Қылмыстық процестегі айыптаудың түрлері


Қылмыстық процестегі айыптау
ЖОСПАР
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1-тарау. Қылмыстық процестегі айыптаудың жалпы сипаттамасы.
1. 1. Қылмыстық процестегі айыптаудың түсінігі мен мәні.
1. 2. Айыптау ең маңызды процессуалдық функциялардың бірі ретінде: оның пайда болу сәті мен маңызы.
2-тарау. Айыптаудың құрамдас бөліктері.
2. 1. Айыптаудың құрамдас бөліктері: түсінігі мен маңызы.
- Айыптаудың тұжырымдамасы - қылмыстық процестегі
айыптаудың құрамдас бөлігі ретінде.
2. 3. Қылмысты саралау қылмыстық процестегі айыптаудың құрамдас бөлігі ретінде.
3-тарау. Қылмыстық процестегі айыптаудың түрлері.
- Жеке айыптау істері бойынша өндірістің ерекшеліктері.
- Мемлекеттік айыптаудың ұғымы және мәні.
4-тарау. Мемлекеттік айыптау - іс жүргізушілік функция ретінде.
4. 1. Мемлекеттік айыптаудың субьектісі, оның іс жүргізушілік жағдайы.
3. 3. Мемлекеттік айыптауды жүзеге асыру.
3. 4. Айыптау сөзі.
5-тарау. Прокурордың мемлекеттік айыптаудан бас тартуы.
5. 1. Айыптаудан бас тарту ұғымының түсінігі мен маңызы.
5. 2. Айыптаудан бас тартудың құқықтық салдары.
ІІІ. Қорытынды бөлім.
ІV. Қолданылған әдебиеттер тізімі.
КІРІСПЕ
Кез келген мемлекеттің нақты шағы мен болашағы оның Ата Заңына байланысты болып келеді. Өйткені, Конституция мемлекеттің құрылымын, басқару нысанын, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын белгілей отырып, әрбір құқықтық саланың негізгі қайнар көзі болып, барлық ұлттық заңдарды өзіне бағындырып, мемлекеттің “айнасы” болып табылады.
Осылайша, Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 1-тармағында “Қазақстан Ресбупликасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады . . . ” деп жарияланған.
Ал қылмыстық процестің заңдылық принципіне сәйкес сот, прокурор, тергеуші, анықтау органы және анықтаушы қылмыстық істер бойынша іс жүргізу кезінде ҚР Конституциясының талаптарын дәл сақтауға міндетті (ҚР ҚІЖК 10-бабының 1-тармағы) . Сол себепті, заңдылықты, құқықтық тәртіптің кез келген бұзылуын және қылмыстылықты жоюды қатаң орындауды қамтамасыз етуді ең маңызды рөл әділ сотқа, қылмыстық сот өндірісіне, полиция органдары қызметіне және прокуратураға тиесілі болуы керек.
Бұл органдар өз алдына аталған міндетті орындау барысында әр түрлі құралдарды қолданады. Олардың арасында ең маңызды рөлді айыптау ойнайды. Сол себепті, айыптаудың маңызын тереңірек қарастырудың маңызы зор.
Ең алдымен, айыптаудың қоғамдық, әлеуметтік маңызы зор, өйткені ол әлеуметтік қоғамдық санат ретіндегі қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың құралы болып табылады. Ал қылмыстық жауаптылық - ол қылмыс тұлғасының әшкерелеуді, сотталуды, жазалауды және соттылықты өтеу міндеті. Мұндай міндет құқықтық нормалармен анықталады. Сол себепті оның бекіте отырып, мемлекет өзінің еркін білдіреді. Айыптау қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың құралы болғандықтан, ол сонымен бірге саяси, мемлекеттік міндеттерді орындауға бағытталған әлеуметтік құбылыс болып табылады.
Қылмыстық процестегі айыптаудың әлеуметтік маңызынан басқа, ол қылмыстық және қылмыстық-іс жүргізушілік міндеттерді шешуде үлкен рөл ойнайды. Егер де біз қылмыстық жауаптылықты мемлекеттік соттаудың, жазалаудың және сотталудың жиынтығы ретінде қарастырсақ, онда айыптаудың аталған элементтердің әрқайсысында айрықша маңызға ие екенін көреміз.
Айыптаудың тұжырымдамасында, ең алдымен, сөгіс (соттау) көрініс табады. Кінәлі адамға қатысты жазалауды тағайындау мен жүзеге асырғанға дейін айыптау оған моральды әсер етіп, жасаған қоғамға қауіпті әрекеттің көлеміне, кінәнің нысаны мен деңгейіне, қылмыспен келтірілген зардаптарға назар аудартады.
Аталған жағдайларды ресми түрде тұжырымдамасақ, айыпталушы жасаған қоғамға қауіпті әрекеттің барша ауырлығын көзіне елестетіп, қылмыстың қауіптілігін бағалай алмайды. Айыптау айыпталушының өз кінәсін түсінуге ықпал жасай отырып, оның қайта тәрбиеленуінің кепілі болып табылатын өкініш пен терең ойлануға итермелейді.
Айыптауды көрініс тапқан қылмыстық жауаптылықтың элементі ретіндегі сөгіс (соттау) айыптаумен танысатын, істі талқылау барысында соттың мәжіліс залында барша қауымға профилактикалық, тәрбиелеуші әсер етеді.
Айыптаудың тәрбиелеуші әсері, ең алдымен, кінәға тағылған фактілерді заңды, нақты тұжырымдау арқылы пайда болады. Сол себепті, заңда айыптау тұжырымдалатын мазмұны туралы, үкімнің қорытынды бөліктерін ғана емес, оны түгелдей жария ету қажеттілігі жөніндегі талаптар туралы ережелер бекітілген.
Айыптаудың тұжырымдамасында көрініс тапқан сөгіс дербес мәнге ие бола отырып, жазалауды қолдану үшін, жазалау шарасын, оны өтеу мүмкіндіктерімен режимін анықтау үшін негіз болып танылады. Оған алғышарт ретінде тиісті айыптаусыз тағайындалған жаза тәрбиелеу міндетін орындай алмайды, өйткені ол кенеттен, негізсіз, әділетсіз болып көрінеді. Қылмыстық заң қылмыс жасауға кінәлі адамдарға жаза тағайындағанда, соттың құқықтық сана сезімді басшылыққа ала отырып жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілік деңгейі мен сипатын, кінәлі адамның тұлғасын және жауаптылықты ауырлататын немесе жеңілдететін істің мән-жайларын ескеру қажеттілігін бекітеді. Жазаны тағайындауға қажетті мән-жайлар (мысалы, кінә және т. б. ) тек қана айыптаудың тұжырымдамасында көрініс табуы мүмкін. Сондай-ақ, айыптау жауапкершіліктен босатудың негізі бола алады.
Сотталған адам жазаны өтегеннен кейін немесе ол тағайындалған мерзімге дейін босатылғанда да айыптау өзінің тәжірибелік маңызын жоғалтпайды. Бұл жағдайларда айыптау қылмыстық жауапкершіліктің дербес элементі - соттылықтың негіздемесі болады. Қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімі курсын оқығанда, біз соттылықты бірқатар құқықтық салдар туғызатын, адамның тағдырын бұзатын факті ретінде қарастырғанбыз. Көптеген қылмыстардың құрамдарына қатысты соттылық саралаушы белгі болып табылады. Қылмыстық заңда бекітілген жалпы нормалар бойынша соттылық қылмыстық жауаптылықты ауырлататын белгі болып саналады. Ал ҚР Қылмыстық кодексінің 13-бабында көзделген қылмыстары үшін соттылық адамды аса қауіпті рецидивист деп тану үшін негіз болып танылады. Аталған жағдайларды соттылық фактісі жаңадан жасалған қылмыс үшін жаңа айыптауға енгізіледі. Онда соттылық өзінің мәні бойынша көрсетіледі, яғни кім, қашан, қандай қылымыс үшін, қандай соттың үкімімен соттауды, жазалаудың қандай шарасы қолданылғандығы туралы қысқа да нұсқа көрсетілуге тиіс.
ҚР Қылмыстық кодексінің 13-бабына сәйкес соттылық екі жағдаймен байланысты. Олар: жазаны тағайындау және оны өтеу фактісі. Сол себепті сот үкімінде тұжырымдалған болсын болмасын, кез келген айыптау соттылықты тудырмайды.
Жазалаудың негізі ғана емес, сонымен бірге қылмыспен келтірілген материалдық залалдың орнын толтырудың негізі ретінде де айыптаудың маңызы зор. Онда айыпталушының жасаған әрекеті мен осы әрекетпен келтірілген белгілі бір зиян мөлшері көрсетіледі. Сол себепті, айыптаудан қойылған азаматтық талаптың немесе соттың өзінің бастамашылығымен қабылданған материалдық залалдың орнын толтыру туралы тиісті шешімнің негіздемесін анықтауға болады. Өйткені, азаматтық талапты немесе қылмыстық істегі материалдық залалдың орнын толтыру туралы мәселені қарастырған кезде сот үкімнен басқа ерекше іс жүргізушілік акт қабылдамайды. Осылайша, айыптау азаматтық талаптың негіздемесі мен пәні бола отырып, қылмыстан зардап шеккен азаматтардың мүдделерін қорғауда маңызды рөл атқарады.
Бұдан басқа айыптаудың іс жүргізушілік маңызы да бар. Ол іс жүргізушілік теоретикалық мәселелермен тәжірибелік міндеттерді орындаудың негіздемесі ретінде қарастырыла алады. Айыптауды ата заманнан ең маңызды ұғымдардың бірі ретінде санап, күрделі сот механизмін қозғалысқа келтіретін двигатель, қозғаушы күш, серпін, рычаг сияқты бейнелеген. Шынымен-ақ, көптеген іс жүргізушілік институттар, ұғымдар қалай маңызды болмасын, олардығ негізінде айыптау жатыр және олар ақыры, айыптауды қалыптастыруға немес ол заңға сәйкес келмеген жағдайда оны “сөндіруге” бағытталады.
Жоғарыда айтылғанды растау үшін айыптаудың қылмыстық процестің міндеттерімен, қағидаларымен, іс жүргізушілік функциялармен және оларды жүзеге асыратын субъектілермен, дәлелдемелермен, іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларымен және өзге де көптеген жағдайлармен байланысын келтіруге болады.
Егер қылмыстық процестің айыптауға қатысты қағидаларын талдасақ, онда олардың кейбіреулерінің (заңдылық, жариялылық) айыптауға соншама жақын екендігін көре отырып, олар айыптаудың қағидалары деп атағым келеді. Ал басқалары айыптауға тікелей байланысты болып келеді. Мысалы, айыпталушыға қорғануға құқығын қамтамасыз ету қағидасы қорғау деген ұғымның өзін айыптауға қарама-қарасы ұғым ретінде қарастыруға нұсқау береді. Егер айыптау белгілі бір пайымдау болса, онда қорғауды да айыптауға қарсы бағытталған пайымдау ретінде қарастыруға болады. Егер айыптау қызметі айыптауды тұжырымдау, дәлелдеу бойынша әрекеттердің жиынтығы болса, онда қорғау қызметі айыптау қызметіне қарама-қарсы қойылған процессуалдық әрекеттердің жиынтығы болып табылады, яғни айыптау қорғауға өмір береді. Айыптау пайда болып тамыр жайғанда ғана, қорғау мен қорғау қызметі қалыптасып жүзеге асырылады. Қорғаудың көлемі қорғау қызметінің интенсивтілігі айыптауға қатысты өлшенеді. Айыптауды қысқарту қорғаудың қажетсіздігіне алып келеді. Өз алдына, қорғау да айыптауға белгілі бір дәрежеде ықпал жасайды. Өйткені, айыптау (оның тұжырымдамасы мен саралануы) барлық мүмкін қарсылықтар, осал жерлер, айыпталушы мен оның қорғаушысы ұсынуы мүмкін контрайыптау ескерілген жағдайда ғана толық және негізделген болып саналады. Айыптаудың субъектісі айыптауға қарсы барлық аргументтерді ескеріп, оларды айыптауды жоққа шығару немесе өзгерту мүмкіндігі туралы күдік ретінде қалдырмай, уақытында жоюға міндетті. Дұрыс емес, шешілмеген күдіктерді өзгеріссіз қалдыру қорғау позициясының пайдасына талқылануы мүмкін. Сол себепті, қылмыстық процестегі айыптаудың ұғымын, белгілерін тиянақты зерттеу болашақта көптеген қателіктерден сақтап қалады.
Айыптау іс жүргізушілік функцияларын, ең алдымен, айыптау, қорғау және істі шешу функцияларын ғылыми түрде талқылау және оларды тәжірибеде жүзеге асыруда өз әсерін тигізеді.
Осылайша, қылмыстық процестегі айыптаудың міндеттері туралы мәселе қылмыстық іс жүргізу теориясымен тергеу, прокуратура, сот органдарының тәжірибелік жұмысы үшін зор маңызы бар көкей т есті проблемалардың бірі болып табылады.
1 тарау. Қылмыстық процестегі айыптаудың жалпы сипаттамасы.
1. 1. Қылмыстық процестегі айыптаудың түсінігі мен мәні
Айыптау - ең көне және маңызды процессуалдық құбылыстардың бірі. Қылмыстық сот өндірісінде белгілі бір адамның тыйым салынған қылмыстық әрекетті жасаудағы кінәсі туралы соттау қажет болғандықтан, айыптау қылмыстық сот өндірісінің қалыптасуына едәуір ықпал жасағандығы анық.
Сол себепті қылмыстық сот өндірісінің теориясы мен тәжірибесі үшін айыптау ұғымының ерекше мәні бар. Бұл жерде оны көптеген мәселелерді шешуге ат салысатын негізгі және маңызды процессуалдық санаттардың бірі ретінде қарастыру қажеттігін ескерсек, бұл ұғымды дұрыс түсінудің маңызы зор.
“Айыптау” ұғымының логикалық мәні, ең алдымен, белгілі бір әрекетті білдіреді. Этимологиялық көзқарас бойынша айыптау дегеніміз өзге тұлғаға қатысты белгілі бір әрекеттер жасау, қоғамда қалыптасқан жүріс - тұрыс нормаларын бұзғандағы оның кінәсін дәлелдеу және оны тыйым салынған әрекетті жасады деп айып тағу.
Ал қылмыстық сот өндірісінде қоғамға қарсы әрекет ретінде әрдайым қылмыс қарастырылғандықтан, мұнда айыптау ретінде, ең алдымен, тұлғаның қылмыстық әрекетті жасады деп әшкерелеуге, оның қылмыстық жауапкершілігін негіздеуге бағытталған және заңға негізделген процессуалдық әрекетті айтамыз.
Процессуалдық әдебиеттерде бұл анықтама процессуалдық мағынадағы айыптау немесе айыптау функциясына қатысты қолданылады. Себебі, оның мазмұнын айыптау сипатындағы өзара байланысты әрекеттердің жиынтығы құрайды.
Айыптау процессуалдық функция және қылмыстық - процессуалдық қызметтің бір түрі ретінде айыптау пәнімен, яғни жүргізіліп отырған қылмыстық процестің себебі болып табылатын қылмыстық жазаланатын әрекеттердің материалдық - құқықтық көрінісімен өте тығыз байланысты.
Ал материалдық - құқықтық мағынадағы айыптау дегеніміз қылмыстық жауаптылықтың, сондай - ақ белгілі бір тұлға жасаған қылмыс құрамының процессуалдық көрінісі.
Айыптау қылмыстың барлық міндетті белгілерін, ҚР Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің тиісті бабының диспозициясында көзделген барлық элементтерін қамтиды. Айыптау процессуалдық құжаттарда көрініс тауып, айыптау тезисін негіздеуге, тексеруге, нақтылауға бағытталған қылмыстық - процессуалдық қызмет сатылап дамитын платформа қызметін атқарады.
Мүмкін осы себептен де шығар, көптеген процессуалист ғалымдар материалдық - құқықтық мағынадағы айыптау ретінде айыптау тезисін, айыпталушының қылмыс жасағандағы кінәсі туралы пайымдауды айтады.
Дегенмен, менің ойымша, мұндай анықтама толық еместен бұрын, нақты емес. Себебі, қазір қолданылып жүрген қылмыстық іс жүргізу заңнамасында айып тағу, оны өзгерту, сотта шешу, сондай- ақ оны дәлелденген деп тану туралы сөз қозғалғанда, біреудің өзге адамның кінәсі туралы субьективтік пайымдау немесе оның шығарған тезисі туралы айтылып қана қоймай, сонымен бірге айыпталушының кінәсіне обьективтік теріс фактілер мен қоғамға қауіпті әрекеттер тағылады, яғни қылмыстық процестегі айыптау бір тұлғаның субьективтік пайымдауы бойынша ғана емес, сонымен қатар заңда бекітілген тәртіппен тексерілген фактілер бойынша қалыптасады.
Айыптауды материалдық - құқықтық және процессуалдық - құқықтық (формальді) мағыналарда түсіндіру ерте заманнан қалыптасқан.
1927 жылы Н. Н. Полянский айыптауды “қылмыстық талап” деп танып, оның материалдық - құқықтық және формальді мағыналарда қарастырады. Материалдық - құқықтық мағынадағы айыптау деп ол “сот функциясынан ажыратылмаған, ерекше өкілеттігі бар органсыз жүзеге асырылмайтын айыптауды” айтады. Бұл анықтамаға сәйкес айыптау дегеніміз жүзеге асырылатын органдарға байланысты түрлерге бөлінетін қызмет, функция.
Кейін 1960 жылы Н. Н. Полянский айыптауды материалдық - құқықтық және процессуалдық - құқықтық ( “формальді” деген ұғымның орнына ) мағыналарда қарастырып, “материалдық - құқықтық мағынадағы қылмыстық талап дегеніміз айыпталушымен жауап берілуге тиіс айыптау” деп жаңа түсінік береді. Бұл жерде, көріп отырғанымыздай, айыптау ретінде функция да емес, қызмет те емес, белгілі бір талап танылады.
М. С. Строгович те, Н. Н. Полянскийдің пікірін қолдап, айыптауды аталған екі мағыналарда қарастырады. Оның ойынша, “материалдық - құқықтық мағынадағы айыптау дегеніміз қылмыс жасаған тұлғаны әшкерелеуге бағытталған процессуалдық әрекеттердің жиынтығы, яғни ол қылмыстық қудалаудың ұғымымен пара - пар келеді.
Алдын ала тергеу сатысында материалдық - құқықтық мағынадағы айыптау орын алады. Бұл сатыдағы айыптайтын және ақтайтын дәлелдемелерді жинау сол бір органның қолында шоғырланады. ”
Көріп отырғанымыздай, М. С. Строгович 1927 жылы Н. Н. Полянский берген анықтамадан өзгеше анықтама беріп, материалдық - құқықтық мағынадағы айыптауды сотпен емес, тергеушімен жүзеге асырылатын қызмет деп сипаттаған.
Аталған еңбектерде “материалдық - құқықтық мағынадағы айыптау” ұғымы алуан түрлі тұжырымдалады. Дегенмен, уақыт өте келе, көптеген ғалымдар одан бас тартады. Айталық, М. С. Строгович 1958, 1968 жылдары шыққан “Курс советского уголовного процесса” атты еңбектерінде “айыптау” ұғымын қарастырғанда, оны аталған мағыналарға бөлмейді.
Менің ойымша, қазіргі кезде айыптау ретінде нақты бір тұлғаның қылмыс жасағандығы туралы оған өкілеттігі бар органның пайымдауы танылған жағдайдың өзінде оны материалдық - құқықтық немесе қылмыстық - құқықтық деп ажыратудың тәжірибелік маңызы жоқ. Өйткені, белгілі бір ұғымды, жағдаятты материалдық - құқықтық немесе процессуалдық деп атау бұл ұғымның материалдық немесе процессуалдық құқықтың белгілі бір жағдаятын білдіретіндігіне негізделеді. Ал егер айыптау қылмыстық - құқықтық мәнге иеленетін болса, онда ол, сәйкесінше, қылмыстық құқықтың институты болып, қылмыстық заңмен реттелуі керек. Алайда, құқықтың бұл саласында айыптауға арналған бірде - бір норманың жоқ екендігі баршамызға мәлім.
Әрине, қылмыстық - құқықтық және қылмыстық - процессуалдық ұғымдардың, институттардың байланысы зор, дегенмен олар бір - біріне араласпауы қажет. Айыптау, оны тұжырымдау, растау және өзгерту мәселелері қылмыстық ізге түсу (айыптау), қылмыстық жауаптылық және қылмыс құрамының байланысы туралы нормалары орын алған қылмыстық - процессуалдық заңмен тиянақты түрде реттеледі. Бұл жерде айыптау “қылмыс”, “қылмыстық жауаптылық” деген ұғымдарға теңестірілмегендіктен, ол әрқашан да қылмыстық - процессуалдық ұғым болып табылады.
Осылайша, айыптауды материалдық - құқықтық мағынада бөліп қарастырудың қажеті болмағандықтан, оны процессуалдық - құқықтық мағынада қарастыру қажеттілігі де туындамайды.
Бұл жағдай Н. Н. Полянскийдің кейінгі жылдары шыққан еңбектерінде байқалады. Оның ойынша, процессуалдық - құқықтық мағынадағы “қылмыстық талап” ретінде айыпталушыны кінәлі деп тану туралы сотқа берілген талап танылады.
Бұл көзқарасты автордың жоғарыда келтірілген пікірмен салыстырсақ, оның “формальді” деген сөзін “процессуалдық” деген сөзбен алмастырып қана қоймай, сонымен бірге мазмұны жағынан да елеулі түрде өзгеріске ұшыратқаны анық.
Ал М. А. Чельцовтың пікірі бойынша “процессуалдық - құқықтық мағынадағы айыптау дегеніміз белгілі бір тұлғаның қылмыс жасағандағы кінәлілігін және қылмыстық жауаптылығын анықтауға бағытталған айыптау қызметі. ”
Бұл пікірді Ф. Н. Фаткуллин, А. Л. Ривлин, С. А. Альперт деген ғалымдар қолдап, айыптау қылмыстық процестің көптеген сатыларында көрініс табады деп өз еңбектерінде атап көрсетеді.
Кейін М. А. Чельцов “процессуалдық - құқықтық мағынадағы айыптау” терминін қолданбай, айыптау ретінде “сотта айыптауды қолдау бойынша айыптау қызметін” атайды.
Осылайша, “процессуалдық мағынадағы айыптау” ұғымын қолданған, оған түсінік берген авторлардың пікірлеріне қысқаша талдау жасау нәтижесінде менің олардың айыптаудың мазмұны жағынан да, оның қылмыстық процестің сатыларында орын алу мәселесі жағынан да бір пікірге келмейтініне көзім жетті. Бұл жағдай тағы да айыптауды материалдық - құқықтық және процессуалдық - құқықтық мағыналарда бөліп қарастырудың дұрыстығына және қажеттілігіне күмән туғызады, себебі оның не теоретикалық негізі, не тәжірибелік маңызы жоқ.
Арнайы әдебиеттерде айыптауды материалдық - құқықтық және процессуалдық - құқықтық мағыналарда талқылаумен қатар өзге де мағыналарда түсіндіру орын алған.
Мысалы, М. С. Строгович өзінің кейінгі еңбектерінде қылмыстық процестегі айыптаудың материалдық - құқықтық және формальді (процессуалдық - құқықтық) мағыналарын қолданбай, оның келесі төрт мағыналарын атап көрсетеді:
Біріншісі- “қылмыстық қудалау” деп аталған қылмыстық - процессуалдық функция ретіндегі айыптау, яғни қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұлғаны қылмыс жасады деп әшкерелеуге және оған қатысты тиісті жазалау шараларының қолданылуын қамтамасыз етуге бағытталған процессуалдық әрекеттердің жиынтығы.
Екіншісі - сотқа тарап ретінде қатысатын айыптаушының қызметі.
‡шіншісі - айыптау пәні, айыптау мазмұны, дәлірек айтсақ, айыпталушының қылмыс жасағандағы кінәлілігі туралы пайымдау, айыптау тезисі.
Төртіншісі - айыптау тарабы, сотқа қатысқан айыптаушының атауы. ”
Ал П. С. Элькиндтің айтуынша, “әдебиеттерде айыптаудың алуан түрлі түсінігі беріледі, оның ішінде айыптау процессуалдық қызмет ретінде, айыптаушының соттағы қызметі ретінде, айыптау тезисі немесе кінә туралы пайымдау ретінде. Дегенмен, мен айыптау ретінде мынадай ұғымдарды түсінемін: кінәлі адамның кінәсіне тағылған мән - жайлардың мазмұны; белгілі бір тұлғаға қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы қаулыны беру актісінің өзі; айыпталушының сотта қолдаған айыптау тезисі және іс бойынша шешімнің тұжырымдамасы. ” Қылмыстық процестегі айыптауды осылайша түсіндіріп, ол мынадай қорытындыға келеді: “Аталған барлық жағдайларда сөз бір - ақ біртұтас айыптау институтының түрлі жақтары жайында қозғалған”.
Ал П. М. Давыдов айыптауды “анықтау органы, тергеуші, прокурор, судья немесе соттың белгілі бір тұлғаның қылмыс жасағандығы туралы дәлелденген, процессуалдық құжатта бекітілген және қылмыстық жауаптылықты жүзеге асыруға бағытталған пайымдауы” деп сипаттайды. Осыған байланысты ол айыптаудың мынадай белгілерін атап көрсетеді:
- айыптау айыпталушының кінәсіне тағылған қылмыстың мән - жайларын сипаттайтын анықтау органы, тергеуші, прокурор, судья немесе соттың пайымдауы болып табылады.
- мұндай пайымдау ақиқатты, дәлелденген болып, заңның өзге де талаптарына сәйкес болуы керек.
- айыптаудың мақсаты болып жазалау мен соттаудың негізі бола алатын, сөгіс нысанында көрініс табатын қылмыстық жауапкершілікті жүзеге асыру табылады.
Ал кейбір процессуалист - ғалымдар айыптау ретінде айыптау көрініс тапқан процессуалдық құжатты (айыптау қорытындысы, жәбірленушінің арызы) немесе процессуалдық қатынасты атайды.
Жоғарыда келтірілген көптеген авторлардың пікірлерін зерделесек, онда қылмыстық процестегі айыптау ретінде пайымдау, тезис, айыптау қызметінің пәні, мазмұны және белгілі бір тұлғаның кінәсіне тағылған әрекеттің мәні сипатталатын тұжырымдалған жағдаяттар айтылған. Қылмыстық процестегі айыптаудың мұндай алуан түрлі анықтамасы тәжірибеде бірқатар қиыншылықтарға алып келетіні сөзсіз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz