Тұтынушылардың құқықтары және медициналық көмек көрсету кезінде құқықтық міндеттемелерді қамтамасыз ету


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе2

1. Тұтынушылардың құқықтары және медициналық көмек көрсету кезінде құқықтық міндеттемелерді қамтамасыз ету. 4

1. 1 Тұтынушылардың құқықтары4

1. 2. Медициналық көмек көрсету міндеттемелерінің түсінігі10

1. 3. Медициналық қызмет көрсету міндеттемелерін құқықтық қамтамасыз ету. 13

2. Дәрігерлік қызмет көрсету саласындағы көрсетілетін қызметке байланысты шарт ерекшеліктері20

2. 1 Шарт түсінігі және ерекшеліктері20

2. 2. Дәрігерлік қызмет көрсетуге байланысты шарттардан туындайтын жауапкершілік22

Қорытынды28

Пайдаланылған әдебиеттер мен нормативтік актілер29

Кіріспе

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа жолдаған 2030 бағдарламасында: “Халықтың әлауқатын дамытуда және медициналық көмек көрсетуде, аталған мәселе бойынша мемлекет тарапынан және оған жауапты тұлғалар тарапынан қатаң қадағалау жүргізілуі керек. Халыққа көрсетілетін медициналық көмек қазіргі заман талабына сай және мемлекет бекіткен деңгейде тегін жүргіллуі керек„-деп көрсетілген. Бұл жолдау халықтың бірінші байлығы денсаулық екендігіне тағы бір қорытынды береді.

Белгілі бір іс - әрекеттің пайдалы жағы тек одан шыққан қорытындыда ғана емес, сол іс - әрекеттің өзіне де байланысты болып келеді. Сенімді адамның комиссионердің, сақтаушының(әр - түрлі мәліметтерді) іс - әрекеттерінің ешқандай метериалдық жағы болмаса да, бірақ құқықтық жағынан сол қызметтерді сеніп тапсырған адамдарға елеулі қажеті болады. Белгілі бір іс - әрекеттің қорытындысы мен оның өзіндік өту процесі бір - бірімен тығыз байланыста, бөлінбейтін бірліктегі іс - әрекет қызмет көрсету болып саналады. Қызмет көрсету - азаматтық құқықтық қарым - қатынас арасында жиі кездесетін, жеке дара жүре беретін объект. Қазіргі нарықтық заманда делдалдық, ақпараттық, құқықтық сондай - ақ медициналық қызметтер кең тараған. Советтік құрылым кезінде жалпы халық үшін білім беру және медициналық қызметтер тегін жүргізілген, яғни мемлекет тарапынан бұл сфераларға қаржы бөлінетін еді. Нарықтық құрылысқа қоғам өткеннен соң - ақ, медициналық қызметтер де соған лайық бейімделе бастады.

Көптеген медициналық фирмалар лек - легімен ашылды, ашық қоғамдар, дәрігерлер жеке - жеке жұмыс бастап, жанұялық емханалар ашылды.

Содан келіп - ақ осыған лайық сұрақтар өз өзінен туындайды. Мысалы: бұндай қызметтердің сапасын қалай білуге болады? Сұраныс жасап отырған адамның қандай құқығы бар? Қызмет көрсетушінің міндеттері қандай?(яғни медицина саласындағы жұмыскер, медициналық орталық т. б) сапасыз қызмет көрсетілгенде, материалдық жақтан зиян келтірілсе қалай сақтану керек? т. б.

Бұл сұрақтардың байыбына бару үшін, міндітті түрде қызметке сұраныс жасаған адам мен қызмет көрсетушінің арасында қандай байланыс болатыны анықталып, ол қағаз бетіне түсіріліп, заңды түрде толтырылып, бекітілуі керек.

Біздің қарастырып отырған жағдайымызда да құқықтық қарым - қатынас шынымен - ақ бар. Сондай - ақ бұл құқықтық қарым - қатынас Ата заңымызда негізделе отырыр азаматтық құқық нормалармен үздіксіз байланыста болып отырады. Азаматтық құқықтық негізгі құралы тағы да толтырылып, заң жүзінде бекітілуі тиіс - келіссөз. Медициналық қызметтердің мінездемесін ашу барысында құқықтар зерттеу ғылымы ұзақ уақыт бір бүтін ұйғарымға келе алмады. Алдында айтылғандай, бұл сфераны үнемі мемлекет тарапынан бөлінген қаржы қамтамасыз етті де: деген түсініктің өзі де болмады, себебі оның бәрі тегін жүрген еді.

1. Тұтынушылардың құқықтары және медициналық көмек көрсету кезінде құқықтық міндеттемелерді қамтамасыз ету.

1. 1 Тұтынушылардың құқықтары

“Тұтынушылардың құқын қорғау” туралы заң тұтынушылардың құқын қорғауға кепілдік негізін, экономикалық және әлеуметтік құқықтың негізін бекітеді. Бұл заңның мақсаты тұтынушылардың құқын қорғаудағы күрделі мәселелерді шешу болып табылады.

  1. Сатушылар мен өндірушілер мүддесінен салыстырғанда азаматтардың заңды мүддесіне артықшылықты тану.
  2. Тұтынушылардың ақпараттық, өнім сапасы, сапасы мардымсыз тауарларды сапалы тауарға алмастыру құқын жүзеге асыру.
  3. Тұтынушы оның денсаулығы мен өміріне келетін қауіптен қорғау.
  4. Тұтынушылардың құқын қорғау саласында халықаралық және республикалық қарым-қатынасты дамыту.
  5. Тәуелсіз тұтынушылар қоғамын құруға көмектесу. Заңның 2- бабы 1 т. тұтынушы ұғымы.

Қазақстан Республикасы жоғарғы соты қаулысында да тұтынушы терминіне мынадай анықтама беріледі. Тұтынушы бұл тауарларды иеленуші және пайдаланушы жұмыстары мен қызметтерді жеке мүдделерін қанағаттандыруға заңсыз беруші немесе осындай ойлары бар жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасы азаматтары

шетелдіктер, азаматтығы жоқ азаматтар. 1

“Тұтынушылардың құқығын қорғау” туралы заңның 6 бабында тұтынушылардың негізгі құқықтары көрсетілген: кепілдікке берілген тұтыну деңгейі, тауарларды еркін иелену, жұмыстары мен қызметтерді пайдалану; сапалы өнімді пайдалану өнім туралы толық нақты ақпарат алуы; өнімнің зиянсыздығы; сотқа немесе басқа өкілетті органдарға жүгінуі; тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктеріне бірігуі; келтірілген залады өтеу.

Заң бойынша жұмыстар мен қызметті кәсіпкерлік мақсатты пайдаланушы азаматтар тұтынушы бола алмайды. Сонымен бірге өз қызметкерлерінің әлеуметтік сұраныстарын қанағаттандыратын заңды тұлғалар бола алмайды дейді. 2

Жоғарыда қарастырылып отырған қатынастардың субъектісі ретінде және кәсіпкерлердің қатысуымен бірге, кәсіпкерлік қатынастың қатысушысы ретінде тауарларды пайдалануға байланысты әр түрлі қатынастарға байланысты алдануы мүмкін болғандықтан ерекше құқықтық қорғауды қажет етеді.

ҚР АК 10-бабында (жалпы бөлім) тұтынушылардың заңмен қорғалатын құқықтарын көрсетеді: шарт жасасу еркіндігі, тауар сапасына, тауарлардың қауіпсіздігі, жұмыс пен қызметке, тауар туралы толық мағлұмат алу, тұтынушылардың қоғамдық ерікті одағына бірігу құқығы. Тұтынушылардың құқығы бұл көрсетулермен шектелмеген болып саналады.

Бірінші жай құқыққа тұтынушының тәрбие ережесін жатқызуға болады. Бұл тұтынушылық мүдделігін, өзін-өзі дұрыс ұстауы, сонымен бірге халықаралық бірлестіктерімен танылған тұтынушылар құқығы біздің мемлекетіміздің заң негізінен алынған. Ол құқықтар: тауар қауіпсіздігі.

Өз қалауынша тауар таңдап алуы, өзінің негізгі пайдалану құқығын қанағаттандыру, келтірілген залалды өтеуге, тұтынушылық білімін алуы, қоршаған ортаның тазалығын талап ету құқығы. 3

Тұтынушының кепілдік берілген тұтыну құқығы деңгейі, оның экономикалық мүддесін мемлекет тарапынан қорғау болып табылады. Бұл құқықтар тауарларды, қызмет және басқа да игіліктерді тұтыну деңгейіне сай көлемде және ассортиментте пайдалану. Кепілдік берілген кіріс деңгейі Қазақстан Республикасының заң актілерімен аңықталады.

Қазақстан Республикасы Үкіметі, атқарушы билік етуші органдар барлық азаматтардың тауарларға немесе қызмет немесе т. б. деген сұраныстарын қанағаттандыруға міндетті. Бұл жерде есеп бір адам басына шаққандағы кіріс деңгейі бойынша есептеледі. Ал шектелген облыстар мен қалаларда оларды нормалық есеп бойынша бөледі. Тұтынушының құқы бұзылған жағдайда оны қорғау сот тәртібімен жүзеге асырылады.

ҚР “Тұтынушылардың құқын қорғау” туралы заңының 9-бабына сай тұтынушылардың мынадай құқықтары бар:

тауардың, жұмыс және қызметтің сапалылығына, егер ол алдын-ала кемшіліктер туралы ескертілмесе ғана иеленеді. Сапа көрсетілген шартта көрсетілген жағдайға нормативті актілердің талаптарына немесе мемлекеттік стандарттарға, техникалық жағдайларға немесе басқа да жағдайларға сай болуы керек.

Егер пайдалануға кепілдік мерзім көрсетілсе, онда осы мерзім ішінде төлемсіз жөндеу жұмыстары өткізілуі тиіс.

Заңның 10-бабындағы ережеге сай тұтынушы сапалы мардымсыз тауарды сапалы тауарға алмастыра алуға құқылы. Бұл алмастыруға мүмкін мерзім заңдарымен анықталған. Бұл жерде міндетті жағдайлар қатарына тауар түрінің сақталуы, тұтыну маңызын чектерден, яғни тауармен ілесіп жүретін құжаттардың сақталуы жатады. Алмастырылуға жатпайтын тауарлар тізімі Қазақстан үкіметімен бекітіледі. Ал егер тұтынушы талап еткен зат сөреде болмаса, сатушы өзінде бар басқа тауарларды ұсына отырып, айырмашылық ақшасын немесе төлем ақысының барлығын кері қайтарып береді немесе сондай ұқсас тауар келіп түскен кезде бірінші кезекте хабарлап, тұтынушыға ұсына алады.

Тұтынушы сонымен бірге өнім туралы толық мағлұмат алуға құқылы. Сатушы, тұтынушыға өнімнің бағасы туралы дәлелді ақпараттарды, тұтыну құрылымы жайлы, пайдалану тәсілдері мен ережелері туралы, сақтау тәртібі және т. б. деректер ұсынуға міндетті. Ал азық-түліктерге қатысты, олардың құрылымы, каллориялығы туралы және т. б. деректерді ұсынады.

Ал қызмет көрсетуге қатысты жұмыспен қызметтің орындау ережелері жайлы ақпаратты таныстыруға міндетті. Өнім туралы дұрыс мағлұмат беруден келтірілген залал толық көлемде өтелуге жатады. Заңның толық дұрыс мағлұмат беру талабын көптеген кәсіпкерлер сақтамай, теріс пиғылды пайдалануда. Ол жарнамалардан көп көрінеді мысалы: тауарларға, жұмысқа, қызметке төменгі баға немесе жеңілдіктер көрсетіледі, ал тұтынушы шарт жасауға барғанда, басқа баға ұсынылады. Олар бұл жерде алғашқы ұсынылған жағдайдан бас тартады, ал бас тарту себебін ол тауардың бітіп қалғандығын және жарнаманың тұтынушылар санын көбейту үшін берілгенін негізге алады. 4

Тұтынушылардың төменгі деңгейіндегі сауатсыздығынан көптеген жағдайларда тұтынушылардың мұндай құқықтарын бұзу әр кезде жазасыз қалады. Ал өзінің құқықтарын және қорғау тәсілдерін білуші тұтынушылардың көпшілігі бұл әрекетті уақытының кемдігінен жүзеге асырылмайды. Сонымен қатар заңдарды азаматтық-құқықтық жауапкершілікпен қатар сауда ережесін бұзып, шарт жасаудан бас тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Жоғарыда қарастырылған нормалар заңдық жетілдіруді талап етеді. Яғни кәсіпкерлерге көрсетілген жарнаманы көрсетуді анықтау ережесіне қойылатын талапты осындай құқық бұзушылық үшін жауапкершілік шарасын тиянақтауды талап етеді.

Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңның 12-бабына сай бірден-бір құқық негізі тұтынушылардың денсаулығы мен өмірін қамтамасыз ету құқығы болып табылады.

Яғни тұтынушылардың тауарды пайдалану және сақтауы, сақталу мерзімі немесе қызмет ету мерзімінде тұтынушының денсаулығы мен өміріне қауіпсіз болуы керек. Өнімге қойылатын бұл талап, көрсетілген құқықты қамтамасыз ету мемлекеттік стандартпен анықталған және міндетті болып табылады.

Стандартизация саласындағы нормативті актіге 1997 ж. 15 шілдеде қабылданған ҚР үкіметі қаулысы жатады. Ол “Азаматтардың өмірі мен денсаулығын, азаматтардың мүлкін немесе қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған стандартизация немесе басқа да нормативті құжаттармен көрсетілген өнімдер тізімін бекіту” туралы. Ал сонымен бірге өнімге стандартизация ҚР “Стандартизация” туралы заңындада көрсетіледі. 1998. 16 шілдеде. Тұтынушы сапасы мардымсыз тауар сатып алғанда таңдап алу құқығына ие болады. Затты сапасы мардымды затқа алмастыруды талап ете алады. Тауардың кемшіліктерін төлемсіз қалпына келтіруді, сатып алу бағасын төмендетуді талап ете алады. Келтірілген залалды өтеуді талап етіп, шартты бұзуды талап ете алады.

Тұтынушы бұл құқықтарын сатып алу күнін есептемегенде 14 күн ішінде, ал егер көрінбейтін кемшіліктері бойынша 6 ай ішінде жүзеге асыра алады. Ал маусымдық тауарлар үшін маусым басталған кезде талап қоя алады. Сонымен бірге техникалық-нормативтік құжаттарда көрсетілген мерзімде, ал ол болмаса шығарған кезінен бастап 10 жыл ішінде сапасы мардымсыз заттан келген моральдік шығынды өтеуді талап ете алады. 5

Тауардың сапасымен оны тұтынушыға қауіпсіздік нақты байланыста болады. Оған келтірілген шығын толық өтелуі тиіс. АК (359) бабында көрсетілген негізде тұтынушылар көп жағдайда негізгі шығынды талап етіп моральдық шығында талап етуі әр түрлі негізде жүзеге асырылмайды. Көп жағдайларда соттар дауларды шеше отырып, негізгі талапты қанағаттандырады. АІЖК 83, 84 баптарында моральдық шығынды көрсетеді. Моральдық шығынды өтеу көптеген талаптардың нәтижесінде пайда болады. Ол жаңа заңдардың қабылдануы оған ҚР “Тұтынушылардың құқын қорғау туралы” заңы да жатады. ҚР АІЖК-де кіреді, сонымен қатар ол мүліктік емес талап болып табылады, ал әрекет етуші АІЖК бағаны анықтауда мүліктік талап мазмұнындағы талапты көрсетеді. Бұдан мынадай тұжырым шығады: талапты бағалау анықталады дейді. 6

Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заң жинақталған ұғым болып табылады. Бұл заң тек тұтынушылардың құқығын қорғауға бағытталған қалыптардан тұрмайды. Яғни тұтынушылардың құқығын анықтап орларды жүзеге асыру механизімін анықтап көрсететін құқытық қорғау қалыптарында қамтылған.

Тұтынушылардың құқығын қорғау заңының негізіне азаматтық заңдардың қалыптары мен нормативті актілері жатады. Ол әртүрлі деңгейдегі нормативті актілер; Қазақстан Республикасының заңдары, Үкіметтің қаулылары: ҚР “Тұтынушылардың құқығын қорғау” туралы заңы және т. б.

Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңның 3 бабы 1 п, тұтынушылардың құқығын қорғау және оны жүзеге асыру осы заң нормаларымен және соған сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының заң актілерімен реттеледі деп көрсеткен. 7

Жоғарыда айтып өткен баптың 2-т. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, министрлердің және ведомстволардың, жергілікті атқару органдарының нормативті актілері Заңмен анықталған нормалармен салыстырғанда тұтынушылардың құқықтары және оларды қорғау кепілдігін төмендете алмайды.

Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заң әртүрлі құқық салаларының, яғни мемлекеттік, әкімшілік, азаматтық, қылмыстың және т. б. заңдардың кешендік заңы болып табылады деуге болады. Осы заңда тұтынушылардың құқығын бұзушыларға тікелей тұтынушылардың және мемлекеттік органдардың және тұтынушылардың ұйымдарының қорғау құралдарын қамтыған.

Мұндағы ережелер тұтынушылардың қатысуымен болатын нақты қатынастарға Заң нормаларын қолдану, нақтылау және бейімдеу мәселелерін бекітеді. Мысалы: тасымалдау, сақтандыру, тұтынушылар қызметін және т. б. мәселелерді реттеу.

Заңның дамуына байланысты қабылданған барлық заң актілері соған сай болуы керек. Тұтынушылардың құқын қорғау саласында азаматтық құқықтың әртүрлі заң актілері әрекет етеді: Қазақстан Республикасы жоғарғы сотының қаулысы 25 XІІ. 1995 ж. “Сот органдарының моральдық шығынды өтеу туралы заңдарды қолдану туралы”, “Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңдарды сотта қолдану тәжрибесі жайлы”, 25 маусымда 1996 ж. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (жалпы және ерекше бөлім) .

Қазіргі кезде тұтынушылардың құқығын қорғау жұмысын ынталандыру мақсатында көптеген шаралар қолданылып жатыр. Қазіргі дамыған елдерде тұтынушылардың құқын құқықтық қорғауда үлкен тәжрибе жинақталған. Қазақстан Республикасы осы интеграцияға ұмтылып, заң нормаларының тәжрибеде тұрақты қолданылуына жағдай жасап жатыр.

Жалпы алғанда тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелері әртүрлі, қызмет саласын, қамтығандықтан даулы сұрақтарды шешуде соттар әртүрлі заң нормаларын қолданады.

Азаматтық құқықтарды өзін-өзі қорғау тұтынушылардың құқықтарын қорғауға қарағанда көптеген ерекшелігі бар. Ол ерекшелік тұтынушылар мен оларға қарсы тұратын тауарлар мен қызмет көрсетулерді дайындайтын, орындайтын, тұтыну рыногына монополист ретінде түсетін тұлғаның арасындағы теңсіздікпен ұштасқан. В. Г. Грибановтың пікірі бойынша азаматтық құқықтарды өзін-өзі қорғау (самозащита) дегеніміз азаматтардың заңда бекітілген әрекеттерімен өзінің жеке басын немесе мүліктік құқықтары мен мүдделерін қорғауды. 8

Өзін-өзі қорғаудың түсінігінен сондай-ақ рынокта тұтынушылардың жағдайынан өзін-өзі қорғау қоғамдық нысаннан тыс, тиімді жүзеге асыра алмайды деген қорытындыға келе аламыз.

“Тұтынушылардың құқықтарын қорғау” туралы Заңның 21 бабына сәйкес азамттар тұтынушылардың қоғамдық ұйымдарына бірігуге құқығы бар.

Қоғамдық бірлестіктердің маңызды құқықтарының бірі - өзінің қатысушыларын мемлекеттік және қоғамдық органдарда олардың заңи мүдделерін қорғау болып табылады. Сонымен қатар тұтынушылар қоғамы тұтынушылардың құқықтарының, сауда тәртібімен басқа да қызмет көрсету тәртібінің сақталуын, тексеруде сондай-ақ заң органдарына жолдануда тиісті мемлекеттік органдармен бірге әрекет етеді.

Сондай-ақ тұтынушылардың қоғамы заңда белгіленген шекте сондай-ақ өздерінің жарғыларында белгіленген шекте фактілік сипатындағы әрекеттерді жасауға құқығы бар. Мысалы, сапасыз тауарлар мен қызмет көрсетулерге байкот акциясын жүргізу, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы оларға қарсы жарнаманы ұйымдастыру.

Жоғарыда аталған шаралар тауарды, қызмет көрсетуді өндіріушілермен сатушылармен қатынаста өз құқықтары әсіресе мүліктік мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ететін өзін-өзі қорғау шаралары болып табылады. Көбінесе тауарды, қызмет көрсетуді сатушыларға, орындаушыларға өзін-өзі қорғау шараларын қолдану тиімді болады, егер тұтынушы “ұжымдық тұтынушы” ретінде қатынасқа түссе, яғни тұтынушылардың қоғамдық ұйымдары арқылы. Бұл өз кезегінде өзін-өзі қорғау шараларының тек құқығы бар тұлғамен ғана емес, тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін білдіретін қоғамдық ұйымдардың да пайдаланатындығы жөнінде қорытынды жасауға болады.

Ал жедел ықпал ету шаралары дегеніміз - құзіретті мемлекеттік немесе қоғамдық органдарға өз құқығын қорғау жөнінде жолданбай-ақ азаматтық қатынаста құқығы бар тікелей өзімен құқық бұзушыға құқыққа қорғау сипатындағы заңи құралдарды айтамыз.

Заң әдебиеттерінде жедел ықпал ету шарасын азаматтардың құқықтарын қорғаудың ерекше шарасы ретінде деген бірыңғай ойлар жоқ. Бір авторлар оларды “жедел санкциялары” деп, оларды азаматтық жауапкершілікке жатқызады. Азаматтық құқықтық санкциялар - бұлар азаматтық-құқықтық қатынастарда заңмен немесе шартпен құқығы бар тұлғасы өзінің субъективтік міндеттерін оның контрагенттерімен нақты және тиісті орындалуына жағдай жасайтын мокальды-автономды құралдар. Бұл санкцияларды жүзеге асыруы азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің бір түрі екендігін көруімізге болады.

Азаматтардың тапсыруымен, не өз бастамасымен тұтынушылар одағы, қоғамды тиісті емес сападағы өнімнің сатушысына (дайындаушыға, орындаушыға) ерікті түрде келтірілген залалдың орнын толтыру жөнінде қарсы талап қоюға құқығы бар.

1. 2. Медициналық көмек көрсету міндеттемелерінің түсінігі

Бұрын мемлекеттік сектор басым болған кезде медицина саласындағы қызмет көрсету міндеттемелері бойынша (яғни тегін емдеу) екі жақтың ортақ құқықтары мен міндеттері де болмады, мемлекет ауруларды тек тегін емдеді. Бұл қызметтер аса көп құқықтық қызметтерді туғызбайды: медицинаға байланысты шыққан заң нормаларымен бір ыңғайға түсіп жүріп отырды.

Бұл кезде тек медициналық заңдар қамтылғанымен азаматтық құқықтар жайлы сөз қозғалмаған. Нарықтық экономика азаматтық құқықтардың болуы міндетті екенін көрсетті. Бұл кезде дәрігер тек қана дәрігер емес тұтынушы, ал емделуші тек емделуші емес, клиент, тек емдеу процесі емес, ал келісім шартқа отырған үлкен қызмет, сондықтан өзіне тиісті құқығы сондай - ақ екі жақтың міндеттері пайда болады. Бұлар құқықтық қарым - қатынастың бөлінбейтін элементтері болып табылады. Бұл жерде де азаматтық құқықтың барлық қабаттары қамтылып, келісім шарт, қызмет сияқты ұғымдар толық талданады.

Азаматтардың денсаулығы, емдеу, емделу ұғымдары заң шығару өзінше бөлек жүйеленеді және азаматтық құқықтардан бөлек келеді.

Ф. О. Хальфинаның бұл жөнінде өте дұрыс айтылған пікірлері бар. Оның айтуынша әрқашан азаматтық құқық нормалары, оның сол құқық бұзылған жағдайда орындататын міндеттерінің зиян болған жағдайда жүктелетін жауапкершіліктерін ажырата білу қажет.

Бірінші жағдайда, екі жақтың адамдарының қарым - қатынасында белгілі бір құқықтық байланыс және міндеттер болады.

Белгілі бір құқықтық нормаларды ұстап келісім шартқа отырғаннан соң, ол дұрыс орындалмаса ғана заң бұзушылық болады. Осы заң бұзушылыққа жауап беру, талаптар қою құқықтық байланыс жасалған құжаттар шарттарға байланысты жүктеледі.

Екінші жағдайда заңға қайшы іс - әрекет жасау түрлі міндеттердің тууына негіз болады, бұдан бұрын таныс - біліс болмаған әр түрлі адамдармен байланысқа түсуге әкеліп соғады, жәбірленушінің құқығы айқындалып, оған зиян әкелген жақтың міндеттері белгіленеді. 9

Қарым - қатынастың мұндай екі түрін медициналық қызмет көрсету аясында да байқауға болады (Мысалы; келісім шарт емделуші мен медициналық компаниялар арасында болады, ал бірақ компания уақытында емдеуге кіріспей жібереді, не болмаса емделуші тегін ем көрсету кезінде инфекция түсіп, денсаулыққа зиян келуі мүмкін) .

Бұндай құқықтық қарым - қатынастың негізгі субъектілері - азаматтар.

Азаматтар мемлекетпен белгілі бір қызметтегі дәрежесімен заң орындарымен, қоғамдық бірлестіктермен сол сияқты бір - бірімен әр түрлі құқықтық қарым - қатынастарға түседі.

Азаматтар бұл кезде объективтік құқықтарға ие (яғни денсаулығын қорғауға құқылы, белгілі бір дәрежедегі медициналық көмек Қазақстан Республикасының Ата заңының 29 бабында көрсетілгендей жүргізілуі қажет, субъективтік құқықтарға да ие; келісім шартқа отырып құқықтық қарым - қатынасқа түсу арқылы медициналық қызметтерге қол жеткізу керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Соттың тұтынушының құқықтарын қорғауы
ҚР заңнамасы бойынша көліктік қызмет көрсету аясындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Кәсіпкерлер мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Азаматтық құқықтағы өтелмелі қызмет көрсету
Сыйға тарту шартын жасасу шарттары
Медициналық құқықтық қатынастар объектісі
Өтелмелі қызмет көрсету
Қаржы қызметтерін тұтынушылардың негізгі құқықтары
Шарттың мәні
Заңды тұлғаның салығы - заңды тұлғалар ғана төлейтін салық түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz