Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстарының дамуында 1936 жылы
Жоспар
Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ...
I. Қазақстан Республикасындағы сыртқы экономикалық
байланыстарды құқықтық реттеудiң
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . .
1. ХV –XVIII ғ.ғ. Қазақстанның сыртқы экономикалық
қызметiнiң тарихи
ерекшелiктерi ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
2. ХIХ ғ. аяғы мен ХХ ғ.бас кезiндегi Қазақстанның
сыртқы экономикалық байланыстары.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. Тәуелсiздiк алғаннан кейiнгi Қазақстанның
сыртқы экономикалық қызметке қатысуы ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
...
Кiрiспе
Жұмыстың өзектiлiгi: Қазiргi таңда Қазақстан Республикасы экономикалық
және әлеуметтiк дамудың ең күрделi, маңызды сатысында болып табылады.
Егемендiктi жариялау мен тәуелсiздiктi алу Қазақстан тарихында жаңа бiр
кезеңдi ашты. Осы аталған кезеңде республикамыз көптеген қиыншылықтарға
тап болды. Бұл кезде Қазақстанды әлемдiк нарық шаруашылығына қатыстырусыз
мемлекет экономикасын көтеру мүмкiн емес едi. Әлемдiк дамудың тенденциясы
болып табылатын өзара пайда табудағы экономикалық қызметтестiктi нығайту
мен елдердiң экономикалық қызметiн жалпы ұлттандыру процесi – бұл әлемдiк
экономикаға Қазақстанды қосу мүмкiндiгiнiң объектiлiгiн қамтамасыз етедi.
Бiздiң елiмiздiң әлемдiк шаруашылық байланыстарға толық қосылуының алғы
шарты – ол белсендi түрде сыртқы экономикалық саясатқа бет бұрудағы
Қазақстанмен жүзеге асырылған сыртқы экономикалық қызметтiң ымыраға келу
процесi болып табылады. Халықаралық – құқықтық құрал ретiнде негiзгi рольдi
ойнайтын республикаға шетел инвестицияларын тарту, шетел рыногына отандық
тауарларды шығаруды қамтамасыз ететiн сауда қатынастарын жүргiзу, басқа
мемлекеттермен экономикалық байланыстарды дамыту осы кездегi мемлекеттiк
экономикалық саясаттың басым бағыттары болып табылады.
Жаңа тәуелсiз, егемен мемлекет ретiндегi Қазақстанның халықаралық
құқықтық тәжiрибесi оның басқа мемлекеттермен экономикалық қатынасын
құрайтын құқықтық базаны құру республиканың сыртқы экономикалық қызметiн
құру мен дамытуда үлкен мәнге ие болады. Қазақстан халықаралық экономикалық
қызметтестiк саласында монополиядан бас тарта отырып, халықаралық құқықтың
жалпыға бiрдей қабылданған нормаларына, халықаралық келiсiмдер мен шетел
мемлекеттерiнiң заңдарына ұлттық заңдарды сәйкестендiру арқылы iшкi
шаруашылық және сыртқы экономикалық қызметтi координациялау саясатын
жүргiзуде.
Мүшелiгi Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздiгiн
қамтамасыз етудегi белгiлi-бiр экономикалық және саяси жоспарда артықшылық
беретiн аймақтық экономикалық топтарды құратын халықаралық келiсiмдердiң
Қазақстан үшiн стратегиялық маңызы бар. Қазiргi күндегi Қазақстанның
алдында тұрған Халықаралық Сауда Ұйымына (ХСҰ) қосылу бұл сыртқы
экономикалық заңдардың дамуындағы негiзгi бағыт және ол республикаға басқа
мемлекеттермен арадағы экономикалық қатынастарды құқықтық реттеудiң әлемдiк
жүйесiн пайдалану мүмкiндiгiн бередi.
Тәуелсiздiктi алғаннан кейiн қоғамның барлық саласында дерлiк
өзгерiстер болып жатты. Осы кезеңде мемлекеттiң құқықтық жүйесi де
өзгерiске ұшырады. Халықаралық құқық та өз кезегiнде өзгерiстерге тап
болды. Осы жоғарыда аталып өткен құқықтың бiр саласы болып табылатын сыртқы
экономикалық қызмет құқығы Қазақстанның шетел мемлекеттерiмен арадағы
сыртқы экономикалық байланыстарын құқықтық жағынан реттеп отыратын негiзгi
жаңа пайда болған салалардың бiрi болып табылады.
Сыртқы экономикалық қызмет пен сыртқы экономикалық қызмет құқығы
ұғымдары Қазақстан Республикасының құқық жүйесi үшiн жаңа ұғым болып
табылады.
Сыртқы экономикалық қызмет, сыртқы экономикалық қызмет құқығы
ұғымдарына байланысты теориялық және тәжірибелік маңызы бар мәселелер
шоғыры толық зерттелмеген және бiр-бiрiне қайшы келiп отырады. Оның
соншалықты күрделiлiгi, көзқарастардың қарама-қайшылығы, дамуы, сыртқы
экономикалық қызметтiң қазiргi кездегi ролiнiң қоғамдық жүйе механизмiнде
қойылуы бұл тақырыпты өзектi етедi.
Зерттеудiң нормативтi негiзi Қазақстан Республикасының халықаралық-
құқықтық және ұлттық, сондай-ақ ТМД-ның басқа да одақтас мемлекеттерiнiң
құқықтық актiлерi болып табылады.
Диссертациялық зерттеу ТМД-ның заңгер-ғалымдарының еңбектерiнде
көрiнiс тапқан теориялық ережелерге сүйенедi. Ол ғалымдарды атап өтсек:
Баратянц Н.Р., Бейшембиев Э.Д., Блищенко И.П., Богуславский М.М., Буткевич
В.Г., Вельяминова Г.М., Котов А.К., Колосов Ю.М., Лукашук И.И., Лунц Л.А.,
Нұрпейiсов Е.К., Сәрсембаев М.А., Сүлейменов М.К., Топоркин М., Тункин
Г.И., және т.б.
Жұмысты зерттеудiң мақсат-мiндеттерi. Диссертацияның мақсаты сыртқы
экономикалық қызметтiң құқықтық негiздерiнiң ары қарай әрекет ету жолдарын
анықтау және анализ жасау болып табылады.
Диссертациядағы көрсетiлген осы мақсатқа байланысты мынандай
мiндеттерi бар:
-Сыртқы экономикалық қызметтiң дамуын және құрылуын, оның халықаралық-
құқықтық реттелуiн зерттеу;
-Қазақстан Республикасындағы сыртқы экономикалық қызметтiң құқықтық
реттелуiнiң қазiргi жағдайы туралы анализдеу;
-Сыртқы экономикалық қызметтi құқықтық реттеу жүйесiндегi құқықтық
нормалардың орны мен ролiн анықтау:
Диссертациялық зерттеудiң методологиялық және теориялық негiздерiн
сыртқы экономикалық қызметтiң халықаралық-құқықтық қырларына арналған
халықаралық құқықтанушы заңгер-ғалымдардың еңбектерiнiң ережелерi мен
қорытындылары құрайды. Диссертацияны жазу кезiнде ғылыми зерттеудiң
мынандай әдiстерi қолданылды. Олар: ғылыми танымның жалпы диалектикалық
әдiсi; арнайы ғылыми тәсiлдер – салыстыру – үйлестiру анализi, жүйелiлiк
және тарихи, кешендi – құқықтық анализ және т.б.
Зерттеу пәнi: халықаралық-құқықтық тәжiрибенiң мазмұнын анықтау, оның
мазмұны мен белгiлерiн ашу. Зерттеу пәнi болып сонымен бiрге сыртқы
экономикалық қызметтi реттейтiн экономикалық заңдардың теориялық және
тәжiрибелiк жағынан бағалануы.
Қорғауға шығарылған ережелер: Қорғауға шығарылған ережелер халықаралық-
құқықтық тәжiрибеде сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асыру процесi
кезiнде пайда болатын қатынастарды өзiндiк құқықтық реттеу мүмкiндiгiне
негiздеу және қайта өңдеуден тұрады.
Отандық және шетелдiк тәжiрибелердi есепке ала отырып диссертацияда
қорғауға шығарылған ғылыми жаңалықты құрайтын негiзгi ұсыныстар
қарастырылған:
-спецификалық анықтамалары мен өзiнiң сипаттамалы белгiлерi бар
шаруашылық қызметтiң құрамдас бөлiгi және халықаралық экономикалық
байланыстардың нысаны ретiндегi сыртқы экономикалық қызметтiң түсiнiгi;
-сыртқы экономикалық қызметтiң әртүрлiлiгi және оны жүзеге асырушы
субъектiлер мен сыртқы экономикалық қызметтi реттеудегi құқықтық
нормалардан тұратын сыртқы экономикалық қызмет жүйесiнiң концепциясы.
Диссертацияның тәжiрибелiк маңыздылығы: Диссертацияның материалын
құқық немесе заң шығарушылық қызметке пайдалану мүмкiндiгiнде, сыртқы
экономикалық қызметтi реттеуде қатысатын мемлекеттiк органдардың
қызметiнде, Қазақстан Республикасының халықаралық заңнамаларының әрекет
етуi жөнiндегi ұсыныстарға негiзделiп бекiтiледi. Диссертация шеңберiнде
жүргiзiлген ғылыми зерттеулерден шығарылған қорытынды болашақта
Халықаралық экономикалық құқық деп аталатын курсты оқытуда оқулық шығару
үшiн қолданылуы мүмкiн.
Зерттеу нәтижелерiнiң апробациялануы. Магистрлiк диссертацияның
негiзгi ережелерi мен қорытындылары ғылыми мақалада жарық көрген. Зерттеу
нәтижелерi және олар бойынша қорытындылар 2003-2004 жылдар аралығындағы
университет аралық ғылыми-тәжiрибелiк конференцияда баяндалған.
Зерттеу нәтижелерi халықаралық құқық кафедрасында талқыланған.
Жұмыстың нәтижелерi оқу барысында апробацияланған.
Магистрлiк диссертация тақырыбы бойынша 1 ғылыми мақала жарық көрдi:
1) Қазақстан Республикасының Бiлiм, ғылым және жастар саясаты:
жағдайлары және басымдықтары атты тақырыпта өткен университетаралық
Қазақстанның студенттерi мен жас ғалымдарының ғылыми конференциясында
Құқық жүйесiндегi сыртқы экономикалық қызметтiң түсiнiгi атты мақала 27
сәуiр 2004 жылы жарық көрдi.
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемi. Мақсаттар мен мiндеттерде
көзделген негiзгi ережелердi жүйелi және қисынды түрде ашу үшiн құрылған.
Магистрлiк диссертация кiрiспеден, екi тараудан, әр тарау өз кезегiнде үш
тармақтан, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.
Магистрлiк диссертацияның жалпы көлемi 67 беттен тұрады.
I.Қазақстандағы сыртқы экономикалық байланыстарды
құқықтық реттеудiң тарихы.
1.1.XV-XVIIIғ.ғ. Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметiнiң
тарихи ерекшелiктерi.
Қазақстанның басқа елдермен, мемлекеттермен сыртқы экономикалық
байланыстары ерте заманнан-ақ пайда болған. Бiздiң эрамызға дейiнгi I
мыңжылдықтың соңына қарай Қазақстан шығыс мемлекеттерден батыс елдерiне
тауар өткiзу iсiнде белгiлi-бiр роль ойнады. Қазақстан мен Орта Азия аумағы
арқылы Қытайды, Жерорта теңiзi арқылы бүкiл Шығыс Азиямен Еуропаны қосатын
Ұлы Жiбек Жолы жүрiп өткен. Кейiн татар-монғол шапқыншылығы Қазақстанның
азия және шығыс еуропа елдерiмен арадағы халықаралық, соның iшiнде,
әсiресе, экономикалық қатынастарын үзiп, бiраз уақытқа дейiн тоқтатып
кеттi. Еуропалықтардың Үндiстан мен Шығыс Азия мемлекеттерiне теңiз жолын
ашу арқылы сауда қатынастарын жүргiзуiнiң нәтижесiнде Қазақстан мен Орта
Азияның бүкiләлемдiк саудадағы транзттiк, яғни өткiзушiлiк жолы тоқтап
қалды. Бiрақ Қазақстанның көршi мемлекеттермен, соның iшiнде: Үндiстан,
Ауғанстан, Шығыс Түркменстан, Қытай, Иран және орыс мемлекеттерiмен арадағы
сыртқы экономикалық байланыстары сақталып қалды және өз жалғасын тауып,
одан ары дами бердi.
Қазақстанның орта ғасырлардағы қатынастарының ерекшелiгi – ол басқа
елдермен дипломатиялық қатынаста болуында және сауда байланыстарының өзара
жүрiп тұруымен сипатталуында болып табылады.
XV-XVI ғасырларда өзiнiң iшкi және сыртқы саяси байланыстарын жүзеге
асыру үшiн феодалдық-патриархалдық сипаттағы мемлекет болып танылған,
өзiнiң белгiлi-бiр мемлекеттiк органдары бар қазақ жүздерi құрылды. Осы
аталған барлық қазақ мемлекеттiк құрылымдары басқа мемлекеттермен немесе
тайпалармен өзара қарым-қатынасқа түсу үшiн халықаралық сипаттағы белгiлi-
бiр құқықтар мен мiндеттердi иеленушi феодалдық халықаралық құқықтың
субъектiлерi болып табылды. Қазақ хандығының Орталық Азия хандықтарымен
және Ресей секiлдi басқа да мемлекеттермен арадағы дипломатиялық және сауда
қатынастарының қалыптасып ары қарай дамуы XVI ғасырдың басында Қасым
ханның ел басқаруы кезiнде пайда болды. Қазақ хандығы құрылған кезден
бастап XIX ғасырдың 60-ыншы жылдары Ресейге толық қосылғанға дейiн
Бұқара, Хиуа, Қоқан хандықтарымен, Қытай, Ресей және тағы да басқа
мемлекеттермен саяси, сауда қатынастарын жүргiзiп отырды.1
XVIII ғасырдың соңына қарай Қазақстанның, Ресей және Орта Азия
мемлекеттерiнiң сауда байланыстары үлкен қарқынмен дами бастады. Бұл уақыт
аралығында Орта Азия хандықтарымен жалпы саны 217 мың отбасынан тұратын 152
бөлiм және 26 қазақ рулары сауда қатынастарына түсiп отырды. Ал, Ресей
мемлекетiмен жалпы алғандағы саны 300 мың отбасынан тұратын 220 бөлiм және
40 ру сауда қатынастарын жасап отырды. Қазақстан Ферғана мен Хорезмнiң
отырықшы тұрғындарымен де сауда қатынастарына түсiп отырған. Негiзiнен алып
қарайтын болсақ, қазақтар мал шаруашылығымен айналысқан, және сонымен бiрге
олар қосымша базарға үй өнiмдерiнiң бiраз түрлерiн де шығарып отырған.2
Аймақтағы халықаралық құқықтың негiзгi қайнар көздерiне мыналарды
жатқызуға болады:
а) халықаралық әдет;
ә) халықаралық шарт;
б) белгiлi-бiр жағдайларда Құран мен Шариат.
Қазақстанның шет елдермен сыртқы экономикалық байланыстары құқықтың
қайнар көзi болып табылатын мұсылмаднық құқықпен және сауда әдет-ғұрып
нормаларымен реттелiп отырған.
Әдет – мемлекеттiң iшкi құқығы сияқты халықаралық құқықтың да ежелден
келе жатқан қайнар көзiнiң бiрi болып табылады. Бiрнеше рет қайталанған
әрекеттер бiрте-бiрте құқық субъектiлерiнiң жүрiп-тұру ережелерiне айнала
бастады. Мемлекеттiң iшкi құқығы мен халықаралық құқықтың айырмашылығына
келетiн болсақ, iшкi мемлекеттiк құқықта әдет азаматтардың әдеттегi
әрекеттерiнен пайда болса, халықаралық құқықта мемлекеттер өздерiнiң
арасындағы қатынасты реттейтiн халықаралық-құқықтық әдеттi өздерi құрады.
Мемлекеттердiң өзара қатынасының даму тарихында әдет халықаралық құқықтың
негiзгi қайнар көздерiнiң бiрi болып табылады. Халықаралық құқық қырынан
алып қарасақ, аймақтағы мемлекеттердiң дипломатиялық, сыртқы сауда мен
экономика және басқа да халықаралық қатынастары негiзiнен халықаралық-
құқықтық әдеттердiң көмегiмен реттелiп отырған. Ерте кезден бастап аймақта
халықаралық байланыстарды жүзеге асыру кезiндегi бiрнеше рет қайталанған
мемлекеттердiң әрекеттерi халықаралық қатынас саласындағы аймақтағы
мемлекеттердiң жүрiп-тұруын реттейтiн әдет ережелерiне айналды.3
Сыртқы сауда қатынастары әдет құқығының нормаларымен реттелiп отырды.
Бұл нормалар халықаралық сауда ережелерi деп аталды. Осы бекiтiлген
нормалар бiрте-бiрте халықаралық сауда әдеттерiне айналып, орындалып отырды
және тараптардың сауда-экономикалық қатынастарындағы өзара құқықтар мен
мiндеттердi туғызды.
Әдет аймақтарда негiзiнен экономика, дипломатия және әскери қатынастар
саласында өз үстемдiгiн жүргiздi. Үнсiз келiсiмдерге сәйкес халықаралық
қатынасқа қатысушы мемлекеттердiң аймақтарында бұл әдеттер сақталғандықтан
халықаралық құқық нормаларына айналдырылды. Қарастырылып отырған осы
кезеңде әдеттiң күшi шарттан басым болды.
Халықаралық құқықтың қайнар көзi болып табылатын құран мен шариат
мұсылман мемлекеттерiнiң iшкi өмiрiн ғана емес, сонымен қатар сыртқы
қатынасқа байланысты мәселелердi реттеп, шешiп отырған. Бiрақ құран мен
әдет кейбiр жағдайларда шетел мемлекеттерiмен арадағы қатынасты реттеуде
аймақтағы мемлекеттердiң қажеттiлiктерiн толығымен қамтамасыз ете алмады.
Қазақстандағы және оның аумақтарындағы сыртқы сауда құқығының
ерекшелiгi – ол мұсылман емес саудагерлерге дискриминациялық сипатта болды.
Яғни, олардан баж салығын алуға жататын тауарлардан салық үлкен мөлшерде
алынды. Ол сонымен қатар Ресей, Қытай елдерiнен келген саудагерлерден де
алынып отырды. Мұнда мұсылман емес мемлекеттiң азаматтығы емес, сол
саудагердiң өзiнiң мұсылман религиясына жатуы үлкен роль атқарды және Ресей
тарапынан қойылған шарттар да бұл құранда көрсетiлген сыртқы сауда
нормаларын жоя алмады.4
Ресей, Қытай және Англия мемлекеттерi мұсылман мемлекеттерi болып
табылмағандықтан оларға құран нормаларын қолданудың нәтижелерi керiсiнше
болып отырды және осы аталған мемлекеттермен Орталық Азия және қазақ
халықтарының арасындағы қатынастар қиындады. Тараптардың бiр-бiрiмен
қатынас жасауы кезiнде әдеттi қолдану өзiнiң тиiмдi жақтарын көрсете
алмады. Мемлекеттер аймақ руларымен қатынасқа түсудiң барысында жазбаша
нысанда жасалатын шарттардың тиiмдi екенiне көздерiн жеткiздi. Сондықтан
мемлекеттер аймақтағы рулармен экономиканы көтеру үшiн сауда қатынастарында
200-ге жуық шартқа қол қойылған.
Қазақстанда және оның аумақтарында халықаралық құқықтың қайнар көзi
болып табылған сауда, транзит, яғни өткiзу туралы келiсiм-шарттар пайда
бола бастады.
Аймақ тарихындағы мемлекеттердiң шарттарының мақсаты саяси
қатынастарды анықтау, сауда-экономикалық байланыстарды бекiту және тағы
басқа да сипатта болған.
Шарт құқығы туралы айтқан кезде бiз аймақтың тарихындағы халықаралық
шарттардың атауы мен құрылымын мiндеттi түрде қарастыруымыз керек. XV
ғасыр мен 1917 жыл аралығындағы Қазақ және Орталық Азия мемлекеттерiмен
бекiтiлген шарттардың атаулары мынандай болған: шарт, келiсiм, протокол,
хат, грамота алмасу және т.б. Шарттардың көпшiлiгi негiзiнен хат және
грамота алмасу нысанында бекiтiлдi. Мұндай шарттардың әрқайсысының құрылымы
өзiне байланысты бiрнеше құжаттардың жиынтығын құрады.
Қазақстан мен Орталық Азия мемлекеттерiнiң шарттарының құрылымы-
тараптардың бiреуiнiң құжатқа келiспеушiлiгiнiң болуы болып табылады. Ол
кездегi шарт құрылымы мынандай болған: преамбула, негiзгi бөлiм, қорытынды
ережелер және бұл ХIХ ғасырдың 70-iншi жылдары аймақ мемлекеттерiнiң
шарттарында пайда бола бастады.
Қазақ мемлекетiн құру және халықты бiрiктiру көшпелi қазақ қоғамының
жүзбен руға бөлiнуiн тоқтата алмады. Қазақстан аумағындағы қазақтардың
өмiрiнiң көшпелi сипатқа бейiмделуi және географиялық жағдайына байланысты
шаруашылық жүргiзетiн үш ауданға бөлiнiп әрекет етуi осының бiр себебi
болуы мүмкiн. Атап айтсақ ол аймақтар: Жетісу, Орталық және Батыс
Қазақстан.
Жоғарыда айтылып өткендей барлық қазақ жүздерi феодалдық халықаралық
құқықтың субъектiсi болған. Олардың халықаралық құқық субъектiлiгi
әрқайсысының басқа мемлекеттермен жеке-жеке қатынасқа түсуiнен пайда болды.
Бiрiккен қазақ халқын құраған үш жүздiң бiр-бiрiмен қарым-қатынасқа түсуiн
халықаралық құқықтық қатынас деп айтуға әсте болмайды.
Осы жерде XVIII ғасырдың 30-шы жылдары басталып, ХIХ ғасырдың 60-шы
жылдары аяқталған Ресейге қосылу кезеңiндегi қазақ жүздерiн халықаралық
құқықтың субъектiсi деп тануға бола ма, жоқ па деген сұрақ туады – Бұл
кезеңде қазақ жүздерi белгiлi-бiр жағдайларда халықаралық құқық
субъектiлiкке ие болған. Оны мына жағдайлардан көруiмiзге болады:
а)әртүрлi сыртқы саяси жағдайлар әсер еткен қосылу туралы сұрақтардың
әртүрлi уақытта шешiлуi (мысалы: ХIХ ғасырдың бас кезi мен 60-шы жылдарға
дейiн Ұлы жүз аумағының оңтүстiк бөлiгiнiң Қоқан хандығының қол астында
болуы);
ә)жүздердiң Ресейге қосылуы туралы грамотаны орыс императорымен
бергеннен кейiн олардың арасындағы қатынас сыртқы iстер коллегиясы арқылы
реттелiп отырды; сауда қатынастарының ары қарай дамуы мақсатында тараптар
арнайы емтихандардан, келiсiм хаттарымен және грамоталарды айырбастауды
жалғастырды;
б)әр жүздiң iшкi саяси өзiндiгi жуық арада таратылмады.
Тарихқа жүгiнсек қазақ жүздерiнiң негiзiнен Ресеймен қатынасқа
түскенiн, ал басқа мемлекеттермен тек Ресейдiң келiсiмiмен және басқаруымен
түскенiн көруге болады. Қосылу туралы шартқа сәйкес олар Ресейге ясақ төлеп
тұруға мiндеттендi.5 Қосылудың басынан аяғына дейiнгi кездегi әр қазақ
жүздерiнiң Ресеймен қатынасын протектораттық-вассалитеттiк сипатта болды
деп айтуға болады.
Қазақ жүздерi Үндiстан, Қытай, Ноғай Ордасы, Қашқария және Сiбiрмен де
сыртқы сауда қатынастарын жүргiзiп отырған.
Ресей патшалығы қазақтарды өзiнiң қол астына алғаннан кейiн Қазақстан
жерi арқылы Шығыс елдерiмен транзиттiк сауданы қамтамасыз етудi,
қазақтармен айырбас саудасын ұйымдастыруды және империяның оңтүстiк
шекараларының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi ойластырды.
Қазақстанның орта ғасырлардағы сыртқы сауда құқығының мақсаттары
мыналар деп айтуға болады:
а)өзара сыртқы сауда аймақтағы мемлекеттермен бейбiтшiлiк пен
тыныштықты әкелетiн құралдардың бiрi ретiнде қарастырылды;
ә)саудаға қатысушы тараптардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн
малды нанға немесе өндiрiс заттарына айырбастау мақсатында қазақтар,
қырғыз, қарақалпақ және басқа да малмен айналысушы көшпелi халықтарды
айырбас саудаға тарту;
б)транзит саудасының көлемiн кеңейту және оның қауiпсiздiгiн
қамтамасыз ету;
в)басқа мемлекеттермен сол немесе басқа да нысандағы сыртқы саудаға
қатысушы хан, әмiр, патша және саудагерлердiң жоғарғы деңгейдегi немесе
көлемдегi пайда табуларын қамтамасыз ету;
Iшкi және сыртқы сауда Ресейде, одан кейiн Қазақстанда және Орталық
Азияда капитализмнiң пайда болуының алғы шарттарын құрды.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдары Қазақстан тауарлары Қытай мен Моңғолияға
ғана емес, Батыс Еуропа елдерi соның iшiнде Ұлыбританиямен Германияға да
экспортталып отырды. Республика экономикасының ары қарай дамуындағы әртүрлi
құрылғылар импорты, республикаға келген шикiзат өндiрiс саласының белгiлi-
бiр мөлшерде әсер етуi сыртқы сауда операциясының мақсаты болды.
Қазақстаннан экспортқа жүн, терi, мал майы, өндiрiстiк шикiзат және астық
шығарылды.
27 мамыр 1920 жылы КСРО мен Шыңжаң арасындағы Құлжада бекiтiлген Iле
протоколы деп аталатын келiсiм, және сонымен бiрге КСРО мен Қытай
арасындағы 31 мамыр 1924 жылғы Шыңжаң мен Қазақ республикасының сыртқы
сауда операцияларын сәттi жүргiзуi үшiн халықаралық-құқықтық базаны құрған
шарт болып табылады.6
Революцияға дейiнгi экономиканың барлық жүйесiнiң күрделiлiгiне
байлынысты шетелдiк капиталды үш санатқа бөлiп, сатылап қарасытруға болады:
а)өнеркәсiптiк, яғни тiкелей инвестициялар;
ә)банкiлiк, яғни заем мен облигациялық капитал арқылы;
б)саудалық, яғни iшкi және сыртқы сауда ұйымдары арқылы.
Сыртқы қатынасқа қатысу аймақтағы мемлекеттердiң негiзгi құқықтарының
бiрi болды және ол бiрнеше бөлiктен тұрды: елшiлiк құқығы; халықаралық-
құқықтық нормаларды жасауға қатысу құқығы; шартқа қол қоюға қатысу құқығы;
басқа мемлекеттiң контрагенттiгiне немесе басқа да дипломатиялық акциясына
хат, грамота жолдау құқығы. Осы аталған бөлiктердi құрайтын қазақ және Орта
Азия мемлекеттерiнiң халықаралық қатынастарға қатысу немесе сыртқы
қатынастарды жүзеге асыруы кезiнде елшiлiк құқық үлкен роль ойнады.
XV-ғасыр мен 1917 жылдар аралығындағы кезеңде Қазақстан мен Орталық
Азия мемлекеттерi мен оның рулары өздерiне шетелдiктердiң 970-тен аса
елшiлiктерiн қабылдады және өз елшiлiктерiн шетелдерге жiбердi.
Тек сыртқы қатынас органдарының белгiленген жүйесi ғана кез-келген
мемлекеттiң елшiлiк құқығын жүзеге асырады. Әр қазақ және Орталық Азия
мемлекеттерiнде өздерiнiң iшкi органдары да болды.
Iшкi мемлекеттiк органдардың құқық құзыреттiлiгi әдет ережелерiне
негiзделген.
Сыртқы сауда саласында зекетшi жоғары роль ойнады. Ол транзит арқылы
өтушi сауда керуендерiнен кедендiк баж алумен айналысқан хан мекемесiнiң
қаржы алым-салығын жинайтын шенеунiгi болды. Ол қаржылық құқықытан басқа
әкiмшiлiк өкiлеттiлiктi де қоса иелендi. Мемлекеттiң мүддесi үшiн
тауарларды кiргiзуге және шығаруға, сонымен бiрге оларды тәркілеуге жiберу
құқығына ие болды.
Консулдық қызмет Орыс Түркiстанның дипломатиялық қызметiнiң құрамдас
бөлiгi болып табылды. Орыс консулының құқықтық мәртебесi туралы Батыс
Қытайда алғаш рет 1860 жылы Пекин шартында айтылды. Шарт ережелерiн бұл
кезеңде өмiрге енгiзу бiрден мүмкiн болмады, өйткенi Шыңжаңда болған
бүлiншiлiктен кейiн Батыс Қытай аумағы Жетiшар мемлекетi, Тараншын және
Дұңған салтанаттары деп аталатын үш аймаққа бөлiндi. Түркiстанның генерал-
губернаторы К. Кауфман және Жетiшар мемлекетiнiң басшысы Жақып-бек екеуi
1872 жылы 8 маусымдағы Еркiн сауда жағдайлары деп аталатын келiсiмге қол
қойды және осы келiсiмге сәйкес Жетiшар қалаларында сауда агенттiктерi
құрылды (болашақ консулдықтар). Осы сауда агенттiгiнiң мiндетiне сауданың
дұрыс жүргiзiлуiн қадағалау және баждардың заңды жолдармен алынуы кiрдi.
Кейiн 1882 жылы Батыс Қытайдың Цинь империясына қосылуынан соң Қашқарда,
Шүршакте, Құлжада, ал 1896 жылы Үрiмшiде, Түркiстан мен басқа да орыстың
қол астындағы саудагерлерiнiң сауда –экономикалық мүмкiндiктерiн
қанағаттандырған алғашқы консулдықтар құрылды.
Шыңжаң аймақтарында құрылған жетекші-ақсақалдар консулдық қызметке өз
көмегiн тигiздi. Бұл ақсақалдар қарызды өз уақытында төлеу, жергiлiктi
қытай әкiмшiлiгiмен орыстың қол астындағы саудагерлерiнiң өзара қарым-
қатынасын реттеу, сот мәжiлiстерiне қатысу және аймақтағы сауданың жүруi
туралы консулдыққа нақты мәлiметтер жинау сұрақтарын өз мiндетiне алды.
Консулдық жәрмеңкелер өткiзу арқылы Батыс Қытай мен Түркiстан генерал-
губернаторлығының арасындағы сауда қатынастарының дамуына үлкен әсер еттi.
Қашқариядағы консулдық Нарынға жақын орналасқан Атбашы селосында
жәрмеңкелердi ұйымдастырып, оларды өткiзiп отырды және осының нәтижесiнде
Қашқария тұрғындары мен қазақтардың сауда байланыстары нығайды.7
Түркiстаннан Шыңжаңға керуен жолдарының жақсылап жабдықталуы туралы
Түркiстан мен Қашқария арасындағы патшалық-телеграфтық байланыстарды 1864
жылдан бастап жүргiзу туралы сұрақтар да осы консулдардың қызметiнiң
негiзгi пәнiнiң бiрi болып табылады.
Түркiстан билiгiнiң келiсiмiмiен Шыңжаң даотайының (басшысы)
Ташкентте, Әндiжанда, Ошта, Верныйда, Пржевальскiде және Тоқмақта бiрқатар
консулдық қызметтi атқарушы старшын-ақсақалдарды тағайындау кезiнде 1910
жылы олардың расында сауда-экономикалық проблемаларды туғызды.
1918 жылы 1 мамырда жұмысшылардың, солдат, крестьян және мұсылман
депутаттарының Кеңесiнiң V съездi Түркiстан Автономиялық Кеңестiк
Социалистiк Республикасының құрылуын жария еттi.
Түркiстан АКСР-i Қазақстанның қазiргi уақыттағы Оңтүстiк және
Оңтүстiк-шығыс облыстарын қамтыды, атап айтсақ: Алматы, Жамбыл, Шымкент,
Қызылорда облыстарының аумақтарын қамтыды
Сыртқы iстер Халық Комиссариатының қызметi Ресей Федерациясындағы
Түркiстан республикасының сыртқы iстер комиссариаты туралы Ережемен
реттелдi. Осы ережеге сәйкес оның қызметi төмендегi үш бағытқа сәйкес
жүргiзiлетiн болды. Олар:
1) шетел үкiметтерiмен саяси қатынас;
2) республиканың мүддесi үшiн басқа елдiң аумағындағы бiздiң елiмiздiң
саудасын қорғаушылық;
3) республика азаматтарының шекараның арғы жағындағы iстерi бойынша
құқықтық қорғау туралы өтiнiштерiн қарау.
Түркiстан АКСР-i сыртқы сауданың мемлекеттiк монополиясының жаңа
негiзiнде сыртқы сауда өкiлдiктерiмен және консулдықтарымен айырбас
жөнiндегi келiсiмдердi бекiту жолымен ғана емес, сонымен қатар Қазақстан
мен Орталық Азияның өзiне жақын орналасқан елдерiмен арадағы сауда-
экономикалық байланыстарды кеңейту мен жақсартуға бағытталған мемлекеттiк
iшкi заңдарды шығару жолымен халықаралық сауда құқығының құрылуы мен
дамуына өз ықпалын тигiздi.
РСФСР-дiң сыртқы сауда жөнiндегi Халық Комиссаратының органы болып
табылатын Түрiккомиссия сыртқы сауда бөлiмiн құру арқылы республиканың
сыртқы саудасын жүзеге асыру iсiнде көп көмек көрсеттi.
Түркiстан АКСР-нiң Бұқара, Хиуа және Құлжадағы барлық сыртқы сауда
өкiлдiктерi осы аталған сыртқы сауда бөлiмiнiң бақылауына алынды. Кейiн ол
Орталық Азиядағы РСФСР-дiң Сыртқы Сауда жөнiндегi Халық Комиссариатының
өкiлдiгiне айналдырылды. Мұның барлығы РСФСР шеңберiнде сыртқы сауда
сұрақтарын шешудi орталықтандыру тенденциясының нәтижесi болып табылады.
1924 жылғы 31 мамырдағы КСРО мен Қытай Республикасы арасындағы
сұрақтарды реттеу үшiн жалпы қағидалар жөнiндегi Келiсiм негiзiнде КСРО мен
Қытай арасында дипломатиялық және консулдық қатынастарды орнату осы
келiсiмдi бекiткенге дейiн маусымдық болған Қазақстанның Батыс Қытаймен
экономикалық қатынастарға түсуiне мүмкiндiк туғызды. 1924-1925- шаруашылық
жылдары КСРО-ның сыртқы сауда жөнiндегi Халық Комиссариатының экспорттық-
импорттық конторының филиалы болып табылатын Қазгосторг пен Батыс Қытай
арасында сыртқы сауда айналымының алғашқы жоспары ретiнде Батыс Қытайда
құны 870 мың рубль болатын 80 мың пұт жүн дайындау және 400 мың рубльге
Қытайдан өнеркәсiптiк өндiрiс тауарларын әкелу мәселелерi қарастырылды. Бұл
жоспар асыра орындалды. Қазақстан РСФСР мен Батыс Қытай арасында
байланыстырушы бөлiм ретiнде ғана емес, сонымен бiрге осы сыртқы сауда
қатынастарына өзi де қатысты. Бұл Моңғолия, Батыс Қытай мен Семей
губерниясы арасындағы сыртқы сауда байланыстарын орнату және нығайту
мақсатындағы Шүгүшак қаласындағы Қазгосторгтың өзiнiң өкiлдiктерi мен
конторларын құруынан байқалады. КСРО-ның Батыс Қытайдағы сыртқы сауда
саясатын жүргiзушi Қазгосторг барлық елдермен халық шаруышылығын құру мен
өз республикасының экономикасын нығайтуға ғана емес, сонымен бiрге Қытай
халқымен достық қатынасты орнатуға да өз ықпалын тигiздi. 1921 жылы
Германия, Норвегия, Австрия, Италиямен және бiздiң елмен бекiтiлген арадағы
сауда келiсiмдерiне сәйкес Қазгосторгке, КСРО-ның сыртқы сауда жөнiндегi
Халық Комиссариатының органдарына және басқа да шаруашылық ұйымдарына Батыс
Еуропа елдерiнiң сыртқы нарығына шығу құқығы берiлдi. Осы аталған құқықты
жүзеге асыру мақсатында Қазгосторг 1921 жылы Берлин мен Лондонда өзiнiң
сауда өкiлдiктерiн құрды.
Қазақстан Батыс Еуропа елдерiне жүн, май, терi, астық және тағы басқа
өнiмдердi шығарып, елiмiзге жеңiл өнеркәсiп өнiмдерiн кiргiздi. Бұл жылдары
Батыс Еуропа елдерiнен Қазақ АСР-iне шетелдiк машиналар, станоктар,
құрылғылар, ауылшаруашылық өнiмдерi және тағы басқа өнiмдер әкелiндi.
1924-1925 операциялық жылдары Қазақстанға құны 2 миллион 846 мың рубль
болатын, ал келесi операциялық жылда 8 миллион 953 мың рубльге тауарлар
әкелiндi.8
20-30 жылдары республика аймағындағы экспорттық-импорттық мекемелер
сияқты Қазгосторг те сенiмдi ақтады.
Қазақстан мен Орталық Азия республикаларының экономикасының ары қарай
дамуын жылдамдату мақсатындағы КСРО-ның сыртқы сауда қатынастарына қатысуы
30-шы жылдардың ортасында Республикалық экспорттық Кеңес жүздеген
экспорттық нүктелердi құрды. Оның құрамына аймақтағы iрi-iрi кәсiпорындар
кiрдi. Қазақстан мен Орталық Азия республикаларының сыртқы сауда
байланыстары экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асырумен аймақтың
өндiрушi күштерiнiң дамуы кезiнде үлкен роль ойнады. Айта кететiн бiр
жайт, республиканың сыртқы сауда байланыстарының өсуi шаруашылықтың барлық
саласының дамуына әсер еттi.
1.2. ХХ ғасырдағы Қазақстанның сыртқы экономикалық
байланыстары.
Ұлы Қазан Социалистiк төңкерiсiне дейiн Қазақстан Ресей империясының
артта қалған колониалды аймақтарының бiрi болды. Ресейге өндiрiстiң 0,3%-
ын ғана, негiзiнен жергiлiктi ауылшаруашылық шикiзаттарын жiберетiн
болған.1 Бұл жағдайларда Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстарының
кең халықарылық аренаға шығуы туралы сөз болуы мүмкiн емес.
Тек Ұлы Қазан төңкерiсi ғана Қазақстанның жан-жақты дамуына жол ашып
бердi.
В.И. Ленин мен М.И. Калининнiң Автономды Қырғыз (Қазақ) Социалистiк
Кеңестiк Республикасын құру туралы тарихи декретке қол қойылып, ол 1920
жылы 26 тамызда басылып шықты. Онда Қазақ Республикасы социалистiк ұлттық
мемлекеттiк құрылым ретiнде Кеңес елдерiнiң әлемдегi халықаралық беделiн
нығайтуда басқа да бауырлас республикалармен тең құқық негiзiнде қатысып,
Кеңес социалистiк мемлекетiнiң құрамдас бөлiгi ретiнде көрiнiс тапты.2
Қазақстан 20-шы жылдардың екiншi жартысына дейiн сыртқы сауда
операцияларын аз мөлшерде ғана, негiзiнен Батыс Қытаймен (Шыңжаңмен)
жүргiзiп отырды. Экономикалық себептердiң тобының қорытындысы болып
табылатын экспортты импорт басып алды, жекелеп айтсақ Шыңжаңда сұраныспен
пайдаланылатын тауарларды кеңестiк саду ұйымдарының тауарларды жеткiзiп
бермеу немесе толық көлемде жеткiзiп бермеу. 1925-1926 жылдардағы
Қазақстанның Батыс Қытаймен саудасы сол жылдардың бағасымен салыстырғандағы
пассивтi сальдо 11533 мың рубльдi құрады.3
Кеңес мемлекетiнiң негiзгi мақсаты шет елдермен бейбiт байланысты
ұсыну және ауылшаруашылығын дамыту, көтеру мен қайта қалпына келтiру болып
бекiтiлген осы қайта қалпына келтiру кезеңiнде Қазақстан белгiлi-бiр роль
атқарды. Жер шаруашылығы мен мал шаруашылығының өнiмдерi кеңестiк
экспорттың негiзгi қайнар көзi болған кезде Қазақстан негiзгi шикiзат
базаларының бiрi болып табылды. 1926-1927 жылдары мал өнiмдерiнiң КСРО
нарығына – 55,9%-ы, ал экспортқа – 17,2 % ғана шығарылды.4
20-шы жылдардың аяғы мен 30-шы жылдардың бас кезiнде қол жеткен бiздiң
елiмiздегi, соның iшiнде Қазақстанда да халық шаруашылығын социалистiк
қайта құрудағы алғашқы жетiстiктер 24Кеңес Одағының Батыс Қытайдағы сыртқы
сауда операцияларында басқарушы орынға жетуiне мүмкiндiк туғызды. Анықтап
айтсақ, Кеңес Одағының Шыңжаңмен сыртқы саудадағы алатын орны 80 %-дан асып
түстi.5
Сол кездегi Қазақстандық тауарлар Батыс Еуропа, соның iшiнде Англия
мен Германия мемлекеттерiне де экспортталып отырды. Тек 1924-1928 жылдары
Батыс Еуропа елдерiндегi Қазақстандық экспорт 2,7 есеге өстi.6
Қазақстанның сыртқы сауда операциялары республиканың әртүрлi
өнеркәсiп саласының дамуына белгiлi-бiр деңгейде әсер етушi әртүрлi
құрылғылар, малдар, шикiзаттар республикамызға импортталып отырды, ал оған
айырбас ретiнде өнеркәсiптiк шикiзат, пайдалану тауарлары, жүн, терi
шикiзаты, мал майлары мен астықтың экспортталуы өзара пайда табу негiзiнде
жүзеге асырылып отырды.
1926-1929 жылдары Коммунистiк партиямен жүзеге асырылған ауыл
шаруашылығын жаппай коллективтендiруге дайындау және социалистiк
индустриялизациялаудың мақсаты – барлық ресурстардың және елдiң мүмкiндiгiн
лобилизациялауды талап еттi. Осы үшiн экспортқа негiзiнен көңiл бөлiндi.
Кеңес мемлекетi негiзiнен ауыл шаруашылық және мал шаруашылығы өнiмдерiн
шығару арқылы бiр жағынан олардың дамуына ықпал еттi, ал екiншi жағынан
елдiң өнеркәсiбiн қайта құруға қажеттi әртүрлi құрылғыларды шетелден алу
үшiн валюта алды.
Қазақстандық экспорт ресурстарының көлемi мен мүмкiндiгiн елдегi
бүкiлодақтық ұйымдарының бiразы дұрыс бағаламады. Осыған байланысты 1931
жылдың ақпан айында Қазақ АССР-нiң Үкiметi КСРО-ның Үкiметiне
республикадағы осы бөлiмдердiң жұмысын жақсарту жөнiндегi нақты
ұсынымдарын ұсынды және КСРО Үкiметi Қазақстандағы экспорттық
операциялармен айналысатын Бұкiлодақтық ұйым бөлiмдерiнiң жұмысын жақсарту
және олардың жүйесiн кеңейту жөнiнде шаралар қолданды.
Одақ Үкiметiнiң 1931 жылғы 12 қыркүйектегi №786 шешiмiне сәйкес7 1931
жылдың қараша айында Қазақ АКСР-нiң Халық Комиссариаты Кеңесi республиканың
экспорттық кеңесi жөнiндегi Ереженiң8 сәйкестiгiн бекiттi.
Алматы, Семей, Петропавл қалаларының жергiлiктi кеңесiнiң
президиумындағы, барлық облыстық және аудандық атқару Комитеттерiнде Қазақ
АКСР-нiң Халық Комиссарлары Кеңесiмен құрылған экспорттық кеңеске
экспортталатын тауарлардың сапасын жақсарту және әр алуан тауарлар жинағын
(ассортимент) кеңейту, экспорттық жоспарды қайта өңдеу және олардың
орындалуы жөнiндегi нақты шараларды қолдануды қабылдау жұмыстары жүктелдi.
Басқа қалалық, ауылдық және селолық Кеңестерде, сонымен қатар барлық
колхоздарда, кәсiпорындар мен шаруашылық ұйымдарда экспорттың дамуына әсер
ететiн комиссарлар мен бастауыш ұйымдарды құру қарастырылды.
Осыған байланысты республика Үкiметiнен Қазкрайком партиялары бiрiгiп
экспорттық тауарлардың дамуы жөнiндегi қабылданған шешiмдердi орындау үшiн
нақты iс-шаралар жүргiздi.
Бұның бәрi Қазақстан бойынша 1931 жылғы жылдық экспорттық жоспардағы
жеткiзудi 117 %-ға орындауына үлкен әсер еттi.
Қазақстанның Шыңжаңмен сыртқы сауда операциясындағы рөлін кеңейтуде
Бұкiлодақтық экспорттық –импорттық бiрлестiк Совсиньторг үлкен маңызға ие
болды. 1933 жылдың соңында республканың сыртқы сауда байланыстарының ары
қарай дамуы мақсатында дербес сектор – Қазэкспорт құрылды. 1934 жылдың
өзiнде Қазэкспорт қызметiнiң қорытындысы бойынша сатылған тауарлардың
ассортиментi 31 түрге жеткен және жылдық экспорттық жоспар 104%-ға
орындалған. 1934 жылы республика басқа да сауда ұйымдарының операцияларын
толығымен қосқанда жоспардың 105,2%-ын құрайтын 18148 мың рубль сомасының
тауарларын сатқан. Қазақстанның халық шаруашылығының дамуы экспортталатын
тауарлардың 45-iн ауыл шаруашылық, аң аулаушылық және жер шаруашылық
өнiмдерi, ал қалған бөлiгiн азық-түлiк, және республиканың өнеркәсiбiнiң
басқа да салаларын қамтитын экспортталатын тауарлар құрылымынан көрiндi.
Қазақстан өзiне жүктелген мiндеттердiң барлығын орындап, өзiнiң өмiрге
қабiлеттiлiгiн толығымен ақтап шықты.
Осымен бiрге Қазэкспорттың жұмыс iстеген жылдары жергiлiктi, яғни,
Қазақстандық экспорттың дамуы Кеңес Одағының орталық аудандарынан Шыңжаңға
шығарылған тауарлармен салыстырғанда өзiнiң артықшылығын көрсеттi: ол
Қазақстанның өндiрiс күштерiнiң, әсiресе жергiлiктi өнеркәсiптiң дамуына
әсер еттi; Шыңжаңның негiзгi тұрғындары ұйғырлар мен қазақтардың
қызығушылығын туғызған Шыңжаңдық нарықтағы сұранысқа белсендi түрде әсер
еттi; алыстағы елдердiң орталық аудандарынан тауар тасу қажеттiлiгiнен
босатты; революцияға дейiнгi Қазақстан мен Шыңжаң арасындағы өзара пайда
табудағы тауар айналымын жаңартты.
Лениндiк ұлттық саясатпен басқару арқылы Қазақстандағы халық
шаруашылығын қайта жаңартқаннан кейiн Кеңес мемлекетi Қазақстан
Республикасындағы социализм негiзiн құруға миллиардтаған рубльдер жұмсады.
Транспорт және байланыс, өнеркәсiптiң дамуына бағытталған 48%-ды құрайтын
бiрiншi бесжылдық жоспарындағы капитал салудың жалпы көлемi бiр жарым
миллиард рубльден асты.9 1929 жылғы 2 тамыздағы Қорғаныс және Еңбек
кеңесiнiң шешiмiне сәйкес Қазақстанды Кеңес Одағындағы негiзгi түстi металл
өндiретiн ауданға айналдыру мәселесi қарастырылды және осыған сәйкес iрi
өндiрiс орталығы – Балқаш мыс қорытатын комбинатының, Шымкент қорғасын
зауытының, Риддер комбинатын кеңейту және басқа да iрi зауыттардың құрылысы
басталды. Iрi кәсiпорындар мен өнеркәсiптiң басқа да салаларын жабдықтау
жүзеге асырылды. 1929 жылдың қорытындысы бойынша республиканың халық
шаруашылығы өнiмiндегi өнеркәсiп өнiмiнiң жалпы көлемдегi салмағы шамамен
1920 жылғы 6,3%-ға қарсы 20%-ды құрады. 1930 жылы жалпы ұзындығы 1500
километрдi құрайтын Түркiстан-Сiбiр темiр жолының қатарға қосылуы
индустриализациялаудағы Қазақстанның ғана емес, басқа барлық елдердiң
маңызды кезеңi болып табылады.
Қазақстандағы индустриализациялаудың алғашқы жетiстiктерi аймақтық-
партиялық ұйым басқарған ауылшаруашылығын социалистiк қайта құруды кең
көлемде жүзеге асыруға кiрiсуге мүмкiндiк туғызды. 1929 жылдың 1-
маусымында республикада 4300-ден аса ауыл шаруашылық артелдерi болды, ал
1930 жылы Қазақстанда өндiрiлетiн астық тауарының үлкен бөлiгiн берiп
отыратын 101 совхоз құрылды.10
Қазақстанның ауылшаруашылық өндiрiсiнде болып жатқан iрi алға басулар
мемлекеттiк басқару органдарының, соның iшiнде сыртқы байланыс
органдарының өзгеруiн және әрекет етуiн талап еттi. 1934 жылғы 22-
қарашадағы Қазақ АКСР-нiң Халық Комиссарлары Кеңесiнiң №1206 қаулысымен
Қазэкспорт Совсиньторг жүйесiнен бөлiнiп шықты және жергiлiктi өнiм мен
қолөнер өнеркәсiбi, импорттық мал мен шикiзатты сату жөнiндегi өзiндiк
республикалық конторға айналдырылды.
Бұл ұйымның уақытша ережесi бекiтiлдi.11
1935 жылы Шыңжаңға Қазақстан өндiрiсi алғаш рет экспортталды. Мысал
ретiнде алатын болсақ: шәркейлер, брезенттiк етiктер, жiбек мақта
жамылғылар, қысқа тондар, мал шаруашылығы мен егiн шаруашылығы өнiмдерi,
сонымен қатар өсiмдiк майлары, пималар, түбiт орамалдар және басқалар.
Осы жүргiзiлген шараларға қарамастан 1935 жылғы Қазэкспорттың алдына
қойған мақсаты экспорт өнiмдерiнiң көлемi мен түрiн кеңейту және экспорт
тауарларының жаңа қорын табу жақсы шешiлдi. 1935 жылғы экспорт жоспары 148%-
ға, ал импорт жоспары -168%-ға орындалды.12
1935 жылы Шыңжаң нарығындағы сұранысқа ие болған экспорт тауарларының
әтүрлiлiгi Қазэкспортпен жүргiзiлген ұйымдастырушылық шараларының
қорытындысында 1934 жылмен салыстырғанда екi есеге өстi.
Қазэкспорттың қызметiнiң пайдалы жағы ретiнде экспортталатын тауарды
шығарушы республиканың барлық кәсiпорындары мен ұйымдары сыртқы сауда
операцияларының дамуына мүдделi болды. Оны былай түсiндiруге болады: яғни
осы арқылы Қазэкспорттың операцияларынан түскен барлық валюта суммаларына
Қазақстан КСРО-ның сыртқы сауда жөнiндегi Халық Комиссарының жоспары
бойынша дефицит шикiзатты қосымша жеткiзу жолымен республиканың
экономикасының дамуына әсер ететiн компенсациялық импортқа қол жеткiздi.
Қазақстанның Халық Комиссарлары Кеңесiндегi Қазақ АКСР-i жөнiндегi КСРО-ның
сыртқы сауда жөнiндегi Халық Комиссариатының лауазымды тұлғасы Бiздiң бұл
қазақстандық экспортты дамытуды бастауымыз халық шаруашылығына пайдалы
болды және оны Орталық Азия республикаларына тарату ойымыз бар - деп
жазды.
Шынында да келесi жылдары жалпы экспорттық жеткiзудегi Шыңжаңмен
сыртқы саудада, әсiресе, Қазақстан аумағында өткiзiлетiн шекаралық
жәрмеңкелерде ‡збек ССР-нiң сауда ұйымдары қатыса бастады. 1935 жылы
Хоргосс жәрмеңкесiнде Совсиньторгтың құрамына кiрген ‡збек саудасы
Шыңжаңдық саудагерлерден 4895 алтын рубльге тауар сатып алды.
Қазақстанның өз өндiрiсiндегi тауарлармен сыртқы саудаға шығуы
республиканың халық шаруашалығының дамуына ғана емес, сонымен қатар
ортазиялық ағайын республикалардың дамуы үшiн де маңызы болды.
1934 жылдың IV кварталында қайта құрылған Совсиньторгтан басқа
оперативтiк жұмыспен айналыспайтын, тек Қазэкспорт және басқа да ұйымдардың
қызметiн анықтайтын ‡кiлдiктiң Аймақтық конторларындағы КСРО-ның сыртқы
сауда жөнiндегi Халық Комиссариатының жүйесiне кiретiн, бүкiлодақтық сыртқы
сауда ұйымының бөлiмдерi болып табылатын Қаззаготпушнина, Мехсырье,
крайконтор Разноэкспорта және Торгсин жұмыс iстедi.
Осы сыртқы сауда бiрiгушiлерiнiң жеткiзушiлерi Қазақстанның әртүрлi
аудандарында орналасқан 323 кәсiпорын, ұйымдар, колхоздар мен дайындау
пункттерi болып табылады. Сонымен қатар ол мезгiлде экспорттық өнiмдердi
Шымкент химфарм заводы (алкаландтар), Орал мия шығаратын зауыт, Зырьяндық
және Риддерлiк жер асты кен орындары, консервiлiк, май шығарушы зауыттар,
Оңтүстiк Қазақстан облысының Келес ауданы (бау-бақша өнiмдерi), 130
колхоздар мен қабылдаушы-сұрыптаушы баздар тобы шығарып отырды.
1931 жылғы 12 қыркүйектегi КСРО-ның Халық Комиссарларының экспорттық
мүмкiндiктердi ары қарай дамыту және оларды орындау мақсатындағы қаулысымен
Қазақ АКСР-iн қоса есептегенде РСФСР-дiң экспорттық аудандарындағы жауапты
хатшылар лауазымын енгiзу туралы 1934 жылдың қаңтар айында РСФСР-дiң Халық
Комиссарлар Кеңесi шешiм қабылдады. Осы шешiмнiң нәтижесiнде Қазақстанның
48 аудандық орындау комиссарларының құрамына экспорттық кеңес жөнiндегi
арнайы жауапты хатшы лауазымы енгiзiлдi. Бұл жауапты хатшылар Қазақ АКСР-i
Үкiметiнiң қасындағы КСРО-ның лауазымды тұлғасы Сыртқы сауданың Халық
Комиссарларының басқаруымен жұмыс iстедi және сол аудандағы сыртқы сауда
жөнiндегi Халық Комиссариатының өкiлдiгiне есеп берiп отырды.
Аудандық орындау комиссариаттарының жанындағы экспорттық кеңес
жөнiндегi лауазымды жауапты хатшыларды құру және оларды қызметшiлермен
квалификацияланған мамандармен қамтамасыз ету экспорттық тасымалдауды
орындау мен белгiлi бiр жағдайда қайта орындауда өз әсерiн тигiздi.
Экспорттық кеңес Институты 1935 жылдың өзiнде Қазақстан экспорты
көлемiнiң тез көтерiлуiне әсер еттi және республиканың өндiрiс күштерiнiң
дамуында үлкен маңызға ие болды.
Қазэкспорт өзiнiң негiзгi қызметi экспортпен бiрге Совсиньторг арқылы
Батыс Қытайда мал импортымен айналысты. 1934 жылы Қытай саудагерлерiнен
жалпы саны 3232 жылқы сатылып алынды, оның iшiнде республиканың 20 облысы
мен аудандарына бөлiнiп берiлген 2592-сi шартқа сәйкес болды.13
Репсубликаның шекаралық аймақтарында өткiзiлген жәрмеңкелерде мал
импортымен айналысу белгiлi-бiр роль ойнады. Қазэкспорт сатылған
тауарлардың орнына Қытай саудагерлерiнен әртүрлi мал сатып алу арқылы
белгiленген сатып алу жоспарын көтердi. 1936 жылғы төрт шекаралық
жәрмеңкедегi Совсиньторгпен Қазэкспорттың импорттық айналым жоспарын
орындау мыңдаған валюталық рубльдермен сипатталады.
Ұйым Жоспар Орындалғаны Орындау пайызы
Совсиньторг 2879,2 3719,9 198,3
Қазэкспорт 413,8 629,6 152,6
Барлығы 2293,0 4349,5 185,3
Батыс Қытай және Моңғол Халық Республикасымен мал импортымен
айналысатын басқа ұйым – ол отызыншы жылдардың ортасында республиканың
қоғамдық мал шаруашылығының дамуындағы үлкен роль ойнаған Қазақ
республикалық импорттық контор – Скотимпорт болды. Мұнымен бiрге
импортталған мал азық-түлiк өнеркәсiбiмен сатылып алынды. Мысалы,
Қазскотимпорт 1934 жылдың 9 айында ғана Шыңжаңнан 2858 iрi қара мал мен
жылқы, сонымен бiрге 121242 бас ұсақ мал сатып алды. Импортталған iрi қара
малдар қоғамдағы iрi қара мал басын көбейту үшін совхоздар мен колхоздардың
арасында бөлiндi, iрi қара малы жоқ ұйымдар мен колхозшыларға сатылды. Осы
үшiн Үкiмет колхозшыларға импортталған малды сатып алу үшiн белгiлi-бiр
жеңiлдiк ссудаларын бөлдi. 1934 жылдың 1 қыркүйегiндегi жағдайға сәйкес
сол жылы колхозшыларға бөлiнген ссудадан 105 мыңнан аса рубль берiлдi, олар
ол ақшаға 1811 бас iрi қара мен жылқы, 23700 бас қой, сонымен бiрге
Заготскот базынан 4802 тiрi салмақтағы өндiрiстiк iрi қара сатып алды.

Моңғол Халық Республикасымен арадағы пайда болған сауда үлкен орын алды.
1936 жылы КСРО-ның Скотимпорты алғаш рет Қазақстанға Моңғол Халық
Республикасынан шартқа сәйкес 1786 бас түйе алды. Олардың бiр бөлiгi
Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Оңтүстiк Қазақстан
облысының колхозшыларына берiлдi, ал қалған бөлiгi Семей облысының Жармен
ауданында орналасқан түйе зауытына берiлдi. 1937 жылы Моңғол Халық
Республикасынан 4500-ден аса түйе Қазақстанға әкелiндi.
Бұл сауда Қазақстанмен қатар Моңғолияға да пайдалы болды. Анығын
айтсақ, Моңғолиядан импортталған түйелер Қазақстан жағдайындағы мал
шаруашылығындағы мал басының өсуiне әсер еттi, ал Моңғол Халық Республикасы
үшiн бұл операциялар 1936 жыл 14 мамырдағы Моңғол Халық Республикасының мал
шаруашылығы және егiн шаруашылығы Министрлiгiнiң №99 бұйрығында
көрсетiлген араб түйелерiн дамытуға жағдай жасады. Сонымен бiрге кеңестiк
сатып алу экспедициясындағы жоғары бiлiмдi мал дәрiгер мамандары Моңғол
халық Республикасының аумағынан бiрнеше айға созылған iрi қара малды
iрiктеу мен айдау процесi кезiнде жас моңғол мамандарына өздерiнiң бай
тәжiрибелерi мен бiлiмдерiн бердi.
Шыңжаңдағы Қазақстанда өндiрiлген тауар экспортының дамуында 1935 және
1936 жылдардағы экспорт өнiмдерiнiң шығарылуы үшiн республиканың iшкi
қорларын жұмылдырумен жаңа кәсiпорындар тобында экспорт тауарларын
дайындауға арнайы цехтар құру Қазэкспорттың бұл кезеңдегi негiзгi мақсаты
болды. Экспортқа шығарылатын тауарларды өндiру мен сатудың жалпы өсуi
экспортталатын тауарлардың номенклатурасы кеңейдi және олардың сапасы өстi.
Мал щаруашылығы өнiмдерi мен жүн Қазақстан экспортының негiзгi қайнар
көзi болып табылды және шығару жоспарын орындау негiзiнен экспорттық
дайындауларды өз уақытында жүзеге асыруға байланысты болды. Сондықтан 1936
жылы республикалық және облыстық экспорттық Кеңестердiң жұмысында осы
сұрақтар негiзгi орынға ие болды.
Тек осы мақсатта мысалы, Қаззаготпушнина саласы бойынша 2943 аңшы-
бригадирлер, аңшы-ударниктер, жергiлiктi кеңестiк және шаруашылық
органдарының қызметкерлерi қатысқан 80 слет өткiзiлдi.
1936 жылы республиканың партиялық және кеңестiк органдары ұйымдарымен
бiрге әлеуметтiк жарыс ретiнде бiраз шаралар өткiздi, оның қорытындысы
бойынша экспорт жұмысына байланысты колхоздарда, ұйымдар мен басқа да
кәсiпорындарда еңбек әдiстерiнiң кезектi қозғалуы кең көлемде даму орын
алды.
Еңбек тәсiлдерiн алдыңғы қатарлы етiп күшейту жекелеп алғанда ұйымда
дұрыс жұмыс орнын таңдау, кәсiпорындарда жаңа техниканы, аппаратуларды,
мастерлiктi көтеру және тағы басқаларды игеру экспортталатын тауарлардың
жоғарыланған жылдық тапсырылған жоспарды асыра орындауға мүмкiндiк бердi.
Қазақстан бойынша 1936 жылы бекiтiлген 5406 820 рубльдi құраған
экспортталатын тауарды өткiзу жоспары 6501150 рубльге орындалды және ол
жылдық жоспардың 120,4 %-ын құрады.14
Қазэкспорттың 1936 жылғы негiзгi шаруашылық операциялары Совсиньторг
арқылы Батыс Қытайға тауарларды жеткiзумен және шекараның арғы жағына
негiзiнен шикiзатты, iрi қара және басқа да тауарларды импорттау болып
табылды. Шыңжаңнан әкелiнген шикiзаттар республиканың қолөнер өнекәсiбi
және жергiлiктi кәсiпорындарда өңделiп отырды. Қайта өңдеудi қажет
етпейтiн импортталған тауарлар iшкi нарыққа сатылу үшiн жiберiлдi. Қайта
өңдеуден өткiзiлген дайын өнiмдердiң бiр бөлiгi керi қарай экспортқа
шығарылды, ал қалған бөлiгi Қазақстанның iшкi нарығында сатуға жiберiлдi.
Қазэкспорт экспортталатын тауарлардың басқа бөлiгiн негiзiнен ауыл
шаруашылық өнiмдерiнен және жергiлiктi өндiрiс өнiмдерiнiң есебiнен алып
отырды.
Осының бәрi 1936 жылы Қазэкспорттың iшкi нарықты және экспорт бойынша
экспортталатын тауарларды сату жоспарын 156,4% –ға және жоғарыда аталған
төрт жәрмеңкенi қосқанда, 109,2 % және iшкi нарықта сату бойынша – 253,6%
- орындауға мүмкiндiк бердi. Жергiлiктi кәсiпорындар мен қолөнер
өнеркәсiптерiнде қайта өңдеу өз бағасы бойынша жоспарды орындау 129,8%-ды
құрады. Қазэкспорттың шаруашылық қызметiнiң нәтижесiнде бiр жылғы
есептелген 1780,1 мың рубль кiрiс жоспары 3627,9 мың рубльге асып түстi.
Салыстыру үшiн 1936 жылғы Қазақстанның жеңiл өнеркәсiбi жоспар бойынша 4,7
миллион рубль деп есептеген таза пайда ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz