Адамды сату және құлдық қылмыстарымен күрестің халықаралық реттелуі
Кіріспе
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабында мемлекеттің жоғары
құндылықтары адам, адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп
жарияланған[1]. Халықаралық қауымдастықпен игерілген, тиісті халықаралық-
құқықтық актілермен бекітілген және танылған құқықтар мен бостандықтар
адамның әлеуметтік және заңды түрде қамтамасыздандырған тәртіп шарасы болып
табылады. Олар бөлінбес, ажырамас қасиетке ие және адамның жүріп-тұру
тәсілін еркін таңдау қабілетінде көрінісін табады, оған қатысты ешкім
ешқандай тыйымдар мен шектеулер қоя алмайды[2].
Соған қарамастан, біз адамның жалпыға танымал құқықтарының бұзылу
мәселесінің өзекті болуының куәгерлері болып отырмыз. Адам құқықтары
бұзылуының әртүрлі нысандары пайда болуда, олар - адамның өмір сүруге
құқығының бұзылуынан бастап еркін сөзге құқықтың шектелуіне дейінгі
нысандары. Соның ішінде, қазіргі кездегі адам құқықтары бұзылу нысандарының
ең қауіптілерінің бірі – адам саудасы және құлдық[3].
Қай заманда болмасын адамды қанау, зорлық-зомбылық жасау ең сорақы
көрініс және үрей тудыратын құбылыс болып саналады. Адам саудасы дегенде,
әрбір кісінің жеке заңды құқығын ескерместен оларға зорлық-зомбылық жасау,
азапты жұмыстарға жегу, адами еркін аяққа таптау арқылы белгілі бір
топтардың, яғни оңай олжаға кенеліп, пайда табудың көзіне айналдыру секілді
теріс сипатында көз алдымызға келеді.
Әр жыл сайын дүние жүзі бойынша 4 миллионға жуық адам құлдыққа
сатылады. Алдап-арбау жолымен өз Отандарынан сырт мемлекеттерге әкетіліп,
тегін жұмыс күші ретінде немесе жезөкшелікпен айналысуға итермелеу
жағдайларын қазіргі заманның құлдығы дегеннен басқаша атау мүмкін емес.
Ішкі мазмұны, орындалу механизмдері жұртшылыққа тіптен түсініксіз – сәби
саудасы, шетелдерге жұмысқа жалдану, т.б. адам саудасының кеңінен жайылған
түрлері. Өкінішке орай, уақыт сілкінісінен түсініксіз күй кешкен кез-келген
мемлекет ХХІ ғасырдың құлдығына қарсы тұра алмады. Мұның көрінісін мынадан-
ақ байқауға болады: біріншіден, адам саудалаушылар өздерінің қылмыстық
қызметтерін сырт көзге байқалмайтындай етіп, ұйымдастыра алды. Екіншіден,
экономикасы тұрақсыз, әлеуметтік жағдайы төмен елдің халқы құл
иеленушілердің құрбандығына бірінші болып шалынады. Үшіншіден, соғыс өрті
тұтанған немесе тұтануға жақын жанжалды аймақ – қарбазардың қызған
орталығы деуге болады. Қалыпсыз аймақта адамды ешбір кедергісіз ұрлауға
да, осында әкеліп сатуға да болады. Тіпті, тірі тауарды өлтіріп тастау да
қиын емес. Жұмсартып айтқанда, адам құны арзандаған қоғамда, екі аяқты
пенде қорғаныссыз қалып отыр. Бүгінгі күннің ең қатал, ең сұмдық, бірақ
даусыз ақиқаты ешкімнің ешкіммен шаруасы жоқ формуласы – адам
саудалаушылардың қолындағы таптырмас құралға айналды.
Тақырып өзектілігі. 1990 жылдардың бас кезінде пайда болып, бүгінгі
уақытта ең шырқау шегіне жеткен адам саудасы әлемде есірткі мен қару-жарақ
саудасынан кейінгі үшінші орында тұр. Әрине, табыстылығы мен таралу шеңбері
бойынша мафияның жылдық бюджеті – 7 миллиард АҚШ долларының шамасында.
Шындығы да сол, тірі тауарға салық төлеудің, инвестиция салудың,
тасымалдаудың қажеті жоқ. Жеткізу нүктесіне өз аяғымен барады, қамшының
астында жүріп, еңбегін ақтайды. Кеудесінде жаны шыққанша немесе бұғаудан
қашып құтылғанша (алайда, мұндай жағдайлар өте сирек) қожайынға өте тірі
табыс әкеледі. Өліп қалған жағдайда, құны жоқ. Екінші алданған құл кезекте
тұрады.
Шетелдерде үй күтушісі, даяшы, бала бағушы жұмыстары ұсынылады. Қыз-
келіншектерге көбіне 500-700 доллар көлемінде жалақы уәде етіледі. Расында,
мұның сыртында күштеп жезөкшелікпен айналысу тұр. Ер адамдарды кәсіби
біліктілікті аса көп қажет етпейтін жұмыстармен қызықтырады[4].
Адам саудасымен күрес мәселелері бойынша Америка Құрама Штаттары
Мемлекеттік хатшысының кеңесшісі Джон Миллер адам саудасы – бұл құлдықтың
қазіргі нысаны және бүкіләлемдік мәселе деп басып айтты[5]. Біріккен
Ұлттар ұйымының адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Луиза Арбурдың
пікірі бойынша: Құлдық халықаралық қауымдастық күрес жүргізетін адам
құқықтары бұзылуының алғашқысы болса да, оның өткен шаққа кеткенін айту әлі
ерте. Оны түбімен жою үшін аса үлкен күш салу қажет. Бұған қоса құлдық
алуан түрлі нысанда болады. Оның нысандары уақыт өте келе өзгеріп,
әлеуметтік-экономикалық және діни мағынасын көрсетеді[6]. Адам саудасы -
күшпен қорқыту, алаяқтық, билігін асыра пайдалану немесе жағдайдың
осалдығын пайдалану жолымен, немесе басқа тұлғаны бақылайтын тұлғаның
келісімін алу мақсатында төлемақы немесе олжа түрінде пара беру жолымен
пайдалану мақсатында жалдау, тасымалдау, беру, жасырушылық немесе адамды
иемденуді білдіреді[7].
Адам саудасының жолын кесу әзірге мүмкін емес. Қоғам, билік осы қанды
бизнестің қауіптілігін сезініп отырған жоқ. Трафикке (адам саудасына) қарсы
бағытталған ақпараттық соғыстың тым бәсеңдеп кеткендігін де атап өткен жөн.
Шетелде оңай олжа жатпағандығын аңғал жұртымызға айта беру керек.
Ақпараттық компанияның әлсіздігі адам саудалаушы трансұлттық қылмыстық
топтар үшін де пайдалы, табысты бизнестерін өркендетуге еш кедергі жоқ.
Жоғарыда көрсетілген жағдайды ескере отырып, осы дипломдық жұмыстың
негізгі идеясы адам саудасы мен құлдық қылмыстарының қазіргі кездегі
құқықтық реттелуін, онымен халықаралық-құқықтық күрес мәселелерін ашып
көрсету болып табылады.
Еңбектің әдістемелік негізі. Жұмысты жасау барысында келесідей ғылыми
әдістер пайдаланылды: танымды-диалектикалық, тарихи, статистикалық,
формалды-заңдық, салыстырмалы талдау және комплекстік көзқарас әдістері.
Осы зерттеу жұмысының ғылыми-теориялық негізін мынадай ғалым-
құқықтанушылар, мамандар мен тәжірибешілер құрайды: Е.Б. Мизулина, М.А.
Сарсембаев, А. Сыдыкова, Е. Бадикова, Е. Сейдинов, С.А. Алжанкулова, Н.
Балабаева, Г.А.Тлегенова, К.А. Токтыбаева, А.И. Милевский, Л. Найденова,
А.М. Шабатова, А. Омашева, т.б. Сонымен қатар ғалымдар мен тәжірибешілер
тақырып бойынша халықаралық және аймақтық конференциялар өткізу барысында
өз үлесін қосты: Н.М. Абдиров, К.Ж. Балтабаев, К.А. Бегалиев, И.Ш.
Борчашвили, У.С. Жекебаев, Б.Ж. Жүнісов, Е.И. Қаиржанов, М.Ч. Коғамов, Г.С.
Мауленов, А.Х. Мындағұлов, М.С. Нәрікбаев, Е.А. Онғарбаев, және т.б.[8]
Зерттеу жұмысының нормативтік құқықтық актілеріне адам саудасы және
құлдыққа қарсы ұлттық заңнама ғана емес, халықаралық-құқықтық актілер
(Конвенциялар, мемлекеттер арасындағы келісім-шарттар, т.б.) де кіреді.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Осы зерттеу жұмысының мақсаты – адам
саудасы мен құлдық қылмыстарына қарсы күрес мәселелерін теориялық тұрғыдан
қарау, әсіресе, қазақстандық және халықаралық дәрежеде осы мәселенің шешілу
жолдарын көрсету, адам саудасы және құлдық қылмыстарының пайда болуының
себептері мен олармен күрес жолдарын көрсету. Бұл мақсаттан дипломдық
жұмыстың нақты міндеттері туындайды:
- адам саудасы және құлдық қылмыстарына сипаттама беру;
- адам саудасы және құлдық қылмыстарының пайда болу себептерін
көрсету;
- адамды сатумен күрес саласындағы халықаралық актілерді таңдау;
- адам саудасы және құлдық қылмыстарын түрлер мен нысандарға бөлу;
- адам саудасы және құлдық қылмыстарымен күрес бойынша халықаралық
ынтымақтастық.
Зерттеу жұмысының пәні – адам саудасы мен құлдық қылмыстарының пайда
болуы, олармен күрес мәселелері, көрсетілген қылмыстың пайда болу
себептері.
Зерттеу жұмысының объектісі – адам саудасы мен құлдық қылмыстары.
Дипломдық жұмыстың құрамы. Дипломдық жұмыс Кіріспеден, Негізгі
бөлімнен, негізгі бөлім үш тараудан, Қорытындыдан, Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі мен Қосымшалардан тұрады.
1. Адамды сату және құлдық қылмыстарымен күрестің халықаралық реттелуі
1. Адамды сату және құлдық қылмыстарына сипаттама және оларды
реттейтін халықаралық конвенциялар
Халықаралық дәрежеде біз қылмыстылықтың жаһандануымен қақтығысамыз, ал
қоғамдық салттың саласында әр түрлі халыққа, тұрғындар қабаты мен
кластарына тән көзқарастардың, әдеттердің, мінез-құлық және тәртіп
нормаларының алуандығымен кездесеміз. ХХІ ғасырдың халықаралық
қылмыстылығына 3 ерекшелік тән – сандық өсуі, оның ұйымдастырушылық
дәрежесінің өсуі, алдында кездескен немесе мүлде кездеспеген қылмыс
түрлерінің пайда болуы[9].
Халықаралық қылмыс ұйымдарының кірістері көптеген ірі елдердің
мемлекеттік бюджетінен асып түседі. Осы ұйымдармен жасалатын ең көп
таралған қылмыс түрлеріне есірткінің заңсыз айналымы; қару және оқ-
дәрілерді, химиялық және ядролық материалдарды заңсыз жеткізу; ішкі және
халықаралық лаңкестік; адам саудасы, соның ішінде әйелдерді және балаларды
сату; адам органдарын сату; автомобильдерді ұрлау және жасырын тарату.
Ұйымдасқан қылмыс заңды бизнес пен мемлекеттік аппаратқа кіру тенденциясын
көрсетеді[10].
Трансұлттық қылмыстың бір түрі халықаралық сипаттағы қылмыстың
бірнеше құрамын біріктіретін адам саудасы болып табылады. Оларға құлдық,
құлдарды сату, сондай-ақ әйелдерді сату, балаларды сату және мәжбүрлі еңбек
жатады[11].
Халықаралық қауымдастық құлдық және құлдарды сатуды халықаралық қылмыс
деп таныды. Құлдық пен құлдарды сатумен қатар оларға ұқсас тағы да
қылмыстар қатары бар. Ол әйелдерді сату (оның ішінде жезөкшелік, балаларды
сату және мәжбүрлі еңбек)[12] .
"Адамдарды сату" пайдалану мақсатында адамдарды арбау, тасымалдау,
тапсыру, жасыру немесе күш қолданамын деп қорқыту немесе оны қолдану немесе
мәжбүрлеудің, ұрлаудың, алаяқтықтың, алдаудың, билігін асыра пайдаланудың
немесе жағдайының осалдығын пайдаланудың басқа нысандары арқылы не басқа
адамды бақылайтын адамның келісімін алу үшін төлемдер немесе пайда түрінде
параға сатып алу арқылы адамдарды алуды білдіреді. Пайдалануға, кемінде,
басқа адамдардың жезөкшелігін пайдаланудың немесе сексуалдық пайдаланудың
басқа нысандары, мәжбүрлі еңбек немесе қызметтер көрсету, құлдық не
құлдыққа ұқсас салттар, бағынышты жағдайды немесе дене мүшелерін кесіп алу
кіреді[13].
Құлдық дегеніміз меншік құқығының атрибуттары немесе олардың кейбіреуі
қолданылатын адамның жай-күйі мен жағдайы; Еріксіздерді сатуға кез-келген
басқыншылық актісі, иемдену немесе адамды құлдыққа сату мақсатында өткізу;
еріксіздерді сату немесе айырбастау мақсатында кез-келген иемдену актілері;
сату не айырбастау мақсатында алынған еріксізді сату немесе айырбастау
жолымен кез-келген өткізу актілері, яғни еріксіздерді саудаға салу және
тасымалдаудың басқа да кез-келген актісі жатады деп түсініледі[14].
Қазіргі құлдарды сатудың тигізетін зардаптарының ішінен мыналарды
бөліп айтуға болады:
- Ұлттық аспектіде адам саудасы және соның ішінде әйелдер мен
балаларды сату дүние жүзінде соншалықты ауыр құбылыс болғаны, оның
қауіпсіздікке де, ұлттық генофондқа да қаупі бар.
- Халықаралық аспектіде адам саудасына әсер ететін басты элементтер –
бұл ұлты мен азаматтығына қарамастан ұйымдасқан жүйедегі қылмыскерлердің
болуы. Мұндай құқықбұзушылық түрінен ешбір мемлекет сақтандырылмаған.
- Психологиялық-құқықтық аспектіде адамды сату басқа себептер ішінде,
бірінші кезекте, жәбірленушілердің құқықтық қорғалмағандығынан және заңи
дайындалмағандығынан болады. Дүниежүзілік құқық қорғау органдары мен
үкіметтік емес ұйымдардың сараптамасы бойынша, құлдықтан қаша алған
тұлғалардың аса ауыр мәселелерінің пайда болуын көрсетеді. Ең алдымен, бұл
психологиялық мәселе. Тағы бір негативті зардабы – бұл келуші мемлекеттің
лауазымды органдары жәбірленушілерге қарсы қылмыс болғаны туралы деректі
куәландыруды сұраса, жәбірленушілер бұған өте аз жағдайда келісімін
береді[15].
Қазіргі таңда халықаралық қауымдастықпен қабылданған адамды сату және
құлдық қылмыстарымен күреске бағытталған халықаралық актілер саны біршама.
Олардың барлығы да өзара ішкі байланысы бойынша пәндік жалпылау мен
жүйелеуді, келіспеушіліктерді жоюды, анықталмаған және қалыс қалған
мәселелерді табуды қажет етеді. Сонымен қатар халықаралық актілердің
кодификациясы мен ресми жүйеленуі жүргізілмегенін естен шығармау қажет.
Сондықтан ең бірінші міндетіміз – адамды сатумен күрес саласындағы
халықаралық актілерді таңдау. Таңдау үшін критерийлер ретінде екі өзара
байланысты критерийлер алынды:
1) халықаралық актілердегі мынадай түсініктердің қолданылуы:
адам саудасы, құлдарды сату, балалар саудасы,
құлдық еңбек, міндетті және күштеу арқылы еңбек және
осылармен мағыналас түсініктер (мәселен, адамды ұрлау,
заңсыз миграция және т.б.);
2) онда нормативтік ережелердің, яғни бірнеше рет қолдануға
арналған жүріп-тұру ережелерінің (тыйым салулар, рұқсат
етулер және заңды жауапкершілік) болуы.
Сонымен бұл дипломдық жұмыста база ретінде адамды сатумен күреске
бағытталған халықаралық құқықтық актілер қолданылады.
Адамды сатумен күреске бағытталған халықаралық құқық нормаларының
пайда болу тарихы құлдық және құлдарды сату әлеуметтік құбылыс ретінде
танылған кездегі уақытқа өз түбірімен кетеді. Құлиеленушілік қоғамдық-
экономикалық формацияның құлауы құлдықтың автоматты түрде жойылуына алып
келген жоқ. Құлдық пен құлдарды сату модификацияланған түрде өмір сүре
берді. Өкінішке орай, олар қазір де адамзат қоғамының ұяты ретінде,
колониализмнің саяси және моральдық кінәлаушылығы, колониялық жүйенің
құлауына қарамастан, құлдық пен құлдарды сатудың барлық нысандарына заңи
тыйым салынуына қарамастан өмір сүріп келеді.
Ең алғаш рет, нақтырақ айтсақ, африкандық негрлерді сатуға халықаралық
дәрежеде 1815 жылғы Вена конгресінің декларациясы құлдарды сатуға тыйым
салды. Бұл бағытта келесі қадамды 1818 жылғы Аахендік конгресс жасады,
мұнда тек қана негрлерді сатуға тыйым салынбай, сонымен қатар бұл іс-әрекет
қылмыс деп жарияланды. Бірақ та бұл екі шешім де ешбір тәжірибелік шарамен
бекітілмей, декларациялық болды, сондықтан құлдық та, құлдарды сату да
табысты шаруашылық болып қала берді.
Құлдық пен құлдарды сатумен күрес бойынша алғашқы тәжірибелік шаралар
Англия, Франция, Ресей, Австрия және Пруссия мемлекеттерімен жасалған 1847
жылғы Лондон келісім-шартында қабылданған. Осыған сәйкес, құлдарды сату сол
кезеңдегі қарақшылықпен тең жазаланып, ал келісуші мемлекеттердің әскери
кемелері Атлант мұхиты мен Үнді мұхитының батыс бөлігі кіретін күдікті деп
саналатын белдеу шегінде құлдарды сатумен айналысады деп күдік тудыратын
кемелерде тінту жүргізуге құқық берілді. 1862 жылы АҚШ пен Англия арасында
күдікті деп саналатын кемелерді өзара тінту туралы келісім жасалды.
1885 жылы 16 мемлекет Берлин конференциясының Бас актісіне қол қойды,
онда құлдарды сату халықаралық құқықпен тыйым салынған деп айтылады.
Сонымен қатар, мұнда Конго өзенінің аумағын қара түсті құлдарды сату базары
ретінде қолдану және оларды тасымалдау кезінде транзиттік жолдарды
қолдануға тыйым салынды.
Келесі маңызды акт – бұл 1890 жылғы Брюссель конференциясының Бас
актісі, онда құлдарды сатумен күрес жөнінде нақты тәжірибелік шаралардың
қабылдануы көзделген. Ең маңыздысы – келісуші мемлекеттер еріксіздердің
күштеу арқылы ұсталуы үшін қылмыстық жазаны орнататын заңды қабылдауы.
Келісуші мемлекеттер құлдарды сатудың алдын алуға бағытталған арнайы іс-
шаралар ұйымдастыруға міндеттенді (құлдар тасымалы жүргізілу мүмкін
жолдарды жабу үшін арнайы әскери посттарды бекіту; порттарда сәйкес тәртіп
орнату және т.б.). Сонымен қатар анықталған аумақтық күдік тудыратын
белдеу бекітілді, онда Үнді мұхитының батыс бөлігі, Қызыл теңіз және Парсы
шығанағы кірді, осы жерлерде, көбінесе, еріксіздерді сату жүргізілді, және
келісуші мемлекеттердің әскери кемелері күдік тудыратын кемелерде тінту
жүргізуге құқығы болды. Бас акті құлдарды сатумен күрес жөнінде арнайы
органдарды құруды көздеді – Құлдарды сату жөніндегі құжаттар мен
ақпараттарды жинаумен айналысатын Халықаралық теңіз бюросы (Занзибар
қаласы) және осы салада статистикалық ақпарат және заңдармен алмасу бойынша
делдал функцияларын атқаратын арнайы бюро (Брюссель қаласы).
Жоғарыда аталған халықаралық құқықтық актілер құлдықты толығымен жоюға
емес, құлдарды сатудың алдын алуға бағытталды. Тек ХХ ғасырда құлдарды
сатуға ғана емес, құлдыққа тыйым салатын халықаралық құқықтық актілер пайда
болды. 1890 жылғы Брюссель бас актісін жойған 1919 жылғы Сен-Жермен келісім-
шарты келісуші мемлекеттерді құлдарды сату және құлдықты толығымен жоюға
барлық үлесін қосуға міндеттейді. Осы саладағы халықаралық құқықтық актілер
әрі қарай даму тарихы халықаралық қауымдастықпен тығыз байланысты,
алғашында Ұлттар Лигасы шегінде, содан соң Біріккен Ұлттар ұйымында[16].
Ұлттар Лигасының Кеңесі 1924 жылы 12 маусымда даярланған баяндама
негізінде құлдық жөнінде Уақытша комиссия құрды, біраз уақыттан соң Құлдық
туралы конвенция қабылданды, 1926 жылы 25 қыркүйекте қол қойылды (КСРО
қатысушысы болды). Бұл конвенция адам саудасымен күреске бағытталған
қазіргі халықаралық құқықтың нормалар жүйесінің пайда болуындағы басты
қайнар көздерінің бірі ретінде қаралады.
Адам саудасымен күреске бағытталған нормалары бар әрбір халықаралық
шарттың құқықтық маңыздылығын бағалау кезінде осы жұмыс
шегінде екі жағдай ескеріледі:
1) адам саудасымен күрес саласындағы құқықтық саланың
құрылуына әсер ететін категориялық аппарат;
2) мемлекеттердің халықаралық міндеттемелерінің мазмұны мен
көлемі, себебі заңды міндеттемелер оларды орындау
барысында нақты шарттық және кәдімгі нормаларға, яғни
халықаралық стандарттар ретінде қаралатын нормаларға
сүйенеді[17]. И.И. Лукашук пен А.В. Наумов халықаралық
стандарттарды халықаралық қауымдастықпен танылған қажетті
талаптар дәрежесі ретінде танылған, нақты жағдайда адам
саудасымен күрес саласындағы, адам құқықтарын жүзеге
асыруға ұсынылған
стандарттар ретінде анықтайды[18].
Қазіргі таңда адамды сату мен құлдық қылмыстарымен күреске, оларды
жоюға бағытталған келісім-шарттар мен конвенциялар біршама. Оларға мына
конвенциялар жатады: 1926 жылғы 25 қыркүйектегі Құлдыққа қатысты БҰҰ
конвенциясы, 1930 жылғы 28 маусымдағы №29 ХЕҰ-ның мәжбүрлі және міндетті
еңбекке қатысты конвенциясы, 1945 жылғы 8 тамыздағы Еуропалық мемлекеттер
белдеуіндегі басты әскери қылмыскерлерді жазалау мен соттау үшін
Халықаралық әскери трибунал жарғысы, 1948 жылғы 10 желтоқсандағы БҰҰ-ның
Адам құқықтары жөніндегі жалпыға бірдей декларациясы, 1949 жылғы 2
желтоқсандағы Үшінші тұлғалармен жезөкшелікті пайдалану және адам
саудасымен күрес туралы БҰҰ конвенциясы, 1950 жылғы 4 қарашадағы Адам
құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы конвенция, 1956 жылғы 7
қыркүйектегі Құлдық, құлдарды сату және құлдыққа ұқсас әдет-ғұрыптар мен
институттарды жою туралы БҰҰ осыма конвенциясы, 1957 жылғы 25 маусымдағы
еріксіз еңбекті жою туралы №105 ХЕҰ-ның конвенциясы, 1966 жылғы 19
желтоқсандағы Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі Халықаралық пакт,
1966 жылғы 16 желтоқсандағы Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар
жөніндегі Халықаралық пакт, 1968 жылғы 26 қарашадағы Әскери қылмыстар мен
адамзатқа қарсы қылмыстарға талаптың ескіруін қолданбау туралы БҰҰ
конвенциясы, 1980 жылғы 25 қазандағы Балаларды халықаралық ұрлаудың
азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенция, 1979 жылғы 18
желтоқсандағы Әйелдерге қатысты дискриминацияның барлық нысандарын жою
туралы конвенция, 1989 жылғы 20 қарашадағы Балалар құқығы туралы конвенция,
1990 жылғы 18 желтоқсандағы Барлық еңбек етуші-мигранттар мен олардың жанұя
мүшелерін қорғау туралы халықаралық конвенция, 1993 жылғы 29 мамырдағы
Шетелдік бала асырап алуға қатысты ынтымақтастық және балаларды қорғау
туралы конвенция, 1998 жылғы 17 шілдедегі Халықаралық қылмыстық соттың Рим
статуты, 1999 жылғы 17 маусымдағы Балалардың еңбегінің ең жаман
нысандарының жойылуы бойынша тыйым салу мен тез арадағы шаралар туралы
№182 ХЕҰ конвенциясы, 2000 жылғы 25 мамырдағы Балаларды сату, бала
жезөкшелігі мен бала порнографиясына қатысты балалар құқығы туралы БҰҰ
конвенциясына №2 Қосымша хаттама, 2000 жылғы 15 қарашадағы Трансұлттық
ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенция, 2000 жылғы 15 қарашадағы Трансұлттық
ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенцияны толықтыратын адамды сату, әсіресе
әйелдер мен балаларды сатудың алдын алу мен ескерту туралы №2 Хаттама, және
т.б.
Осы аталған бірнеше конвенцияларға сипаттама берейік.
1926 жылғы 25 қыркүйектегі Құлдыққа қатысты БҰҰ конвенциясы (1953
жылғы 7 желтоқсандағы хаттамамен өзгертулер енгізілді) 1927 жылы 9 наурызда
күшіне енді. КСРО конвенцияға 1956 жылы 8 тамызда қосылды.
Осы конвенцияда мынадай түсініктердің анықтамасы берілген:
құлдық (1 б. 1 т.), адамның үстінен меншік құқығы немесе олардың
кейбір түрі жүзеге асырылатын жағдайы мен күйі деген түсінік білдіреді.
Академик В.Н. Кудрявцевтің пікірінше бұл түсінік қылмыстық заңнама үшін
онша қолайлы емес, не қажетті нақтылығымен ерекшеленбейді, оның мағынасы
айқын: адам біреудің меншігі болуына жол берілмейді. Мемлекеттің ішкі заңы
осы терминнің мазмұнын әрі қарай аша алады[19].
еріксіздерді сату - құлдыққа сату мақсатымен адамды жаулап алу,
иемдену және кемсітудің кез-келген актісін білдіреді; оны сату немесе
ауыстыру мақсатымен еріксізді иемденудің кез-келген актісі; сату немесе
ауыстыру мақсатымен иемденген еріксізді сату немесе ауыстыру жолымен
кемітудің кез-келген актісі, еріксіздерді сату немесе тасымалдауының кез-
келген актісімен тең (1 б. 2 т.).
Конвенцияға қол қойған мемлекеттердің мынадай міндеттемелері бар:
1) еріксіздерді сатуға жол бермеу және алдын кесу (2 б.а т.);
2) құлдықтың барлық нысандарын ақырындап және мүмкіндігінше
қысқа мерзімде толық жою (2 б.бт. және 5 б.);
3) мүмкіндігінше қысқа мерзімде еріксіздерді сату туралы жалпы
конвенция қабылдау (3 б.);
4) еріксіздерді сату және құлдықты жоюға қол жеткізу үшін басқа
мүше-мемлекеттерге өзара көмек көрсету (4 б.);
5) осы құқықбұзушылықтар қатаң жазалануы үшін қажетті заңды
шаралар қабылдау (6 б.);
6) осы Конвенция ережелерін орындау мақсатында қабылданған
заңдар мен ережелер туралы ақпарат алмасу (7 б.).
1949 жылғы 2 желтоқсандағы Үшінші тұлғалармен жезөкшелікті пайдалану
және адам саудасымен күрес туралы БҰҰ конвенциясы БҰҰ Бас Ассамблеясымен ІV
сессиясында қабылданып, 1951 жылы 25 шілдеде күшіне енді. КСРО Конвенцияға
1954 жылы 11 тамызда қосылды.
Үшінші тұлғалармен жезөкшелікті пайдалану және адам саудасымен күрес
туралы БҰҰ конвенциясы төмендегі халықаралық актілерді біріктіріп, ең
алғашқы кодификацияланған акт болып табылады: 1948 жылғы 3 желтоқсандағы
БҰҰ Бас Ассамблеясымен қабылданған Хаттамамен өзгертулер енгізілген, 1904
жылғы 18 мамырдағы Ақ күңдерді сатумен күрес жөніндегі Халықаралық шарт;
аталған Хаттамамен өзгерістер енгізілген 1910 жылғы 4 мамырдағы Ақ күңдерді
сатумен күрес жөніндегі Халықаралық конвенция; 1947 жылғы 20 қазандағы БҰҰ
Бас Ассамблеясымен қабылданған Хаттамамен өзгертулер енгізілген, 1921 жылғы
30 қыркүйектегі Балалар мен әйелдерді сатумен күрес жөніндегі Халықаралық
конвенция; аталған Хаттамамен өзгерістер енгізілген, 1933 жылғы 11
қазандағы Кәмелетке толған әйелдерді сатумен күрес жөніндегі Халықаралық
конвенция.

туралы БҰҰ конвенциясы ең алғашқы болып алдында қолданылған ақ күңдерді
сату, балалар мен әйелдерді сату, кәмелетке толған әйелдерді сату
түсініктерінің орнына адамды сату түсінігін енгізді. Бірақ та конвенция
бұл терминнің анықтамасын бермейді, ол тек аталған қылмыстың мақсатын
анықтайды. Жезөкшелік мақсатын көздейтін адамды сату қылмыс болып
саналады. Сонымен қатар жезөкшелік мақсатын көздейтін адамды сату және
жезөкшелікті пайдалану түсініктерін бөлу критерийлері түсініксіз.
Сол бір мезгілде Конвенцияның мынадай сөздерден басталатыны маңызды:
Жезөкшелік және онымен ере жүретін қастық, сол сияқты жезөкшелік мақсатын
көздейтін адамды сату... (преамбула). Біздің ойымызша, Конвенция авторлары
мұнда басып көрсеткісі келгені, адам саудасы – жезөкшеліктен туындайтын
құбылыс екендігі, ең алғашында жезөкшелік мақсатында балалар мен әйелдерді,
адамды жеткізу тәсілі.

туралы БҰҰ конвенциясы мүше-мемлекеттерге келесідей міндеттемелер жүктейді:
1) кез-келген тұлғаға жаза тағайындау, екінші тұлғаның тән
құмарлығын қанағаттандыру үшін: сол тұлғаның келісімімен
де, жезөкшелік мақсатында тұлғаны көндіру, апару және
азғыру; сол тұлғаның келісімімен де, тұлғаны жезөкшелікке
пайдалану; төзімділік үйін ұстау немесе оны басқару, не
төзімділік үйін қаржыландыруды немесе қаржыландыруға
қатысты; үшінші тұлғалар жезөкшелік мақсатында
қолданылатынын біле тұра ғимаратты немесе оның бөлігін
жалға берсе немесе жалға алса; көзделген
құқықбұзушылықтардың кез-келгенін жасауға қастандық
жасаса, не оларды жасауға дайындық әрекеттерді жасаса (1-4
б.);
2) жезөкшелікпен айналысатын немесе оған күдікті деп
саналатын тұлғаларға қатысты ерекше құжаты болуды немесе
ерекше тіркеуге жататындығы туралы заң актілерін жоюға
міндетті (6 б.);
3) Конвенциядағы қылмыстарды тергеу қорытындыларын
орталықтандыру мен үйлестіру жөніндегі органды құру,
Конвенциядағы қылмыстар туралы ескерту мақсатында ақпарат
жинау мен оларға жаза тағайындау; басқа мемлекеттердің
ұқсас органдарымен ынтымақтастықты сақтау. Сонымен бірге
Конвенцияға сәйкес органдардың жинаған ақпараттарының
мынадай мәліметтері болу керек: әрбір қылмыс туралы толық
мәлімет; барлық іздеу жүргізу жағдайлары, қылмыстық
қудалау, қамауға алу, соттау, қылмыс бойынша кінәлі
тұлғаларды жер аударуға рұқсат бермеу, сонымен қатар
олардың тұрғылықты жерін өзгертуі туралы, осы қылмыс
түрімен күрес үшін қажетті кез-келген басқа ақпарат;
қылмыскерлердің сипаттамасы, олардың дактилоскопиялық
таңбасы, суреттері, жұмыс әдісі туралы хабарлама, полиция
анықтамалары мен сотталу туралы анықтамалары (14-15 б.);
4) Жезөкшелікпен күрестің және жезөкшелік құрбандарын білім
беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік және экономикалық
қызмет көрсету және сонымен байланысты басқа да қызмет
көрсету түрлері салаларындағы үкіметтік және жеке
мекемелердің көмегі арқылы қалыпты әлеуметтік жағдайларға
қайтару және бейімдеу бойынша барлық қажетті шараларын
қабылдау мен мадақтау. (16 б.);
5) Жезөкшелік мақсатын көздейтін халықаралық адам саудасын
ескерту мақсатында келесідей шараларды көздейтін заң
актілерін қабылдау: иммигранттар мен эмигранттар, әсіресе,
балалар мен әйелдерді келу және жөнелу пункттерінде,
сонымен қатар жол жүру уақытында қорғау туралы; аталған
сауданың қаупі туралы тұрғын халыққа ақпарат тарату;
жезөкшелік мақсатын көздейтін халықаралық адам саудасын
ескерту мақсатында теміржол станциялары, әуежай, порттар
мен басқа қоғамдық жерлерде, сонымен қатар жол жүру
кезінде қадағалауды қамтамасыз ету; prima facie
мәліметтері бойынша осы сауданың құрбаны немесе астасы,
басты айыпкері болып табылатын тұлғалардың келуі туралы
уәкілетті органдарды хабардар ету (17 б.);
6) жезөкшелікпен айналысатын барлық шетелдіктер туралы,
олардың жеке басын куәландыру және әлеуметтік жағдайын
белгілеу мақсатында, сонымен қатар олардың өз мемлекетін
тастап кетуге мәжбүр еткен тұлғаларды табу мақсатында
билік жүргізушілердің мәліметтер жинауын міндеттеме
ретінде көздейтін заңдарды қабылдау; аталған тұлғалардың
репартациялануы мақсатында азаматы болып табылатын
мемлекет билігіне осы мәліметтерді хабарлау (18-19 б.),
т.б.
1956 жылғы 7 қыркүйектегі Құлдық, құлдарды сату және құлдыққа ұқсас
әдет-ғұрыптар мен институттарды жою туралы БҰҰ осыма конвенциясы Женева
қаласында қабылданды, 1957 жылы 30 сәуірде күшіне енді. КСРО үшін 1957 жылы
30 сәуірде күшіне енді.

әдет-ғұрыптар мен институттарды жою туралы БҰҰ қосымша конвенциясы құлдық
пен құлдарды сатуды қамтушы түсініктерін жүйелендіріп, оларға анықтама
береді. Онда:
1) ең алғаш құл және еріксіз жағдайдағы тұлға түсінігі беріледі. Құл
құлдық күйде немесе жағдайдағы тұлға (7 б. а т.). Ал, еріксіз жағдайдағы
тұлға дегеніміз құлдыққа ұқсас әдет-ғұрыптары немесе институттары
нәтижесінде жасалған күйде немесе жағдайдағы тұлға (7 б. б т.).
2) құлдықтың түрлі нысандарын көрсететін, құлдыққа ұқсас әдет-ғұрыптар
мен институттары көрсетіледі:
қарыздық езу, яғни қарыз адамның қарызды қамтамасыз етуі үшін өз
еңбегін немесе оған тәуелді тұлғаның еңбегін салудан пайда болатын күй
немесе жағдай, егер орындалатын жұмыстың тиісті анықталған құндылығы
қарызды өтеуге саналмаса, сонымен қатар жұмыстың ұзақтығы шектелмесе және
оның сипаты анықталмаса (1 б. а т.);
басыбайлы күй, яғни заң, әдет-ғұрып немесе келісім бойынша басқа
тұлғаның иелігіндегі жерді пайдаланушы жерде тұру және жұмыс істеу керек,
сонымен бірге не белгілі төлем үшін, не ешбір төлемсіз сондай басқа тұлғаға
анықталған жұмысты атқару керек және осы жағдайын өзгерте алмайды (1 б. б
т.);
кез-келген әдет-ғұрып немесе институт, мынадай жағдайды көздейді:
1) ата-аналары, қамқоршысы, жанұясы немесе кез-келген тұлға немесе
тұлғалар тобы ақшалай немесе заттай ақы төлеу үшін әйелдің ешбір қарсылық
білдіру құқығынсыз күйеуге беруге уәде беруі;
2) әйелдің күйеуі, күйеуінің жанұясы немесе күйеуінің ағайындары
әйелді ақы төлеу немесе басқа түрдегі пайда үшін басқа тұлғаға беру құқығы
бар;
3) әйел күйеуі қайтыс болған соң басқа тұлғаға мұрагерлікпен беріледі
(1 б. с т.);
4) 18 жастан кіші жасөспірім немесе бала өз ата-аналарымен немесе
қамқоршысымен, осы баланы немесе жасөспірімді немесе оның еңбегін қанау
мақсатында, ақы төлеумен немесе ақысыз басқа тұлғаға беріледі (1 б. д
т.);
3) ең алғаш құлдарды сату түсінігіне анықтама беріледі, яғни кез-
келген тұлғаны иелену, жаулап алу немесе оны құлға айналдыру мақсатындағы
оған билік жүргізумен қатысты кез-келген іс-әрекеттер; құлды иеленумен
қатысты оны сату немесе алмастыру мақсатындағы барлық іс-әрекеттер; тұлғаны
сатумен немесе алмастырумен қатысты, осы мақсатпен иеленген барлық іс-
әрекеттер, және кез-келген көлік түрімен құлдарды тасымалдау немесе сату
бойынша кез-келген іс-әрекет (7 б. с т).
Жоғарыда аталған құлдыққа ұқсас әдет-ғұрыптармен қатар Құлдық,
құлдарды сату және құлдыққа ұқсас әдет-ғұрыптар мен институттарды жою
туралы БҰҰ қосымша конвенциясына қатысушы мемлекеттер заңдарымен қылмыс
болып мына әрекеттер саналады:
1) құлдарды көлік құралдарымен бір мемлекеттен екінші
мемлекетке тасымалдау немесе оған қатысу (3 б. 1 т.);
2) құлға немесе еріксіз жағдайдағы басқа тұлғаға күйдіру
арқылы таңба басу немесе басқа тәсілмен оны жазалау
мақсатында немесе басқа бір себеппен зақым келтіру,
сонымен қатар осындай әрекеттер жасауға қатысу (5 б.);
3) басқа тұлғаны құлға айналдыру немесе өзін құл етуге
итермелеу, немесе басқа тұлғаға тәуелді тұлғаны құл қылу
немесе осындай әрекеттер жасауға қастандық жасау, оған
қатысу, немесе кез-келген осы әрекеттерді жасауға жасырын
келісуге қатысу (6 б.).
1.2. Адамды сату және құлдық қылмыстарымен күрес саласындағы
халықаралық құқықтың жалпы танылған нормалары мен құқықтық тыйым салулар
Құқықтың жалпы теориясының доктринасында құқықтық нормаларды бірінші
орында оның құқықтық реттеудегі функциясы бойынша реттеуші және қорғаушы
деп бөлу қабылданған. Бұл бөлу құқықтық нормалардың адамның тәртібін
реттеумен тікелей байланысты[20]. Сондықтан бұл зерттеу жұмысында құқықтық
нормаларды адамға әсер ету тәсіліне байланысты келесі түрлерге бөлуге
болады:
1) тыйым-нормалары немесе тыйым салушы (белгілі әрекет немесе
әрекетсіздікті жасауға тыйым мазмұндалған);
2) рұқсат-нормалары немесе құқылық (белгілі әрекетті жасауға мүмкіндік
беретін);
3) міндет-нормалары немесе міндеттеуші нормалар (яғни, белгілі
әрекетті жасаудың мүмкіндігін жоятын).
Адам саудасы мен құлдық саласындағы халықаралық құқық нормаларының
арасында тыйым-нормалары ерекше орынға ие. Оларға мыналар жатады:
1) құлдыққа оның барлық түрлерінде тыйым (Адам құқықтарының жалпыға
бірдей декларациясының 4 б.; 1950 ж. 4 қарашадағы Адам құқықтары мен
негізгі бостандықтарын қорғау туралы Конвенцияның 4 б. 1 т.; Азаматтық және
саяси құқықтар туралы Халықаралық пактінің 8 б. 1 т.);
2) құлдарды сатуға оның барлық түрлерінде тыйым (Адам құқықтарының
жалпыға бірдей декларациясының 4 б.; Азаматтық және саяси құқықтар туралы
Халықаралық пактінің 8 б. 1 т.);
3) міндетті немесе мәжбүрлі еңбекке тыйым (Міндетті немесе мәжбүрлі
еңбекке қатысты Халықаралық еңбек ұйымының №29 Конвенциясының 4 б. 1 т.;
1950 ж. 4 қарашадағы Адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау
туралы Конвенцияның 4 б. 2 т.; Азаматтық және саяси құқықтар туралы
Халықаралық пактінің 8 б. 1 т. а және б т.).
Осы аталған тыйым-нормаларын салыстыра келе, алдыңғы екі норманың
айырмалық ерекшелігін көруге болады. Барлық түрлері термині тек құлдық
және құлдарды сату тыйым-нормаларында кездеседі. Ал міндетті немесе
мәжбүрлі еңбекке тыйымда мұндай термин қолданылмайды. Сонымен қатар
халықаралық-құқықтық актілерде мұндай тыйым қолданылмайтын міндетті немесе
мәжбүрлі еңбек түрлерінің тізімі мазмұндалған (мысалы, Міндетті немесе
мәжбүрлі еңбекке қатысты Халықаралық еңбек ұйымының №29 Конвенциясының 2
б.), немесе, керісінше, міндетті түрде тыйымды түрлерінің тізімі (мысалы,
Мәжбүрлі еңбекті жою туралы Халықаралық еңбек ұйымының №105 Конвенциясының
1 б.).
Демек, құлдыққа және құлдарды сатуға тыйым абсолютті болып табылады
және ешбір ерекшеліксіз барлық түрлеріне қолданылады. Ал міндетті немесе
мәжбүрлі еңбекке тыйым халықаралық-құқықтық актілерде ерекшелік ретінде
көрсетілгендерден басқа, оның барлық түрлеріне қолданылады. Құлдық пен
құлдарды сатудың кез-келген түріне халықаралық қауымдастықпен тыйым
салынады, яғни бұл тыйымды бұзу қылмыстық тәртіппен қудаланады.
Халықаралық актілерде толық немесе шамамен жасалған құлдық пен
құлдарды сату түрлерінің тізімі белгіленбегені кездейсоқ емес.
Сол уақытта халықаралық-құқықтық актілерде құлдыққа тыйым құлдыққа
немесе еріксіз жағдайға тыйым деп жиі қолданылады (Адам құқықтарының
жалпыға бірдей декларациясының 4 б.; 1950 ж. 4 қарашадағы Адам құқықтары
мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы Конвенцияның 4 б. 1 т.; Адам
саудасын Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенцияны толықтыратын
адамды сату, әсіресе әйелдер мен балаларды сатудың алдын алу мен ескерту
туралы №2 Хаттаманың 3 б.).
Еріксіз жағдай терминінің өзі құлдыққа ұқсас әдет-ғұрыптар мен
институттар әрекетінің нәтижесінде пайда болатын тұлғаның жағдайы ретінде
анықталады (Құлдық, құлдарды сату және құлдыққа ұқсас әдет-ғұрыптар мен
институттарды жою туралы БҰҰ қосымша конвенциясының 7 б. а т.). Мұндай
институттарға, әдетте, қарыздық езу және басыбайлы күй жатады.
Еріксіз жағдай құлдыққа қарағанда құлдың жағдайы немесе күйі емес.
Еріксіз жағдай құлдыққа ұқсас әдет-ғұрыптар немесе институттар әрекетінің
нәтижесінде пайда болған, құл жағдайына ұшыраған еркін адамның жағдайын
білдіреді. Еріксіз жағдайды құлдыққа теңеу арқылы халықаралық-құқықтық
актілер, біздің ойымызша, құлдыққа тыйым тек оның барлық тікелей байланысты
түрлеріне емес, оған ұқсас түрлеріне де таралатынына көңіл аударады.
Егер Құлдық, құлдарды сату және құлдыққа ұқсас әдет-ғұрыптар мен
институттарды жою туралы БҰҰ қосымша конвенциясындағы түсініктердің
анықтамасына анализ жасасақ, онда құлдыққа ұқсас еріксіз жағдай немесе
күйдің белгілеріне жатқызуға болатын жалпы белгілер қатарын белгілеуге
болады:
1) бұл жағдай тек қылмыс нәтижесінде ғана емес, сонымен қатар заң,
әдет-ғұрып немесе келісім күшімен пайда болуы мүмкін;
2) құл емес тұлға мынадай жағдайда бола алады: қарыз адам, жерді
пайдаланушы, күйеуі қайтыс болған зайыбы, әкесі қайтыс болғаннан кейінгі
балалар;
3) осындай жағдайға ұшыраған тұлға басқа тұлғаға нақты жұмыс жасауға
немесе оған қызмет көрсетуге міндетті;
4) осындай жағдайға ұшыраған тұлға өзі бұл жағдайды өзгерте алмайды,
жұмыстан немесе қызмет көрсетуден бас тарта алмайды.
Құлдыққа тыйымды еріксіз жағдайға да қолдану арқылы халықаралық-
құқықтық актілер сол арқылы құлдық түсінігінің кең түсінілуіне мүмкіндік
береді.
Сонымен құлдыққа тыйымды халықаралық құқықтың жалпы танылған нормасы
ретінде түсінуде, біздің ойымызша, үш жағдай маңызды болып табылады:
1) тыйым салу үшін адам құлдық күйінде немесе оған ұқсас күйде болып
тұр ма, құл немесе ерікті адам ба бәрі бір;
2) тыйым құлдықтың барлық түрлеріне, сонымен қатар құлдыққа ұқсас
жағдайға да кең қолданылады;
3) құлдыққа ұқсас жағдай ненің нәтижесінде пайда болғаны тыйым салу
үшін мағынасы жоқ: заң, институт, әдет-ғұрып, келісім немесе тәжірибе
нәтижесінде[21].
Бұл жағдайда құлдыққа оның барлық түрлерінде тыйым-нормалары туралы
халықаралық-құқықтық актілердің өзара байланысты ережелерінің жүйесі
құлдыққа ұқсас барлық жағдайларды (адам саудасы жағдайын қосқанда) құлдық
түрлеріне жатқызуды ұйғару деп түсіну керек.
Демек, халықаралық құқықта берілетін құлдықтың түрлеріне мыналарды
жатқызуға болады: қарыздық езу; басыбайлы күй; басқа тұлғалармен
жезөкшелікті пайдалану немесе сексуалды жезөкшеліктің басқа түрлері;
мәжбүрлі еңбек немесе қызмет көрсетулер; мүшелерді алу; құлдық жағдайы
немесе күйінің басқа түрлері немесе еріксіз жағдайды қосқанда, құлдыққа
ұқсас жағдайлар.
Демек, адам саудасымен күрес саласымен қатысты адам саудасымен күрес
саласы ғана емес, сонымен қатар оны құлдықпен де күрес деп атау нақтырақ
болып табылады. Адам саудасы тұлғаның құлдыққа ұқсас жағдайға ұшырауының әр
түрлі тәсілдерін қамтиды. Демек, құлдарды сатудың да, адамды сатудың да бір-
бірінен бір ғана айырмашылығы: құлдарды сату - құлдық жағдайды жасау
тәсілі, ал адамды сату - құлдыққа ұқсас жағдайды.
Егер адамды сату құлдарды сатумен, құлдыққа ұқсас институттар мен әдет-
ғұрыптармен қатар адамды құлға айналдыру немесе құлдыққа ұқсас жағдайды
жасаудың түрлерінің бірі болса, адамды сатуға құлдарды сатуға секілді тыйым
салынады. Оның мынадай түрлері бар: құлдарды сату, алмастыру, тасымалдау;
еріксіздерді сату; белгілі бір тұлғаны иелену, жаулап алу немесе оны құлға
айналдыру мақсатымен оны билеу; осы мақсатпен алынған тұлғаны алмастыру
немесе сату; нәтижесінде адам еріксіз жағдайда болатын құлдыққа ұқсас
институттар немесе әдет-ғұрыптарды қолдану; адам саудасы; балалар саудасы;
адамды құлға айналдырумен қатысты басқа да әрекеттер немесе адамға құлдыққа
ұқсас жағдайды жасау.
Мәжбүрлі немесе міндетті еңбек құлдыққа ұқсас жағдайдың бір түрі болып
табылады. Бірақ халықаралық құқықта құлдықтың бұл түріне тыйым ескертіледі,
себебі (құлдықтың басқа түрлеріне қарағанда) мәжбүрлі немесе міндетті
еңбекке тыйым абсолютті емес.
Жалпы ереже бойынша мәжбүрлі немесе міндетті еңбекке еріксіз сипаты
бар және олардан бас тартуға жаза қаупімен жасалатын еңбек түрлері жатады.
Еңбекті жасауға еріксіздік және жасауға бас тартуға жаза қаупінің болуы
мәжбүрлі немесе міндетті еңбекті басқа еңбек түрлерінен (яғни, ерікті)
айыратын екі негізгі белгісі болып табылады.
Сонымен қатар халықаралық құқықта осындай еңбек түрлерінің тізімі
берілген, олар мәжбүрлі немесе міндетті еңбек туралы жалпы ережелердің
ерекшелігі болып табылады (Міндетті немесе мәжбүрлі еңбекке қатысты
Халықаралық еңбек ұйымының №29 Конвенциясының 2 б., 1950 ж. 4 қарашадағы
Адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы Конвенцияның 4 б. 2
т.; Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактінің 8 б., Барлық
еңбекші-мигранттар мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы
халықаралық конвенцияның 11 б.)
Халықаралық-құқықтық актілерде мәжбүрлі немесе міндетті еңбектің нақты
түрлеріне тыйым салынатын нормалары көрсетілген:
1) саяси әсер ету немесе тәрбиелеу үшін, немесе саяси, әлеуметтік
немесе экономикалық жүйеге қайшы келетін саяси немесе идеологиялық
көзқарасы үшін жазалау шарасы ретінде, сонымен қатар ереуілдерге қатысқаны
үшін жазалау ретінде мәжбүрлі немесе міндетті еңбекті қолдану;
2) экономикалық даму қажеттіліктері үшін жұмыс күшін қолдану және
мобилизация;
3) еңбек тәртібін қолдау құралы ретінде мәжбүрлі немесе міндетті
еңбекті қолдану;
4) нәсілдік, әлеуметтік және ұлттық қатысы немесе сенімі белгілері
бойынша шектеу шаралары ретінде мәжбүрлі немесе міндетті еңбекті қолдану
(Мәжбүрлі еңбекті жою туралы Халықаралық еңбек ұйымының №105 Конвенциясының
1 б.);
5) жеке тұлғалар, компаниялар немесе қоғамдар пайдасына мәжбүрлі
немесе міндетті еңбек (Міндетті немесе мәжбүрлі еңбекке қатысты
Халықаралық еңбек ұйымының №29 Конвенциясының 4 б.);
6) балалар еңбегінің ең жаман нысандары, сонымен қатар баларды қарулы
қақтығыстар кезінде пайдалану үшін мәжбүрлі немесе міндетті жалдау;
балаларды жезөкшелікпен айналысу үшін, анайы баспалар немесе өнімдерді
жасау үшін ұсыну немесе жалдау, қолдану; балаларды құқыққа қайшы әрекетпен
айналысу, әсіресе, есірткіні жасау және сату мақсатында пайдалану, ұсыну
немесе жалдау; өз сипаты немесе шарттары бойынша балалардың денсаулығына,
қауіпсіздігіне немесе адамгершілігіне залал келтіретін жұмыстар (Балалардың
еңбегінің ең жаман нысандарының жойылуы бойынша тыйым салу мен тез арадағы
шаралар туралы №182 ХЕҰ конвенциясының 3 б.).
1.3. Адамды сату және құлдық қылмыстары мәселелерін шешудегі
халықаралық ұйымдар
Адамды сату және оны құрайтын жүйелермен күрес жөніндегі мәселелерді
шешуде мемлекеттер арасында әр түрлі саясаттар жүргізіліп жатыр. Бұл
мәселені шешу үшін халықаралық қауымдастық жан-жақты шаралар қолдану керек
және бұл шаралар аталған қылмыстардың алдын алу, ол туралы алдын ала
ескерту, зерттеу, кінәлі тұлғаларды соттық қудалау, жәбірленуші тұлғаларды
қорғау қызметін көздейді. Демек, бұл қылмыстармен күресу мақсатында
мемлекеттер бірігіп, халықаралық ұйымдар, мемлекеттердің өз мемлекет ішілік
ұйымдары қызу қызмет атқаруда. Мұндай ұйымдар қатарына Біріккен Ұлттар
Ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы, Халықаралық еңбек
ұйымы, Миграция жөніндегі халықаралық ұйым, Хьюман Райтс Вотч, ИНТЕРПОЛ,
ЕУРОПОЛ т.б. қорлар мен үкіметтік емес ұйымдар жатады. Адамды сату
мәселесімен сонымен қатар мынадай мемлекетаралық ұйымдар белсенді
айналысады: Адам құқықтары жөніндегі Біріккен Ұлттар ұйымының Жоғарғы
Комиссар Басқармасы, Құлдықтың қазіргі нысандарына қарсы Біріккен Ұлттар
ұйымының Қоры, Адам саудасына қарсы глобалды бағдарламаны жүргізуші
Қылмыстылықтың алдын алу және есірткіні қадағалау жөніндегі Біріккен Ұлттар
ұйымының Басқармасы, сонымен қатар білім беру және басқа да қызметінде
адам саудасына көңіл бөліп жатқан ЮНИСЕФ, Біріккен Ұлттар ұйымының Жоғарғы
Комиссар Басқармасы мен Біріккен Ұлттар ұйымының Даму бағдарламасы. Осы
аталған ұйымдарға тоқталып кетейік.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ)– бұл Еуропа,
Орталық Азия және Солтүстік Американың мемлекеттерін біріктіретін ұйым, ол
қауіпсіздікті қамтамасыз етумен айналысады және қару-жарақты қадағалау,
алдын ала сақтандыру дипломатиясы мәселесімен, қауіпсіздік пен сенімділікті
қатайту шараларын жүзеге асырумен, адам құқығын қорғаумен, сайлауды
қадағалаумен, сонымен қатар экономикалық және экологиялық қауіпсіздікпен
айналысады.
Адам трафигі мәселесін ЕҚЫҰ 90-жылдардың басында, Мәскеу қаласында
1991 жылғы қыркүйек-сәуір айларында өткен адам өлшемі жөніндегі үшінші
конференцияда маңызды етіп қойған. Мәскеу құжатының 40.7 бөлігінде былай
делінген: Мүше-мемлекеттер әйелдерге қарсы бағытталған барлық зорлау
нысандарын және әйелдер контрабандасының барлық нысандарын, әйелдер
жезөкшелігін, сонымен қатар осыған ұқсас қызметке заңды түрде тыйым салуға
және басқа да осыған сәйкес шараларды қабылдау арқылы жоюға ұмтылады.
Аталған құжат тек әйелдерді шеттетуге қатысты, ал ЕҚЫҰ
ратификациялаған басқа да құжаттар әйелдер, ерлер мен балалардың
құқықтарының бұзылуын бір қатарға қойған. Соған қарамастан, конференцияға
қатысушылар адам құқығы жөнінде білім беру мәселесіне үлкен көңіл бөлген.
Мұнан әрі қарай адам трафигі ЕҚЫҰ ажырамас қызметі
болды және үңілген назар аударуды қажет ететін қауіпсіздікке жаңа қатер
деп саналды. Солай 1996 жылы Стокгольм декларациясында адам трафигінің өсіп
жатқан көлемі көрсетіліп, өтпелі кезеңнің экономикалық мәселелері мен
ұйымдасқан қылмыстың өсуімен байланыстылығы көрсетілген.
Бұл мәселелерді шешуге Адам құқықтары мен демократиялық институттар
жөніндегі ЕҚЫҰ Бюросы 2001 жылы ақпан айында адам құқықтарының бұзылуы мен
адам трафигімен күреске бағытталған ұлттық және аймақтық бастамасын дамыту
үшін Анти-трафиктік жобалар Қорын құрды, оның офисі Варшавада. Мұндай
жобаларға трафикті ескерту, елдердің заңдарын реформалау, күштеу
құрамаларының өкілдерін оқыту, трафикпен күресте ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz