңда көптеген азаматтық істер бойынша фактілік мән жайларды
дәлелдейтін дәлелдемелерді дұрыс зерттемеу барысында, көптеген материалдық
және процессуалдық құқық қағидалары бұзылуда. Соның барысында, мұндай істер
бойынша шығарылған мәлімдердің күші жойылуда.
Дәлелдеме түсінігі дәлелдеме теориясында және дәлелдеме құқығында
негізгі орын алады. Соттық қараудың көп көлемі дәлелдеу қызметіне беріледі.
Соған байланысты, дәлелдемелер бойынша сұрақтар қарау және оны тәжірибеде
азаматтық іс-жүргізуде оны пайдалануда ерекше маңызға ие болады.

І ТАРАУ. §1. Дәлелдемелер түсінігі

Азаматтық іс жүргізу кодексінің 64-бабына сәйкес дәлелдемелер
дегеніміз - Заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптары мен
қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың бар-жоғын сондай-ақ істі дұрыс шешу
үшін өре де маңызды мән-жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде
алынған нақты дәлелдер. Осы баптың екінші тармақшасында төмендегідей қалып
бекітілген: бұл нақты деректер тармақтардың және үшінші тұлғалардың
түсініктемелерінен, куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен,
сарапшылардың қорытындыларымен, іс-жүргізу әрекетінің хаттамаларымен және
өзге де құжаттармен анықталады.
Енді дәлелдемелердің маңызын, мазмұнын ашып түсіну үшін белгілі
ғалымдардың осы жайында берген анықтамаларына тоқталып өтейік. Орыстың
революцияға дейінгі процесуалист ғалым К.Н.Малышев: “Дәлелдеме біздің
ойымызды кез келген фактінің рас-шындығына немесе өтіріктігіне сендіретін
бәрін тайқызған. Бұл мағынада дәлелдемелер логика ғылымына жатады — деген,
ал техникалық мағынада соттық дәлелдемелер - деп даулы юридикалық фактінің
бар-жоқтығы туралы соттық шешіміне себеп болатын заңды негізң, - деп
айтқан. Шын мәнінде Малышев соттық дәлелдемелерге анықтаманың логикалық
дәлелдемелер тұрғысынан бастап заң талаптарымен байланыстырып аяқтаған.
Шынымен де логикалық дәлелдемелер мен соттық дәлелдемелер бір-біріне ұқсас.
Басты айырмашылығы М.К.Треутниковтың ойы бойынша басты айырмашылығы
дәлелдеме мәнінде. Треутников: логика нысанында дәлелденіп отырған ой
казси деп, ал дәлелдеуін ой аризметі деп аталадың- дейді, басқаша айтқаңда
дәлелдеме ретінде көпшілікке белгілі ойлар, дәлелдемені ережелер болады. Ал
сот тәжірибесінде фактінің нағыз өмірде орын алған, алмағандығы
дәлелденеді: ірілікті күнделікті қолданып жүрген логикалық дәлелдемелермен
соттық дәлелдемелердің мәндері арнаулы. Треутниковтың берген анықтамасын
төмендегідей: Соттық дәлелдемелер дегеніміз - қатыстылық сипаты бар істі
дұрыс шешуге маңызы бар фактілерді тікелей немесе жанама бекітетін заңда
көзделген процесуалдық сипаттағы және заң талаптарына сай алынған және
зерттелеген мән-жайлар1.
С.В.Курылевтің көзқарасы бойынша дәлелдемелердің мәні бірде белгілі
фактілер мен біресе белгісіз фактімен арасындағы байланыста. Бұл жерде
автор табиғаттағы және қоғамдағы барлық құбылыстардың бір-бірімен
байланысты, бір-бірімен шартталған деген материалистік диалектикалық заңына
сүйеніп берген2.
Дәлелдемелерді тек фактілер ретінде процессуалдық формасынан айырып
қарауға болмайды. Өйткені заң талаптары бойынша дәлелдемелер ретінде тек
қана заңда көрсетілген бойынша алынған дәлелдемелер танылады. Осы туралы
М.Х.Хутыза былай деген: Дәлелдеу құралынған бөлек фактілер деректер немесе
дәлелдеу құралдары фактілі деректерден бөлек дәлелдемелер ретінде таныла
алмайды3- деген.
Басқа ағым өкілдері дәлелдемелерді екі құбылыс ретінде қарайды.
Олардың ойы бойынша сот дәлелдемелері екі мағынаны береді, және бұл
мағыналар бір-біріне синоним ретінде қолданылады. Бірінші мағыналы, -
деректі фактілер, екіншісі, - дәлелдемелер көзі. Мысалы, М.С.Строгович:
Дәлелдемелер біріншіден, адамның әрекет жасаған — жасамағандығын,
қылмыстың бар-жоқтығын және адамның негізін де анықтайтын фактілер, ал
екіншіден заң қалыптарында көрсетілген дәлелдемелердің қайнар көздері1.
Т.В.Саханова көзқарасы бойынша: Соттық дәлелдемелер біртұтас түсінік.
Бұл түсінікте фактілік деректен дәлелдеу кұралы өте тығыз байланымнан және
бір-біріміз фактілік деректер де дәлелдеу құралы да дәлелдеу функциясынан
айырмада басқаша айтқанда соттық меншікте заңды негіз бола алмайды. Бұл
оймен көптеген авторлар келіседі, және де автор: деректер туралы
фактілер, деректі фактілер деген ұғымның орнына информация, мәлімет
деген ұғымды қолдануды ұсынды. Осыған байланысты Саханова дәлелдемелерге
осы сөз арқылы жаңа анықтама берді:
1. Дәлелдеме ретінде істі дұрыс шешу үшін қолданылатын және заң
талаптарын сәйкес алынған мәлімет табылады;
2. Бұл мәлімет тараптардың жауаптарынан, куәлардың айғақтарынан,
құжаттарда немесе заттай дәлелдемелерден, сарапшының қорытындысынан,
маманның түсініктемесінен, және де ЭВМ-ның көмегімен, аудио, видео және
компьютерлік техникадан алынуы мүмкін;
3. Шығу тегі белгісіз дәлелдеме ретінде қолданыла алмайды2.
§2. Дәлелдемелердің жарамдылығы, қатыстылығы

Азаматтық іс жүргізу кодексінің 64-бабындағы анқытаманың мазмүнынан
шығатын термин — дәлелдемелердің қатыстылығы. Бүл терминге арнайы азаматтық
іс жүргізу кодексінің 64-бабы арналған: Егер дәлелдеуде іс үшін маңызды
мән-жайлардың бар екендігі туралы тұжырымдарды растайтын, теріске шығаратын
не оларға күмән келтіретін нақгы деректер болса, сот дәлелдемені іске
қатысты деп таниды.
Азаматтық істегі дәлелдемелердің көлемін қатыстылығын ... . анықтайды.
Сот іске қатысушы тұлғалармен үсынылған дәлелдемелердің ішінен бейімділікке
жататын фактілермен мағынасымен байланысты дәлелдемелерге ғана көңіл
бөледі. Соттың істі жасық, жан жақты және объективті қарап шешім шығаруы
үшін бір жоқтан қаншалықты көп дәлелдемелерде зерттеу екінші жағынан өз
мағынасымен қаралып отырған іске байланыссыз дәлелдемелерді айырып алып
тастаған дұрыс.
Қатыстылық дегеніміз соттық дәлелдемелермен сот қарауының объектісі
болып отырған фактілердің арасындағы объективті байланыстың болуы. Бұндай
байланыстың болуы зерттеліп отырған дәлелдемелер арқылы барлық орын алған
немесе орын болмаған мән-жайлар туралы мәлімет алуға болады.
Юридикалық әдебиеттерде дәлелдемелердің қатыстылығын әртүрлі
талдалады. Бір қатар авторлар қатыстылық бұл дәлелдемелердің белгілі десе,
бір қатар авторлар қатыстылық бұл дәлелдемелерді процеске қосу-қоспаудың
алғы шарты ретінде түсінеді. Бұл авторлардың бұлай ойлау себебі дәлелдемеде
қатыстылық белгілі сипаты бар немесе жоқ екендігі осы дәлелдемелер сот
зерттеуінде болмай жатып қалай анықталатындығында1. 67-баптың мазмүнына
қарайтын болсақ, бұл бап негізінен соттық жүріс-тұрысын реттейтін норма
болып табылады, өйткені тараптар дәлелдемелер ұсыну барысында қателіктер
жіберуі мүмкін.
Сот дәлелдемелердің қатыстылық ережесі бойынша болашақ осы қаралып
отырған іс бойынша негізінен шешім шығару үшін жеткілікті мөлшерде
дәлелдемелер көлемін анықтауы керек.
Заң әртүрлі істер бойынша керекті әртүрлі дәлелдемелердің толық
шеңберін ашып көрсетпейді. Сол себеппен дәлелдемелердің қатыстылығы соттық
өзінің ішкі өкімі бойынша бағалайды (Азаматтық іс жүргізу кодексінің 16-
бабы) М.К.Треутниковтың ойы бойынша қатыстылығын бағалау процесін екі
этапқа бөлуге болады. Бірінші этап: дәлелдемелердің қатыстылығын шешпей
жатып осы тартылып жатырған дәлелдеме арқылы орнатылмайын деп жатырған
факті осы азаматтық іс үшін маңызы бар ма жоқ па? Сонан кейін барып екінші
этапта осы дәлелдеменің осы фактіге қатыстылығы туралы мәселе шешілуі тиіс
дейді2. Бұл ереже жалпыдан жекеге методы негізінде құралған ереже соттық
о бастан дәлелдемелер шеңберін дұрыс анықтамалар немесе қатыстылық
мәселесіндегі ісі бойынша дұрыс шешім шықпауына әкеліп соғады. Өйткені іс
бойынша керек емес дәлелдемелер немесе нағыз керекті дәлелдемелер талап
етілмей калуы мүмкін. Азаматтық іс жүргізу кодексінің 65-бабында дәлелдеу
міндеті көрсетілген. Бұл бап бойынша әр тарап өзінің талаптарын және
қарсылықтарын негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуге тиіс.
Бұл қалып тараптардың дәлелдемелер ұсыну міндетін ашып көрсеткен. Кейбір
авторлар қатыстылық мәселесін соттың жеке шешуі оған шетпен тыс құзырет
беру деп санайды1. Меніңше 65-баптағы қалып 67-баптың тежегіш механизмі
рөлінде көрсетілген. Қатыстылық нормасының дұрыс қолданылуын қамтамасыз
етуші тағы бір ережелер 65-бапта көрініс тапқан:
1. Дәлелдемелерді тараптар мен іске қатысушы басқа да тұлғалар береді.
2. Істі дүрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды тараптардың және іске
қатысушы баска да тұлғалардың талаптары мен қарсылықтарының негізінде,
материалдық және іс жүргізу құқығының қолдануға тиіс нормаларын ескере
отырып, сот анықтайды.
3. Сот тараптарға және іске қатысушы басқа да тұлғаларға істі дүрыс
шешу үшін қажетті қосымша дәлелдемелер табыс етуді ұсынуға құқылы.
4. Тараптар мен іске қатысушы басқа да тұлғалар үшін дәлелдемелерді
ұсыну қисынды келтірген жағдайда, сот олардың өтініші бойынша
дәлелдемелерді сұратып алдыруға жәрдемдеседі.
Осылайша іске қатысушылар соттың дәлелдемелер шеңберін анықтауына
қатыса алады.

§3. Дәлелдемелердің жарамдылығы

Егерде алдыда қарағанда белгілі болғандай қатыстылық бұл дәлелдеменің
мазмұнындағы мәліметке байланысты болса дәлелдемелердің жарамдылығы сол
дәлелдемелердің процессуалдық формасына немесе процессуалдық дәлелдеу
құралдарына байланыстылығы қаралады. Азаматтық іс жүргізу кодексінің 63-
бабында: егер осы кодексте көзделген түрінен алынса, дәлелдемеге жол беруге
болады деп танылады, - делінген. Бұл қалып та 64-баптың мазмұнынан шығатын
ерекше болып табылады. Дәлірек айтқанда 64-бапта: "... занды түрде алынған
нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады" — делінген. Соттағы
дәлелдеу барысында құқықтық маңызы бар белгісіз фактілер кез келген
дәлелдемелермен емес керісінше алдын ала заңда көзделген дәлелдеу
құралдарымен жүзеге асырылады. Жарамдылық институты азаматтық іс жүргізу
құқыкғында ада қылмыстық іс жүргізу құқығында да көп зерттеліп келе жатыр.
Белгілі қылмыстық процессуалист Кипнис Н.М. қылмыстық құқықтағы
дәлелдемелердің жарамдылығын зерттей келе жарамдылық қасиеті төрт
критерийден тұрады деген тұжырымға келген:
1. дәлелдемелер алуға байланысты процессуалдық әрекет жүргізуге
кұқылы субъектінің болуы;
2. жарамды фактілік дерек көзі (дәлелдеменің мазмұнын құраушы);
3. дәлелдеме алу үшін жасалған әрекеттің процессуалдық талаптарға сай
болуы (процесуалдық әрекет);
4. дәлелдеме алу үшін қолданылған процессуалдық әрекеттің талаптарға
сай болуы1.
Көптеген авторлар дәлелдемелердің жарамдылығы тек жауаптарға қатысты
десе (К.С.Юдельсон, И.М.Резниченко) ал, келесілері бұл барлық дәлелдеу
кұралдарына байланысты дейді (А.Г.Калрин, Н.Д.Лордкипанидзе). Бұл мәселе
бойынша процессуалдық құқықта реттелген бір жақты ой жоқ.
Дәлелдемелердің жіктелуі: тікелей және жамана; алғашқы және туынды;
өзіндік жэне заттық.
Дәлелдемелердің жіктелуі дегеніміз — дәлелдемелерді ұқсас белгілеріне
байланысты топтауды айтамыз. Жіктеу арқылы біз дәлелдемелерді бірыңғай
жүйеге келтіреміз. Бөлу дәлелдемеге тиесілі бір маңызды белгісі негізінде
жүзеге асырылады. Бөлу жүргізілген белгі теорияда жіктеу негізі деп
аталады.
Дәлелдемелерді жіктеу бірге осы дәлелдемелерді тереңірек зерттеуге,
белгілі бір топқа жататын дәлелдемелерді шыңдыққа қол жеткізудегі маңызын
немесе осал жақтарын білуге мүмкіндік береді.
Дәлелдемелерді жіктеудің негізі болып әртүрлі белгілер болуы мүмкін.
Мысалы дәлелдемелердің мазмұнына байланысты немесе процессуалдық формасына
байланысты, соттық бағалау нәтижесіне байланыты т.б. әртүрлі негіздерге
байланысты бөлуге болады1.
Заң әдебиеттерінде көп кездесетін және жіктеудің даусыз бір негізі бұл
дәлелдемелердің мазмұнының дәлелденіп жатырған фактімен байланысына
байланысты дәлелдемелер екіге бөлінеді: тікелей және жанама2. Тікелей
дәлелдемелер деп мазмұны дәлелденіп жатқан фактімен тікелей байланыста
болатын дәлелдемелер. Тікелей байланыс дәлелденіп жатқан факті туралы бір
жақты жауап береді. Мысалы, өнімнің нақты өмірде орын алған немесе
болмағандығы туралы өлім туралы акт жауап береді. Жанама дәлелдемелер
дәлелденіп жатқан фактімен көпмағыналы байланыста болады. Көпмағыналы
байланыс дәлелдеу барысында бірнеше мүмкін қорытындыларға алып келеді.
Факті туралы деректердің құрылу процессіне байланысты дәлелдемелер
алғашқы және туынды болып екі топқа бөлінеді. Алғашқы дәлелдемелер
дәлелденейін деп отырған фактінің тікелей дәлелдемеге мәлімет қалдыруымен
сипатталады. Ал туынды дәлелдемелер дегеніміз — басқа дәлелдеме көзінен
жазылып алынған дәлелдемелер жатады. Басқаша айтқанда дәлелденіп отырған
фактімен зерттеліп отырған, дәлелдеменің ортасындағы тағы да басқа аралық
мәлімет тасмалдаушылар бар.
Дәлелдемелерді процессуалдық формасының сипаттамасына немесе дәлелдеу
құралы бойынша бөлу олардың пайда болу көзіне байланысты бөледі. Бұл
негізде жіктеуге келгенде көптеген теоретиктердің ойлары бірнеше топқа
бөлінеді1. Жалпы осы негіз бойынша өзіндік және заттық болып бөлінеді.
Өзіндік дәлелдемелерге қайнар көзі адам болып табылатын дәлелдемелерді
жатқызады: тараптардың және үшінші жақгың түсініктемелері, куәлардың
анықтамалары, тарапшының қорытындысы. Ал заттық дәлелдемелерге жазбаша және
заттық дәлелдемелер жатқызылады.
Авторлардың пікірлері көбіне осы жерде айырылады. Мысалы, К.С.Юдельсон
өзіндік дәлелдемелерге жоғарыда көретілген дәлелдемелермен қатар жазбаша
дәлелдемелерді қосады. Автор өз позициясын келесі ойлармен бекітеді.
Жазбаша дәлелдемелер әрқашанда белгілі бір адаммен шығады және дәлелдеме
мазмұны материалдық объектіде бекітілгендігі маңызды емес, - дейді автор2.
С.В.Курылев осы негізде дәлелдемелерді жіктеген кезде тағы бір топ алып оны
аралас дәлелдемелер тобы деп атады. Бұл топқа Курылев сарапшының
қорытындысын, таныту фактісін, тергеу эксперименті нәтижелері — фактісін
жатқызады1. Автордың бұлай топтау себебі төмендегідей. Сарапшы өз
қорытындысын жасау үшін алдымен заттық дәлелдемені зерттеп осы заттық
дәлелдемеден алынған мәліметті қағаз бетіне түсіріп өзі де мәлімет
тасмалдаушы, дәлірек айтқанда мәліметтің жаңа қайнар көзі болады.

ІІ ТАРАУ. §1. Дәлелдеу құралдары

Дәлелдеу құралдарына азаматтық іс жүргізу кодексінің 78, 79, 81, 86,
96 — баптарында көрсетілген дәлелдемелер түрлері жатады. Енді осы баптарда
берілген дәлелдеу құралдарының түсінікмелеріне тоқталып өтейік. Кодекстің
78-бабында тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелерне байланысты
келесідей қалыптар бекітілген. Тараптардың және үшінші тұлғалардың іс үшін
маңызы бар өздеріне белгілі мән-жайлар туралы түсініктемелері іс бойынша
жиналған басқа да дәлелдемелермен қатар тежелуге және бағалауға жатады.
Көрсетілген тұлғалардың түсініктемелері ауызша және жазбаша болуы мүмкін.
Тараптардың талабын немесе қарсылығын негіздейтін фактілерді, екінші
тараптың мойындауы ол тарапты осы фактілерді одан әрі дәлелдеу
қажеттілігінен босатады. Тарап мойындаған факті сот отырысының хаттамасына
өткізіледі және оған фактіні мойындаған тарап қол қояды. Егер фактіні тану
жазбаша өтініште баяндаған болса, ол іске қосып тігіледі. Егер фактілерді
тану шындығында болған мән-жайды жасыру мақсатынмен не алдаудың, күш
қолданудың, қорқытудың немесе жақылудың әсерінен жасалғандығына соттың
күдігі болса, ол тануды қабылдамай, ол туралы ұйғарым шығарады. Мұндай
жағдайда осы фактілер жалпы негізде дәлелдеуге тиіс. Кодекстің келесі
бабында куәнің айғақтарына байланысты ережелер бекітілген. Оған сәйкес іс
үшін маңызы бар мән-жайлар туралы қандай да болмасын мәліметтер өзіне
белгілі болған тұлға куә болып табылады. Адамның айғағы, егер ол өзінің
хабардар болу көзін көрсете алмаса, дәлелдеме деп танылмайды. Жазбаша
дәлелдемелердің анықтамасы 81-бапта орын тапқан. Ол бойынша іс үшін маңызы
бар мән-жайлар туралы мәліметтер қамтитын актілер, құжаттар, іскерлік
немесе жеке сипаттағы хаттар жазбаша дәлелдемелер болып табылады делінген.
Заттай дәлелдемелер түсінігі 66-бапта бекітілген. Егер заттар өзінің сыртқы
түрімен, қасиеттерімен немесе өзге де белгілерімен іс үшін маңызы бар мән-
жайды анықтау құралы бола алады деп үйғарға негіз болса, олар заттай
дәлелдемелер деп танылады. 96-бапта сарапшының қортындысы туралы
түсініктемелер берілген. Сарапшының қорытындысы бұл сарапшының алдына сот
зерттеуге, оның ішінде арнайы ғылыми білімдерді пайдалана отырып
жүргізілетін заттай дәлелдемелер мен үлгілерге негізделген қорытындылар.
Сараптама өз негізінде жеке және комиссиялық сарапатама, кешенді сараптама,
қосымша және қайталама сараптама болып бөлінеді. Комиссиялық сараптама
күрделі сараптаманың зерттеулер жүргізу қажет болған жағдайларда
тағайындалады және оны бір мамандықтағы бірнеше сарапшы жүргізеді.
Сараптамалық комиссияның мүшелері алынған нәтижелерді бірлесіп жолдайды
және ортақ пікірге келе отырып, қортындыға қол қояды не қорытынды берудің
мүмкін еместігі туралы хабарларға қол қояды. Сарапшылар арасында
келіспеушілік болған жағдайда олардың әрқайсысы немесе сарапшылардың бір
бөлігі жеке қорытынды береді не пікірі комиссияның басқа мүшелерінің
қорытындысымен сәйкес келмейтін сарапшы пікірін қорытындыда жеке
тұжырымдайды. Кешенді сараптама іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау
үшін әртүрлі білім саласының негізінде зерттеу жүргізу қажет болған
жағдайларда тағайындалады және оны мамандығы әртүрлі сарапшы өздерінің
құзыреті шеңберінде жүргізеді. Кешенді сараптаманың қорытындысында әрбір
сарапшының қандай зерттеуді, оны қандай көлемде жүргізгені және сарапшының
қандай қорытындыға келгені көрсетілуі тиіс. Әрбір сарапшы қорытындының осы
зерттеулер мазмұндалған бөліміне қол қояды. Қосымша сараптама қорытынды
жеткілікті түрде айқын немесе толық болмаған, сондай-ақ бұрын зерттелген
мән-жайларға қатысты жаңа мәселелер туындаған кезде тағайындалады.
Қайталама сараптама сарапшының алдыңғы қорытындысы жеткілікті түрде
негізделмеген не оның дүрыстығын күмән тудырған, не сараптама жүргізудегі
іс жүргізу нормалары елеулі бұзылған кезде дәл сол объектілерді зерттеу
және дәл сол мәселелерді шешу үшін тағайындалады.
§2. Тараптардың және үшінші жақгардың түсініктемелері

Кодексте және әдебиеттерде көрсетілген дәлелдеу құралдарының ішіндегі
сот үшін ең маңыздысы тараптардың және үшінші жақтың түсініктемелері болып
табылады. Сол себептен заң бойынша бұндай дәлелдемелер міндетті түрде
тексеріліп зерттеліп, бағалануы керек (кодекстің 78-бабының 1-ші
тармақшасы). Сотта түсініктеме беру сол себептен заңмен қамтамасыз етілген.
(кодекстің 47-бабының 1-ші тармақшасы). Сот мәжілісіне қатысушьшардың
біреуі сот мәжілісінің болатын орны мен уақыты туралы хабарсыз қалу
себебінен сот мәжілісіне келмеген жағдайда бұндай іс бойынша шыққан сот
шешімі күшін жабады. Себепті тараптар материалдық қатынастың субъектісі
болғандықтан олардың біреуінсіз олардың түсініктемесінің іс қараған дұрыс
емес.
Жауапкердің және талапкердің түсініктемелері өзіндік дәлелдемелерді
бір түрі болып табылады. Өйткені субъекті дәлелдемелік мәлметке өз ойында
сақтап өзі мәлімет тасымалдаушы ретінде сотқа түсініктеме беріп тұр.
Тараптардың және үшінші жақтардың түсініктемелері толық зерттеліп бағалануы
қажет. Себебі бұл тұлғалар істің бір жақты шешілуіне материалды мүдделі
тұлғалар болып табылады. Ең алғашқысы тараптардың түсініктемелерінің
дәлелдемелік күшін түсіну үшін алдымен сол дәлелдемелердің қайнар көзі
болып табылатын тараптардың өзін зерттеп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық iс жүргiзудегi дәлелдеменiң түсiнiгi мен топтастырылуы
Дәлелдемелер түсінігі және түрлері
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІҢ ТҮСІНІГІ
Қылмыстық іс жүргізудің түсінігі, мәні, міндеттері
Қылмыстық іс жүргізуді дәлелдеу негіздері
Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеу
Сот дәлелдемелер түсінігі
Дәлелдемелердің түсінігі және белгілері
Қылмыстық іс жүргізу
Дәлелдеу процесі және дәлелдеу субьектілері
Пәндер