Баймырзаұлы Балуан Шолақ



Баймырзаұлы Балуан Шолақ (1864-1916) – қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны. Оның есімін де халық осы соңғы өнеріне сүйсінгендіктен еркелетіп, жас күнінде саусағын үсітіп алуына байланысты «Балуан Шолақ» деп атаған, әйтпесе өзінің азан шақырылып қойылған шын аты – Нұрмағанбет. Шыққан тегі – Ұлы жүздің Дулат тайпасының Сәмбет руынан. Бірақ аталары ерте кезде Арқаға қоныс аударғандықтан, оның бар өмірі Көкшетау өңірінде, атығай, қарауыл руларының арасында өскен.
Әкесі Баймырза ағаш шебері болған. Әкесіне қарағанда, шешесі Қалампыр қарулы кісі болған дейді. «Алып – анадан» деген ғой, Балуан Шолақ та осы анасына тартып, теңдессіз алып күштің иесі болған.
14 жасынан бастап күреске түсіп, ат құйрығында ойнаған спортшы болған, шауып келе жатқан ат үстінде әр түрлі күрделі жаттығуларды шебер орындаған. Мысалы: жүйткіп келе жатқан ат үстінде түрегеліп, не басымен тұруы, аттың бауырынан өтуі, бір аяғын үзеңгіге қыстырып, шалқалап жатып шабуы бойындағы жойқын күшті, ептілікті шебер игере алатындығын, қазақтың далалық цирк өнерінің іргетасын қалағандығын айғақтайды. Көкшетау қаласындағы үлкен жиындарда 51 пұт (830кг-дай) кірдің тасын көтеріп, дүйім жұртты таң қалдырған. 1899 ж. Орыс палуаны Иван Кореньмен күресіп, оның қабырғасын сындырғанда Балуан Шолақ 35-те еді.
Мұның үстіне Балуан Шолақ ән-күйге жасынан құмар болады. Бертін келе, жігіт шағында Балуан Шолақ осы екі өнерді қатар дамытады. Әке-шешесі қайтыс болған соң, Ғаникей деген қызға үйленген Балуан Шолақ ел аралап, салдық құрады және жалғыз-жарым жүрмей, маңына әнші-күйші, палуан,

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Баймырзаұлы Балуан Шолақ (1864-1916)

Баймырзаұлы Балуан Шолақ (1864-1916) – қазақтың халық композиторы, ат
ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшысы,
жауырыны жерге тимеген балуаны. Оның есімін де халық осы соңғы өнеріне
сүйсінгендіктен еркелетіп, жас күнінде саусағын үсітіп алуына байланысты
Балуан Шолақ деп атаған, әйтпесе өзінің азан шақырылып қойылған шын аты –
Нұрмағанбет. Шыққан тегі – Ұлы жүздің Дулат тайпасының Сәмбет руынан. Бірақ
аталары ерте кезде Арқаға қоныс аударғандықтан, оның бар өмірі Көкшетау
өңірінде, атығай, қарауыл руларының арасында өскен.
Әкесі Баймырза ағаш шебері болған. Әкесіне қарағанда, шешесі Қалампыр
қарулы кісі болған дейді. Алып – анадан деген ғой, Балуан Шолақ та осы
анасына тартып, теңдессіз алып күштің иесі болған.
14 жасынан бастап күреске түсіп, ат құйрығында ойнаған спортшы болған,
шауып келе жатқан ат үстінде әр түрлі күрделі жаттығуларды шебер орындаған.
Мысалы: жүйткіп келе жатқан ат үстінде түрегеліп, не басымен тұруы, аттың
бауырынан өтуі, бір аяғын үзеңгіге қыстырып, шалқалап жатып шабуы бойындағы
жойқын күшті, ептілікті шебер игере алатындығын, қазақтың далалық цирк
өнерінің іргетасын қалағандығын айғақтайды. Көкшетау қаласындағы үлкен
жиындарда 51 пұт (830кг-дай) кірдің тасын көтеріп, дүйім жұртты таң
қалдырған. 1899 ж. Орыс палуаны Иван Кореньмен күресіп, оның қабырғасын
сындырғанда Балуан Шолақ 35-те еді.
Мұның үстіне Балуан Шолақ ән-күйге жасынан құмар болады. Бертін келе, жігіт
шағында Балуан Шолақ осы екі өнерді қатар дамытады. Әке-шешесі қайтыс
болған соң, Ғаникей деген қызға үйленген Балуан Шолақ ел аралап, салдық
құрады және жалғыз-жарым жүрмей, маңына әнші-күйші, палуан, өнерлі жастарды
жинайды. Топ құрып, ансамбль болып сауық құру Балуан Шолақтың дәстүріне
айналған.
Өзі ұстаз тұтқан Біржан сал, Ақан сері әндерінің тамаша орындаушысы әрі
насихатшысы болады. Олардың әнші-композиторлық дәстүрін берік ұстанып,
кейін өзі де ән шығарады. Бұл тұрғыдан алғанда, Балуан Шолақ қазақтың
әншілік өнерін өрістетуге үлкен үлес қосқан композитор. Көкшетау,
Қарқаралы, Қараөткел, Сарысу бойындағы елдерді түгел аралаған. Балуан Шолақ
Баян-ауыл, Семейде болады, Арқаның әндерін Жетісуға жеткізеді. Осы
сапарында Кенен Әзірбаев Балуан Шолақтың көптеген әндерін үйреніп, халыққа
таратады.
Балуан Шолақтың Ащылы-айырық, Балуан Шолақ, Желдірме, Дікілдек,
Көкшетау, Қосалқа, Қос барабан, Қос перне, Құлан кісінес, Кенже
қоңыр, сияқты әндері бар. Оның халық арасына кеңінен тараған әндері –
Ғалия мен Сентябрь. Ғалия нәзік сезім дүниесін, мөлдір махаббатты
шеберлікпен сыршыл әуенде жырлаған ғашықтық лирикасы болса, Балуан Шолақтың
әндерін шебер орындаушылар Ж.Елебеков, М.Көшкімбаев, М.Тырбаев, Ж.Кәрменов,
Қ.Байбосынов, т.б. болды.
Белгілі музыка зерттеушісі А.В.Затаевич ел арасынан Балуан Шолақтың бірнеше
әндерін жазып алып, оны Қазақ халқының 1000 әні және Қазақтың 500 әні
мен күйі жинақтарына енгізеді.
Сан өнерімен халқын риза етіп, Сарыарқасын сазды әуенімен тербеткен,
заманының айтулы сал-серісінің бірі болған Балуан Шолақ Баймырзаұлы 1916
жылы өзінің өскен өңірі Өзектісайда қайтыс болады.

БАЛУАН ШОЛАҚТЫҢ ҒАЛИЯСЫ
Қазақ өнерінің Алтын ғасыры атанған (А. Сейдімбек) ХІХ ғасыр қазақ
қоғамына таңдаулы тұлғалар сыйлады. Нәтижесінде, ауасы саумал, самалы
салқын, селеулі дала Сарыарқаның әншілік дәуірі туды. Атақты Біржан
салдан бастап Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Иманжүсіп, Балуан Шолақ, Мәди,
Естай, Майра т.б дүлдүл жыршы, бұлбұл әншілер болашағы орыстың бұғауына
байланып, басы бодандық қамытына ілінген қазақтың зарын әнге айналдырды.
Ұлы Ахаңның (Ахмет Байтұрсынұлы): Адамшылық егінін шаштым, ектім, Көңілін
көтеруге құл халықтың дегеніндей, ақын атаулысы да бір сұмдықтың ұшығын
аңдап, зар толғаудың тиегін ағытты. Тарих бұларға Зар заман жыршылары
(М.Әуезов) деген баға берді.
Бұл дәуірде өтті,кетті. Тек куәсіндей болып небір әндер қалды. Соның бірі
Балуан Шолақтың Ғалия әні. Осы ән туралы академик Ахмет Жұбанов: Ғалия
әні- әннің төресі. Үлкен жүректен, шын сезіммен шыққан ән. Бастаған жерден-
ақ асқан ынтықтық бары сезіледі... Бірақ бабына келтіріп орындау
көрінгеннің қолынан келе бермейді.- деп жазады.(А.Жұбанов Замана
бұлбұлдары Алматы, 2001ж, 134-б).
Осы әннің дүниеге келуіне себепкер Ғалия туралы не білеміз? Әрі балуан, әрі
әнші, әрі сері Балуан Шолақты ынтықтырған Ғалия кім болды екен?
Біршама жыл бұрын байырғы журналис, қарт қаламгер Октябрь Әлібеков өзінің
жеке мұрағатынан Ғалияның суретін көрсетті. Суретті өткен ғасырдың 90-шы
жылдары белгілі кәсіпкер Марат Нәбиев әкеліп берген екен. Марат Әскенұлы
өзі бастама көтеріп Ақмола облысы, Бұланды ауданы (бұрынғы Макинка ауданы)
жеріндегі Балуан Шолақтың зиратын жөндеп, басын көтерген азамат.
Көнекөз қариялардың айтуынша қазіргі Конгрес-Холл сарайы тұрған жерде өте
ертеде базар болған. Ол әдеби шығармаларда көп айтылатын әйгілі Қараөткөл
базары екен. Арқаның ауқатты адамдары жаз шыққан соң базарға үй әкеліп
тігіп, бір жағынан өнімдерін (қымыз, сүт, ет, құрт-май т.б) саудалайтын
болса, екінші, тараптан қыстай ұйып жатқан ел дала серілерінің өнерін
тамашалайтын болған. Арқаның айтулы әншілері бұл базарға соқпай өтпейді.
Айлап жатып ән салады.Көрермені қара халық, тыңдаушысы дүйім жұрт.
Елмен бірге Ғалияда базарда қымыз сатады. Ажарына арулығы сай, анадан артып
туған құлын мүшесі көз қарықтырар, қараторының әдемісі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балуан Шолақтың ән мен өлеңін өрбітуге ықпалы
Қажымұқанның физикалық сипаты
Ұлттық спорт түрлерінен тарихта аты қалған ұлы тұлғалар
Сәбит Мұқановтың Балуан Шолақ шығармасының поэтикасы
АҚАН СЕРІНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРАСЫ
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті
Қазақ прозасындағы қазақтың сал - серілері жайында жазылған шығармаларға тоқталу
Балуан Шолақ тарихи деректерде
Ер бағынан ат бағы артық
С. Мұқанов шығармаларындағы омонимдердің қолданысы мен жасалу жолдары
Пәндер