Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының құрылымы


Кіріспе3
1. Интерпол беделі халықаралық ұйым ретінде7
1. 1 Интерпол құрудың халықаралық-құқықтық негіздері7
1. 2 Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының құрылымы17
2. Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының қылмыстылықпен күресінің құқықтық проблемалары23
2. 1 Мемлекеттердің ұйымдасқан қылмыстылықпен күрестегі халықаралық ынтымақтастығы23
2. 2 Интерполдың қылмыскерлерді халықаралық іздестіру, экстардациялау және беру бойынша қызметі және оны үйлестіру проблемалары34
3. Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының қызметіне Қазақстан Республикасы үлесін жетілдіру жолдары50
3. 1 ҚР Интерпол ұлттық орталық бюросының құқықтық ережелері мен қызметтері50
Кіріспе
Зерттелетін тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерімен, сондай-ақ халықаралық қауымдастықтардың халықаралық сипаттағы қылмыстармен күресте мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдарының Халықаралық ұйымның қылмыстық полициясы - Интерполдың қызметін ұйымдастыру және үйлестіру мәселелері бойынша шарттасады.
Қазақстан Республикасының халықаралық қауымдастық контексінде тәуелсіз, егемен мемлекет ретіндегі мүдделері - бұл конституциялық құрылым, егемендік және аумақтық тұтастығының беріктігі, қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты сақтау, мемлекеттік басқару органдарының тұрақты қызмет етуі, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді орындау және мемлекеттегі құқық тәртібін қолдау, сондай-ақ серіктестік негізінде халықаралық ынтымақтастықты болашақта дамыту.
Қазіргі таңда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларында болып жатқан өзгерістер есебінен трансұлттық қылмыстың қайта құрылымдану процесі жүріп жатыр, бұл ұйымдастыру-құқықтық нысанында тұрақты, материалдық-техникалық қатынасында қамтамасыз етілген, қылмыстық қауымдастықтағы басқарудың ыңғайлы желілі жүйесімен қайта қалыптасады.
Бұл барлық құбылыстар мен процестердің интенсификациясы уақытында, оның ішінде қылмыстар, аталған факторлар таза ұлттық құбылыс болып табылмайды. Олар ұлттық құбылыс шеңберінен шығып, интернационалдық құбылысқа айналады. Бұл жағдайда интернационалдық сегменттің маңызды элементтері мемлекеттің халықаралық сипаттағы қылмыстармен күресіндегі жалпы мүдделері болып табылады. Мұндағы айқын факті жеке алынған мемлекеттердің мүдделері халықаралық қауымдастықпен өзара қарым-қатынас негізінде қамтамасыз етілуі болып табылады. Әлемдегі жағдай барлық қоғамдық процестердің жаһандануына байланысты өзгергендігін атап өту керек. Бұл, әрбір жеке алынған мемлекеттің жағдайының оңтайлы, жақсы болуы жалпы мүдделерді қамтамасыз етуге байланысты екендігін білдіреді.
Қазіргі күні кез келген қоғам алдында жеке мүдделерін жалпы мүдделермен келістіру міндеті тұр. Нью-Йоркте (2001 ж. 11 қараша), Мәскеуде (2002 ж. 23-26 қазан) және Солтүстік Осетияның Бесланда (2004 ж. 1-3 қыркүйек) болған оқиғалар көрсеткендей, халықаралық терроризмге әлемдегі ешқандай мемлекет жеке дара қарсы тұра алмайды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың тұжырымы бойынша, «әлемдік қауымдастық тек бірігеді немесе бірігуге талпынады, алайда бұл болғанға дейін… барлық мемлекеттің бірігуіне жәрдемдесетін ғаламдық құрылыстың әмбебап нысаны жоқ және болмайды… жаһанданудың барлық нысандарына қолданылатын тегіс бәрін қамтитын идеялар да, конструктивті механизм де болмайды» /1/. Шынында да, жаһандану қазіргі күні адамзаттың өркениеті үшін жаңа қауіп-қатер төндіреді, өте баяу әсер етеді және оның туындау себептерін жоюға бағытталған барабар шараларды қабылдамайды. Трансұлттық қылмыс, оның ішінде халықаралық терроризм, жаһандану нәтижесінде туындаған болып табылады.
Сондықтан халықаралық сипаттағы қылмыстармен күрес, ең алдымен, халықаралық қауымдастық мүдделерін қамтамасыз етуді талап етеді, өйткені халықаралық көлемде құқықтық тәртіп пен әрбір мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты. Бұл Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы - Интерполдың өз қызметін іске асыруда «идеология, технология және ғылымда өзгерістерге және ұлттыққа шектелмейтін айқын қауіпке қарамастан» /2/ Интерполға мүше мемлекеттердің орталық ұлттық бюро мүдделерін ескеруі қажет. Жалпы игілікке талпынуды халықаралық қатынастарда ғана қамтамасыз етуге болады. Осы уақытта халықаралық қатынастарда көбінесе өз азаматтарына қарсы, сондай-ақ бүкіл адамзат қауымдастығының мүдделеріне қарсы бағытталған ұлттық мүдделер ретінде жасырылатын шектен тыс индивидуализм фактілері кездесетінін ескеруіміз керек.
Халықаралық сипаттағы қылмыстармен байланысты туындайтын әлеуметтік құбылыстарға объективті келісті атай отырып, Қазақстанның жаһандық қауіпсіздік пен халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз етуде маңызды үлес қосатындығын айтуға болады. Барлық әлемде бейбітшілік пен тыныштықты сақтай отырып, БҰҰ жетекші халықаралық ұйымдарында, оның ішінде Интерполға белсенді қатысады.
Жоғарыда аталған жағдайлардың негізінде, Интерпол қызметінің проблемалары мен даму болашақтары тақырыбы зерттеу үшін өзекті болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Зерттеу кезінде М. Әлімов, В. И. Самарин, В. С. Овчинский, Н. Ф. Кузнецова, Г. М. Миньковский, И. Ш. Борчашвили, К. А. Антимиров, Г. С. Богатырева, Н. Л. Богданов, Ф. М. Решетников, Л. А. Моджорян, А. И. Долгова, С. В. Дьяков, Ж. Баишев, К. Шакиров, С. Д. Әбікенов, Б. С. Карикболов, Д. Ж. Балтабаев, Р. И. Османова және т. б. жұмыстарының материалдары пайдаланылды.
Жалпы алғанда, қазақстандық ғылыми әдебиеттерде Интерпол тақырыбы жеткілікті зерттелген, алайда Интерпол қызметін нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету проблемасы кешенді түрде ашылмаған, сондай-ақ аталған ұйымның практикалық қызметінің проблемалары толық зерттелмеген. Интерпол қызметін халықаралық терроризммен күрес аспектісінде тұтасымен, тереңінен зерттелген ғылыми жұмыс А. Б. Тоқсанбаевтың «Интерпол и международный терроризм: проблемы, тенденции развития и противодействие» (Алматы, 2004) атты монографиясы болып табылады. Бұл жұмыста халықаралық терроризмнің алдын алу және оны тоқтату мәселелері, оның құқықтық табиғатының мәселелері мен халықаралық терроризммен күресте Қазақстан Республикасы Ұлттық Интерпол орталық бюросы қызметінің құқықтық проблемалары зерттелген.
Ресей әдебиеттерінде Интерпол тақырыбы барынша егжей-тегжейлі зерттелген, бірақ көбінесе оған Ресейдің қатысуы ұстанымында қарастырылады.
Диплом жұмысының мақсаты : Интерполдың, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Интерпол орталық бюросы қызметінің проблемалары мен болашақтарын зерттеу.
Атаған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді шешу керек:
- Интерполдың беделін халықаралық ұйым ретінде ашып көрсету;
- Халықаралық қылмыстық полиция ұйымдарының қылмыспен күрестің құқықтық проблемаларын талдау;
- Қазақстан Республикасының халықаралық қылмыстық полиция қызметіндегі үлесін жетілдіру жолдарын қарастыру.
Зерттеу объектісі мемлекеттердің қылмыспен күрес бойынша халықаралық-құқықтық қатынастары болып табылады.
Зерттеу тақырыбы - Интерпол халықаралық қылмыстық полиция ұйымы.
Әдіснамасы. Зерттеу кезінде салыстыру-құқықтық, логикалық-заң, жүйелі талдау және кейбір басқа жалпы ғылыми және арнаулы таным әдістері қолданылды. Зерттеудің нормативтік-құқықтық базасын Қазақстан Республикасы Конституциясы ережелері, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексі және Қазақстан Республикасы Қылмыстық Іс жүргізу кодексі, заңдар және заң күшіндегі нормативтік құқықтық актілер құрайды.
Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, бес тармақтан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Жұмыс құрылымы жүргізілген зерттеудің мақсаттары мен міндеттері есебінен анықталды.
1. Интерпол беделі халықаралық ұйым ретінде
1. 1 Интерпол құрудың халықаралық-құқықтық негіздері
Қазіргі таңда экономикалық және қаржы салаларының (қоғам мен мемлекет өмірінде шешуші маңызы бар) жаһандану жағдайында кез келген мемлекет алдында, оның ішінде Қазақстан алдында өз мүдделерін жалпы мүдделермен келістіру міндеті тұр. Халықаралық қауымдастықтың ортақ мүдделері - бұл әртүрлі мемлекеттердің сәйкес келетін мүдделері ғана емес, сонымен қатар, мемлекеттердің әлеуметтік-саяси жүйелеріндегі әр түрлілікке қарамастан, қоғамның ерекше әлеуметтік-саяси құрылуы ретіндегі қажеттіліктері болып табылады. Сондықтан, мемлекеттердің жалпы мүдделерін қамтамасыз ету проблемалары қазіргі халықаралық құқық үшін ерекше маңызы бар. Бұл жалпы мүдделер Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысында бекітілген:
- тиімді ұжымдық шаралар жолымен халықаралық ұйымдардың құрамына енетін мемлекеттердің қоғамдық және ұлттық қауіпсіздігін қолдау;
- өзара мүдделі мемлекеттер арасында достастық және өзара тиімді қатынастарды дамыту;
- халықаралық ынтымақтастықты гуманитарлық сипаттағы проблемаларды шешу мақсатында жүзеге асыру /3/.
Жоғарыда аталған мүдделер жалпы халықаралық қауымдастықпен және үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдар нысанында қызмет ететін тиісті халықаралық ұйымдармен қорғалады. Мысалы, халықаралық сипаттағы қылмыстармен күресте барлық мүдделі мемлекеттердің қызметін ұйымдастыру мен үйлестіруге шақыратын үкіметаралық ұйым - Интерпол халықаралық қылмыстық полиция ұйымы болып табылады. Мемлекеттердің осындай үкіметаралық халықаралық полиция ұйымымен ынтымақтастықта болу қажеттілігі барынша күшейген трансұлттық қылмыстардың «» мен ықпалдасуына байланысты туындайды.
Халықаралық сипаттағы қылмыстармен күрес бойынша қылмыстық әділет салаларындағы мемлекеттердің ынтымақтастығында Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы - Интерпол айрықша орын алады. Қылмыспен күресте Интерпол өзінің қатысуын оған ғана тән нысандарда білдіреді және өзіне ғана қолжетімді құралдармен іске асырады.
Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы, көбінесе «Интерпол» деген атымен көпшілікке белгілі, қазіргі уақытта алдыңғы қатарлы халықаралық полиция ұйымы болып табылады. Аталған ұйым өзінің бірегей құрылымының, құқықтық базасы мен техникалық жарақтандырылуының арқасында Интерполға мүше мемлекеттердің ұлттық орталық бюросының қызметін ұйымдастыру мен үйлестіруге бейімделген.
Халықаралық қылмыстық құқық полициясы (ең алғашқы атауы) Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесімен (ЭКОӘЛК) үкіметтік емес ұйым ретінде қаралды.
1889 жылы Халықаралық қылмыстық құқық одағының құрылтай мәжілісі болды, оған қатысушылар халықаралық масштабта халықаралық қылмыстың туындауын белгіледі және әр түрлі мемлекеттердің полиция қызметтерін оның алын алу мен болдырмау мәселесі бойынша келісілген әрекеттерге шақырды.
1905 жылы герман тілді мемлекеттердің криминалистерінің халықаралық конференциясында халықаралық қылмысқа қарсы күресте полиция қызметтерінің күштерін біріктіру әрекеті жасалды. Гамбургте өткен 10-халықаралық қауымдастықта криминалистер туризм мен шетелдік саяхаттарға сұраныстың өсуі халықаралық қылмыстың жаңа нысандарының пайда болуына мүмкіндік беретінін дәлелдейтін қарарды қабылдады.
Қарарда халықаралық қылмыстың дамуына мүмкіндік беретін себептер мен жағдайларды зерттеу, сондай-ақ қылмыскерлердің қылмысқа қарсы әрекеттерін болдырмау мақсатында бірлескен халықаралық акцияларды қабылдау керек. Кездесудің қорытындысы бойынша Қауымдастыққа қатысушылар барлық мемлекеттерде полиция бөлімшелерінің құрамында халықаралық қылмыс туралы ақпаратпен алмасу орталық бюросын құру қажет деген шешімге келді.
Халықаралық сипаттағы қылмыстармен күрестің проблемалы мәселелері кеңінен талқыланған осыған ұқсас халықаралық конференциялар мен конгрестер кейінгі жылдары да өткізілді: 1905 ж. (Буэнос-Айрес) ; 1909ж. (Мадрид) ; 1910 ж. (Буэнос-Айрес) ; 1912 ж. (Сан-Пауло, Берлин) ; 1913 ж. (Вашингтон) . Осы халықаралық конференцияларда форумға қатысушылар барлық үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдардың назарын халықаралық қылмыспен күрес бойынша халықаралық полиция ұйымдарын құру проблемасына аудартты.
1914 жылы 14-інен 20 сәуір аралығында Монакода өткен бірінші Халықаралық криминалистика полициясы конгресінде Франция, Италия, Ресей, Австрия және Ұлыбританияның қылмыстық полиция өкілдері қатысты. Конгресте талқылауға мынадай мәселелер қойылды: қылмыскерлердің экстрадиция рәсімдерін біріздендіру; халықаралық превентивті (ескерту) антропометрия; халықаралық қылмыстық ақпаратты есепке алу бөлімін құру, сондай-ақ қылмыскерлерді қамауды жеделдету және оңайлату шараларын әзірлеу. Кездесу қорытындысы бойынша Конгреске қатысушылар Монако үкіметіне Парижде жеке куәліктердің бір ізге түсірілген стандарттарын әзірлеу бойынша және халықаралық қылмыстарды теңдестіру бірыңғай халықаралық бюро ұйымдарын ұйымдастыру бойынша халықаралық комиссия құру бастамасын өзіне алуын өтінді. Алайда, бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы Монакода қабылданған барлық қарарларды нәтижесіз қалдырды.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін халықаралық полиция ұйымына деген қажеттілік ұлғая бастады. Бұл қылмыстылық көлемдерінің ұлғаюымен, әлемдік қауымдастықта қылмыстардан материалдық және өзге де шығындардың ұлғаюымен байланысты болды. Сонымен қатар, әрбір мемлекеттің ұлттық құқық қорғау органдары тарапынан қылмыстылықпен күрес тиімділігі өте төмен болды.
Ешбір мемлекет өз күшімен халықаралық сипаттағы қылмыстарға, әсіресе оның аса қауіпті түрлеріне: жасырын есірткі сатуға; өнер туындыларын, тарихи құндылықтарды ұрлау және оның контрабандасы; жалған ақша жасау және тағы басқаларына қарсы тұра алмады. Сондықтан қажеттіліктің ұлғаюы, көптеген мүдделі мемлекеттердің халықаралық қылмысқа қарсы бірлескен әрекеттерді жүзеге асыру мақсатында құқық қорғау органдарының күштерін біріктіру өзін-өзі ақтады /4/.
1923 жылдың 3-6 қыркүйек аралығында Венада Халықаралық полиция конгресі құрылды. Осы конгресс шақырылымының бастамашысы Австрия полицай - президенті Иоганн Шобер болды. Оның бастамасы бойынша және австрия үкіметінің қолдауымен Австрияның орналасқан орнымен Халықаралық қылмыстық комиссия мекемелері туралы шешім қабылданды. Конгрестің күн тәртібіне келесі мәселелер қойылды: қылмыстық полиция органдарының мемлекетаралық байланыстарын ұйымдастыру; қылмыстылықпен тиімді күресті жөнге келтіру; қылмыскерлерді беру; құқық қорғау органдарының халықаралық, іскер тілін енгізу; криминалистикалық ғылымды дамыту.
Вен конгресінің шешіміне сәйкес қатысушы мемлекеттер өз мемлекеттерінде ұлттық полицей орталықтарын құруға міндеттенді. Бұл форумға бүкіл континенттен келген (Австралиядан басқа) барлық делегаттар өздерінің үкіметтік мекемелерінен талқылау нәтижесі бойынша ешқандай міндеттеу шешімдерін қабылдамау туралы нұсқау алғанымен, осы конгресте Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясы құрылды (ХҚПК) . Басқаша айтқанда, 1923 жылғы 6 қыркүйекте (туған күні) Интерполдың құрылған күні деп есептеледі. Халықаралық полиция ұйымының атауында «комиссия» терминін қолдану ол жеке халықаралық полиция ұйымы туралы емес, халықаралық полиция конгрестерінің көмекші органы туралы екендігін ғана білдіреді.
Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясы 1924 жылы біздің пікірімізше, оның дамуының стратегиясын ұзақ жылдарға анықтап берген өте маңызды қарарды қабылдады. Бұл халықаралық қылмыстылық туралы фактілерді жинау бойынша ақпараттық бөлімдерді құру туралы; қылмыскерлерді халықаралық іздестіру мен дәлелдемелер жүйесін әзірлеу туралы; адамдарды қашықтықтан идентификациялау бойынша бөлімдерді ұйымдастыру туралы; жалған банкноттар мен құжаттарды айқындау мен оның алдын алу бойынша бірлескен бағдарламаларды құру туралы шешімдер.
Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясы 1930 жылға дейін австрия үкіметінің толық қаржылық қолдауымен қызмет еткенін атап өткеніміз жөн.
Халықаралық қылмыстық полицияны ұйымдастыру мен қызметі мәселелері бойынша ХҚПК кезекті конгрестері мынадай мемлекеттерде өтті: Вена (1934 жылы) ; Копенгаген (1935 жылы) ; Белград (1936 жылы) ; Лондон (1937 жылы) ; Бухарест (1938 жылы) . Сонымен қатар, Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясының даму тарихында жағымсыз сәттер де болды, 1940 жылдан екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына дейін Комиссияның қызметін неміс қауіпсіздік қызметтері жүзеге асырды, олар өздерінің қылмыстық ниеттерін жүзеге асыру мақсатында оның мұрағаттарын барынша пайдаланды.
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін бірқатар батыс елдерінің полиция қызметтерінің басшылары Халықаралық қылмыстық полиция қызметін қайта жандандыруға бағытталған шараларды қабылдады. Соғыстан кейінгі Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясының конгресін әзірлеу және өткізу бастамасын Ф. Луваж (соғысқа дейін Бельгия комиссиясының құрамында болды, Әділет министрлігінің бас инспекторы), Г. Содерман (белгілі швед криминалисі, соғысқа дейін комиссияда істеді), Р. М. Хау (ағылшын Скотланд - Ярда басшысы), М. Луне Дюкло (Ішкі істер министрлігі жанындағы француз криминалды полициясының директоры, Сюрте насьональ) және В. Мюллер (Швейцария астанасы Берн қаласының полиция президенті) өз мойындарына алды. Осы уақытта Ф. Луваждың сіңірген еңбектерін ерекше атап өту керек, ол өз үкіметінен шақыратын мемлекет Бельгия болуына қол жеткізді. Соған орай, 1946 жылғы 3 маусым және 5 маусым аралығында 1938 жылдан бірде-бір мәжіліс өткізбеген Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясын қайта құру мақсатында Брюссельде әлемнің 17 мемлекетінен полиция ведомстволарының өкілдері жиналды.
Конгреске қатысушылардың барлығы Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясын қайта қалпына келтіру қажет деген бір ойда болды. Бұл конгресте 19 мемлекет өздерінің Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясына қатысуды қайта жандандырды және бекітті. Бұдан басқа, комиссияның штаб-пәтерін Парижге ауыстыру туралы шешім қабылданды, мұнда Францияның Ішкі істер министрлігі комиссияны құруда және қызметіне жәрдемдесуде ерекше көмек көрсетті (ғимарат ұсынды, персоналды ұстау бойынша шығындардың жартысын өзіне алды және комиссияның штаб-пәтерде жұмыс істеуі үшін басқару персоналымен қамтамасыз етті) .
Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясы 1946 жылы Уақытша ереже (бұрынғы 1923 жылы қабылданған Жарғының орнына) қабылдады. Осы кезеңнің ерекшелігі практикада Жарғы да, Уақытша ереже де қызмет етті. Егер Жарғының қызметі оның комиссияның құрылтай құжаты болып табылатындығымен түсіндіріледі, алайда халықаралық құқық тұрғысынан халықаралық сипаттағы қылмыстармен күрес бойынша халықаралық полиция ұйымдарын фактісін бекіту қажет болатын құрылтай актісінің түсінігіне сәйкес келмейді, ал Уақытша ереже халықаралық қауымдастықтар-мен халықаралық құқықтық акт ретінде мүлде қабылданбады.
Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясының Бас Ассамблеясының 20-шы сессиясында байқаушылар ретінде америка қазынашылық қызметінің өкілдері (1951 жылғы қатысушы мемлекеттер тізімінде АҚШ болмаса да) қатысты. Бұл Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясында Федералды тергеу-іздестіру бюросының (ФБР) орнын ресми түрде АҚШ Қаржы министрлігінің Құпия қазынашылық қызметі басты. Бұл қызметтің ерекшелігі (ФБР өзінің негізін салушыдан басқа) ол азаматтық қызмет құрамында қызмет етті. Сондай-ақ, қазынашылық қызметі құқық қорғау органдарына ешқандай қатысы болған жоқ, алайда оның қызметтерінің ішінде жалған ақша мен құнды қағаздарды жасаумен күрес те болды.
1954 жылы Стамбулда Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясының 24-ші жыл сайынғы сессиясына қатысушылар жаңа жарғы жобасын әзірлеу туралы шешімін қабылдады. Осындай шешімді қабылдау қажеттілігі көптеген мемлекеттерде Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясының құқықтық мәртебесі мен әкімшілік-құқықтық ережесін бағалауда айқын қарама-қайшылықтар байқалды. Бұдан басқа, бұл уақытқа комиссия халықаралық құқық субъектісі ретінде ресми тіркелген нақты шынайы халықаралық полиция ұйымымен санаспады.
Біріккен Ұлттар Ұйымында Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясы халықаралық үкіметтік емес ұйым ретінде ғана тіркелді. Сонда халықаралық нормативтік құқықтық актілерге сәйкес халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың негізгі белгілері ұлттық қоғамдық ұйымдардың, жеке тұлғалардың немесе жекелеген қалалардың бірлестігі болып табылады.
Алайда, Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясының құрылтай құжаттарында бекітілген ұйымдастыру-құқықтық нысанында аталған белгілер болған жоқ. Сонымен қатар, ХҚПК Жарғысында оған мүше болу ережесі анық көрсетілмеген.
Бұл анық еместік Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясын үкіметтік емес халықаралық ұйымдардың қатарына жатқызудың нақты себептерінің бірі болды. Сонымен бірге, «Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясы» сөз тіркесіндегі «комиссия» сөзі оның қолданылуына қарама-қайшы келді, өйткені халықаралық практикада «комиссия» термині қандай да бір басқа ұйым құрамында қызмет ететін және оған бағынатын ұйымды білдіреді. Сондықтан «комиссия» сөзі сол уақытта алынған шынайы мемлекеттік мәртебесіне, құзыретіне, өзге мемлекеттермен өзара қарым-қатынасының сипатына іс жүзінде сәйкес келмеді.
Жоғарыда айтылған Жарғы нормаларындағы ақтаңдақтар Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясының қызметін, оның халықаралық сипаттағы қылмыстармен күресте мемлекеттердің қатысуы мен ынтымақтастығы рөлін кеңейту және жетілдірудегі тежеуші факторлар болды.
1956 жылы Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясының Бас Ассамблеясының мерейтойлы 25-ші сессиясында Венада полиция Ұйымының жаңа Жарғысы қабылданды. Жаңа Жарғыны әзірлеушілер оған, ең алдымен, 1923 жылғы Жарғыда жетіспеген құрылтайшы нормативтік құқықтық акті сапасын беруге тырысты. Жаңа Жарғыда, Ұйымдардың мүшелік деңгейі сияқты біздің пікірімізше, өте маңызды мәселе жартылай шешілуіне қарамастан, ол құрылтайшы құжаты болды. Бұл құжатта Ұйымның құзыреті, оның мақсаты мен міндеттері, халықаралық сипаттағы қылмыстармен халықаралық күреске қатысу принциптері барынша жете мөлшерленген, әрбір құрылымдық бөлімшенің құрылымы, қызметтері, олардың өзара бағыныстылық жүйесі, басқару шешімдерін қабылдау тәртібі нақты анықталды.
Жаңа Жарғының айрықша ерекшелігі «Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясы» атауындағы «комиссия» сөзі «ұйым» сөзімен ауыстырылды. Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының (Интерпол) жаңа Жарғысының 1-бабында «Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясы» деп аталған ұйым» алдағы уақытта: «Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы» - Интерпол деп аталады /5/. Интерпол Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы ретінде 1956 жылы Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясының Бас Ассамблеясында қабылданған Жарғы негізінен бастап әрекет етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz