Мақал - мәтелдердің ағылшын тілінде зерттелуі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ АУДАРЫЛУ
МӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9

1. Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің
зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ...9

2. Мақал – мәтелдердің ағылшын тілінде
зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..14

3. Фразеологизмдерді, мақал-мәтелдерді аудару
жолдары ... ... ... ... ... ... ... .23

2. АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ – МӘТЕЛДЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ, МАҒЫНАЛЫҚ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ,
ҰҚСАСТЫҚТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .34

2.1 Ағылшын және қазақ мақал – мәтелдерінің құрылымдық, мағыналық
ерекшеліктері және оларды
топтастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34

2. Ағылшын және қазақ мақал - мәтелдерінің этнолингвистикалық
сипаттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..44
2.3 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал - мәтелдердің құрылымдық жэне
мағыналылық ерекшеліктері мен
ұқсастықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .46

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .53

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..55

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .59

Кіріспе

Мақал-мәтелдер — сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилы кезеңдерді,
қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі
ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-
мазмұнға бай бөлігі. Демек, халық өмір шындығын, көңілге түйгенін мақал-
мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік
бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім
алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық
тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген.
Мақал-мәтелдердің қазақ және ағылшын тілдерінде зерттелуіне тоқталмас
бұрын отандық және әлемдік тіл мамандары арасында пікірталас туғызған,
олардың қай салаға қатыстылығы жөнінде айтылған тұжырымдарды атай кеткен
жөн. Мысалы, фразеология саласының қалыптасуына, дамуына өзіндік үлес
қосқан В.В. Виноградов, Н.М. Шанский, В.Н. Телия, М. Чернышева, М.М.
Копыленко, А.В. Кунин, И.В. Арнольд, І.Кеңесбаев, Ә.Т. Қайдар, Б. Манасбаев
т.б. сынды ғалымдар мақал-мәтелдерді фразеология саласының еншісіне тиесілі
деген ғылыми негіздемелер ұсынады.
Ағылшын тілінің фразеологиясына қатысты кешенді зерттеулерімен, дәйекті
тұжырым, пайымдауларымен танымал А.В. Кунин де жоғарыда аталған ғалымдардың
көзқарасын ұстанады, алайда, аталмыш тұрақты тұлғалардың құрылымдык-
мағыналық ерекшеліктерін негізге ала отырып, оларды "коммуникативтік
фразеологиялық бірліктер" деп атап, жеке қарауды ұсынады. Сондай-ақ, автор
құрамындағы сыңарлары тура мағыналы болып келетін макалдар тобын яғни, "all
is well that ends well" (сөзбе-сөз ауд.: сәтті аяқталған істің бәрі жақсы),
"Арреаrances аге dесерtіvе" (сөзбе-сөз ауд.: келбет — алдамшы), Better late
than nеvег" (сөзбе-сөз ауд.: ештен кеш жақсы) тәрізді ,оралымдарды
фразеологиядан тыс, "фразеологиялық емес тұрақты құрылымдар" аясында
қарастырды.
Осы жоғарыда аталған тұжырымға қарсы пікірді ұстанушы белгілі ғалымдар
- Н.Н. Амосова, А.М. Бабкин, В.П. Жухов, М. Нагиев,
М.А. Филипповская, А.Н. Кожин т.б. Мақал-мәтелдерді фразеология
саласынан тыс қарайтын ғалымдардың көпшілігі оларды ауыз әдебиетінің
зерттеу нысаны қатарына жатқызады. Ал осы бағыттағы көлемді зерттеулерімен
танымал ғалым Н.Н. Амосова "мақал-мәтелдерді фразеология қорына жатқызуға
болмайды, олар мазмұны жағынан да, сөйлемде атқаратын қызметі тұрғысынан да
фразеологиялық бірліктердің белгілеріне жауап бермейді" деген пікір
ұсынады.
Мақал-мәтелдерді жинақтап, сұрыптап, белгілі бір жүйеге келтіруде,
тілдік бірлестіктер табиғатының кейбір қырларын айқындауда зор еңбек
сіңірген ғалым Г.Л. Пермяков аталмыш тұрақты тұлғалардың тілші ғалымдар
тарапынан да, әдебиетші мамандар тарапынан да зерттелуі қажеттігін
ескертеді.
Осы келтірілген ой-пікірлерге және өзіндік зерттеу нәтижелеріне
сүйенер болсақ, мақал-мәтелдердің тұлға тұрақтылығы, тіркес тиянақтылығы,
мағына тұтастығы, қолдануға даярлығы тәрізді сипаттары оларды
фразеологазмдер қатарына қосып, осы салада зерттеуге толық мүмкіндік
береді.5, 78
Ұлттық болмысымызды танытатын бай мұраларымыздың бірі -мақал-мәтелдерді
(бұдан былай қысқарған түрде ММ-дер) жан-жақты зерттеп, танып-білуге,
олардың мән-маңызын бағалауға бағатталған терең зерттеулердің өзектілігі
даусыз. Ұлтымыздың мәдени дүниесін танытатын ММ-дердің тілдік табиғатын
тану үшін кешенді, жүйелі түрде жаңа бағаттағы зерттеу жұмысын жүргізудің
қажеттігі қазіргі тандағы тіл ғылымының мақсат-мұраты — тілдік
құбылыстардың сырын тану жолында күрделі де кешенді үрдісті дамытумен тығыз
байланысты. Осымен байланысты тіл білімінің тылсым құпиясы басқа да ғылым
салаларымен (антропология, психология, философия, логика, мифология,
этнография т.б.) тығыз қарым-қатынастың нәтижесінде танылып, ашылып отыр.
Өйткені ұлттық мәдениет, болмыс, діл мен дін сиякты ұғымдарды тоғыстыратын
ұлттық тілдің табиғатын тілдің өзінің ішкі зандылықтары негізінде ғана
танып-білу жеткіліксіз. Бүкіл рухани қазынасын жинақтап сақтайтын ұлттық
тілді халықтың тарихымен, мәдениетімен, ой танымымен, жан ілімімен бірлікте
қарау мәселесі тіл ғылымында өзіндік өріс алып келе жатқан этнолингвистика,
психолингвистика, когнитивтік лингвистика, лингво мәдениеттану,
лингвоелтану ғылымдарының пайда болуыңа негіз болды. Бұл ғылымдардың тығыз
қарым-қатынаста болуы тілдің құрылымдық, функционалдық жүйесінің кешенді
үлгілерің айқындауды мақсат етеді. Мысалы, когнитивтік лингвистикада тіл
мен таным бірлікте қаралады. Яғни тіл мен таным сабақтастығы адамға қатысты
біртұтастыққа алынады. Адамға тұтастық деп қарау бірнеше ғалым саласының
зерттеу әдістері мен құралдарының бір мәселе үстінде тоғысуына әкеледі.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының егеменді ел,
халықаралық қатынастар субъектісі болуына және қазақ тілінің мемлекеттік
мәртебе алуына байланысты, Республиканың, мемлекеттің тілі ретінде оның
халықаралық қатынастар деңгейіндегі қатысымда қолданылу ықтималдығын жоқка
шығаруға болмайды. Өзара қарым-қатынастың нығаюы, тіларалық байланыстардың,
ағылшын - қазақ қостілділігінің жандануы, дамуы, осыған орай, классикалық,
көркем әдеби шығармалардың, саяси ақпараттардың, халықаралық зор мәнділікке
ие құжаттардың аралық тіл (язык посредник) ықпалынсыз тікелей қазақ тіліне
аударылуы таяу болашақта өрістей түседі. Ал шет тілін үйретуде және аударма
жұмысында аса бір қиындық туғызатын тілдік бірліктер — фразеологизмдер мен
мақал-мәтелдер.
Мақал-мәтелдердің тіл білімінде, оның ішінде, казақ және ағылшын
тілдерінде әр тұрғыдан азды-көпті зерттеліп келгені мәлім. Зерттеу нысанына
қатысты еңбектерге тоқталар болсақ, мақал-мәтелдердің тілдік табиғаты,
олардың баска тұрақты тіркестермен ұқсастықтары немесе ерекшеліктері
А. Байтұрсынов, I. Кеңесбаев, P. Сәрсенбаев, Б. Адамбаев, Ә.Қайдар,
С. Нұрышев, Ғ. Мұсабаев, М. Ғабдуллин, Ғ. Тұрабаева, салыстырмалы-
салғастырмалы тұрғыдан А. Нұрмаханов, Э.Мұқышева, А. Донбаева, Д.
Бегалықызының т.б. жұмыстарында қарастырылған. Жалпы және орыс тіл
білімінде В. В. Виноградов, Н. Н. Амосова, М. Т. Тагаев, Н. М. Шанский, Г.
Л. Пермяков, Л.А. Булаховский сынды ғалымдар соны бағыт, ұстанымдарымен,
құнды пайымдауларымен, нақты теориялық түйін-тұжырымдарымен белгілі.
Ағылшын тіліндегі ұлттық болмыс және ұлттық таныммен тығыз байланысты
тұрақты тіркестерді, мақал-мәтелдерді жан-жақты, түбегейлі зерттеген
ғалымдар — Н.Барли, А. Дундэс, А.Крикман, М. Куузи, Г.Мильнер, А. Тэйлер,
Г.Л. Апперсон, Линда және Роджер Флавэлдер. Аталған ғалымдардың зерттеулері
жұмысымызда теориялық және әдістемелік тұрғыдан басшылықка алынды.
Зерттеудің пәні. Генетикалық және типологиялық құрылымы жағынан әр
түрлі қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдерді салыстыра зерттеу
арқылы тілдегі алатын орнын, тілдік табиғатын, өзге тұрақты тұлғалармен
сәйкес тұстарын, өзгешеліктерін анықтау және этнолингвистикалық төркінін
ашу.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты —
қазақ-ағылшын мақал-мәтелдерін салыстыра зерттей отырып, олардың мазмұн
межесіндегі ұқсастықтары мен ұлттық сипатын ашу. Аталған тілдік
бірліктердің семантикалық құрамындағы ортақ тұстары мен ерекшеліктерін
және олардың себеп-салдарын айқындау.
Сонымен бірге ММ-дердің тілдік табиғатын зерттеу негізінде олардың
құрылымында ұлттық болмыс мазмұнын қалыптастыратын тетіктерді анықтау -
жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады. Осы мақсаттың мүддесінен шығу үшін
жұмыста мынадай нақты міндеттерді шешу көзделеді:
- ММ-дердің орыс, түркология, қазақ тіл біліміндегі зерттелу жайын
сипаттау;
- фразеологиялық тіркестер мен мақал-мәтелдердің арақатысын қөрсету;
- мақал мен мәтелдің ұқсастықтары мен өзара айырмашылықтарын көрсету;
- ММ-дер мен нақыл сөздердің арақатысын айқындау;
- ММ-дердің логика-семиотикалық құрылымын сипаттау;
- ММ-дердің жасалуындағы этнолингвистикалык уәждерді, көрсету;
- түркі халықтарының ММ-деріндегі ортақ ойлау жүйесінің көріністерін
көрсету;
- ММ-дердің практикалық қызметіне байланысты ММ-дердің мәтіндік
мағынасын, варианттылығын талдау;
- ММ-дердің құрылымдық - тұрпаттық межесіне байланысты бір (таңды,
қос тағанды ММ-дердің құрылымдық сипатын бір құрамды және қос құрамды жай
сөйлем негізіңде талдау;
- зерттеу жұмысына тиянақ болатын теориялық әдістемелік қағидаларды
айқындау және негіздеу;
- этнолингвистикалық аспектідегі зерттеулерге шолу жасап, оларға
қысқаша сипаттама беру;
- мақал-мәтелдерді топтастыру принциптерін айқындау және белгілі бір
тақырыптық топтар бойынша жүйелеу;
- қазақ-ағылшын мақал-мәтелдерінің семантикасындағы ұқсастықтар
мен айырма белгілерді айқындау үшін прецедентті мәтіндерді сұрыптап талдау;
- тіл-тілдің образдар дүниесінде орын алатын ұқсастықтарын көрсету
және олардың түпнегізін анықтау.
Зерттеу жұмысының дереккөздері ретінде қазақ тілінен Ө.Тұрманжановтың,
М.Аққозиннің, Б.Ақмұқанованың, Ә. Диваевтың, П.Пантусовтың әр жылдары жарық
көрген мақал-мәтелдер жинақтары, ағылшын тілінен Smith W. C, Cowie A.P.,
Mackin Rand Mc.Caig I.K., Taylor A., Whiting B.J., Seidl J,, Me Mordie W.,
Ridout R. and Witting C, Apperson
G. L., Linda and Roger Flavell, A.B. Куниннің сөздіктері мен көркем
әдеби шығармалар алынды. Сондай-ақ, тақырыпқа қатысты қазақ, ағылшын, орыс
тілдеріндегі әдебиеттер, ғылыми еңбектер мүмкіндігінше қамтылды. Олардың
ішінде фольклорға, тарихқа, этнографияға, этнолингвистикаға қатысты зерттеу
жұмыстары мен ішінара ел аузынан жазылып алынған деректер бар.
Жұмыстың ғылыми жаналығы мен нәтижелері. Тілдік құрылымы жағынан
әртектес тілдер топтарына жататын қазақ-ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдер
салғастырмалы негізде алғаш рет арнайы зерттеліп, олардың қолданыс аясы,
тақырыптық топтары айқындалды. Туыс емес екі тіл тұрақты бірліктерінің
мазмұн-межесі бір-бірімен салғастырыла зерттелді.
Мақал-мәтелдердің құрамы мен құрылымы, мағынасы және тілде қалыптасуы
тұрғысынан өзара айырмашылықтары мен ұқсастықтары көрсетілді; тіл-тілдің
көркем бейнелер жүйесінде орын алатын сәйкестіктері және олардың себеп-
салдары анықталды. Жұмыста рухани және материалдық мәдениеті әр басқа екі
ұлт танымдарындағы ортақ және ерекше ұйымға ұйытқы болған мақал-мәтелдерге
мәтін арқылы этнолингвистикалық талдау жасалынды.
Диплом жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан
тұрады.

1. АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ АУДАРЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1. Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің зерттелуі

Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерге қатысты материалдарға шолу жасау
барысында оларды жинақтау, сұрыптау, жүйелеу, жариялау ісінің екі кезеңнен
тұратыны анықталды, оның алғашқысы — XIX ғасырдың екінші жартысы. Кеңес
дәуірінің 1948 жылдарына дейін мақал-мәтелдерді тек халық аузынан жинап,
жеке басылым ретінде шығару жұмыстары жүргізілген болса, екінші кезең -
оларды тілдік тұрғыдан зерттеудің қалыптасуымен сипатталады.
Қазақтың мақал-мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым —
Ш.Уәлиханов. Ш. Уәлиханов пен Н.Н. Березин архивтерінде XIX ғасырдың
елуінші жылдарында ел аузынан жазып алынған екі жүзден аса мақал-мәтелдер
сақталған. Сондай-ақ, қазақ ауыз әдебиетінің басқа үлгілерімен бірге қазақ
мақалдары мен мәтелдерін де жинақтап, жеке жинақтар шығарып, қазақ тілі мен
әдебиетінің, тіл ғылымының, мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан
Ы.Алтынсарин, Ә.Диваев, В.Радлов, Щ.Ибрагимов, М.Терентьев,
Я. Лютш, Ф.Катанов, В.В. Катаринский, П.М. Мелиоранский, Н.Н. Пантусов,
А.Е. Алекторов т.б. сынды ағартушы, ғалымдардың еңбегі ерекше.
Халық мұрасын жүйеге келтіру, насихаттауда зор үлес қосқан танымал
ғалым — Ә. Диваев. Ғалым жинақталған материалдың барлық нұсқасын толық
қамтуды көздей отырып, өз топтамаларын 1900-1927 жылдар аралығында "Сборник
материалов для статистики Сыр-Дарьинской области", "Этнографические
материалы" жинақтарының, "Туркестанские ведомости" газетінің"
басылымдарында жариялады. Сондай-ақ, "Киргизские пословицы, записанные в
Копальском уезде Семиреченской области" деген топтамасын 1900 жылы Қазан
қаласында жариялаған Н.Н. Пантусовтың еңбегін де ерекше атап өткен жөн.
Сөздік құрамның негізгі қаттауын қарайтын мақал-мәтелдерді жинақтау,
жүйелеу, жариялау жұмыстары әр кезеңге орай жалғасын тапты.
Қазақ мақал-мәтелдерінің ғылыми тұрғыдан зерттелуіне арналған іргелі
монографиялық зерттеулер де, мақалалар да баршылық. Солардың ішінен ғалым
Б. Шалабаев алғашқылардың бірі болып, аталмыш тұрақты тіркестер тобын
арнайы қарастырып, олардың негізгі мағыналық топтарын, жанрлық
ерекшеліктерін анықтады. М. Ғабдуллин өзінің "Қазақ халкының ауыз әдебиеті"
деген еңбегінде қазақ халкының шаруашылығын, кәсібін, тұрмыс-тіршілігін
сипаттайтын мақал-мәтелдердің өмір танытқыштық мәні мен қызметін айқындаса,
С. Нұрышев оларды даму тарихы тұрғысынан қарастырды.
Қазан революциясынан бұрын басылып шыққан жинақтарды негізі зерттеу
материалы ретінде ала отырып, ғалым мақал-мәтелдердің құрамы мен құрылымын,
жасалу жолдарын, лексика-семантикалық, стилдік ерекшелікгерін жан-жақты
талдап таратады. М.Әлімбаевтың "Өрнекті сөз- ортақ қазына" (1967) деп
аталған зерттеу жұмысы аударма мәселесіне арналған. Жұмыста зерттеушінің
қазақ мақал-мәтелдерінің тілде қалыптасу тарихы, жасалу жолдары, тілде
қолданылуы, бір тілден екінші тілге аудару мәселесі, тәржімалаудың амал-
тәсілдері жөнінде құнды пікірлері, теориялық және практикалық мәні зор
ұсыныстары баяндалады. Еңбектің поэтикалық аудармаға бой ұру басымдылығына
қарамастан, бұл - ғылымда өзіндік орны, елеулі үлесі бар еңбек. Б.
Адамбаевтың "Халық даналығы" атты монографиялық еңбегі (1976) "Мақал-
мәтелдер" және "Шешендік сөздер" деген өзара байланысты екі бөлімнен
тұрады. Жұмыс осы аталған тілдік бірліктердің жанрлық табиғатын, тәрбиелік
мәнін, құрылымы мен әдеби-көркемдік ерекшеліктерін талдауға арналған.
Сондай-ақ, мақал-мәтелдердің окказионалды өзгерістері, варианттылығы
Ғ.Тұрабаеваның, құрамы мен құрылымы, компоненттерінің байланысу тәсілдері,
синтаксистік белгілері, инверсиялануы С.Кенжемұратованың, фразеологиялық
тұтастықтар мен мақал-мәтелдер ұласымдылығы, танымдық-прагматикалық
аспектілері Д.Бегалықызының ғылыми зерттеулерінде баяндалған.
Тіл-тілдегі паремиологиялық жүйені салыстыра-салғастыра зерттеуге
арналған жұлстар қатарының біртіндеп толығып келетіндігі байқалады. Мысалы,
А. Нұрмахановтың зерттеуі түркі тілдеріндегі мақал-мәтелдердің жалпылығы
мен кейбір өзгешеліктерін саралауға бағытталса, Э. Мұқышева қазақ және
неміс тілдеріндегі мақал-мәтелдерінің өзара сәйкес тұстары мен ерекше
белгілерін, ұлттық мәдени компоненттерін анықтайды. Зерттеу нысаны ретінде
алынған тілдік бірліктердің лексика-грамматикалық ерекшеліктері, қазақ және
араб тілдеріндегі мақал-мәтелдердің жасалу жолдары, типологиялық
универсалия және уникалия құбылыстары
А. Донбаеваның жұмысында қаралған.
Сонымен, қазақ мақал-мәтелдерінің (әрі карай қысқаша- MM түрінде
беріледі) зерттелу тарихына шолу жасау барысында оның бес бағытта
жүргізіліп келгендігі анықталды:
а) тілішілес, яғни бір тіл аясындағы зерттеулер; ә) туыс тілдерді
салыстыра талдауға; б) әртектес тілдер бірліктерін салғастыра қарауға; в)
этнолингвистикалық астарын ашуға және г) қолданбалы мақсатқа негізделген
зерттеу жұмыстары.
Мақал-мәтелдер – қалай, тура сол ойды әртүрлі сөздермен айтуды үйрену
үшін берекелі мәлімет. Монолог және диалог сөйлеуіне үйретуде олар
ауыспалы, сондықтан таңдалған тақырып өзекті болып табылады. Мақал-мәтелдер
– ауызша халық шығармашылығының кең тараған жанры. Олар адамдарды баяғыдан
бері алып жүреді. Тиянақты ұйқас, кәдімгі формасы, қысқалылық сияқты
мәнерлі сөздер мақал-мәтелдерді тұрақты, есте сақтаулы, сөйлеуде қажет
етеді.
Мақал-мәтелдер – халық шығармашылығының көне жанры. Олар көне заманда
пайда болды, және өз пайда болу тарихымен ғасырлар тереңіне кетеді. Олардың
көбі жазу шықпай тұрып пайда болды. Сондықтан олардың алғашқы қайнар-
көздері туралы мәселе ашық болып саналады. Ағылшын мақал-мәтелдер пайда
болуының осындай негізгі қайнар көздері: халықтық, әдебиеттік, библиялы
пайда болуы, басқа тілден алынуы және мақал-мәтелдер ретінде Шекспир
цитаталарының пайдаланылуы.
Мақалдарды мәтелдерден айыру керек. Мақалдың басты өзгешелігі болып
оның бітімі және дидактикалық мазмұны табылады. Мәтел үйрету мінезімен,
ақылды қорытындының бітімсіздігімен айырылады.
Мақал-мәтелдер — сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилы кезеңдерді,
қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі
ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-
мазмұнға бай бөлігі. Демек, халық өмір шындығын, кеңілге түйгенін мақал-
мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік
бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім
алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық
тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген.
Мақал-мәтелдердің қазақ және ағылшын тілдерінде зерттелуіне тоқталмас
бұрын отандық және әлемдік тіл мамандары арасында пікірталас туғызған,
олардың қай салаға қатыстылығы жөнінде айтылған тұжырымдарды атай кеткен
жөн. Мысалы, фразеология саласының қалыптасуына, дамуына өзіндік үлес
қосқан В.В. Виноградов, Н.М. Шанский, В.Н. Телия, М. Чернышева, М.М.
Копыленко, А.В. Кунин, И.В. Арнольд, І.Кеңесбаев, Ә.Т. Қайдар, Б. Манасбаев
т.б. сынды ғалымдар мақал-мәтелдерді фразеология саласының еншісіне тиесілі
деген ғылыми негіздемелер ұсынады.
Зерттеу барысында, ағылшын тіліндегі ММ-дерді топтастырып, жүйеге
келтіріп, баспадан шығару ісіне ғалымдардың баса назар аударғаны және
ағылшын мақал-мәтелдерін тек өз аясында зерттеудің, жан-жақты емес, бір
қырынан ғана қарастырудың орын алғандығы байқалды. Біздің пайымдауымызша,
екі немесе бірнеше тілді салыстыра - салғастыра зерттеу жұмыстарының
бірнеше білімін теориялық тұрғыдан толықтыра, жегілдіре түсері даусыз.
Мақал-мәтелдердің шығу төркіні, тілде қалыптасуы деген ережеге келер
болсақ, оның күрделілігі де, түпдеректі қалтқысыз жабудың қиындығы да
түсінікті. Дегенмен, қазақ халқының рухани қазынасын, сөз маржандарын
қалыпқа келтіру барысында елеулі еңбек сіңірген Б.Адамбаевтың "мақал-
мәтелдер әуелде аузы дуалы жеке кісінің аузынан шыққанымен, біреуден
біреуге, ұрпақтан-ұрпаққа ауыса жүріп өңделген, өзгерген, бүкіл елге тарап,
оны халық ақиқат деп таныған қағидаға, тіпті ережеге - заңға айналған"
деген ой тұжырымымен толық келісуге болады.9,17 Тарихи деректер, ғылыми
ізденістердің нәтижелері, танымал ғалымдардың пайымдаулары да жоғарыда
айтылған пікірмен өзектес. Себебі, кез-келген сөз ұрпақтан ұрпаққа жетіп,
ақиқат ретінде таныла бермесі хақ. Өз дәуірінің озық ойлы кемеңгерлерінің
халықтың көкейінен шығатын, ұтқыр ойы, бейнелі, өткір сөзі ғана кеңінен
таралып, танымал болуы мүмкін. Халықтың дана билері мен шешендерінің бір
кезде аузынан шығып, кейіннен ел аузында мақал-мәтел ретінде қолданысқа
енген сөздерінен бірер мысал келтірейік. Майқы би:
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
Даналығымен, шешендігімен, қара қылды қақ жарған әділдігімен жастайынан
елді аузына қаратқан Төле би сөздерінің де ұрпақтан ұрпаққа мирас болып,
халық арасында мақал-мәтел ретінде кең қолданыс тапқаны байқалды:
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, -ел жетім.
Сондай-ақ, халықтық мақал-мәтелге айналып, жиі қолданылып жүрген "Көпті
қорлаған көмусіз қалады" тіркесінің Әйтеке бидің, ал "Бұлақ көрсең көзін
аш" Бәйдібек бидің дуалы ұзынан шыққан тілдік бірліктер деген деректер бар,
мұндай мысалдарды әрі қарай тізбектеп, қатарын көбейте беруге болады.
Зерттеу барысында ертегі, аңыз әңгімелер негізінде, аңыз әңгімелер
негізінде мақал-мәтелдердің де аз еместігі байқалды. Мысалы: Түйе бойына
сеніп, жылдан құр қалыпты; Қайда барса да Қорқыттың көрі; Аяз би әліңді
біл, құмырсқа жолыңды біл т.б.
Тілімізде жұмбақтардан бастау алатын ММ-дер кездеседі: Сырты бүтін, іші
түтін (оқ); Қараңғы үйде қабан күркірейді (диірмен) т.б. Бұл жұмбақтардың
кейде жұмбақтық негізінен "қол үзіп, фразеологиялық тіркес мәтел ретінде
де қолданысқа енгені анықталады.11,177
Рухы биік, ойы көркем, тілі шұрайлы, мән-мазмұны терең кесек
туындыларымен ерекшеленетін дарынды ақылы жазушылардың, дара тұлғалардың
көңіл түпкірінен шыққан пікір-пайымдаулары да жалпыхалықтық қорға еніл,
тұрақты қолданысқа, мақал-мәтелдік сипатқа ие болуы мүмкін. Мысалы: Еңбек
етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей; Азға қанағат етпесең, көптен құр
қаларсың (Ыбырай); Берекені көктен тілеме, өткен сиректен тиіс (М.Әуезов);
Жасында көргені жоқтың, өскенде айтары жоқ (Ғ.Мұстафин) т.б. Қорыта
айтқанда, қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің басым көпшілігі тарихтың терең
қат-қабат қаттауларынан көрініс беретін оқиға, аңыз, әңгіме, ертегілердің
және көрнекті ақын-жазушылар шығармалары негізінде қалыптасқан.

2. Мақал – мәтелдердің ағылшын тілінде зерттелуі

Ағылшын тіліндегі жалпыхалықтық мұраны жинақтап, жариялау жұмыстары
сонау көне ғасырда қалыптасып, күні бүгінге дейін дәстүрлі түрде жалғасып
келеді. Тарихи деректерге сүйенер болсақ, ете көне мақал-мәтелдер тізбегін
қамтитын алғашқы "Book of Proverbs in the Old Testament" атты топтама V
ғасырда жарық көрген. Кейінгі жинақтар халық игілігіне айналған осы іске
етене араласып, зор еңбек сіңірген оқымысты ғалым Дезидериус Эрасмус
есімімен тығыз байланысты. Оның 1500 жылы "Collectanea" (818 MM), 1508 жылы
Венецияда "Chiliades" (3260 MM) деген атпен жарияланған жинақтары 1515-1536
жылдары аралығында толықтырылып қайта басылып шықты.
Артына өшпес тарихи із қалдырған ғалымдардың бірі Джон Хеуд (John
Heywood) өзінің алғашқы "A Dialogue Containing the Number in Effect of all
the Proverbs in the English Tongue" атты еңбегін 1546 жылы, кейінгілерін
1550, 1555, 1560 жылдары жарыққа шығарды. Сондай-ақ, 1610-1680 жылдар
аралығында бірқатар мақал-мәтелдер жинақтары, атап айтқанда, 1612 жылы
ағылшын шіркеу қызметшісі Thomas Draxe "Bibliotheca Scholastica
Instructissima or, a Treasurie of Ancient Adagies, and Sententious
Proverbes", 1639 жылы пастор Дж. Клардың (John Clarke) "Paroemiologia Anglo-
Latina", 1640 жылы Дж. Хербергтің "Outlandish Proverbs", 1659 жылы Дж.
Хауэльдің "Proverbs", 1670, 1678 жылдары Дж. Рэйдің 'English Proverbs"
атты енбектері жарық көрді. Келесі ғасырларда бұрынғы ескі жинақтар
толықтырылып, қайта бастырылып отырды. Зерттеу барысында мамандардың
көбінесе ағылшын тілі мақал-мәтелдерін жинаққа енгізу үрдісімен шектелгенін
көреміз.
Ағылшын тілі мақал-мәтелдерін ғылыми тұрғыдан арнайы, жан-жақты
қарастырған зерттеу жұмыстарының бар екендігі мәлім. Мысалы,
Л. И. Швыдкояның ғылыми зерттеуінде мақалдар мен афоризмдер "клише"
деген атаумен бір топқа біріктіріліп, олардың синонимдік қатары берілген.
С.И. Вяльцеваның ағылшын мақал-мәтелдерін стильдік, ал Э.Ахундованың
зерттеуі синтаксистік ерекшеліктері тұрғысынан талдауға арналған. Ағылшын
тілінің тұрақты тіркестерін зерттеу жұмыстары ғалым А.В. Кунин есімімен
тығыз байланысты. Ол өзінің "Курс английского языка", "Курс фразеологии
современного английского языка" тәрізді көлемді ғылыми еңбектері мен "Англо-
русский фразеологический словарь" сөздігі т.б. арқылы ағылшын тілі
табиғатының кейбір өзгеге беймәлім тұстарын айқындап, жалпы тіл ғылымына
елеулі үлес қосты және салғастырмалы негіздегі ізденістерге бағыт-бағдар
берді. Мақал-мәтелдердің басқа тілдік бірліктермен салыстыра алғанда
өзіндік ерекшеліктерін, күрделілігін, мән-мазмұнының терендігін айқын
көрсететін тұстардың бірі — аударма жұмысы. Кейбір жалпыхалықтық
универсалдық сипатқа ие түрлерін есепке алмағанда, әдетте, мақал-мәтелдер
бір тілден екінші тілге тікелей аударылмайды. Бір тілден екінші тілге
тәржімелеу барысында мағынасы мен тіркес құрамындағы сыңарлары дәлме-дәл
келетін теңбе-тең баламасы (абсолюттік балама) немесе контекстік мағынасы
сәйкес эквиваленті қолданылуы мүмкін. Әсіресе, ілеспе аудармада шапшаңдық,
жинақылық, нолдік қажет. Осы мақсатка негізделген, практикалық мәні бар
жұмыстардың бірі — Т.Баймаханова, Н. Өтешева, Н. Байтөлеевалардың
құрастыруымен жарық көрген "Английские пословицы и поговорки и их
эквиваленты в русском и казахском языках" атты еңбек. Жұмыста мақал-
мәтелдер он мағыналық топқа бөлініп, олардың орыс және казақ тілдеріндегі
баламалары берілген. Алайда, ағылшын ММ-дерінің қазақ тілінде баламалары
бола тұра, тікелей аударылған тұстары да баршылық.
Ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің ауқымды бір тобы қасиетті кітап
інжілге байланысты қалыптасқан. Халық арасына кеңінен таралып, көп
оқылғандықтан, інжілдік тізбектердің ауқымды тобы тұлға тұрақтылығы, тіркес
тиянақтылығы, мағына тұтастығы тәрізді белгілердің негізінде қолдануға даяр
тілдік бірлікке айналған. Зерттеу барысында олардың ауқымды бір бөлігінің
тұпнұсқадағы қалпын берік сақтағандығы, еш өзгеріссіз қолданылатындығы
айқындалды. Мысалы: Үоu саnnоt sегvе Gоt and mаmmоn (сөзбе-сөз аудармасы*:
Сен құдай мен мамонаға бірдей қызмет ете алмайсың); А soft answer turneth
away wrath (с.с.а.: Жұмсақ (жылы) жауап ашуды қайтарады) т.б. Түп-төркіні
інжілге барып саятын мақал-мәтелдердің сәл өзгеріске ұшыраған түрлері де
кездеседі.
Ақын-жазушы, саясаткерлердің ұғымды, үйлесімді айтылған қысқа, әрі
нұсқа, айшықты сөздерінің де ағылшын тілінің сөздік қорын байытуға едәуір
үлес қосқаны нақтыланды. Мысалы: Тһе customer is always right і ( (с.с.а.:
Әр0ашан тұтынушынікі дұрыс) тіркесінің Еуропадағы ең үлкен сауда
орталықтарының бірі "Сэлфриджезді" (Selfridge’s) ашқан Г.Селфриджге
тиесілілігі жөнінде деректер бар. Себебі, оның барлық дүкендерінде "Тһе
сиstоmег іs аlways гіgһt", яғни "әрқашан тұтынушынікі дұрыс" деген қатаң
қағида қалыптасқан. Көпшілік көңілінен шыкқан осы сөз кейіннен халық
арасында жиі айтылып, дәстүрлі қолданыска енген. Ағылшын тілінде бұл
тәрізді қолдануға даяр, астарлы "авторлы" тіркестердің мол қоры бар.
Сонымен, ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің ауқымды бөлігі қасиетті
кітап інжілден, ал келесі бір бөлігі дарынды Шекспир сыңды керкемсөз
шеберлерінің, халыққа танымал ақын-жазушылардың туындыларынан, сондай-ақ,
көрнекті саясаткерлер сөздерінен бастау алғандықтары байқалады.
Қазақ және ағылшын паремиологизмдерінің түпдеректеріне қатысты негізгі
айырма мынада: Қазақ ММ-дерінің ауқымды тобы жеке тұлғаға (би,шешен,
ақылғөй, дана қариялар т.б.) байланысты қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа ауызша
таралып отырған. Ал ағылшын ММ-дерінің негізгі бұлағы діни ағым, қасиетті
кітаптан тараған ұлағатты сөздер болып табылады және сондай-ақ Шекспир
сынды ұлы тұлғалардың айшықты, мәнді сөз үлгілері ерекше орын алады. 1,
175
Ағылшын зерттеушілері аталмыш тіркестің қазіргі заман ағымына сай келіп
тұрғанымен, көненің көзі екендігін ескертеді және оның алғашқы қолданысын
біздің жыл санауымыз бойынша 320 жылдардағы Теопрастус (Тһеорatrus)
жазбаларымен ұштастырады.
"Тһеге іs а timе оf еvегуthing (с.с.а.: Әр нәрсенің өз уақыты бар).
Қазақша баламасы: Сабапқы ине сәтімен.
Бұл ағылшын мақалы қасиетті кітап Інжілдің " То еvегуthing tһеге іs а
sеаsоn, апd а tіmе tо еvегу риrроsе under tһе һеаvеn". (с.с.а.: Аспан
астында әр нәрсенің, әр мақсаттың өз мерзімі бар) деген өсиет, өнегелерінен
ықтималдық, тұрақты қалыпқа енген.9, 152
Зерделей қарасақ, мақал-мәтелдер адам баласының бар өміріндегі, тұрмыс-
тіршілігіндегі салалардың барлығын дерлік қамтиды екен. Солардың қомақты
бір бөлігі — еңбек жайлы мақал-мәтелдер. Мұның сыры еңбекгің тіршіліктің
негізі, қоғамның, өмірдің қайнар көзі болғандығында болса керек. Көненің
көзі іспеттес тұрақты тіркестер тобы келер ұрпаққа еңбек етпегеннің ішіп-
жемейтінін түсіндіре келіп, оларды еңбек сүйгіштікке, адал еңбек етуге
баулиды, жалқаулық, бойкүйездік, жатып ішер арамтамақтықтан бойды аулақ
салуға шақырады,
Қонақжайлық - қазақ ұлтының сүтімен кіріп, сүйегіне сіңген ұлы
дәстүрдің бірі. Өткен ғасырда поляк саяхатшысы әрі зиялысы А.Янушкеевич
"Дүние жүзін қазақ жайласа, жер шарын тегін аралап шығар едім",- деп қазақ
халқының қонақ жайлылығын риза көңілмен бағалаған екен. Қазаққа қонақ болу
үшін оның таныс болуы, діндес, тендес болуы шарт емес, қонақасыны
"бөлінбеген еншім" деп тануының өзі кеңінен таралып, дәстүрге айналған
халық жорасының бірден-бір көрсеткіші. Алайда, А соnstant guest іs пеvег
welkome. Бір күнгі қонақ - күт, Екі күнгі қонақ - жұт тәрізді тұрақты
тұлғалар жиі келген келген қонақтың қадірін жоғалтатынын, оған өзі
қалағандай құрмет көрсетілмейтінін бейнелі түрде жеткізеді. Екі ел мақал-
мәтелдерін талдап-тарату барысында алыс жатқан, салт-санасы, әдет-ғұрпы,
тілі-діні әр басқа халықтардың айтайын деген ой-тұжырымы, көзқарасы мен
өмірлік ұстанымдарының өзара сәйкес келіп жататындығы анықталды. Мұның сыры
өмірдің өзінде, адамзаттың көріп-біліп, көңілге түйген ойында, өмірден
алған тәжірибесінде жатса керек.2, 208
Қазақ және ағылшын тілдерінде ақша-қаражат жайлы мақал-мәтелдер де
кездеседі.
Мысалы, " Таке саге оf реnсе апd the роunds will tаке саге оf
tһеmsеlvеs" (с.с.а.: Пэнсті үнемдеп ұстасаң, фунт өз-өзін үнемдейді). Теңге
тиыннан өсер, Жылқы құлыннан өсер; Береке бір тиыннан.
Ағылшын тілі мақал-мәтелдерінің алтын қорынан ауа-райына, аспан
денелеріне, табиғат құбылыстарына қатысты мақал-мәтелдерді жиі кездестіруге
болады.
Ағылшын тілінде халық арасында жиі қолданылатын "Маппеrs такеth тап",
Маппеrs таке tһе тап" (с.с.а.: Адамды адам ететін оның әдептілігі) тұлғасы
ықшам, алайда мәні зор тілдік орам, орта ғасырда орын алған қағида,
дәстүрлерге, заман талабына байланысты калыптаскдн. Әсіресе, ХІV ғасырда
Англияда мәдениеттіліктің негізгі шарттарына, өзін-өзі ұстау ережелеріне
баса назар аударылып, мүлтіксіз орындалуы талап етілді. Әдептілік,
ізеттілік ережелерін қамтитын арнайы жинақтар шығарыла бастады. Уақыт өте
келе осы ұстанымдардың бірқатары жалпыхалықтық мақал-мәтелге айналып,
кеңінен қолданыс тапты.
Мысалы, Соосі таппеss таке iһ а тап.
Адамды адам ететін оның әдептілігі) ; If yои sit bу worthier тап tһап
tһуsеlf аrt опе, Suffеr һіт fіrst tо tоисһ tһе теаt (с.с.а.: Егер өзіңнен
салауаттырақ адаммен дастархандас болсаң, одан үлгі ал, ягаи соған қарап ас
іш) т.б.
"Жалғыз қаздың үні шықпас, Жалғыз қыздың мұңы шықпас" деген мақал.
қазақтың әдет-ғұрпына, өмір салтына байланысты тілде қалыптасқан деп
ойлаймыз. Өзара қарым-катынасын жекжат болып нығайтқысы келген адамдардың
балаларын атастырып, күйеу жігіт қайтыс болса, әмеңгерлікпен туған
бауырының, болмаса жас ерекшелігіне карамай туыстарының біріне қосуы
тәрізді мәселелер ата дәстүрі бойынша шешімін табатын. Балғын жас қаздардың
тіпті әкесінен де үлкен қарт кісілерге тұрмысқа шығуға мәжбүр болуының
негізгі себептері, қыз әкесінің сіңірі шыққан кедейлігі, не жетім қыздың
жалғыздығы екендігін көптеген мұражай деректері дәлелдейді. Жоғарыда
келтірілген мақалдың шығуына мұның шаға алмай, тағдырдың дегеніне көнген
арулардың қайғы-қасіреті себеп болған тәрізді.
Діни мифологиялық наным-сенімге байланысты ММ-дердің
этнолингвистикалық уәжі. Ағылшын және казақ тілдеріңде наным-сенімге
байланысты макал-мәтелдер де кездеседі. Мысалы, ағылшын тіліндегі "Gоd
һеlрs tһоsе who һеlр tһеmself" (с.с.а.: Өзіне өзі көмектескендерге құдай да
жәрдемдеседі) тіркесінің шығу төркінің біздің жыл санауымызға дейінгі 570
жылы жазылған "Геракл және күймеші" атты Эзоптың (Аезор) аңыз әңгімесімен
байланыстырамыз. Мифтік әңгіменің жалпы мазмұнына келер болсақ, күймесі
батпақка батып түрып калған күймеші оны шығаруға талпыныс жасамастан,
көмекке құдіретті де күшті Гераклді шандырады. Адамның бұл қылығына катты
ашуланған Геракл: "күйменің доңғалағының артына иығынды тіреп итер де,
өгізінді алға айда" дейді және алдағы уақытта еш әрекет қылмастан өзін
шақыруға қатаң тыйым салады. Осы ой түйіні XVIII ғ. дейінгі әдебиеттерде әр
түрлі жолдармен берілген. Мысалы, Дж.Барэт (Іоһп Вагеі) "Аn Аtуеагіе"
(1580) атты еңбегінде: "Gоd helps thоsе іn tһеіг аnаіге, which aге
іndustrious" (с.с.а.: Құдай еңбек сүйгіштерге көмектеседі) десе, Дж.
Херберт (G. Herbert) "Jасиlа Рtudеntum" деген шығармасында "Неlр tһуsеlf,
аnd Gоt will һеlр tһее" (с.с.а.: Өзіңе өзің көмектес, сонда сондай да
жәрдем береді) деп, сәл түрлендіре қолданған. Қазіргі уақытта тұрақты
қолданысқа ие "Got һеlр thоsе, wһо һеlр tһеmsеlf" мақалы алғаш рет 1736
жылы Б.Франклиннің (В. Ғгаnкlіп) "Роог Rісһагd's Аlmаnаск" атта еңбегінде
қолданылды.
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі наным-сенімге, оның ішінде, жаратқан
ие, алла тағалаға қатысты ММ-дерді салғастыра зерттей отырып, олардың
семантикалық жағынан өзара сәйкес келетіндігі анықталды. ММ-дер арқылы
берілетін ойдың өзара өзектесіп, астасып келу себебін әртектес тілдер
өкілдерінің өмір сабағының, ғасырлар бойғы тіршілікте көзі жетіп, көкейіне
түйген тәжірибе жиынтығының ұқсастығымен ұштастырамыз.
Ағылшын тілінің фразеологиясына қатысты кешенді зерттеулерімен, дәйекті
тұжырым, пайымдауларымен танымал А.В. Кунин де жоғарыда аталған ғалымдардың
көзқарасын ұстанады, алайда, аталмыш тұрақты тұлғалардың құрылымдық-
мағыналық ерекшеліктерін негізге ала отырып, оларды "коммуникативтік
фразеологиялық бірліктер" деп атап, жеке қарауды ұсынады.21,77 Сондай-ақ,
автор құрамындағы сыңарлары тура мағыналы болып келетін мақалдар тобын
яғни, "all is well that ends well" (сөзбе-сөз ауд.: сәтті аяқталған істің
бәрі жақсы), "Арреаrances аге dесерtіvе" (сөзбе-сөз ауд.: келбет —
алдамшы), Better late than nеvег" (сөзбе-сөз ауд.: ештен кеш жақсы) тәрізді
,оралымдарды фразеологиядан тыс, "фразеологиялық емес тұрақты құрылымдар"
аясында қарастырды.
Осы жоғарыда аталған тұжырымға қарсы пікірді ұстанушы белгілі ғалымдар
- Н.Н. Амосова, А.М. Бабкин, В.П. Жухов, М. Нагиев,
М.А. Филипповская, А.Н. Кожин т.б. Мақал-мәтелдерді фразеология
саласынан тыс қарайтын ғалымдардың көпшілігі оларды ауыз әдебиетінің
зерттеу нысаны қатарына жатқызады. Ал осы бағыттағы көлемді зерттеулерімен
танымал ғалым Н.Н. Амосова "мақал-мәтелдерді фразеология қорына жатқызуға
болмайды, олар мазмұны жағынан да, сөйлемде атқаратын қызметі тұрғысынан да
фразеологиялық бірліктердің белгілеріне жауап бермейді" деген пікір
ұсынады.
Мақал-мәтелдерді жинақтап, сұрыптап, белгілі бір жүйеге келтіруде,
тілдік бірлестіктер табиғатының кейбір қырларын айқындауда зор еңбек
сіңірген ғалым Г.Л. Пермяков аталмыш тұрақты тұлғалардың тілші ғалымдар
тарапынан да, әдебиетші мамандар тарапынан да зерттелуі қажеттігін
ескертеді.
Осы келтірілген ой-пікірлерге және өзіндік зерттеу нәтижелеріне
сүйенер болсақ, мақал-мәтелдердің тұлға тұрақтылығы, тіркес тиянақтылығы,
мағына тұтастығы, қолдануға даярлығы тәрізді сипаттары оларды
фразеологазмдер қатарына қосып, осы салада зерттеуге толық мүмкіндік
береді.
Мақал-мәтелдер – ауыз халық шығармашылығының кең таралған жанры. Мақал-
мәтелдердің пайда болуының уақыты белгісіз, бірақ бірі дұрыс: мақалдар да,
мәтелдер де көне заманда пайда болған, содан бері тарихының бүкіл бойында
халыққа ілеседі. Мақал-мәтелдердің тұрақтылығына және еске алушылығына
жететін көмегімен құралдарға да көңіл аударылады. Сондай құралдардың бірі –
айқын немесе ассонансты ұйқас:
Little strokes tell great oaks
A stitch in time saves nine.
Мақал-мәтелдердің кәдімгі балансталған формасы ең жиі пайдаланылатын
тәсіл, мысалы:
More haste, less speed
Easy come, easy go
Like father, like son.
Қысқалылық еске алынатын айтулардың маңызды аспектісі болып табылады.
Тек ең көп емес мақал-мәтелдер көпсөзді, олардың көпшілігі бес сөзден
тұрады:
Boys will be boys.
Dead men tell no tales.
Better late than never.
Practice makes perfect.
Тіл туралы ғылымда мақал-мәтелдерге жалпы қабылданған көзқарас құрылған
жоқ.
Кейде мақал-мәтелдер астында өмірдің әртүрлі құбылыстарын бейнелейтін
және аяқталған сөйлемнің формасымен ие болатын мерген бейнелі нақыл сөздер
түсіндірілді. Мақалдар аяқталған пікірді белгілйді.
Мәтелмен мақалдан ақыл қорытындысының бітімсіздігімен айырылатын қысқа
бейнелі нақыл сөздерді атайды.
Ұқсас анықтама барлық түсіндірме сөздіктерінде де, көптеген арнайы
баптарда да, зерттеулерде де кездесуі мүмкін.
Фразеология бойынша бөлек жұмыстарда мақалдың мәтелден басты
айырмашылығы: мақал жалпы пікірді түсіндіреді, мәтел – пікірді жиілік
мінезінде. Осы лингвистердің пікірі бойынша тек қана мақалдар емес, және де
мәтелдер аяқталған сөйлем формасымен ие бола алады.
Мәтел сондай құрылыстың тұрақты сөйлемі болып саналады, мақал сияқты,
бірақ дидактикалық мазмұнынан айырылған.
Көбінесе мәтелдер ретінде мынандай сөйлемшелер келтіріледі:
When pigs can fly. When two
Sundays come together.
When hell freezes over. The Dutch have taken
Holland.

3. Фразеологизмдерді, мақал-мәтелдерді аудару жолдары

Фразеологизмдерді зерттеушілердің қай-қайсысы болсын оларды басқа тілге
жеткізудің филология ғылымында үлкен мәселе екеніне тоқталып отырады Бұл
туралы шолу талдауды Ә.Ө. Айтбаевтың Аудармадағы фразеологиялық
құбылыс16,147 еңбегінде қарастырылған, яғни қай тілдің фразеологиялық
бірлігін алсақ та, олардың сол ұлтқа тән бейнелік ерекшелігі, тарихи
қалыптасуы болатындықтан, келесі тілге соның өңін өзгертпей, ұлттык бояуын,
эмоциялық-экспрессивтік сипатын сақтап жеткізу аудармашыдан үлкен
біліктілікті қажет етеді. Сондықтан да фразеологиялық бірліктердің
аударылуын сөз етпес бұрын аудармашыға оның тілдік табиғатын түсініп алу
қажет болады.
Фразеологизмдердің бейнелік қасиеті, экспрессивті-эмоционалдық бояуы,
құрастырушы сыңарларының бірлігі контекст арқылы айқындалып отырады,
сондықтан бұларды контекст аясында қарастырған жөн. Ал аудармада контекстің
қызметі өлшеусіз екені өзінен өзі мәлім. Бұған қоса фразеологизмдердің
стильдік жіктердегі ролі, жеке автордың стилін анықтаудағы рөлі айрықша.
Көркем шығармада болсын, саяси, публицистикалық шығармада болсын
фразеологизмдер жиі қолданылып, оларда айтылған ойдың ұтымдылығын,
ұшқырлығын арттырып отырады. Демек, бұл бірліктер тілдегі лексикалық
бірліктер сияқты мағына жағынан түрленіп, белгілі бір стильдік қолданысқа
сай пайдаланылып отырады.
Фразеологизмдердің жалпы сипаттары, өзіндік ерекшелігін түгендемесек
те, ұзын-ырғасын санамалап шығуға болады:
1. Фразеологиялық бірліктер белгілі бір дәрежеде лексикалық бірлікке
ұқсап тұрады, номинативтік, көпмағыналық, ауыспалы мағынаға ие бола алады;
2. Фразеологиялық бірліктер контекстен тыс тұрганда еркін тіркестермен
омонимдес болып тұрады. Мысалы: контекст болмаса бұл кісінің көзі ашылды
деген сөйлемдегі көзі ашылды фразеологиялық тіркесінің мағынасын түсіне
алмаған болар едік;
3. Көптеген фразеологиялық бірліктердің тууында тарихи себеп, ұлттық
салт-дәстүрлік негіз болады. Сондықтан аудармада фразеологизмдердің үлттық
бояуын жеткізу елеулі қиындық тудырады. Бұл тұрғыдан фразеологизмдер ұлттық
реалия создерге ұқсас жатады;
4. Фразеологиялық тіркестің компоненттерінің магынасы олардың тұтас
мағынасына тікелей қатысты болмауы мүмкін. Бұл аудармашыны адастыруы
ықтимал;
5. Фразеологизмдер стилистикалық тұрғыдан әр түрлі топтарға қатысты
болады.
Фразеологиялық орамдар тіл білімінде әр түрғыдан едэуір дәрежеде
зерттеледі. Алайда оны жіктеуде, шегін айқындауда тоқтамды түрде келісілген
пікір пәтуасы бола қойған жоқ.
Мәселен, оның құрамына күрделі создер де, метафоралық қолданыстар да
тіпті қос сөздер де кіріп жүрген жайттар кездеседі.
Фразеологиялық бірліктер лингвистикада соңғы кездерде тұтас шығатын
мағынаға компоненттерінің қатысы жағынан, компоненттерінің тұрақтылығы
жағынан дәлелді түрде жіктеліп түр. Көпшілік жүгінетін В. Виноградовтың
жіктеуі бойынша фразеологизмдер фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық
бірлік, фразеологиялық тізбек болып болінсе, М.Н. Шанский бұған
фразеологиялық сөйлемше дегенді қосады. Қазақ фразеологизмдерінің бірегей
зерттеушісі ғалым I. Кеңесбаев бұл бірліктерді негізінен екі арнаға
-фразеологиялық түйдек (идиом сипатындағы тіркес), фразеологиялық
тіркестерге бөледі. Сонымен қоса фразеологиялық орамдардың мақал-
мәтелдерден елеулі айырмасы болатынын ескерте отырып мақал-мәтелдерді де
тұрақты сөз тіркесіне жатқызады. 13,218
Айта кету керек, кейінгі кезде қазақ тіл білімінде де байкалып жүрген
зерттеу тәсілдері - компоненттік талдау жолымен, этнолингвистикалық жолмен
фразеологиялық бірліктерді зерттеу аударма теориясы үшін де мол материал,
кең мүмкіндік берер еді. Бірақ бұл жолдармен зерттеу айтарлықтай деңгейге
жетті деп айта қою қиын.
Сонымен жоғарыда көрсетілген классификациялардың қай-қайсын алмасақ та
құрылымдық-семантикалық тұрғыға - идиомдық және тұрақтылыққа сүйенетінін
байқауға болады. Мәселен, тұтастықтар мен бірліктер құрастырушы сыңарлары
өзінің номинативті мағынасынан түгелдей немесе жартылай айрылып, ол
тіркесті тұтас алғанда жеке сезге бара-бар болып тұрады. Мысалы: қас пен
көздің арасында - жылдам (әңгіме қас пен көз туралы болып тұрган жоқ), сол
сияқты: жүрек жұтқан - батыл, бос белбеу - былжыр, түйе үстінен сирац
үйіткен - ебдейсіз, пускать пыль в глаза - обманывать, намылить шею -
поругать, во всю Ивановскую - очень громко, лясы точить - болтать пустяки
т.с.с. Бұндай орамдардың сыңарларының тіркесуі нормадан өзгеше болуы,
құрамында магынасы көмескі сөздердің кездесуі әбден мүмкін. Ескерте кету
керек, орыс тіл білімінде мақал-мәтелдерді фразеологиялық бірлікке де
жатқызады.17,56
Тіл ғылымында дәлелденген тұрғы бойынша фразеологиялық тізбектер
(Кеңесбаевша, тіркестер) мең сөйлемшелер сыңарлары өзінің лексикалық
мағынасын сақтайды да, тек қана сөздердің тіркесу және қолданылу
тұрақтылығына қарай тұрақты тізбек құрайды. Бұл топтың құрамына
жататындардың қайсы бірі номинативтік қызмет атқарса, қайсы бірі (асқар
may, оюерден жеті қоян тауып алғандай куану, скалить зубы, құлаң кою,
насупить брови т.с.с.) коммуникативтік қызмет атқарады (ум не от возраста,
а от головы; у хорошей головы сто рук; сырын білмейтін аттың сыртынан
жүрме; пышақ кескендей тыйылды т.б.). Осы тұрғыдан қарағанда тұрақты сөз
тіркестерін аударуда екі жүлдеге бөлуге болады: идиомдар мен фразеологиялық
тіркестер (соңғысына белгілі бір дәрежеде мақал-мәтелдерді дежатқызуға
болады). Мақал-мәтелдердің фразеологизмдерге ұқсастығы - оның сөйлеуде
дайын күйде қолданылуы. Әрине, бұл жіктердің аударылуын бірдей тұрғыдан
қаруға болмайды. Аударма үдерісінде фразеологизмдердің структуралық-
семантикалық сипаты ерекше ескерілетіндіктен, бұлардың ауыспалы мағынада
жұмсалатындары өзгеше тәсіл қолдануды, тіпті дайын, басқа тілдегі
тізбектерді талап етуі ықтимал.
Аударма үшін керекті нәрсе фразеологиялық орамдардың қорытынды мағынасы
немесе соны құрастырушы сыңарлардың тұтас мағынаға қатысы, сыңарлардың
айқындық я көмескілік, ерекше маңызға ие болады.
Аударма зерттеушісі Ө. Айтбаев:... фразеологизмдерді екі топқа бөліп
қарап олардың аудармасын соған орай тексеру қажет. Біріншіден, мағынасы
жағынан жеке сөздер мен сөз тіркесіне бара-бар фразеологизмдер. Бұларға
жататындар -идиомдар. Екіншіден, синтаксистік құрамы бір тұтас, тиянақты
аяқталған ойды білдіретін фразеологизмдер. Яғни мақал-мәтелдер және басқа
түрлері. Бұлай бөліп қарауда мән бар. Зерттеу нәтижесін байқатқандай,
фразеологизмдердің бұл екі түрінің аударылғыштық сипаты осылай бөлек
қарауды талап етеді - дейді.16,17
Сол сияқты Р. Сәрсенбаев аталмыш мақаласында фразеологиялық бірліктерді
табиғаты жағынан әр түрлі екенін ескере отырып аударуда стильдік қызметін
сақтау мақсатымен фразеологизмдерді екі топқа бөліп қарауды ұсынады.
1. Идиомдарды аудару;
2. Тұрақты метафоралық тізбектер мен макал-мәтелдердің аударылуы.
(Сәрсенбаев Р. - Көрсетілген еңбек.)18, 177.
Байқап отырғанымыздай, бұл жіктеуде айырмашылық шамалы. ұсынылып
отырған еңбекте біз де осы жолды ұстанбақпыз. Өйткені идиом дайын, одан
өзгелері - сөз құраудың нәтижесі. Міне, осы тұрғыдан біз аудармаға қатысты
фразеологиялық мәселелерді екіге бөліп қарағанды дүрыс санаймыз: 1.
Идиомдарды аудару; 2. тұрақты фразеологиялық тіркестер мен мақал-мәтелдерді
(фразеологиялық сөйлемшелерді) аудару.
F. Мүсірепов үлгісін келтіріп отырған себебіміз идиомдарды қанша жерден
аударылмайды дегенмен, қалауын тапса, қарды да жандыруға болатыны.
Осындай қалька тәсілімен аударуға келетін бір идиом ит үреді, керуен
көшеді - Собака лает, караван движется. Бұған мысал ретінде Собака на
сене деген идиомнан жасалған шығарма атының Шөп қорыған ит болып
аударылғанын да келтіруге болады. Алайда бұл - идиомдардың аударылуындағы
өнімді тәсіл деп айтуға болмайды. Олай дейтініміз басқа тілге бір тілдің
идиомдарын қайтсе аударам деп орынсыз талпынулардан шыққан жансақтықтар да
аударма тәжірибесінде баршылық. Мәселен, белгілі лингвист Қ. Жұбанов А. М.
Самойловичтің қазақ тіліндегі қой үстіне бозторғай жұмыртқалау, тайға
таңба басқандай деген фразеологизмдерін заставить жаворонка нести яйца на
овце, ясно, как то, на жеребенка положили тавро деп аударғанын
кешірімсіз олқылыққа санайды. Бұндай жансақ аудармаға бірталай мысал
келтіруге болады. Вот где собака зарыта - Иттің көмілген жері - осы;
Перегнуть палку в другую сторону - Таяқты басқа жаққа майыстырып
жіберу; Держать нос по ветру - Мұрнын желге тосу т.с.с. Бұлардың
мағынасы түсініксіз екені өзінен-өзі белгілі болып отыр.
Тіл-тілдегі идиомдардың бәрі де құрастырушы сыңарлардың жеке-жеке
алғандағы магынасынан тыс тұтас мағына беретін, жеке лексема тәріздес
номинативтік мағынаға ие бірліктер екені белгілі. Оның үстіне идиомда
ұлттық колориттің қалың болатыны тағы бар. Бұлар әуел баста шыққанда
компоненттердің жеке-жеке ауыспалы мағынада жұмсалып, қазіргі күйде
қалыптасып кеткен. Идиомдарда көнерген создердің, реалий сөздердің жиі
кездесетінін байқауға болады. Осы тұргыдан келгенде, идиомдарды басқа тілге
дәлме-дәл жеткізудің мүмкіндігі азая түседі. Бұған қоса бір тілдің
идиомасын басқа тілге тұрақты соз тіркесі етіп аударудың мүмкіндігі шамалы.
Тұтас адамзаттың бөлшегі ретіндегі кез келген халықтың өміріндегі ұқсас
тіршілік пен құбылыстар нәтижесінде туған фразеологизмдерді бір-біріне
дайын балама ретінде пайдалануға болады. Өйткені ұлт-ұлттың ойлауы,
елестетуінде ұқсастық болуы - заңды нэрсе. Осы тұрғыдан алғанда, кейбір
фразеологиялық тіркесті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілінен ағылшын тіліне мақал мәтелдерді аудару тәсілдері
АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ АУДАРЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕР
Ағылшын және қазақ мақал-мәтелдерінің аударылу мәселелері
Ағылшын тілінен орыс тіліне мақал-мәтелдерді аударудағы лексикалық мәселелер
Қазақ тіліндегі мақал - мәтелдердің зерттелуі
Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерінің тілде қалыптасуы және қолданылуы
Мақал-мәтелдерді қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару кезіндегі құрылымдық, мағыналық ерекшеліктері, ұқсастықтары
МАҚАЛ - МӘТЕЛДЕРДІ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕ АУДАРУ
Ағылшын, қазақ мақал-мәтелдерін салыстырмалы түрде зерттеу (еңбекке баулу тақырыбы).
Қазақ тілінен ағылшын тіліне мақал мәтелдерді аудару
Пәндер