Қылмыстық құқықтағы қылмыстың обьективтік жағы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ
Қылмыстық-құқықтық
пәндер кафедрасы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Қылмыстық құқықтағы қылмыстың обьективтік жағы
Орындаған: сыртқы бөлімнің
5-курс, ПР-06 УВВ тобының
студенті Жумабаев. Б. Ж.
Жетекші: Алибеков. Б. Т.
Рецензент:
Қорғауға жіберілді
«»2008ж
Алматы- 2008ж
Мазмұны
Кіріспе 3
1. Тарау. Қылмыстық құқықтағы қылмыстың обьективтік
жағының жалпы сипаттамасы. 6
- Қылмыстың обьективтік жағының түсінігі және
оның маңызы . 6
2. Тарау. Қоғамға қауіпті іс- әрекет пен қылмыстық зардап
туралы жалпы түсінік және оның нысандары. 14
2. 1 Қоғамға қауіпті іс - әрекеттің түсінігі . 14
2. 2 Қылмыстық зардаптың түсінігі және оның түрлері . 25
- Себепті байланыс және оның қылмыстық -құқылық
маңызы . 34
3. Тарау. Қылмыстың объективтік жағының
факультатитвтік белгілері. 44
3. 1 Қылмыс жасаудың әдісі, орны, уақыты,
жағдайы және құралдары мен қарулары . 44
Қорытынды 50
Қолданылған әдебиеттер тізімі. 53
К І Р І С П Е
Дипломдық жұмысымды қылмыстық құқықтағы актуальды сұрақтардың бірі қылмыстың обьективтік жағы деген тақырыбта жазуға кірістім. Бұл тақырыбты таңдау себебім қылмыс құрамының негізгі элементтері реттінде кезкелген қылмысты іс-әрекеттің мәнін ашу үшін қылмыстың обьективтік жағын анықтаудың маңызы ерекше болып табылады.
Қылмыс құрамының объективтік жағы дегеніміз-қылмыстық заңда көрсетілген қылмыстық іс-әрекеттік сыртқы көрінісінің жиынтығы.
Олардың қатарына мыналар жатады: қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік), қоғамға қауіпті салдар (қылмысты нәтиже), қоғамға қауіпті іс-әрекет пен қоғамға қауіпті салдар арасындағы себепті байланыс, қылмысты жасаудың әдісі, орны, уақыты, жағдайы, қаруы және құралы.
Қылмыстың объективтік жағы-қылмыстық жауаптылықтың маңызы алғы шарты.
ҚР Қылмыстық кодексі қылмыс деп адамның жүзеге асырылған күнде жеке басқа, қоғамға және мемлекетке қауіп төндіретін ойын немесе пікірін емес, оның тек қылмыстық-құқықтық нормаларды бұзушы қоғамдық қауіпті іс-әрекетті ғана мойындайды (ҚК3, 9-баптары) .
Қылмыстың объективтік жағы-қылмыстық жауаптылықтың негізін қалаушы болып саналады, онсыз жауаптылықтың болуы мүлдем мүмкін емес.
Адамның жауаптылығы үшін іс-әрекеттің объективті жағының айырықша мағынасын өткен ғасырдың 40-шы дылдарында К. Маркм өзінің жас кезінде былап деп тұжырымдаған: « Негізгі белгі ретінде істің өзін емес, әрекеттенушінің ойларының түрін алға шығарушы заңдар-заңсыздықтың жағымды жазалау шараларынан басқа түк те емес . . . Мен өзімді көрсете білгендіктен ғана, шын болмыспен бетпе-бет келгенімде ғана -заң шығарушыға бағынышты ортаға енемін. Заң үшін әрекеттерімнен басқа өз басым, тіпті де жоқ нәрсемнің, мен тіпті де оның объектісі емес екенмін » 1
Сондықтан, қылмыстың объективтік жағы қылмыскердің ойы мен мақсатын бағалауға негізгі белгі болыпп табылады.
Осыған байланысты, қылмысты істі алдын-ала тергеу немесе сотта қарау кезінде, ең алдымен қылмыстың қылмыстың объективтік жағы анықталып алып, оның негізінде субъективтік жағы белгілі болады, қылмыстық заң жүзінде тыйым салуына қарамастан қоғамдық қауіпті әрекет жасаушының мақсаты, себебі және ниеті туралы шешім шығарылады.
Объективтік жақтың белгілерінсіз субъективтік жақтың мәселелері қозғалмайды да, себебі соңғысы алғашқымен байланыссыз іске аса алмайды.
Қылмыстың объективті жағының маңыздығын, қылмыс құрамының дәл осы буыны қылмыстық жауаптылық пен қылмыс құрамының түгел құралымының іргетасы екендігін, ҚР Қылмыстық кодексі Ерекше бөлімі баптарының диспозицияларында заң шығарушы қылмыстың объективті жағының белгілерін жиі атайтығындығынан да көруге болады. .
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының жаңадан шыққан Қылмыстық кодексінде қылмыстық-құқықтық қорғау обьектілерінің иерархиясы мен олардың салыстырмалы құндылығын бағалауда өзгерістер бар екендігін атап өту керек. Қазақ КСР-нің 1959 жылғы Қылмыстық кодексінде ең басты мәселе ретінде алдымен мемлекет мүддесі, тек содан кейін ғана жеке бастың мүддесі мен қоғамдық мүдделер қарастырылатын. Әрине, бұл- жеке бастың мүдделерін мемлекеттік- партиялық бағындырушы тоталитаризм көріністерінің бірі болып есептеледі.
Қазақстан Республикасы қылмыстық заңының жалпы адамзаттық құндылықтардың мұратына қайта оралуы -қылмыстық құқықтық қорғау обьектілері жөнінде әбден қалыптасып қалған иерархияның айтарлықтай өзгергендігін көрсетеді. Қылмыстық заңмен қорғалатын обьектілер енді демократиялық қағидалар негізінде мүлдем басқаша қарастырылатын болды, яғни ең алдымен жеке бастың, сосын қоғамның және мемлекеттің мүддесі ескеріледі.
Дипломдық жұмыс, кіріспе және қорытындыдан, үш тараудан, сондай-ақ қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Сонымен қатар дипломдық жұмысыма Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, сондай-ақ арнайы әдебиеттерді қолдандым.
Осы дипломдық жұмысты жазуымның негізгі мақсаттарының бірі қылмыстық құқықта қылмыстың обьективтік жағын ғылыми теориялық жағынан талдау болып табылады. Қылмыстың обьективтік жағын зерттеу қылмыстық құқықта қылмыстық іс-әрекеттерді саралауда үлкен маңызға ие.
- Тарау Қылмыстық құқықтағы қылмыстың объективтік
жағының жалпы сипаттамасы.
1 . 1 Қылмыстың объективтік жағының түсінігі және оның
маңызы .
Қылмыстың объективтік жағы қылмысты істеген адамның мінез-құқлқының сыртқы көрінісінн білдіреді.
Қолданылып жүрген қылмыстық заңға сәйкес(9-бап) ондай мінез-құлық біріншіден қоғамға қауіпті, екіншіден қылмыстық заңға қайшы болуы керек.
Қылмыстың объективтік жағының мазмұны көптеген белгілерінің жиынтығынан тұрады. Ең бастысы қылмыстық заң құрайтын заң қорғайтын қоғамдық қатынастарға қиянатпен қол сұғатын және оған қол сқғу қаупін тудыратын қоғамға қауіпті іс-әрекет( әрекет немесе әрекетсіздік) .
Қылмыстық құқықтағы зиян қылмыстың объективтік жағының белгісі болып табылатын «қоғамға қауіпті зардап « деген ұғымды білдіреді.
Қоғамға қауіпті іс-әрекет пен одан туындайтын зардаптың арасын байланыстыратын белгіні себепті байланыс деп атайды.
Сонымен, қоғамға қауіпті іс - әрекет қылмыстық зардап, себепті байланыс қылмыстың объективті жағының белгілері болып табылады. Адамның мінез-құлқының сыртқы көрініс болып табылатын қауіпті іс-әрекет белгілері бір кеңестікте және уақытта орын алатын нақты көрініс болып табылады.
Қылмыстық құқықта кеңестік деген ұғым нақты іс-әрекеттің істелген орны ретінде қарастырылады. Сондықтан да қылмыстың объективтік жағының мазмұнын ашып көрсететін белгілер қатарына қоғамға қауіпті іс- әрекет, істелген орын және уақыт та қосылады.
Кейбір реттерде заң шығарушы нақты қылмыс құрамының бнлгілерін анықтағанда қоғамға қауіпті іс- әрекеттің белгілі бір жағдайда істелетіні да еске салады.
Демек, мұндай жағдай қылмыстың объективтік жағының бір белгісі болып саналады.
Кез келген қоғамға қауіпті іс - әрекет белгілі бір тәсілмен, кейбір реттерде нақты құралдар мен қару-жарақтар қолдану арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Мысалы, кісі өлтіруде бірнеше тәсіл қолданылуы мүмкін: кісіні өлтірі үшін мылтық немесе пышақ, у дәрі пайдаоану, адамды тұншықтыру, қылғындыру немесе автокөлік пен әдейі қағып кету арқылы да өлтіреді.
Қылмыс жасаудың тәсіліне алдау немесе сенімге қиянат жасау(мысалы, алаяқтықта немесе салық қылмыстарында) болуы мүмкін.
Осы айтылғандарға байланысты қылмыс істеудің тәсілі, құрал және қару-жарақ деген ұғымдар да қылмыстың объективтік жағының мазмүнын ашатын белгілер қатарына жатады.
Сонымен, жоғарыда белгілердің барлығы да қылмыстың объективтік жағының белгілері болып табылады және осы белгілер арқылы объективтік жақтың мазмұны айқындалады.
Кез келген жеке қылмым құрамы үшін объективтік жақ сол нақты құрамның төрт элементтерінің бірі ғана. Қылмыстық құқылық белгіленген қылмыс құрамының белгілерін талдағанда сол қылмыстың объективтік жағы нақты қандай белгілерден тұратынын анықтау өте қажет.
Қылмыстық құқық қылымында қылмыс құрамын ғылыми негізде зерттеуде А. Н. Трайнин үлкен үлес қосқан. 2
Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің нақты нормаларын талдағанда, жоғарыда көрсетілген қылмыстың объективтік жағының барлық белгілері түгелдей дерлік, нақты нормалардың әрқайсысында кездесе бермейді.
Көптеген жағдайларда қоғамға қауіпті іс -әрекеттен міндетті түрде туындайтын зардаптың (мысалы, ауыр немесе өте ауыр емес дене жарақаты ) болуын заңның өзінде атап көрсетеді.
Мұндай ретте заң шығарушы объективтік жақтың -уақыт, орын, жағдай, тәсіл немесе басқа да белгілерін заңда көрсетпейді.
Біршама қылмыстық - құқылық нормалар қоғамға қауіпті іс-әрекетті атап өтумен ғана шектеледі. Мысалы, пара беру(312 бап), қызметтік жалғандық жасау(341 -бап) .
Кейбір жекелеген қылмыстық -құқылық нормаларда қылмыстың істелген орны, уақыты немесе жағдайы тура көрсетіледі.
Яғни, қылмыстың объективтік жағының мазмұнына тән бір топ белгілердің ішінен тек біреуі ғана қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік кез келген қылмыс құрамының объективтік жағының міндетті, қажетті белгісі, ал қалған белгілерінің барлығы да факультативтік белгілері болып табылады.
Бұл белгілер адамның санасынан тысқары объективті өмір сүреді, сонымен қатар олар әрбір нақты қылмысқа тән, заң шығарушының міндеті, бұл жерде, заңда осы белгілерді дәл және тереңірек тауып анықтау болып табылады…
Сондықтанда заңның баптарының дизпозициясы, қылмыс құрамының элементтерін ғана көрсетеді, оның өзі толығымен емес»3
Қылмыстың объективтік жағының маңызы біріншіден, оның белгілерін дәлме-дәл анықтау арқылы істелген қоғамға қауіпті іс-әрекетті дұрыс саралаудың негізі болып табылады.
Екіншіден, объективтік жағының белгілері арқылы өзара жақын, ұқсас қылмыстарды бір - бірінен ажыратуға мүмкіндік туады (мысалы, ұрлықты тонаудан, алаяқты ұрлықтан т. б. )
Осыған байланысты қылмыстың объективтік жағы қылмыс құрамының ішіндегі ең маңызды элеменнтері қатарына жатады.
Қылмыс құрамының объективтік жағы дегеніміз-қылмыстық заңда көрсетілген қылмыстық іс-әрекеттік сыртқы көрінісінің жиынтығы.
Олардың қатарына мыналар жатады: қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік), қоғамға қауіпті салдар (қылмысты нәтиже), қоғамға қауіпті іс-әрекет пен қоғамға қауіпті салдар арасындағы себепті байланыс, қылмысты жасаудың әдісі, орны, уақыты, жағдайы, қаруы және құралы.
Қылмыстың объективтік жағы-қылмыстық жауаптылықтың маңызы алғы шарты.
ҚР Қылмыстық кодексі қылмыс деп адамның жүзеге асырылған кнде жеке басқа, қоғамға және мемлекетке қауіп төндіретін ойын немесе пікірін емес, оның тек қылмыстық-құқықтық нормаларды бұзушы қоғамдық қауіпті іс-әрекетті ғана мойындайды (ҚК3, 9-баптары) .
Қылмыстың объективтік жағы-қылмыстық жауаптылықтың негізін қалаушы болып саналады, онсыз жауаптылықтың болуы мүлдем мүмкін емес.
Адамның жауаптылығы үшін іс-әрекеттің объективті жағының айырықша мағынасын өткен ғасырдың 40-шы дылдарында К. Маркм өзінің жас кезінде былап деп тұжырымдаған: « Негізгі белгі ретінде істің өзін емес, әрекеттенушінің ойларының түрін алға шығарушы заңдар-заңсыздықтың жағымды жазалау шараларынан басқа түк те емес . . . Мен өзімді көрсете білгендіктен ғана, шын болмыспен бетпе-бет келгенімде ғана -заң шығарушыға бағынышты ортаға енемін. Заң үшін әрекеттерімнен басқа өз басым, тіпті де жоқ нәрсемнің, мен тіпті де оның объектісі емес екенмін ».
Сондықтан, қылмыстың объективтік жағы қылмыскердің ойы мен мақсатын бағалауға негізгі белгі болыпп табылады.
Осыған байланысты, қылмысты істі алдын-ала тергеу немесе сотта қарау кезінде, ең алдымен қылмыстың қылмыстың объективтік жағы анықталып алып, оның негізінде субъективтік жағы белгілі болады, қылмыстық заң жүзінде тыйым салуына қарамастан қоғамдық қауіпті әрекет жасаушының мақсаты, себебі және ниеті туралы шешім шығарылады.
Объективтік жақтың белгілерінсіз субъективтік жақтың мәселелері қозғалмайды да, себебі соңғысы алғашқымен байланыссыз іске аса алмайды.
Қылмыстың объективті жағының маңыздығын, қылмыс құрамының дәл осы буыны қылмыстық жауаптылық пен қылмыс құрамының түгел құралымының іргетасы екендігін, ҚР Қылмыстық кодексі Ерекше бөлімі баптарының диспозицияларында заң шығарушы қылмыстың объективті жағының белгілерін жиі атайтығындығынан да көруге болады.
Мысалы, қылмыстық заңда ылғи қоғамдық қауіпті іс-әрекеттердің белгілері аталады, оларсыз Ерекше бөлім баптарының бірде-бір диспозициясы мүмкін болмай қалады, қылмыстық заңда объективтік жақтың басқа да белгісі жиі көрсетіліп отырады.
Атап өтетін бір жай-олардың барлығы да қылмыстық-құқықтың маңызға бірдей дәрежеде ие бола алмайды.
Қылмыстардың барлық құрамына міндетті нәрсе -қоғамдық қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) . Объективтік жақтың басқа белгілері факультативті, атап айтқанда, олар кейбір қылмыстардың құрамы үшін олардың объективтік жағының белгілері болып саналса, басқа біреулері үшін -олай саналмайды.
Мысалы, адам өлтіру, зорлау (96, 120- баптар) қылмыс құрамдарыүшін қылмыстың істелген орны еш рөл атқармайды және қылмыстық жауаптылық бұл қылмыстардың қай жерде істелгеніне қарамастан тағайындалады.
Алайда, дәл осы белгі (орын), мысалы, су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу (ҚК 287-б) қылмысының құрамын анықтау үшін міндетті болып табылады.
Объективті жақтың факультативті белгілері - тіпті қылмыстың құрамының белгілері болмағандықтан оның бағалауына әсер етпеген күнде де, жаза белгілеуге айтарлықтай әсер ететіндіктен үлкен материалдық-құқықтық маңызға ие.
Кейбір жағдайларда олар жаза белгілеу кезінде кінәлінің жауаптылығын жеңілдетуші немесе ауырлатушы жағдай болып табылады.
Мысалы, ҚР ҚК-нің 54-бабаына сәйкес қылмыстық жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар болып объективтік жақтың төмендегідей белгілері саналады: қоғамдық қауіпті салдар («қылмыс арқылы ауыр зардаптар келтіру»), қылмыстың жасалу әдісі («аса қатыгездікппе, садизммен, қорлаумен, сондай-ақ жәбірленушіні қинап қылмыс жасау»), қылмыстың жасалу жағдайы () қылмысты төтенше жағдайда жасау») және т. б.
Объективті жақтың факультативті белгілерінің қылмыстық іс бойынша әр қашан маңызды дәлелдік мағынасы бар екендігін екерген жөн.
Олардың барлығы да кез келген қылмыстың қажетті сиппатамасы болып табылады. Егер, мысалы, істелген қылмыстың уақыты мен орны аннықталмаса, қылмысты ашылды деп санауға болмайды (тіпті кейбір құрамда олардың қылмысты бағалауда маңызы болмаса да.
Сондықтан, қылмыстың объективті жағынан барлық белгілері өзінің « міндеті» немесе « факультативті» болуына қарамастан кез келген қылмыстық іс бойынша қылмыстық-құқықтық мағынада дәлелдеу затына жатады.
ҚР Қылмыстық Кодексінің Ерекше бөлімінің быр тарауы көлемінде текті (арнайы) объект бойынша топтастырылған қылмыстар көбінесе объективті жағының белгілері бойынша ажыратылады.
Себебі, қылмысқа сәйкес қоғамдық қауіптілікке тән дәл осы белгілерді ажырату кезінде байқалады. Адамның және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандығына қарсы жасалған қылмыстардың көпшілігі бір -бірінен қылмыстың объективті жағының белгілері бойынша, яғни қоғамдық іс-әрекеттің сипатына қарай ажыратылады.
Конституцияның 1-бабында «ең қымбат қазына-адам және адамның өмірі, құқықтарымен бостандықтары», 4 -деп жарияланған.
Мысалы, сайлау құқығын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссиясының жұмысына кедергі жасау (146-б), азаматтардың тең құқылығын бұзу (141-б), сайлау құжаттарын, референдум құжаттарын бұрмалау немесе дауыстарды қате есептеу (147-б), тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу (144-б) және т. б.
Қылмыстың объективті жағының белгілері тек қылмыстық істерді бір-бірінен ажыратудың негізі болып қоймай, кейбір жағдайларда қылмыстарды жіктеуге де негіз болады-бір жағынан әкімшілік, тәртіптік, екінші жағынан-басқа құқық бұзушылық.
Мысалы, ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу (291-б) ., қылмыс ретінде дәл осындай әкімшілік құқық бұзушылықтан объективті жақтың белгісімен ажыратылады, ол -құқық бұзушылық салдарынан тартылған залалдың мөлшері.
Қызмет өкілеттілігін теріс пйдалану (307-б) осыған ұқсас тәртіптік теріс қылықтан келтірілген зиян мөлшері бойынша ажыратылады.
Егер қызмет өкілеттілігін теріс пайдалану кезінде азаматтар мен ұйымдардың құқықтарына немесе заңды мүдделеріне немесе қоғамның не мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне айтарлықтай зиян келтірілген болса, ондай теріс пайдаланушылық-қылмысты деп танылады.
Егер келтірілген зиянн мөлшері онша көр болмаса, бұл іс тәртіптік жауаптылыққа тартылуы керек.
Қылмыстық іс-әрекетті саралауда қылмыстың объективті жағының маңызы зор.
Мысалы, Қазақстан Республикасының күші бар қылмыстық заңлары бөтеннің мүлкін талан-таражға салуға байланысты қылмыстық жауаптылықты, олардың жасалу нысанында қарай анықтайды (175-179 баптар) .
Бұл қылмыстардың барлығы ұұрлық, сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін ысырап ету немесе иеленіп алу, алаяқтық, шабуыл жасап тонау, тонау) тікелей , бірдей объектіге қол сұғады.
Сондықтан аталған қылмыстарды тек қана объективтік белгілеріне байланысты дұрыс - саралай аламыз, яғни мүлікті алу тәсіліне қарап (ұрлық -жасырын алу, тонау -ашықтан -ашық алу және т. б. ) .
2. Тарау Қоғамға қауіпті іс-әрекет пен қылмыстық
зардап туралы жалпы түсінік және оның нысандары.
2. 1 Қоғамға қауіпті іс - әрекеттің түсінігі .
Іс-әрекет кз -келген қылмыстың объективтік жағының қажетті белгісі болып табылады.
Қоғамға қауіпті іс-әрекет бұл адамның құқыққа қайшы, саналы, белсеңді немесе енжар түрде қоғамдық қатынастарға зиян келтіретін мінез - құлқының сыртқы көрінісі болып табылады.
Кез келген қылмысты іс-әрекет объективтік тұрғыдан алғанда қоғамға қауіпті. Оның қауіптілігі құқық қорғайтын қоғамдық қатынастарға қиянатпен қол сұғу арқылы немесе қол сұғу қаупін туғызу арқылы көрінеді.
Іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің дәрежесін ең алдымен келтірілген зиянның мөлшері, қол сұғылатын объектінің құндылығы арқылы анықталады.
Іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің міндетті белгілерінің бірі оның құқыққа қайшылығы болып табылады. Мұндай белгінің болуы азаматтарды заңсыз қылмыстық жауапқа тартуға жол бермеуінің кепілі болады және заңдылықтың қатаң сақталуын қамтамасыз етеді.
Іс-әрекет- адам мінез -құлқының сыртқы шыққан шынайы көрініс болып табылады. Сондықтан да адамның ниеті, пікірі, ойы қаншалықты қоғамға зиянды залал келтіргені не ззиян келтіру қаупін төндіргеніне қарамастан, қылмыстық-құқылық тәртіппен жазаланатын іс-әрекетке жатпайды.
Адамның өзінің еріне байланысты емес, одан тыс жағдайда тойтарылмайтын күштер (күш қолдану мен қорқыту) арқылықоғамға зиянды залал келтірілсе, онда қылмыстық-құқылық іс-әрекет туралы сөз болуы мүмкін емес.
Тойтарылмайтын күш, күш қолдану және қорқытып зорлаудың түсінігі қылмыстық заңда көрсетілмеген.
Тойтарылмайтын күшке -табиғат апатынын, хайуанаттар, есі ауысқан адамдар мен дүлей күштің әсерінен адамның өз ойы, еркі арқылы белгілі бір іс-әрекетті істеу мүмкіндігінен айырылуы жатады.
Мысалы, дәрігер ауру адамға аяқ астынан сутасқыны болып кетуге байланысты, дер кезінде барып көмек бере алмайды. Сондай-ақ, ормандағы өртті сөндіру мақсатымен орман ағашын кесу арқылы өрттің жолын бқгеу де қылмыс болып саналмайды.
Бір адамның екінші бір адамға күш қолдану нәтижесінде оның мүлдем өз еркінен тыс жағдайда қоғамға қауіпті іс-әрекетті істеуі қылмыс болып табылмайды.
Мысалы, таяқ жеп, жан тәсілім алдында аман қалған, қол аяғы байланған күзетшіні қылмыскерге қарсыласпадың деп кінәләудың реті жоқ. Аталған жағдайлардағы тойтарылмайтын күш немесе күш қолдану арқылы мәжбүр ету қылмыстық жауаптылықты жоятын жағдайлар деп есептелінеді.
Белгілі бір іс-әрекетті істеу немесе істемеу күш қолданамын, материалдық немесе моральдық зиян келтіремін деп қорқытып мәжбүрлеу арқылы да жүзеге асырылады.
Кейбір реттерде қорқыту арқылы мәжбүрлеу адамның еркін бірден тойтарып, жоққа шығармайды. Мұндай күйге ұшыраған адам өз қалауы, еркі бойынша әрекет істеу мүмкіндігіне біршама шын мәніндегі аса (мәжбүрлік) қажеттілікжағдайында болмаса, әдетте қылмыстық жауапқа тартылады.
Мысалы, кассир сейфтегіақшаны өзіне тікелей мылтық көздеп тұрған бандитке беруге мәжбұр болады. Бұл жерде адам өмірі ақшадан қымбат.
Кассир аса қажеттілік жағдайында яғни, нақты қорқыту салдарынан өз еркіне байланысты емес іс-әрекетті істеуге мәжбүр болып отыр. Кейбір жағдайларда басқа адамның гипнозы арқылы адам өз еркінен тыс іс-әрекеттерге дол беруі мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz