Бас бостандығынан айыру



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   
Жаза

Мазмұны

КІРІСПЕ 3
1. Жазаның түсінігі жӘне мақсаттары 5
1.1. Жазаның түсінігі 5
1.2. Жазаның мақсаттары 8
1.3. Жазаның жүйелері мен түрлерінің жалпы сипаттамасы 10
Айыппұл 13
Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысы
құқығынан айыру 15
Қоғамдық жұмыстарға тарту 17
Түзеу жұмыстары 18
Әскери қызмет бойынша шектеу 20
Бас бостандығын шектеу 21
Қамау 22
Тәртіптік әскери бөлімде ұстау 23
Бас бостандығынан айыру 25
Өлім жазасы 27
Арнаулы әсери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық
дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру.
30
Мүлікті тәркілеу 32
2. Жаза тағайындаудың бастамасы 34
2.1. Жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын жағдайлар 34
2.2 Белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан неғұрлым жеңіл жаза
тағайындау 47
2.3 Аяқталмаған қылмыс үшін жаза тағайындау 48
2.4 Кәмелетке толмағандарға жаза тағайындау 55
3. Қылмыстардың көптілігі жағдайында жаза тағайындау 63
3.1 Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау 63
3.2. Қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындау 67
3.3 Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау 68
3.4. Шартты түрде соттау 69
Қорытынды 71
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 74

КІРІСПЕ

Біздің елімізде ХХ ғасырдың 90-жылдарының басынан бастап болып жатқан
әлеуметтік, саяси, экономикалық өзгеріс – жаңғырулар қоғамның құқықтық
саласындағы өзгерістерге де еріксіз алып келді. Ел ішінде жүргізіліп жатқан
кешінді реформалар жаңа базасыз жүзеге асырылуы мүмкін емес. Соңғы он жыл
ішінде кез келген құқықтық мемлекеттік алғашқы тұғыры, берік іргетасы болып
табылатын бірқатар заңдар: конституция, Азаматтық кодекс, Қылмыстық кодекс,
Қылмыстық-атқару кодексі және т.б. қабылданды.
Қазіргі таңда Қылмыстық құқықтарға жаза дайындау жүйесінің түсінігі
мен маңызы бұрынғыға қарағанда әлдеқайда өзгерістермен толықтыруларға
ұшырады. Бұл дегеніміз өмірдің жаңа ағымына қарай қылмыстық жаза түрлерінің
өзгеруі мен байланыстырамыз.
Осы дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасындағы Қылмыстық
жаза тағайындаудың жүйесінің түсінігі мен маңызын ашып көрсету. Осыдан біз
жазаның ауырлығын және жеңілдіктерін толығымен біліп көре аламыз.
Осы жұмыстың міндеттеріне тоқталсақ:
- Жазаның түсінігі мен мақсаттарын ашып көрсету;
- Негізгі жазаның қолдану ерекшеліктері;
- Жаза тағайындаудың жеңілдететін және ауырлататын жағдайларын ашу;
- Белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан неғұрлым жеңіл жаза
тағайындау;
- Аяқталмаған және қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау;
- Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау;
- Қылмыстардың қайталану жағдайында жаза тағайындау;
- Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау;
- және соңғысы Шартты түрде соттау.
Бұлардың барлығы осы жаза тағайындау жүйесінің түсінігі мен маңызын
ашуда көп үлес қосады. Осы жаза тағайындау жүйесінің түсінігін және маңызын
толық көлемде түсіну үшін осы жаза тағайындау түрлерін дипломдық жұмысқа
енгізіп отырмыз.
Осы жұмыстың әдебиет тапшылықтарына келетін болсақ соңғы шығарылып
жатқан ғалымдардың, профессорлардың жұмыстарының жоқ болуы, осы жұмысқа
ауыртпалық тигізіп отыр. Бірақ Қолда барды қадыр тұт – демекші бар
әдебиет информативтік актілер, түрлі әдебиеттер қолдана келе осы жұмыстың
ауқымды жерлерін аша түстік деп ойлаймыз.
осы дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан және қорытындыдан тұрады.

1. Жазаның түсінігі жӘне мақсаттары

1.1. Жазаның түсінігі

Қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шараларының бірі болып табылады және
ол мемлекеттің қылмыспен қарсы күрес жүргізу құралдарының бірі ретінде
қолданылады. Мемлекеттік қылмысқа қарсы күрес жүргізуде әр түрлі
ұйымдастырушылық, тәрбиелік, экономикалық, рухани шаралардың барлық түрін
кеңінен қолданады, сөйтіп қылмыстан сақтандыру мәселелеріне ерекше көңіл
бөледі. Сондықтан да біздің жас, тәуелсіз мемлекетіміз қылмысқа қарсы күрес
қылмыстық жазаны қолдануда ең негізгі басты күрес деп саналмайды, бұл
құбылысқа қарсы күресте шешуші мәселелер жоғарыда аталып өткен
экономикалық, ұйымдастыру, тәрбие, қоғам мүшелерінің белсенділігін, олардың
құқылық сана-сезімін жетілдіру арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да
қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шарасы ретінде тек арнаулы, заңда
көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қылмыс істеген адамдарға мұндай
шараны қолдану мемлекеттік атқаратын функцияларының бірі ретінде
қарастырылады. Әсіресе ауыр, өте ауыр қылмыс істегендерге соған сәйкес ауыр
қылмыстық – құқылық күштеу шараларын қолдану мемлекттің міндеті болып
табылады. Мемлекеттік күштеу шаралары сан алуан. Оларға тек қылмыстық
құқылық шаралар ғана емес, азаматтық, әкімшілік, тәртіптік шаралар да
жатады. Қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шараларының жеке бір түрі бола
отырып, өз ерекшеліктеріне оқшауланады.
Біріншіден, қылмыстық шара – мемлекеттік күштеу шарасы ретінде
қылмыстық заңмен ғана белгіленеді. Қылмыстық кодексте жазаның сот үшін
міндеті тізбектері мен оны қолданудың тәртібі тұжырымдалған. Сот қылмысқа
кінәлі адамға қылмысты заңда көрсетілген шараның шеңберінде оның шегінен
шықпай, жаза тағайындайды. Тек ерекше жағдайларда ғана сот көрсетілгеннен
гөрі неғұрлым жеңілдік жаза тағайындауға құқылы.
Екіншіден, мемлекеттік күштеу шарасы ретіндегі қылмыстық жазаны
мемлекет атынан тек қана сот тағайындайды. Қылмыстық кодекстің 38-бабында
жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу
шарасы делінген. Қылмыстық жазамен салыстырғанда басқа да мемлекеттік
күштеу шаралары мемлекеттік органдар немесе лауазымды органдар арқылы
жүзеге асырылады. Мысалы, қоғамдық тәртіпті бұзған адамды полиция бастығы
әкімшілік жауапқа, салық инспекциясының лауазымды адамы салықтан
бұлтартпаушыларды заңда көрсетілген тәртіппен жазалайды немесе әкімшілік
комиссиясы өзіне берілген құзырет шеңберінде әкімщілік құқық бұзушыларды
жауапқа тартады. Осы аталған органдардың немесе лауазымды адамдардың бірде-
біреуі қылмыстық жаза қолдануға құқылы емес. Қылмыстық жазаны қолдану – тек
қана соттың құзыреті.
Үшіншіден, заңда көрсетілген тәртіппен сотталған адамды жазадан босату,
сондай-ақ тағайындаған қылмыстық жазаны жеңілдету тағы да сот арқылы жүзеге
асырылады. Тек қана рақымшылық және кешірім беру актілерімен жазадан босату
немесе жазаның жеңілдету Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес
Парламент немесе Республика Президенті арқылы жүзеге асырылады, ал басқа
жағдайларда бұл мәселелерді шешу тек соттың міндеті болып табылады. Бұл да
қылмыстық жазаның басқа мемлекеттік күштеу шараларынан мәнді өзгешелігін
көрсетеді.
Төртіншіден, қылмыстық жаза жария түрінде ашықтан-ашық тағайындалады.
Яғни, қылмыс адамның кінәсін анықтау оған жаза тағайындауды қажет деп табу,
қылмыстық жазаны нақты түрі мен бөлімін анықтау, жеке немесе заңды тұлғалар
арқылы емес мемлекет арқылы жария, ашықтан-ашық түрде белгіленеді.
Қылмыстық жаза кінәлі адамға мемлекет атынан белгіленеді жеке немесе
лауазымды адамдар сот тағайындаған жазадан ешкімді де босата алмайды, заңды
күшіне енген сот үкімі мемлекеттік, жеке кәсіпорын, ұйым, мекеме лауазымды
және жай адамдардың орындауы үшін Республика аумағында міндетті болып
табылады.
Бесіншіден, мемлекеттік күштеу шаралары ретінде қылмыстық жаза
қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмысты жасаған кінәлі адамға қолданылуы
мүмкін. Яғни, бұл жерде жаза адамның кінәлі түрде істеген іс-әрекетінің
қылмыстық-құқылық зардабы болып табылады. Сондықтан да қылмыстық заңда
Адам өз кінәсі анықталған қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік және
пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа
тартылуға тиісті, - делінген. Сондай-ақ әрбір істелген қылмысқа жаза
тағайындау міндетті емес. Мұның мәні мынада: егер тергеу жүргізген немесе
істі сотта қараған кезде жағдайдың өзгеруімен байланысты кінәлінің істеген
қылмысының қоғамға қауіпті мәні жойылса немесе оның өзі қоғамға енді
қауіпті емес деп танылса, қылмыс нышандары бар іс-әрекет жасаған адамды
қылмысты жауаптылықтан босатуға (68-бап) болады.
Қылмыстық жазаны қолдану кінәліні басқа түрдегі азаматтық, әкімшілік
немесе тәртіптік құқылық жауапкершілікке тарту мен де ұштастыруы мүмкін.
Қылмыстық жаза мемлекет атынан қылмыстық іс-әрекеттер үшін кінәлінің
кінәсін бетіне басу арқылы берілетін теріс құқылық баға болып табылады.
Бетіне басудың және кінәлаудың дәрежесі қылмыстық ауырлығына, кінәлінің
жеке тұлғасына және оның қылмысты іс-әрекетті істеудегі мінез-құлқына
тікелей байланысты болады.
Жаза сотталған адамға белгілі бір зардап келтірумен тікелей байланысты
болады. Мысалы, соттың кінәліні бас бостандығынан айыру немесе белгілі бір
кәсіппен шұғылдануға немесе белгілі бір лауазым иесі болуға тиым салуы,
мүлкін тәркілеуі мүмкін. Ерекше ауыр қылмыс жасаған жағдайда кінәліге заңда
көрсетілген негізде ерекше жаза - өлім жазасын тағайындауы да мүмкін.
Сөйтіп, кез келген қылмысты жаза тағайындағанда сотталған адам материалдық,
моральдық, мүліктік зардап шегеді. Өйткені жаза өзінің мәні жөнінен
кінәліні жазалау болып табылады.
Қылмыстық жазаның басқа да мемлекеттік күштеу шараларынан ерекшелігі
сол, оны қолдану кінәліге барлық уақытта да сотталғандық туралы атақ
береді. Сотталғандақтың кінәлі үшін белгілі бір құқылы зардабы бар, ол
сотталғандығы туралы өмірбаянында көрсетілуі керек, сотталғандық кейбір
жағдайларды қылмысты ауырлататын мән–жайларға жатады. Немесе сотталғандық
атақ кейде қылмысты саралауға, жазаның мөлшерін сондай-ақ жазаны өтейтін
колонияның түрін белгілеу үшін маңызды мәнге ие болады. Сонымен, қылмыстық
жаза дегеніміз сот арқылы мемлекет атынан қылмыс жасаған адамға қылмыстық
заңмен белгіленген мемлекеттік шараны қолдану болып табылады.
Қылмыстық жазаның әкімшілік құқық бұзушылық үшін қолданылатын жазадан
айырмашылығы мынандай: біріншіден, қылмыстық жаза бұл істелген қылмыстың
зардабы, ал әкімшілік шара болса, ол қылмыс болып табылмайтын қоғамға жат
теріс әрекеттер үшін ғана тағайындалады.
Екіншіден, қылмыстық жаза сот арқылы мемлекет атынан тағайындалады.
Әкімшілік шараларды әкімшілік органдары, лауазым адамдары немесе судья
тағайындайды. Үшіншіден, қылмыстық жазаның ерекшелігі сол сот үкімі бойынша
тағайындаған қылмыстық жаза кінәліге сотталғандық атақ береді, ол әкімшілік
жазаға тартылғандар үшін мұндайда құқылық зардап болмайды.

1.2. Жазаның мақсаттары

Қазақстан Республикасы Қылмыс кодекстің 38-бабының 2-бөлігінде жазаның
мақсаты - әлеуметтік әділеттікті қалпына келтіру сондай-ақ сотталған
адамдарды түзеу, сондай-ақ сотталғандарды да, басқа адамдарды да жаңа
қылмыстарды істеуден алдын ала сақтандыру екендігі айтылған.
Әлеуметтік әділеттікті қалпына келтіру, сотталған адамға жаза
тағайындау және жазаны орындау арқылы оны түзеу, сөйтіп жаңа қылмыс
істеуден оны сақтандыру жазасының арнаулы ескертуі болып табылады.
Әлеуметтік әділеттікті қалпына келтіру дегеніміз қылмыс істеген адамға
әділетті жаза тағайындау, істелген қылмыстың қоғамға қауіптілігі,
келтірілген зиян мөлшері, жаза тағайындаудың басты негіздері, кінәлінің
жеке басының ерекшеліктері ескеріле отырып, қылмысына сай келетін, әділ
жаза тағайындау болып табылады. Әлеуметтік әділеттікті қалпына келтіру үшін
заңдылық принциппен қатаң басшылыққа алып жасалған қылмысқа әділ құқылық
баға және лайықты жаза белгілеу қажет.
Жазаның мақсаттары қылмыстық құқықтың жалпы міндеттері арқылы
белгіленеді. Қылмыстық кодекстің 2 - бабындағы осы заңның міндеттері заң
қорғайтын мүдделерді қорғау алдын алу делінсе, ол міндеттерді жүзеге асыру
үшін қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленіп, қылмыс ұғымы айқындалады,
қылмыс істеген адамдарға қолдануға тиісті жазамен өзгеде қылмыстық –
құқылық ықпал ету шаралары белгіленеді.
Арнаулы сақтандырудың иелері болып, қылмыс істеп сотталғандар танылады.
Жазаның мақсаты бұл адамдардың тарапынан тағы да қылмыс істеу фактісінің
орын алмауын көздеу болып табылады. Жазаның осы көздеген мақсатына жетуінің
құралы – сотталғандарды түзеу арқылы, заң талаптарын мүлтіксіз орындау
рухында тәрбиелеу болып табылады. Бұл жерде түзеу дегеніміз қылмыс істеп
сотталған тұлғаны әлеуметтік, психологиялық көзқарасын өзгертіп қылмысты
құылысқа, қоғам ережелерін бұзуға, еңбексіз күн көріске деген пиғылдарын,
жазадан қорықса да өзгертіп дұрыс жолға салу болып табылады.
Сондықтан да қылмыскерге жаза тағайындау арқылы оны түзеу жазадан
қорықса да қылмыс істемейтін, заң талаптарын қалт жібермей мүлтіксіз
орындайтын адам етіп қалыптастыру болып табылады. Жазаның басқа бір мақсаты
- басқа адамдарды қылмыс істеуден сақтандыру болып табылады. Бұл қылмыс
істемеген, бірақ тәртіптік, әкімшілік құқық қалыптарын бұзып, биморальдық
күйге түсіп жүрген, қылмыс істеуі мүмкін, тұрақсыз элементтерге
бағытталады. Мұндай әлеуметтік тұрақсыз адамдарды қылмыстық құқықта
көрсетілген жазамен қорқыту арқылы және қылмыс істегендерге жазаның сөзсіз
қолдануын ескерту, қылмыстан сақтандырудың жалпы түрі болып табылады.
Мұндай сақтандыру қылмыстық құқықтың тәрбиелік функциясының бір көрінісі
болып табылады. Қылмыстық құқық қалыптарының жеке түрлерінің санкцияларында
көрсетілген жазаларда қылмыс істеген кінәлі адамдарға қолданбақшы болып
қорқыту арқылы қылмыстық заң барлық азаматтарға, олардың психологиялық сана-
сезіміне әсер ету арқылы, олардың әлеуметтік әділеттікті, адам өмірінің
қорғалуының, құқық тәртібін нығайтудың қажеттілігі туралы көзқарастардың
қалыптасуына жағдайлар туғызады.
Сол сияқты жаза – қылмыстының жанын қинау немесе адамгершілік намысына
тиіп, қорлау мақсатын көздемейді. Бұл тарихи қалыптасқан қылмыстық құқықтың
адамгершілік принципі болып табылады. осы жерде жазаның мақсаттары туралы
Заңның қалпының өзінде қарама-қайшылық жоқ па деген заңды сұрақ туындайды.
Жаза сотталған адамның құқықтары мен бостандықтарына шек қою арқылы, сөз
жоқ, оның жанын қинайды, адамгершілік намысына тиеді. Бұл жерде қарама-
қайшылықты жою үшін жазаның мақсатын және құрамын, мазмұнын дұрыс айыра
білген жөн. Сотталған адамның құқықтары мен бостандықтарына заңда
көрсетілген шекті қою жазаның мазмұнын ал арнаулы және жалпы сақтандыруды
жүзеге асыру жазасының мақсатына жету құралын құрайды. Сотталған адамның
қоғамнан оқшауланып, түзеу мекемесінде жазасын өтеуі, әлбетте, оның жанын
жеуі сөзсіз, бұл жазаның жазалау элементтері болып табылады.

1.3. Жазаның жүйелері мен түрлерінің жалпы сипаттамасы

Жазаның жүйелері деп қолданылып жүрген қылмыстық заңда белгіленген
соттар үшін міндетті және тұжырымды, ауырлығына қарай белгілі тәртіппен
орналасқан жазаның түрлерін айтамыз.
Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар үшін міндетті болып табылатын
жекелеген жазаларды қолданудың шарты, шегі және тәртібі белгіленген. Мұның
өзі республика аумағында қылмысқа қарсы күрес саласында біркелкі жазалау
қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сотталған адамға келтірілетін
айырудың мәніне қарай жазаның түрлері мынаедай топтарға бөлінеді:
1. Сотталған адамға моральдық жағынан әсер ететін жаза түрлері. Бұған
жататындар: қоғамдық жұмыстарға тарту, арнаулы, әскери немесе құрметті
атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сынабынан
және мемлекеттік наградадан айыру.
2. Сотталған адамның құқығына шек қоюмен байланысты жаза түрлері:
белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығын
айыру, әскери қызмет бойынша шектелу.
3. Сотталған адамды материалдық жағынан айыруға байланысты жазалар:
түзеу жұмыстары айыппұл, мүлікті тәркілеу;
4. Сотталған адамның құқығынан немесе бас бостандығынан айыруға
байланысты жаза түрлері: өлім жазасы, бас бостандығынан айыру, қамау,
тәртіптік әскери бөлімде ұстау. Жаза түрлерін топтастырудың бұдан басқа
түрлері жалпыға мәлім. Жаза жүйелеріне кіретін барлық жаза түрлерін
негізінен үш топқа бөлінеді: Бірінші топты негізгі жазалар құрайды. Негізгі
жазалар дегеніміз заң бойынша жеке-дара жаза ретінде, жазаның мақсатын
жүзеге асыру үшін қолданылатын жаза түрлерін айтамыз.
Қылмыс жасады деп танылған адамдарға мынандай негізі жазалар:
а) айыппұл салу;
б) белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу
құқығынан айыру;
в) қоғамдық жұмыстарға тарату;
г) түзеу жұмыстары;
д) әскери қызмет бойынша шектеу;
е) бас бостандығынан шектеу;
ж) қамау;
з) тәртіптік әскери бөлмеде ұстау;
и) бас бостандығына айыру;
к) өлім жазасы қолданылуы мүмкін
(39-бап, 1- бөлігі)
Екінші топқа қосымша жазалар жатады:
Қосымша жазалар деп негізгі жазаға қосылып тағайындалатын жазаның
мақсатын жүзеге асыруда оған көмекші роль атқаратын жазаларды айтамыз.
Қазақстан Республикасы жоғарғы соты Пленумының Жаза тағайындалғанда
соттардың заңдарды дұрыс қолдануы туралы 24 маусым 1993 жылғы №3
қаулысының 16-тармағында соттардың қосымша жаза тағайындау мәселелеріне
баса назар аударған жөн, өйткені негізгі және қосымша жазаларды дұрыс
үйлестіре білу оны даралап көрсету принципін дәйекті түрде жүзеге асыруға,
жазаның мақсатына көмектеседі, - делінеген. Сондықтан да қылмыстық заңның
баптарының санкцияларында қосымша жазаларды қолдану немесе қолдану
мүмкінділігі көрсетілсе, онда соттардың оны тағайындау туралы мәселені
қарап, қолданған шешімінің тұжырымдарын үкімде міндетті түрде көрсетуі
тиіс. Ал қосымша жаза қолданылмаған жағдайда үкімнің қорытынды бөлімінде
ондай шешімнің қабылданбауына сілтеме жасалмайды. Кінәлі сотталған кезде ол
жауапқа тартылған қылмыстық заңның баптарында қосымша жаза қолдану міндетті
деп көрсетілсе, сот оны Қылмыстық 55-бабында көрсетілген шарттар болған
жағдайда ғана осы бапқа сілтеме жасай отырып, қабылданған шешімнің
дәлелдерін үкімде міндетті түрде көрсете отырып, оған қосымша жазаны
қолданбау мүмкін.
Қосымша жаза жеке-дара тағайындалмайды, ол тек қана негізгі жазаға
қосылып тағайындалады.
Сотталғандарға негізгі жазалардан басқа мынандай қосымша жазалар:
а) арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен,
дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік
наградаларынан айыру;
б) мүлік тәркілеу қолданылуы мүмкін (39-бап, 2 бөлігі).
Үшінші топқа негізгі де, қосымша да жаза ретінде қолданылатын жазалар
жатады. Оларға жататында: айыппұл салу, белгілі бір лауазым атқару немесе
белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру. Осы көзделген жаза түрлері
негізгі жаза ретінде тағайындалуы да немесе басқа жазаға заңда белгіленген
реттерге қосымша жаза ретінде қоса тағайындалуы да мүмкін. Сонымен,
қолданылып жүрген қылмыстық заңда мазмұны немесе мәні әртүрлі жаза түрлері
көрсетілген. Бұл жазалады дұрыс қолдану – қылмыспен тиімді күрес жүргізудің
негізгі шарты болып табылады. Енді осы жазаның жекеленген түрлеріне
сипаттама береміз.

Айыппұл

Қылмыстық кодектің 40-бабы бойынша: Айыппұл- осы Кодексте көрсетілген
шекте, заңмен белгіленген және жаза тағайындау сәтіне қолданылып жүрген
айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерде не
сотталған адамның жалақысының немесе ол қылмыс жасаған сәтіне белгілі бір
кезең ішіндегі өзге де табысының мөлшерінде тағайындалатын ақша өндіріп алу
(40-бап, 1-бөлігі).
Қылмыстық кодекстің 40-бабында көрсетілгедей айыппұл негізі немес
қосымша жаза қатарында қолданылуы мүмкін. Қылмыстық жаза шарасы ретінде
айыппұл төлеуге сотталған адам белгілі бір материалдық қиындаққа тап
болады. Айыппұлдың жазалау қасиеті дәл осындай жағдайда көрініс табады.
Кінәлі адамнан үкім бойынша ақшалай өндіру сотталған адам және басқалар
үшін тәрбиелік мәні зор және мұның өзі қылмыстан сақтандыруда ерекшк роль
атқарады. Айыппұл негізгі және қосымша жаза ретінде тек қана заңда
көрсетілген ретте соның ішіде ғана қолданылады.
Егер айыппұл қылмыс сараланған баптың санкциясында көрсетілмеген болса,
онда ол негізгі немесе қосымша жаза ретінде қолдануға жатпайды. Тек қана
мұндай жағдайда айыппұлды Қылмыстық кодекстің 55-бабы бойынша заңда
көрсетілгенне гөрі жеңілірек жаза тағайындауға негіз болғанда ғана
қолданады.
Айыппұл Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген айлық есептік
көрсеткіштің жиырма бестен жиырма мыңға дейінгі шегінде немесе сотталған
адамның жалақысының немесе екі аптадан бір жылға дейінгі кезегі өзгеде
табыстың мөлшерінде тағайындалады. Айыппұлдың мөлшерін жасалған қылмыстың
ауырлығымен сотталған адамның мүліктік жағдайын ескере отырып сот
белгілейді. Айыппұлдың нақты мөлшері істелген қылмыстың ауырлығына,
кінәлінің материалдық, отбасылық жағдайларына, істің нақты жағдайларына
байланысты сот арқылы жеке-дара анықталады. Заңда айыппұлдың төменгі және
жоғарғы шегі көрсетілген. Егер сот айыппұл төлеудің айлық есептік
көрсеткішті алса, онда ол жиырма бестен жиырма мыңға дейінгі шекте
тағайындалады. Егер сот айыппұлды төлеудің негізіне сотталған адамның
жалақысының немесе ол қылмыс жасаған сәтіне белгілі бір кезең ішіндегі өзге
табыстың мөлшерінде: екі аптадан бір жылға дейін тағайындалады. Заңда
айтылған өзге де табыстар деген ұғымға жалақыдан басқа алатын жеке еңбек
қызметі, авторлық қаламақы, мүлікті жалға беруден табатын табыстары жатады.
Қылмыстық атқару құқығы бойынша айыппұлды орындау сотқа жүктеледі. Сот үкім
күшіне енгеннен кейін бір ай мерзім ішінде сотталған адамға айыппұлды
төлеуді міндеттейді. Егер сотталған адамның айыппұлды уақытында төлеуге
мұршасы жоқө болса, онда сот сотталғанның өтініші бойынша оны бөліп төлеуді
немесе төлеудің заңда белгіленген мерзімге кейінге қалдыруға құқылы. Егер
сотталған адам айыппұлды дер кезінде төлемесе, жазаның бұл түрі сот арқылы
күшпен орындауға жатады. Заңда айыппұлды төлеуден әдейі жалтырағаны үшін
жауаптылық белгіленген. Әдейі жалтырау деп сотталған адамның өзінің ақша
қарааттары басқа да мүкіндіктерін төлеуден әдейі жасырып оны төлеуден оны
ашық бас тарту болып табылады.
Жазалаудың негізгі түрі ретінде тағайындалған айыппұлды төлеуден әдейі
жалтыраған жағдайда ол осы Кодекстің 42, 43 және 46-баптарында көзделген
ережелер сақтала отырып айлық есептік көрсеткіштің үш еселенген мөлшеріне
тиісінше айыппұл сомасы үшін тиісінше бір ай түзеу жұмыстарының немесе
сексен саған қоғамдық жұмыстарға тартудың, немесе он күнге қамаудың
есебінен қоғамдық жұмысқа тарту мен түзеу жұмыстарымен немесе қамаумен
ауыстырылады.

Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысы
құқығынан айыру

Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу
құқығынан айыру мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару
органдарында белгілі бір лауазымды атқаруға, не белгілі бір кәсіптік немесе
өзгеде қызметпен айналысуға тиым салуға тұрады (41-бап).
Қылмыстық кодексінің осы бабында екі түрлі әр түрлі жаза бекітілген:
белгілі бір лауазымды атқарудан және белгілі бір кәсіппен айналысу
құқығынан айыру.
Жазаның бұл түрі сот арқылы істелген қылмыстық мәніне қарай сотталған
адамды одан әрі белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір кәсіппен
шұғв-ылдану мүмкін болмайтын жағдайда тағайындалады. Мұндай жаза, мысалы,
көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын
пайдалану ережелерін бұзғаны үшін (296-бап), тұтынушыларды алдаған
адамдарға (223-бап), қызмет бабын пайдаланып сеніп тапсырылған бөтен
мүлікті иемденген немесе ысырап еткен лауазым адамдарына (176-бап)
қолданылуы мүмкін.
Белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану
құқығынан айыру қылмыстық жаза шарасы ретінде істелген қылмыстың мәніне
қарай кінәлі адамды белгілі бір лауазым иесі белгілі бір қызметпен
шұғылдану құқығынан айыру қажет болғанда, мұндай адамдарға осы ұықтарды
одан әрі жүзеге асыруға сеніп тапсыруға болмайтын реттерде қолданылады.
Мұндай жазаны қолдану негізінен қызмет бабын немесе кәсәптік қызметін
пайдаланатын қылмысты қайталап жасауына бөгет қою, мұндай тәсіліне қылмыс
жасаудан сақтандыру болып табылады. Белгілі бір лауазым иесі болу немесе
белгілі бір қызметпен шұғылданудың өзара айырмашылы мынада: біріншісі
сотталған адамды мемлекеттік қызметте белгілі бір лауазым иесі болуға тыйым
салады. Мысалы, материалдық жауапкершілікке байланысты лауазымды қызмет
атқармау.
Екіншісі, сотталған адамның белгілі қызметпен шұғылдануына тыйым салу.
Мысалы, дәрігерлікпен шұғылдануға, адвокаттықпен шұғылдануға тыйым салу,
көлік құралдарын жүргізуге байланысты кәсіпті атқаруды тыю, т.б. ҚК-тың 41
– бабының 2 - бөлігіне сәйкес:
Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу
құқығынан айыру жазаның негізгі түрі ретінде бір жылдан бес жылдан кейінгі
мерзімге және жазаның қосымша түрі ретінде алты айдан үш жылға дейінгі
мерзімге белгіленеді.
Белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу
құқығынан айыру негізгі жаза ретінде қылмыстық заңның санкциясында ол
туралы арнайы көрсетілген ретінде немесе Қылмыстық кодекстің 55 – бабының
талаптарына сәйкес сай жеңілірек жаза тағайындау кезінде қолданылады.
Жазаның бұл түрі қосымша жаза ретінде істелген іс-әрекет сараланатын
қылмыс құрамының санкцияларында арнайы көрсетілген жағдайда немесе заңның
санкциясында көрсетілмесе де кінәлінің істеген іс-әрекетінің мәніне қарай
сотоны белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану
құқығынан айру қажет деп тапса қолданылады. Мысалы, медицина
қызметкерлерінің мамандық міндеттерін тиісті орындамаудың салдарынан
адамның еңбек қабілетін үштен бір бөлігі тұрақты жоғалса немесе ұзақ
уақытқа денсаулығы бұзылып айыппұлға немесе бас бостандығына шек қоюға
жазалумен бірге (114 – бап, 1 – бөлік) қосымша жаза ретінде дәрігерлік
қызметпен белгілі бір уақытқа шұғылдану құқығынан айыру жазасын
тағайындауға да болады.
Сонымен, қылмыстық кодекстің 41 – бабының талабына сәйкес сот белгілі
бір лауазымды атқару немесе белгілі бір өызметпен шұғылдану құқығынан бұл
жаза түрі заңның санкциясында көрсетілмесе де оны қолдану қажеттілігі
туралы үкімде көрсетіле отырып қосымша жаза ретінде қолдануға құқылы.
Сотталған адамдар сот белгілеген мерзім ішінде бұрынғы істеп жүрген
жүйесінде мүлдем жұмыс істемеу туралы тыйым салуы заңда көрсетілмеген.
Мысалы, белгілі сот үкімі бойынша қойма меңгерушісі лауазымын атқаруға
тыйым салынған адам, сол жүйеде жүк тиеуші, күзетші және басқа да
материалдық игіліктерді басқаруға қақысы жоқ жұмыспен айналысуға құқылы
немесе дәрігерлік қызметпен шұғылдану құқығынан белгілі бір мерзімге
айналған адам сол салада басқа жұмысты, атап айтқанда, санитарлық,
шаруашылық меңгерушісі, лаборатория қызметкерлері сияқты жұмыстарды
атқаруға құқылы. Белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен
шұғылдану құқығынан айыру жазасын орындаудың тәртібі мен шарттары арнаулы
Ережеде көрсетілген.
Қылмыстық жазаның осы түрін қолдану барысында жазаның орындалу мерзімін
есептеудің маңызы аса зор.
Бұл жазаны бостандығын шектеуге, қамауға алуға, тәртіптік әскери
бқлімде ұстауға немесе бас бостандығын айыруға қосымша жаза ретінде
тағайындау кезінде ол жазылудың аталған негізгі түрлерін өтеудің барлық
уақытына қолданылады, бірақ бұл орайда оның мерзімі олардың өтелген сәтінен
бастап есептеледі. Жазалаудың басқа негізі түрлеріне қосымша жаза түрі
ретінде белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру тағайындалған
жағдайда, сондай-ақ шартты түрде сотталған кезде оның мерзімі үкім заңды
күшіне енген сәттен бастап есептелінеді.
Осы жаза қолданылған сот үкімі күшіне енгеннен кейін ол қасақана
орындалмаса оған кедергі жасаған адам Қылмыстық кодекстің 362 – бабы
бойынша жауапқа тартылады.

Қоғамдық жұмыстарға тарту

Қоғамдық жұмыстарға тарту деп жергілікті өкімет органдары белгілеген
жұмыстарды сотталған адамның қоғамның пайдасына тегін істеуі айтылады.
Жазаның бұл түрі негізгі жаза ретінде Қылмыстық кодекстің Ерекше
бөліміндегі баптардың санкцияларында тікелей көрсетілген жағдайларда
қолданылады. Қоғамдық жұмыстардың сот ұзақтығын 60 сағаттан 200 сағатқа
дейін, күнңне 4 сағаттан аспайтын мөлшерде тағайындайды және сотталған адам
оны негізгі жұмысынан және оқуынан бос уақытында тегін өтейді. Сотталған
адамдардың істейтін қоғамдық жұмыстарының тізбегі жергілікті өкімет немесе
жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы белгіленеді. Сотталған адам
қоғамдық жұмыстарды орындаудан жалтарған ретте олар осы Кодекстің тиісінше
45 және 46-баптарында көзделген мерзімдер шегінде бас бостандығын шектеумен
немесе қамауға алумен ауыстырылады. Бұл орайда сотталған адам қоғамдық
жұмысты өтеген уақыт сегіз сағат қоғамдық жұмыс үшін бас бостандығынан
шектеудің немесе бір күн қамауда болу есебімен есептеледі.
Әскери қызметшілерге, елу бес жастан асқан әйелдер мен алпыс жастан
асқан еркектерге, жүкті әйелдерге, сегіз жасқа дейінгі балалары бар
әйелдерге, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектерге қоғамдық жұмысқа
тарту тағайындалмайды.

Түзеу жұмыстары

Түзеу жұмысы сотталған адамды мәжбүрлеп еңбекке тарта отырып, үкімде
көрсетілген мерзімді оның ай сайынғы табысының бір бөлігін мемлекет
пайдасына ұстауды білдіретін қылмыстық жазаның бір түрі болып табылады. Бұл
жаза жазаның санкцияларында арнаулы көрсетілген реттерде ғана қолданылады.
Түзеу жұмысында сотталған адам бас бостандығынан айырылмайды,
отбасынан, еңбек ұжымынан бөлінбейді, өзінің жұмысын, қызметін сотталғанға
дейін еңбек еткен ұжымында жалғастыра береді. Оның түзелуі осы өзі істеген
еңбек ұжымы шеңберінде, қоғамнан оқшауланбай жүзеге асырылады. мұның өзі
сотталған адамға еңбек ұжымы әкімшілігінің, отбасы мүшелерінің,
жақындарының бақылау жүргізуіне толық мүмкіндік береді.
Сонымен бірге түзеу жұмысы бас бостандығынан айыру жазасы сияқты
сотталған адамға белгілі бір дәрежеде жазалау ықпалы арқылы да әсер етеді.
Түзеу жұмысы тағайындалған сотталған адамның түзелуі міндетті түрде
қоғамға пайдалы еңбекке қатыстырыла отырылып бұрынғы немесе басқа ұйымда
жүзеге асырылады. жазаны өтеу мерзімінде сотталған адамның еңбегі мәжбүрлі
сипатқа ие болады. Жаза өтеу мерзімі оның жалақысының белгілі бір бөлігі
мемлекет пайдасына өндіріледі. Түзеу жұмысы жазасын өтеу мерзімі
жеңілдіктер мен жалақыға қосымша алауға негіз болмайды. Бұл жазаға
сотталған адамдар өз бетінше жұмыстан кетіп қалуға қақысы жоқ. Мұндай ретте
жұмыстан босану үшін жазаның орындалуын іске асыратын – қылмыстық орындалу
инспекциясының келісімі қажет. Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық
кодексі бойынша түзеу жұмыстары адамның жұмыс орны бойынша ғана өтеледі.
Түзеу жұмысын жұмыс орнында өтеу деген сөз сотталған адамды бұрынғы
сотталғанға дейін лауазымында немесе кәсібімен шұғылдана беруге болады
деген мағынаны білдірмейді. Егер қылмыс лауазымды жағдайына немесе
қызметіне байланысты жасалған болса, онда сотталған адам басқа жұмысқа
немесе басқа жұмыс орнына ауыстырлуы мүмкін. Бірақ үкім сотталған адамның
жұмыс орнында өтелуі тиіс түзеу жұмыстары екі айдан екі жылға дейінгі
мерзімге белгіленеді және сотталған адамның ай сайындағы табысынан 5
проценттен 20 процентке дейінгісі мемлекет кірісіне ұсталады.
Қылмыстық кодекстің 43-бабының 3-бөлігіне сәйкес:
Түзеу жұмыстарына сотталған адамның табысынан соттың үкімімен
белгіленген мөлшерде бес проценттен жиырма процентке дейінгі шекте
мемлекеттің кірісіне ұстап қалу жүргізіледі.
Еңбекке жарамсыз танылған, тұрақты жұмысы жоқ немесе оқу орнында
өндірістен қол үзіп оқитын адамдарға түзеу жұмыстарын тағайындауға
болмайды. Мұндай адамдарға, егер осы Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті
баптың санкциясымен айыппұл түрінде жаза көзделмеген болса, бір ай түзеу
жұмысы үшін заңмен белгіленген бір айлық есептің көрсеткішке тең айыппұл
сомасының есебінен сот түзеу жұмыстарының орнына айыппұл тағайындауы
мүмкін. Егер аталған мән-жйлар жазаны өтеу кезінде пайда болса, сот түзеу
жұмыстарын айыппұл салумен де ауыстыра алады.
Жаңа Қылмыстық кодексте түзеу жұмыстарын сотталған адамның жазасын
өтеуден әдейі бұлтарғаны үшін жауаптылық белгіленген мұндай жағдайда сот
түзеу жұмыстарының өтелмеген мерзімін нақ сол мерзімге бас бостандығын
шектеу, қамауға алу немесе бас бостандығынан айыру түрінде жазалауға
ауыстыра алады.
Қылмыстық орындау заңы бойынша: 1) Сотталған адамға инспекцияның
жұмысқа кірісу туралы берген ескертпесінен 15 күн өтіп кетсе; 2)
инспекцияға жазбаша ескертпеден кейін себепсіз жағдайлармен келмесе; 3)
белгіленген міндеттерді және тыйым салынған әрекеттерді жазбаша ескертуден
кейін бұзса; 4) бұрынғы ескертуге қарамастан тағы да жұмысқа мас күйінде
келсе немесе мүлдем келмей қалса; 5) сотталған адам түзеу жұмысын өтеуден
бас тарту мақсатында бой тасалап қалса, олай әдейі жалтарған деп саналады.
Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны орындау қылмыстық орындау
инспекцияларына жүктелген. Оны орындаудың тәртібі Қазақстан Республикасы
Қылмыстық атқару кодексімен реттеледі.

Әскери қызмет бойынша шектеу

Әскери қызмет бойынша шектеу жазаның негізгі түрі болып табылады.
Қылмыстық кодекстің 44 – бабының 1 – бөлігіне сәйкес: келісім –шарт
бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген, сотталған әскери қызметшілерге,
сондай-ақ шақыру боынша әскери қызметін өтеп жүрген офицерлерге осы
Кодексінің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген жағдайларда әскери
қызметке қарсы қылмыс жасағаны үшін, сондай-ақ келісім-шарт бойынша әскери
қызмет өткеріп жүрген, сотталған әскери қызметшілерге осы Кодексінің Ерекше
бөлімінің тиісті баптарында көзделген түзеу жұмысының орнына үш айдан екі
жылға дейінгі мерзімге әскери қызмет бойынша шектеу тағайындалады.
Сонымен, қылмыстық заңда осы бапты қолдану үшін бірнеше шарттар
белгіленген. Біріншіден, бұл жаза келісім-шарт бойынша әскери қызмет өтеп
жүрген сотталған әскери қызметшілерге; екіншіден, шақыру бойынша әскери
қызмет өтеп жүрген офицерлерге; үшіншіден, бұл жаза көрсетілген адамдардың
тек әскери қызметке қарсы (Қылмыстық кодекстің 16-тарауы) қылмыс жасағаны
немесе Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көз түзеу
жұмысының орына қолданылуы мүмкін.
Қылмыстық кодекстің 44-бабының 2-бөлігінде әскери қызмет бойынша
шектеудің екі түрі көрсетілген:
1) Осы жазаны өтеу кезінде сотталған адамның лауазымы көтерілмейді
(батальон командирі полк командиріне, дивизия командирі армия командирі
лауазымына).
2) Осы жазаны өтеу кезінде сотталған адамның кезекті әскери атағы
жоғарыламайды (мысалы, лейтенант аға лейтенантқа, аға лейтенант капитанға
жоғарыламайды). Бұл жазаны өтеу мерзімі әскери атақ беру үшін еңбек
сіңірген мерзімге есептелмейді.
Қылмыстық кодекстің 44-бабында көрсетілмеген әскери қызмет бойынша
шектеуге жол берілмейді.
Осы жазаны өтеу мерзімі Қылмыстық кодекстің 44 – бабының 1 – бөлігінде
үш айдан екі жылға деінгі мерзім деп белгіленген.
Әскери қызмет бойынша шектеуге сотталған адамның үлес қаражатынан
соттың үкімімен белгіленген, бірақ 20 проценттен аспайтын мөлшерде
мемлекеттің кірісіне ақша ұсталып қалады (44 – бап, 2 – бөлігі).

Бас бостандығын шектеу

Бас бостандығын шектеу сотталған адамды қоғамнан оқшауламай арнаулы
мекемеде бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге оны қадағалауды жүзеге асыру
жағдайында ұстаудан тұрады. Бас бостандығын шектеуді қоғамдық жұмыстарға
тартумен немесе түзеу жұмыстарымен ауыстырған жағдайда ол бір жылдан
аспайтын мерсімге тағайындалуы мүмкін (45 – бап, 1 – бөлігі).
Жазаның бұл түрі негізгі жаза ретінде жеке-дара тағайындалады. Бас
бостандығынан шектеу негізгі жазаға балама ретінде Қылмыстық кодекстің
Ерекше бөлімінің көптеген баптарының санкцияларында арнайы көрсетілген.
Мысалы 108 – баптағы денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру, 101
– баптағы абайсызда кісі өлтіру, 102 – баптағы өзін-өзі өлтіруге дейін
жеткізу, т.б. құрамдар. Бас бостандығынан шектеуге сотталғандар жазаны
арнаулы мекемелерге - қоныс колонияларында Республика көлемінде өтейді.
Жергілікті өкімет және басқару органдары осы жазаны өтеуге жіберілгендерді
еңбекке орналастыруға міндетті. Бас бостандығын шектеу мерзімі заңда 1
жылдан 5 жылға дейінгі мерзім деп белгіленген. Заң бойынша бас бостандығын
шектеу мына адамдарға қолданылмайды:
- кәмелетке толмағандарғ бірінші немесе топтағы мүгедектерге, жүкті
әйелдерге, сегіз жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге, елу бес жасқа
толған әйелдерге, алпыс жасқа толған еркектерге, қасақана қылмыс
жасағаны үшін соттылығы бар адамдарға, сондай-ақ шақыру бойынша
әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге (45 бап, 3 –
бөлігі).
Бас бостандығын шектеуге сотталған адам жазаны өтеуден әдейі жалтарған
жағдайда сот бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен ауыстыра алады. Бұл
орайда бас бостандығын шектеуді өтеу уақыты бас бостандығын шектеудің бір
күні үшін бас бостандығынан айырудың бір күні есебінен бас бостандығынан
айыру мерзіміне есептеледі (45 – бап, 2 – бөлігі).
Бас бостандығын шектеу жазасын өтеудің тәртібі және шарттары Қазақстан
Республикасының Қылмыстық атқару кодексі бойынша белгіленеді.

Қамау

Бұрынғы Қазақ ССР Қылмыстық кодексіне қамау жаза түрі ретінде
қарастырылмаған еді. Жазаның бұл түрі тұңғыш рет Қазақстан Республикасы
жаңа Қылмыстық кодекстінде негізгі жаза ретінде енгізіліп отыр. Қылмыстық
кодекстің 46 – бабы, 1 – бөлігіне сәйкес қамау дегеніміз сотталған адамды
тағайындалған жазаның бүкіл мерзімінде қоғамнан қатаң оқшаулау жағжайында
ұстау болып табылады.
Қамау өзінің мәні жөнінен қысқа мерзімдегі бас бостандығынан айыру
болып табылады. Қамау негізгі жаза ретінде сот арқылы заңда тура
көрсетілген ретте ғана тағайындалады. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің
көптеген баптарында қамау балама негізгі жаза ретінде көрсетілген. Мысалы:
105 – бап – денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру, 106 – ұрып-соғу, 107 –
бап, 1 – бөлігі – азаптау; 108 – бап – денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында
зиян келтіру, т.б.
Қамау бір айдан алты айға дейінгі мерзімге белгіленеді. Қоғамдық
жұмыстарға тарту, түзету жұмыстарын немесе айыппұл салу қамаумен
ауыстырылған жағдайда ол кемінде бір ай мерзімге тағайындалуы мүмкін (46 –
бап, 2 – бөлігі).
Қамау үкім шығару кезінде он алты жасқа толмаған адамдарға, сондай-ақ
жүкті әйелдер мен кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге қолданылмайды.
Әскери қызметшілер қамауды гауптвахтада өтейді. Қылмыстық атқару құқығы
бойынша қамауды өтейтін орын – арнаулы қамау үйлері болып табылады. осы
жазаға сотталғандар жазасын осы мекемеде өтейді. Қамау жазасын өтейтіндер
қоғамнан қатаң түрде оқшауланып, қамаудағы басқа адамдардан бөлек ұсталады.
Осы жазаны өтеудің нақты тәртібі қылмыстық атқару заңдарымен реттеледі. Сот
үкімі бойынша қамау жазасы тағайындалғандар сотталғандақ атақ алады.

Тәртіптік әскери бөлімде ұстау

Шақыру бойынша мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген әскери
қызметшілерге, сондай-ақ қатардағы және сержанттық құрам қызметкеріне
келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге,
егер олар сот үкім шығарған кезде заңда белгіленген шақыру бойынша қызмет
өткеру мерзімін бітірмесе, тәртіптік әскери бөлімде ұстау тағайындалады (47
– бап, 1 – бөлігі).
Тәртіптік әскери бөлімде ұстау жазаның негізгі түрі болып табылады және
оны орындау Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігі арқылы жүзеге
асырылады, Қылмыстық кодекстің 47 – бабының 2 – бөлігінде тәртіптік әскери
бөлімде ұстаудың мерзімі көрсетілген. Бұл жаза әскери қылмыстық жасағаны
үшін осы Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптарда көзделген жағдайда,
сондай-ақ сот істің мән-жайы мен кінәлінің жеке басын ескере отырып, екі
жылдан аспайтын мерзімге бас бостандығынан айырудың орнына дәл сол мерзімге
тәртіптік әскери бөлімде ұстаған дұрыс деп тапқан жағдайда үш айдан екі
жылға дейінгі мерзімге белгіленген. Бас бостандығынан айырудың орнына
тәртіптік әскери бөлімде ұстау бұрын бас бостандығынан айыру түрінде
жазасын өтеген адамдарға қолданылмайды (47-бап, 1-бөлігі).
Заңға сәйкес жазаның бұл түрін қолдану белгілі бір шарттарға
негізделген:
Біріншіден, бұл жаза Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде көрсетілген
әскери қылмыстарды жасағандарға қолданылады. Қылмыстық кодекстің 16-
тарауындағы әскери қылмыстарды бұл жаза балама негізгі жаза ретінде
көптеген баптардың санкцияларында көзделген. Мысалы: бұйрыққа бағынбау
немесе оны өзгедей орындамау (367-бап, 1-бөлігі); бастыққа қарсылық көрсету
немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мәжбүр ету (368-бап, 1-бөлігі);
бастыққа қатысты күш қолдану әрекеттері (369-бап, 1-бөлігі); әскери
қызметшіге тіл тигізу (371- бап) т.б.
Екіншіден, бұл жаза сот арқылы әскери емес басқа құрамдағы істеген
әскери қызметшілерге сот істің мәнжайы мен кінәлінің жеке басын ескере
отырып екі жылдан аспайтын мерзімге бас бостандығынан айырудың орнына
тағайындалуы мүмкін.
Бас бостандығынан айырудың орнына тәртіптік әскери бөлімде ұстау
мерзімі тәртіптік әскери бөлімде ұстаудың бір күні үшін бас бостандығынан
айырудың бір күні есебімен белгіленеді (47-бап, 2-бөлігі).
Жазаның бөл түрі шақыру бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери
қызметшілерге, сондай-ақ қатардағы және сержанттық құрам қызметтерінде
келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге ғана
қолданылады. Көрсетілген жаза офицерлік құрамдағы адамдарға қолданылмайды.
Қылмыстық орындау заңына сәйкес жазаның бұл түрін өтеу арнаулы
тәртіптік батальонда орындалады. Осы жазаға сотталғандарды жаза өтеу
мекемесіне жіберудің және оларды қабылдай алудың тәртібі Қазақстан
Республикасы Қорғаныс министрлігінің нормативті актісінде белгіленеді.
Тәртіптік әскери бөлімінде жазасын өтеген немесе осы жазадан мерзімінен
бұрын босатылған әскери қызметшілер сотталған деп саналмайды (77-бап).

Бас бостандығынан айыру

Бас бостандығынан айыру (48-бап) дегеніміз сотталған адамды сот
белгілеген мерзімде күшпен қоғамнан оқшаулап, оны арнайы белгіленген түзеу
мекемелеріне орналастыруды жүзеге асыру болып табылады. Бас бостандығынан
айыру жазаның ең ауыр түрінің бірі болып табылады. Бас бостандығынан
айырылғанда сотталған адамның құқылық жағдайы елеулі шектеуге түседі, ол
қоғамнан оқшауланады, өз қалауы бойынша еңбек қызметін атқаруға шек
қойылады, уақыт мөлшері өз бетімен пайдалануға тежеу салынады, т.б.
Бас бостандығынан айыру жазасын сот істелген қылмыстың қоғамға едәуір
зияндылығы орын алады, жасалған қылмыстың мәнін, кінәлінің жеке басын
ескере отырып, қылмыс істеген адамның бостандықта жүріп түзелуі мүмкін
емес, оның түзелуі қоғамнан оқшаулап түзеуге ықпалы ететін ерекше шараларды
қолдану қажет деп тапса ғана қолданылады. Қазақстан Республикасы Жоғары
Соты Пленумының 24 маусым 1993 жылғы Жаза тағайындалғанда соттардың
заттарды дұрыс қолдану туралы №3 қаулысында соттардың назары ауыр қылмыс,
әсіресе қылмысты ұйымдасқан топпен жасаған, бұрын сотталған, бірақ
түзелгісі келмейтін адамдарға заңда көрсетілген жазалардың қатаң шараларын
қолдануы керектігіне аударылады. Сонымен қатар ауыр емес қылмыс жасаған,
қоғамнан оқшаулаусыз-ақ түзелуге қабілетті айыпты адамдарға жаза
тағайындағанда бас бостандығынан айырмайтын, заңда көрсетілген басқа жаза
түрлерін қолданған жөн деген ұсыныс айтылған.1
Бас бостандығынан айыру жазасы тек негізгі жаза ретінде 6 айдан 15
жылға, ал Қылмыстық кодекістің 49- бабының 1-бөлігінде аталған ерекше ауыр
қылмыстар үшін 20 жылға дейінгі мерзімге не өмір бойына белгіленеді.
Абайсызда жасалған қылмыс үшін бас бостандығына айыру 10 жылдан аспауы
тиіс.
Түзеу жұмыстарын немесе бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан
айырумен ауыстырған жағдайда ол алты айға жетпейтін мерзімге тағайындалуы
мүмкін. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезінде бас
бостандығынан айыру мерзімдерін ішінара немесе толық қосқан жағдайда бас
бостандығынан айырудың ең жоғары мерзімі Қылмыстық кодекстің 49-бабының
үшінші бөлігінде, 69-бабының бесінші бөлігінде және 75-бабының төртінші
бөлігінде көзделген жағдайларда – жиырма бес жылдан, ал үкімдердің
жиынтығы бойынша отыз жылдан артық болмауға тиіс.
Жаңа қылмыстық заң өмір бойына бас бостандығынан айыру өмірге қастандық
жасалатын аса ауыр қылмыс жасағаны үшін берілетін өлім жазасына бала
ретінде ғана белгіленеді және сот өлім жазасын қолданбауға болады деп
ұйғарған жағдайларда тағайындалуы мүмкін. Осыған байланысты өмір бойына бас
бостандығынан айыру жазаның жеке түрі емес, өлім жазасына балама жаза
екендігі, яғни өлім жазасының орнына ғана тағайындалатыны аян. өмір бойына
бас бостандығынан айыру жазасының шарттары: адамның аса ауыр қылмыс жасауы
және бұл қылмыстар бір немесе бірнеше адамдардың өміріне қасақаналықпен қол
сұғылуы, бір сот істің жеңілдететін ерекше мән-жайларын және кінәлінің
жеке басының жағымды қасиеттерін ескере отырып өлім жазасын қолданбай-ақ,
оның орнына кінәліге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын
тағайындайды. Өмір бойы бас бостандығынан айыру әйелдерге, сондай-ақ он
сегіз жасқа толмай қылмыс жасаған адамдарға және үкім шығарылу сәтіне алпыс
бес жасқа толған еркектерге тағайындалмайды. 1
Қылмыстық кодекстің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өмір бойы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның түсінігі
Қазақстанда және шетелдерде өмір бойы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қолдануды талдау
Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы бойынша бас бостандығынан айырудың түсінігі мен түрлері
Бас бостандығынан айыру жазасы
Бас бостандығынан айыру жазасына балама шаралар - қылмыстық құқықтың өзегі
Бас бостандығынан айырудың қылмыстық құқықтық мәселелері
Бас бостандығынан айыру жазасынын мазмұнын ашу
Қылмыстық құқықтағы бас бостандығынан айыру
Ұзақ мерзімдерге бас бостандығынан айырудың құқықтық және әлеуметтік салдары
Бас бостандығынан айыру қылмыстық жаза түрі
Пәндер