Халықаралық жария құқықтың қайнар көздерінің түсінігі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

“Қазіргі халықаралық құқықтағы доктрина ролі”

МАЗМҰНЫ

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ1

1-тарау. Халықаралық жария құқықтың қайнар көздерінің түсінігі1

1. 1 Халықаралық құқықтың қайнар көздердің түсінігі мен түрлері. 3

1. 2 Халықаралық құқықтың қайнар көздердің жіктелуінің және саралануының өзекті мәселелері7

2-тарау. Халықаралық құқықтың қайнар көздердегі доктринаның рөлі мен орны30

2. 1. Доктринаның түсінігі мен даму тарихы33

2. 2. Қазіргі халықаралық құқық ғылымында доктринаның даулы мәселелері40

1-тарау. Халықаралық жария құқықтың қайнар көздерінің түсінігі

Халықаралық жария құқықтың қайнар көздерін сараламай тұрып, ең алдымен норма жасау проблемаларымен танысып щығу қажет. Норма жасау процесі кезінде құқық субъектілері өздерінің қызметтерінің басым бағыттарын айқындайды, яғни халықаралық құқықтың мәнін тұтас алғанда.

Латын тілінен аударғанда норма сөзі (латын norma) - міндетті деп танылған заңдастырылған заң, тәртіп, құрылым деген мағынаны білдіреді.

Кейбір құқықтық нормалардың мазмұны мен әрекет ету тетігі құқықтық емес нормалармен ұқсас болады, мысалы, халықаралық сыпайыгершілік (өнеге) нормасына ұқсайды. Аталған соңғы норма заң тұрғысынан міндетті емес, оларсыз халықаралық теңіз және дипломатиялық құқық өмір сүре алмайды. Мәселен, ашық теңіздегі кемелердің өзара салют беруі, дипломатиялық салтанат рәсімі.

Халықаралық сыпайыгершілік - меймандостық, тату көршілік актілерін, мемлекеттердің өз еркітерімен ерекше көңіл аударып, құрметтесуін көрсетеді.

Алайда халықаралық сыпайыгершілік ережелері халықаралық-құқықтық қатынастың қатысушылары үшін заңдық тұрғыда міндетті болуы да мүмкін. Мұнда жағдай халықаралық шартта да (құқықтың шартық нормасы), сондай-ақ халықаралық құқықтық дәстүрде де (құқықтың әдеттегі нормасы) бекітілуі мүмкін.

Халықаралық құқықтық нормалар ұлттық-құқықтық нормалармен тығыз байланысты, бұл тезистің дәлелі ретінде өзара әрекеттесу процесін айтуға болады (нақтырақ 1-тараудың 1, 6-тармақтарында) .

Халықарлық-құқықтық нормалар - бұл халықаралық жария құқық субьектілері тәртіптерінің белгілі бір ережелері.

Ондай нормаларға мынадай сипат тән:

  • Біріншіден, халықаралық құқық субъектілерінің арасындағы қатынастарды реттеу;
  • Екіншіден, міндетті сипаты, яғни құқықтық нормалардың заңдық күші, себебі құқықтық емес нормалардың өзіндік міндетті күші болады;
  • Үшіншіден, жалпы сипаты, яғни норманың әрекет ету көптеген жағдайларды ескере қарастырылған.

Осы заманғы халықаралық-құқық ғылымының маңызды мақсаттарының бірі халықаралық құқық нормаларының тиімділігі проблемалары болып отыр. Бұл проблеманың қолданбалы сипатта екені сөзсіз. Ол тиімділік обьектісі ретінде халықаралық субъектілердің әрекеттері, олардың құқыққа сай немесе құқыққа қайшы тәртіптерін анықтау болса, зерттеудің негізгі әдістері болып әлеуметтік әдістер табылады. Халықаралық құқықтық реттеудің соңғы нәтижесі тек субъектілердің тәртібімен емес, сонымен қатар халықаралық қатынастардың белгілі бір түрлерінің қалыптасуынан да көрінеді. Сол себепті, халықаралық жария құқықтың тиімділігін арттырудың маңызды шарттының бірі норма құру процесін жетілдіру болып табылады. Бұған, халықаралық құқықтық нормаларда халықаралық қатынастардың дамуының объективті заңдылықтары көрінгенде, нормативтік ережелердің айқындығы мен нақтылығы болғанда, құқықтығы олқылықтардың зерттегенде ғана қол жеткізуге болады. Халықаралық құқық нормаларының тиімділігін анықтағанда осы жүйенің ерекшеліктерін ескеру қажет.

БҰҰ-ның Халықаралық Сот Статутының 38-бабында келесі тағайындаулар жазылған:

“1. Халықаралық құқық негізінде шешіп сот өз шешімін келесі пунктерді қолдануы тиіс.

  1. дауласып отырған мемлекетте танылған, ережелерді орнататын жалпы және ерекше халықаралық конвенциялар;
  2. құқық норма ретінде танылған жалпы тәжірибелердің дәлелдігі екендігі халықаралық әдет-ғұрыптар;
  3. Өркениетті ұлттармен танылған, жалпы құқық қағидалары;
  4. Құқық нормаларды анықтау үшін көмекші құрал ретінде әр түрлі ұлттардың халықаралық жария құқықтың тәжірибелі мамандардың доктриналары және сот шешімдері, 59-бапта көрсетілген”.

Бұл қауым соттың ex aequa et bono ісін бойынша шешімдерді шығаруға құқығын шектемейді. Халықаралық сот статуты 1945 жылы Сан-Франциско конференциясында қабылданған Халықаралық Әділет Сотының Тұрақты Палатасы статут негізінде құрылған. Халықаралық Әділет Сотының Тұрақты Палатасы статуты Чили делегациясының талабы бойынша БҰҰ-ның халықаралық сот жаңа статутының 38-бабы толығымен көшіріп алынған. Және бұл статутта сот “сот оған берілген дауларды халықаралық құқыққа негізделе отырып шешуі тиіс”.

Құқық шығармашылық және құқықты құру (құқықты қалыптастыру) . Халықаралық құқық нормаларын қалыптастырудағы халықаралық ұйымдардың рөлін толық зерттеу үшін осы екі терминнің мазмұнын анықтау қажет. Негізінен, осы екі түсініктеме өзінің мәні бойынша бір-біріне өте ұқсас болғанымен олардың мазмұны толығымен бірдей немесе идентикалық деп айтуға болмайды. Құқықты қалыптастыруға құқықтық нормаларын құрастырудың толық процесі кіреді, бұл көлемі бойынша кеңірек ұғым болып табылады. Құқықты қалыптастыру құқық шығармашылықпен салыстырғанда ұзағырақ және толығырақ құқықты пайда болуына өз әсерін тигізетін объективті және субъективті факторларды біріктіретін процесс.

“ . . . өзінің мазмұны бойынша құқық шығармашылық құқық қалыптастырудың қорытынды, конститутивті кезеңі болып табылады . . . ”1

1. 1 Халықаралық құқықтың қайнар көздердің түсінігі мен түрлері.

“Құқықтың қайнар көздері” деген термин материалдық және ресми (заңдық) екі аспектіде қолданылады.

Халықаралық құқықтың материалдық қайнар көздері ретінде халықаралық еңбек бөлінісі нәтижесінде дамитын және халықаралық құқық нормаларын түзейтін бүкіл әлемдік экономикалық қатынастарды айтамыз. Осы заманғы халықаралық құқықтың мағынасындағы қайнар көздері - бұл оның нормалары мен қағидаларының көрінуі мен бекітілуінің ерекше, арнаулы нысан. Осы заманғы халықаралық құқықтың заңдық қайнар көздері халықаралық құқық шығармашылықта ерекше орынға ие, атап айтқанда халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаларының қалыптасу және пайда болу процесін қорытындылайды.

Халықаралық құқықтың құқық шығармашылық қызметінің нәтижесінде қажеттіліктер мен құқық құрастырушы факторлар халықаралық-құқықтық нормаға айналады, юридикалық шындықтың пайда болуына әкеліп соғады.

Құқықтың жалпы теориясында құқық шығармашылық терминінің мазмұны келесіде ашылады - объективті түрде шартталған құқықты қалыптастырудың қорытынды процесі, құқықтық нормалардың құрастырылуына, олардың кейінгі дамуына, өзгертілуіне және заң күшінен айрылуына бағытталған мемлекеттің қызметі. Анықтама берудегі үлкен айырмашылықтарына қарамастан осы түсініктемені кеңес одақ кезінде қалыптасқан құқық теориясында негізгі болып табылады. 2

Халықаралық құқық шығармашылық халықаралық құқық құру процесінің қорытынды, конститутивті бөлімі деген тезиске негізделе отырып халықаралық құқық шығармашылықты құқықты құру процесі кезеңінің қорытындылайтын жүйеленген әрекеттер тобынан тұратын құбылыс ретінде анықтауға болады. Өз кезегінде халықаралық құқық шығармашылық процесі екі кезеңінен тұрады: халықаралық құқық субъектілерімен құқық нормасының мазмұнын келістіру негізінде құрастыру және құрастырылған нормаға юридикалық заң күшімен қамтамасыз ету. Халықаралық құқықта құқық нормаға міндеттеме күшімен қамтамасыз ету процесі халықаралық құқық субъектілерінің жекеленген әрекеттері арқылы жүзеге асырылады, мәселен белгілі бір анықталған ортақ актінің негізінде.

Г. Н. Тункин “маңызды ерекшеліктердің бірі . . . деп норманы” бұл құқық жүйесі субъектілерінің өзара жасайтындығын әділ атап өткен. Осындай ерекшелігіне байланысты халықаралық құқықтағы норма құру процесін жеке мемлекеттердің ұлттық құқықтарындағы норма құру процесімен салыстырғанда әлдеқайда күрделі болып шыға келеді. 3

Халықаралық құқықтық нормалар санының артуы оларды жіктеу қажеттілігіне әкеледі. Оның ішінде көп таралғаны бұл нормалардың шартық және әдеттегі болып бөлінуі. Дегенмен, оның күрделілігіне және көп қырлылығына байланысты басқа да маңызды белгілерді ескеру қажеттілігі туындады:

А) әрекет ету өрісі бойынша - әмбебаптық, аумақтық, пакртикулярлы (бытыраңқы) .

Әмбебаптық нормалардың болуы халықаралық әмбебап актілерімен қамтамасыз етіледі, олар халықаралық құқықтың көпшілік мақұлдаған нормалары деген атқа ие. Әмбебап нормалар БҰҰ Жарғысында, 1970 жылы халықаралық құқық қағидаларының Декларациясында бар, БҰҰ Бас Ассамблеясының көптеген қарарлары көпшілік мемлекеттердің оның заңдық күшін қабылдағанынан кейін халықаралық құқықтық көпшілік таныған нормасына айналады. Әмбебап нормалардың негізгі айырмашылық белгісі олардың әрекет етуінің әмбебаптығы жалпыға бірдей міндетті күші болып табылады. Әмбебап норма ғана императивті бола алады және ерекше әмбебап міндеттемелерді жасай алады.

Әмбебап және аймақтық құқықтық нормалар өзара байланысты және олардың тиімділігінің маңызды мәні болып табылады. БҰҰ Жарғысында “Аймақтық келісімдер” деген арнайы VII тарау бар. Халықаралық құқықтың аймақтық нормаларының көбеюіне отарлау нәтижесінде тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы себеп болды. Аймақтықтың себебі әлеуметтік және саяси факторларға ғана емес, сонымен қатар жаңа факторларға да байланысты. Жаңа құқықтық нормалар аймақтық деңгейде жеңілірек жасалады. Осы деңгейде, сондай-ақ әмбебап нормаларды жүзеге асыру да анағұрлым тиімді.

Доктринада және тәжірибеде партикулярлық (бытыраңқы) құқықтық нормалар белгілі. Партикулярлық термині (латынша particularize - ішінара, жеке) оқшауланған жергілікті деген мағынаны береді, яғни жалпы мемлекеттікке қарама-қарсы деген сөз. Қарастырылып жатқан контексте бұл әмбебап нормаларға қарағанда шектелген сипатта әрекет ететін нормаларды білдіреді. Құқықтық нормалардың мұндай түрлері белгілі бір географиялық орынмен, шекарамен, арналармен байланысты нақтылықты қажет еткен жағдайларда қолданылады. Ұлттар Лигасының халықаралық әділ сотының Тұрақты Палатысының тәжірибесі, кейінірек БҰҰ Халықаралық Сотының тәжірибелері партикулярлық әдеттегі нормалардың бар екенін растап берді. Партикулярлық нормаларда жалпылық сипаты жоқ, дегенмен құқықпен тығыз байланысты болады. Партикулярлық нормалар жалпы халықаралық құқықтан пайда болған және халықаралық құқық негізінде қызмет етеді.

Б) Заңи күші бойынша - императивтік және диспозитивтік.

Халықаралық құқық доктринасы “императивтік норма” және “Jus Cogens” терминдерін тең дәрежеде қолданады. Императивтік нормалардың пайда болуының алғышарттарын БҰҰ жарғысы жасады, мәселен 2-баптың 6-тармағы, 106-бап. Онан әрі бұл тұжырымдаманы халықаралық шарттардың құқықтары туралы Вена конвенциясы дамытты. Халықаралық құқық комиссиясы императивтік нормалардың құқықтық табиғатын егжей-тегжей талқылады. Жалпы, халықаралық құқықтың императивтік нормаларына халықаралық құқықтың негізгі қағидалары; әлемдік бірлестіктердің халықаралық құқықтың қол жеткізген адамгершілік стандарттарын - әділдік, адал ниет қағидаларын тарихи түрде бекітетін құқықтар мен нормалар; қол жеткізген гумандық деңгейді бекітетін - адамзат құқығы, халықтар, аз ұлттар құқығы жөніндегі, соғыс құрбандарын қорғау жөніндегі қағидалар; атмосфераны жалпылай ластауға, жер бетін, теңіздерді былғауға тыйым салатын қағидалар мен нормалар; халықаралық кеңістіктердің, ашық теңіздердің, ғарыштың, Антарктиканың режимін айқындайтын қағидалар мен нормаларды жатқызуға болады. 4

Диспозитивтік нормалар халықаралық құқық субъектілерінің арасындағы келісім нәтижесінде тәртіп ережелерінен ауытқуға мүмкіндік береді . Диспозитивтік нормалар мынадай болып көріну мүмкін: “Тараптар келісімімен өзгеше көзделмесе, тараптардың . . . мүмкіндігі бар” - дегендей. Нормалардың диспозитивтігі шектелген міндетті күшімен емес, субъектілердің өздерінің ара қатынасын жалпы нормада бекітілгеннен басқаша реттеу құқығы көрсетеді. Мәселен, халықаралық экономикалық қатынастар аумағында 1980 жылы халықаралық сатып алу-сату шарттары туралы Конвенцияның 6-бабында диспозитивтік норма бар: тараптар Конвенцияны қолданбауы да мүмкін немесе 12-баптың талаптарын сақтағанда, оның кез келген ережелерінен бас тартуға немесе оның әрекет етуін өзгертуге құқылы, - делінген.

В) Халықаралық құқықтың реттеу тетігі қызметі бойынша материалдық және іс жүргізушілік.

Халықаралық құқықтағы іс жүргізу нормаларының мәні ұлттық жүйеден өзгешелеу. Ондай нормаларды арнайы заң шығарушы және құқықты қолданушы мекемелер шығарады және іске асырады.

Ал халықаралық құқықтың іс жүргізу нормаларын негізінен алғанда, құқық субъектілерінің өздері шығарады және іске асырады, яғни материалдық және іс жүргізу нормаларының елеулі ерекшеліктері жоқ.

Халықаралық құқық Комиссиясы құқық қолдану процесін қажет ететін қандай да бір Конвенцияны дайындау барысында іс жүргізу нормаларының проблемалары туындайды. Сонымен қатар материалдық нормаларды қолдану мәселелері де бір мезгілде шешіле береді.

Басқаша айтқанда, іс жүргізу нормаларына туындайды және олардың әрекет етуіне қызмет етеді. Халықаралық жария құқықта іс жүргізу нормалары ұлттық құқықтың саласы - мемлекеттік, әкімшілік салалары сияқты жеке салаға бөлінбейді. Олар құқықтың жалпы жүйесінде де, сондай-ақ нақты халықаралық - құқықтық актілерді де материалдық нормалармен өзара байланысты.

Г) Халықаралық-құқықтық нормалардың басқа түрлері.

Нормаларды жүйелеуге байланысты көптеген негіздер бар. Мәселен, олар тыйым салатын, міндеттейтін, құқық беретін нормалар. Бұлай бөлуге заңи тәртіптің деңгейі негіз болады. Мысал ретінде, халықаралық қатынастардың қатысушылары бекіткен, оларға қосылған немесе қабылдаған халықаралық шарттарды айтуға болады.

Сілтемелік (бланкеттік) халықаралық-құқықтық нормалар басқа нормаларда көзделген ережелерді басшылыққа алуға міндеттейді. Мұнан басқа, құқықтық емес нормаларға да сілтемелер жасалуы мүмкін. Мысалы, Халықаралық Сот Статутының 38-бабында, тараптар келіскен жағдайда дауларды әділдік бастамасымен қарау қарастырылған.

“Құқықтың қайнар көздері” деген термин материалдық және ресми (заңдық) екі аспектіде қолданылады.

Халықаралық құқықтың материалдық қайнар көздері ретінде халықаралық еңбек бөлінісі нәтижесінде дамитын және халықаралық құқық нормаларын түзейтін бүкіл әлемдік экономикалық қатынастарды айтамыз. Осы заманғы халықаралық құқықтың мағынасындағы қайнар көздері - бұл оның нормалары мен қағидаларының көрінуі мен бекітілуінің ерекше, арнаулы нысан. Осы заманғы халықаралық құқықтың заңдық қайнар көздері халықаралық құқық шығармашылықта ерекше орынға ие, атап айтқанда халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаларының қалыптасу және пайда болу процесін қорытындылайды.

Сөйтіп, халықаралық құқықтың қайнар көздерінің - заңи мағынасы - бұл, оның субъектілердің келісілген еркін білдіретін халықаралық құқық нормаларына айналған мысалдар.

Қайнар көздердің жүйесі негізгі және көмекші болып екіге бөлінеді. Негізгіге мыналар жатады:

  • Халықаралық шарт;
  • Халықаралық дәстүр;

Халықаралық құқықтың көмекші қайнар көздеріне мыналар жатады:

  • Халықаралық ұйымдардың шешімдері мен қарарлары;
  • Халықаралық Соттың және Төрелік соттың шешімдері;
  • Мемлекеттің ішкі заңдары, ұлттық соттарының шешімдері;
  • Халықаралық құқықтағы ғалымдар доктринасы;
  • “өркениетті ұлттар таныған құқықтың жалпы қағидалары”.

Халықаралық құқықтың өзіндік қайнар көздері болып табылмағанмен де, бұл қайнар көздер, біріншіден, халықаралық-құқықтық нормалардың жасалу процесінде белгілі бір сатылары болып табылады; екіншіден, заң шығару процесі барысына әсерін тигізеді; үшіншіден, халықаралық құқық нормаларының бар болуы немесе мазмұнын бекітеді.

1. 2 Халықаралық құқықтың қайнар көздердің жіктелуінің және саралануының өзекті мәселелері

Халықаралық шарт шарттасушы тараптар үшін құқықтар мен міндеттер түзеді, бұлар оның заң нормаларында бекітіледі. Осы қайнар көз халықаралық құқықтың негізгі қағидаларына сәйкес келетін заң нормаларын жасайды. Халықаралық құқық нормаларын жасайтын мемлекеттердің келісілетін еріктері аяқталған нысанда болғанда шарт жасалады. Соңғы жағдайда біз мемлекеттер арасында жасалатын келісімдерді де айта аламыз. Ол үшін ереже бойынша жазбаша бекітілген немесе ауызша айтылатын белгілі бір мәтін болу керек. Халықаралық құқық доктринасы халықаралық шарттардың құқыққа сай болуының басты белгісі ретінде оларды жасау барысындағы еріктілікті айтады. Сондай-ақ, шарт тиісті мемлекеттердің тең құқылы ерік білдіруі болып табылған жағдайда құқықтың қайнар көзі болып саналуы мүмкін. Халықаралық шарттың құқықтық табиғатына, жасалу сатыларына “Халықаралық шарттар құқығы” деген тақырып шеңберінде қарастырылады.

Халықаралық құқықта ең негізгі болып халықаралық шарт және халықаралық әдет-ғұрып екені мен айтып өткен болатынмын. Халықаралық шарт мәдени, саяси, экономикалық қатынастардағы мемлекеттердің ынтымақтастығының юридикалық формасы және де олар хаттамалармен айырылысу, ноталармен айырмасу, коммюнике, бірлескен өтініш декларация, конвенция, пактілер, протоколдар, келісімдер, трактаттар, шарттар деп аталады. Мемлекеттің бейбіт сүрудің негізгі юридикалық формасы - тәуелсіз теңдік немесе кедергі жасамау бастамалары - демократиялық негізінде жасасқан халықаралық шарт.

Халықаралық құқықтың қайнар көздері болып халықаралық құқықта екі жақты және көп жақты шарттар болып табылады. Нормалар мен қағидалар, халықаралық құқықта екі жақты шартты жасасқан осы екі мемлекетке міндетті болып табылады, яғни егер үшінші мемлекет осы шартқа қосылған болса, онда оның шарттары бұл мемлекеттерге міндетті болады, яғни жалпыға бірдей халықаралық нормалар болып саналады. Мысалы, АҚШ пен Ұлы Британия арасындағы Атланта хартиясына, кейінірек бұл шартқа КСРО мен басқа да мемлекеттер қосылды.

Барлық халықаралық шарттар, халықтардың сана сезіміне сәйкес реттеу объектілеріне қарамастан және халықаралық жалпыға бірдей танылған принциптерге сәйкес жасасқан шарттар, халықаралық құқықтың қайнар көзі болып саналады. Сондықтан да халықаралық шарттарды екіге бөлуге болады: құқық жасаушы және құқық жасаушы емес. Мысалы, мәмілелер-шарттар.

Революция дейінгі орыстардың халықаралық құқық саласындағы маманы Ф. Мартенс жазып өткен болатын, мемлекеттердің халықаралық коммерциялық сауда қатынастардағы халықаралық екі жақты шарттар халықаралық құқық норма құруға мүмкіндігі жоқ, бірақ жалпы ережелерден туындайтын нормалары болуы мүмкін. “Халықаралық жағымды құқықтың қайнар көздерінің негізгі қайнар көзі ретінде мемлекет арасындағы жеке келісімдер болуы мүмкін. ”5

Халықаралық шарттар өте маңызды және құқық жасаушы ретінде, халықаралық құқық дамуына үлкен әсерін тигізеді . Екі жақты шарттар екі мемлекет арасындағы ғана байланысты үлкен бір ереже немесе принципте де жазылмаған норманы ішінде сақтайды, “шарт жасасқан тараптар шартты орындауы тиіс” туралы ереже. Бұл партнерлардың ерігі, шарттың міндеттілігінің негізі болып саналады. Халықаралық шарттың “pacta sunt servanda” нормасы құқық жасаушы ереже ретінде халықаралық шартта міндеттеуші сипатын береді. Бұл норманың шарттың міндеттеуші күші деген деп Кельсен жазған. 6

Көп жақты шарттар - мемлекеттер мүше болған халықаралық құқықтың жалпы принциптері мен нормаларын бекітеді . Қазіргі кездегі көп жақты шарттардың ең маңыздысы және құқық жасаушы мінезге иелі шарт ол БҰҰ жарғысы болып табылады. 7

Халықаралық дәстүр шарттан кейін екінші орынға ие, бұрындары ол басым дәрежеге ие болатын. Әдеттегі нормалар ұзақ мерзімді тәжірибенің нәтижесінде, құқық субъектілерінің ондай норманың заңи міндетті сипатын мойындағанынан кейін пайда болады. Шарттық және әдеттегі нормалар халықаралық құқықтң жалпы жүйесін құрайды, олар бір-біріне қайшы келмеді, керісінше, халықаралық құқық нормаларын тиімді қолдануды қамтамасыз етеді. ТМД - халықаралық аймақтық ұйым болып табылады. Біріншіден, белгілі бір мемлекет аралық қатынастарға қатысты, екіншіден, қатынастар белгілі кеңістікте (ТМД кеңістігі) жүзеге асуда, үшіншіден, БҰҰ жарғысының 52-бабына сай, аймақтық ұйымдар аймақтық әрекеттерге жататын бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін құрылады. Бұл тұрғыдан қарағанда, ТМД елдерінің біріккен бейбітшілік мақсаттағы (мысалы, Ауғанстан мен Тәжікстан шекарасындағы немесе Қырғызстан территориясындағы заңсыз енген терроршыл топтарға қарсы) күштері аймақтық бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселесін іс жүзінде шешуге ұмтылады. Сонымен қатар, халықаралық құқық субъектісі болып табылатын әр аймақ елдерінің қауымдастығы әмбебап ынтымақтастық болса, бір-біріне жақын орналасқан территориялардағы мемлекеттердің қауымдастығы аймақтық ұйым ретінде бағаланады.

ТМД органдары жеткілікті өкілеттіктерге ие. Дегенмен, олардың өкілеттіктерін жүзеге асыру механизмі нақты да анық көрсетілмегендіктен және тараптар арасындағы міндеттемелер орындалмаған жағдайда туындайтын жауапкершілік анықталмағандықтан ТМД қызметі сылбыр көрінеді. Сол сияқты ТМД кеңістігінде жинақталып қалған мәселелер де аз емес. ТМД-ның жалғасы ретінде Евразиялық одақ жобасы да баспасөз ақпарат беттерінде жарық көрді. ТМД елдері басшыларының біразы және кейбір ғалымдарының көзқарастарына сай, Евразиялық одақты ТМД жалғасы деп айтуға толық мүмкіндік бар секілді. Себебі, бірде бір мемлекетпен ешқандай ұйымға (одаққа) кірмей дамуға болатын да шығар, бірақ бұл даму бір жақты болады. Тіпті неге дүние жүзі мемлекеттері бір-бірімен жақындасуда, одақтар құруда? Қазіргі кезеңде де бәсекелестік мәселесі “фирма аралық немесе мемлекет ішіндегі бәсекелестік” ұғымынан асып, “мемлекет аралық - аймақ аралық бәсекелестік” ұғымына ие болуда. Мұның арғы жағында ортақ мүдде, ортақ мақсатқа жету талпыныстары тұр. Бұл көзқарастан келгенде де қазіргі ТМД-ға мүше-мемлекеттердің болашағы тиімді интеграцияда, ортақ мүдде мен мақсат үшін бір-біріне жақындасуда.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық жеке құқықтың әдістері
Азаматтық құқықтың қайнар көздерінің түрлері
Халықаралық жеке құқық туралы
Құқық нысаны
Қазақстан Республикасыдағы Азаматтық құқықтық қатынас
Азаматтық заңнаманың түсінігі мен жүйес
Халықаралық жеке құқық. Лекция тезистері
Азаматтық құқықтың қайнар көздері түсінігі мен түрлері
Құқықтың түрлері
Азаматтық құқықтарды сот арқылы қорғау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz