Тергеушінің процессуалдық дербестігінің түсінігі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе3

1-тарау ТЕРГЕУШІ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІЗГЕ ТҮСУ ОРГАНЫ РЕТІНДЕ4

1. 1 Қылмыстық ізге түсудің түсінігі4

1. 2. Тергеушінің өкілеттіктерінің мәні және олардың жүйесі12

1. 3 Тергеушінің процессуалдық дербестігінің түсінігі20

2- тарау. ТЕРГЕУШІНІҢ ТЕРГЕУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫМЕН ЖӘНЕ АНЫҚТАУ ОРГАНДАРЫМЕН ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІ30

2. 1 Тергеу бөлімінің бастығымен өзара әрекеттесуі30

2. 2 Тергеушінің анықтау органдарымен өзара әрекеттестігі36

2. 3 Тергеушінің шешіміне прокурордың санкция беруі49

Қорытынды55

Қолданылған әдебиеттер тізімі57

Кіріспе

Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстардың азаймауы және олардың жыл сайын өсіп отыруы ең маңызды, өзекті мәселелері ретінде қарастырылады. Осындай құқық бұзушылықтардың, қылмыстылықтың қоғамда орын алуына байланысты мемлекет - құқық қорғау органдармыен олардың аппараттарын жетілдіріп, біршама өкілеттіліктер мен құзіреттіліктер беруде. Әрине, бұл өкілеттіктер мен құзіреттіліктер Конституцияда баянды етілген адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірмеуі тиіс.

Қылмыстық істі тергеумен және шешумен байланысты қылмыстық-процессуалдық іс-әрекеттер әр түрлі органдармен жүзеге асырылатындығы қылмыстық іс жүргізу заңында атап көрсетілген: сот, прокурор, тергеуші, анықтама органы және анықтаушы. Жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі қылмыстық іс жүргізудің ең күрделі сатысы - қылмыстық ізге түсу функциясын жоғарыда аталған органдарға бере отырып, мемлекет қоғамда орын алған құқық бұзушылықтардың алдын алуда.

Қылмыстарды тез және толық ашу үшін, кінәлілерді әшкерелеу міндеттерін шешуде, жасағаны үшін міндетті түрде жауапкершілікке тарту қағидасының жүзеге асырылуын қамтамасыз етуде тергеуші елеулі роль атқарады. Тергеушінің ұлттық қауіпсіздік комитеті, ішкі істер органдарының және қаржы полициясының лауазымды тұлғасы ретіндегі іс-әрекеттің мазмұны қылмыстылықпен күресу міндеттерімен анықталады. Тергеуші - қылмыстық-процессуалдық іс-әрекеттің субъектісі немесе белгілі қылмыстық-процессуалдық функцияны орындайтын процесске қатысушы. Қылмыстық істі тергеу кезінде ол өзге тұлғалармен қылмыстық-процессуалдық қатынастарға түседі, өзіндік процессуалдық құқытар мен міндеттерге ие болады, бұл оны өзге процесске қатысушылардан ажыратады.

Қылмыстық-процессуалдық заң қандайда бір әрекеттерді жүзеге асыру тәртібін реттей отырып, тергеушінің өкілеттіктерінің көлемін, оның құқықтары мен міндеттерін бекітеді. Бұл тергеушінің заңды прокурордың санкциясынан немесе соттың шешімін алу көзделген жағдайларды қоспағанда, тергеудің бағыты мен тергеу іс-әрекеттерін жүргізу туралы барлық шешімдерді дербес қабылдайтынын және олардың заңды, уақытылы атқарылуы үшін толық жауаптылығын білдіреді.

Құқықтық реформаны жүзеге асырудың негізгі бағыты бұл - қылмыстылықпен күрес, ең алдымен тұлғаны оның меншігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мемлекеттік маңызды шешуде тергеушінің алатын орны ерекше.

Тергеушінің процессуалдық жағдайына байланысты сұрақтарды шешуде келесі А. Н. Ахпанов, К. Бегалиев, Н. А. Бекбергенов, А. А. Власов, А. П. Гуляев, Н. В. Жогин, Л. М. Карнеева, А. М. Ларин, А. М. Мамутов, В. М. Савицкий, Г. И. Скаредов, М. С. Строгович, Б. Х. Толеубекова, В. Н. Шпилев сияқты ғалымдардың еңбегі тиімді пайдаланылды.

Дипломдық жұмысты жазу барысында алдымызға келесідей мақсаттар қойдық, қылмыстық қудалау жүйесіндегі тергеушінің орнын анықтау, тергеушінің процессуалдық дербестігі ұғымын мазмұндау, тергеушінің басқа да қылмыстық ізге түсуші органдармен ара қатынасын анықтау.

1-тарау ТЕРГЕУШІ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІЗГЕ ТҮСУ ОРГАНЫ РЕТІНДЕ

1. 1 Қылмыстық ізге түсудің түсінігі

Қылмыстық істі тергеумен және шешумен байланысты қылмыстық процессуалдық іс- әрекетке әр түрлі органдар мен тұлғалар қатысады. Олар белгілі құқықтар мен міндеттерді иеленеді, іс бойынша іс жүргізу барысында процессуалдық құқықтық қатынасқа түседі, яғни қылмыстық процестің субьектілері болып табылады. Бүл субьектілердің процессуалдық жағдайы әр түрлі. Теорияда рольдерінің, олардың іске қатысуының мақсатының ұқсастығына байланысты қылмыстық процесс субьектілері келесі топтарға ажыратылады:

1. Қылмыстарды тергеуді, қылмыстық істерді қарауды және шешуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар: сот, прокурор, тергеуші, анықтама органы және анықтаушы.

2. Қылмыстық істе жеке қылмыстық - құқықтық немесе азаматтық - құқықтық мүддесі бар азаматтар - қылмыстық процесстің қатысушылары: сезікті, айыпталушы, қорғаушы, жәбірленуші және т. б

3. Мемлекеттік органдарға қылмыстық - процессуалдық іс - әрекетті жүзеге асыруға көмектесетін өзге де іске қатысушы тұлғалар: куәлар, аудармашылар, сарапшылар, мамандар, куәгерлер және т. б. 1

Осылайша, қылмыстық процесстің қатысушылары - қылмыстық - процессуалдық іс- әрекеттің, процессуалдық қатынастардың субьектілері. Кең мағынада қылмыстық процесстің қатысушылары болып белгілі дәрежеде қылмыстық - процессуалдық іс - әрекетті жүзеге асыратын немесе оған қатысатын барлық субъектілер болып танылады. 2

Алайда, процесстің қатысушылары қылмыстық істе өз құқықтарын және мүделерін қорғайтын тұлғалар ғана және олардың жекеленген топтары құқықтар мен міндеттердің әр түрлі көлемімен, қылмыстық процестегі әр түрлі мақсаттарымен сипатталатындығынан бұл ұғыммен сот өндірісіне қатысатын барлық тұлғаларды қамтуға болмайды деген пікір бар. 3

Жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодекісі қылмыстық процесс субьектілерінің келесі топтарын ажыратады: 4

1. Сот - әділ сот төрелігі функциясын жүзеге асырушы орган ретінде;

2. Қылмыстық қудалау функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар - прокурор, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші, анықтау органы, анықтаушы, анықтау органының бастығы;

3. Өз құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғап процеске қатысушылар - сезікті, айыпталушы, қорғаушы, жәбірленуші, жеке айыпталушы, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, кәмелетке толмаған айыпталушының, сезіктінің заңды өкілдері, жәбірленушінің азаматтық талапкердің және жеке айыпталушының өкілдері. Осылайша, қылмыстық - процессуалдық заңда процесстің қатысушылары Б. А. Галкин айтқандай тар мағынада түсінілетінд гін к өріп отырмыз.

Қылмыстық процесс субьектілерінің процессуалдық жағдайының сипаттамасы қылмыстық - процессуалдық функция ұғымын қолданумен елеулі түрде толықтырылады және тереңдетіледі.

Қылмыстық - процессуалдық функциялар дегеніміз - тікелей мақсаттары, субъектілер шеңбері және оны жүзеге асыру нысандары бойынша ерекшеленетін қылмыстық - процессуалдық іс- әрекеттің жекелеген бағыттары. 5

«Функция» терминінің өзі заңда қолданылмағанымен функциялардың шеңбері, нысандары және оларды жүзеге асыратын субъектілер заңмен бекітілген. Олардың орындалуы процесстің жалпы мақсаттарына немесе олардың белгілі бөлігіне жетумен байланысты функциялар негізгілер қатарына жатады. Бұл функцияларды көпшілік - құқықтық міндеттемелердің күшіне байланысты мемлекеттік органдары, сонымен қатар процесстің қатысушылары атқарады. Мемлекеттік органдар және лауазымды тұлғалар процесске қатысушыларға олардың заңды мүдделеріне сәйкес келетін іс - әрекеттің түрлерін, бағыттарын, жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Негізгі қылмыстық - процессуалдық функциялар :

1. Әділ сот төрелігін жүзеге асыру;

2. Айыптау;

3. Қорғау;

4. Алдын ала тергеу.

Әділ сот төрелігін жүзеге асыру функциясы теқ қана сотқа тән, ол сот отырыстарында қылмыстық істерді қараудан және қылмыс жасауға кінәлі тұлғаларға жаза қолданудан немесе кінәсіздерді ақтаудан тұрады.

Қорғау - айыптауды жоққа шығаруға және айыпталушының кінәсіздігін анықтауға немесе оның жауапкершілігін жұмсартуға бағытталған іс - әрекет. Бұл функцияны айыпталушының, /сотталушының/ өзі немесе қорғаушысы жүзеге асырады. 6

Алдын ала тергеу қылмысты ашу, оны жасаған тұлғаны анықтау, айыпталушының тергеуден немесе соттан жалтару мүмкіндігін болдырмайтын іс - шаралар қабылдау мақсатында дәлелдемелерді жинау, бекіту, зерттеу, тексеру және бағалау жөніндегі сотқа дейінгі іс - әрекет болып табылады. 7

Заңда қорғау мен алдын ала тергеудің анықтамалары берілген:

«Қорғау - қылмыс жасады деп сезік келтірілген адамдардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету, айыптауды жоққа шығару немесе жеңілдету, сондай-ақ, заңсыз қылмыстық ізге түсуге ұшыраған адамдарды ақтау мақсатында қорғау тарабы жүзеге асыратын іс жүргізу қыметі» (ҚР ҚІЖК-нің 7-бап 19 -т. )

«Алдын ала тергеу - уәкілетті органдардың осы кодекспен белгіленген өкілеттік шегінде істің мән - жайының жиынтығын анықтау, белгілеу, бекіту және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі сотқа дейінгі іс жүргізу қызметінің нысаны» ( ҚР ҚІЖК-нің 7- б. 16 -т. )

Бұл көзқарастарды талқыламай -ақ берілген ұғымдар қорғау және алдын ала тергеу функцияларының шамамен бірдей мәнін білдіретінін атап өтейік. Айыптау функциясымен іс басқаша « ҚР ҚІЖК - нің 7 бабына сәйкес, қылмыстық ізге түсу - қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетпен оны жасаған адамды, соңғысының қылмыс жасаудағы кінәлілігін анықтау мақсатында сондай-ақ мұндай адамға жаза немесе өзге де қылмыстық құқықтық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету үшін айыптау тарабы жүзеге асыратын іс жүргізу қызметі».

Ал теорияда айыптау - соттың оның жауапкершілігі туралы сұрақты дұрыс шешуін қамтамасыз ету мақсатында қылмысты ашуға оны жасаған нақты тұлғаның кінәлілігін дәлелдеуге бағытталған уәкілетті органдар мен тұлғалардың іс - әрекеті. 8

Заңдық сөздікте айыптау «қылмыстық жауапкершілікке тартылатын тұлғаның кінәлілігін дәлелдеу үшін жүзеге асырылатын заңмен құзырет берілген органдар мен тұлғалардың іс -әрекеті». 9

Заңшығарушы қылмыстық қудалау және айыптау ұғымдарын сәйкестендіреді. Алайда, бұл шын мәнінде солай ма?

М. С. Строговичтің пікірі бойынша: « қылмыстық ізге түсу тергеушінің (немесе анықтама органының) және прокурордың қылмыс жасаған тұлғаны әшкерлеуге, оның кінәлілігін дәлелдеуге, оған тиісті жазаны қолдануды қаматамасыз етуге бағытталған айыпталушы ретінде қылмыстық жауапкершілікке тартылған белгілі тұлғаға қатысты іс - әрекеті»10.

Сәйкесінше, қылмыстық ізге түсуді қорғау актісі болып ҚР КІЖК 206-б. тәртібінде белгілі тұлғаны айыпталушы ретінде тарту табылады, ал қылмыстық ізге түсу функциясы өзінің негізінде айыптау функциясымен сәйкес келеді. Профессор И. В. Тыричев қылмыстық ізге түсу функциясын алдын ала тергеу функциясының мазмұнын да ажыратады. Ол былай деп жазады: «тергеуші» (анықтама органы) сезіктілерді ұстайды, айып тағады, мәжбүрлеу шараларын, оның ішінде бұлтартпау шараларын да қолданады, қылмыстарды ашу, айыптауды дәлелдеу жөніндегі өзінің іс-әрекетінің нәтижелерін шығаратын айыптау қорытындысын жасайды. Бұл нақты тұлғаға қарсы қылмыс жасады деп айып тағу нысанында көрініс табатын қылмыстық ізге түсу функциясының жүзеге асырылуы. 11

Бұл пікірді А. М. Ларин де қолдайды, ол қылмыстық ізге түсуді белгілі тұлғаның кінәлілігін дәлелдеуге бағытталған, белгілі тұлғаның қылмыс жасағандығы туралы қорытындыны жасаудан және негіздеуден тұратын процессуалдық іс - әрекет ретінде анықтаған. 12

Оны теқ қана тергеуші емес, сонымен қатар прокурорда жүзеге асырады. Мысалы, тергеуші тергейтін іс бойынша айып тағу, тергеуші жүргізетін іс - әрекеттерге қатысу, тергеуші жасаған айыптау қорытындысын бекіту немесе айыптау қорытындысын жасау және т. б .

Сәйкесінше, айыптау дегеніміз қылмыстық ізге түсу нысаны және қылмыстық процесстің қозғаушы бастауы және ол алдын ала тергеу кезеңінде де, сотта да көрініс табады.

Қылмыстық ізге түсу туралы сұрақ - қылмыстық - процессуалдық функциялар мәселесінің ең өзекті, күрделі және жеткілікті анықталмаған жақтарының бірі.

Кеңестік заңдылық « қылмыстық ізге түсу» терминін қолданған (Мысалы 1923жылы РСФСР КІЖК 4, 9 баптары) .

Алайда, қылмыстық - процессуалдық әдебиетке қылмыстық ізге түсу ұғымына қатысты әр түрлі пікірлер қалыптасты. Мысалы, М. С. Строгович былай деп жазады: «қылмыстық ізге түсу дегеніміз процессуалдық функция ретіндегі айыптау, яғни айыптау іс-әрекеті»13

М. А. Чельцовтың трактовкасында қылмыстық ізге түсу тұтастай қылмыстық іс бойынша іс жүргізумен жақындастырылды. 14

Егер М. С Строговичтің көзқарасы ресейлік құқықтық теорияның дәстүріне негізделсе, М. А. Чельцовтың позициясы сол кезде әрекет етуші заңға сүйенеді. 15

Осылайша, 1923 жылы (РСФСР ҚІЖК 9 бап) прокуратураның «сот және тергеу органдарының алдында кез келген жасалған және жазалануға жататын қылмыс бойынша қылмыстық ізге түсу қайта жандандыру» міндетін бекітті. Бұл міндетті орындау жөніндегі прокурордың іс-әрекеттері кодекстің 91 бабында қылмыстық іс қозғауға, яғни іс бойынша іс жүргізуді бастауға себеп ретінде анықталды. 1923 жылы РСФСР ҚІЖК « қылмыстық істі тоқтату» ( 204 бап) және « қылмыстық ізге түсуді тоқтату» (4 бап) сөз тіркестерін бір мағынада қолданды.

М. С. Строгович пен М. А. Чельцовтың қөзқарастарын салыстырып П. С. Элькинд бірде айыптаумен, бірде тұтастай іс бойынша іс жүргізумен сәйкестендірілетін « қылмыстық ізге түсу» терминін қажетсіз деп тапты. 16

Бұл сұрақ бойынша дауласпай-ақ ҚР ҚІЖК қарастырайық.

Жоғарыда айтылғандай, ҚР ҚІЖК 7-ші бабына сәйкес « қылмыстық ізге түсу (айыптау) - қылмыстық заңмен тиым салынған әрекет пен оны жасаған адамды, соңғысының қылмыс жасаудағы кінәлілігін анықтау мақсатында, сондай-ақ, мұндай адамға жаза немесе өзге де қылмыстық - құқықтық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасз ету үшін айыптау тарабы жүзеге асыратын іс жүргізу қызметі».

Осыдан қылмыстық ізге түсудің міндеттері туындайды:

1. қылмыстық іс әрекетті анықтау;

2. қылмыс жасаған тұлғаны анықтау;

3. бұл тұлғаның кінәлілігін анықтау;

4 оған жаза немесе өзге де қылмыстық - құқықтық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету.

Біздің көзқарасымыз бойынша қылмыстық ізге түсудің берілген түсінігінде кейбір қателіктер бар.

Біріншіден, заң шығарушы, жоғарыда айтылғандай, қылмыстық ізге түсу және айыптау ұғымдарын сәйкестендірді. Алайда, әр түрлі ғалымдармен айтылған пікірлерді сұрыптай келе біз айыптау іс бойынша алғашқы айып мазмұндалған және тұлға айыпталушы ретінде қылмыстық жауапкершілікке тартылған кезден туындайды деген қорытынды жасаймыз, (ҚР ҚІЖК 206 бап), ал қылмыстық ізге түсу қашан туындайды?

КазКСР ҚІЖК қылмыстық ізге түсу ұғымын берген жоқ. Алайда, жоғарыда айтылғандай, қылмыстық ізге түсу ұғымын Кеңестік ғалымдар: Ларин, Строгович және т. б. берді. Айыптау нысанындағы қылмыстық ізге түсу қорғау сәті болып тұлғаны айыпталушы ретінде тарту туралы қаулы, сезіктену нысанындағы қылмыстық ізге түсуді қозғау сәті болып ұстау немесе айып тағылғанға дейін бұлтартпау шарасын қолдану табылады. 17

ҚР ҚІЖК-нің қабылдануы қылмыстық ізге түсу ұғымын кеңейтті және берілген ұғымға қылмыстық іс әрекетті анықтау және қылмыс жасаған тұлғаның міндетін қосты. Көпшілік қылмыстар бойынша іс әрекетті анықтау ерекше күш жұмсауды қажет етпейді, олар туралы сенімді қайнар көздерден азаматтардың арыздарынан және хабарлауларынан белгілі болады, немесе олар айқын болады. Сәйкес тексеруден және фактіні - қылмыс белгілері туралы жеткілікті мәліметтерді анықтағаннан кейін анықтама органы немесе тергеуші қылмыстық іс қозғайды және тергеуге кіріседі.

Ожеговтың сөздігінде «анықтау» - «дәлелдеу, айқындау, табу» ретінде түсіндіріледі. 18 Сәйкесінше, қылмыстық іс - әрекетті анықтау дегеніміз - қылмыстың жасалуын айқындау, табу және дәлелдеу жөніндегі іс - әрекет.

Ал бұл іс - әрекет қылмыстық іс қозғалғанға дейін әлде қашан бұрын басталады, бірақ біз қылмыстық іс әрекетті анықтау жөніндегі процессуалдық іс - әрекетті ( қылмыстық іс - әрекетті табу және анықтау жөніндегі процессуалдық емес іс әрекетті жедел іздстіру органдары жүзеге асырады), қарастырып отырғандығымыздан, қылмыстық ізге түсу қозғау сәті болып қылмыстық істі қозғауға себепті болуы табылады. (ҚР ҚІЖК - нің 177 бабы 1-ші тармағы. )

Осылайша, қылмысты ізге түсу және айыптау туындау сәтінің өзі бойынша ұғымдар әр түрлі.

ҚР ҚІЖК бойынша қылмыстық ізге түсу ұғымында тағы бір дәлсіздік бар. Осылайша, «қылмыстық ізге түсу . . . айыптау тарабы жүзеге асыратын іс жүргізу қызметі» (ҚР ҚІЖК 7 бап), алайда бұл бапта « айыптау тарабының» да ұғымы берілген - олар «қылмыстық ізге түсу органдары, сондай-ақ, жәбірленуші, (жеке айыпталушы), азаматтық талапкер, олардың заңды өкілдері мен өкілдері».

Жәбірленуші (жеке айыпталушы), азаматтық талапкер, олардың заңды өкілдері мен өкілдері қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырады ма?

ҚР ҚІЖК - іне сәйкес қылмыстық ізге түсу органдары - прокурор (мемлекеттік айыпталушы), тергеуші, анықтама органы, анықтаушы (ҚР ҚІЖК 7 бап) .

Қылмыстық ізге түсу ҚР Конституциясының қылмыстық процессуалдық заңдылықпен және қылмыстық ізге түсу органдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілермен бекітілген қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады. Оған құқық қорғау қызметінің жалпы қағидалары тән және сонымен қатар, ол өзіне тән ерекшіліктерге ие:

- анықтыма және алдан ала тергеу органдарының қызметін қадағалауды және бақылауды прокуратура жүзеге асырады (прокурор нұсқаулар береді, олардың актілерінің күшін жояды, қамауға алуға санкция береді, айыпталушыны сотқа береді, істі сотқа жібереді, оны тоқтатады, қосымша тергеуге қайтарады және т. б. ) ;

- анықтау және алдын ала тергеу соттың алдында жүреді;

  • анықтама мен алдын ала тергеу жүргізетін органдар прокоратура мен соттан бөлінген;
  • қылмыстық ізге түсу әдістері өзіндік, биліктік - өкімдік сипатта болады (мысалы, жедел іздестіру шараларын - телефон хабарларын тыңдау, аңду жедел ақпарат жинау және т. б. тергеу әрекетерін - жауап алу, тінту және т. б. қолдану мүмкіндігі көзделеді) ;
  • қылмыстық ізге түсу органдарының іс-әрекетіне араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша қудаланады;
  • тергеу мен анықтама құпиясына заңмен кепілдік беріледі және т. б.

Қылмыстық істердің санатына, оларды қорғау және тоқтату тәртібіне байланысты қылмыстық ізге түсудің келесі түрлерін ажыратады:

  1. жеке айыптау істері бойынша қылмыстық ізге түсу;
  2. жеке көпшілік айыптау істері бойынша қылмыстық ізге түсу;
  3. жариялы айыптау істері бойынша қылмыстық ізге түсу;

Жеке айыптау істері жәбірленушінің өтініші бойынша ғана қозғалады және айыпталушымен бітісуіне орай қысқартылуға тиіс (ҚР ҚІЖК - 33 бап) .

Жеке - жариялы айыптау істері жәбірленушінің шағымы бойынша ғана қозғалады және тек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекісінің 67-бабында көзделген жағдайларда ғана жәбірленушінің айыпталушымен бітісуіне орай қысқартылуға жатады. (ҚР ҚІЖК 34-бап)

Жариялы айыптау істері бойынша қылмыстық ізге түсу жәбірленушінің шағым беруіне қарамастан жүзеге асырылады.

Егер әрекет дәрменсіз немесе басқа тәуелді жағдайдағы, не басқа да себептер бойынша өзіне тиесілі құқықтарды өз бетінше пайдалануға қабілетсіз адамдардың мүдделерін қозғайтын болса, прокурор жеке айыптау ісі бойынша, ал сонымен қатар қоғамның немесе мемлекеттің елеулі мүдделерін қорғайтын болса жеке жариялы айыптау ісі бойынша жәбірленушінің шағымы болмаған кезде де іс қозғауға құқылы. (ҚР ҚІЖК 33-бап 2-тар, 34 бап 2-тар) .

Сонымен қатар оны жүзеге асыратын органга байланысты қылмыстық ізге түсудің нысандары ажыратылады:

1. Алдын ала тергеу - тергеушілермен сотқа дейінгі өндіріс тәртібінде жүзеге асырылатын және өзіне тән ерекшіліктерге ие қылмыстық ізге түсу нысаны. Алдын ала тергеу - ең маңызды және күрделі қылмыстық істер бойынша жүзеге асырылатын тергеудің жетілдірілген және ерекше нысаны. (ҚР ҚІЖК 191 бап) .

Сәйкес алдын ала тергеуді ұлттық қауіпсіздік комитетінің, ішкі істер және қаржы полициясы органдарының тергеушілері, ал кейбір жағдайларда анықтама органы жүргізеді. Бұл органдардың әр қайсысының тергеу реті бар.

2. Анықтау - анықтау органдарымен, анықтаушылармен сотқа дейінгі өндіріс тәртібінде жүзеге асыралатын және өзіне тән ерекшеліктерге ие қылмыстық ізге түсу нысаны. Ол қылмыс жасады деп сезіктелетін тұлға белгілі жағдайда кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстардың көпшілігі бойынша жүргізіледі. Олардың толық тізімі ҚР ҚІЖК - нің 285 бабында берілген. Анықтау органдарының тізімі ҚР ҚІЖК - нің 65 бабында келтірген. 19

Сонымен қатар қылмыстық ізге түсуді қылмыстық ізге түсудің бағытына байланысты жіктеуге болады:

  1. қылмыс жасаған, анықталған тұлғаға қатысты қылмыстық ізге түсу;
  2. қылмыс жасалу фактісі бойынша қылмыстық ізге түсу;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТЕРГЕУШІ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІЗГЕ ТҮСУ ОРГАНЫ РЕТІНДЕ
Тергеушінің тергеу бөлімінің бастығымен және анықтау органдарымен өзара әрекеттесуі
Қылмыстық ізге түсудің түсінігі
ҚР қылмыстық іс жүргізу заң бойынша қылмыстық қудалау
Тергеушінің қылмыстық сот ісін жүргізудегі дербестігі және жауапкершілігі
Сот сараптамасы туралы криминалистік ілімнің рөлі мен маңызы және оны тағайындау, жүргізу және бағалаудың тактикалық ерекшеліктері
Қылмыстық іс қозғау – алдын ала тергеудің дербес сатысы ретінде
ПРОЦЕССУАЛДЫҚ МӘЖБҮРЛЕУДІҢ ТҮСІНІГІ
Қылмыстық процеске қатысушылар
Сот сараптамасынын объектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz