Компьютерлік ақпараттарға заңсыз ену субъектісі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Компьютерлік қылмыстар

Мазмұны:

Кіріспе. 2

І тарау. ЭЕТ-мен жасалатын қылмыстардың жалпы сипаттамасы. 4

1. 1. ЭЕТ-мен жасалатын қылмыстардың түсінігі. 4

1. 2. ЭЕТ-ны қолданып жасалатын қылмыстарды жасаудың тәсілдері. 9

1. 3 ЭЕТ- ды қолданып жасалатын қылмыстарды жіктеу және оның жекелеген түрлері. 12

1. Компьютерлік алаяқтық. 14

2. Бағдарламалық қарақшылық. 15

ІІ тарау. Компьютерлік ақпараттарға заңсыз ену қылмысының қылмыстық- құқықтық сипаттамасы. 17

2. 1 Компьютерлік ақпараттарға заңсыз ену қылмысының объектісі мен заты. 17

2. 2. Компьютерлік ақпараттарға заңсыз ену қылмысының объективтік және субъективтік жақтары. 20

2. 3. Компьютерлік ақпараттарға заңсыз ену субъектісі. 23

ІІІ тарау. ЭЕТ-мен жасалатын қылмыстардың алдын алу25

3. 1. ЭЕТ-мен жасалатын қылмыстардың алдын алу шаралары25

3. 2 ЭЕТ- мен жасалатын қылмыстарды тергеу ерекшеліктері. 28

Қорытынды. 31

Қолданылған әдебиеттер. 33

Кіріспе.

Еліміздің нарықтық экономикаға өту кезеңінде, мемлекетімізге экономикалық ауыртпалықтармен ғана емес, сонымен қатар, қоғамдағы қылмыстардың жаңа түрлерімен де күресудің, олардың алдын алудың қажеттігі туындап отыр - деген болатын өз сөзінде республиканың Президенті Н. Ә. Назарбаев.

ЭЕТ-ды әлеуметке, қоғамға қайшы мақсатта қолдану қоғамымызда компьютерлік қылмыстардан қорғану проблемасын, соның ішінде белгілі бір заң құжаттарын даярлап, қабылдауды алға тартты1. Қоғамдық қатынастарды қорғау құралдары ішінде қылмыстық құқық ерекше орынды алады. Құқықтың бұл саласы мемлекеттің ең қауіпті қоғамдық қатынастары (қылмыстарға) әсер ететін ең мықты құрал болып табылады. Соның ішінде, қылмыстық заңда ғана қандай іс-әрекет - қылмыс болып табылатындығы, қандай әрекет жазамен айыпталатындығы нық айқындалады. Қылмыстық заң қоғамға қауіпті іс-әрекетті бөліп көрсетеді, оның «шектерін және оған тән белгілерін" анықтайды. Осы арқылы заң сазайын тарттыру, тәртіптік және ескертушілік шараларды қолдануға негіздерді қалыптастырады.

ЭЕТ-мен жасалатын қылмыстар - біздің республикамызда да, сондай-ақ, ТМД елдерінде де жаңа ұғым, жаңа құбылыс екені ақиқат. Дегенмен де, ЭЕТ- ны қолданып жасалатын қылмыстар озық дамыған елдерде көптеп кездеседі. Шетел тәжірибесі бұл қылмыстардан келтіретін зардаптардың да жоғары екендігін көрсетеді. Мысалы, (1997ж. есеп бойынша) АҚШ- та жылына компьютерлік қылмыстардан банкілік және іскерлік электрондық құжат жұргізу аясында ғана келтірілетін зардаптар 100 млрд. долларды құраса, Ұлыбританияда - 4, 45 млрд. долларды, Батыс Еуропада - 30 млрд. доллар болып бағаланады екен. 2

Американдық криминалист Д. Б. Паркердің зерттеуі бойынша: "ЭЕТ-мен жасалатын қылмыстардың пайда болуы компьютерлердің пайда болуымен бір мезгілде, яғни 1940 ж. шыққан. "

Соңғы кезде көптеген атақты ғалымдар-социологтар мен философтар, саясаттанушылар мен заңгерлер "адамзат компьютер арқылы керемет көмекші ғана емес, сонымен бірге өзіне қарсы тұратын азулы дұшпан да тауып алып отыр" - деген пікірді жиі айтады. Бұл пікірдің өзіндік себеп-салдары да бар, өйткені, біріншіден, ЭЕТ арқылы ақша, мүлік қана ұрланып қоймайды, сонымен бірге үлкен өкінішке орай, ғылыми жаңалықтар, әдеби шығармалар, тіпті сайлаушылардың дауыстары да ұрланады. Яғни, ЭЕТ-лар қолданылатын барлық салада, барлық жүйеде бұл қылмыстардың жасалу мүмкіндіктері бар.

Ал екіншіден, бұл қылмыстардың ашылу мәселесіндегі қиындықтар. Ол біріншіден, ЭЕТ-ларды қолданып жасалатын қылмыстардың жасалу тәсілдерінің аса күрделігімен және ерекше құпиялылығымен, яғни латенттілігімен байланысты. Оған мына себептер әсер етеді - зардап шегуші коммерциялық ұйым, мекеме басшылары өз ұйымдарының беделін ойлап, ол туралы хабар бермейді. Сондай-ақ 1998 ж. дейін бұл қылмыс құрамын саралайтын қылмыстық-құқықтық негіз болмауының салдарынан тіркеу жүйелерінің толық қалыптаспағандығында.

Екіншіден, тергеушілердің, анықтама органдарының қызметкерлерінің компьютерлік сауатсыздығынан да болып отыр.

Әрине, ғылым мен техниканың озық жаңалықтарын жүзеге асыру, адамзат өмірі мен қызметіне қолайлы жағдай жасау, барлық саланы компьютерлендіру - өте қажетті әрі кезек күттірмейтін объективтік процесс. Көпшілікке белгілі Қазақстанда да, ТМД елдерінде де компьютерлендіру процесінің кешеуілдеуіне орай, қылмыстың бұл түрі де әлі қарқын ала қойған жоқ. Статистикалық мәліметтерге жүгінетін болсақ, 2000 ж. Алматы қаласы бойынша салық полициясымен, осы қылмыс түріне байланысты 4 қылмыстық іс қозғалған.

Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері.

Зерттеудіц негізгі мақсаты - компьютерді қылмыстық мақсатта қолдануда қылмыстық құқық қатынастарында туындайтын мәселелерді қарау және зерттеу, ЭЕТ-ды қолданып жасалатын қылмыстарды тергеудің теориялық ерекшеліктерін көрсету. Бұл мақсатқа жету үшін еңбек мына міндеттердің шешілуін қажет етті:

- Компьютерлендірудің маңызын ашып көрсету, оның қоғамның экономикалық құқықтық өміріне әсер етуін негіздеу;

- ЭЕТ-ні қолданып жасалатын қылмыстардың әлеуметтік жағдайын теориялық құқықтық негіздеу;

- Бұл қылмыстарды құқықтық саралаудың іс-жүргізушілік мазмұнын анықтау;

- ҚР ҚК-дегі ЭЕТ-мен жасалатын қылмыстар туралы нормаларды шетел ҚК-дегі нормалармамен салыстырмалы құқықтық талдау.

Зерттеудіц пәні болып криминологиялық детерминаттар, ЭЕТ-ларды қылмыстық мақсатта қолдану кезінде пайда болатын құқықтық қатынастарды қылмыстық құқықтық саралау және бұл қылмыс түрлерін тергеудің криминологиялық тәсілдері табылады.

Зерттеудің эмпирикалық базасын: құзіретті органдардың статистикалық мәліметтері, аналитикалық материалдар, шетел мәліметтері құрайды.

Осындай көкейкесті мәселелер осы жұмыстың жазылуына себеп болды.

І тарау. ЭЕТ-мен жасалатын қылмыстардың жалпы сипаттамасы.

1. 1. ЭЕТ-мен жасалатын қылмыстардың түсінігі.

ХХ ғ. динамикалық жағдайында қоғамымыз әртүрлі сипаттағы проблемалармен кездесуде. Оның басым көпшілігі қоғамның өзінің өмір сүруінің ең тиімді, мықты модельдерін құрумен тығыз байланысты. Бұл айтылғандар толығымен электронды техникаларды және ақпараттық техникаларды қолдану аясына да тән. Шексіз мүмкіндіктері бар ЭЕМ-нің 4 және 5-ұрпақтарының дүниеге келуі және барлық салада экономикалык, әлеуметтік, басқарушылық және күнделікті тұрмыста кең таралуы техникалық прогрестің тек қана жаңа куәсі ғана емес, сонымен қатар ЭЕМ-ді қолдануда қиянат жасаушылықпен байланысты кері жағдайлардың да қалыптасуына әкеп соқтырады.

Электрондық техникалар мен ақпараттар техникалары аясындағы құқыққа қайшы әрекеттердің қоғамға қауіптілігі олардың автоматтандырылған басқару жүйелерінің, әр түрлі бақылау жүйелеріне ЭЕМ-нің жұмысының бұзылуына, ақпараттар ресурстарының құртылуына, өзгертілуіне, көшіріліп алынуына және адамдарға мүліктік ғана емес, сонымен қатар физиологиялық зардап әкелетіндігімен де сипатталады.

ЭЕМ-нің мүмкіндіктерін салықтық қылмыстар жасауға ең алғаш қолданған адам АҚШ азаматы Альфонс Конфессор табылады. Ол 1969 жылы 620 мың долларды қалтаға баспақшы болған. Өткен ғасырдың 70-жылдарының аяғында «секьюрити пасифик бэнктен" 10 млн. доллар ұрланған, 1987 ж. АҚШ-тың 18 мыңнан астам компьютері "Пакистандык" вирус жұқтырған, 1989ж. Чикаго банкінен 69 млн. астам долларға компьютерлік ұрлық жасалмак болған. Ал 1993 ж. Ресейде 68 млрд. рубльге Ресей Ұлттық Банкінен электрондық алаяқтық қылмысы жасалған. Компьютерлік қылмыстардың қауіптілігі қоғам өмірін қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс істеуі мен транспорт және қорғаныс жүйелерінің, атом энергетика салалармен байланысқанда жоғарылай түседі. Мысалы АҚШ-та хакерлер тобы 50-ден астам автоматтандырылған банк мәліметтеріне заңсыз ену жасаған, соның ішінде Лос-Аламостық ядролық лабораторияға және басқа да Американың маңызды объектілерінің ақпараттарына заңсыз ену жасаған. Нью-Йоркте хакерлер Гриффиттис Әскери Әуе Күштерінің компьютерлік жүйе базаларына кіріп, онда сақтаулы құпия ақпараттарды ұрлап кеткен.

Р. Морис деген азаматтың әрекеттерінің салдарынан НАСА-ның, Ливерморлық ядролық зерттеу лабораториясының, АҚШ-тың ірі Университеттерінің компьютерлік орталықтарының 70-тен астам компьютер жүйелерімен 6000 астам компыотерлері вирус жұқтырған. Қылмыстық құқық және криминалистика ғылымы саласындағы шетел мамандары бұл әрекеттің қоғамға қауіптілігіне 70 ж. бастап көңіл аударды. Соның негізінде АҚШ-та Конгресс 1986 ж. "компьютер көмегімен жасалатын алаяқтықтар мен қаскұнемдіктер туралы" заң қабылдады. Англияда 1990 ж. тамызынан бастап, "компьютерді заңсыз қолдану туралы" акт күшіне енді.

Қазіргі уақытта ЭЕМ қызметіне, ақпараттарға байланысты құқықтық реттеу әртүрлі құқық, салаларымен реттеледі. Тиісті құқықтық нормалар азаматтық, әкімшілік және өзге де құқық салаларында кездеседі. Сонымен қатар біздің қоғамымызда компьютерлендіру кең орын алғандықтан объективті түрде қоғамдық қатынастарды қылмыстық құқықтық реттеуді қажет ететін деңгей қалыптасты. Сондықтан, 1997 ж. 16-шілдесіндегі ҚР ҚК-нің Ерекше бөлімінің "экономика саласындағы қылмыстар" тарауында орын алды. Бұл бап, яғни ҚР ҚК 227-бабы "компьютерлік ақпараттарға заңсыз ену және ЭЕМ үшін зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату" деп аталды. ҚК-ке 227-бапты енгізу заң шығарушының жаңа қалыптасқан қоғамдық қатынасты қылмыстық құқықтық реттеуді қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар қылмыстық жазамен қорқыту арқылы ЭЕМ-мен компьютерлік ақпараттарды заңсыз қолдану әрекеттерін барынша шектеуді көздейді.

Арнайы әдебиеттерде ҚК-тің 227-бабында көрсетілген қылмыс құрамы компьютерлік қылмыс деп аталады. Мысалы Ю. Ляпунов және В. Максимовтар осы көзқарасты ұстана отырып, компьютерлік қылмыс ретінде - машина ақпараттары қылмыстық қол сұғушылықтың заты болатын, қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті әрекет (немесе әрекетсіздікті) айтады. Ал, В. С. Комиссаров ҚК-тің 227-бабында көрсетілген қылмыс құрамын шартты түрде ғана компьютерлік қылмыс деп атауға болатындығын көрсетеді. Оның ойынша, компьютерлік қылмыс - көп аспектілі. Оның құрамына компьютер қылмыстық қол сұғушылықтың заты болып табылатын әрекеттерді де, сонымен қатар компьютер - қылмыс жасаудың техникалық құралы болып жағдайды да жатқызуға болады. Қылмыстық қол сұғушылықтың заты ретінде компьютер (аппараттық құрылым) меншікке қарсы қылмыстардың заты болып табылады да, тиісінше компьютерлерді ұрлау, бұзу және бүлдіру ҚК-тің 175, 176-баптары бойынша сараланады. Ал, компьютерде сақтаулы ақпараттық құрылым (бағдарлама, ақпарат) бұл қылмыстардың заты болып табылмайды. Өйткені, машина ақпараттары меншікке қарсы қылмыстардың негізгі критерийіне, талабына жауап бере алмайды, яғни ол физиологиялық белгіге ие емес (нақты бір нысанда объектілендірілмеген) . Машина ақпараттарының ерекшелігі де осында. Тиісінше, оны басқа мүліктер сияқты ұрлап алып кету, бүлдіру немесе жою мүмкін емес. Тек қана ол авторлык, құқықтың объектісі ретінде қаралады. Ал бұл жағдай ҚР АК-нің 972-бабының 12-тармағында көзделген. Компьютер қылмысты жасаудың техникалық құралы ретінде қару, автокөлік және өзге де техникалық құралдармен бірдей жағдайларда қарастырылады. Бұл жағдайда оны пайдаланушылық қолданушылық сипатқа ие. Мысалы, ұрлауды жеңілдету, салықтарды жауып қалу және т. б.

Құрал ретінде компьютер 1997 ж. Ресей инженері Левиннің 10 млн. долларды құрайтын операциялық қылмысты жасауда қолданғандығы мысал бола алады. Компьютерді құрал ретінде қолданудың айғағы ретінде 1996 ж. 17 ақпанда ТМД-ның қатысуымен Парламент аралық мемлекеттер Ассамблеясымен қабылданған ТМД елдерінің Модельді Кодексінің 243-бабы бола алады. Бұл бапқа сәйкес компьютерлік техникаларды қолдану арқылы жасалатын қылмыстарда ұрлық қылмыстық жауапкершілік жеке қарастырылады. Әрине, модельді кодекс ТМД елдерінің заң шығарушы органдары үшін ұсынушылық сипатқа ие екендігін көрсету керек, бірақ сонда да бұл норманың онда орын алуы қалыптасқан сот тәжірибесінің объективті көрінісі.

227-бапты Қылмыстық кодекстің "Экономикалық қызмет аясындағы" қылмыстар деп аталатын 7 тарауға кіргізе отырып, заң шығарушы бұл қылмыстардың топтық объектісі ретінде экономикалық қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды таниды.

Бұл аталған қылмыстардың ерекшелігі болып: бұл қол сұғушылықтардың заты - компьютердегі ақпараттар болып табылатындығында, ал компьютер ақпараттық құрылым ретінде-ақпаратарды сақтаушы құрал ретінде танылады.

Бұл қылмыстарды жасағанды, ақпараттарды немесе ақпарат ресурстарын қауіпсіз өндіруді, пайдалануды және таратуды қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарға зиян келтіріледі, ал бұл қылмыстар жасалғанда құрал ретінде компьютерлермен жүзеге асатындықтан, - дейді В. С. Коммисаров. Бұл қылмыстың түрлерін Ресей Федерациясының қылмыстық кодексінің 28-тарауының атауындай: "компьютерлік ақпараттар аясындағы қылмыстар деп көрсеткен жөн дейді. Бұл жерде негізгі объект ақпараттар немесе ақпарат ресурстарын қауіпсіз өндіру, пайдалану және тарату қатынастары болып табылады.

227-бапта компьютерлік ақпараттарды бұл түсініктің мазмұнын ашуды қажет етеді. Жалпы құқықта ақпарат деген түсінікте ақпарат - жүйеде болатын адамдар, заттар, фактілер, құбылыстар және процесстер туралы мәліметтерді түсінеміз. Ал, ақпарат ресурстары дегеніміз - ақпараттармен тығыз байланысты, оған жеке құжаттар, жеке құжаттар жиынтығы ақпарат жүйесіндегі (мәліметтер банкісіндегі) ақпараттар және ақпараттар жиынтығы. Бірақ, қылмыстық кодекс бұл жерде барлық ақпараттарды айтып отырған жоқ, ол тек компьютер ақпараттарын, яғни ЭЕМ-дан ажыратылмайтын ақпараттарды көрсетеді.

ЭЕМ - ақпараттық техника құралдардан, символдық және образдық ақпараттар операцияларын жасауға мүмкіндік беретін бағдарламар жасау құралдарының жиынтығын құрайды.

ЭЕМ жүйесі - бір жүйе ретінде өзара байланысты және өзара әрекет жасайтын белгілі бір функцияның атқарылуын қамтамасыз ететін жиынтық. ЭЕМ желісі - бұл байланыс каналдары арқылы байланысқан екі немесе одан да көп ЭЕМ жиынтығын құрайды. Ол локальды, (яғни бір мекеме аумағында) немесе белгілі бір халықтар (мысалы, интернет тәріздес) болуы мүмкін.

Компьютерлік не машина сақтағышында (ЭЕМ құрамдас бөлігі болып табылатын магнитті дискіде) немесе оның перифериялық құрылымында, магниттік лентада, дискіде (компактілі магниттік дискіде), магнитті оптикалық дискіде (СВ-RОМ-да) немесе ЭЕМ-нің тікелей өзінде (яғни оның есте сақтағыш құрылымдарында) болуы мүмкін.

Қылмыс құрамы затының міндетті элементі бола отырып, ақпарат әр түрлі құқықтық статуста болуы мүмкін. Қылмыстық кодекстің 227- бабында көрсетілген компьютердегі ақпараттар бұлар, яғни бағдарламалық құрылғыларда және машина сақтағышындағы мәліметтер базаларында ЭЕМ-да, ЭЕМ жүйесінде немесе олардың желілерінде болатын заңмен қорғалатын компьютерлік ақпараттар туралы айтылады. Заңмен қорғалатын ақпараттар - бұл енуге шек қойылған, арнайы құқықтық статусы заңмен немесе өзге де нормативтік актілермен белгіленетін ақпараттар. Бұл ақпараттар адамдардың, қоғамның мемлекеттің өмірінің әр түрлі аспектілерінің белгілі бір тобына ғана тиесілі болу мүмкін. Бұнда ақпараттарды қорғаудың деңгейі мен режимі құзіреті бар органдардың арнайы заңдарды шығару ақылы белгіленеді,

Ақпараттардың келесі түрлері - жалпының қолдануындағы ақпараттар, шексіз адамдар тобына арналған ақпараттар. Бұл ақпараттарға оның сипаты жағынан енуге тиым салыну мүмкін емес.

Қылмыстық кодекстің 227- бабында көрсетілген қылмыс құрамдары ауырлығы онша емес қылмыстарға жатқызылады, яғни олардың бас бостандығынан айыру ретіндегі жазаланушылығы 5 жыл мерзімінен аспайды. Қылмысты жасаудың тәсілі, жері, уақыты мен жағдайы қылмыс құрамын саралауға әсер етпейді, бірақ қылмыстық жаза тағайындауда ескерілуі мүмкін. Кінәлі адамдар басшылыққа алуы мүмкін ниет пен мақсаттар әр түрлі болуы мүмкін. Әрі олар қылмысты саралауға әсер етпейді, олар бұзақылық ниет немесе пайдакүнемдік мақсатпен, кек алу мақсатымен және басқа да ниеттермен жасалуы мүмкін.

Компьютерлік қылмыстардың түсінігіне келгенде әр түрлі елдердің практикасынан алынған негізгі үш бағытты көрсетеді.

Бірінші бағыттың өкілдері компьютерлік қылмыстарға, компьютер қол сұғушылықтың объектісі болды ма немесе құралы болды ма оған қарамастан ЭЕТ-мен жасалған кез келген қылмыстарды жатқызады. Бұндай бағыт компьютермен келтірілетін зардап жоғары емес елдерге тән. Ол Англияға, Австралияға, Швецияға тиесілі.

Екінші бағыт негізінде Жапонияның, Швейцарияның ғалымдарымен ұсынылған, "Компьютерлік қылмыс деп, тек ақпаратты электрондық өңдеуге зиян келтірумен байланысты әрекеттерді айтады. "

Ал үшінші бағыт АҚШ, Германия елдері мүліктік қана зиян келтірумен байланысты әрекеттен де басқаларын қамтитын әрекеттерді криминализациялауды қажет деп табады. Бұл әрекеттерді жіктеумен байланыстыра отырып, оның үш түрін көрсетеді:

а) компьютерлік мүліктік қылмыстар (компьютерлік аялақтық, саботаж, шпионаж) ;

қ) жеке адамдардың құқықтарына қарсы компьютерлік қылмыстар;

б) қоғамның құқықтық құндылықтарына қарсы қылмыстар (ұлттық қауіпсіздікке) .

Комиссаровтың пікірінше ЭЕТ-мен жасалатын қылмыстар - бұл ақпараттарды және ақпарат ресурстарын қауіпсіз өндіру, сақтау, қолдану және таратумен байланысты қоғамдық қатынастарға зиян келтіретін немесе қауіп төндіретін қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік.

Ал Веховтың пікірі бойынша ЭЕТ-мен жасалатын қылмыстар - бұл қылмыстық заңмен қаралған машина ақпараттары қылмыстық қол сұғушылықтың объекгісі болып табылатын қоғамға қауіпті әрекет. Бұл жерде қылмыстың заты мен құралы - машиналық ақпарат, компьютерлік жүйе немесе компьютерлік жиілік болып табылады және де ол бұл қылмыстардың ерекшелігі ретінде компьютер бір уақытта қылмысты жасаудың заты да құралы да бола алады дейді. Бұл мәселе төңірегінде отандық және шетелдік ғылыми жұмыстары мен басылымдарын талдай отырып, мынадай қорытындыға келуге болады: қазіргі уақытта бұл мәселеге қатысты екі негізгі ғылыми ойлар бар.

Зерттеушілердің бір бөлігі компьютерлік қылмыстар ретінде компьютер қылмыстық қол сұғушылықтың не объектісі болып табылатын, не қолсұғушылықтың заты болып табылатын заңға қайшы әрекеттерді атайды. Бұл жерде компьютердің өзін ұрлау компьютерлік қылмыстарды жасаудың бір тәсілі болып табылады.

Екінші топтың зерттеушілері компьютерлік қылмыстарға ақпараттарды автоматтық өңдеу аясындағы заңға қайшы әрекеттерді жатқызады. Ал еліміздің ғалымы Б. X. Төлеубекованың берген анықтамасы бойынша ЭЕТ-ны қолданып жасалатын қылмыстар дегеніміз - бұл ЭЕТ-ны немесе ЭЕТ арқылы алынған ақпараттарды қолданып жасалатын мемлекеттің, сондай-ақ мекемелердің, ұйымдардың, қоғамдық ұйымдардың, жеке адамдардың құқықтарына, мүлікгік немесе қоғамдық мүдделеріне зиян келтіретін қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік.

Бұл ғалымның ойынша, жаңа кодекстегі бір ғана норма (227-бап) бұндай қатынастарды реттеуден тыс қалдырылған:

1) компьютерлік жүйелерді қасақана істен шығару немесе өз қызметі кезінде ұқыпсыздықтан абайсыздықта компьютерлерді істен шығару немесе компьютерлердің жұмыс істеуіне жабық түрде қарсылық көрсету (саботаж) ;

2) антивирусы бар бағдарламаларға қасақана компьютерлік вирустарды жасау, енгізу және тарату;

3) алдын ала ойластырып жасалатын бағдарламаларда тесіктер қалдырып кету.

1. 2. ЭЕТ-ны қолданып жасалатын қылмыстарды жасаудың тәсілдері.

Кез келген қылмыстардың, соның ішінде ЭЕТ-мен жасалатын қылмыстардың криминалистік сипатының маңызды және анықтаушы элементі болып, бұл қылмыстарды жасаудың тәсілдерін сипаттайтын мәліметтердің жиынтығы болып табылады. Бұл проблеманы зерттеуді отандық қылмыстық құқық және криминалистік ғылымының көптеген ғалымдары, соның ішінде Н. П. Яблоков, И. Ф. Герасимов, Г. Г. Зуйков, И. Ф. Пантелеев, А. Ф. Савкин және т. б. айналысты. Адам жүріс-тұрысының кез келген актісі секілді қылмыстар және оны жасаудың тәсілдері тікелей немесе жанамалай әсер ететін көптеген себептер мен жағдайлардың өзара әрекеттестігімен анықталады. Сондықтан, қылмыстарды жасаудың тәсілі әрқашанда көптеген маңызды факторлардың өзара әрекет етуінің салдары болып табылады. Әрекеттерде бұндай факторлардың көп болуы, қылмыскердің көптеген іздер қалдыруына әкеп соқтырады. ЭЕТ-мен жасалатын қылмыстар бойынша бізге қылмыскер оқиға болған жерге қашан келгендігі, одан қашан кеткендігі, өз құқықтарын пайдаланды ма, қандай кәсіпқойлық деңгейде пайдаланғандығын көрсететін іздердің маңызы жоғары болады.

Компьютерлік ақпараттарға заңсыз ену әдетте, өзге есімді қолдану, техникалық құрылғылардың физикалық адрестерін өзгерту, есептерді шығарып болғаннан кейін қалған ақпараттарды пайдалану, бағдарламалық қамтамаларды фиксациялау, ақпараттар алып жүру құрылғыларын ұрлау, мәліметтерді беру каналдарына жазу аппараттарын орнату арқылы жүзеге асырылады.

Бөтеннің ақпарат жиілігіне заңсыз енуді әдетке айналдырушыларды - хакерлер, электронды корсарлар, компьютерлік қарақшылар деп атайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компьютерлік қылмыстардың криминологиялық сипаттамасы
Желілерде компьютерлік ақпараттарды қорғау мәселелері
Ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігі. Ақпаратты қорғау негіздері
Дискілерді қорғау əдістері
Ақпаратты қорғау үшін ұйымдастырылатын әрекеттері
Деректор қорының негізгі түсініктері
Компьютерлік желілердегі ақпараттық қорғау
Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау пәні бойынша дәрістердің тірек конспектісі
Ақпаратты қауіпсіздендіру негізі және объектілері
ЖЕКЕ ӨМІРГЕ ҚОЛ СҰҚПАУШЫЛЫҚТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz