Соттың қадағалау шағымын алдын ала қарау нәтижелері бойынша шығарған қаулысында


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 5
.
І Сот үкімі - процессуалдық акт ретінде
1. 1Сот құжаттарының түсінігі, оның негізгі түрлері. Сот үкімі . . . …. 7
1. 2 Сот үкіміне қойылатын іс жүргізу талаптары. . 27
ІІ Сот үкімінің іс жүргізуге енуі
2. 1 Соттың үкiм шығару кезiнде шешетiн мәселелерi . . . 36
2. 4 Үкімді жариялау және өзгерту . . . 38
2. 3 Үкімнің заңды күшіне енуі немесе оны өзгертуге және орындауға негіздер… . . . 42
- Үкімді орындау кезінде сот қарауға жататын мәселелер және мәселелерді шешетін соттар . . . 45
Қорытынды . . . 55
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 58
Қосымша . . . 60
Кіріспе
Жұмыстың көлемі. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Мен өз жұмысымда мынандай мәселелерді қарастырдым: Сот үкімі - процессуалдық акт ретінде, сот құжаттарының түсінігі, оның негізгі түрлері, сот үкімі, сот үкіміне қойылатын іс жүргізу талаптары немесе сот үкімінің іс жүргізуге енуі, соттың үкiм шығару кезiнде шешетiн мәселелерi, үкімді жариялау және өзгерту, үкімнің заңды күшіне енуі немесе оны өзгертуге және орындауға негіздер және үкімді орындау кезінде сот қарауға жататын мәселелер және мәселелерді шешетін соттар мәселелерін қарастырдым.
Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған "Қазақстан- 2030" жолдауында былай делінген: "Біз . . . заңның абсолют үстемдігін орнатуға және заңға бағынатын азаматтармызды қылмыстылықтан қорғауға тиіспіз" дей келе, 2007-жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында « . . . демократиялық құқықтық мемлекеттің іргетасын қалыптастырып, осы заманғы қоғамдық институттарды нығайттық . . . » деп атап көрсетеді.
«Өткен жылдар ішінде елдің құқық қорғау және сот жүйелерінің криминалдық көріністерге қарсы тұратын, азаматтарымыздың өмірі мен құқықтарын қорғайтын әлеуеті едәуір нығайды», - деп елбасымыз Н. Ә. Назарбаев қазақстан халқына ЖОЛДАУЫНДА баға беріп өтті.
Құқықтық мемлекет пен демократиялық қоғамды құру жөніндегі Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясында айтып өткендей «Азаматтардың Конституция мен еліміздің заңдарын орындауын қамтамасыз ету - құқық қорғау органдарының міндеті» болып табылады. (Қазақстан республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы - 2006 ж. 1 наурыз) .
1995 жылдың 30 тамызында Республикалық Референдумда қабылданған Ата Заңымыздың (1998 жылғы 7 қазандағы өзгертулерімен және толықтыруларымен) 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырып, өзінің ең қымбат қазынасы -адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жариялады.
Конституциямыздың 3-бабының -тармағына сәйкес, Республикадағы мемлекеттік билік біртұтас және ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-тендік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принциптеріне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс деп белгіленді.
Қазақстанның мемлекеттік құрылысының жаңаша қалыптасуы, дамуы кезеңінде келістілік жағдайында қызмет етудің басты құралы - мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының үйлесімді қызмет атқару жүйесін жаңаша оқып-үйрену, зерттеу қажеттігі туындайды. Сондықтан, заң ғылымының кезек күттірмес мәселелерінің бір бөлігі - сот құрылысы, сотта іс жүргізу, мемлекеттегі сот төрелігі дамуы принциптерінің ғылыми-құқықтық, теориялық -тәжірибелік өзекті мәселелері және олардың мән-мағынасын зерттеу болып табылады.
Жоғарыда айтылған пікірлер де құптайтындай бүгінгі мемлекеттік биліктің үш тармаққа - заң шығарушы, атқарушы, сот тармақтарына бөлінуі принциптерінің теория және тәжірибе жүзінде одан әрі дамытылуы жағдайындағы, сол сияқты олардың президенттік басқару институтымен үйлесімді қызмет атқаруының жаңаша дамуы кезеңіндегі өзектілік, ғылыми-құқықтық және әлеуметтік-тәжірибелік мәні артқан жағдайда сот құрылысы, сотта іс жүргізу, сот төрелігін одан әрі дамыту мен жетілдіру мәселелері бүгінгі күннің өзі зерттеуге қойып отырған өзекті мәселелер болып табылатындығы еш дау тудырмаса керек.
Қазақстан Ресупбликасында сот билігі тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртіппен қылмыстық сот ісін жүргізуге тартылған алқа заседательдері арқылы соттарға ғана тиесілі.
Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады.
Соттың ерекше өкілеттігін басқа органдарға беруді көздейтін заң актілерін шығаруға тыйым салады.
Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкілеттігін немесе сот билігі функцияларын иеленуге құқығы жоқ.
Сот ісін қарау тәртібімен қаралуға тиіс өтініштерді, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды.
Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етеді.
Әркімге мемлекеттік органдарын, ұйымдардың, лауазымды және өзге де адамдардың Республиканың Конституциясында және заңдарында көзделген құқықтарға, бостандықтар мен заңды мүдделерге нұқсан келтіретін немесе оларды шектейтін кез келген заңсыз шешімдері мен іс-қимылдарынан сот арқылы қорғалуға кепілдік беріледі.
Ешкімді де оның ісін заңның барлық талаптары мен әділеттілікті сақтай отырып құзыретті, тәуелсіз және алаламайтын соттың қарау құқығынан айыруға болмайды.
Сот билігі азаматтық, қылмыстық және заңда белгіленген өзге де сот ісін жүргізу нысандары арқылы жүзеге асырылады.
Судьялар сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және тек Конституция мен заңға ғана бағынады. Судьялардың мәртебесі мен тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін зандарды немесе өзге де нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға жол берілмейді.
Сот төрелігін іске асыруда сот қызметіне қандай да бір араласуға жол берілмейді және заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді.
І Сот үкімі - процессуалдық акт ретінде
1. 1Сот құжаттарының түсінігі, оның негізгі түрлері. Сот үкімі
Құжат (лат. Docmentum деген сөзден шыққан) дәлелдеме, куәлік дегенді білдіреді. Орыс тіліне құжат деген сөз Петр патша дәуірінде енген болатын, ол кезде документ деп құқықтық маңызы бар іс қағаздарын айтатын. Кейін «документ» сөзінің екі түрлі мағынасы пайда бола бастады: 1) тар, тұрмыстық мағынасы - төлқұжат және жеке басының куәлігі; 2) кең мағынада - қандай да бір нәрсені айғақтайтын, куәландыратын заттың барлығы.
Сот құжаты қоғамдағы сот үрдісі процесін қамтамасыз ететін құжаттар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Қылмыстық істерге байланысты сот төрелігін жүзеге асырғанда заң тиісті іс жүргізу құжаттарын толтыруды талап етеді. Мысалы, Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 328-бабына сәйкес басты сот талқылауы барысында хаттама жүргізіледі. Казақстан Рсспубликасының ҚІЖК 325-бабының 1-бөлігінің күшімен басты сот талқылауында шешетін барлық мәселелерге сот қаулы алады; Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 44-тарауына сәйкес бірінші сатыдағы сот істі шешкен кезде үкім, ал Қазақстан Рсспубликасы ҚІЖК-нің 387-бабында көзделген негіздерде сот кеңесу бөлмесінде жеке қаулы шығарады.
Егер де қылмыстық іс рақымшылық (апелляциялық) шағым наразылық бойынша қарастырылса, онда Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 423-бабына сәйкес рақымшылық (апелляциялық) қаулы шығарылады; қадағалау сатысындағы судья, қадағалау шағымын алдын ала қарастырғанда, оны зерттеп, танысып шыққаннан кейін Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 460-бабының 3-1-бөлігіне сәйкес тиісті сот сатысына шағымдалған сот қаулысын қайта қарау туралы ұсыныс енгізеді. Шағымдалатын сот қаулыларын қайта қарауға негіз жоқ болса, қадағалау шағымының иесіне жазбаша хабарлама жіберіледі. Қадағлау сатысындағы сот өз шешімдерін Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 467 және 468-баптарына сәйкес, қаулы нысанында қабылдайды.
Жоғарыда аталған іс жүргізу құжаттары негізгі сот құжаттары деп есептелген мен, сот тәжірибесінде басқа да іс жүргізу құжаттары кездеседі. Ол қылмыстық істің нақты мән-жайларына, сотталушының жеке басына, жинақталған материалдарына байланысты дайындалатын іс құжаттары, алайда мұндай құжаттар әрбір іс үшін міндетті емес. Олар: шақыру қағазы, қолхат, хабарлама, ерекше пікір, ресми ескерту, бұйрық және ұйғарым.
Сонымен, сот төрелігін жүзеге асыру кезіндегі сот құжаттарына барлық сот шешімдері (қаулы, үкім), сот отырысы хаттамасы, сондай-ақ қосымша іс жүргізу құжаттары (шақыру қағазы, қолхат, хабарлама, жазбаша хабарлама, жазбаша тапсырма, ерекше пікір, бұйрық, ұйғарым және т. б. ) жатады.
Сот төрелігін жүзеге асырғанда негізгі сот құжаттары міндетті болып табылады және олар қылмыстық іс жүргізу заңнамаларында толықтай реттелген. Заңда бұл құжаттардың атауы ғана емес, олардың қолдану түрі мен қаулы, үкім және хаттаманың реквизиттері де көрсетіледі. Судьялар қылмыстық істерді қараған кезде көбіне қаулы шығарады.
Сот құжатының осы түрі арқылы судья немесе сот құрамы басты сот талқылауын тағайындаудан бастап қадағалау сатысында шешім қабылдағанға дейінгі көптеген мәселені шешеді.
Айталық, Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 299-бабына сәйкес, судья келіп түскен іс бойынша осы бапта көзделген шешімдердің біреуін қаулы нысанында қабылдайды.
Басты сот талқылауында кез келген сот шешімі істегі туындаған мәселеге жауап береді, оны шешеді және қаулыда тұжырымдайды. Сөйтіп, жеке жағдай үшін заң шығарылады - judex lex facit inter partes.
Сот талқылауы барысында туындайтын барлық мәселе бойынша соттың шығаратын көптеген шешімдері қаулыларда тұжырымдалуы және Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 325-бабының 1-бөлігіне сәйкес сот отырысында жариялануы тиіс. Үкім шығарылған кезде, бірге қабылданатын қаулылар үкіммен бірге жарияланады, бұл әдетте жеке қаулылар болады.
Басты сот талқылауында шығарылатын сот қаулылары екі түрлі болады: 1) кеңесу бөлмесіне бармай шығарылатын ауызша қаулылар; 2) соттың кеңесу бөлмесінде шығаратын жеке жазбаша құжат түріндегі қаулылар.
Ауызша деп аталатын қаулыларды судьялар сол жерде, яғни, сот отырысы залында кеңескеннен кейін, даусыз, айқын мәселелер бойынша қабылдайды. Сот залында шығарылған қаулы мазмұнын төрағалық етуші ауызша тұжырымдайды және ол сот отырысының хаттамасына енгізіледі.
Сот күрделі, даулы мәселелер бойынша туындаған дауларды кеңесу бөлмесінде талқылап қаулы шығарады. Мәселен, Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 325-бабының 2-бөлігіне сәйкес сот келесі мәселелер бойынша кеңесу бөлмесінде жазбаша қаулылар шығаруға міндетгі істі қосымша тергеуге жіберу туралы, істі қысқарту туралы, қылмыс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы, бұлтартпау шарасын таңдау, өзгерту немесе оның күшін жою туралы, бас тарту туралы, сараптама тағайындау туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 387-бабында көзделген негіздер пайда болса, сот кеңесу бөлмесінде жеке қаулы алады. Ол қаулылар судья немесе сот құрамы қол қоятын жеке құжат түрінде жасалады және жазбаша дәйектемелерді талап етеді.
Басты сот талкылауында шығарылатын соттың барлық қаулылары жедел түрде міңдетті жариялауға жатады. Судья немесе сот құрамы шығаратын қаулыларды мазмұны бойынша төмендегідей 9 топқа бөлуге болады;
1) сот талқылауын бастайтын;
2) сот талқылауын бөлетін;
3) сот талқылауын аяқтайтын,
4) сот іс-қимылдарын көздейтін;
5) жеке;
6) апелляциялық сатының;
7) үкімді орындауға байланысты;
8) қадағалау сатысы тобы;
9) қылмыстық іс өндірісін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне және шешімдеріне шағым жасалатын қаулылары;
Бірінші топқа: Қазақстан Республикасы ҚДЖК-нің 301, 299-баптарына сәйкес алдын ала тыңдауды өткізу және басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулы;
Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 391-бабында көзделген тәртіпте жеке айыптау ісі бойынша шағымды өзінің іс жүргізуіне қабылдау туралы судьяның қаулысы; апелляциялық сатының сот отырысын тағайындау туралы қаулы (Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 408-бабы) ; сондай-ақ медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі істі қарау туралы қаулы (Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 515-бабы) жатады.
Аталмыш қаулылар сотта қылмыстық істердің түрлі санаттары және материалды қараудың іс жүзіндегі алғы шарттары болып табылады. Мұндай қаулылар Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 299 және 302-баптарының талаптарына сәйкес сот отырысын тағайындау үшін жеткілікті негіздердің бар екендігі туралы қорытынды, сондай-ақ Қазақстан Рсспубликасы ҚІЖК-нің 300-бабында көзделген мәселелерге сай болулары қажет.
Екінші топқа: басты сот талқылауын кейінге қалдыру және іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы қаулылар жатқызылады.
Басты сот талқылауын кейінге қалдыра тұру туралы қаулыны сот Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 321, 327 336 және 344-баптарына сәйкес мына жағдайларда шығарады:
1) сот отырысына шақырылған адамдардың бірінің кедмеуі салдарынан;
2) жаңа дәлелдемелер алдыру қажеттілігіне байланысты;
3) басты сот талқылауында тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында;
4) сотталушыға айыптау қорытындысы көшірмесін және басқа құжаттарды тапсырмаған немесе уақытылы тапсырылмаған жағдайда;
5) іске қатысушы адамдардың бірі болмауына немесе оны ауыстыруға байланысты;
6) сот отырысына шақырылған қорғаушы, сарапшы және прокурорға қылмыстық іс материалдары мен танысып шығу мүмкіндігі берілуіне байланысты.
Осы айтылған жағдайдын бәрі сот отырысын кейінге қалдыру, оны сол кезеңде жалғастыру, істің айғақты мән-жайларын дұрыс анықтау және процеске қатысушылардың құқықтарын сақтау мүмкін болмағанда, объективті қажеттіліктен туындайды.
Сот отырысын кейінге қалдырғанда сот келмеген адамдарды шақыру немесе қажетті дәлелдерді алдыруға шаралар қолданады, сонымен бірге процеске қатысушыларға оның кейінге қалдырылғаны, қайта қаралатын күні мен уақыты туралы міндетті түрде хабарлайды. Ал, сот тәжірибесінде басты сот талқылауын белгісіз мерзімге қалдыру жағдайлары жиі кездесіп тұрады, ол қылмыстық іс жүргізу заңнамасын өрескел бұзу болып есептеледі.
Мұнда сот талқылауын кейінге қалдыруды сот отырысының үзілісінен айыра білу керек. Сот отырысында үзіліс жасалғаннан кейін, істі тыңдауға үзіліс жарияланған сәттен бастап жалғастырылады. Сот талқылауын кейінге қалдырған кезде іс бойынша сот отырысының жалғастырылуы немесе қайтадан басталуы мүмкін. Егер келесі отырыста де бұрынғы сот құрамы қамтамасыз етілсе, оны тоқтатылған сәтінен бастауға болады.
Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 50-бабында көзделген негіздерге сүйене отырып, кодекстің 321-бабының 2-бөлігіне сәйкес іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы қаулы шығарылады:
1) сотталушы соттан жасырынып қалған жағдайда;
2) айыпталушы жүйкесінің заңда көзделген тәртіпте куәландырылған уақытша бұзылуы немесе өзге де ауыр науқастануы;
3) соттың нақты қылмыстық істе қолданылуға тиіс заңның немесе өзгеде нормативтік-құқықтық актілердің Конституцияға сәйкес еместігін тану не адамның және азаматтың Конституциямен бекітілген құқықтары мен бостандығын шектейтіндігі туралы ұсыныспен Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне өтініш жасауы;
4) қылмыстық іс бойынша одан әрі іс жүргізуге уақытша кедергі келтіретін тежеусіз күштің іс-әрекеті жағдайында анықтаушының, тергеушінің немесе соттың қаулысымен толықтай немесе тиісті бөлігінде тоқтатыла тұруы мүмкін;
5) тиісті сараптама жүргізілген;
6) осы Кодекстің 55-тарауында көзделген тәртіппен құқықтық көмек алуға байланысты іс жүргізу әрекеттері орындалған жағдайда анықтаушының, тергеушінің немесе соттың қаулысымен толықтай немесе тиісті бөлігінде тоқтатыла тұруы мүмкін.
Алайда, істі кейінге қалдырып, оны тоқтатқан кезде сот жаңа сот отырысы басталуының белгілі бір мерзімін белгілей алмайды. Сот іс бойынша өндіріске кедергі келтірген мән-жайлар жойылғанға дейін іс жүргізуді тоқтата тұрады.
Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 304-бабының 2-бөлігіне сәйкес, іс бойынша іс жүргізу бірнеше айыпталушының біреуіне қатысты қорғануға арналған оның құқығына немесе басқа да айыпталушының құқығына нұқсан келтірмеуі шартымен уақытша тоқтатылуы мүмкін. Оларға қатысты іс жүргізу тоқтатылмаған айыпталушылар қамауда болған және судья оларға бұлтартпау шарасын өзгертуді мүмкін деп таппаған жағдайда іс жүргізу отыз тәуліктен аспайтын мерзімге тоқтатылуы мүмкін. Егер осы уақыт ішінде айыпталушылардың біреуіне қатысты іс жүргізуді уақытша тоқтатуға негіздер жойылмаса, онда басқа айыпталушыларға қатысты іс жүргізу жаңартылуы және басты сот талқылауының күні белгіленуі тиіс.
Үшінші топқа: қылмыстық істі қосымша тергеу үшін қайтару және қылмыстық істі тоқтату туралы, сондай-ақ қылмыстық істі соттың қарауына жіберу жөнінде қаулылар жатады.
Сот басты сот талқылауы сатысында қылмыстық істі сот талқылауына дайындау барысында осындай шешім қабылдауға көзделген негіздер бойынша қылмыстық істі қосымша тергеуге жіберу туралы қаулы шығарады (ҚР ҚІЖК-нің 303-бабы) .
Ондай шешім қабылдау негіздері басты сот талқылауы басталғанға дейін де, сонымен бірге сот тергеуі барысында да немесе аяқталғаннан кейін де анықталуы мүмкін.
Істі қосымша тергеуге жібергенде басты сот талқылауы аяқталады, сол арқылы сот отырысында тұлғаға бұрын тағылған айыпты қарастыру туралы сот шешімінің күші жойылады. Сондықтан Қазақстан Республикасының ҚІЖК-нің 323-бабының 2-бөлігіне сәйкес, іс қосымша тергеу аяқталғаннан кейін сотқа келіп түскен кезде сот отырысын тағайындау мәселесі жалпы тәртіппен шешіледі.
Сот талқылауы істі тоқтату туралы қаулы шығарумен аяқталуы мүмкін, егер талқылау барысында Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 37-бабының 1-бөлігі 3-12-тармақтарында көзделген мән-жайлар анықталса, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 317-бабының 6-бөлігі ережелеріне сәйкес айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда, іс басты сот талқылауында Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 38-бабының 1-бөлігіңде көзделген негіздер бойынша да тоқтатылуы мүмкін. Яғни, сот Қазақстан Республикасының ҚІЖК-інің 38-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде көзделген ақтамайтын жағдайлары бойынша адамды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, қылмыстық істі қысқартуға құқылы.
Жеке айыптау істері және жеке-жариялы айыптау істері, яғни жәбірленушінің шағымы бойынша қозғалатын істер ондай шағым болмаған жағдайда қысқартылуға жатады.
Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 33-бабында көзделген қылмыс туралы істер жеке айыптау істері болып есептеледі, іс жәбірленушінің арызы бойынша қозғалады және тараптар білімге келген жағдайда іс тоқтатылады.
Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 34-бабында көзделген қылмыс туралы істер жеке-жариялы істер болып есептеледі, іс жәбірленушінің арызы бойынша қозғалады, Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 67-бабында бекітілген жағдайларда, яғни жәбірленушінің айыпталушымен бітімге келгеніңде іс тоқтатылады.
Сот талқылауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 306-бабында көзделген жағдайларда аяқталуы мүмкін: ««егер судья істің өзі соттауына жатпайтынын анықтаса, онда ол мұндай шешімнің заңдық негіздерін келтіре және іс жолданатын сотты көрсете отырып, істі соттың қарауына жататындығы бойынша жіберу туралы қаулы шығарады, ол туралы процеске қатысушыларға хабарлайды».
Төртінші топқа: тергеу іс-қимылдарын жүргізу үшін сот отырысында шығарылатын алып келу туралы, бұлтартпау шарасын таңдау, өзгерту немесе тоқтату туралы, қарсылық білдіру туралы өтініштерді қанағаттандыру немесе қанағаттандырудан бас тарту туралы, қылмыстық процеске қатысушы тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы, мүлікке тыйым салу туралы қаулылар жатады.
Басты сот талқылауы барысында ең кең таралған тергеу әрекеттерінің бірі - сараптама тағайындау, Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 354-бабына сәйкес сот тараптардың өтініші бойынша немесе өз бастамасымен сараптама тағайындауға құқылы. Сараптама тағайындау туралы қаулы Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 325-бабына сәйкес кеңесу бөлмесінде шығарылады және жеке құжат түрінде жазылады. Өзге қаулылар соттың қалауынша не Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 360-бабында көрсетілген тәртіппен, не сол орында - сот отырысы залында қаулыны сот отырысының хаттамасына енгізе отырып шығарылады.
Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 315, 322-баптарында көрсетілген мән-жайлар болса, сот айыпталушыны келтіруге, сондай-ақ оған қатысты бұлтартпау шарасын қолдануға немесе өзгертуге құқылы. Сот сотталушыны еріксіз келтіру туралы қаулы шығарумен қатар, Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 75-бабы 9-бөлігінің негізі бойынша жәбірленушіге де, Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 82-бабына сәйкес куәгерге де қатысты қаулы шығара алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz