Қазақтардың әдет құқығы
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
I-тарау. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттің қалыптасу
ерекшеліктері.
1.1. Қазақстан мемлекеттілігі және ұлттың қайта өрлеуі ... ..5
1.2. Өтпелі кезеңдегі мемлекеттіліктің қалыптасуы ... ... ... .16
II-тарау. Қоғамның мемлекеттік – саяси жүйесі эволюциясының басымдық
берілген бағыттары.
2.1. Қазақстандық конституционализмнің қалыптасуы – құқықтық мемлекеттің
бастауы ретінде. ... ... ... ... ... ... 22
2.2. Парламент: жетістіктер жолында. ... ... ... ... ... ... ...49
III-тарау. Қазақстан Республикасындағы сот билігінің қалыптасуы.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 53
Қорытынды. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 58
Сiлтемелер
Пайдаланылған әдебиеттер
К I Р I С П Е
Толық егемендiк пен мемлекеттiк тәуелсiздiкке қол жеткiзгеннен кейiн
Қазақстан үшiн азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құрудың аса
қажеттiлiгi туындады. Осы жолды таңдай отырып, жас мемлекет бүкiл әлемге
азаматтарының құқығы толық қорғалатын мемлекет құрғандығын жариялады.
Тәуелсiздiк жылдарында мемлекеттiлiктiң негiзiн құрайтын негiзгi
институттар өз құрамын түбегейлi өзгерттi. Қазақстан Республикасының 1995
жылғы Конституциясына сәйкес басқарудың парламенттiк-президенттiк сипаты
президенттiк сипатқа ауысты. Президенттiк институты қоғам мен мемлекет
iсiне, мемлекеттiк билiктiң үш тармағына бағыт беретiн бағдаршамға
айналды.
Заң шығару институты өз келбетiн толық өзгерттi. Бұрынғы ең басты
нормативтiк актiлердi Мемлекеттiк егемендiк туралы Декларация, Қазақстан
Республикасының Мемлекеттiк тәуелсiздiк туралы Заңы, т.б. қабылдап
келген бiр палаталы Жоғары Кеңес өз орнын екi палаталы Парламентке бердi.
Парламент өз қызметiн азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен
мүдделерiн қорғауға, демократияны дамытуға,қоғамды нарықтық экономикаға
көшiруге, жеке меншiктi енгiзуге, кәсiпкерлiк құрылымдарды қолдауға
бағыттады.
Үкiметттiң тiкелей қатысуымен атқарушы билiк те өз қызметiн атқаруда.
Ол билiк саласына экономикалық реформаларды жүргiзу, қоғамды кризистен
шығару, заңдардың орындалуын қамтамасыз етудi ұйымдастыру, күнделiктi
мемлекеттiк басқару сияқты қызметтер жүктеледi.
Өзгерiстерге сот саласы да ұшырады. Жалпы жилищное правоәне
арбитраждық соттар бiр жүйеге бiрiктiрiлiп, олар ендi Жоғары Сотқа
бағынатын болды. Бұрынығы Конституциялық Сот орнына жаңа орган
Конституциялық Кеңес келдi.
Тақырыптың өзектiлiгi сонда, құқықтық мемлекет-бiздiң болашағымыз, ол
болашаққа жол әлi жалғаса бермек, ол жол көптеген сатылардан тұрады және
оны жүзеге асырушы барлық мемлекеттiк органдардан, азаматтардан, қоғамнан
шыдамдылықты талап етедi. Мемлекеттiк қымет пен қоғамдық қызметтiң тонусын
көтеру керек, сыбайлас жемқорлықты жою да негiзгi мақсаттардың бiрi болып
табылады. Сонымен қатар, қоғамның заңи, моральдық, адамгершiлiк базистерiн
қалпына келтiру керек.
Мемлекет пен қоғам алдында қазiргi таңда өз шешiлуiн күтiп мынадай
мiндеттер тұр:
➢ Құқықты жаңарту;
➢ Азаматтарда заңға деген сыйластық сезiмдi қалыптастыру және оның
деңгейiн көтеру.
➢ Тұтас қалыптасқан құқықтық нигилизмнiң тамырына балта шауып,оның орнына
позитивтi құқытық сананы қалыптастыру.
Мiне, осы мiндеттердi орындағанда ғана бiз бүкiл механизмi толық жұмыс
атқаратын құқытық мемлекеттiң iргесiн қалай аламыз, ал бұндай мемлекеттiк
құру бiздiң аталарымыздың сан ғасырғы арманы және осы мақсатқа жету үшiн
сан боздақ қыршын болғанын да тарих та, жас ұрпақ та ұмытпақ емес.
Жұмыс барысында тарихи Қазақстандағы мемлекет пен құқықтың
қалыптасуы туралы, өтпелi кезеңдегi мемлекеттiлiктiң дамуы туралы және
қазiргi кездегi Қазақстан, оның мемлекеттiлiгiне негiз болатын билiк
институттары туралы сұрақтар қарастырылады. Жұмыста қазақстандық заңгерлер
мен тарихшылардың, сонымен қатар, ресейлiк заңгерлердiң еңбектерi
қолданылған.

1.1. Қазақстан мемлекеттілігі және ұлттың қайта өрлеуі.
Қазақ жерінде алғашқы қауымдық қоғам заманында рулық қауым пайда
болып, ұзақ ғасырлар бойы адамдар туыс, қандастығы ұйымның шеңберінде өмір
сүрді. Бұл аймақта мекендеген көшпелі тайларда мемлекеттің құрылуы
ғасырларға созылып, ол ерекше күрделі түрлер арқылы қалыптасты. Сақтар
дәуірінде көшпелі тайпалардың қоғамдық құрылымы әскери демократия түрінде
болғанын байқаймыз. Оның әлеуметтің негізін туысқан рулар, тайпалар,
тайпалар одағы құрады.
Сақтардың орнын басқан үйсіндер мен қаңлылар да Қазақстан тарихында
айқын із қалдырды. Үйсіндер мен қаңлылар тұрақты тайпалар одағын құрып,
өздеріне патшалар сайлаған. Үйсіндер одағы 190 мыңға дейін, ал қаңлылар 150
мыңға дейін әскер жинай алған.
Біздің жаңа жыл санауымыздың басында Қазақстан жеріне түркі тектес
көшпенділердің тайпалары басып кіреді (гүндер). Гүндер одағы ру көсемдері
басқарған 24 бөлшектен (рулар топтарынан) тұрған. Әрбір бөлшек өзінің ру
жасақтарын құрған. Одақ жасақтары түменге, мыңға, жүзге және ондыққа
бөлінген. Жоғарғы билік көсемдер кеңесінің қарауында болып, кеңес патшаға
бағынған. Гүндер біртін келе өздері жаулап алған тайпалармен араласып,
соларға сіңіп кетеді.
Біздің заманымыздың 546 жылы Алтай өңірін мекендеген Дұлға атты түркі
тайпасының әскери көсемі Түмін өзін қаған деп жариялап, Түрік қағанаты
құрылады. Түмін қағанның мүрагерлері түрік қағанатының жерін Солтүстік
Моңғолиядан Әмударияның төменгі ағысына дейін кеңейтті. VI-ғасырдың аяғында
Түрік қағанаты Шығыс және Батыс түрік қағанаты болып екіге бөлінеді.
Қағанат тәуелсіз саяси құрылымға айналып, ел деп аталады. Елдің
бастапқы мағынасы – тайпалар одағы, елге біріккен халық ұйымын білдірген.
Сол кезден осы күнге дейін елдің мағынасы да, атауы да өзгермеген.
Осыдан қазақтардың түп тамыры түркілерге кететінін көреміз. Түрік
қағанатының әлеуметтің құрылымы өте күрделі болған. Бұл қоғам байлардан,
шығайлардан (кедейлерден), таттардан (басыбайлылар), құлдардан,
күндерден тұрған. Күлтегін қағанның тасқа жазылған ескерткіштерінде (VII
ғасыр) мынадай аөздер бар Шығай будунығ бай қылтым - кедей халықты бай
қылдым. Ол едке құл құллығ болмыс ерті (күң күңлік болмыс ерті) - ол
кезде құлдарымыз құл иеленуші болды, күңдеріміз күңдерге ие болды. Ел
басқарушыларды бек, тархан деп атайтын. Түркі қағанатының заңдарын төру
дейтін. Төру жазба түрінде қабылданып, хақан сарайында сақталған. Қағанат
халқының аталған әлеуметтік топтар бөлінуі олардың құқықтық жағдайының тең
болмағандығын анық байқатады.
Халықтың бірқатар қалаларда тұрған, кең даланы көшенділер жайлаған.
Байлар, саудагерлер, ерекше әлеуметтік топтар болып бөлінген, олардың
құқықтары да басқаларға қарағанда артықшылық жағдайда болды. М. Қашқары
былай деп жазады: Ер құлын ұрғалы сесінді - адам құлын ұруға әзірленді.
Түркі қағанатында әскери тұтқындарды құлға айналдырған. Тұтқын алып, құл
сатар деген мақал сол заманнан қалған.
Халықтың басым көпшілігі шаруалардан, қол өнершілерден, ұсақ
алыпсатушылардан тұрған. Оларды қара бұдұн (қара халық) деп атайтын.
Қара бұдұн түркі қағанатының әлеуметтіг негізі болғандықтан, саяси
мәселелерді қарауға, шешуге тікелей қатысып отырған. Ел тайпалардан,
тайпалар рулардан құрылғандықтан, әскери құрылымы ру жасақтарынан тұрған.
Түркілер әскерді шерік деп атаған. Күлі-Чоры ескерткішінде (VII ғ.)
мынадай жазу бар: суқұс болсар черіг ітер ерті - ұрыс болғанда ол әскерді
басқаратын. М. Қашқари (XI ғ.) әскерге байланысты мақал келтіреді Алп
черікте, білге тірікте - жігіт әскерде, ақылды өмірде сыналар. Соғыс
біткен соң жасақтар өз руларына тарайтын болған.
Мемлекет басшысы қылып қағанды сайлайтын. Қағанның жарлығы мен
бұйрығыы арқылы қоғамда құқықтық тәртіп орнатылып, адамдар арасындағы
қатынастар реттелетін. Жарлық, бұйрық - ежелден белгілі құқықтық
түсініктер. Моин Шору ескерткішінде (VII ғ.) мынадай сөздер бар: Бітігін
анта иаратытдым - мен онда (тасқа) жазуға жарлық еттім. Бұйрық-жарлықты
арнайы қызметшілер жүзеге асырып отырған.
Қаған өзін құдайдың қалауымен жаратылған ерекше тұлға есептеген. Мені
тәңрі тегінен тәңрі жаратқан деп жазылған түріктің дана қағанының сөзі
Білге қаған ескерткішінде.1 Түркілерде нарықтық қатынастар кеңінен дамып,
қоғамның ішінде де, басқа елдермен де сауда-саттық үзілмеген. Мұның бір
айғағы товар деген ұғымның түркі қоғамында қалыптасуы. Товардың төркіні
табар сөзі VIII ғасырдағы түркі ескерткіштерінде кездеседі. М. Қашқари
товарды жанды, жансыз мал деп түсіндіреді. Товарға мал, еңбек
құралдары, қару-жарақтар, тұтыну заттары, қымбатты бұйымдар жатады. Товар
(байлық) ежелден түркілерде жеке меншіктің объектісі болып саналғандықтан,
оны сату, сатып алу, айырбастау, сыйға тарту, мұраға қалдыру әдетпен,
заңмен жан-жақты реттелген болатын. Көшпенділерде жер жеке меншікке
айналмаған. Жер рудың, тайпаның қарауында болғандықтан олар жерді жайлау,
қыстау, көктеу ретінде пайдаланған.
Отбасылық қатынастар түркілерде аталық құқыққа негізделіп құрылған.
Ежелден түркілерде әйелді қалың малға алу әдеті қалыптасқан. М. Қашқари
мынадай мәтел келтіреді: Қалың берсе қыз алар, керек болса қымбатқа да
алар.
Әйел үй шаруасымен айналысып, еріне, оның туысқандарына тәуелді болып
қала береді. Үй иесі – еркек – отбасының қожасы ретінде мал-мүлікке толық,
жеке иелік етеді. Үлкен ұлдары еншілерін алып, атасынан бөлініп шығатын да,
кенже ұлы қалған мал-мүлікке мұрагер болып отбасында қалатын. Қыз бала
басқа жұртқа ұзатылып, ата-анасы берген жасауымен жылап-сықтап кете барған.
Ол барған жерде бөтен рудың адамы саналғандықтан, сол елдің әдеті бойынша
ата-енесін, күйеуінің басқа туғандарын айрықша қадір тұтуға міндетті
болған. Күйеуі өлсе әмеңгерлік әдетімен оның ағасына, інісіне, олар болмаса
басқа туғанына күйеуге берілетін. Күйеуге шыққан қыздың ата-жұрты
төркіні деп есептелген. Төркін көне түркілердің төріткен (жаратқан)
деген сөзінің негізінде қалыптасқан. М. Қашқари төркінді - ана- баб еві
(ата-ана үйі) деп түсіндіреді. Қыз төркін үйге келді деп, ұзатылған
қыздың төркіндеп әкесінің үйіне келгені туралы жазады. Бұл ұғым қазақтарда
бүгінгі күнге дейін сақталған.
Көне түрік қоғамда қыдмыстың сан алуан түрлері де белгілі болатын. Кек
алу, құн, барымта т.б. қылмыстық түсініктер оларда ежелден-ақ қалыптасты.
Әсіресе, малды, мүлікті ұрлау қылмыстары кеңінен тараған. Егер жауласқан
рулар, тайпалар бір-бірінің малын, мүлкін зорлап тартып алса, оны қылмыс
емес, ерлік деп санады. Білге қаған ескерткішінде мынадай мақтаныш сөздер
жазылған: Тақут будунығ бұздым, олғын йетазын йылқысын барымын анта алтым
- Таңғұт халқын талқандады, ұлдарын, қыздарын, малын, мүлкін алдым.
Барымын (мүлкін) алудан соңыра қазақтың барымтасы қалыптасты.
Сот билігін хақан, оның өкілдері – бектер (билер) жүзеге асырып
отырған. Көне түріктерде ең кең қолданылған жаза - өлімге кесу болатын.
Қылмыскерді ұрып-соғу жазасы да жиі қолданылатын. М. Қашқари сөздігінде
бек аны қинатты, бек ұғрыны беклетті, бек аның йазуқын кечурды деге
сөз тіркестері сот билігін кім жүргізгенін, қылмыскерлерге қандай жаза
қолданылғанын аңғартады. Қанды қанмен жумас деген мақалға қарағанда, сол
заманда рулық қауымнан қалған қанді кекке шек қойылғанын байқаймыз. Кісі
өлтіргені, жарақаттағаны үшін құн төленетін әдет қалыптасты. Құн түріктің
құнла (тонау, ұрлау, тартып алу) сөзінен шыққан. Құнды қылмыскердің руы
төлейтін. Құнға ақшалай, заттай, малмен төлем белгіленген.
Түрік қағанаты ыдырағаннан кейін қимақтар мен қыпшақтардың саяси
одақтары пайда болды (VIII-X ғғ.). Олардың ішкі мемлекеттік құрылысы,
заңдар жүйесі түрік қағанатына ұқсас еді. X ғасырда Жетісу мен Шығыс
Түркістанда Қараханид хандығы қалыптасып, ол да бұрын өткен түркі
мемлекеттерінің көптеген дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының мұрагері
саналады. Мемлекетті хақан басқарып, мемлекет елге (тайпалар одағына)
бөлінді. Тайпаларды бектер басқарып, әкімшілік, сот, әскери билік солардың
қолына жинақталды. Қараханидтер ислам дінін қабылап, ол мемлекеттік дінге,
үстем идеологияға айналды.2
Ислам көбінесе, отырықшы халық арасында тарап, саяси өмірге, құқық
жүйесіне әсерін тигізді. Сол кезде түркі тілдес халықтар арасында араб,
парсы мәдениетінен саяси, құқықтық ұғымдар тарай бастады.
Ел - тайпалар одағының түсігіні болса, мемлекет - әкімшілік бөлінген
халықтың саяси ұйымы болып табылады. Осы саяси, құқықтық терминдер мен
ұғымдар біздің дәуірге дейін жетіп, қазақ халқының саяси және құқықтық
мәдениетінің төрінен өзіне лайықты орын алып отыр.
Түркі халықтарының ежелден келе жатқан мемлекеттігінің табиғи жолмен
дамуын орта ғасырларда монғол басқыншылары ұзіп, зорлықпен тоқтатып
тастады. XIII ғасырдың басында Жетісуда, Орта Азиядағы түркі мемлекеттерін
талқандап, қалаларын қиратып, гүлдене дамыған, бай мәдениетіне ойран салды.
Монғолдар жаулап алған елдерде өздерінің саяси үстемдігін орнатып,
мемлекетті әскери жүйеге негіздеп құрды. Қарулы күштер түменге (он мың),
мыңға, жүзге және ондыққа бөдініп құрылды. Осы тәртіпті түркі тайпаларына,
руларына да қолданды. Бұл әскери бөлімшелерді Шыңғысханның туғандары,
сыбайлас феодалдар басқарды. Жүзбасы, онбасы етіп Шыңғысханның жан қияр
нөкерлері тағайындалды. Шаруашылық та әскери жүйеге негізделіп
ұйымдастырылды. Хан көсемдерге, көсемдер түмен басына, түмен басы мың
басына, мың басы жүз басына көшіп-қонатын кеңістігін анықтап берді. Әр
әскер басы белгілі қарулы жасақ құрып, соғысқа аттануға міндетті болды. 3
1206 ж. Шыңғысханның ясысы аталған монғолдардың заң жинағы
қабылданды. Осы заңдар бойынша қандай да болсын теріс: өз қожасына көшіп
кеткені, әскери тәртіпті бұзғаны, болар-болмас кінәсі үшін өлім жазасы
қолданылады. Шыңғысхан жаулап алған халықтарды өз меншігі санап, оларды
ұлыстарға бөлді. Ұлыстарды басқаруға балаларын қойды. Сол кезде ұлыстар
Шыңғысхан әулетіне мирас болып қалатын дәстүр қалыптасты. XIV ғасырда
ұлыстар тәуелсіз мемлекеттерге бөлініп, Алтын Орда және Ақ Орда деген екі
мемлекет пайда болды. Қазақ жерін мекендеген тайпаларға зор әсерін тигізген
Алтын Орданың өмірі ұзаққа созылған жоқ. Алтын Орда ыдырағаннан кейін қазақ
жерінің шығысында Моғолдар мемлекеті, ал батысында Өзбек хандығы құрылды.
XV ғасырдың ортасында Өзбек хандығынан Жәнібек хан мен Керей хан бөлініп,
Моғолстанға көшіп келеді. Моғолстанның ханы Есен-Бұға оларды құшыған жайып
қарсы алып, Шу мен Жетісудің батыс өңіріне орналастырады. Жәнібек және
Керей хандармен келгендер өзбек-қазақ аталады. 1465 жылы тарихта тұңғыш рет
қазақ хандығының негізі қаланып, Жәнібектің ұлы Қасым ханның тұсында
көркейіп, қуатты мемлекетке айналады. Қасым хан қазақтың құқықтық әдеттерін
тұңғыш рет бір жүйеге келтірді. Ол заңдардың жинағын халқымыз Қасым ханның
қасқа жолы атап кетті. Бұған дейін араб басқыншыларының ықпалымен енген
шариғаттың қағидалары көшпелі халыққа жайсыз тиіп, ғасырлар бойы қалыптасқа
әдеттерге қайшы келді. Қасым хан халық бұқарасының тілегін түсініп, ежелгі
құқықтық әдеттерді қайта жаңғыртып, қоғамның талаптарына сай жүйелендірді.
Қасым ханның қасқа жолы бес тараудан тұратын: 1) мүлік заңдары (мүлікті,
жерді пайдалануға байланысты қатынастарды реттеген); 2) қылмыс заңдары
(ұрлыққа, кісі өлтіруге, тонауға, шабуылға байланысты қатынастарда
реттеген); 3) әскери заңдар (жасақ міндеті, әрдің құны); 4) елшілік
жоралары (шешендік, халықаралық қатынасында сыпайылық, әдептілік); 5)
жұртшылық заңы (ас, той, мереке кезінде қолданылатын ережелер, жасауыл,
бекеуіл міндеттері).
Қасым ханнан кейін Қазақ мемлекетің нығайтуға айтарлықтай табыстарға
жеткен Есім хан болды (1598-1645). Ол бұрынғы қазақ заңдарына, әдеттеріне
жаңададн дем беріп, әсіресе, әскери заңдарының беделін күшейтті. Бұл әрекет
жоңғар қалмақтарының басқыншылық әрекетіне тойтарыс беруге бағытталды. Есім
хан өзінің заңдар жинағында ежелгі құқықтық әдеттерді қаз қалпында
сақтағаны үшін оған халық Есім ханның ескі жолы деген ат берді.
Өз заманында Тәуке хан (1680-1718) дәуір ыңғайына сай бейімдеп қазақ
заңдарын жинап, топтастырып мемлекеттік дәрежеге көтерді. Бүл заңдар
тарихта Тәуке ханның жеті жарғысы деген атпен белгілі. Жеті жарғы
бұрынғы әдеттерге қосымша жаңа ережелер, қағидалар енгізілді. Халықтан
жиналатын салықтың мөлшері белгіленіп, қанды кекке тыйым салынып, бұл
жағдайда алынатын құнның, айыптың көлемі көрсетілді. Хан тұқымына зиян
келтіргені үшін құн мен айып жай адамдарға қарағанда жеті есе артық
төленетін болы. Сұлтандар мен билердің билігінің ауқымы анықталып, олардың
зорлық-зомбылығына шек қойылды. Әсіресе, кедей шаруалардың тұрмыс жағдайына
көбірек көңіл бөлінгенін байқаймыз. Байлар кедей туыстарына уақытша
пайдалануға аманат – мал, сауын беретін, табиғаттың апатынан (жұт,
құрғақшылық т.с.с.) зардап шеккендерге әлділер көмек – жылу көрсетуге
міндетті болған. Асар әдеттері бойынша құдық қазуға, қыстау тұрғызуға,
борыштан құтылуға туған-туысқандар бріне-бірі көмектесіп отырған.
Тұрмыс құру, отбасы мүшелері: жұбайлардың, ата-аналар мен балалардың
қарым-қатынастары ежелден қалыптасқан әдет-ғұрыптарға негізделіп, қалың мал
төлеу тұрмыс құрудың алғы шарты саналды. Әдетте, күйеуге шыққан қызына ата-
ана енші бөлмейтін, жасау берілетін. Үлкен ұлдары еншілерін алып шығатын
да, кенже ұлы ата-анасымен қалады. Некені бұзуға тек ері құқықты болды.
Үнемі азап-қорлық көріп, ол дәлелденген жағдайда ғана әйел некені бұзуға
бара алды. Әмеңгерлік әйелдің аяқ-қолын бұзған тұсаудай ұзатылған жеріне
тәуелді етті.
Даулы мәселені билер шешетін. Билерді ешкім сайлап қоймаған. Қазақтың
әдет-ғұрыптарын жетік білетін, шешен, тапқыр, халық арасында абыройлы
адамды би деп санап, даугерлер соның билігіне жүгінетін. Халық жадында
осындай ақылгөй, дана билердің: Төле би, Қазыбек би, Айтеке би т.б. есімі
сақталып қалған, ерекше құрметпен еске алынады.
Қазақтар XVIII ғ. бірінші жартысында Ресейге қосыла бастады. Бұл
жағдай жүз жылдан астам уақытқа созылды. Ресейге қосылуға қазақ халқы
мәжбүр болып, амалсыздан барды. Шығыстан Жоңғария мен Қытай, оңтүстіктен
Орта Азия хандықтары, солтүстіктен Ресей патшалығы қазақ жерін қыспаққа
алып, тынысын тарылта бастаған болатын. Қазақ халқын, жерін өзіне қосып
алып, Ресей патшалығы қазақ мемлекеттігін біржолата жойып, Қазақстанда
отаршылық басқару органдарын құрды. Қазақ халқы өзының саяси құрылымынан
айрылып, отыршылық құрсауына түсті. Отаршылық қысымына көнбей, Ресей
патшалығына қарсы шыққан Сырым Датұлы, Кенесары Қасымұлы, Исатай Тайманұлы
көтерілістерін патша әскерлерін қанға тұншықтырып, халықты талан-таражға
ұшыратты, басып, жаңыштап отырды. Патшаның отыршылық саясатына қарсы соңғы
көтеріліс 1916 жылғы маусымдағы жарлығына байланысты болып, 1917 жылғы
ақпан және қазан революциясымен ұласты. Қазақстан Ресей құрамындағы бұл
кезеңдерде адамдардың саяси құқықтары шектеліп, жақсы жерлерінен айырылды.
Отарлаушы билік өз алдына Қазақстанды орыстандыру мәселелсін қойды.
20 ғасырдың бастапқы кезеңінде ұлт-азаттық көтерілістер бой көтере
бастады. 1905 жылғы Ресейде болған оқиға билікке қысым жасаудың жаңа
әдістерін қолдануға мүмкіндік берді.
Орталық Ресейдегі патша саясатына деген қарсылықтар қарулы
қақтығыстарға дейін апарып , нәтижесінде патша билігі басқару жүйесін
өзгертуге мәжбүр болды. 1905 жылы 17 қазанда Манифест жарияланды. Онда
Ресейде азаматтардың жеке құқықтары мен сөз бостандықтарының, жиналыстар
жасауға және одақтарға бірігуге деген құқықтардың сақталуы қамтамасыз
етілетіндігі қарастырылған. Маңызды жаңалық патша заңдарын талдаушы
өкілетті орган- Мемлекеттік Думаны сайлау туралы мәселе болды. 1906 жылғы
23 сәуірдегі заңға сәйкес екі палаталы парламент құрылды. Жоғары палатасы-
Мемлекеттік Кеңес болды. Төменгі палатасы-Мемлекеттік Дума төрт бағытта:
жер иеленуші, қалалық, шаруа және жұмысшы негізде сайланды. Мемлекеттік
Думаның басты қарастыратын сұрақтары аграрлық мәселелер болғандықтан оны
шешуде патша үкіметінің көңілінен шықпағаннан кейін 1906 жылдың 9
шілдесінде І Мемлекеттік Думаны таратып, ІІ Мемлекеттік Думаны құру
жөніндегі Манифест жарияланды.
ІІ Мемлекеттік Думаны сайлау туралы Ережеде Қазақстанның сайлау
құқығынан айырылған еңбекшілердің құқықтарын қалпына келтіруде өзгерістер
енгізілді. Өз саясатын жүзеге асырушы Дума болады деген патша үкіметінің
сенімі ақталмады. Сайлау нәтижесінде Ресейлік әлеуметтік-демократиялық
жұмысшы партиясы жеңіске жетеді де ІІ Дума алғашқысына қарағанда анағұрлым
оппозициялық бағытта болды.
ІІ Мемлекеттік Думаның басты мәселелерінің бірі – аграрлық мәселе
болды. Дума депутаттары шаруалар қолындағы жақсы деген жерлерді орталық
қорға алуға қарсы болды.
1907 жылдың 3 маусымында патша үкіметі ІІ Думаны таратуға Манифест
шығарды. 20 ғасырдың бас кезіндегі Қазақстандағы құқықтың қалыптасуы үш
негізгі бастауға негізделді: 1. Қазақстанда әрекет еткен жалпы империялық
заңдар.
2. Патша үкіметінің арнайы Ресей империясының бодандығындағы
территориялар үшін шығарған құқықтық нормалары.
3. Қазақтардың әдет құқығы.
19 ғасырдың аяғында қабылданған Ереже , сондай-ақ 1867-68
жылдарындағы Уақытша Ереже көшпелі қазақтардың иелігіндегі жерлерді
мемлекеттік меншік деп таныды. 1891 жылғы Ереже бойынша қазақ қауымдарына
жерлерін 30 жылға дейін жалдауға рұқсат етілді. Осы кезеңде Қазақстанда
жалдану, сауда-саттық шарттары дами бастады. Сауда-саттық мәселесінде
қазақтар мал шаруашылығы өнімдерімен есеп айырысты. Отбасы құқығындағы айта
кететін өзгеріс- бұл 1902 жылдан бастап отбасы-неке істері жалпы империялық
соттың қарауына берілді.
Бұл кезеңдегі Қазақстанда әрекет етуші қылмыстық заңдар 1885 жылы
және 1903 жылы қабылданған империя заңдары болды. Бұл заңдар бойынша
қазақтар басқару тәртібіне қарсы қылмыстары, азаматтық заңдарды бұзғаны
үшін, зорлау, кісі өлтіру, ұрлық , басқа да қылмыстары үшін қылмыстық
жауапкершілікке тартылды. Қазақстанның әскери жағдайлар орнаған
облыстарында әскери және төтенше заңдар қолданылды. Бұл заңдар бойынша өлім
жазасы, каторга жұмысына жіберу жазалары қолданылды. Қылмыстық заңдар ұлт-
азаттық және революциялық қозғалыстарды тұншықтыру үшін қолданылды.
1864 жылы патша үкіметі Қазақстанға негізгі сот реформасын енгізді.
1898 жылдың 19 маусымында Дала және Түркістан генерал-губернаторлығы
территориясында 1864 жылғы сот жарғыларын қолдану туралы Ереже бойынша
Сырдария, Семей, Жетісу, Орал, Торғай және Ақмола облыстарында округтық
соттар құрылды. Бұл соттар осыған дейін әрекет еткен облыстық соттарды
алмастырды.
Округтық сот жалпы соттардың бірінші сатысы болды және ол екі
бөлімнен- тәждік соттан және қосымша заседатель сотынан тұрды.
Сот палаталары екінші сот сатысы ретінде қызмет етті. Жергілікті
соттар да құрылды.
1905-1907 жылдардағы орыс революциясы кезеңінде Қазақстанда негізгі
сот органы ретінде әскери және әскери-далалық соттар әрекет етті.
Қарастырылып отырған кезеңдегі билер сотында өзгерістер бола қойған
жоқ, тек билер сотының қарауынан отбасы-неке істерін және қылмыстық
істердің басым бөлігін алып тастады.
1917 жылы 27 ақпандағы Ресейдегі буржуазиялық-демократиялық
революция жеңісі Қазақстан еңбекшілері үшін де үлкен жетістік болды. Қазақ
депутаттарының Кеңесі және шаруалар Кеңесі құрылып, бұлар халық билігінің
жаңа органы ретінде танылды. Кеңестер еңбекшілер жағдайын жақсарту
мақсатында жұмыстана бастады. Кеңес жұмыстарының негізгі бағыттары-
империалистік соғыстарды тоқтатып, бейбітшілік орнату, сегіз сағаттық жұмыс
күнін орнату, помещиктердің жерлерін конфискелеу, тегін білім алу, еңбек
жағдайларын жақсарту, жалақыны өсіру, қазақ шаруаларының жерлерін тартып
алуды тоқтату, ұлттық мәселелерді шешу болды.
Кеңеспен бірге Уақытша Үкімет құрылды. Уақытша Үкімет
облыс және уездерді басқару үшін комиссарлар тағайындады.
Болыстарды , ауылдарды бұрынғысынша болыс басқармасы мен
ауыл старшындары басқарды. Уақытша Үкімет буржуазия мүддесін көздей отырып
халыққа қарсы саясат жүргізді. Уақытша Үкімет Қазақстандағы сот жүйесін
бұрынғы қалпында қалдырды.
Ресейге қосылғаннан кейін Қазақстанның экономикалық және
саяси өмірі айтарлықтай өзгерді. Табиғи қазба байлықтарын тонау күшейе
түсті.
1.2. Өтпелі кезеңдегі мемлекеттіліктің қалыптасуы.
1917 ж. Қазан социалистік революциясы қазақ халқының өміріне түбегейлі
өзгерістер алып келді. Мемлекеттік билік жұмысшылары, солдаттар, шаруалар
кеңестерінің қолына көшті. Революция патша өкіметі құлдықта ұстаған барлық
халықтар азат етіледі деген ұранды паш етті. 1917 ж. 15 (2) қарашада Ресей
халықтары құқықтарының Декларациясында Кеңес өкіметінің ұлттық саясатының
негіздері жарияланды. Декларацияда бұдан былай ұлттарды бір-біріне айдап
салу саясатына тыйым салынады, елімізде тек халықтардың сеніміне
негізделген саясат жүргізіледі деп жазылды. Кеңес үкіметі өз қызметін
мынадай принциптерге сүйеніп, жүзеге асыратын болды: Ресей халықтары тең
құқықты және егеменді; Ресей халықтарының өзін-өзі билеуге, бөлініп, дербес
мемлекет құруға құқығы бар; қандайда болсын ұлттардың, ұлттық діндердің
артықшылықтары мен оларға шек қоюшылық жойылады, аз ұлттар, этникалық
топтар өз еркімен дамитын болады. 4
Ресей мен Шығыс еңбекші мұсылмандарына арналған үндеуінде (3
желтоқсан, 1917 ж.) Кеңес үкіметі мұсылмандарға, оның ішінде қазақтарға да
бұдан былай олардың дін, әдеттері, ұлттық және мәдени ұйымдары еркін
дамитын туралы уәде берді. Сендердің құқықтарын революцияның, оның
органдары жұмысшылар, солдаттар және шаруалар депутаттары Кеңестерінің
барлық күш-қуатымен қорғалады. Сондықтан бұл революцияны, оның заңды
үкіметін қолдаңыздар деп барлық еңбекшілерге жар салынды.
Қазақ халқының басым көпшілігі большевиктердің айтқанына шын ниетімен
сеніп, революциялық бастамаларды қолдады. Кеңес үкіметі алған міндеттемесін
орындауға кірісті. Қазақстанда мемлекеттік органдар құрыла бастады 1919 ж.
10 шілдеде РКФСР Халық Комиссарларының Кеңесі қазақ өлкесін басқаратын
революциялық комитет туралы декрет қабылданды. Осы декрет қазақтың кеңестік
ұлттық мемлекетінің бастапқы қадамы болған еді. Революциялық комитет қазақ
өлкесіндегі мемлекеттік билікті жүргізетін әскери-азаматтық басқару
органдары деп жарияланды. Оған жергілікті кеңес органдары тікелей бағынып,
жаңа үкіметтің саясатын жүргізу жүктелді. 192 ж. 26 тамызда қазақ
автономиялы Кеңестік социалистік республикасын құру туралы РКФСР-дің
Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар Кеңесінің декреті қабылданды.
Қазақ АКСР-ы Ресей Федерациясының бөлшегі ретінде жарияланып, оған қазақ
халқының ата жері қосылатын болды. 1924 ж. кеңестік Орта Азия
республикасының құрылып, межеленуіне байланысты Түркістан республикасының
қарауында болған қазақтар тұратын оңтүстік облыстар Қазақстан жеріне
қосылып, осы күнгі қалпына жетті.5
1920 ж. қазан айында Қазақстан Кеңестерінің I-ші съезі шақырылып, онда
Қазақ автономиялы республикасы еңбекшілерінің құқықтар Деклорациясы
қабылданды.
Бұл Деклорация қазақ автономиясының тұңғыш және негізгі заңы болып
табылады. Қазақ өлкесінде жұмысшылар, еңбекші қазақ халқы, қызыл әскерлер
депутаттары Кеңестерінің Республикасы жарияланып, барлық билік Кеңестерге
тапсырылды. Заң шығаратын, басқаратын, қадағалайтын толық билік тек еңбекші
халықтың қолына беріліп, қанаушылар мемлекеттік органдардан аластатылды.
Сонымен, әуел бастан кеңестік мемлекет тек еңбекшілердің еркін білдіріп,
мүдделерін қорғайтын саяси ұйымға айналды деп күтілді. Қазақ мемлекетігі
саясатының негізі мына тұрғыда белгіленді: барлық фабрикаларды, зауыттарды,
кеніштерді, банктерді мемлекеттік меншікке айналдыру; жерге жеке меншік
жойып, мемлекеттік билігіне беру; жер саясатын жүргізгенде патша үкіметі
тонаған қазақ шаруаларының қамын ойлау; қазақ еңбекшілерінің отырықшылыққа
көшуіне жәрдемдесу, оларды ұйымдастыру; арамтамақтарды құртып, социалистік
шаруашылықты қалыптастыруды тездету, еңбек етуді барлық азаматтардың
міндеттеріне айналдыру; еңбекшілердің жан-жақты дамуы үшін тегін білім
беруді жүзеге асыру; еңбекші халықтың денсаулығын, өмірін сақтау; әйелдерді
құлдықтан азат ету.
Декларацияда белгіленген мақсаттың біразы жүзеге асырылғанын айта кету
қажет. Сонымен қатар заңдылықтың ерескел бұзылуына жол берілді.
Декларацияға сәйкес Қазақ АКСР-інің заң шығарушы, басқарушы және сот
органдары құрылды. Заңдарды республикалық жұмысшылар, шаруалар
депутаттарының съезі, оның орталық атқарушы комитеті мен халық комиссарлар
кеңесі шығарып отырды. Халық комиссарлар кеңесі заң шығарумен қатар
басқарушы және атқарушы орган қызметін де қоса атқарды. Республикалық
жоғарғы сот құрылып, оған төрелік ету қызметі жүктелді. Әр саланы
басқаратын орталық органдар – комиссариатар, комитеттер және басқармалар
құрылды. Жергілікті органдар – Кеңестер олардың басқарушы органдары ретінде
ауылдық, болыстық, уездік және облыстық комитеттер құрылды. Сайлау құқы тек
еңбекші тобына ғана жататын азаматтарға ғана беріліп, қанаушы тап өкілдері
мемлекет органдарын сайлау және оларға тағайындалу құқығынан айрылды.
Сонымен, таза еңбекшілер мемлекеті дүниеге келді. Қазақ Кеңестік
автономиясы ұлттық мемлекеттің түрі бола отырып, қазақ жерін мекендеген
барлық ұлттар топтары еңбекшілерінің мүддесін қорғайтын саяси құрылым
ретінде қалыптасты деп есептелінді. 6. Мемлекетке тән барлық органдар
құрылып, өкілеттігі анықталып, олардың қызметі коммунистік партияның
жергілікті және Орталық Комитеттерінің қатаң басқаруымен жүргізіліп келді.
Партия оргадары қандай заңдар шығаруы керек екенін анықтап, олардың
жобаларын алдын-ала тексерістен өткізіп, қатал қадағалап отырды. Тек партия
органдары мақұлдаған адамдар Кеңестерге, сотқа сайланатын, жауапты
мемлекеттік қызметке тағайындалатын болды. орталық және жергілікті партия
органдарының ішкі құрылысы мемлекет органдары құрылысының көшірмесіндей
еді. Коммунистік партия қоғамдық-саяси ұйым болып есептелгенмен, ол іс
жүзінде мемлекетті басқарып, мемлекеттік қызметті атқаратын ұйымға айналды.
Мемлекет органдары тек партия ұйымдарының, партия басшыларының айтқанын
орындауға мәжбүр болды. коммунистік партия қайтсе де социалистік қоғам
құруды мақсат тұтып, қазақ қоғамының табиғи даму заңдылықтарымен санаспады.
Капиталистік сатыдан өтпей бірден қазақ халқын социализмге апарып
жарылқамақшы болды. Мұндай саясат өмірлік болмысқа қайшы келсе де
коммунистік партия мақсатына жету үшін мемлекет органдарының күшін
пайдаланып зорлық тәсілдерін кеңінен қолдана бастады. Коммунистік партия
Орталық Комитетінің тікелей нұсқауымен 1928 ж. бай-феодалдарды тәркілеу
туралы, 1930 ж. ауыл шаруашылығын социалистік жолға салу мақсатымен жаппай
ұйымдастыру және бай-құлақтармен күресу туралы заңдар қабылданды. Сонымен
қатар көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруалары зорлық пен
отырықшылыққа көшірілді. Осы әрекеттер қазақ халқының әлеуметтік-
экономикалық өмірінің табиғи-тариғи даму жолын кесіп тастап, әлеуметтік
топтар арасында жасанды өшпенділік туғызды. Шаруалардың құрал-жабдықтары,
мал-мүлкі зорлықпен ортақтастырылып, шаруаларға жат, қуатсыз және тиімсіз
ауыл шаруашылық жүйесі құрылды. Аталған заңдар негізінде мынадай қарапайым
кінәсіз адамдар қуғынға ұшырап, жазаланды. Бұл әрекеттерді мемлекет
органдарына жатпайтын, заңсыз құрылған – үштік, бестік (үш, бес адамнан
тұратын) ерекше мәжілістер жүзеге асырып, жазықсыз жандарды атып-асу,
түрмеге қамау, туған жерінен жер аудару шараларын аса зор қаталдықпен
жүзеге асырды. Қазақ халқының бұл Тарихи жетістіктері ұлттық апатқа
апарып соқты. Халқымыздың жартысы аштықтан, аурудан қырылып, біразы шет
елдерге ауып кетті. Халқымыздың басына төнген бұл зұлматты қызыл қырғынды
тарих беттерінен жасырып қалуға тырысқан Коммунистік партия елімізде
социалистік қоғам құрылды, еңбекшілердің қанын сүліктей сорған қанаушылар:
байлар, құлақтар жойылды, жаңадан жұмысшы табы, колхозшы шаруалар
қалыптасты, барлық байлық мемлеке, қоғам меншігіне айналып, халық игілігіне
жұмсалатын болды деп жар салды. Осындай тарихи өзгерістерге байланысты
КСРО-ның жаңа Конституциясы жасалып, соның негізінде Қазақ республикасының
да Конституциясы қабылданды. Қазақ автономиялы республикасы одақтас
республикаға айналып, КСРО құрамына егеменді бөлшек ретінде біріккен болды.
Қазақ КСР-нің Конституциясының шынында да тарихи маңызы аса зор. Қазақ
халқының өзінің зарлы да мұңды тарихында тұңғыш рет толық мәнде басы
қосылып, кең-байтақ жерінде біртұтас мемлекеттік құрылымға қолы жетті. Мұны
жоққа шығаруға болмайды. Конституцияның тағы бір қасиеті – азаматтарға
ешбір елді бұрын-соңды болмаған құқықтар, бостандықтар қамтамасыз етіледі
деп жариялануында. Бұл да ақиқат еді. Алайда, Конституцияның қағидалары
негізінен құр сөз болып қалды да, Коммунистік партия жұмысшылар мен
шаруалар және зиялылар арасынан сан мыңдаған халық жауларын әшкерелеген
болып, халықтың көбін кінәсіз қуғынға ұшыратты. Мыңдаған адамдар атылды,
концлагерьге айдалды, жер аударылды. Бұл Кеңес мемлекетінің тарихындағы
тағы бір қанды жылдары болды. Кеңес мемлекет тоталитарлы,
орталықтандырылған мемлекетке айналып кетті. Қазақ республикасы заң жүзінде
егеменді деп аталса да, іс жүзінде біртұтас әкімшілік-әміршілік әдіспен
басқарылатын Кеңестік мемлекеттің бөлшегі ретінде қала берді. Республика
халқының саясаты мен экономикасына, тұрмысына, рухани өміріне, мәдениетіне,
тіліне байланысты күрделі мәселенің біріне де мемлекетіміздің органдары өз
еркімен шеше алмады. Заңдар, қаулылар, шешімдер алдымен Мәскеудегі орталық
партия және мемлекеттік органдарда қабылданып, солардың негізінде қазақ
мемлекетінің органдары тиісті заңдар мен қаулы-қарарлар қабылдай алатын.
Сондықтан Қазақ Республикасында қабылданған заңдар КСРО заңдарынан
айнымайтын, егіздің біріндей оларға ұқсас болатын. Демек, Қазақ
Республикасы егеменді мемлекет деп аталса да, онда өз заңдарының ерекше
жүйесі қалыптасқан жоқ. Бұл жағдай бұрынғы КСРО құрамындағы барлық
республикаларға тән құбылыс еді.
1977 жылы КСРО-ның соңғы Конституциясы қабылданды. Конституция бойынша КСРО-
да кемелденген социалистік қоғам құрылып, барлық ұлттардың тарихи
бірлестігі қалыптасты деп жарияланған болатын. Сол Конституцияның негізінде
1978 жылы Қаза КСР-нің де соңғы конституциясы қабылданды. Конституция
одақтас республиканың, егеменді мемлекеттің ата заңы деп аталса да, Қазақ
республикасының егемендігі бұрынғыдан да шектеліп, Кеңестік біртұтас
мемлекеттің әкімшілік бөлшегіне айналып кетті. Оған қоса коммунистік партия
Конституцияда ашықтан ашық өзін саяси жүйенің ұйытқысы ретінде жариялап,
біржолата мемлекетпен бірігіп кетті. Партия заң бойынша мемлекеттің билікке
ие болып, өзі мемлекеттік құрылымға айналды. Бұл социалистік қоғамның
құлыдрап бара жатқан тоқырау дәуірін тоқтату үшін жасаған коммунистік
партияның соңғы жанталас әрекеті еді. Бірақ одан нәтиже болмады.

бастауы ретінде.
Қазақстан Республикасының Конституциясы – демократиялық, өркениетті
даму жолына түскен мемлекет пен қоғамның негізгі, басты нормативтік актісі.
Конституциялық қоғамның өмірдің барлық салаларын өз нәрімен сусындататын
зор ауқымды саяси-құқықтық күшті бойынша жинақтайды. Конституция
мемлекеттік және қоғамдық құрылысты, оның болашаққа бағытталған
ұйымдастырылуы мен қызметі принциптерін белгілейді. Онда адамдар мен
азаматтардың, мемлекеттің қайнар көзі және әлеуметтік негізі ретінде бүкіл
халықтың конституциялық мәртебесі бекітіледі. Конституция тек
конституциялық құқықтың ғана емес, сондай-ақ ұлттық құқықтың барлық
салаларының да қайнар көзі болып табылады. Сондықтан оған басқа нормативтік
құқықтық актілерде кездеспейтін сипаттар тән.
Конституцияны Қазақстан халқы қабылдады. Сондықтан Конституцияда
халықтың оның мәнін сипаттайтын еркі білдірілген. Социализм кезеңінде де
Конституция халықтың еркін білдіреді деп есептеді. Осыған орай халық
еңбекшілерден – жұмысшы табынан, шаруалар мен еңбек интелегенциясынан
тұратындығы атап көрсетілді. Халықты бұлайша сипаттау кез келген әлеуметтік
құбылысқа, марксшіл-лениншіл ілімге тән таптық көзқарасқа негізделді. 7
ҚР Конституциясы 1993 жылы халықтың таптық сипаттамасына тұңғыш рет
бас тартты. Онда енді жұмысшы табы туралы, шаруа және еңбек интелегенциясы
туралы сөз болған жоқ. Жалпы еңбекші термині 1993 жылғы Конституцияда да,
1995 жылғы Конституцияда да қолданылмайды. Дегенмен, Конституцияның
екеуінде де халық туралы айтылады. ҚР Конституциясында халық тұрғандардың
бүкіләлеуметтік қабатын жинақтаған тұтас әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде
ұғынылады. Осыған орай, халық ұғымы Қазақстан Конституцияна сәйкес,
біріншіден, байлық жағдайына қарай әлеуметтік қабаттарға, таптарға
бөліндеушілікті білдіреді, сөз жоқ, бұлмаңызды конституциялық фактор болып
табылады.
Конституцияда мемлекет әлеуметтік, яғни, бүкіл халықтың өкілі ретінде
танылады. Бұл мемлекеттік тұрғындардың қандай да болсын бір тобына екінші
бір тобын кемсіту арқылы басымдылық бермейтіндігін білдіреді. Мемлекет
тиісінше, олардың әоеуметтік жағдайларына қарай тұрғындардың барлық
қабаттарына қамқорлық көрсетуі тиіс. Қазақстан Респуликасының Конституциясы
бүкіл халықты әлеуметтік топтарға бөлмей, олардың құқықтарын шектемей
конституциялық-құқықтық қатынастар субъектісі ретінде таниды. Екіншіден,
халық ұғымына көпұлтты қоғам жағдайында қазақ ұлты, басқа да барлық ұлттық
топтар жатады. Бұл, мемлекеттегі бүкіл халықтың әлеуметтік базалық негізін
құрайтын қазақ ұлтына ерекше: құқықтық, саяси, әлеуметтік, экономикалық
және мәдени жеңілдіктер білдірмейтіндігін білдіреді.
Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде тану жеңілдіктер қатарына
жатпайды, тек мемлекеттік барылқ жерде және қандай да болсын ұлттық нысаны
бойынша ұлттық болып табылатын сипатына жатады.8 Орыс тілін ресми
қолданыс тілі ретінде тану да бұл салада жеңілдік берілмейтіндігін
көрсетеді.
Сөйтіп, Халықты Қазақстан Республикасының Конституциясын жасаушы деп
тану оның мәндік сипатын білдіреді. Сондықтан Қазақстан Республикасының
1995 жылғы Конституциясы: Біз Қазақстан халқы... осы Конституцияны
қабылдаймыз деген сөздермен басталады. Қазақ халқы Конституцияны
референдумның қорытындысымен қабылдады. Қазақстан Республикасы
Конституцсына өзгерістер мен толықтырулар республикалық референдум арқылы
енгізілуі мүмкін. Басқаша айтқанда, халық Конституцияны қабылдап қана
қойған жоқ, ол Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар да енгізе алады.
Әрине, Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жобасын Президент
Парламенттің қалсыныа бере алады. Алайда, мұндай жағдайда да халқы сырт
қалмайды. Парламент халықтың жоғары өкілетті органы, сондықтан ол
Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды халықтың атынан
қабылдайды.
Қазақстан халқы Конституцияна қабылдайтын бірден-бір субъект деп
танудан оның құрылтайшылық сипаты туындайды. Қазақстан халқы елдегі
мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі және егемендікті қолдаушы болып
табылады. Сондықтан ол құрылтайшылық биліктің иесі. Нақ Конституциясы
арқылы Қазақстан халқы мемлекеттік құрады, оның басқару және құрылым
нысандарын, әлеуметтік-экономикалық құрылыс негіздерін, адам мен азаматтың
мәртебесін белгілейді. Тек халық, ал халық атынан тек Парламент қана
мемлекеттің құрылым негіздеріне өзгерту енгізе алады. Сонымен бірге
Конституцияда мемлекеттіліктің мейлінше мәнді кезеңдері тұрақтылық,
біртұтастық принциптері нығайтылған. Ол – мемлекеттік құрылымның біртұтас
нысаны, басқарудың Президенттік нысаны және аумақтық тұтастық. 9
Қазақстан Республикасы Конституциясының қрылтайшылық сипаты оны
қабылдау мен оға өзгерістер енгізудің ерекше тәртібін, ұлттық құқықтық
жүйені қалыптастыру мен дамытуға мейлінше ерекше орнын, Парламен,
Президент, Үкімет үшін, лауазымды адамдар, сот органдары үшін, азаматар
үшін оның құқықтық қағидаларының еш шүбәсіздігін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының құрылтайшылық сипаты оның барлық
нормативтік қағидаларының еш шүбәсіз танылатындығынан, басқа ешбір
нормативтік құқықтық акт Конституция нормаларын ескерген, өмір шындығына
сай келмейтін деп және басқалай тани алмайды. Мұндай ерекше сипат тек
Конституцияға ғана тән. Бұл жағдайда назар аударып отырған себебіміз,
конституциялық қағидаларға атүсті айтылған сындар кейде жақсылық нышанындай
есептеледі, Конституцияның қайсыбір нормаларына, киімді ауыстырға сияқты,
өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар айталыды. Мұндай акциялар ескінің,
кеңестік кезеңнің сарқыны, ол кезде КСРО Жоғарғы Кеңесі мен мен ортақ
республикалардың Жоғарғы Кеңестерінің әр сессиясында дерлік Конституцияға
өзгерістер мен толықтырулар жеңіл енгізіле беретін. Қазақ КСР-ының 1978
жылғы Конституциясы мен де осылай болды, айналып келгенде ол ешкімге қажеті
жоқ жалаң нұсқаулық құжатқа айналды.
Әрине, бұдан Конституцияның жекелеген нормалары уақыт сынына ұшырауы,
өскелең қоұүғамдық қатынас талаптарына сай келмеуі мүмкін емес деген ой
тумаса керек. Қоғамдық қатынас ылғи да қозқалыста, өзгерісте болады,
сондықтан конституциялық нормаларды өзгерту қажеттігі де туындайды. Мұндай
процесс өтпелі үлгідегі қоғам үшін тән құбылыс. Нақ осындай қоғамда түбірлі
өзгерістер мейлінше тез және жиі жүреді. Бұл проецстің Конституцияның
жағдайына әсер етпеуі мүмкін емес. Осына ескере отырып, өткеннен де сабақ
алу керек. Конституцияның тұрақтылығын, оның беделінің жоғарылығын
қамтамасыз ету үшін мұндай қажеттілік туған жағдайда Конституцияға
өзгертулер мен толықтыруларды Конституцияға тіркеуге болатындай етіп, жеке
ерекше нормативтік акті ретінде ресімдеу керек. Мұндай көзқарастың бірқатар
сәтті жақтары бар. Біріншіден, Қазақстан Республикасы Конституциясының
құрылтайшылық сипаты сақталады. Шын мәнінде, Қазақстан Республикасының
Конституциясы, бірнеше ондаған, жүздеген жылдардадн бері өмір сүретін
мемлекеттің қатардағы кезекті Конституциясы емес. Ол жаңа құрылым және
басқару нысандары мен, қоғамның экономикалық құрылысының жаңа негіздерімен
және басқаларымен мүлдем жаңа үлгідегі мемлекетті құрды. Екіншіден, аталған
құрылтайшылық сипатына орай Қазақстан Республикасының 1995 жылғы
Конституциясы құқықтық мәдениеттің тарихи жадын бейнелейді. Ешқашан енді
мұндай Конституция болмайды. Ол Қазақстан мемлекетінің нақ қазіргі
кезеңдегі қалыптасуы мен дамуының тарихи өзгерістері аясында туды.
Сондықтан ол өзіне айрықша мұқият қарауды, нақ осындай түрінде, қабылданған
күйінде сақталуын талап етеді. Үшіншіден, ерекше құрылтайшылық сипаты мен
тарихи мәні қасиетті акт ретінде азаматтардың Конституцияға деген құрмет
сезімін қалыптастыру, бірінің соңынан бірі келетін ұрпақтардың алдында оның
беделін тұрақты көтеру үшін де маңызды. Бұл орайда, әлдеқашан ескірге
қағидалардың аз еместігіне қарамастан, оның басты актілердің негізі болып
отырған АҚШ Конституциясын еске алған жөн. Көптеген қағидаларының тек
тарихи-танымдық қана мәні бар болса да, дінге сенушілер үшін бірнеше мың
жылдар бойғы діни жазбалар қасиетті сенім сияқты есептеледі.
Бір жағынан, мемлекеттің, екінші жағынан, қоғамның негізгі заң ретінде
қолданылуы Конституцияның маңызды ерекшелігі болып табылады. Бұл халықтың
мемлекеттік биліктің қайнар көзі және қоғамның әлеуметтік базасы ретіндегі
мәртебесімен байланысты. Конституция мемлекеттік оның барлық атрибуттарымен
құрады. Ол оның егемендігін барлық элементтерімен: аумағымен, жоғарғы
билігімен, азаматтығымен, дербес заңдарымен және басқаларымен орнықтырады.
Конституция мемлекеттің, мемлекетік органдардың қоғаммен, қоғамдық
институттармен өзара қатынасының негізін қалайды. Конституция қоғамдық:
экономикалық, ұйымдық, әлеуметтік, діни, жекелік құрылыстың негіздерін
анықтайды. Сондықтан мемлекет қана емес, оның институттары да
Конституцияның құқықтық қағидаларын, идеяларын жинақтайды. Осыған
байланысты қоғам, оны құрушылар өз қызметін Конституцияға негіздеуі тиіс.
Жекелеген заңдардың қайсыбір жекелеген қоғамдық институттарға: саяси
партияларға, дінң, мәдени бірлестіктерге және басқаларына қатынасы болуы
мүмкін. Мақсаты мен әрекеті конституциялық құрылысты күштеп өзгертуді,
республиканың біртұтастығын бұзуды көздейтін қоғамдық бірлестіктер құруға
және олардың қызметіне тыйым салатын Конституцияның нормативтік ережелері
тура және тікелей қолданылады. Сондықтан құқық қорғаушы органдар осы
іспеттес құбылыстарға қарсы шара қолданғанда тікелей Конституцияны
басшылыққа алады.
Конституция қоғамдық қатынстардың базалық, түпкі негіздерін реттей
отырып, қоғам өмірінің барлық салаларын қамтымайды. Осыған байланысты
методологиялық мәні бар маңызды бір мәселеге тоқтала кеткен жөн.
Кеңестік және одан кейінгі кезеңдегі заң әдебиеттерінде құқықтық
қатынастар құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар ретінде сипатталады.
Құқық танушылар осы теориялық қағиданың дұрыстығына күдік келтірген жоқ.
Шамасы, бұлай болатаны соцализм кезінде де мемлекеттік қана емес, сондай-ақ
қоғамдық қатынастың да болғанын байқаймыз. Дегенмен, құқық қоғамдық
қатынастарды реттейді деп саналып келді. Демек, құқықтың кейбір
салаларында, айталық, мемлекеттік және әкімшілік құқықта қатынастардың
мемлекеттік сипаты танылса да мемлекеттік қатынасты қоғамдық қатынас жұтып
қойған болып шығады.
Капиталистік қатынасқа көшкен жағдайда, мемлекеттік сектормен бірге
жеке сектор қалыптасқан және ең бастысы – азаматтық қоғам және мемлекеттік
енді бәрін қамтитын рөлі жойылған кезде қатынастарды екі топқа бөліп,
бөлшектеу қажет:
1) тараптардың бірі реніде мемлекет қатысатын қатынас; менің
пікірімше, мұның қатарында мемлекеттік құқықтық-қатынастарды атауға болады.
Бұлар, билікпен және саяси құқықты бағындыру мен жүзеге асыруға қатысты
қатынастар болып табылады деп ойлаймыз;
2) таза қоғамдық, мемлекеттік институттар қатыспайтын қатынастар.
Бұлар құқықпен реттелетін таза қоғамдық қатынастар. Алайда, Конституция
құқықтық негізді белгілейтіндіктен ол бұл қатынастарға тура араласады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының әрбір адамның құқықтық
субъектілігін танитын 13-бабының 1-тармағы, міне осының мысалы болып
табылады. Әр адамның жеке-жеке, азаматтардың кез келген бірлесуі құқықтық
жағынан тікелей Конституция арқылы қорғалатындығы осының дәлелі. Құқық
қорғау органдары, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғай отырып,
Конституцияға сүйеніп қана қоймайды, оны басшылыққа алады. Сонымен бірге
азаматтардан, олардың бірлестіктерінен, барлық қоғамдық институттардан
Конституцияға құрметпен қарау талап етіледі. Конституцияның нормасын бұзу –
көпұлтты Қазақстан халқының заңды еркіне қол сұғу болып табылады.
Бұрынға КСРО ғалымдары Конституцияның қолданылу мәселесі туралы
жазбаша десе де болады. Конституцияның қолданылуы конституциялық құқықтағы
өте маңызды проблема болса да, ол мәселе жөнінде жекелеген ой түйіндері
ғана кездеседі. Оны айқындау шын мәнінде Конституцияның мемлекет, қоғам,
саяси партиялар, басқа да қоғамдық бірлестіктер, таптар, ұлттар, жекелеген
адамдар өмірінде алатын орнын түсінуге мүмкіндік береді. Сондықтан
өркениетті, демократиялық қоғамды Конституцияға, оның қолданылуына,
тиімділігіне айрықша мән беріледі. Осыған орай Конституция, оның мазмұны
туралы оны қабылданғанға дейін-ақ мұқият ойластырылады. Тиісінше,
Конституцияның мәселесі екі кезеңнен: 1) оның жобасын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz