Қылмыстық жаза жүйесіндегі өлім жазасы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
К І Р І С П Е 1
I. Бөлім. Қылмыстық жаза жүйесіндегі өлім жазасы. 5
II. Бөлім. Өлім жазасы тарихына сипаттама. 18
2.1. Қазақ тарихындағы өлім жазасы. 18
2.2 Ресей тарихындағы өлім жазасы 29
III. Бөлім. Өлім жазасының типологиясы және қазіргі орындалу
тәсілдері. 35
3.1. Өлім жазасының ескірген түрлері 36
3. 2. Өлім жазасының қазіргі кездегі орындалу тәсілдері 39
IV. Өлім жазасының шет елдердегі қылмыстық заңда орын алуы 40
4.1 Англия заңындағы өлім жазасы 49
4.2 АҚШ заңындағы өлім жазасы 53
4.3. Жапония заңындағы өлім жазасы 58
4.4. Ресей Федерация заңындағы өлім жазасы 61
ҚОРЫТЫНДЫ 68
Пайдаланылған әдебиеттер мен нормативтік актілердің тізімі 71

КІРІСПЕ

Өлім жазасы!!! Бұл қысқа екі сөз біреулерде қорқыныш
сезімін және түсініспеушілік тудырса, ал біреулер өлім жазасын адам
өлтірудін ресми заңдандырылған қылмыстық жаза ретінде түсінеді.
“Өлім жазасының кісі өлтіруден айырмашылығы неде?” - деген сұрақтарға
қанағаттанарлық жауап таба алмауда. “¤лім жазасын алып тастайтын
уақыт келген жоқ па?”-деген пікірлер мен сұрақтарды біздің
қоғамымыздан, халық өкілдерінен естуге болады.
Бірақ бұдан да өзге мінезді пікірді кездестіруге
болады. Онда “өлім жазасы біздің қоғамда сирек кездеседі, ал
қылмыстылықтың саны азаймауда”. Бұл претензиялар ең алдымен құқық
қорғау органдарына, ал содан кейін кейбір кезде заң шығарушыға да
қойылады. Осылайша қылмыстылықтың саны мен өлім жазасының арасында бір
қатынас қойылғандай. Сондықтанда, осы өлім жазасына қатысты екі бір-
біріне қарсы пікір бар.
Ал енді өлім жазасына тарихи тарапынан келетін болсақ,
онда әр кезең өзінің жақтаушылары мен қарсылық білдірушілерімен
көрінеді.
“Өлім жазасы керек пе немесе керек емес пе?”-деген
сауал біздің эрамызға дейін адамзатты толғандырған.
Ол Ежелгі Грецияда Пелоппонес соғысында яғни Митилена
қаласы Афинаға қарсы тұрып жау жаққа ауысып жатқан уақытта
көрінген. Оған қатты ашулаған афиндықтар, Митиленаны басып алып –
Сатқындарға қатаң жаза қолдану керек -деп қала басшылығынан,
еркектерге өлім жазасын қолдану, ал әйелдері мен балаларын құлдыққа
өткізу туралы, шешім шығаруды сұрайды. Митилена қаласының
тұрғындарына жаза қолдануды шешу кезінде Халық Кеңесінде үлкен
диспут болып, онда қарсы екі пікір айтылады. Афиндық демагог Клеон
өлім жазасын қолдаса, ал пікірге афиндық Диодот қарсы тұрады.
Бұл 2500 жыл бұрын өлім жазасының қорқытушы әсері
және қылмыстылықтың азаюы туралы пікір-таластардың болғанын
куәландырады.
Клеон мен Диодот арасындағы пікір-таласта соңғысы
жеңіп, Афины қаласының Халық Кеңесі Митилена қаласының ерлеріне
өлім жазасын қолданбауға дауыс береді. Бірақ өкінішке орай бұл
әділ және дұрыс шешім біздің тарихымызда жоғалып, ұмытылды.
Одан кейін тарих бізге сан-алуан әділ шешімдер,
ойланбаған қаталдыққа жол берген мысалдар мен дәлелдер келтірді.
Қазіргі кезде өлім жазасына қатысты (яғни алып тастау
немесе қалдыру туралы) шараларды қолдану актуалдық сұрақтардың бірі
болып есептелінеді. Бұл проблемаға жүздеген авторлардың еңбектері
дәлел. Бұл проблема қоғамды ұзақ уақыттан бері толғандыруда. Ғалымдар,
тәжіриебелі заңгерлер, қоғамдық және саяси қызметкерлер, философтар,
жазушылар мен азаматтар бұл проблема жөнінде көп сұрақтар қойып
жатыр.
Бұл дипломдық жұмыста біздің міндетіміз: Өлім жазасын
қолдану “қорқыту” факторы, қылмыстылықтың көбеюден сақтандыру себебі,
адам құқықтарына әсері, қазіргі қоғам даму кезенінде қолданылуы,
құқықтық тәртіпті қорғау мемлекетпен жүзеге асырылуын қарастыру
болып табылады.
Осы және басқа да сұрақтарға жауапты тек өлім жазасын
жаза ретінде қолдану, оның мысалы және қаңдай мақсаттарға жету
екендігіне жауап бергенде ғана жүзеге яғни өз мақсатымызға жетеміз.
Тек осы жерде ғана жазаны қолдану керек немесе керек еместігі
көрініп және тек осы өлім жазасы туралы қоғам пікірін құрастыруды
көруге болады.
Осы жазаға қатысты қазіргі кезде теория тұрғысынан үш
позиция бар. Бір ғалымдар өлім жазасына толық қарсы болып, оны
тез уақытта алып тастау, оның яғни жазаның аморальдық қажетсіз деп
түсіндірсе, ал екінші ғалымдар тобы бұл жазамен толығымен
келіседі. Өйткені, оны тек құқықтық шектеу ғана емес сонымен қатар
қылмыскерді физикалық жою яғни мемлекет қоғамға толық
қауіпсіздігіне кепіл береді яғни адамның, қылмыскердің сол әрекет
немесе әрекетсіздікті жасамайтындығына кепіл береді. Үшінші ғалымдар
тобы негізінен екінші топқа яғни өлім жазасын қолдануға қарсы
емес, бірақ оны қысқарту керек екендігі, соңында өлім жазасын алып
тастау позициясын ұстайды. Бұл пікірлердің барлығы тұжырымды және
өлім жазасы туралы әділ шешімді таңдау қиынға түсуде.
Біздің зерттеу жұмысымыздың мақсаты: өлім жазасың
қылмыстық жаза жүйесіндегі өлім жазасын, тарихын, типологиясын, өзге
елдердің өлім жазасын қалай қолданылатының қарастыру жәнеде өзімнің
субъективтік пікірімді көрсету болып табылады.
Бұл тақырыпты таңдағаным кездейсоқ емес. Өйткені
қазіргі кезде бұл тақырыпқа көптеген пікір - таластар жүріп жатыр,
соған қоса менде өзімнің ойымды және жеке пайымдауымды айтқым
келіп отыр. Одан қалғаны бұл әлеуметтік-құқықтық феномен мені өте
қызықтырады.
Неліктен бұл жаза түрі көптеген ғасырлардан бері
жүзеге асырылып келе жатыр? Неліктен бұл жаза кең қолданылады?
Өлім жазасы қаңшалықты тиімді? Өлім жазасының алып тастау немесе
сақталуына қоғам пікірі қаңдай әсерін тигізеді? Неліктен қазіргі
кезеңдегідей, ежелгі кезеңдегі өлім жазасы қолданылады? Өзіміздің
қатал ата-бабаларымыздан алыс кетпегеніміз бе? Осы және басқа да
сұрақтарды біз өзіміздің дипломдық жұмысымызда қозғап оларға заң
жағынан, тарих, қоғамдық (сезім) және әлеуметтік аспектіде заң
әдебиеттерін, нормативтік актілерді жәнеде әртүрлі авторлардың
жұмыстарын, архивтік материалдар мен тексерілген қоғамдық пікірлерге
анализ беріп көрейік.

I. Бөлім. Қылмыстық жаза жүйесіндегі өлім жазасы.

Өлім жазасы - адамзатқа танымал ежелден келе жатқан
жазалардың бірі болып табылады. Жалпы айтқанда өлім жазасы
қылмыстық құқық пайда болғанға дейін қолданылған. “Қылмыскер өмірін
қию қоғамдық жазалау (кек) ежелден келе жатыр”, - деп көрнекті
Ресей ғалымдарының бірі жазған.[1]

Өлім жазасы жаза ретінде қолдану дұрыс па деген
сұрақтар ұзақ жылдардан бері ғалымдар мен қоғамдық қайраткерлерді
толғандыруда. Бірақ осы пікір-таластар жақында бітпейді.
Өлім жазасы жайында көп жұмыстар жазылғанына
қарамастан, теоретикалық жағынан бұл проблемада әлі де түсініксіз
жәйттар бар. Мысалы, өлім жазасы түсінігі қарастырылып,
талқыланбаған, яғни түсінік әлі күнге дейін жоқ.
Жалпы қарағанда өлім жазасы түсінікті сияқты. Ол адам
өмірін қию. Бірақ адам әртүрлі себептермен өлуі мүмкін. Өзі өлген
жағдайды (ауру- сырқаттан, кәріліктен және т.б.) алып тастағанда,
зорлап өлтірілгеннің көп себептерін айтуға болады. Табиғат
апаттарынан, күштерінен (су басқыншылығы, жер сілкіну, найзағай және
т.б.) яғни форсмажорлық жағдайларда, суықтан, аштықтан өндірістегі
абайсыз оқиғалардан, өз-өзіне қол жұмсаудан өлген адамдар аз емес.
Қасақана қылмыстардан бастап, байқаусыз оқиғалардан, яғни әртүрлі
себептермен мерт болып жатқан адамдар саны сан алуан. Техника
қауіпсіздігін, жол ережесін бұзу, әртүрлі адам өміріне қауіпті
радиоактивті заттардың дұрыс қолданбау салдарынан. Соғыс кезінде
ұлтаралық ұрыстарда, кек алу кезінде өз өмірінен айырылуы мүмкін.
Бұл жағдайдағы өмірінен айыру өлім жазасымен байланысты емес, яғни
бұл әлеуметтік жағынан, не заң жағынан ешқандай ұқсастық жоқ.
Сонымен, өлім жазасы дегеніміз не? Бір қөзбен қарағанда түсінікті
сияқты, ал оның түп негізі қайда жатыр?
Өлім жазасының манызды белгілерінің бірі болып, оның
мазмұны жағынан жаза табылады, яғни дәл осы шараны мемлекеттік
мәжбүрлеу арқылы жүзеге асырады.
Кез-келген жазаның негізі, мәні - жазалау профессор
Н.А.Стручков жазалауды былай деген: “белгілі-бір жазаны қолдануда
нақты көрініс табатын және заңмен белгіленген құқықтық шектеуліктер
жиынтығы”.[2] Өлім жазасында - жаза (“кара”) максималды түрде
көрінеді. Сотталушыдан өмірі алынады және осымен қоса басқа да
құқықтары мен мүдделері тоқтатылады.
Екінші белгісі - қайғы. Зерттеушілердің айтуы бойынша
жаза қайғы әкеледі. Өлім жазасы тағайындалған адам өзіне қатысты
үкім шығарғанда, арызын қайта қарау барысында және кешірім беруге
байланысты жағдайларда қайғырады. Бұл қайғыны ешбір басқа қайғымен
тенестіруге болмайды. Көптеген сотталғандарда ол - өлім алдындағы
қорқыныш сезімі ретінде көрініс табады. Бірақтан олардың қайғысы
қоғамды елік етпейді. Қоғам оларды өз мүшелерінің санынан шығарып
тастайды және ол енді өмір сүрмейді. Осының өзі тағы бір сұрақты
туындатады: адамды өмірінен қиюды қоғам көздей ме? - өзін және
азаматтарды сол адамнан қорғау мәселесі.
Өркениетті мемлекеттерде өлім жазасына кесуде минималды
қайғы келтіру мәселесі орын алған. Оларға мысалы: ату, электрлік
столға отырғызу, газ, өлімдік иньекция...
Қазақстан Республикасында өлім жазасы ату жолымен
орындалады. Ол яғни өлім жазасы Қылмыстық Кодекстің 49 бабының 1-
бөлігіне сәйкес: “Өлім жазасы-ату жазасы адамның өміріне қол сұғатын
ерекше ауыр қылмыстар үшін, сондай-ақ соғыс кезінде немесе ұрыс
жағдайында мемлекеттік сатқындық, бейбітшілікке қарсы және адамзаттың
кауіпсіздігіне қарсы қылмыс және ерекше ауыр әскери қылмыстар
жасағаны үшінғана ең ауыр жаза ретінде қолданылуы мүмкін”.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес өлім жазасы жазаның
аса ауыр қылмыстар үшін ерекше шарасы ретінде ғана қолданылады.
Оның үстіне өлім жазасына үкім тағайындалған тұлғаға кешірім жасау
туралы өтіну құқығы беріледі.
Үшінші белгісі – туған - туысқандарының қайғысы. Үкімді
жүзеге асыруда орын алады.
Төртінші белгісі - ең қатал жаза. Бұл жаза тек ең
ауыр қылмыс үшін тағайындалады. Сотталған тұлға оның ең құндысы
өмірінен айырылады.
Өлім жазасының бесінші белгісі болып - басқа жаза
сияқты бұл жаза түрі сотталғанның еркінен тыс мәжбүрлеу арқылы
жүзеге асырылады.
Алтыншысы, ол мемлекеттің атынан орындалады. Кез-келген
үкім барлық уақытта “Қазақстан Республикасының атынан”-деп басталады.
Қылмыскерді ұстау кезіндегі өлімі өлім жазасы болып табылмайды.
Жетінші белгі - оның сот үкімі арқылы жүзеге асырылуы.
Бірақ бұл қағида біздің тарихымызда бірнеше рет бұзылды. Мысалы:
1930-50 ж. “ерекше жиналыс”, “үштік”... сияқты құрылымдардың үкімімен
атылғандар саны қаңшама! Қазақстан Республикасының Конституциясының
77-бабының 3-бөлігінің 1 тармақшасына сәйкес: “адамның кінәлі екендігі
заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша, ол жасалған қылмысқа
қатысты - кінәлі емес деп есептеледі.
Сегізінші, ол тек қылмыс үшін ғана тағайындалады, яғни
Қылмыстық Кодексте бекітілген әрекеттер немесе әрекетсіздіктер үшін
тағайындалады.[3]
Тоғызыншы белгі - ол тек қылмыс жасаған тұлғаға, яғни
кінәлі деп танылған кезден кейін тағайындалады. Қазақстан Республикасының
Конституциясының 15-бабына сәйкес өлім жазасы тек қасақана жасаған
қылмыстар үшін ғана тағайындалады, яғни абайсызда жасалған қылмыстар
үшін тағайындалмайды.
Қазақстан Республикасының Конституциясында өлім жазасы
“оның болашақта қайта қайтарылуын” қолдану мүмкіншілігін бекіткен,
яғни ол өлім жазасының оныншы белгісі “біздің заңдарымыздағы
уақытша шара” болып табылады.
11. Өлім жазасы басқа жазалардың түрімен салыстырғанда аз
қолданылады. Мысалы: 60-жылдары 2159 адам, 1990-97 ж.ж.
140-160 адам,[4] 1998ж. - 115 адамға қатысты өлім жазасы
тағайындалған.[5]
12. Кешірімнің көп берілуі.[6] Мысалы: ол 1995-98ж. кең орын
алды. Конституцияға сәйкес кешірім беру құқығы тек
республика президентіне тиесілі құқық болып табылады.
13. Өлім жазасының мақсаты, яғни қылмысты қайта болдырмау
мақсатында қолданылуы.
14. Жазаның ерекше шарасы ретінде қолданылады. ҚР Қ.К.-нің
49-б. бекітілген.
Өлім жазасы кез-келген адамдарға, қылмыстарға
тағайындала бермейді. Қазақстан Республикасының жәнеде өзге шетел
мемлекеттерінің қылмыстық заңдарында өлім жазасын қолданудың шектерін
белгілеп көрсеткен. Соның біреуі демографиялық қағидаға байланысты.
Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес үш демографиялық белгіні атап
өткен жөн:
1. өлім жазасын кәмелетке толмағандарға қолданбау;
2. жүкті әйелдерге және жалпы әйел адамдарға өлім жазасын
қолданбау;
3. есі дұрыс еместерге яғни психикалық ауруға шалдыққан адамдарға
қатысты қолданбау;
1. Кәмелетке толмағандар үшін өлім жазасы тағайындалмайтыны туралы
мәселе 1922 ж. 27 июльде Қылмыстық Кодексте өзгерістер мен
толықтырулар енгізу кезіндегі декретімен байланысты. Мұнда 18
жасқа толмағандар деп анық тоқталып өткен және халықаралық
шарттарда орын алған. Мысалы: 1966 ж. 16 желтоқсан БҰҰ-ның Бас
Ассамблеясы қабылдаған “Азаматтық және саяси құқықтар туралы”
халықаралық пакті және 1984 ж. 25 мамыр “Мера гарантирующее
защиту прав тех, кто приговорен смертной казни”...[7] Осымен
қоса кәрі адамдарға да өлім жазасы қолданылмайды. 1988ж. БҰҰ-
ның комитеті өлім жазасын қолданудың максималды жасын көрсетуді
ұсынған. Мысалы: Монғолияда 60 жастан жоғары, Гватемала мен
Суданда 70-тен асқандарға, ал 1903 ж. Ресейдің Қылмыстық
ережесіне байланысты 70 жастан асқандарға өлім жазасы
қолданылмайды. Кәрі адамдарға өлім жазасын қолданбау туралы
идеяны И.И. Карпец ұсынды. Оның пікірі бойынша өлім жазасын 65-
70 жастан асқандарға қолданбау керек, егер тек олар
бейбітшілік пен адамзатқа қарсы қылмыс жасағанды қоспағанда.

РФ 1993 ж. 29 сәуірдегі ( 4901-1 “РСФСР Қылмыстық Кодексіне,
Қылмыстық іс жүргізу кодексіне және еңбектік-тәрбиелеу кодексіне
толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы” заңы өлім жазасын
қолданудың жастық шегін анық көрсетті, ер адамдар үшін 63 жастан
жоғары және ҚР Қылмыстық Кодексі 1997 ж. норманы сақтап қалды.
Бірақ ҚК-тің 49-бабы үкім жариялаған кезде 63 жасқа толғандарға
өлім жазасын қолдануға болатын туралы норманы бекіткен.
Өлім жазасын жүкті әйелдерге және жалпы әйелдерге қолданбау
мәселесі бірінші рет 1922 ж. 7 қыркүйекте ВЦИК-тің Декретінде
бекітілді. Мұнда былай деп көрсетілді: “ең жоғары жаза (ату)
доктордың мәлімдемесімен расталған жүкті әйелдерге қолданылмайды”.
Бұл мәселе 1922 ж. Қ.К-тің 33-бабы бойынша үкім шығарған және
қылмыс жасаған кездегі жүкті әйелдерге өлім жазасын тағайындау орын
алды. Бұл мәселенің нақты шешімін 1922 ж., 1926 ж., 1960 ж. Қ.К.
басылымдары көрсетпеді. 1993 ж. 29 сәуірдегі 1960 ж. Қ.К-тің 23-
бабына өзгерістер енгізу туралы заң былай бекітті: өлім жазасы
жалпы әйел адамдарға қолданылмайды.
И.И. Карпец “әйелдер қылмысқа мәжбүрлі, басқа жолдың
жоқтығынан барады”, - деп өз ойын білдірді. Олар өздерінің күйеулері
немесе бірге тұратын ер адамдарынан көрген тозақтың шектен
асқанынан құтылу үшін бұл жолға түседі. И.И. Карпецтің пікірінше:
“ешбір жағдайда біздің ұмытпауымыз керек, әйел – ол біреуімізге ана,
біреуімізге зайыбымыз болып келеді. Олай бүгін де, ертең де
болады. Енді өлім жазасынан бас тартайық бізге - өмір әкелетіндерге
қолданудан”. Ал бірақ бұл норма барлық мемлекеттерде орын ала
бермейді, 1949 ж. Женева Конвенциясында көрсетілгендігіне қарамастан.
Мысалы: Кувейтте әйелдерге босанғаннан кейін қолданылса, ал
Индонезияда 40 күннен кейін, Египет пен Ливияда босанғаннан кейін 2
айдан соң, Йемен Араб Республикасында 2 жылдан кейін. Ал Иордания
Қылмыстық Кодексінің 358-бабында жүкті әйелдерге босанғаннан кейін 3
айдан соң колданылу нормасын бекітсе, ал 17-бабында өлім жазасын
өмірлік каторга жазасымен алмастыру нормасы көрсетілген. Румынияда 3
жасқа толмаған балалары бар әйелдерге қолданылмайды. Тек өлім
жазасы әйелдерге қолдану Иранда орын алған.
Өлім жазасын есі дұрыс емес, яғни психикалық ауруға шалдыққан
адамдарға қолданбау нормасы 1919 ж., 1922 ж., 1926 ж., 1960 ж. Қ.К-терде
орын алған. 1996 ж. РФ-ның ҚК-нің 21-бабына сәйкес өлім жазасын
есі дұрыс емес адамдарға тағайындаудың орын алмауы және жазадан
босатылуы мәселесі қылмыс жасаған кезде оның есі дұрыс емес болған
жағдайда орын алады. Қажет болған жағдайда оларға медициналық
сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылады, ал ол жазылғаннан кейін
шығарылған үкімді қарау жүзеге асырылмайды, себебі ол қоғамға
қауіпті әрекет оның есі дұрыс емес кезінде жасалды. Егер қылмыс
есі дұрыс кезінде жасалып, тергеу барысында ауруға шалдықса, онда
жазылғаннан кейін бұл мәселені басқаша шешеді, яғни ол жазаға
тартылады, егер мерзім уақыты өтіп кетпесе немесе басқа жағдайлар
қарастырылмаса. Ескіру мерзімі 15 жыл деп қарастырылады. Егер өз
жазасын өтеу кезінде ауруға шалдықса, онда РФ ҚК-тің 81-бабына
сәйкес қылмыстық жауапкершіліктен босатылу мүмкіншілігі қарастырылған,
бірақ бұл формула өлім жазасына байланысты емес.
Қылмыстық-құқықтық қағидаға сәйкес өлім жазасын қолдану
мәселесі қылмыстың қай түріне тағайындалады және қай органның
құзыретіне жататындығы қарастырылады. 1917 ж. декрет бойынша өлім
жазасынан бас тартылды, ал 1918 ж. декретке сәйкес өлім жазасы
қайта қалпына келтірілді. Оған сәйкес өлім жазасы сол жерде және
ешбір соттың үкімсіз орындалды. Бұл декрет бойынша қылмыс түрлері
көрсетілді: бұзықшылар, контрреволюциялық насихаттаулар, германдық
шпиондар, достықтық емес агенттерге, спекулянттарға,
бағдарламашылар... Өлім жазасын әртүрлі революциялық трибуналдар,
үштік, бестік деген соттық емес органдардың шешімімен орындалды
және олардың шешімдері қайта қарауға жатпады. 1922 ж. 1 Қ.К. өлім
жазасын тағайындаудың 38 жағдайын бекітті. Контрреволюциялық
қылмыстар үшін 13 жағдайда ату жазасы қарастырылды (әскери ереуілге
шығуды ұйымдастыру; мемлекеттің әскери істеріне байланысты шетел
мемлекеттерінен келіссөз жүргізу; терорлық акт; диверсия; шпионаж;
жұмысшы тапқа қарсы активті қызмет үшін; мемлекеттік билік
органдарының бұйрықтарын және үкімдерін орындамау; шетелге аударылған
адамдардың республика аумағына өз шешімі мен еркініне байланысты
қайтып келуі...); басқару тәртібіне қарсы қылмыстар үшін 6 жағдай
(жаппай тәртіпсіздік; бандитизм; әскери бағынушылықтан жалтару;
басқару тәртібіне қарсы қылмыстарды жасауға шақыру, үгіттеу,
насихаттау; билікке күш көрсету және жалған заңсыз ақша шығару);
лауазымдық қылмыстар үшін 5 жағдай (билігін пайдалану; әділетсіз
үкім шығару; заңсыз қамауға алу; пара алу және параны
провакациялау).
1926 ж. 22 қарашадағы Қ.К. бойынша 37 жазалаушылық
көрсетілген, ал 1927 ж. ортасында 50 қылмыс құрамына ату жазасы
тағайындалатын болды.
Ең жоғарғы жаза - ату - қолданысының хронологиясы: 1930
ж. әскери қызметке шақырудан жалтару, 1931ж. теміржолда еңбектік
тәртіпті бұзу, 1935 ж. әуеде және транспортта, 1932 ж. темір жол
және су транспортында, колхоздық және коореоативтік мүліктерді
ұрлау, 1934 ж. қару-жарақты ұрлау, әскери қызметкерлермен жасалған
кісі өлтіру қылмысы және әскери бұйырыққа бағынбау және 1940 ж.
әскери қызметшінің өз еркімен әскери қызметтен босатылуы.
1947 ж. 26 мамырда СССР Жоғары Кеңесінің Президиум
жарлығы бойынша өлім жазасын тағайындаудан бас тартылды. Ол тек 25
жылға бас бостандығын айыру жазасымен ауыстырылатын болды. Бұл
формальді норма 1950 ж. өз күшін жойды. Ол Отанды сатқандарға,
шпиондарға, диверсанттарға қолданылатын болды. 1954 ж. өлім жазасы
ауырлататын жағдайдағы қасақана адам өлтіру қылмысына тағайындалатыны
туралы норма қосылды. 1996 ж. кодеске сәйкес 5 қылмыс құрамына
өлім жазасы тағайындалатын болды және ол РФ-ның конституциясының 20-
бабына толығымен сәйкес.
Өлім жазасына кесілген адамның жеке тұлғасының
сипаттамаларының түрлері:
1. әлеуметтік-демографиялық сипаттама;
2. қылмыстық-құқықтық сипаттама;
3. қылмыстық іс жүргізушілік сипаттама;
1. Сотталғандар-олар тұрғын халықтын бір бөлігі.
Демографиялық-әлеуметтік сипаттау: қылмыскердің жынысына,
жасына, отбасылық жағдайына, біліміне, тұтқынға дейінгі
айналысқан жұмыс түріне байланысты.
Жынысы бойынша ол тек ер адамдарға байланысты. Жас
мөлшері бойынша кәмелетке толмағанлар мен кәрі адамдарға
қолданылмайды. Олардың арасындағы орта жастағы адамдардың өмірлік
тәжірибесі бар және өз әрекеттері үшін жауап бере алатындар.
Жастар көбінесе ойланбастан ашу, қызу үстінде қылмыс жасайды және
олар үлкендерден көбірек зорлау сипатындағы қылмыстарға байланысты.
Отбасылық жағдайы адамның психологиясына, тәрбиесіне, сана-сезімнің
қалыптасуына әсер етеді. Қылмыс жасаушылар көбінесе толық емес
отбасыларда, ұрыс-керіс жағдайында тәрбие алғандар және әке-шешесі
ішімдікке салынып кеткен отбасылардағы адамлар. Басы бос адамдар
отбасылық адамдарға қарағанда зорлау нысанындағы қылмыстарды көп
жасайды. Отбасылы адамдарды қылмыс жасаудан бас тартуға әйелі,
балалары көмектеседі. Білімі: жоғары білімділік көрсеткіш-ол
антикриминогендік фактор. Атқарған қызметі жоқ адамдар және кірісі
жоқ адамдар көбінесе қылмыс жасауға жақындау келеді. Қылмыскерлердің
67%-тен астамы жұмыссыз жүрген адамдар.
2. Қылмыстық-құқықтық сипаттамада жасалынған қылмыстардың
түрлері орын алады. 1996 ж. Қылмыстық Кодекс бойынша
өлім жазасы тек аса ауыр қылмыстар үшін ғана
қолданылады. Оларға: 105-бап “адам өлтіру”, 277-бап
“мемлекеттік немесе қоғамдық қызметшінің өміріне қол
сұғу”, 295-бап “әділет қызметшілерінің өміріне қол
сұғу”, 317-бап “құқық қорғау органдары қызметшілерінің
өміріне қол сұғу”, 357-бап “геноцид”. Өлім жазасын
тағайындауға әсер ететін факторлардың бірі соттылық
саны. Жаза тағайындау кезінде судья тек қылмыс жасау
жағдайы мен сипатын ескеріп қана қоймай, сотталушының
соттылық саның ескереді. Көбінесе ауыр жазаға бұрын
бірнеше қылмыс жасаған адамдар шалдығады.
3. Қылмыстық-атқарушылық сипаттама екі кезеңді қамтиды.
Біріншісі, тұтқынға алынуы, сотта істің қаралуы, кешірім-
беру ходотайствасын қарау. Екіншісі, өз жазасын өтеу,
егер оған кешірім берілсе. Бірінші кезеңде: күдікті
адам, жәбірленуші, сотталған адамдар өз өмірінің келесі
күнің білмейді.
Қылмыскерлердің оңдай түрлерін ерекше қатаң изоляторда
жалғыз өзін немесе екеуін жауып, оларды күзетуге мамандандырылған
күзетушілер және тәжірибесі мол адамдарды қояды. Адамдардың сана-
сезімі өз шегіне жетіп, өте ауыр халде болады. Олар өз жазаларын
қайта қарау және кешірім беруге үміттенеді. Кешірім беру тек
президенттің құзыретінде. Бұрын кешірім беріп бас бостандығынан 15
жылға айырумен алмастырылса, ал қазіргі қылмыстық заң бойынша оның
мөлшері 25 жылға ұзартылды немесе өмір бойы бас бостандығынан
айырумен алмастырылады.
Кешірім беру амнистиямен ұқсас жақтары бар. Ол екеуі
де жазаны жеңілдету мақсатында қолданылады және бір рет
қолданыстағы сипаттағы актілер. Бірақ екеуінің арасында айырмашылық
та бар:
1. Амнистия ол - нормативтік акт, ал кешірім беру оған
жатпайды.
2. Амнистия амнистияланатын тұлғаларды көрсетпейді, ал
кешірім беру бір тұлғаға қатысты.
3. Амнистияны Мемлекеттік Дума немесе Парламент белгілесе, ал
кешірім беруді президент белгілейді.
Өлім жазасын орындау көп мемлекеттерде жариялы түрде
болады, ал кейбір мемлекеттерде жариялы түрде болады, ал кейбір
мемлекеттерде арнайы орган құрылады, ал кейбіреулерінде жәбірленуші
жақтың бір өкілі орындайды. Мысалы: Сауд Арабиясы, Иран. Кейбір
мемелекеттерде теледидардан беріледі немесе газет беттеріне басылып
шығарылады. Мысалы: Габон (1982 ж.), Қытай (1979 ж.), Қазақстан
(1995 ж.), Шешенстан (1997 ж.).
Көптеген басқа елдердегі сияқты Қазақстан
Республикасында да өлім жазасы әлі орын алып отыр. Бірақ ҚР-ның
Конституциясына сәйкес өлім жазасы жазаның аса ауыр қылмыстар үшін
көзделетін ерекше шарасы ретінде ғана қолданылады. Оның үстіне өлім
жазасында үкім тағайындалған тұлғаға кешірім жасау туралы арыздану
құқығы берілген (ҚР Конституциясының 15-бабы).
Өлім жазасы тағайындалатын қылмыстар тізімі нақты
белгіленген. Өлім жазасы адамның өміріне қол сұғатын ерекше ауыр
қылмыстар үшін, сондай-ақ соғыс кезінде ұрыс жағдайында мемлекеттік
сатқындық, бейбітшілікке қарсы және адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы
қылмыс және ерекше ауыр әскери қылмыстар жасағаны үшін гана
қолданылуы мүмкін, өлім жазасы, яғни ҚК-тің Ерекше бөлімі
нормаларының 18 санкциясында ғана қарастырылған, бұл жалпы
санкциялардың жалпы санының 2,08%-ін құрайды.[8]
Соттың үкімі бойынша сотталған адамды өмірден
айырғандығы белгілі болса да, талқыланып отырған норма жазаның бұл
түрінің мазмұның ашпайды. Бірақ оның мазмұнының ашылатын бір жолы-
өлім жазасын орындау тәсілінің көпсетілуі, ол-көпшілік көзінен тыс
атып өлтіру.
Сот өлім жазасын тағайындай отырып, жаза тағайындаудың
жалпы ережлерін басшылыққа алуы керек. ҚР Жоғарғы Соты Пленумының
1999 жылғы 30 сәуірдегі “Соттардың жаза тағайындау кезінде
заңдылықты сақтауы туралы” N 1 Қаулысында “жазаның атылған түрі
жауаптылықты ауырлататын ерекше жағдайлардың болуына қарай, сонымен
қатар, аса қауіпті қылмыс жасаған тұлғаның ерекше қауіптілігіне
қарай оны тағайындау қажеттілігі туындаған кезде ғана қолданылуы
мүмкін. Өлім жазасының қолданылуы барлық жағдайларда ғана жасалған
қылмыс бойынша анықталған жағдайлардың және сотталған адамды жан-
жақты толық сипаттайтын мәліметтердің негізінде үкімде дәлелденуі
тиіс”-деп көрсетілген.
ҚК-тің 69, 75-баптары қылмыстық жауаптылыққа тартудың
ескіру мерзімі және айыптау үшін орындаудың ескіру мерзімі өтіп
кетсе, өлім жазасын қолданбаудың ерекше жағдайларын қарастырады.
Егер сот айыптау үкімінің ескіруін қолдану мүмкін деп
таппаса, онда өлім жазасын өмір бойы бас бастандығынан айырумен
ауыстырады. Егер сот ескіру мерзімі өтіп кетуіне байланысты тұлғаны
қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкін деп таппаса, онда өлім
жазасы жиырма бес жыл мерзімге бас бостандығынан айырумен
алмастырылады. Өлім жазасы тағайындалуы мүмкін тұлғалар қатарына:
әйелдер, 18 жасқа толмай қылмыс жасағандар, сот үкімін шығарар
сәтте 65 жасқа толған еркектер кірмейді.
ҚК-тің 49-бабының 4-ші бөлігіне сәйкес, өлім жазасы
туралы үкім ерте дегенде ол күшіне енген сәттен бастап бір жылдан
кейін орындалады, бұл сотталған адамға кешірім жасау туралы
өтінішке өзінің конституциялық құқығын пайдалануына мүмкіндік береді.
Өлім жазасын қолданудың ерекшелігі сол, бұл тұрғыдағы қылмыстарды
қарау облыстық соттардың құзіретіне жатады және мұндай істерді
қарау үш судьяның қатысуы мен жүргізіледі. ҚК-тің 49-бабына сәйкес
өлім жазасы - ату мына төмендегідей қылмыстарды істегені үшін
қолданылуы мүмкін:
- ауырлататын жағдайда адам өлтіру (96-б., 2-б.);
- геноцид (160-б.);
- соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында болған
мемлекетке опасызыдық (165-б.);
- мемлекет немесе қоғамдық қайраткерлердің өміріне
қастандық жасау (167-б.);
- сот төрелігін немесе алдын-ала тергеуді жүзеге асырушы
адамның өміріне қол сұғу (340-б.);
- соғыс уақытында, ұрыс жағдайында бастыққа қарсылық
көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мәжбүр
ету (368-б.);
- соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында бұйырыққа бағынбау
немесе өзгедей орындамау (367-б., 3-б.);
- соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында бастыққа
қатысты күш қолдану әрекеттері (369-б., 3-б.);
- соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында қашқындық
(373-б.., 3-б.);
- соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында билікті
теріс пайдалану, биліктің асыра қолданылуы немесе
әрекетсіздік (380-б.,3-б.);
- жауға соғыс жүргізу құралдарын беру немесе тастап
кету (383-б.);
Бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыс
жасағаны үшін сотталған адамға ескіру мерзімі қолданылмайды.[9]

II. Бөлім. Өлім жазасы тарихына сипаттама.

2.1. Қазақ тарихындағы өлім жазасы.

Өркенім өссін десең, кекшіл болма-
.

кесепаты тиер еліңе.

Елім өссін десең, өршіл болма,

өскеніңді өшірсен.

Басына іс түскен пақырға қастық

қылма-қайғысы көшер басыңа.

Жанашыры жоқ жарлыға,

жәрдемші бол асыға.

Қиын қыстау күндерде өзі келер

қасыңа.

Бүгін сағы сынды деп, жақыныңды

басынба!...

Қаз дауысты Қазыбек 1703 ж.

Қазақтың шежіресі қарияларының, оның үстінде қазақ
тарихын алғаш рет хатқа түсірген М. Тынышпаев, Н.Н. Гродеков, А.И.
Левшин сияқты тарихшылардың пікіріне қарағанда қазақ халқының негізгі
алтын заңы, қоғамдық өмірінің, шаруашылық мүддесінің, от басы мен
үлкен саясат тіршілігінің алтын қазығы болған “Жеті Жарғы” 1710
жылы Қарақұм кеңесінде қабылданған болуы керек.[10]
“Жарғы” деген бұрыннан түркі - мұңғыл халықтарында бар
сөзі, заң шығаратын кеңесті, хан жанындағы билер мәжілісін осылай
атаған. Қазақтың жалпы тілімен заңға, дәстүрге қатысты нәрсенің
бәрін “жол” дейді. Жарғы “Қасым ханның қасқа жолы”, “Есім ханның
ескі жолы” сияқты заң - құқық ережелерінің жалғасы, түйіні де десек
артық емес.
Әз Тәуке хан тұсындағы – “Жарғының” “Жеті Жарғы”
аталуына пәлендей қияли себеп жоқ. Оған қатысушы ұлыс билерінің
саны жетеу болған. Жетеу – қасиетті сан, тақ есебі әділ шешімге
жақ – осыған байланысты қазақ елінің ең бір күрделі мәселелері ішкі
және сыртқы талқыға түсетін жиында көпшілік билердің жетеу болуын
дұрыс көрген. Бұл ұсыныс өз заманында кеменгерлігімен “Әз” атанған
Тәуке ханның аузынан да шығуы мүмкін.
Неге екені белгісіз қазақтың жақын көршісі, бірде жау,
бірде дос, тонның ішкі бауындай жақын қалмақ елі өзінің билер
кеңесін “найман жарғы” (Найман зарго) деп атапты. Найман деген сөз
қалмақ тілінде сегіз деген санды көрсетеді. Жоңғар қоңтәжілерінің
жанындағы жоғарғы билік кеңесіне қалмақтың үлкен руларының ең
атақты деген сегіз басшысы қатысып отырған.[11]
“Жеті Жарғы” – қазақтың тек әлеуметтік – құқықтық қарым
– қатынасын ғана емес, сонымен қатар сыртқы саясатын реттеп
отырған. Жалпы Жарғының негізгі өзегі болып:
1. “Жарғы” қазақ арасында кең тараған, ғасырлар елегінен
өткен “Жол”, (“Жаза”, “Жарғы”, “Қасым ханның қасқа жолы”,
“Есім ханның ескі жолы”) негізін қуаттайды және
жетекшілікке алады.
2. “Жарғы” арғы түбін Алаштан алатын қазақ елінің бірлігін,
туыстығын сақтап қалуды көздейді. Қаңдай да болмасын
билік, бітім сөз қазақтың арасын ашпай “жарасуға”,
“қарындасқа” бастауы тиіс.
3. “Жарғы” ел башылығына ұсынылатын хан, ұлыс сұлтаны,
билердің жеке бастарының қассиеттері жоғары болуын талап
етеді. Қазақ ішінде таза мұрагерлік, таза сайланбалы
тәртіп жоқ.
4. “Жарғы” қазақ арасындағы билік, бітім сөзінің халықтың
қатысуымен, жария етілуін талап етеді. Бидің айтқан
шешімін кейінге қалдырмай, ел болып, бірден іске асыруы
тиіс.
5. “Жарғы” бойынша екі жақ алдына келіп бірдей жүгінгеннен
кейін айтылған бітім сөзі заң болып табылады. Би (кеңес,
жүгініс) шешімін орындамаған адам ел ортасынан
аласталады, не барымтаға түседі.
6. “Жарғы” қазақ арасындағы қылмысқа қатысты шешімдердің
алдымен “қанға қан”, “көзге көз” ережесімен шешілуін
талап етеді. Кешірім болған уақытта ғана “құн” мен
“айыпты” қолданады.
7. “Жарғы” қазақ атанған елдің азаматтары, қару-жарағы мен
жорық аты сайлы болса, дәрежесі тең екенін және қарым-
қатынас тек туыстық жолмен реттелетінін жариялайды.
8. “Жарғы” – қазақ ішінде неке мен отбасы құндылықтарын
мүлтіксіз сақтауды талап етеді. Зорлық, ойнас, біреудің
некелі әйелін алып қашу т.б. қылмыстарға өлім жазасын
лайықты деп санайды.
9. “Жарғы” меншікке, әркімнің табан ақы, маңдай тері-еңбекпен
тапқан мал-мүлкіне қарсы жасалған қылмыстың қай түрі
болсын-ұрлық, тонаушылық, өте қатал жазалануын талап
етеді.
10. “Жарғы” діннен безген, құдайға тіл тигізген адамдарды,
өзге дінге кірушіні қатын – баласынан, мал – мүлкінен
айыруды, өлім жазасын беруді қуаттайды. Өзіне өзі қол
көтерген адамның жаназасын шығармауды, ру қорымынан бөлек
жерлеуді талап етеді.
Жалпы “Жеті Жарғы” – үш тағаннан тұрады. Бірінші
тағанда мемлекет және билік туралы яғни билік деңгейлері, би,
хандық билік, ханды сайлау, билікке жататын істер, кеңес және
жүгініс және “жан беру” (ант беру) ережелері көрсетілген. Екінші
тағанды – жарғының алтын қазығы дейді. Бұл тағанда отбасы және
неке, отбасы қатынастар яғни енші беру, мұрагерлік, асырап алу,
қыз алып қашу, құда тарту, әмеңгерлік, балдыз алу, көп әйел алу,
ажырасу, қалыңмал және жасаудан тұрады. Екінші бөлігінде меншікті
қарастырады, бұнда: зекет туралы, жеке меншік, малға меншік, көшу –
қону, меншікке қол сұғу, сауда – айырбас, аңшылықты қарастырған.
Үшінші бөлікте – қоғамдық өмірде қарым – қатынас, қонақ асы,
бөлінбеген енші, бәйге, сауын, көлік – көмек (майы), қызыл көтеру,
шүлен тарату, жылу, жұртшылық, сұрап алу кәделері мен ас беру
көрсетілген. Төртінші бөлікте дін және шариғат жолы көрсетілген.
Үшінші тағанда кек пен жаза көрсетілген. Бұл тағанның бірінші
бөлігінде кек, ал екінші бөлігінде қанды кек дәстүрінің қолданылу
тәртібі, үшінші бөлікте жаза түрлері, 4 – ші бөлігінде барымта, 5 –
ші өлім жазасы, 6 – шы құн төлеу, 7 – ші айып қарастырылған.
Осыған қарағанда ежелдегі қазақ тарихындағы “Жеті Жарғы” халықтың
қарым – қатынасын, құқығын толық қамтыған. Бізге керектісі яғни
біздің қарастыратынымыз үшінші таған.
Қазақ ұғымында кек қайтару ғұрпы айыпталған емес,
керісінше әлдеқалай бұзыққа, не келімсекке қандас туысының өшін
жіберсе, не өз басының намысын қорғай алмаса, ондай азаматты халық
қор санаған. Туысқан өлтірген қылмыскердің өз қаның, не ағайынының
қаның ішпей жіберу кешірілмес күнә саналып, ондай еркектер жұрттың
көзіне шыққан сүйелдей болып, онымен бір дастарқанда отыруға
өзгелер арланған.
Алаштың азаматына қас жауының кеңірдегін қанжармен орып
жіберіп, қанын ішу ата жолына кіретін, әдет – ғұрып алдындағы
абыройлы міндет. Ер жігіт түгілі қазақтың бойжеткен қызы да
беліндегі кездігін тастамайды (ер кісесі жіне әйел кісесі).
Қазақтың XVIII ғасырдағы қатал мінезі туралы А.И.
Левшин (1832жылы) былай деп жазады:
“Қаңдай арманшыл адам болса да, бұл адамдар қауымына
қызығуы қиын, оларды не рухани табиғаттың тамашасы, не тұрмыс –
тіршілігі қызықтырмайды. Олар қаталдыққа әбден үйреніп алған және
мінезді жұмсартатын нәрсенің бәрінен қашады, ұрлықты да қаталдық
деп, ержүректілікті өмір бойы қан төгу деп түсінеді”.
“Өзіне жасаған қорлық кек қайтара алмаған қазақ, ашу –
ыза үстінде құтырған қасқырға ұқсас, - дейді А.И. Левшин, 1821 жылы
Антонов бекінісінде сол маңда көшіп жүрген бір ордалық қазақ менің
көзімше өзін пышақпен бірнеше рет тілгілеп тастады, себебі оның
төбелесіп жатқан бір орысын бірнеше Жайық орыс - казактары арашалап
алып қалып, әбден шерін тарқатуға мүмкіндік берген жоқ. Екінші
біреуі билердің кесімімен жазаға бұйырылғанына күйініп, жан шошырлық
кейіпке түсті, қолма-қол өзін жаралап, әкесіне балта ала жүгірді,
қызына жара салып, бірнеше жылқыны балталап тастады”.
“Егерде талай кедергіден өтіп, көптен бері іздеп,
ақырында өзінің кегі кеткен жауын тапқанда, ол тіпті нағыз
жолбарысқа ұқсап кетеді. Осыдан бірнеше жыл бұрын Кіші жүздің Бай
ұлы елінің ішіндегі Беріш руының қазақтары, өз туыстарының кегін
қуып Әлім ұлына шабуыл жасады және бірнеше жауларын қолға түсірді.
Қолға түскен бақытсыз жандардың, оның ішінде кінәсіздері де бар,
басына түскен тағдырын адам қиялы елестетуі неғайбыл. Жеңімпаздар
оларды бейіп басына, өздерінің өлген туыстарының қабіріне алып
келіп, бір-бірлеп, сол жерде-ақ өлтіреді, үлкенінің кеңірдегін орып
жіберіп, аққан қанын уыстап тұрып ішкен”.[12]
Ханда билік, билерде бәтуә жоқ кезде қазақтың рулары
өзара да қанды кек қуысатын болған, мүмкін сондай жан кештілік
заманда өзін--өзі сақтау, халық болу, қалу да оңай болмаған болар,
бірақ намысты жоғары қойған, “қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді”
дейтін қазақ үшін кек қалыпты жағдай болған. Орталық саяси билік
әлсіреген тұста “қанды кек” тәртібі қылмыстың алдын алудың ең
ұтымды тәсілі. Әркім өзінің жазасыз қалмасын білуге тиісті.
Бірақ сөзге түсінген, сөзге жүгінген ел болғандықтан,
қазақ руларының өзара дау-шараларын от тілді, орақ ауызды би-
шешендері ушықтырмай, шешіп отырған. Қазақ “Сөз сүйектен, таяқ
еттен өтеді” –деп сөз ететін жерде, шоқпарын ынғайламаған, сөзбен
қағысып барып ештене шықпайтын болғанда ғана іске кіріскен, әйтпесе
көшпелі ыдырап жүрген елді бір жеңнен қол, бір жағадан бас
шығаратындай ұйымдасып, ынтымақтастырып отыру оңай болмаса керек.
Қанды кек - қазақтың әдет-ғұрып заңдарының ішінде
бірінші орын алатыны (қанға қан, жанға жан).
“Жарғы” бойынша өлген адамның туыстары қанішерді
өлтіруге хақы бар, егер дене мүшелерінің бірі жазым болған
жағдайда (мысалы, аяғы, мұрны) қылмыскердің аталған дене мүшелеріне
зақым келтіруге қанды кек тәртібі рұқсат береді. Егер талапкер жақ
келіссе, билердің ұйғарымы бойынша жұмсартылатын да жағдай болады.
Онда қанды кектің орнына талапкер жақ қылмыскерден алынған төлеммен
қанағаттанады. Кісі өлтірушінің өмірін сақтау үшін руластары
төлейтін төлемді “құн” деп атайды.
Ер адамның құны 1000 қой, әйелдікі – 500 қой. Сол
сияқты билердің ұйғарымы бойынша, адамның дене мүшелеріне келген
зақымды малмен төлеуге мүмкіндігі болады. Үлкен бармақтың төлемі –
100 қой, шынашақ – 20, т. б. Ал сұлтан, қожа тұқымдары үшін құнның
төлемі 7 есе, жеті адамның құнын талап етуге хақы бар. Сол
сияқты сұлтанды, иә қожаны тілдегені үшін 9 бас айып төлейді, ал
қол жұмсағаны үшін 27 бас, яғни “үйірімімен үш тоғыз” төлеуі
тиіс.
Кей-кейде қылмыскер жақ істелген іс үшін аяққа
жығылып, құн төлеуге келісім беріп тұрса, өлген адамның туыстары
көнбеуі мүмкін.
Олай болса, олардың біреуі бес қаруын асынып, сайлы
атын мініп, қылмыскермен жекпе-жекке шығуы керек.
Жекпе-жекке шақырған жақ қылмыскерді өлтіре алмаған
жағдайда құн орнына бір тоғызбен қанағаттанды, ал өлтірсе
қылмыскердің құны сұраусыз.
Сол тәрізді күдікті адамды кектен құтқару үшін, оның
руластарының ішіндегі ең сыйлы, қадірлі, елге беделді ағайындарының
бірі жұрт алдында кепілдік беріп, ант ету керек. Осы ғұрыпты
қазақ “жан беру” деп атап, істің шешімін тауып, келісімге келеді.
Әдеп-ғұрып заңдарының бір тармағы есебінде әртүрлі
қылмысқа қатысты жазалардың ішіндегі ең ауыры - өлім жазасы, өлім
жазасынан кем соқпайтын түрларі де баршылық.
Қазақ арасында жиі кездесетін жазаныңі бір түрі –
қылмыскер адамның мойнына құрым іліп, бетіне күйе жағып, ауыл
айналдыру. Әсіресе, бұл ауыл ішінде тәртіп пен имандылықты бұзғанда
қолданылады. Қылмыскерді қара сиырға мінгізіп, бетіне қалың қылып
күйе жағып, мойнына әбден құрым болып қалған ескі киізді іліп,
соңынан жүріп қамшымен ұрып отырады және бетіне түкіріп, топырақ
шашып әбден қорлайды.
“Мойнына құрым іліп, бетіне күйе жағу” билердің
кеңесіне емес, ауыл-елдің сыйлы ақсақалдарының бұйыруымен істеледі.
Себебі, ел имандылығын, әсіресе жастардың дұрыстығын қадағалау ауыл
үлкендерінің өз ісі деп есептеледі. Ауылындағыбас бұзар бұзығын,
арсыз әйелін жазаламаған ел басы ақсақал елге сыйлы болмайды.
Нәсіпқорлыққа байланысты айтып кететін бір мәселе:
қолға түскен еркектің атының құйрығын кесу, онымен бірге ұсталған
қыздың, не күйеуі бар әйелдің бұрымдарын кесу. Бұл да ауыр жаза
қатарында, себебі ат құйрығын кесу тек өлімде, не жаугершілікте
кездесетін нәрсе. Бұл қылмыскерге енді аяушылықтың болмайтындығын
көрсетсе керек.
Еркек адам қайтыс болғанда мініп жүрген атының
құйрығын кесіп жібереді: “тұл ат”. Ол атты тек ас бергенде сояды.
Бір жыл ішінде құйрығы кесілген атқа ешкім мінбейді. Өзгенің
жылқысының (ұрлаған) құйрығын кескен ұрыға бір жылға шейін билік
айтпайды. Мал иесінің босағасын күзеттіреді. Егер атының құйрығы
кесілген үйден бір жыл ішінде кісі өлсе, ат құйрығын кескен ұрыға
кісі құның төлеткізеді.
Ата-анасына қарсылық жасаған, ел ақсақалына тілі тиген
не өз ауылын қорлайтындай, ағайынның намысына келгендей жаман іс
істеген адамды мойнына қыл шылбыр іліп, қолын артына байлап,
жалаңаш қылып шешіндіріп, ауылды айналдыра қамшымен ұрып жүргізеді
және ұрып қана қоймай, неге ұратынын жұрт айтып, балағаттап
отырады. Тағы бір түрі аттың құйрығына шылбыр байлап, соны
қылмыскерге тістетіп, екі жігіт екі жағынан қамшылап жүгірту.
Ел арасынан шыққан бұзақыларға қарсы қолданылған
жазалардың ішінде айтып өтуге тұратыны, ол қылмыскердің дене
мүшесіне зақым келтіру, құлағын кесу, ернін, танауын жұлу
сияқтылар.
Бұлар шектен шыққан қылмыскерге, не әлеуметтік сатыда
төмен тұрған құлдарға қолданылған.
Қазақтың жаугершілік уақытта көп қолданылған жазалардың
бірі қылмыскерге кісен салу, босағаға күзеттіру. Жазаның тағы бір
түрі ұраға отырғызу.
Ертерек уақытта жазаның ең көп қолданылған түрі – ел
алдында үш бақанның, не уықтың астына отырғызу, ол үшін
қылмыскерді жүресінен отырғызып, бастыра үш ағашпен нығырлап, жоғары
бастарын қосып, байлап тастайды. Жеңіл-желпі аталатын қылмыстарды
да билер елге үлгі болсын деген ниетпен осындай жазаға кесіп
отырған. Осы жазаның бір түрі керегені жалаңаштап, кигізін алып,
соның ішіне отырғызып қою. Бұл да ел алдында істелетін жаза. Екі
жағдайда да қылмыскердің жанында қылышын жалаңаштап алған жасауыл
тұру керек.
Жеті атаға толмай көңіл қосқан адамдарды өлім жазасына
кеседі. Бірақ шариғат немере арасын қосатын болғандықтан, кейде
билер өлім жазасына тікелей кеспегенімен де “оққа” байлайды. Соның
бірі жағын (садағын) кезеніп тұрған туыстарының алдынан шауып өту.
Өлсе өз жазасы, өлмесе салауат делінеді.
Жазаның ең көп қолданылатын түрі – ел алдында кінәлі
адамды сол ауылдың үлкен інің, немесе ағайынның біреуінің сабауы.
Бұзау тіс қамшыны алып, кінәсін бетіне айтып, екінші рет
қайталамайтындай қылып сабау.
Қазақ әдет-ғұрып заңдары бойынша өлім жазасына адам
өлтірген, ұрлық жасаған, ел тогаған, әйел зорлаған, ойнас қылғандар
кесіледі. Сонымен бірге өлім жазасына жеті ата дәстүрін бұзған,
туыстың арасын ашып, қан араластырған (жақын туыстар арасындағы
неке) адамдар немесе некесіз туған баласын жұрттың сөзінен арланып
өлтірген әйелдер кесіледі. Зорлау кісі өліміне тең, кінәлі кісі
өлім жазасына кесіледі. Егер қыз атастырылмаған болып зорлаушы
қалыңмал төлеп үйленсе, онда қыздың туыстарының шешімі, келісімі
арқылы құн төлеуден де, өлімнен де босатылады.
Әйелін ойнас үстінде ұстаған күйеуі, осы сәтте
өлтіруге және жазасыз қалуға мүмкіндігі бар. Егер қылмыс
дәлелденген (4 куә) жағдайда көзіне шөп салғаны үшін әйелі мен
ойнасын билер кеңесінің өлім жазасына кесуге хақы бар. Өзгенің
әйелін келісімсіз алып қашқанда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тарихындағы өлім жазасы
Қазақстан Республикасындағы өлім жазасы: құқықтық, саяси және ұйымдық ерекшеліктер
Республикасының азаматтығынан айыру
Қылмыстық жаза жүйесіндегі өлім жазасына тарихи сипаттама
Өлім жазасының түрлері
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңының жазалар жүйесінің ұғымы, түрлері және маңызы
Жазаның жүйелері және түрлері
Германияның қылмыстық құқығы
Қылмыстық жаза жүйесіндегі айыппұлдың түсінігі мен қалыптасу тарихы
Жеңіл жаза көзделетін қылмыстар
Пәндер