Кепілдің құқықтық мәні


М а з м ұ н ы :
Қазақстан Республикасында кепілдік қатынастарды
құқықтық қамтамасыз ету. . . . .
Кіріспе
Өзектілігі: Мемлекетіміз Тәуелсіздік алған кезден бастап және еліміз нарықтық экономикалық реформалар жағдайына көшуіне байланысты кәсіпкерлік қызметті қолдау мен қорғаудың маңызы арта түсуде. Осы тұрғыдан алып қарағанда, азаматтық құқық саласының кепілдік институтының маңызы арта түсуде. Осыған дейін Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті заң тұрғысында қолдау мен қорғаудың маңызы аса өзекті сипатқа ие болып отыр. Себебі, Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті реттеу мен қолдаудың құқықтық негіздерінің мәні мен мазмұнының нарық жағдайында сандаған еседе арта түсуде.
Осы орайда айта кету керек, осыған дейін Қазақстан Республикасында ең аса сұраныспен қолданылатын тауарлардың бірі болып жылжымайтын мүлік болып табылатындығы белгілі. Жалпы жылжымайтын мүлікті кепілге беру арқылы несие алудың қазіргі кездегі әлеуметтік әрі экономикалық мәні бірнеше есеге аса арта түсті деп айтуға толық негіз бар.
Қоғамдағы демократияландырудың бастама сәті жаңа дәуірінде құрылған құқық жүйесінің азаматтық құқықтық бастамасын өзгерту болып табылады. Егер біз өз мақсатымызды жүзеге асыруда дамуымыздың ішкі және сыртқы факторларын таразыласақ, онда біздің дұрыс бағыт алуымызға мүмкіндік бар .
Қазақстан Республикасында соңғы жылдары әлеуметтік, экономикалық және саяси жүйелер өзгеріп экономика нарық кезеңге көшті.
Еліміздегі жүргізіліп жатқан құқықтық реформаларды әр саланы қамтып, азаматтардың күнделікті өмір сүруіне қажетті құқықтық жағдай туғызды. Соның бірі ретінде Қазақстан Республикасында қолданып жүрген нормативтік құқықтық актілердің қолданыс аясы бойынша көлемдігі азаматтық құқық болып табылады.
Еліміз нарықтық экономикаға өту саласында мемлекеттік шектік монополистік ролінен негізгі өндірушіден елімізде шығарылған тауарларды жеткізушіге және бөлушіге және жеке бөлушіге экономикалық қатынастарды жүргізу аясын кеңейтуге тыйым салудан бас тартты және азаматтық құқықтық мүліктік қатынастарды реттеу аясының кең көлемде жүргізілуіне жол ашты.
Азаматтық құқықтық қатынасқа түсушілер арасында белгілі бір шартты міндеттемелік қатынастар арасында құқықтық жағдайы болды, бұл қатынасты реттеуге міндеттемелік құқық қолданылады. Міндеттемелік құқықпен нақты тұлғалар арасындағы құқықтық қатынасты реттейтін яғни бір тұлға басқа тұлғадан белгілі бір әрекетті жасауға талап етуге, ал екінші тұлға мұнда қойылатын талапты орындауға міндетті мәнін белгілейтін құқық саласы екенін көрсетеді.
Кепіл классикалық азаматтық-құқықтық институттардың бірі ретінде рим құқығынан өз бастамасын алатын, өзінің көп ғасырлық тарихына ие. Кеңестік құқықта кепіл нақтылы сипатта болады. Себебі экономиканың барлық аясына мемлекеттік монополия орнатылғандықтан, оның дамуында тежелеу байқалады. Атап айтқанда, бұл жағдай мемлекеттік кәсіпорындардың көбеюінде, банкілік аяда коммерциялық несие берудің жоқтығында, мемлекеттік кәсіпорындардың құқықтық қабілеттілігінің шектелуінде, олардың негізгі қорларынан ақы өндіріп алуға заңмен тыйым салынуында және тағы басқа кері факторлар нәтижесінде кепіл институты өз мәнін төмендете бастады және жөнді қолданыс таппады.
Қазақстанның егемендігін алғаннан кейін және экономикада нарықтық өзгерістер жолын таңдағаннан кейін міндеттемелік құқықтың, сонымен бірге міндеттеменің атқарылуын қамтамасыз ету әдістерінің рөлі өсе бастады. Қазіргі жағдайда экономика үшін өтпелі кезеңге сай кері әсерлер, атап айтқанда, инфляция, өндірістің дамуының төмендеуі, шығарылған тауарларға, көрсетілген қызметпен жасалған жұмыстарға мезгілінде ақы төлемеу, міндеттеменің атқаруын қамтамасыз етудің бұрыннан белгілі әдістерінің кеңімен қолдану, мысалы, тұрақсыздық, өз мәнін өтеу қаржысы болмаса, айып немесе өсім төлеу үшін ақша қаражатын қайдан алады.
Бұл мағынада кепілдің келесі басымдылықтары бар: біріншіден, мүлікті кепілге салу шарты борышқор несие берушімен есеп айырысқанша осы мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді. Кепілге салынған мүліктің бағасы инфляция деңгейі өсуіне сай пропорционалды өсіп отырады. Екіншіден, борышқордың мүлкін кепілге салу несие беруші кепіл ұстаушының басқа несие берушілер алдында кепіл мәні есебінен өз талаптарын қанағаттандырудың басымдылық мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Үшіншіден, мүліктен айырылып қалу нақты қаупі борышқор үшін өз міндеттерін тиісті түрде атқаруға жақсы ынталандыру болып табылады.
Сонымен, кепіл міндеттемелердің атқаруын қамтамасыз ету әдістерінің арасында айрықша орын алады және оның қолданылуы кәсіпкерлік, сондай-ақ шаруашылық аяларында тиімді болып табылады.
Қазақстан реформаланып жатқан экономикасына адекватты жаңа заң базасын құру қажеттілігі туды. Соның нәтижесінде 27. 12. 1994 жылы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің жалпы бөлімі бірқатар нормативтік-құқықтық құжаттар (атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президентінің 23. 12. 1995 жылғы “Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы” заң күші бар жарлығы) қабылданды, олар арқылы кепіл институтын реттеуде елеулі өзгерістер жүрді, осылар берілген жұмыста қаралады.
Осы жұмыстың мақсаты - бұл Қазақстан Республикасындағы кепіл институтын және оның біздің мемлекетімізде практикалық қолданылуын зерттеу.
Осы мақсатқа жету үшін алдыма келесідей міндеттер қоямын:
- міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдістері міндеттемені орындауға немесе тисінше орындауға әсер ететін мүліктік сипаттағы шаралар болып табылатындығын анықтау;
- кепілдік құқықтың пайда болуына әсер ететін фактілерді анықтау;
- кепіл институтының азаматтық құқытық қатынастардағы орнын анықтау;
- ипотеканы кепілдің бір түрі ретінде құқықтық реттеудің ерекшелігін ашып көрсету;
- ипотеканың қазіргі таңда азаматтардың өздерінің үй мәселесін шешудің негізгі бір жолы ретінде құқықтық қамтамасыз етілуін ашып көрсету;
- айналымдағы тауарларды кепілге салуды құқықтық реттеудің жағдайларын ашып көрсету;
- ломбардқа зат салудың ерекшеліктерін көрсету;
- кепіл институтының теориялық және құқықытық аспектілеріне байланысты өзекті мәселелерді жан-жақты қарастыру.
Берілген жұмыс өзінде екі тарауды мазмұндайды, олардың әрқайсысы бірнеше бөлімдерден тұрады.
1-тарау кепілдің ұғымын және құқықтың мәнін, кепілдік келісімдердің ұғымын және түрлерін және Қазақстан Республикасындағы кепіл қатынастарын құқықтық қамтамасыз етуді қамтып көрсетеді.
2-тарау құқықтық режимдерінде бір-бірінен айырмашылығы бар кепілдің жекелеген түрлеріне арналған. Атап айтқанда, кепілдің келесі түрлері:
Жылжымайтын мүлік ипотекасы;
Кепілзат және ломбардқа заттарды кепілге салу.
Осы жұмыстың негізінде заң құжаттарынан басқа, А. С. Званицкий, О. С. Иоффе, М. К. Сүлейменов, В. С. Толстой, А. А. Вишневский, С. Я. Сорокина және тағы басқа көптеген отандық, сондай-ақ шетелдік заңгер ғалымдардың еңбектері алынған.
І . МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫНЫҢ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ
- Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету әдістерінің
түсінігі және түрлері
Азаматтық құқықтың нормаларын сақтайтын қатысушылар көп жағдайда міндеттемені ерікті және тиісінше орындайды. Сонымен бірге өмірде міндеттемені орындамау немесе тиісінше орындамау орын алатыны тағы шындық.
Осыған байланысты заң міндеттеменің орындалуына арнайы шаралар қолданылады, оларды міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдістері деп атауға негіз бар. Бұл әдістер міндеттеме орындалмаған жағдайда борышқорға қосымша қарыз ретінде жүктелуден тұрады, не борышқормен қатар үшінші тұлғаны міндеттемені орындауға итермелейді. Мысалы, кепіл болушылық не мүлікті резароке қылдыру кезінде міндеттемені орындау баспаның есебінен жүргізілу (айып төлеу, кепіл), не белгілі бір ақша сомасын төлеу бойынша өкілетті органмен міндеттеменің берілуі мүмкін (кепілдік) .
Тараптарға жүктелген міндеттілерді тиісті дәрежеде орындауға әсер ететін әдістер заңдармен анықталады немесе тараптардың келісімімен бекітіледі.
Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдістерінің біразы негізі міндеттеменің сипатына байланысты болады және негізгі міндеттемені жарамсыздық кезінде немесе әрекет етуін тоқтатқан жағдайда оның маңызының да тоқтатылуы көрсетеді.
Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ететін әдістер несие берушінің мүддесіне бекітіліп және қамтамасыз етудің барлық әдістері санкция түріне жатпайтындығын көрсетеді, бірақ барлығы борышқорға тура және жанама қосымша жүктеулерді құрады. Мысалы, борышқордың кепілге салынған мүлкінің есебінен несие берушінің кепілі беру кезінде оған өзінің қарсылығын өтеуге құқылы. Бірақ осы мүліктің есебінен шығынның орнын толтыру, несие берушінің айыпталуы бойынша қосымша талабы өтелуі мүмкін. Мүлікті пайдаланудан және иеленуден алудың өзі борышқордың мүддесі жанынан қосымша кедергілер келуі мүмкін екендігін көрсетеді 1 .
Міндеттеме бойынша құқықтарды жүзеге асыру тек субъектінің еркіне ғана емес, борышқордың еркіне де байланысты болады. Міндеттемеден (шартқа негізделген) бөтеннің әрекетіне құқық пайда болуы мүмкін, яғни бұл борышқормен орындалатын әрекетті жалпы ереже бойынша міндеттемені орындауға мәжбүрлемейтін талап ету құқығын береді. Бұл ереженің бір ғана артықшылығы меншік құқығы немесе өзге де заттық құқықтарды қорғау әдістерінен шығатын заттардың жеке-анықталған қатынастарындағы міндеттеменің шын мәнінде орындалуын мәжбүрлеу мүмкіндігіне алып келеді. Міндеттемемен әрекет жасау жалпы ереже бойынша белгілі бір тәуекелдің дәрежесімен міндеттемелік қатынастар бойынша міндеттемені орындауға беруді, міндетті тұлғаның еркімен жүзеге асырылатынын белгілейді.
Міндеттемені қамтамасыз ету азаматтық құқықтың дәстүрлі институты болып табылады. Азаматтық құқықта міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдісі дегеніміз борышкер шарт бойынша өзіне алған міндеттемесін орындамаса немесе мардымсыз орындаған жағдайда несие берушілердің талаптарын қанағаттандыруға қосымша кепілдікті бекітетін заңмен немесе шартпен қарастырылған мүліктік сипаттағы арнай шара болып табылады.
Сонымен міндеттеме - құқықтық қатынастардың бір түрі болып табылғандықтан олар мәжбүрлік сипаттағы шаралармен қорғалады. Бұл шаралар өте әртүрлі және көптеген міндеттемемен бірге болғандықтан жалпы шара деп аталады. Бұл жерде барлық жағдайлар заңмен, шартпен немесе белгіленген қатынастың өзінің сипаттамасымен тыйым салуды қолдануға жататындығы айтылады.
Бірақ олардың барлық жиынына қарамастан бұл шаралар әрқашанда қажетті әрі тиімді жағдай жасауға әрекетсіз болады. Мынандай жағдай болуы мүмкін, борышқор міндеттемені орындамайды, бірақ несие берушіге ешқандай шығын келмесе, не шығын келсе, осы және басқада себептермен олардың көлемін дәлелдеу жағдайы жоқ екенін көрсетеді. Онда шығындар туралы талап тіпті ұсынылмайды немесе іске аспайтын болып қалады.
Несие берушіге шығын келгеніне және орындау құжаты бойынша борышқордағы бар мүліктің талап етілуіне қарамастан міндеттемені орындауға тапсыру үшін және арнайы сипаттама болатын қосымша шараларды қамтамасыз ету үшін міндеттемеге қатысушылардың өздерімен анықталуға жататынын заң шешеді. Егер міндеттемені тиісінше және өз уақытында орындауға ерекше мүдделі мемлекет қарайтын болса, онда міндеттеме арнайы қамтамасыз ету шараларымен не заңның тікелей көрсетуі бойынша, не міндеттеме негізінде оларға жазылған келісім бойынша қамтамасыз етіледі.
Сондай-ақ несие беруші міндеттемелік қатынас бойынша борышқормен орындалмаған міндеттемеге байланысты туындаған шығынды талап етуге құқылы. Жалпы ереже бойынша кез-келген міндеттеменің орындалуы заңға көрсетілген жағдайда орындалуын мәжбүрлеу тәртібімен міндеттеменің талап етуге немесе міндеттеменің бұзылғандығын борышқордың барлық мүлкінің есебінен өндіруге несие берушінің құқығы қамтамасыз етілгендігін білдіреді.
Заңда немесе шартта көрсетілген жағдайда міндеттеменің орындалуы қамтамасыз етудің жалпы шарасына қосымша (міндеттеменің орындауынан келген барлық шығынды борышқордың барлық өзінің мүлкінің есебінен өтеуі жауапкершілік түрінде) міндеттеменің орындалуына көмектесуші ерекше құрал ретінде қолданылады. Бұл құралдар азаматтық құқығына міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдістері деп аталады.
Азаматтық құқықта міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдістері деп - заңда және шарттарда көрсетілген мүліктің сипаттығы міндеттемені борышқордың тиісті дәрежеде орындалуына әсер ететін және несие берушінің мүддесін қорғауды жеңілдететін арнайы шаралар түсіндіріледі.
Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдістерінің басқаша түсінігін О. С. Иоффе былай деп анықтайды, міндеттеменің орындалуына қолданылатын жалпы сипаттағы шаралардан басқа, арнайы қосымша сипаттағы шаралардың кез-келген міндеттемеге қолданылмай, тек заңдар мен немесе тараптардың келісімімен ерекше түрде бекітілген міндеттемеге қолданылуын айтамыз. Бұл жердегі арнайы қамтамасыз ету шараларынан міндеттемені қамтамасыз ету әдістері деген түсінік пайда болады. 2
Сонымен қатар бұл шаралар ереже ретінде мақсатына сәйкес жиналады және былай бөлінеді:
Борышқордың жауапкершілік дәрежесінің артуы және залалдың мөлшерінің барлық немесе оның жартысынан жеңілдеуді - бұл шараға міндеттемені тиісінше орындамаған немесе орындамаған жағдайда төленетін айыппұл немесе мерзімін өткізіп алғаны үшін өсім түріндегі алып төлек кіреді;
борышқордың жауапкершіге үшінші тұлғаларға және орындауға міндетті тұлғалардың санына таратылады - бұл шараларға кепілдік және кепіл болушылық жатады;
белгілі бір заттардың есебінен несие беруші өзінің талабын қанағаттандыруға берілген артықшылық құқығы (“жекелігіне сенбеймін, заттың құнына сенемін”) - бұл шараға кепіл жатады;
борышқордың міндеттемені орындаудан бас тартқан жағдайда несие берушіден қайтарымсыз аванс алуға - бұл шараға кепілпұл жатады;
борышқордың ақшалай міндеттемені қарсы орындауға дейінгі (қарсы) немесе затты беру міндеттемесі бойынша несие берушіге міндеттемені орындамау құқығы ұсынылады - бұл шараға борышқордың мүлкін алып қалу жатады.
Міндеттемені қамтамасыз ету әдістері айып төлеу, көлемінде, кепілдік, кепіл болуышылық, кепіл немесе мүлікті алып қалу сияқты әдістермен ғана шектелмейтіндігін қажетті түрде ескеру керек.
Сонымен қатар міндеттемелік құқық туралы басқа да әрекеттерде міндеттемені қамтамасыз ету жайлы басқадай түсініктер беріліп кеткен. Соның бірінде міндеттемені қамтамсыз етудің әдістерін “қамтамасыз ету нысандары” деп көрсетіп кеткен. Осы айтылған түсінікке тоқтап кететін болсақ.
Міндеттемені қамтамасыз етудің нысандары азаматтардың арасындағы қатынастарда борышқордың міндеттемені өз еркімен немесе дұрыс орындамаған жағдайдан туындайтын құбылыстардан несие берушінің өзінің мүддесін сақтауды белгілеуге және несие берушіге оның құқығын жеңіл әрі тиімді жүзеге асыру үшін кепідік береді. “Қамтамасыз ету нысандары” кей жағдайларда басқада қызметтерді орындайтынын атап айтатын болсақ, “дәлелдемені шарт жасау фактісі ретінде жеңілдету (мысалы, азаматтардың арасындағы шартпен кепілпұлды беру), және борышқордың өзінің міндеттемесін орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамағаннан несие берушіге келетін шығынның көлемін өтеді (мұндай мән кейде айып төлеуге қоладынлады) ” .
Борышқордың міндеттемені тиісінше орындауына әсер ететін мүмкін жағдайлар болса, онда ол қамтамасыз ету әдістеріне кіреді. Міндеттемені қамтамасыз ету әдістерінің жоғарыда айтылғаннан басқа қамтамасыз ету шарасы ретінде заңда арнайы көрсетілген (мысалы, қаржыландыру шарты бойынша ақшалай талапты беру туралы шарттарды пайдалану сондай-ақ шартпен бекітілген құралдар болуы мүмкін.
Міндеттемені қамтамасыз ету әдістері жалпы қамтамасыз етілетін міндеттемеге қатынасы бойынша қосымша (акцессорлық), яғни оның заңды күйіне және дұрыстығына байланысты болып табылады. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдістерінің қосымша сипаттамасы (қамтамасыз етілген міндеттеме) негізгі міндеттемеге (басты) кей сәттерде ғана келеді. Біріншіден, тек дұрыс міндеттемелік талапты қамтамасыз етуі мүмкін, яғни заң негізінде пайда болатын талап. Екіншіден қамтамасыз етілетін міндеттемеге талапты беру құқығы негізгі міндеттемеге байланысты кезінде және көп жағдайларда осы негізгі міндеттеме бойынша қарызды беру кезінде болуы керек. Үшіншіден, негізгі міндеттеменің тоқтатылуы негіздеріне байланыссыз-ақ қамтамасыз етілген міндеттеменің тоқтатылуына әкеп соғады. Төртіншіден, негізгі міндеттеменің жарамсыздығы оның міндеттемені қамтамасыз еместігінің жарамсыздығына әкеп соғады.
Дегенмен бүл норма императивтік және басқада шарттық салдар туғызу мүмкіндігін көрсетпейді. бІрақ қамтамасыз ететін міндеттеменің жарамсыздығы қамтамасыз етілген міндеттеменің жарамсыздығына әсер етпейді, бұл басты міндеттеменің, қосымша міндеттемеден байланысының тәуелсіздігін көрсетеді.
Негізгі міндеттеменің басты ережесі сондай-ақ негізгі міндеттеменің
қосымша міндеттеменің тоқтатылуынан тәуелсіздігін бекітеді. Тек соңғы ережеден кепіл заттарын ломбардпен жүзеге асыру жағдайы және кейбір жылжымайтын мүлік ипотекасының заттарын соттан тыс мәжбүрлеу тәртібімен жүзеге асыру жағдайлары болып табылады, бұл кепіл ұстаушы арнайы кәсіпкерлік ұйымдар тарапынан өрескел пайдаланғаны үшін кепіл берушінің мүддесін қорғау бойынша заң шығарушылардың еркімен еріксіз қабылданды.
Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдістерініңғ таңдаушы тараптары не қосымша (немесе арнайы) келісімдердің, не қамтамасыз етуге жіберілген міндеттеменің өзінде жазбаша түрде жазылуы керек. Кейбір әдістер жай жазбаша емес, сонымен қатар оның жасалу нысанын нотариаттық куәландыруға және тіпті арнайы тіркеуді талап етеді. Қамтамасыз етудің барлық әдістері міндеттемелік-құқықтық сипатта болады және оның бекітілуіне негіз болып, міндеттеменің орындалуына көмектесуден тұрады. Бірақ негізгі міндеттеменің тиісінше орындалуының мақсаттарына жету құралы әр түрлі. Кей жағдайларда борышқордың жауапкершіліктен қашуы негізгі міндеттемені тиісінше орындауға әсер етеді, (айыппұл санкцияларын төлеуден), сондай-ақ басқа қауіп-қатерлер мүлікті жояды (кепіл, мүлікті ұстап қалу), егер бұлар қосымша ауыртпалықпен ұштасқанменде борышқорды осыған итермелейді. Негізгі міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдістерінің мазмұнының қалай құрылатындығына қарамастан, тек негізгі міндеттеменің орындалуына көрсетілген әдістердің көмегімен жету немесе борышқорға қосымша ауыртпалықтар жүктеу - бұлар қамтамасыз ету әдістеріне не жауапкершілік шарасының құрамына кіреді, не мұндай әдістер болып табылмайды. Мысалы, айып төлеу азаматтық құқықтық жауапкершілік шарасына жатады, ол кепіл, кепіл болушылық жауапкершілік шарасы болып табылмайды.
Борышқордың несие берушінің құқығынан айырмашылығы міндеттеме бұзылғаннан келген шығынның орнын борышқордың барлық мүлкінің есебінен толтыру, азаматтық-құқықтық жауапкершілік принципіне негізделіп, міндеттемені қамтамасыз ету үшін арнайы шараларды қолдану тез арада болмайды.
Міндеттемені қамтамасыз ету туралы жалпы ереже тек қамтамасыз ету шараларын қолдану мүмкіндігін көрсетеді. Сондай-ақ қандай да бір міндеттеме осы аталған немесе басқа да нақты әдістермен қамтамасыз етілуі үшн тараптардың келісімі немесе қамтамасыз етудің кейбір әдістері заңдар мен тараптардың келісімімен көрсетілуі мүмкін (мысалы, кепіл, айып төлеу, мүлікті ұстап қалу бұлар заңмен) ал басқалары - тараптардың келісімімен (кепіл пұл) бекітілуге жатады.
Міндеттемені қамтамасыз етудің кей әдістері (айып төлеу, кепіл пұл)
міндеттемені орындамаумен тікелей және сөзсіз байланысты болып қосымша мүлкінен айырумен, міндеттемені орындамаған немесе тиісінше орындамаған тұлғаларға жүктеліп бір уақытта заңды жауапкершілік шарасы болып табылады. Басқалары (кепіл, мүлікті алып қалу, кепілдік және кепіл болушылық) жауапкершілік шарасына жатпайды, сондай-ақ олардың қолданылуы тараптардың келісімімен немесе заңда көрсетілген міндеттемені қамтамасыз ету жағдайларына келген және олардың негізінен пайда болғанын дәлелдеудің жеке процедурасымен байланысты.
Сонымен қатар міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ететін арнайы әдістер тәжірибелік қолдану аясында бірдей емес. Мысалы, тауар жеткізуші сатып алушыға аккредиттік төлем нысанымен акцептік төлем нысанына жүйелі түрде тауар төлемін ұстайтын тұлғаның ауыстыруға құқығын көрсетеді. Бұл сатып алушымен тиісінше орындауды қамтамасыз етудің бір әдісі, оның міндетті тауарға өз уақытында төлем төлеу болып табылады. Бірақ бұл қолданыстағы заңдармен тек тауар жеткізілім қатынастарына қолданыл-ғандықтан аккредиттік нысан ақша есебінің дұрыс нысаны ретінде тараптармен таңдалып алынған жоқ. Айып төлеу сияқты қамтамасыз ету құралының бұл төлем құралынан айыпрмашылығы кез келген міндеттемеге қолданылуы мүмкін, ол кейбір әдістер заңда тікелей көрсетілген немесе бұл оның табиғатынан тыйым салынған міндеттемеге қолданылмайды 3 .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz