Қылмыстардың қайталануы қылмыс құрамының міндетті белгісі ретінде


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1-тарау. Қылмыстардың қайталануының түсінігі мен түрлері

1. 1. Қылмыстардың қайталануының қылмыстардың көптілігі жүйесінде алатын орны . . . 6

1. 2. Қылмыстардың қайталануының түсінігі және белгілері . . . 12

1. 3. Қылмыстардың қайталануының түрлері . . . 21

2-тарау. Қылмыстарадың қайталануы үшін қылмыстық жауаптылық пен саралаудың кейбір мәселелері

2. 1. Қылмыстардың қайталануы бойынша жауаптылық тағайындау . . . 34

2. 2. Қылмыстардың қайталануы және соттылықтың арақатынасы . . . 42

2. 3. Қылмыстардың қайталануы бойынша саралау мәселелері . . . 48

Қорытынды . . …… . . . 51

Пайданылған әдебиеттер тізімі . . 55

Кіріспе

Қылмыстардың қайталануы қылмыстылықтың аса қауіпті түрі ретінде болған және де қала беруде. Қылмыстың екінші немесе бірнеше рет орындалуы қылмыстық-құқықтық шараларға қарамастан, тұлғаның қылмыстық әрекеті тұрақты талаптануы туралы дәлелдейді.

Елімізде жүргізіліп жатқан қылмыстың алдын алу шаралары, сонымен қоса, қылмыстардың қайталануы алдын алу шаралары ол үшін қылмыстық жауаптылықты дифференциацялауды ғана емес, сонымен қатар саяси, экономикалық, әлеуметтік және өзге де мәселелерді шешуді талап етеді. Қылмыстардың қайталануы алдын алуға байлаысты шаралардың тиімділігін жоғарлататын ғылыми зерттеулер жүргізу керек.

Жыл сайын Қазақстан Республикасында барлық алдында сотталған тұлғалардың саны сотталғандардың 22-23% құрайды, бұл барлық қылмыстардың үштен бір бөлігі. Қылмысты қайталаушы көбінесе 19-49 жас аралығындағы ер адамдармен жасалады. Қылмыстық статистикасның мәліметтері бойынша жыл сайын орта шамамен 18000 мың бұрын сотталған адамдар қайтадан қылмыстар жасайды. Ауыр қылмыстардың саны өсуде. Қайталану қылмыстылықтың динамикасы мен дәрежесі көбінесе жалпы қылмыстылықпен бірдей болып келеді.

Қылмыстардың қайталануы Батыс, Шығыс Қазақстан обылыстарында, Павлодар, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды және Алматы облыстарында жиі кездеседі.

Қылмыстардың қайталануы қоғамдық қауіптілігі қылмысты қайталаушы тұлғаның қоғамға, мемлекетке және жекелеген адамдарға келтіретін зардабының дәресінінің жоғарлығынан және қылмысты қайталаушылар қылмыстық әдет-ғұрыптарды ұстаушылары болып табылғандықтан олардың ол әдеттерді жан-жақтағыларына белсенді тарататындығынан көрініс табады. Мемлекет әрқашан да қайталанушы қылмыстылықпен күресті әрқашан да құқық қорғау органдары қызметінің стратегиялық бағыты ретінде санаған, ал қылмыстардың қайталануы қылымыстық құқық пен криминология ғылымында өзекті мәселе болған және солай қала береді.

Қылмыстардың қайталануы өзінің қылмыстылықтың құрылымындағы қатысты тұрақтылығына қарамастан, динамикалығымен, өзінің “түрін” өзгертуімен сипатталады, бұл өз кезегінде біркелкі қылмыстық-саяси концепция негізінде заңнама мен алдын алу шаралар жүйесіне тиісті түзетулер енгізіп отырып үшін әрқашан да зерттеудің қажеттілігін туындатады.

Соңғы жылдардағы әдебиеттерде дұрыс айтылып кеткенде Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуіне байланысты концептуалдық сипаттағы проблемалар өзекті болуда, өткені ұлттық қылмыстық құқық концептуалдық тұрақсыздықпен сипатталады, ол өз кезегінде азаматтардың кепілдендірілген құқықтары мен босатандықтарының жүзеге асырылуына жағдай жасамайды. Осыған байланысты ғылымда бірнеше тығырықтан шығу жолдары бар: кеңестік кезде қылыптасқан институттар мен түсініктерді жаңа жағдайларға сәйкестендендіру; қылмыстық-саясатты таңдауда классикалық қылмыстық-түсініктер мен институттарға қайтып келу; классикалық және кеңестік қылмыстық-құқықтық концепцияларды жоққа шығарып, жаңа қылмыстық-құқықтық концепцияларды қалыптастыру. Ғылым осы мәселелердің барлығына толық жауап беруі тиіс.

Айтылғандар барлығы осы жұмыста қарастырылып отырған қылмыстардың қайталануының және қылмысты қайталаушыға жаза тағайындау мәселесіне де қатысты болып табылады. айтылған мәселелер әрқашанда қылмыстық құқық ғылымының назарында болған. Бүгінгі күнгі жаңа қылмыстық кодекстің қабылданғанымен қылмыстардың қайталануының проблемалары өте өзекті болып отыр. Кодексте салыстырмалы түрде жақында күшіне енді - 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап. Міне тәжірибеде бүгінгі күні осы кодекспен енгізілген жаңалықтарды заман талаптарына сәйкестендіру қажеттілігі туындауда.

Қылмыстардың қайталануы мәселесін зеттерудің тиімділігі ең алдымен осы феноменнің анықтамасын дұрыс белгілеумен байланысты. Теорияда қылмыстардың қайталануы қылмыстық-құқықтық түсінігіне байланысты көптеген қайшылықтар бар, ол қайшылықтар ең алдымен қандай қылмыстар қылмыстардың қайталануын құрады, ондағы қылмыстардың субъективтік жағының сипаты қандай болу керек, сотылықтың қылмыстардың қайталануындағы орнына келіп тіреледі.

Осы жұмысты тиімді және жан жақты ашу үшін алдыма нақты мақсатар қойдым. Жұмыстың мақсаты қылмыстардың қайталануы мен ол үшін жауаптылық тағайындауға байланысты мәселелерге толық, жан-жақты, ғылыми зерртеу жүргізіп нақты қорытындыларға қол жеткізу.

Жұмыстың теориялық негізіне М. Д. Шаргородский, А. М. Яковлев, М. Л. Ефимов, В. А Шкурке, Ю. М. Ткачевский, Л. И. Кривочеко, В. П. Малков, П. Ф. Гришанин және тағы басқа ғалымдардың еңбектері алынды. Сондай-ақ жұмысты жазу барысында қылмыстардың қайталануы мәселесіне байланысты ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары мен статистикалық мәліметтер қолданылды.

1-тарау Қылмыстардың қайталануы қылмыстар көптігінің бір нысаны ретінде.

1. 1. Қылмыстардың қайталануының қылмыстардың көптігі жүйесінде алатын орны

«Рецидив» (қылмыстардың қайталануы) термині «recidivіоus» латын сөзінен алынған. Ол - қайтып келетін, яғни этимологиялық «жоғалған қандай да бір құбылыстың қайталануы» дегенді білдіреді. Бірақ, бұндай анықтау құбылыстың сандық қасиетін ғана көрсетеді, яғни заңи зерттеуге сәйкес келмейді.

Қылмыстардың қайталануы түсінігі мен оның мазмұны туралы өзара қайшы әр түрлі пікірлер айтылды. Олар келесі сұрақтар бойынша әр текті болды: біріншіден, кінәнің қандай нысаны бойынша қылмыстардың қайталануы орны алады, екіншіден қандай жағдайларда қылмыстардың қайталануы болады, яғни қандай қылмыстар қылмыстардың қайталануын құрайды. Қоғамдық қатынастардың өзгеруі, құқықтық ғылымдағы көзқарастардың дамуы, халықтардың ұлттық ерекшеліктері қылмыстардың қайталануы мазмұнына әртүрлі әсер етті. Сондықтан қылмыстардың қайталануы жай ғана қылмыстардың көпітігі емес, қайталанудың ерекше сапасы болып табылады.

Қылмыстардың қайталануы қылмыстардың көптілігінің бір нысаны болып табылады. Сондықтан, қылмыстардың қайталануы туралы мәселені көтермес бұрын қылмыстардың көптілігіне қысқаша түсініктеме беріп кеткенді жөн санап отырмын, өйткені кез келген ғылымда жалпыдан жекеге қағидасы тиімді қолданылады. Адамдар қылмыстық әрекеттермен айналысқанда көпшілік жағдайларда бір қылмыс жасаумен шектелсе, кейде бір адамның бірнеше қылмыстарды жасайтын кездері болады. Мұндай жағдайдың да көріністері қылмыстық құқықта айтылғандай бірнеше түрлерде кездеседі, яғни адам қылмыстық заңның әр түрлі баптарымен немесе бір бабымен қарастырылған қылмыстарды жасауы немесе бұрын қылмыс жасағандығы үшін сотталған адамның қайтадан қылмыс жасайтын кездері болады. Осындай кездерде әдеттегі бір қылмыс үшін cаралау жасауға және жауаптылық белгілеуге қарағанда қылмысты әрекеттердің көптілігіне байланысты саралау жүргізуде және жауаптылық белгілеу мәселесінде өзгешелік болады немесе арнайы ережелер қолданылады. Бірақ жекелеген қылмыстар мен көптік қылмыстардың арасында кейде ұқсастық кездесетін кездері болады немесе жекелеген қылмыстардың кейбір түрлері көптік қылмыстарға ұқсас болады деуге болады. Саралау мұндай кездерде дұрыс жүргізу үшін жекелеген қылмыстардың негізгі белгілерін және оның көптік қылмыстарға ұқсайтын түрлерінің түсінігін, мағынасын қарастыра кеткен жөн. Сондықтан қылмыстық құқықта қылмыстың көптілігі тақырыбы әдетте жекелеген қылмыстардың түсінігімен, оның түрлерімен басталады.

Кудрявцев В. Н. көрсетіп кеткендей қылмыстардың көптілігі деп адамның жасаған әрекетін құқықтық тұрғыдан алғанда бірнеше жеке қылмыстарға бөлуге болатын жағдайды тану керек. 1 В. И. Пинчуктың айтуынша қылмыстардың көптілігі адам екі немесе одан да көп қылмыс жасап, олардың әрқайсысы жеке қылмысты құрағанда орын алады. 2 Бір адамның бірнеше қылмыс жасауы қылмыстырдың көптілігінің негізгі белгісі екендігіне өзге де авторлар да көрсетеді.

Осы анықтамалардан көрінетіні қылмыстардың қайталануы және қылмыстардың көптілігі бір-біріне өте жақын түсініктер, екеуі де бір адамның бірнеше қылмыстардың жасауын білдіреді. Бірақ қылмыстардың қайталаныуында қылмыстар бір бірінен уақыт айырмашылығымен үзіліс болғандықтан, қылмыстардың көптілігі түсінігінің мазмұны қылмыстардың қайталануынан кең болып табылады. Қылмыстардың қайталануы қылмыстардың көптілігінің бір нысаны болып табылады.

Қылмыстардың көптілігімен қатар әрекет етуші ҚР ҚК-сі қылмыстардың көптілігінің қатарына қылмыстардың бірнеше рет жасалынуы мен қылмыстардың жиынтығын жатқызады. Дипломдық жұмыстың осы бөлімінде қылмыстардың қайталануының қылмыстардың көптігінің жүйесіндегі орнын қарастырайық.

Қылмыстардың қайталануына байланысты ғалымдардың айтқандарын сәйкестендіре отырып, олардың жалпы ортақ белгілерін көрсетуге болады: қылмыстардың қайталануының қылмыстық-құқықтық түсінігін соттылықпен байланысты, яғни ол адам бұрын өзге қылмыстар үшін сотталған болуы керек. Яғни қылмыстық құқық бойынша қылмыстардың қайталануы тек қана жаңа қылмыс алдыңғы қылмыс үшін айыптау үкімі шыққанан кейін жасалған кезде ғана орын алады. Осындай ғана қылмыстардың көптілігі қылмыстардың қайталануы болып саналады. Қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың бірнеше рет жасалуы және қылмыстардың жиынтығының ұқсастығы барлығында бір адаммен екі немесе бірнеше қылмыс жасалуында.

Қылмыстардың қайталануы қылмыстардың жиынтығынан келесідей параметрлермен айырмалады. Біріншіден, қылмыстардың қайталануы тек қана әртүрлі уақытта жасалған қасақана қылмыстар құрай алады, ал қылмыстардың жиынтығын кез келген уақытта жасалған қасақана да, абайсыз да қылмыстар құрай береді. Екіншіден, қылмыстардың қайталануының негізгі белгісі қылмыс жасаған адамда қылмыс жасаған кезде алдыңғы қылмысы үшін соттылығының болуы. Ал қылмыстардың жиынтығы бойынша керісінше, екі немесе бірнеше қылмысының ешқайсысында сотталмаған болуы керек. Үшіншіден, қылмыстардың жиынтығында бір-ақ қылмыстық құқықтық сал бар - ҚР ҚК- нің 58-бабы онда қылмыстардың жиынтығы үшін жаза тағайындаудың ерекше тәртібі көрсетіледі, ал қылмыстардың қайталануында ондай салдар көп.

Ю. И. Бытко қылмыстардың бірнеше рет жасалуының белгілері туралы айта отыра, үш белгіні бөліп көрсетеді. Бірінші түрінде адам әр уақытта бір баппен немесе баптың бір бөлігімен көзделген екі немесе көп қылмыс жасайды, бірнеше рет қылмыс жасаудың бұл түрі ұқсас қылмыстарды жасауда орын алады.

Қылмыстардың бірнеше рет жасалуының келесі түрі ҚК Ерекше бөлімінде саралау құрамы ретінде қарастырылмайды, ол жағдай да бірнеше рет жасалу жауаптылықты ауырлататын жағдай ретінде қолданылады.

Әрекет етуші ҚК-тің нормаларын зерделей келе қылмыстың бірнеше рет жасалуын қылмыстардың қайталануы ретінде бағалайтын жағдайларды көрсетуге болады: біріншіден, бірінші қылмысты жасаған кезде кінәлі адам, кәмелетке толған болуы керек; екіншіден, екі қылмыс та қасақанлықпен жасалады; үшіншіден, алдынғы қылмыс үшін соттылық жойылмаған немесе алынбаған; төртіншіден, қылмыстардың бірнеше рет жасалуының бұл түрі ҚР ҚК Ерекше бөлімінің бабында сараланған құрам ретінде көрсетілген. Біздіңше бұндай баға беру, әділеттік қағидасына қайшы келеді, өйткені соттылық екі рет ескеріліп отыр. Сондай-ақ бұл жерден бәсекелестікті байқауға болады.

Қылмыстардың көптілігінің түсінігін ашуда құрам элементтерінің ішінен тек қылмыс субьектісі ерекшелік байқатады, өйткені бұл мәселеде бір адамның бір неше қылмысты іс-әрекеттер жасаған жағдайына құқықтық баға беріледі. Бірақ бұл белгіні де міндетті белгі қатарына жатқызуға болмайды, себебі көптік қылмыстар мәселесі бір неше адамдардың бірлесуі арқылы жасалатын қылмысқа қатысушылықта да кездесе алады. Яғни, бір немесе, бірнеше адамнан құралған ұйдасқан топ болып. Бұл ерекше айта кететін жағдай. Қылмыс бір адаммен немесе бір неше адаммен жасалсын, бірақ одан көптік қылмыстарды саралау ережесі өзгермейді, тек жасалған сол қылмысқа байланысты адамның кінәсі болса жеткілікті. Сонымен, көптік қылмыстар дегеніміз, бір адамның қоғамға қайшы іс-әрекеттерінде қылмыстық заңмен қарастырылған бірнеше қылмыстық құрамдардың орын алуы болып табылады.

Кейбiр жағдайларда бiр адам бiрнеше қылмыстарды iстеуi мүмкiн, мұндай жағдайда олардын ic-әрекетiн саралау үшiн қылмыстардың көптiлiгiнiң түсiнiгiн дұрыс анықтау керек. Қылмыстық жауапқа тартудың мерзiмiн ескермеген немесе сотталғандықтан арылмаған немесе сотталғандығы жойылмаған жағдайда бiр адамның екi не одан да көп қылмыстарды iстеуiн қылмыстар көптiгi деп атаймыз.

Қылмыстардың көптілігінің өзiндiк белгiлерi бар бiр адамнын екi немесе одан да көп арқайсысын жеке - жеке кұрам болып табылатын қылмыстарды iстеуi болып табылады. Сондықтан әкiмшiлiк құқық бұзушылық iс-әрекетi қылмыстар көптiгiне жатпайды.

Қылмыстардың көптiлгiнiң жеке қылмыстардан ажырата бiлген жөн. Жеке қылмыстар мен қылмыстардың көптiлiгiнiң ажырату тергеу, сот кызметiнде аса манызды роль атқарады. Кейбiр жағдайларда оны ажырату белгiлi бiр тұрғыдан қиындықтар тұғызады.

Заңмен тiкелей қарастырылған жағдайларда бiртектi қылмыстардың да, бiрнеше мәрте жасалуы ескерiледi. Қайтадан бұрынғы объектiге (нысанға) немесе соған ұқсас объектiге (нысанға) қиянат келтiрушi, кiнәнің түрi бiрдей және басқа да объективтi және субъективтi ұқсас белгiлерден тұратын қылмыстар (мысалы ұрлық, тонау, қарақшылық, т. б ) бiртектi қылмыстар деп танылады. Бiртектi қылмыстардың есебі осы баптарда алу мүмкiндiгi Қылмыстық Кодекстiң 175-бабына қатысты 3-шi ескертуде тiкелей қарастырылған, атап айтқанда, былай делiнген «Осы кодекстiн 175-181 баптарындағы бiрнеше рет жасалған қылмыс деп осы баптарда, сондай-ақ осы кодекстiн 248, 255, 260-баптарында көзделген бiр немесе одан да көп қылмыстардан кейiн жасалған қылмыс деп танылады». Осыған орай, бөтен біреудің мүлкін ұрлау қылмысы бұған дейiн де мүлiк ұрланғандықтан емес, сонымен қатар, кiнәлi тұлға жоғарыда аталған қылмыстын бiрiн бұрын жасаған жағдайда да бiрнеше рет жасалған деп танылатын болады.

Бiрнеше рет жасалу ұғымы, кiнәлi тұлғаның соты болған қылмыстарымен қатар, оның әлі тартылмаған әрекеттерiн де қамтиды. Аяқталған немесе аяқталмаған қылмыс деп бағалануына, кiнәлі тұлғаның бұл қылмыстардың орындаушысы немесе оған бiрлесiп қатысушысы болуына қарамастан, бұл әрекеттер бiрнеше рет жасалған деп аталады. 3

Бiрнеше рет қайталанудың заң тұрғысынан алғанда мәнi мынада: бiрiншiден, жоғарыда аталғандай Қылмыстық Кодекстiн 54-бабынын 1-шi бөлiмi «а» тармағына сәйкес сот оны жауаптылық пен жазаны ауырлатушы жағдай ретiнде ескередi. Екiншiден, Қылмыстық Кодекстiн 11-бабынын 5-бөлiмiне орай қылмыстардың әлденеше рет жасалуы осы кодексте неғұрлым қатаң жазаға әкеп соқтыратын мән-жай ретiнде көзделген жағдайларда адамнын жасаған қылмысы осы Кодекстiн Ерекше бөлiмiнiн қылмыстары бiрнеше мәрте жасағаны үшiн жасалуды көздейтiн бабының тиiстi бөлiгi бойынша айқындалады.

Қылмыстардың қайталануының қылмыстардың көптілігінің жүйесінде алатын орнына байланысты зерттеуді қорытындылай келе келсіні анықтадық:

  1. қылмыстардың қайталануы қылмыстардың бірнеше рет жасалуы және қылмыстардың жиынтығымен қатар қылмыстардың көптілігінің жекелеген нысаны болып табылады.
  2. қылмыстардың қайталануы қылмыстардың көптілігінің бір түрі ретінде өзге түрлерімен тығыз байланысты, ал кебір жағдайларда олардың бәсекелестігі байқалады.
  3. қылмыстардың қайталануы мен қылмыстардың жиынтығының жиынтығының түрі ретіндегі бөлініп шығуы бір критерийге негізделген: бұрынғы сотталған фактісінің болуы (қылмыстардың қайталануыында - сотталған; қылмыстардың жиынтығында сотталмаған) . Қылмыстардың қайталануы мен қылмыстардың бірнеше рет жасалуын айрудың критерийі қылмыстардың ұқсатығы немесе біркелкілігі.
  4. қылмыстардың қайталануы қылмыстардың бірнеше жасалуынан өзінің әлеуметтік мағынасы бойынша өзгешеленеді, қылмыстардың қайталануының қоғамдық қауіптілігі жоғары болып табылады.
  5. қылмыстардың қайталануы мен қылмыстардың бірнеше рет жасалуының арасындағы коллизияны жою үшін қылмыстардың бірнеше рет жасалуының түсінігін өзгерту керек. Қылмыстардың бірнеше рет жасалуы деп ұқсас, яғни бір баппен немесе баптың бір бөлігімен көзделген қылмыстарды жасауды егер оның ешқайсысына сотталмаған жағдайды тану керек.

1. 2. Қылмыстардың қайталануының түсінігі және белгілері

Қылмыстардың қайталануының түсінігіне байланысты әртүрлі уақытта көптеген ғалымдар әртүрлі ойлар айтқан. Көптеген ғалымдар қылмыстардың қайталануы деп қылмыс жасап, сотталып, жазасын толық немесе ішінара өтеген адамның қайталап қылмыс жасауы деп сипаттаған (Шаргородский М. Д., Яковлев А. М., Ефимов М. Л., Шкурке В. А. ) .

Ал кейбір ғалымдар қылмыстардың қайталануы орын алуы үшін бұрынғы жазаны толық немесе ішіара өтеу фактісі маңызды емес деп көрсеткен (Ткачевский Ю. М., Кривочеко Л. И., Малков В. П., Гришанин П. Ф. және т. б. ) . А. С. Шляпочниковтың пікірінше қылмыстардың қайталануы ретінде адамның бірінші қылмысы үшін жазасын өтеп жатқанда немесе өтеп болғаннан кейін қайта қылмыс жасауы түсініледі. А. М. Яковлев, В. Н. Кудрявцев және өзге де ғалымдар қылмыстардың қайталануы түсінігін анықтаудың негізіне соттылық белгісін алынуы керек, ал жазаны өтеу белгісі міндетті емес. Бұл авторлар егер адам қылмыс жасап, сол қылмыс үшін оған сот үкімімен тағайындалған жазаны өтеп болғаннан кейін жаңа қылмыс жасауы қылмыстардың қайталануы болып саналады деген пікірді ұстанады және бұл жерде алғашқы қылмыс үшін соттылық мерзімінің өтпеуі маңызды. 4

Л. Д. Гаухманның пікірінше қылмыстардың қайталануы қылмыстың көптілігінің аса қауіпті нысаны болып табылады, оның мәні екі, не одан да көп қылмыс жасаған адамның қасақана түзелу жолға түскісі келмейтіндігінде. 5 М. Д. Шагородский қылмыскер бірінші қылмыс үшін жазаланып, оны өтегеннен келесі қылмыс жасағанда қылмыстардың қайталануы орын алады. Егер қылмыскер бірінші қылмыс үшін қылмыстық жазасын өтеп болғанша жаңа қылмыс жасаса, ол қылмысты қайталаушы емес, үкімдердің жиынтығы болады. ”6

Қылмыстардың қайталануына байланысты зерттеулер жүргізген ғалымдардың бұл құбылыстың белгілеріне байланысты пікірлерінде біркелкілік жоқ. Қылмыстардың қайталануынның негізгі белгісі соттылық болатынын тани отырып, ол мамандар қылмыстардың қайталануының өзге белгілеріне байланысты біркелкі ойға келе алмады.

Зертеушілердің көп бөлігі қылмыстардың қайталануының қылмыстық құқықтық түсінігіне байланысты қылмыс жасаған адамның жасына көңіл бөлмейді. Өйткені, кәмелетке толмағандардың арасында да жиі кездеседі. Бұрынғы қылмыстық кодексте қылмыстардың қайталануы түсінігі болған жоқ. Қылмыстардың қайталануы түсінігі бірінші рет 1987 жылғы Модельдік қылмыстық кодексте айтылып өтті. Оның 45-бабына сәйкес “қылмыстардың қайталануы ретінде бұрын жасалған қасақана қылмыс жасаған үшін сотталған адамның қайталап қылмыс жасауы” танылды. Осы баптың екінші бөлігінде бұрынғы қылмысы үшін соттылық алынса немесе жойылса және бұрынғы қылмыс жасаған кезде 18 жасқа толмаған болса қылмыстардың қайталануы болмайды деп бекітілген болатын. 1991 жылғы қылмыстық заңнама негіздері қылмыстардың қайталануы түсініктемесін нақтылады: қылмысты қайталаушы адам ретінде бұрын қасақана қылмыс жасап, қайталап қылмыс жасаған адам танылады.

1997 жылғы қабылданған ҚР Қылмыстық кодекстің 13-бабы “Бұрын қасақана жасаған қылмысы үшiн соттылығы бар адамның қасақана қылмыс жасауы қылмыстардың қайталануы деп танылады” деп бекітті. Осы анықтамамен заң шығарушы қылмыстардың қайталануының негізгі белгілерін бекітті. Қылмыстардың қайталануы қылмыс көптілігінің ең қауіпті нысаны болып табылады. Сондықтан қылмыстық заңнама қылмыстардың қайталануы заңда көзделеген шектер мен негіздерде неғұрлым қатаң жазаға әкеп соқтырады деп бекіткен. Қылмыстық құқық теориясында қылмыс қылмыстардың қайталануы туралы әртүрлі ой-пікірлер айтылған.

ҚР ҚК-нің 13-бабында қылмыстардың қайталануына берілген анықтамасынан оның белгілерін көре аламыз. Біріншіден, бір адам қасақанылықпен сипатталатын екі немесе одан да көп қылмыс жасайды; екіншіден, жаңа қасақана қылмыс, бұрын қасақана қылмысы үшін сотталған адаммен жасалады; үшіншіден, бұрынғы қасақаналық қылмыс өзінің қылмыстық-құқықтық маңызын сақтап қалады, яғни соттылық жойылмаған немесе заңмен көрсетілген тәртіппен алынбаған; төртіншіден, кәмелетке толған кезде жасалған қылмысы үшін ғана соттылық ескеріледі.

Енді осы белгілерді толығырақ қарастырайық. Қылмыстардың қайталануының бірінші белгісі адамның қасақанылықпен сипатталатын екі немесе одан да көп қылмыс жасауы. Бұл жерде қылмыстардың көптілігінің бір түрі ретінде қылмыстардың қайталануын ұқсас, бірдей және әртүрлі қасақана қылмыстар құрауы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық құқықтағы қылмыстардың көптігі
Қылмыстардың көптігінің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы. Қылмыстардың қайталануы және жаза тағайындау
Қылмыстың көптігінің түрлері
Көптік қылмыстар
АЯҚТАЛМАҒАН ҚЫЛМЫСТАР ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ
Қылмыстық жауаптылық негіздері
Қылмыс сатылары
Көптік қылмыстарды саралаудың теориялық мәселелері
Қылмыстың қайталануының жалпы
Қылмыстардың көптігінің жекелеген қылмыстардан ерекшелігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz