Қылмыс құрамының құрылымы


Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес Агенттігі (қаржы полициясы)
Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарды ашу және тергеу кафедрасы
Қорғауға жіберілді
Кафедра бастығы
Қаржы полициясы подполковнигі
Байсаков К. Г.
« »2008 жыл
Біліктілік бітіру
жұмысы
Тақырыбы: : «ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТЫҢ БІРДЕН БІР НЕГІЗІ ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫ»
4 бағам тыңдаушысы
Ақпанбетов К. А.
Ғылыми жетекшісі: ЭСЖҚАТӘ
каферасының аға оқытушысы,
қаржы полициясының
полковнигі
Астана
Мазмұны
Кіріспе4
І Қылмыс құрамының қылмысты саралаудағы маңызы8
1. 1. Қылмыс құрамының түсінігі және белгілері8
1. 2. Қылмыс құрамының түрлерінің мазмұны10
1. 3 Қылмыс пен құқық бұзушылық айырмашылығы мен анықтамасы . . . 13
ІІ қылмыс құрамының ерекшеліктері1 8
2. 1. Қылмыс объектінің ұғымы және түрлері18
2. 2. Қылмыс объективтік жағының түсінігі мен белгілері21
2. 3 Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және белгілері26
2. 4Қылмыс субъектісінің ұғымы және белгілері. 32
ІІІ Қылмыс ҚҰРАМЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ
3. 1. Қаржы полиция қызметіндегі қылмыс құрамын дұрыс анықтаудың маңыздылығы32
3. 2. Құрылымы бойынша қылмыс құрамының жіктелуі. 35
3. 3. Қылмыс құрамының элементері бойынша жіктелуі . . .
Қорытынды46
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ57
Кіріспе
Қазақ елінің тарихында тұңғыш рет 1991 жылы желтоқсанның 16 күні «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы » аса маңызды заң қабылданды. Осыған сәйкес 1995 жылы тамыздың 30 күні бүкіл халықтық референдум жолымен қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы қоғам мен мемлекет және жеке адам тіршілігінде ерекше орын алатын негізгі қағыйдаларды бекітіп берді.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-ші бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары делінген»
Елімізде өтіп жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси құқықтық өзгерістердің ең басты мақсаты-қазіргі өмір сүріп отырған қоғамдық құбылыстарымызды одан әрі сапалы жақсарту. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан -2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл -ауқатының артуы» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекетіміздің дамуының кең жазылған жоспары көрсетілген. Дегенмен, бүкіл қоғамдық формацияны күрт өзгерту арқылы жаңа қоғамдық қатынастарға көшу барысында туындаған күрделі өзгерістер қарапайым халықтың өмірін нарықтық қатынастың қатал қыспағына түсіріп, үнемі ауысып жатқан саяси өзгерістерге тәуелді болуыларына әкеп соқтыруда. Еліміздің қазіргі жағдайы, қылмыстың қарқынды өсуімен қоса қылмысқа қарсы күресуге теріс әсерін тигізетін қайшы экономикалық және әлеуметтік-саяси процестермен және қоғамдық қатынастың тұрақсыздығымен сипаталады.
Қылмыстық құқтығы ең негізгі категоряның бірі қылмыс болып табылады. Қылмыстық кодекстің негізгі міндеттері адам мен азаматтың құқтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мұдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады.
Қылмыс дегеніміз жаза мен қауіп төндіру арқылы тиым салынған қоғамға қатерлі жасалған әрекет не әрекетсіздік. Бұл қылмыс анықтамасы көптеген Европа елдерінде формальды түрде қолданылады. Ал отанымызда қылмыстық құқық материалды - формальды анықтамаға ие, яғни формальды анықтамада әрекеттің құқыққа қарсы екендігіне баса назар аударылса, ал материалды - формальды анықтамада әрекеттің құқыққа қарсылығымен бірге оның қоғамға қауіптілігіне көңіл бөлінеді. Жоғарыда айтылған сөздерден байқайтынымыз - қылмыстың өзіне тән міндетті бірнеше белгілерінің бар екендігі. Оларға тоқталып кететін болсақ, қылмыс анықтамасының мәні ашылады. Сонымен қылмыстың өзіне тән төрт белгісі бар: 1. қоғамға қатерлі әрекет; 2. құқыққа қайшылық, яғни қылмыстық заңмен тиым салынған әрекеттер; 3. кінәлілік; 4. қылмыстық жазалылық.
Қоғамдық қатер дегеніміз - қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға шынайы түрде зиян келтіретін не сол зияндарды жоюға кедергі келтіретін әрекет не әрекетсіздік. Жасалған әрекет не әрекетсіздікке жаза тағайындау үшін, оның қоғамға қатері ақиқат екеніне тура көз жеткізуіміз керек.
Қоғамдық қатері бар әрекетті тек қана қылмыс деп тану қате көзқарас. Сонымен бірге ол әкімшілік құқық бұзушылық болу да әбден мүмкін. Бұнда да тұлғаға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келеді. Бірақ олардың қоғамға қауіптілігінің мөлшері анағұрлым төмен болады. Егер әрекет салдарынан тұлғаға, қоғамға ауыр не орташа ауыртпалықтағы залалдар келтірілмесе, ол әрекетке әкімшілік тәртіпте жауапкершілік жүктеледі. Мысала, жол қозғалыс ережелерін бұзу салдарынан адам денсаулығына жеңіл түрдегі зиян келтірілсе.
Қылмыстың екінші бір міндетті белгісі болып қылмыстық құқыққа қайшылық табылады. Қайшылық - жоғарыда айтылғандай қылмыстың формальды белгісі. Қылмыс туралы тек тиым қылмыстық заңмен бекітілген жағдайларда ғана сөз болуы керек. Басқа құқық салаларына қайшы келген жағдайлар оларды қылмыс деп тануға негіз бола алмайды. Мысалы, Қазақстан Республикасы территориясында шетел валютасымен шартқа отыруға «валюталық реттеу заңымен» тиым салынған, бірақ қылмыстық құқықта бұндай жағдайлар қарастырылмағандықтан, бұл әрекеттер қылмыс деп санамайды. Сонымен қылмыс туралы қылмыстық заңда көрсетілмесе, өылмыс жоқ деп саналады.
Жоғарыда айтылған қылмыстық құқыққа қарсылық белгісімен өте тығыз байланысты екі белгі - кінәлілік және жазалылық.
Қылмыстық кодекстің 19-бап 2-тармақшасына сәйкес қылмыстық жауапкершілік кінәсіз келтірілген зияндар үшін жүктелмейді.
Кінәлілік құқыққа қайшылықтың міндетті шарттарының бірі болғандықтан, субъектінің әрекетінде кінәнің жоқтығы оның әрекетін және қылмыстық құқыққа қайшылық белгісін де жоққа шығарады.
Жазалылық - бұл атынан-ақ айтылып тұрғандай әрбір заңға қайшы, қоғамға, қауіпті әрекет не әрекетсіздіктер заімен міндетті түрде жазалануы тиіс. Кейбір жағдайларда қоғамға қауіпті, заңмен тиым салынған әрекетті жасаушы кінәлі тұлға жазаға тартылмауы да мүмкін, яғни қылмыстық жауапкершілікке тартуға ескіру мерзімі өтіп кетсе, аннистия, рақымшылық және т. б. жағдайлармен, бірақ бұдан жасалған әрекет не әрекетсіздік қылмыс болып қоса береді. Міне біз қылмыс белгілерімен танысып өттік.
Еліміздің тәуелсіз мемлекет болып жарияланғанына он бес жылдан асты. Осы жылдардың ішінде еліміз әлем сахнасы төрінде беделді орынға ие болып, көптеген жетістіктерге қол жеткізгені мәлім.
Бірақ «бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды түрде қорғап, нығайтып, ұрпақтарға қалдыру қажет» Тәуелсіздікті қорғау және нығайту ең алдымен мемлекеттің ішкі демінен, оның тыныс алуынан басталады. Ал қазіргі ахуал, оның ішінде қылмыс құрамының өрістеу деңгейі алаңдатады. «Барлық жерде қылмыстық дәстүрлер мен дағдылар жаңғырып, қылмыстық әлемнің кәсіпқойлануы мен мамандануы жүріп жатыр. Көптеген азаматтардың негізгі табыс көзі қылмыстық бизнес болып отыр»-деп Елбасы бекерге айтпаған.
2001 жылы Қазақстан Республикасында 139431 қылмыс тіркелсе, ал 2002 жылы 150790 қылмыс тіркелген. Мұның ашылу көрсеткіші салыстырмалы тұрғыдан алғанда 74, 4 пайыздан 74, 8 пайыз аралығында. Сонымен қатар, 1989 жылы ауыр және аса ауыр қылмыстардың саны 20513 болсы, 2000жылы бұл сан 73160 болып отыр, яғни өсу көрсеткіші он бір жыл аралығында үш еседен аса болып отыр. Статистикалық мәліметтер бойынша қылмыс құрамы жылдан жылға өсіп қана қоймай, сонымен қатар оның құрылымы мен сапасы артып, қауыпті бола бастады. Қылмыстың өсуі мен оның құрылысының күрделенуі қылмыстың ашылуын төмендетіп, ол қоғамымызды экономикалық және әлеуметтік келеңсіз жағдайларға және өнегелі психологиялық климатына жағымсыз әсерін тигізуде.
Осыған қарамастан құқық теориясында қылмыстың құрамын анықтауға қатысты белгілер жеткілікті деңгейде өз шешімін таппаған. Қылмыс құрамы туралы әртүрлі даулы ғылыми теориялар мен көзқарастар, анықтамалар бір арнаға келтірілмеген. Міне осы теориялар бір-бірінен ажыратылып, олардың дұрыс-бұрысы жан-жақты зертеліп аталған мәселені шешу негізінде ғылыми ұсыныстар жасау қажеттілігі туындайды. Қылмыс құрамын тәжірибе негізінде зерттеп, ғылыми-ой елегінен өткізу қажетілігі ешбір күмән тудырмайды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Біздің елімізде осы бағытта арнаулы зерттеулер осы кезге дейін мүлдем жүргізілмеген десек, ол шындыққа сыймас. Бұл саладағы аз да болса мақалалар мен ғылыми еңбектерден құр алақан емеспіз.
Өткенге шолу жасайтын болсақ, қылмыс құрамы мәселесі туралы Кеңес Одағының тұсында П. Т. Васьков, Н. Д. Дурманов, М. И. Ковалев, В. Н. Кудрявцев, Т. Л. Сергева, Н. Д. Сергеевский, тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде баяндалған.
Дипломдық жұмысты зерттеу кезінде философия, психология, қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық-атқару құқығы және кримонология ғылымдары бойынша жазған Қазақстан Республикасының белгілі ғалымдарының еңбектеріне сүйендік. Атап айтқанда -А. Н. Ағыбаевтың, Е. О. Алаухановтың, З. О. Ашитовтың, Н. М. Әбдіроватың, М. Т. Баймахановтың, Ғ. Ы. Байимурзиннің, Қ. Ә. Бегаливтің, Б. С. Бейсеноваитың, Г. Г Досболовтың, тағы басқа.
Зертеудің объектісі болып Қаржы полиция қызметіндегі қылмыс құрамын дұрыс анықтаудың маңыздылығы болып табылады.
Зертеудің мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты- қылмыс құрамының негізгі ерекшеліктерін белгілей отырып, оған қатысты жаңа ұсыныстар ұсыну.
Осы мақсатқа сәйкес зертеудің міндеттері мыналар:
-қылмыс құрамы ұғымының теориялық негізін зерттеп білу;
-қылмыс құрамының белгілеріне талдау жасау;
-туындаған мәселенің түйінін тарқату үшін алдымен тақырып көлемінде қолданылатын ұғымдарды белгілеп, оның мазмұнын ашу. ;
Зертеу жұмысының әдістемелік негізі- Жоғырыда көрсетілген міндеттерді орындау барысында қоғамдық ғылымдарға ортақ, жалпы танымдық және арнайы әдістер, теориялық негізін қылмыс құрамының негізгі қағидалары құрады. Жұмыста статистикалық және нақты әлеуметтік /сұхбат, қылмыстық істердің құжаттарымен танысу/ әдістерге жүгіну орын алды.
Зертеудің нормативтік базасын мыналар құрайды: Қазақстан Республикасының Конституциясының нормалары, Каз КСР-інің Қылмыстық кодексі, Қазақстан Республикасы Қылмыстық және Қылмыстық істер жүргізу кодекстері мен өзге де заңдары құрайды.
Жұмыстың кіріспе бөлімінде зерттеу тақырыбының теориялық және практикалық өзектілігі, тақырыптың зерттелу деңгейі, зерттеу мақсаттары мен міндеттері, зертеудің объектісі анықталып, қорғауға ұсынылған негізгі ғылыми жаңалықтары келтірілген.
Енді осы қылмыстың құрамына, квалификациялануына негізгі бөлімде қарастырылған. Яғни қылмыс құрамының ерекшеліктеріне, қылмыстың объективті және субективті жағына түсінік береміз, қылмыс құрамының белгілерін анықтайды.
Ал үшінші бөлімде «Қаржы полиция қызметіндегі» қылмыс құрамын анықтап қылмыс құрамынның маңыздылығы ашуда құрылымы бойынша - қылмыс құрамының жіктелуіне, қылмыс құрамының элементері бойынша жіктелуіне тоқталынады.
Дипломдық жұмыстың құрамы мен көлем і жұмыстағы зертеліп отырған мәселелердің мазмұнына, мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес анықталады және ол кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралады.
Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласындағы қадағалау мен аттестаттау жөніндегі Комитеті бекіткен Нұсқаулыққа сәйкес дайындалған 60-беттен тұрады.
І Қылмыс құрамының қылмысты саралаудағы маңызы
1. 1. Қылмыс құрамының түсінігінің заңды анықтамасы .
Қылмыстың мәнін ашу міндетті түрде оның тарихи өзгермелі сипатын зертеулерге, қоғамдық әлеуметтік-экономикалық қатынастардың жай-күйін немесе басқа да тарихи кезеңдердің дамуына байланысты. Қылмыстың тарихи ерекшелігі мынада: ол адамзат қоғамы дамуының белгілі бір сатысында пайда болады, оның мазмұны қоғамы дамуының белгілі бір сатысында пайда болады, оның мазмұны қоғамдық формацияның өзгеруіне орай өзгеріп отырады, нақтырақ айтқанда мемлекеттің даму шарттары мен міндеттері әртүрлі қауіптілігін тудырады.
Қылмыс- бұл адамның іс-әрекетінің бір түрі. Осы тұрғыдан алғанда, қылмыстық құқықта қылмыс ұғымына екі анықтама беру қалыптасқан.
Қылмыстың формальды анықтамасы бойынша, қылмыс дегеніміз- қылмыстық заң арқылы жазалау қатерімен тыйым салынған адамның белгілі бір әрекеті. Алайда, мұндай анықтама қылмыстық әрекеттің мәнін ашпайды, не үшін заң шығарушы қандай да бір әрекетті жасауға тыйым салады, неге бұл әрекеттер
қылмыс деп табылады деген сұрақтарға толығымен жауап бермейді.
Қылмыс түсінігінің жалпы анықтамасы - заңдық абстракция, шын әрекетте орын таппаған. Бұл түсінікте барлық қылмысқа тән белгілер мазмұндалады.
Дегенмен қылмыс жасауға мүлден болмайды, жасаған күннің өзінде қылмыстық тәртіппен нақты қылмыстар жазаланады (кісі өлтіру, ұрлық, тонау және с. с. ) . Бұл көрсетілген қылмыстар Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің ерекше бөлім баптарында орын алған.
Қылмыстық Кодекстің 3-бабында жазылғандай «қылмыстық жауапкершіліктің негізгі болып қылмыстың жасалуы, яғни қылмыстық заңмен көзделген қылмыс құрамының барлық белгісі болуы керек» - делінген.
Қылмыс өздігінен танылмайды, ол қылмыс құрамы белгілерінің сәйкес келуімен ғана қылмыс болады. Заң шығарушы қылмыстық - құқықтық нормада қылмыс құрамының анықтамасын былай бекіткен.
Қылмыс ретінде нақты қауіпті әрекетті сипаттаушы қылмыстық заңмен бекітілген объективті және субъективті белгілердің жиынтығын қылмыстық құқықта қылмыс құрамы деп аталады.
Қылмысты квалификациялау - қылмыстық құқықта өте күрделі және маңызы зор мәселенің бірі. Бұл қылмысты квалификациялау процесі теория жүзінде ғана емес, практика жүзінде де маңызы зор. Қылмыстық заңның тиімді пайдалануы және осы заңға тәуелді адамның тағдыры - қылмыстық дұрыс квалификациялануына байланысты шешіледі. «Квалификация» термині латынның екі сөзінен құралған «gualis» - сапа және «facere» - істеу, яғни сапалы істеу дегеннен шыққан. Қылымыстық құқық тілінен айтқанда - қоғамға қауіпті әрекетке сапалы баға қою дегенді білдіреді. Басқа сөзбен қылмысты квалификациялау - қылмыстық - құқықтық нормада қарастырылған нақты фактілік белгілерге сәйкес қылмыс құрамын әрекеттердің заңды түрде бағасын бекіту.
Қылмысты дұрыс квалификациялау - бұл қоғамға қауіпті әрекет қылмыс құрамының барлық белгілеріне ие болған жағдайда ғана болуы мүмкін. Қылмысты квалификациялау кезінде Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің берілген әрекетке сәйкес қылмыс құрамы бар баптар не баптың бөлімдері нақты көрсетілуі керек, ол аяқталмаған қылмыста, сыбайластықта, 1 Қылмыстық құқықтың жалпы бөлімінің сәйкес баптарына сілтеме жасалады. Қылмысыты квалификациялау нәтижесі іс жүргізу құжаттарында сипатталады (қылмыстық істі қорғау туралы қаулылар, айыпкер ретінде жазаға тарту туралы қаулылар, үкімді және т. с. с. ) .
Қылмысты квалификациялаудың мәні - оның қылмыс құрамының барлық белгілері бар қоғамға қауіпті жасалған әрекетті заңды түрде есепке алып, кінәлі тұлғаға әділ жазасын беру болып табылады.
Осы айтылған сөздерден қылмысты дұрыс квалификациялау қоғамға қауіпті әрекетке нақты әлеуметтік-құқықтық талдау жүргізуді қамтамасыз ететінін аңғарамыз. Әрекетті дұрыс квалификациялау үшін және қылмыстық заңды дұрыс қолдану үшін істің фактілік жағдайларын, қылмыс құрамының барлық белгілерін жақсы білуіміз керек.
Сонымен, құқық қолданушы органдар қылмысты қаншалықты дұрысквалификацияласа, қоғамдағы заңдылықтың жағдайы соншалықты әділетті болады.
1. 2. Қылмыс құрамының түрлерінің мазмұны.
Заңдық әдебиеттерде қылмыс құрамының жалпыға танылған, міндетті төрт элементі көрсетілген: объект, объективтік жоқ; субъект, субъективтік жоқ. Қылмыс құрамының элементтері бір-бірімен тығыз байланысты. Егер бұл элементтерің біреуі жоқ болса, онда қылмыс құрамынын жоқ болғаны, яғни қылмыстық жауапкершілікке негіз жоқ.
Қылмыс объектінің астарынан түсінетініміз - қылмыс арқылы зиян келтірілген заңмен қорғалатын игілік, әлеуметтік құндылық. Бұндай игілік ретінде отандық қылмыстық құқық ғылым қылмыс заңымен қорғалатын қоғамдық қатынастарды таниды. 2
Адамның мінез - құқының сыртқы жағын сипаттаушы белгілердің жиынтығы қылмыстың объективтік жағын құрайды. Бұл белгілерге тұлғаның қоғамдық қауіпті әрекеті (активті мінез-құлық) не әрекетсіздік (пассивті мінез-құлық) . Мысалы: ұрлық - біреудің мүлкін жасырын ұрлау, қызметі бойынша әрекетсіздік. Кей жағдайларда қылмыс құрамының объективті жағына әрекет не әрекетсіздіктен басқа қылмыстық салдарды, себепті байланысты да жатқызады. Мысалы: ұрлықтың құрамы, осы әрекет арқылы меншік иесіне зиян келуі. Бұдан басқа объективті жоқ қылмысты жасау жағдайы, орны, уақыт, тәсілі, қаруы және құрал-жабдықтары жатады.
Қылмыс субъектісі болып қылмыс жасаған және қылмыстық заңмен қарастырылған белгілерге ие физикалық тұлға табылады белгілері: есі дұрыс, анықталған жасқа толу және кей жағдайларда арнайы белгілері болады (мамандығы, лауазымы және т. б. ) .
Қылмыстың субъективтік жағын адамның мінез-құлқының ішкі психикалық жағын сипаттаушы белгілер құрайды: кінә, себеп және қылмыс мақсаты.
Теорияда қылмыс құрамының белгілерін екіге бөледі: негізгі және арнайы.
Негізгі белгілері (міндеттеуші не жалпы) - бұл әрбір қылмыс құрамында болатын белгілер. Осы белгілердің білгілердің біреуінің болмауы қылмыс құрамының жоқ екенін білдіреді. Негізгі белгілерге жататындар: қылмыс объектісінде - қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар; қылмыс объективті жағында - әрекет не әрекетсіздік; қылмыс субъектісінде физикалық тұлға, есі дұрыстық, жасы, қылмыстың субъективті жағында - кінә.
Арнайы белгілер (факультативті, толықтырушы) - бұл белгілер заң шығарушының барлық елес тек қана қылмыс құрамының бір бөлігін негізгі белгілерге толықтыру ретінде пайдаланатын белгілері. Арнайы белгілері жататындар: қылымыстың объектісінде - оның құрылымы, мазмұны және қылмыстың объектісінде - оның құрылымы, мазмұны және қылмыс пәні, қылмыстық объективті жағында - солдар, себепті байланыс, қылмыс жасаудағы жағдай, уақыт, орын әдіс, өару және құрал-жабдық;
Қылмыс субъектісінде лауазымды не қызметтік жағдайы, соттылығы және т. б. ; қылмыстың субъективті жағына ол - себеп мақсат.
Қылмыс құрамының негізгі және арнайы болып бөлінуі тек қана теориялық мәнге ие, ең бастысы қылмыстық - құқықты оқытқында қолданылады. Практикада бұндай бөлу құқық қолданушының нақты қылмыс құрамымен жұмыс істейтіндіктен, оларға қылмыстық-құқықтық нормада көрсетілген белгілердің барлығы міндетті болғандықтан шартты сипатқа ие болады. Мысалы: ұрлықта біреудің мүлкін жасырын ұрлау әдісі міндетті белгі ретінде танылады.
Кейбір жағдайларда арнайы белгілер қылмысты квалификацияғанда есепке алынады. Егер арнайы белгі қылмыс құрамына кірмесе, онда ол қылмысты квалификациялауға әсер етпейді және жаза бекіткенде есепке алынады.
Қылмыс құрылымының жалпы түсінігі - қоғамға қауіпті әрекетінің қылмыс ретінде сипат алуы, оны қылмыс не қылмыс емес екенін тану немесе оны дұрыс квалификациялауға қажетті элементтер жиынтығы. Осы жоғарыда қараған жағдайларды практика жүзінде қолданғандақылмыс құрамын жіктеудің маңызды зор, яғни қылмыс құрамын анықталған түрлерге бөлеміз. Қылмыс құрамын жіктеудің негізіне жататындар: әрекеттің қоғамдық қауіптілігінің дәрежесі - заңдағы қылмыс құрамын сипаттау тәсіліне байланысты, қылмыстың объективтік жағының жіктелуіне байланысты.
- Әрекеттің қоғамдық қауіптілігінің дәрежесіне байланысты қылмыс құрамы: а) негізгі; б) квалификациялық (ауырлатушы) ; в) артықшылықты (жеңілдетуші) болып бөлінеді.
Негізгі қылмыс құрамы - бұл белгілі бір әрекеттің негізгі, тұрақты белгілерінің жиынтығынан тұратын құрам. Толықтырушы белгілерді, яғни жасаған әрекеттің қоғамдық қауіптігінің дәрежесін көтеруші, төмендетуші белгілерін қарастырмайды. Мысалы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық құқының 96-бап 1-тармақшасында қарастырылған кісі өлтіру құрамы.
Егер қылмыс құрамында негізгі белгілерден басқа жауапкершілікті не жазаны ауырлатушы жағдайлар болса, онда ол қылмыс құрамының квалификациялық түріне жатады. 3 Бұндай квалификациялық белгілерге әр түрлі жағдайлар жатады: қылмыстың қайталануы, әдісі (ерекше қатігездік, зорлау және т. б. ), соттылығы, ұйымдасқан топ болуы, қаскүнемдік пиғылы, мақсаты және тағы сол сияқтылар.
Квалификациялық қылмыс құрамы Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің баптарының әртүрлі тармақтарында мазмұндалады. Мысалы, Қылмыстық Кодекстің 96-бап ІІ-тармақшасындағы кісі өлтіру құрамы.
Егер қылмыс құрамында негізгі белгілерден басқа жеіңлдетуші белгілер болса, онда ол артықшылықты қылмыс құрамына жатады. Бұл белгілі қылмыс құрамының ерекше бөлімінің бір бабының әр түрлі тармақтарында немесе жеке бапта болуы мүмкін. Мысалы, артықшылығы бар кісі өлтіру құрамдары бар баптар: жаңа туған баласын анасының өлтіру (96-бап) ;
аффект жағдайында кісі өлтіру (98-бап) ; қажетті қорғаныс шегінен шығып кісі өлтіру (99-бап) ; қылмыс жасаған тұлғаны ұстау кезіндегі шараларды шегінен тыс қолдану (100-бап) .
Заңдағы қылмыс құрамын сипаттау тәсіліне байланысты жай немесе күрделі болып бөлінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz