Прокурорлық қадағалау түсінігін ашу


Жоспар
Кіріспе3
І Тарау. Прокурорлық қадағалау мемлекеттік қызметтің жеке бір түрі ретінде6
1. 1 Прокурорлық қадағалаудың түсінігі, міндеттері6
1. 2. Конституциялық қадағалауды жузеге асыру кезіндегі прокурорлық қызмет19
ІІ Тарау. Прокуратура органдарының қызметінің негізгі бағыттары мен мазмұны27
2. 1 Прокурордың адамның және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, заңды мүдделерінің сақталуының қадағалау саласындағы қызметі27
2. 2. Жедел-іздестіру қызметінің, анықтама тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына прокуратураның қадағалау жүргізуі. 32
2. 3 Прокурордың сотта мемлекеттің мүддесін білдіруі41
2. 4 Прокурордың зандардың қолданылуына қадағалауды және заңда белгіленген тәртіпте қылмыстық қудалауды жүзеге асыруы45
2. 5 Прокурордың құқықтық статистика және арнай есепке алу саласындағы зандардың қолданылуына қадағалауды жүзеге асыру қызметі50
Қорытынды53
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі55
Кіріспе
Қазақстан Республикасының 30 тамыз 1995 жылы қабылданған Конституциясында: “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адам өмірі құқықтары мен бостандықтары” деп көрсетілген. Осы айтылған құқықтар мен бостандықтарға жоғарғы қадағалауды жүргізе отырып, жүзеге асуын қамтамасыз ететін орган - прокуратура болып табылады.
Прокурорлық қадағалау құық қорғау органдарының ішіндегі адамның құқытары мен бостандықтарының меншік нысанасына қарамастан, мемелекеттің, заңды тұлғалардың, ұйымдардың мүдделері бұзылған кезде, қорғаудың кепілі болып табылады. Сондықтан құқықтық тәртіппен заңдылықты шынайы нығайту үшін мемлекет пен қоғам прокуратураның қадағалау және басқа да қызметінің жоғарғы деңгейінде болуына мүдделі.
Прокурорлық қадағалауды және басқа да прокурорлық қызметті тиімді жүзеге асырудың маңызды жолы болып, прокурордың әрқилы қызметінің ерекшелерін, нақтылы қызмет бағытына өздерінің өкілеттіктерін дұрыс қолдануын және керекті әдістемелерді пайдалана білуі жатады.
Қазақстан Республикасының 21 желтоқсан 1991 жылы қабылданған “Қазақстан республикасының Прокуратурасы туралы” заңының 4-бабында прокуратура қызметінің бірнеше қызметінің негізгі бағыттары айқындалған. Бұл прокуратура қызметтері бір-бірімен байланысты болғанымен, қолдану объектілері бойынша бір- бірінен ерекшеленеді. Сонымен қатар осы заңда прокуратура қызметтерінің әр бір бағыттары бойынша өкілеттіктері, қадағалау мәні мен мазмұны жеке-жеке тарау ретінде берілген. Прокуратура қызметінің негізгі бағытындағы өкілеттігі шегіндегі жалпылама міндеттері - заңдылықты сақтау, осыны жүзеге асыруға байланысты басқа да өзара ұқсас жақтары болады. Бір бағыттағы қызмет нәтижесі басқа қадағалаудың жүзеге асуын қажеттілігін тудырады. Мұны былай көрсетуге болады: жалпы қадағалау тәртібінде тексеру нәтижесі бойынша қылмыстық іс қозғалуы мүмкін, осыдан кейін тергеудің заңдылығын қадағалау, яғни алдын ала тергеу мен анықтама органдарындағы заңдылықтың орындалуын қадағалау қызмет бағыты болса, олардың нәтижесінде істі сотта қарау кезеніндегі заңдылықтың орындалуын қадағалау қызмет бағыттары туындайды. Бұдан шығатыны прокурорлық қызметнінің әрбір бағыттары бір-бірімен сабақтасып жатқандығы. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң бұзушылармен күресу, жалпы қадағалау шеңберінде жүргізілсе, ал құқық қорғау органдарының қылмыспен күресу қызметтері және басқа да құқық бұзушылықтарды үйлестіру, прокуратура қызметтерінің барлық бағыттары бойынша жүргізіледі.
Бұл бітіру жұмысының өзектілігі, мынада: Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет қалыптастыруда. Құқтық мемлекеттің бірден-бір артықшылығы заңның жоғары тұруы және оның нақты және бірыңғай орындалуы болып табылады. Заңдардың дәлме-дәл және бірыңғай қоладнылуын қамтамасыз ететін орган - прокуратура болып табылады.
Жоғарыда айтылғандарға қарап бітіру жұмысының алдында келесі мақсаттар мен міндеттерді қоямын:
- “Прокурорлық қадағалау” түсінігін ашу;
- Конституциялық қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі прокурорлық қызметті жан-жақты зерделеу;
- Прокурордың адамның және азаматтың құқытары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін сақтау мен қадағалау кезіндгі қызметін жан-жақты қарастыру;
- Жедел-іздестіру қызметінің, анықтама, тергеудің және атқарушылық істер жүргізуде прокурорлық қадағалау жолдарын көрсету;
- Прокурордың сотта мемлекеттің мүддесін білдіру қызметінің барысын айқындау;
- Заңдардың қолданылуын қадағалау қызметін зерттеу;
- Прокуратураны мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметінің бағытын айқындау.
Мен бђл бітіру жђмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, “Қазақстан Республикасы Прокуратурасы туралы” заңды басшылыққа ала отырып, Ресей және Қазақстанның ғалымдарының еңбектеріне сүйендім.
Ресей ғалымдарының ішінде Басковтың “Курс прокурорского надзора” және Чувелевтың “Прокурорский надзор в Российской Федерации” деген оқулықтарының негізінде жаздым. Ал, Қазақстан әдебиеттерінің ішінде Н. А Бекбергеновтың “Правоохранительная система в Республике Казахстан” және Х. Ю. Ибрагимовтың “Правоохранительные органы в Республике Казахстан” атты еңбектерін қолдандым.
Бұнымен қатар Виногуров Ю. Е., Гаврилов В. В., Рябцев В. П., Бляхманов Б. Л., Белкин А. А. тағы басқалардың еңбектерін пайдаландым.
І Тарау. Прокурорлық қадағалау мемлекеттік қызметтің жеке бір түрі ретінде
1. 1 Прокурорлық қадағалаудың түсінігі, міндеттері
Еліміздің Конституциясы адамды және оның өмірін, құқықтары мен бостандығын мемлкетіміздің ең қымбат қазынасы деп жариялады. Бұл қағиданы жүзеге асыру үшін прокуратура Республика аумағында заңдардың, Республика Президенті жарлықтарының және басқа да норамтивтік актілердің дәл және біргелкі қолданылуына жоғарғы прокурорлық қадағалау жүргізеді, қандай да болмасын бұзылған заңдылықтың бетін ашып, оны жоюға шара қолданады.
Прокурорлық қадағалаудың теориясы және практикасы бірқатар ғылыми, тәжірибелік қызметте, оқулықтарда қолданылатын түсініктер мен терминдер жасады. Бірақ бұлардың барлығы біржақты қабылданбайды. Барлығы үшін негіз болып табылатын түсінік “прокурор”. 1
Прокурор - бұл прокуратура органында мерзімсіз немесе уақытша қызмет істейтін, Қазақстан Республикасының 21 желтоқсан 1995 жылғы “Прокуратура туралы” заңға сәйкес жұмысқа қабылданған жеке тұлға.
Ал енді, прокуратура тарихына қысқаша тоқталайық. Прокуратура тарихын терең зерттеген қазақстандық, ол заң ғылымдарының кандидаты, доцен А. А. Әлдекеев. Оның айтуынша Кеңес үкіметінің көп жылдық тәжірибесінің талдаусыз, жалпылаусыз прокуратура органының қызметін, құрлымын жетілдіру мүмкін емес. 2
Прокуратура термині латынның “procuro” - қамтамасыз етемін, алдын аламын деген сөзінен бастау алады. Осы сөз дәуірден дәуірге Рим құқығы арқылы жеткен. Сол кезеңнің өзінде Европа халқының заң түсінігінде қазіргі кездегі әділеттің қажетті элементтері сақталған. Төмендегі түсінктердің өз орны болып мойындалған, олар:
- қоғамның мүддесі атынан қылмысты жария ете отырып қудалау; белгілі жағдайларды оны лауазымды, тіпті құзыретті тұлғалардың жүргізу; мемлекет басшысының, болмаса уәкілетті тұлғалардың жекелеген жағдайларда болса да сотқа келіп қатысуы.
Бірақ, прокуратураның шыққан жері негізінен Франция болып есептеледі, ал оның негізін қалаушы тұрақты Корольдық прокуратура туралы ережені анықтап айқындаған, бірінші прокуратура ескерткішін орнатқан ІV Филипп Красив. Әлемдік практикадағы осындай бірінші прокурор ретінде Париж Парламентіндегі алғашқы прокурор Гулланмеде ла Магдаленийді атауға болады.
Россияда алғашқы прокуратура (“Око государство”) І Петр кезінде ұйымдастырылған. С. А. Петровскийдің пікірінше, сол кезде-ақ бақылап, қадағалаумен айналысатын мекеменін кіруі қажеттігі байқалған көрінеді. Сөйтіп осындай мекеме ретінде қазіргі түсінік бойынша прокуратураның сол кездегі үлгісі - Фисколат құрылыпты. 1711 жылдың 2 наурызында І Петр “Фискалдарды барлық істерінде жүргізу туралы” жарлық шығарады. Соның артынша 1711 жылдың 5 наурызында “Барлық істерді құпия тексеру және дұрыс емес соттар туралы барып білетін, т. б. ” жүзеге асыруға арналған жаңа Обер-фискал болатын үш иерархиялық сатыдан тұратын лауазым енгізу туралы жарлығы шықты. Алғашқы Обер-фискал хатшы Яков Былинский болса ол оның алдында фискалбды міндетті аз уақыт патшаның кәрі мұғалімі ураф Никита Зотов атқарады. Осы мәселені жан-жақты зерттеген А. К. Михайленко Фисколат мәжілісінде ең көрнекті тұлға рет бойынша үшінші Обер-фискал Алексей Нестеров дегенді атайды. Үкіметтік қадағалауда ол Петрдың ойларын жүзеге асыруда қарқынды әрі пәрменді еңбек еткен. Мысалы, ол князь сенаторлар Волконскойды, Долгорухинды, граф Мусинді - Пушкинді әділ болмағандықтары және пара алғандықтары үшін еш жасқанбай қудалаған, керек десеңіз ешкімгі де бермейді деген “күшті князьдар” Меншиковты, Шереметевті, Апраскинаны тексеруден де қорықпаған. Ал, Сібір губернаторы Мотвей Гагаринді өлім жазасына дейін апарған. Оны осы батылдығы үшін жаулары кешірмейді. Әр адам ойларын іске асыру үшін ойлай да табылды. Пара алған үшін әшкерелеген Ерославтың Фискаль Совва Топцов өлім жазасы алынады, Нестеровқа да осындай кінә тақты. Бұған қатты ашуланған патша тексеру жүргізуге пәрмен берді. Нестеровты әбден азаптап әртүрлі қылмыстарға қатынасы бар деп айыптаған Жоғарғы Сот оның өмірін өлім жазасына кесті. Атақты Обер-фискальдың бұл өлімі, фискальдарды құруда ауыр соққы болды. Петр І бұрынғы фискальдардың үлкен қылмыстары мен қиянат істерге қатысқандығын ашық мойындайды. Сол себепті фискальдармен қатар кейінірек оларды ауыстыру үшін жаңа қадағалау органы - Прокуратура құрылды. Фискальдар мұнда прокуратураның төменгі агенттерінің рөлін атқарады. Петр І ең жақсы көретін адамы Павел Иванович Ячужинский бірінші генерал прокурор болады. 1722-1917 жылға дейін аралықта осы лауазымда 33 генерал прокурор қызмет атқарады.
Патшалық Россияның прокуратурасы тарихында Некита Юрьевич Грубецкой, Александр Александрович Вяземский, Алексей Борисович Куракин, Екатерина заманының атақты ақыны Гаврилл Романович Державин және т. б. князьдар өздерінің өшпес іздерін қалдырған. Патшалық прокуратура буржуазияның қаруы ретінде әрқашан ауқатты адамдардың мүддесін қолдап прогрессивті адамдарды басып отырған. Мысалы, Петрдың бұрынғы қосшысы генерал-прокурор князь Н. Ю. Грубецкой мемлекеттік қайраткер және дипломат “бироновщик” жүйесіне қарсы болып, мемлекетті қайта құрудың жоспарларын жасап, дворяндардың үйірмесін басқарған Волынскийді соттауға қатысып, жоғарғы сотқа төрағалық еткен.
ХVІІІ ғасырдың аяғына таман прокурорлық қадағалау күрделі кеңселік-бюрократиялық механизмге айналады. Жергілікті жерде мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру үшін 1922 жылға дейін Әділет комисарлары тағайындалады. Прокуратура дамуының бастапқы кезенінде прокуратура КСРО Жоғарғы соттың құрамына кіріп жалпы кеңестік орталықтандырылған орган болды. 1923 жылдың 6 шілдесіндегі КСРО Конституциясының Жоғарғы Соты КСРО-ның ОАК Президиумына КСРО-ның ОАК және Президиумының қаулыларынан өзге орталық билік тармақтарының, оның ішінде КСРО-ның Жоғарғы Кеңесінің және КСРО-ның Халық Комиссариятының қаулыларының Конституцияға сәйкестігі жайлы ұсыныстар жасайтын. Мұндай ұсыныстар Одақтас республикалар прокурорлары мен Жоғарғы Сот прокурорлары атынан қабылданған болса, бұл Жоғарғы Сотта міндетті түрде қаралды. Орталық билік органдарының нормативті актілерінің заңдылығы Жоғарғы Соттың пленарлық отырысында қаралған болса, оған міндетті түрде Жоғарғы Соттың прокуроры қатысып, өзінің қорытындысын жасайды. Прокурордың немесе оның орынбасарларының біреуінсіз бірде бір пленарлық отырыс өткізілмейді.
Сол кездегі заң актілерін және архивтері зерттелгенде Қазақ АССР-нің прокуратурасы Қазақ Орталық Атқару Комитетінің 1922 жылдың 13 шілдеснідегі 3-ші сессиясынын қаулысымен құрылғандығын көреміз. Қазақ АССР прокуратурасының 1922-1936 жылдар аралығындағы құрылуы мен дамуын А. Әлдекеев көп зерттеген.
Прокурорлық қадағалау туралы ереже Орынборда (Қазақ АССР-нің сол кездегі астанасы) қабылданып, оған ҚазОАК-нің төрағасы Меңдешов және ҚазОАК хатшысының орынбасары Мамыкиннің қолы қойылған.
ҚазССР-нің прокуратурасын құруға байланысты ұйымдастыру мәселелері 1922 жылдың аяғына дейін жалғасты. Республиканың бірінші прокуроры болып әділет халық комисары М. Атниязов тағайындалды. 1923 жылдың басына қарай ҚазАССР-дегі губерниялық прокурордың бос орындарын толтыру үлкен қиындықтармен аяқталды. Дегенмен, олардың көмекшілері толық жасақталған жоқ еді. Ереже бойынша прокурордың көмекшілерінің жалпы саны 78 болса, соның тек 41 ғана жұмыс істеді.
Сол уақыттарда штат мәселелерінен басқа прокуратура жұмысында өзге де қиындықтар бар еді. Атап, айтқанда губернияның атқару комитеттері мен прокуратура органдарының арасында тығыз байланыс жоқ болатын.
Қазақстан прокуратурасының дамуын екінші кезеңі 1933 жылдан 1992 жылдың 17 қаңтарына дейінгі аралық 1933 жылдан бастап КСРО-ның прокуратурасы КСРО Жоғарғы Сотының қарамағынан бөлініп дербес мемлекеттік орган болып құрылды. Ол 1992 жыл тұңғыш рет “Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы” заң қабылданды. 3
Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар “Прокуратура туралы” жарлығына және Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес прокуратура - Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарының және өзге де нормативтік-құқытық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тегеудің, әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалады жүзеге асырып, заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық білдіреді. Прокуратура сотта мемлкет мүддесін білдіреді, сондай-ақ заңмен белгіленген жағдайда, тәртіпке және шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады. 4
Прокурорлық қызметтің мақсаты - адамның және азаматтың, жергілікті өкілді және атқарушы органның, мекеме және ұйымдардың, қоғамдық саяси ұйымдар мен қозғалыстардың, кәсіпорындардың әлеуметтік-экономикалық, саяси және басқа құықтар мен бостандықтарының бірыңғай нығайтуының, заңдылықтың, заңның жоғары тұруын қамтамсыз ету болып табылады. Осыған қарап прокурорлық қадағалауды мемлекет атынан арнайы уәкілеттік берілген лауазымды тұлға - прокурордың заңдардың нақты және бірыңғай қоладынлуын қадағалап, бұзылған құықтарды уақытылы тауып, отырып кінәліні заңда белгіленген жауаптылыққа тартуын түсінуге болады. (К. Ф. Гуценко, Н. А. Ковалев “Правоохранительные органы. Учебник. - М., 1995)
Прокурорлық қадағалау прокурорлық қызметтің бір тармағы болып есептеледі, сондай-ақ жарлықтың 4-бабының 2-ші бөлімінде “Прокурор мемлекет атынан жедел-іздестіру қызметінің, анықтама мен тегеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына қадағалауды жүзеге асырады”. 5
Шевелевтың ойынша, прокурорлық қадағалауда Республика аумағындағы заңдардың орындауын прокуратура органдары өзінің негізгі функциялары ретінде тағайындайды. Бұл функция мемлкет органдарының және басқару шаруашылық субъектілерінің шешімдерінің заңдылығын бақылайды, азаматтардың, мемлекеттің, қоғамның заңды мүдделерін және құқықтарын қорғайды, сондай-ақ заң бұзушылықты таба отырып, оны жою шараларын қабылдайды, бұзылған құқықты қалпына келтіріп, кінәлі тұлғаны жауапқа тартады.
“Прокурор” түсінігі заңдарда екі мағынада қолданылады. Біріншіден, (аудан, қала, обылыс және т. б. ) территориясында немесе мамандандырылған (әскери, көлік, табиғат қорғау), осыған сәйкес, мұндай прокурорлардың атауы келесідей айтылады6, мысалы: Алматы қаласы Бостандық ауданының прокуроры.
Екіншіден, “прокурор” түсінігі прокуратура органының лауазымды тұлғалар шеңберін кең ұғымда білдіреді. “Прокуратура туралы” заңының 48-бабында оны былай түсіндіреді: Республиканың Бас прокуроры оның бірінші орынбасары мен орынбасарлары, аға көмекшілері мен көмекшілері ерекше тапсырмалар жөніндегі көмекшілері, прокуратура органдары департаменттерінің, басқармалары мен бөлімдерінің басқарып және олардың орынбасарлары, барлық төмен тұрған прокурорлар, олардың орынбасарлары, аға көмекшілері мен көмекшілері қадағалау саласындағы прокурорлар прокуратура органдарының аға прокурорлары және басқармалары мен бөлімдерінің прокурорлары сондай-ақ әскери уәкілетті және арнаулы прокурорлар.
Прокурорлық қадағалау объектсі ретінде прокурордың қадағалау құзыреті таралатын минитсрліктер, ведомстволар, мекемлер, мемлекеттік органдар, ұйымдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары лауазымды тұлғалар танылады.
Прокурорлық қадағалау субъектісі ретінде прокурорлық қадағалау құқықтық қатынасқа қатысушылар танылады.
Басқа құқық қорғау органдары мен ортақ міндетті иелене отырып, құқық қорғауды прокуратура өзіне тән ерекше мынадай тәсілдермен шешеді - заңнаң үстінен қадағалауды ұйымдастыру, қылмыс жасағандарды қылмыстық қудалау, сотта мемлекеттің мүддесін білдіру арқылы.
Сонымен қатар, қылмыспен күресу және құқық шығармашылық функцияларын үйлестіруге қатысады.
Сонымен прокурорлық қадағалау дегеніміз заңдардың нақты және бірыңғай қолданылуын, уақтылы құқық бұзушылықтарды анықтау жою және кінәліні жауапқа тарту жолымен қамтамасыз ете отырып, мемлекет атынан жүргізілетін прокурорлық қызмет. Қадағалау нені анықтайды? Оның басқа мемлекеттік бақылау нысаналарынан айырмашылығы қандай? - деген сұрақтарға жауап беру үшін қадағалаудың өзіне тән сипттайтын белгілерін бөліп қарастырайық.
Біріншіден, ол мемлекеттегі заңдылықты қамтамасыз ету бірыңғай мақсатына бағынады.
Екнішіден, ол мемлекеттік жоғары қадағалау органы болып табылады, басқа мемлекеттік қадағалау органдарымен салыстырғанда (өрт сөндіру, санитарлық, техникалық және т. б. ) және бақылау (қаржы, салық, ведомстволық және т. б. ) прокуратураға заңдардың орындалуы және сақталуы жөнінде барлық мемлекеттік бақылау органдарының қызметін тексеру құқықығы берілген.
Үшіншіден, ол адам өміріне қатысты барлық салалаларын қамтиды. Қадағалау объектісі болып нормативтік актілер, Конституция, Конституциялық заңдар, халықаралық номалардан басқа және барлық лауазымды тұлғалардың актілері, Президенттен басқа.
Төртіншіден, басқа мемлекеттік бақылау немесе қадағалау органдарына қарағанда, прокурорлық қадағалау белсенді басталады, өйткені оған әсер ету құралы ретінде қылмыстық қудалау (қылмыстық, әкімшілік және т. б. ) және мәжбүрлеу шараларын қабылдау функциялары берілген. Яғни, бұл қадағалау өзіне тән арнайы тәсілдер мен заңдардың сақталуын, орындалуын бақылауға әсер етеді.
Бесіншіден, прокуратура тек тікелей Президентке бағынады басқа ешкімге есеп бермейді. Оның қызметі, тек Президенттің тапсырмасымен тексеріледі, бірақ, тәжірибеде ол әлі кездеспеді. Заңдарда бұл нақты шешім таппаған.
Алтыншыдан, прокурорлық қадағалау жалпы міндеттемелерді иеленеді:
- құқық бұзушылықты тоқтату; заң бұзушылықтың жолын кесу; құқық бұзушылықты табу; кінәліні жауапқа тарту; бұзылған құқықты бастапқы қалпына келтіру; заң бұзушылық салдарының негативті жақтарын болдырмау үшін шаралар қолдану; құқық бұзушылыққа әсер ететін себептер мен жағдайларды табу.
Көріп отырғанымыздай, прокурорлық қадағалау өзіне көптеген құқық қоданушылық қызмет аспектілерін жеткілікті көлемдегі түсінік. 7
Заңдардың нақты және бірыңғай орындалуын қадағалау кезеңіндегі прокуратура органдарының міндеттері “Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы” заңында нақтыланған прокуратура органдарының адамның және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сонымен қатар мемлекет пен қоғам мүдделерін қорғау заңдылықтың нығаюын және бірыңғайын, заңдардың жоғарылығын қамтамасыз ету міндеттеріне иеленеді. Прокуратура органдары өзінің барлық қызметін азаматтар мен лауазымды тұлғаларды Конституцияда берілген міндеттерін орындауды және заң шығарушының нұсқауларын қатаң сақтауға арнайды8.
Прокурор жалпы қадағалау саласындағы жоғарғы басқару органдарының, бірлестіктердің, тұлғалардың шығарған құықтық актілері Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкестігіне қадағалаудан тұрады.
Заңдардың орындалуын қадағалауды жүзеге асыру кезінде Бас прокурор, оған бағынышты прокурорлар өздерінің жұмыстарын Қазақстан Республикасы Қылмыстық істер жүргізу кодексіне және “Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы” заңдардан шығатын міндеттемелермен сәйкестендіреді. Прокурор әрбір қылмыстың тез арада, толық ашылуын бірде-бір қылмыс жасаған кінәлі тұлғаны заңмен белгіленген жауаптылықтан босатпау, сезіктіні, тұлғаларыды ұстаудың заңда белгіленген негіздерде және тіртіпте жүргізуін ешкімнің заңсыз және дәлелсіз қылмыстық жауаптлыққа тартылмауын және басқа да құқықтарының шектелмеуін, ешкімнің де прокурордың санкциясы немесе соттың шешімінсіз қамауға алынбауы заңда белгіленген, қылмыстық істі қозғау процессуалдық мәжбүрлеу шараларын заңда көрсетілген тәртіпте қолданылуын қылмысты тергеу кезеңінде заң талаптарының жан-жақты сақталуын, қылмыстың барлық мән жайын жалпы және объективті зерттеуін айыпталушының айыбын ашу, ақтау, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың анықтауының т. б. жүзеге асуын қамтамасыз етуге міндетті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz