Заңды тұлғалардың теориялары


Жоспар
Кіріспе1
Заңды тұлғалардың теориялары. 1
Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлға түсінігінің дамуы11
Азаматтық құқық теориясындағы заңды тұлғалардың құқық субъектілігі. 18
ІІ бөлім. Заңды тұлғалардың түрлері мен нысандары25
Коммерциялық емес ұйымдар38
Қорытынды38
Пайдаланған әдебиеттер тізімі40
Кіріспе
Заңды тұлға - қазіргі өмірдің ақиқаты. Қоғамдық қатынастардың дамуы, нарықтық қатынастардың күрделенуі өмірге жаңа субъектіні әкелді. Оның азаматтық қатынастарға қатысуын құқықтық реттеу үшін, оны құқық ретіндегі мәртебесін бекіту қажет.
Заңды тұлға қоғамдық өмірде маңызға ие. Сол себептен оның құқық субъектісі ретіндегі құқық субъектілігінің мәнін анықтау біздің міндетіміз.
Құқық субъектілік ұғымы жалпы заңнамада нақты белгіленбеген. Осы жұмыста бұл санаттың құрамы талданып, түсінігінің мәні ашылатын болады. Яғни, заңды тұлғаның құқық субъектілігі дегеніміз не, оның қандай қасиеттерден тұратындығы, не үшін қажеттілігі туралы баяндалады. Заңды тұлғаның құқық және әрекет қабілеттіліктерінің ара - қатынасы жөнінде айтылады.
Заң деңгейінде заңды тұлғаның құқық субъектілігі ұғымының бекітілмеуі, теория мен тәжірибеде бірқатар келіспеушіліктерді тудырып отыр. Сондықтан теория мен тәжірибені сәйкестендіру мақсатында бірнеше кеңестер ұсынылатын болады.
Заңды тұлғалардың теориялары.
Заңды тұлғалардың әр алуан теориялары заңды тұлғаны азаматтық айналымда құқықтар мен міндеттерді иеленуші ретінде қатысатын мүліктік және ұйымдық бірлік деп таниды және осы ойға бір ауыздан келіседі.
Осы заң терминін кейбір ғалымдар “құқықтық фикция”, басқалары “шынайы өмірде бар құқықтардың жаңа субъектілері”, үшіншілері-“мақсаттың субъектісі жоқ мүлігі” деп атайды және тағыда сол сияқты. Яғни, заңды тұлғаның табиғаты неде? - деген сұраққа жауауп іздеу осы теориялардың негізгі мазмұнын құрайды.
Біздің негізгі міндетіміз заңды тұлғалардың әйгілі теорияларының мәні мен маңызын анықтау, олардың сол кездегі юриспруденция үшін рөлін көрсету және олардың қазіргі құқық пен заңнаманың дамуына ықпал ету мүмкіндігін бағалау болып табылады.
Негізінен, заңды тұлға теорияларын екі үлкен топқа бөліп қарастыруға болады:
- заңды тұлғаның құқық субъектісі ретінде бар болуын жоққа шығаратын теориялар;
- заңды тұлғаны құқық субъектісі ретінде танитын теориялар.
Заңды тұлға мәнін теориялық тұрғыдан ұғынуға талпыныс орта ғасырларда жасалған болатын. Фикция теориясының негізін салушы ІV Иннокентий болып саналады, ол 1245 жылы корпорация иек адамның ойында өмір сүреді, ол ақылмен ойлап шығарылған фикция болып табылады деп мәлімдеді. Корпорацияда ерік жоқ, тек оның мүшелері, тірі адамдар ерікке ие және әрекет етеді. Бұл теория ұзақ уақыт аралығында заңды тұлға теорияларының ішінде ең атақты теория ретінде қарастырылып, әлемдегі азаматтық - құқықтық ойдың әрі қарай дамуына елеулі түрде әсер етті. Ресейде бұл теорияны қолдаушылар Д. И. Мейер мен А. М. Гуляев болды.
Ф. К. Савиньи және оның шәкірттері заңды тұлғалар - жай фикция күшшімен жол берілген құқықтың жасанды субъектілері, заңды тұлғаның адамдардан тұратын органдары ғана әрекетке қабілетті деген ойда болды. Оның айтуынша, жеке тұлғалар өзінен-өздері өмір сүреді және құқықпен танылған, ал заңды тұлғалар болса, олар фикция, өмірде жоқ құбылыс, алайда олар құқық пен заң техни-касы арқылы жасанды түрде құрылған1. Фикция теориясы ұзақ жылдар бойы Франция мен Германияның азаматтық заңнамасының кейінгі дамуына негіз болды. Осы теорияның кең таралуының нәтижесінде юриспруденцияда елеулі тәжірибелік салдары бар екі қорытынды жасалған болатын:
- егер ұйымдық және өкілдік мақсаттар үшін, арнайы құрылған қалыптастырулар ретінде заңды тұлғаның органдары әркетке қабілетті болатын болса, онда тек солар ғана заңды тұлғаны өзінің атынан әрекет етуге өкілетті. Бұл ереже Европаның көптеген мемлекеттерінің заңнамаларына енді2;
- егер заңды тұлғалар өзінен-өзі өмір сүрмесе, олар тек құқықтың анықтауымен ғана бар болса, онда заңды тұлғалар ерікті түрде құрыла алмайды, мұндай субъектілер заңды тұлғаның болашақтағы міндетті тіркелуінің тәртібі мен негізінде туындайды.
Фикция теориясының ережелерін талдай отырып, филисоф, әрі құқықтанушы Е. Н. Трубецкой келесі қорытындыға келеді. ”Фикция ойдан шығарылған нәрсе, өмірде жоқ әлдебір затқа болжам жасау; мекемелер мен корпорацияларға құқықтар бере отырып, біз өмірде жоқ затты ойдан ойлап шығармаймыз . . . нақты функциялары бар мекемелер шынайы шамалар болып табылады”. “Құқық субъектісі”- адам болмаса, онда мекемелер мен корпорацияларды заңды тұлға деп атау фикцияларды құру деген сөз емес3”.
Ғалымның осы қортындысын асыра бағалау қиын, ол тілдегі фикция мен юриспруденциядағы фикция мәні мен маңызы бойынша әр түрлі құбылыстар деген ойға әкеледі. Егер тілде “фикция” сөзі өмірде жоқ затты білдірсе, құқықтағы фикция бұл оның көмегімен шынайы өмірдің құбылыстары құқық аясына енетін заңи құрал, оператор болып табылады.
Корпорациялар мен мекемелердің бар болуы өзінен - өзі шынайы. Орта ғасырлық ғалымдар заңды тұлға фикциясы арқылы корпорациялар мен мекемелерді субъектілер ретінде құқық аясына енгізді. Оларды құқық субъектілер ретінде тану корпорацияның және оны құратын тұлғалардың өзінің құқықтарымен міндеттерін, мүдделерін, бөліп көрсету үшін қажет.
Фикциондық теорияның негізгі қателігі - құқық субъектісі ұғымын, жалпы, дұрыс түсінбеуінде. Савиньи және оның шәкіртері заңи тұлғаны биологизациялады, оны адамның биопсихикалық мәнімен теңестірді. А. В. Венедиктов фикция теориясын буржуазиялық индивидуализмның айқын көрінісі ретінде сипаттаған болатын.
Кейбір ғалымдар заңды тұлғаның болуын мүлдем жоққа шығарды.
Олардың көзқарастары бойынша, субъектік құқық субъектісіз болуы мүмкін емес, ал субъект тек адам бола алады. Осы жерде біз объективті және субъективті құқық ұғымдарын талдамай-ақ, шынайы өмір бұл тезисті баяғыда жоққа шығарды деп айта аламыз. Адаммен қатар құқық субъектілері заңды тұлғалар, мемлекет, әкімшілік-аумақтық, ұлттық-аумақтық құрылымдар бола алады.
Заңды тұлға - жай фикция емес, бұл Құқықтың Заты, ол азаматтық айналымда шынайы түрде пайда болған кез келген жаңа құрылымды құқық аясына енгізу үшін туындаған. Құқық аясына жаңа субъектілерді енгізу олардың күрделілігіне және ішкі құрылысына байланысты болмайды, мысалы, ол акционерлік қоғам немесе өзге де нысан болуы мүмкін.
Кеңес дәуірінде фикция теориясына “тыйым” салынған болатын, бірақ осыған қарамастан, оны жақтаушылар қатарына Б. И. Пугинскийді жатқызуға болады. Оның пікірі бойынша, заңды тұлға конструкциясы нақты ұйым оның көмегімен мүліктік қатынастарға қатысу мүмкіндігін алатын құқықтық құрал болып табылады4.
Соңғы уақытта фикциялар теориясы әлеуметтік шынайылық теориясын біртіндеп ығыстыруда, оның өзінің “революцияға дейінгі жағдайын” қалпына келтіруге және заңды тұлға мәнін түсіндіруде басым орынды иеленуге де мүмкіндігі бар. Оның қазіргі ізбасары М. И. Брагинский болып саналады.
Фикциондық теорияның әрі қарай дамуы Бринцтың “мақсатты мүлік теориясы” болып табылады. Бринц әрбір заңды тұлға сол үшін құрылатын және қызмет ететін мақсатқа көңіл аударады. Ол осы мақсатты тұлғаландырды (персонификациялады) және өзге тұлғаландырдудың барлығын фикция деп жариялады; оның пікірінше, кез келген мүлік біреуге емес, бірдемеге арналған.
Бринц фикциялар теориясына да, Гиркенің заңды тұлғаның шынайылығы теориясына қарсы шығады. Оның көзқарасы бойынша, фикциондық теорияның жақтаушылары мен Гирке заңды тұлға тұлғалардың одағы мүшелері және осы одақ арасындағы құқықтық қатынастарды туындау мүмкіндігін түсіндіру үшін ойдан шығарған. Адамдар одағының билігіндегі мүлікті бірлесіп басқару жаңа субъектіні құрмайды. Одақтың дамуының белгілі бір сәтіне дейін мүлік бұл адамдардың мүлкі болып қала береді. Егер де бұл мүлік одаққа біріккен тұлғаларға, яғни шынайы субъектілерге тиесілі болмаса, онда ол тек мақсатқа ғана тиесілі болуы мүмкін.
Бұл - Бринц ұсынған теорияның қысқаша сипаттамасы. Ол заңды тұлғаны қалыптастыруда және қызметінде мақсаттың рөлі мен маңызын ерекше атап көрсетті. Бұл оның теориясының жемісі болып саналады.
Құқықтың социологиялық мектебінің негізін қалаушылардың бірі, Р. Фон Иеринг, келесідей көзқараста болған екен: “кез келген азаматтық құқық өзінің міндеті ретінде адамға белгілі бір мүддені қамтамасыз етуді санайды. Құқықтың шынайы иемденушісі, дестинарий (дестинатор) ”, әрқашанда адам5.
Иеринг ілімінің рационалды жетістігі - оның Савиньиға қарағанда, заңды тұлғаны тірі тұлғалар мен олардың қатынастарынан бөлектеп көрсетпеуінде. Иеринг концепциясының негізгі кемшілігі мынада: ол субъектінің шынайылығын натуралистік мағынада түсіндіре отырып, заңды тұлғаның қоғамдық шынайылығын көре алған жоқ.
Келесі ұсынғалы отырған теориямыз - “ұжымдық меншік теориясы”. Осы теория басым түрде француздық заңгерлердің қолдауымен дамыған болатын. Планиольдің пікірі бойынша да, құқық субъектісі ретінде тек адамды ғана тануға болады. Оның ойынша, заңды тұлға феноменінің шешімі жеке тұлғалар бірлестігінің қызметі негізінде жатқан және олардың құқықтары мен міндеттерінің мазмұнын айқындайтын меншіктің заңи табиғатында жатыр. Жеке меншіктің түрі болып табылатын үлестік ортақ меншікке қарағанда, ұжымдық меншік, оның айтуынша, меншіктің ерекше жағдайы болып табылады.
Сөйтіп, Планиольдің көзқарасы бойынша, заңды тұлға бұл мүлікті ұжымдық иеленудің тек нысаны немесе тәсілі болып табылады. Ол үлестік ортақ меншіктен өзгеше, ерекше меншіктің бар екендігін қаншалықты дәлелдеуге тырысқанымен, ол оның қолынан келмейді, өйткені, ұжымдық иеліктегі мүлікке құқықтардың шынайы субъектісі бұрынғыдай жеке тұлғалар болып табылады. Бұл жерде жиынтық жаңа тұлға ретінде емес, индивидтердің қосындысы ретінде қарасты-рылады.
Ресейде Планиольдің ойына Ю. С. Гамбаров қосылған болатын. Оның ойынша, “заңды тұлға дегеніміз ұжымдық иеліктің нысаны, ал шынайы адами тұлға болса, әрқашанда және барлық жерде құқықтың жалғыз субъектісі болып табылады6”. Ю. С. Гамбаров заңды тұлғаны құқықтың субъектісі ретінде таныған жоқ және заңды тұлға туралы ұжымдық, қоғамдық иелік етудің нысаны ретінде айтқан болатын.
Заңды тұлғаның реалистік теориялары оны шынайы түрдегі құбылыс деп тани отырып, бұл құбылыстың табиғаты мен сипатын әр түрлі бағалайды.
Заңды тұлға туралы ілімнің дамуында негізінен Гирке есімімен байланысты органикалық теория елеулі із қалдырды. Гиркенің айтуынша, заңды тұлға жеке тұлға секілді шынайы. Заңды тұлға - бұл ерекше денелі-рухани организм, бұл одақтық тұлға. “Одақтық тұлға, - жазады Гирке, - адамдық одақтың құқықтық тәртіппен танылған қызметі болып табылады, ол одаққа біріккен тұлғалар жиынтығынан өзгеше, ерекше біртұтастық ретінде, яғни құқықтар мен міндеттердің субъектісі әрекет етеді7”.
Одақтық тұлға құқыққа қабілетті. Оның құқық қабілеттілігі индивидтің құқық қабілеттілігі сияқты жария және жеке қатынастарға таралады. Заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі жеке тұлғалардың құқық қабілеттілігінен, бір жағынан - тар, екінші жағынан - кең. Тар дейтініміз, заңды тұлғада отбасылық құқықтар болмайды, кең өйткені, заңды тұлға бүтінің оның мүшелерімен өзара қарым-қатынастарынан туындайтын құқықтарды иеленеді.
Сонымен қатар, одақтық тұлға әрекетке қабілетті. Ол басқа тұлғалардың өкілдік етуін қажет етпейді. Одақтық тұлғаның өзінің еркі бар және әрекет етеді. Заңды тұлға өзін органдардың қызметі арқылы көрсетеді. Бұл - өкілдік емес, яғни бір тұлғаны басқа тұлғамен алмастыру емес, бүтінді бөлек арқылы “көрсету” болып табылады.
“Әлеуметтік шынайылық” теориясының көрнекті өкілдері француздық заңгерлер Р. Соллейль мен Л. Мишу болып табылады. Осы теорияға сәйкес құқық субъектілері ретінде тек адамдар ғана емес, сонымен қатар ерекше ”әлеуметтік организмдер” танылады.
Р. Соллейль де заңды тұлға ұғымын қоғамдық (әлеуметтік) организм арқылы айқындайды, оның айтуынша, заңды тұлға оның мүшелерінің еркі мен мақсатының бірлігімен, осы мақсатты жүзеге асыруға арналған және оқшауланған мүлікпен сипатталады.
Заңды тұлғаның органикалық және әлеуметтік шынайылығы теорияларының артықшылығы - Ф. К. Савиньидің фикция теориясына қарағанда, заңды тұлғаны одақтық тұлға ретінде құрылмайтындығын, ол тек құқықтық тәртіппен құрылатындығын тануында.
Шынайылық теориясынан мынандай қорытынды шығаруға болады: заңды тұлға мәртебесін иеленетін құрылымдарды құру қажет емес, оларды тек есепке алу қажет. Бұл теория заңды тұлғалардың келіп - кету тәртібімен тіркелуіне әкелді.
Кеңестік заңды тұлға теориясының көрнекті өкілі - А. В. Венедиктов. Ол 1940 жылдардағы мақалаларында және өзінің “Государственная социалистическая собственность” атты монографиясында заңды тұлғаның жаңа концепциясын ұсынды.
Осы концепцияға сәйкес әрбір мемлекеттік ұйымның артында:
“1) барлық мемлекеттік меншік қорының біртұтас және жалғыз меншік иесі ретінде социалистік мемлекеттің өзі, сонымен бірге 2) осы заңды тұлғаның жауапты басшысы басқаратын жұмысшылар мен қызметкерлер ұжымы тұр, ол дирекцияның басшылығымен заңды тұлғаға жүктелген міндеттерді тікелей жүзеге асырады және оған мемлекет мемлекеттік меншіктің біртұтас қорының тиісті бөлігі тікелей оралымды басқаруына береді8”.
Аталған автордың пікірінше, азаматтық айналымның қатысушысы, яғни заңды тұлға деп, мемлекеттік ұйымға берілген меншіктің иесі, тұтастай социалистік мемлекетті емес, жұмысшылар мен қызметкерлер ұжымын және оны басқаратын басшыны таныды9. Заңды тұлға санаты социалистік мемлекеттік ұйымдарға қатысты мүлікті “басқаруды” оған меншік құқығынан бөлінуін көрсетеді. Ал, иемдену субъектісі Кеңестік мемлекет болып табылады.
Оралымды басқару құқығы мемлекеттік меншік құқығын жүзеге асырудың құралы болып табылады.
Теория мен заңнаманың азаматтық - құқықтық институт ретінде оралымды басқару құқығы концепциясын қабылдауы, меншік құқығын затты иелену, пайдалану және оған билік ету өкілеттіктерімен теңестіргенде туындайтын дауларды жойды. Егер осы аталған өкілеттіктердің біреуі немесе барлығы тиесілі болмаса да және меншік иесі ерікті түрде немесе заң бойынша бұл өкілеттіктерде шектелген болса да, ол меншік иесі болу мүмкін.
Оралымды басқару құқығы оған бекітілген мүліктің меншік иесі болып табылмайтын ұйымның азаматтық құқық субъектілігін, яғни заңды тұлға мәртебесін тану қажет болған кезде туындайды.
А. В. Венедиктовтың ұсынған концепциясы әдебиеттерде “ұжым теориясы ” деп аталады. Бұл теория кейбір ғалымдардың сын көзқарастарына ұшырады. Олардың айтуынша, аталған теория мемлекеттік кәсіпорынның мүлкіне билік ету өкілеттігін әкімшілік (жауапты басшы, директор) емес ұйымдасқан ұжым иеленетіндігін дәлелдей алмады. Билік етуші мәмлелер ұжым шешімдерінің күшімен емес, директор қабылдайтын шешім негізінде жасалатын болды деп көрсетті. Ал, ұйым азматтық айналымға қатысу үшін, мүлікке билік ету құқығы шешуші болып саналады.
Бұл тәжірибе заңды тұлға - мемлекеттік ұйым теориясының, қысқаша айтқанда директор теориясының пайда болуына ұйтқы болды.
Директор теориясының жақтаушысы, Ю. К. Толстойдың негізгі дәйектері келесідей.
Оның ойынша, ұжым теориясы тұрғысынан алғанда, билік ету құқығын заңды тұлға үшін айналым аясындағы өкілеттік ретінде негіздеуге болмайды. Сонымен қатар мемлекеттік органға бекітіліп берілген мүлікті иелену мен пайдалану өкілеттігі ұжымға тағы да тиесілі емес. Бұл өкілеттіктер әрбір жұмысшыға еңбек шартында көзделген міндеттерін орындау үшін беріледі.
Ю. К. Толстойдың көзқарасы бойынша, әрбір заңды тұлғаның артында мемлекеттің өзі және мемлекет мүлікті басқаруға өкілеттік берген ұйымның жауапты басшысы (директор) тұрады. Мұнда мемлекеттің еркі лауазымды тұлғаның еркіне айналады. Нәтижесінде келесідей қорытынды шығады: “жауапты басшы заңды тұлғаның ажырамас бөлігі болып табылады, ол заңды тұлғадан бөлінбейді. Сондықтан, жауапты тұлғаның басшысы азаматтық айналымда заңды тұлғаның органы ретінде қатыса отырып, өз атынан қатысады10”.
Директор теориясы азаматтық құқық бойынша әдебиеттерде қолдау тапқан жоқ. Өйткені, заңды тұлғаны оның органымен, ал, органын директормен теңестіруге жол беруге болмайды, мұндай жағдайда директор мемлекеттік орган ретінде өз-өзімен қатынасқа түсетін болады. Заңды тұлғаны директорға теңестіру дұрыс емес.
Бұл теория, ұжым теориясының әрі қарай дамуына зор үлес қосты. Өндірілген өнімге тауар ретінде азаматтық - құқықтық мәмілелер арқылы билік ету мүмкіндігі бүкіл ұйымдасқан ұжымның қызметімен құрылады. Тек басшы ғана емес, барлық ұжым да ұйымға бекіліген мүлікке сүйеніп, жоспарлы тапсырманы орындайды, ал, бұл жоспардың бір бөлігі осы өнімді сату және әрі қарай қызмет жасау үшін қажетті мүлікті иемдену болып табылады. Басшы - мемлекеттің лауазымды тұлғасы ғана емес, сонымен қатар ұйым ішіндегі еңбекті үйлестіруші. Басшы-ұжым мүшесі, әрі оның өкілі, яғни, ол екі жақты жағдайда болады.
Сондықтан билік етуші мәмлелер басшының шешімімен жасалса да, бұл шешім, біріншіден, орталықтанған жоспарлаудың актісімен, екіншіден директордың басшылығымен жұмысшылар ұжымының қызметімен анықталады11. Мемлекеттік ұйымның жұмысшылар ұжымының өзінің алдында тұрған міндеттерді орындауға арналған бірлескен қызметінде осы ұжымның еркінің бір болуы көрінеді.
Ұжым теориясынан өзіне жүктелген шарттық міндеттемелерді бұзғанда және басқа тұлғаға зиян келтіру нәтижесінде заңды тұлға жауаптылығының қажетті шарты жұмысшылардың өздерінің еңбек міндеттерін пайдалануға байланысты кінәлі әрекеттер болып табылады және жұмысшы мұндай жағдайларда заңды тұлғаға қарсы тұра алмайды, оның әрекеттері заңды тұлғаның әрекеттері болып саналады деген қорытынды шығаруға болады12. Осы айтылған ой-тұжырым қазіргі азаматтық заңнамада да өзінің мән-маңызын жойған жоқ. Оған ҚР 921б. 1т. “Заңды тұлға немесе азамат оның жұмысшысы өзінің еңбектік (қызметтік лауазымдық ) міндеттерін орындағанда келтірілген зиянның орнын толтырады”- дәлел бола алады.
Жоғарыда аталған теориялардың ішінен қоғам талабына лайықты және өзінің өмірлігін дәлелдеген заңды тұлғаны шынайы субъект ретінде танитын теориялар болып табылады. Осы теориялардан шығатын қорытынды: заңды тұлға мәртебесін иеленетін құрылымдарды құру емес, тек есепке алып отыру қажет. Аталған теория заңды тұлғалардың келіп-кету арқылы тіркелуінің туындауына себеп болды.
Расында да, заңды тұлға - бүгінгі күннің ақиқаты. Ол қазіргі нарықтық жағдайларда, республикамызда кәсіпкерліктің дамуына үлес қосып отырған негізгі субъект болып саналады. Осы теория бүгінгі күнге дейін өзінің мәнін жоғалтқан жоқ. Бұған дәлел ретінде ҚР АК, РФ АК және тағы да көптеген мемлекеттердің азаматтық заңнамалары бола алады.
Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлға түсінігінің дамуы
“Заңды тұлға терминінің өзі” біздің заңнамамызға Германдық, Азаматтық Жиынтықтан келген болатын. Наполеон Кодексінде және Швейцарлық Азаматтық Жиынтықта заңды тұлғаның мәртебесін білдіретін personne morale-“моральдык тұлға” термині қабылданды.
Ағылшындық-американдық құқықта artіfіcal person немесе legal entіty, яғни “жасанды, құқықпен арнайы құрылатын және танылатын тұлға”, терминдері қолданылады. Рersonа терминінің өзі “театральдік маска” деген мағынаны білдіреді.
Сөйтіп, заңды тұлға әр түрлі ұйымдастырушылықтарды құқықтың субъектілері шеңберіне, атап айтқанда, азаматтық құқықтың шеңберіне, кіргізу үшін қажетті абстракция болып табылады.
Кеңестік дәуірдің азаматтық заңнамасына сәйкес “заңды тұлғалар деп оқшаулаған мүлікке ие, өзінің атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтарды иелене алатын және міндеттерді жүзеге асыра алатын, сотта, арбитражда немесе аралық сотта талапкер бола алатын ұйымдар табылады” (ст. 23 ГК РСФСР) . Қазақстан Республикасының қолданыстағы Азаматтық Кодексі заңды тұлғаның келесі анықтамасын бекітті: “меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады”.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz