Талан - таражға салудың қарақшылықтан басқа нысандарының барлығы материалды қылмыс құрамды


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны.

Кiрiспе

I ТАРАУ. Талан-таражға салу ұғымы және қылмыстық құқықтық маңызы, белгiлерi

II ТАРАУ. Талан-таражға салу тектiк қылмыс құрамын қылмыстық құқықтық тұрғыдан талдау.

2. 1. Талан-таражға салудың объектiсi және заты

2. 2. Талан-таражға салудың объективтiк белгiлерi

2. 3. Талан-таражға салудың субъективтiк белгiлерi

2. 4. Талан-таражға салудың субъектiсi.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi

КIРIСПЕ .

Меншiк қатынастарына қылмыстық қол сұғудың зияны орасан зор. Қылмыстың нәтижесiнде меншiк иелерiне мүлiктiк зиян келедi, осылайша өз мүлкi есебiнен меншiк иесiнiң өз қажеттiлiктерiн қанағаттандыру мүмкiндiктерi шектеледi. Меншiкке қарсы қылмыстар түбiнде меншiк қатынастарын бұзады. Бұл республикамыздың түбегейлi қағидаларының бiрi болып табылатын бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық дамуға кедергi болары анық. Сондықтан бiздiң елiмiздiң қызметтерiнiң бiрi меншiктi қорғау болып табылады. Бұл қызмет әртүрлi жолдармен және тәсiлдермен жүзеге асырылады. Бұл жолдармен тәсiлдердiң iшiнде меншiктi қылмыстың қол сұғушылықтан қорғау жүктелген қылмыстық құқықтың орны бөлек.

Адам құқықтарының iшiнде меншiк құқығы ерекше орын алады. Меншiк құқығы экономикалық қатынастардың негiзгi реттеушiсi және азаматтардың жеке жетiстiктерiнiң көрсеткiшi болып табылады. Осыған байланысты бұл маңызды болып табылатын меншiктi Қазақстан Республикасы қоғайды және оған кепiлдiк берген. Осы кепiлдiктердiң бiрi- Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексi. Оның 2 бабында айтылғандай:»осы кодекстiң мiндетi. . меншiктi. . қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау болып тадылады».

Қылмыспен, оның iшiнде талан таражға салумен күрес табысты болу үшiн заңдарды тиiмдi түрде қолдана бiлу керек. Сонда ғана бiз Қазақстан Республикасын демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырамыз, адам және адам өмiрi, құқықтары / осының iшiнде меншiк құқығы да/ мен бостандықтары оның ең қымбат қазынасы екендiгiне, өз халқына ҚР Президентiнiң “Қазақстан-2030” атты жолдауында басты деп көрсеткен мақсаттарының бiрiне- “заңның абсолюттi үстемдiгiн орнатуға, заңды құрметтейтiн азаматтарды қылмыстан қорғауға

1

Конституция. 1-бап 2-тарм.

2

Конституция. 6, 26 баптар.

3

Конституция. 1-бап 1-тарм.

5

Және заңдарды заңсыз жолмен шалқып өмiр сүретiндерге қарсы қолдануға” қол жеткiзгенiмiз.

Ол үшiн кез келген қылмыстарымен, оның iшiнде талан таражға салумен күрескендеорын алған кемшiлiктердi болдырмауға, заңдарды бiркелкi қолдануға, қылмыстық заң нормаларын қатаң сақтауға, әрбiр қылмыстың барлық жағдайларын толық және жан жақты зерттеудi қамтамасыз етуге, кiнәлiге жасаған әрекетiнiң сипатына байланысты оның жеке басына лайықты жаза тағайындауға мiндеттiмiз.

1Ел Президентiнiң Қазақстан халқына жолдауы”Қазақстан-2030”. А. Бiлiм. 98,

6

I ТАРАУ. ТАЛАН-ТАРАЖҒА САЛУ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ МАҢЫЗЫ, БЕЛГIЛЕРI.

Меншiкке қарсы қылмыстар бұл меншiк қатынастарын бұзумен не меншiк иесiне басқадай жолмен мүлiктiк зиян келтiру немесе осындай зиян келтiру қауiпiнтуғызумен ұштасқан қасақана не абайсыз әрекеттер.

Меншiкке қарсы қылмыстарды пайдакүнемдiк мақсаттың бар-жоғына байланысты келесiдей түрлерге бөлуге болады: пайдакүнемдiк және пайдакүнемдiк емес. Пайдакүнемдiк қылмыстар өз кезегiнде объективтi жағы бойынша талан-таражға салу және талан-таражға салумен байланысты емес қылмыстар

болып бөлiнедi.

Талан-таражға салудың дәл түсiнiгiн анықтау меншiкке қарсы қылмыстардың мәнiн ашуға, дұрыс саралауға, басқа ұқсас қылмыстардан айыруға көмектеседi. Бұл талан-таражға салумен күресте табысқа жету мен заңдылықты сақтаудың бiрден-бiр кепiлi болып табылады.

Бұрыңғы заңдарда талан-таражға салудың түсiнiгi жоқ едi. Теория жүзiнде оның көптеген түсiнiктерi болғанымен заң жүзiнде бекiтiлмеген болатын.

Алғаш рет ресми түрдегi түсiнiгi Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты пленумының 1996 жылғы 25 шiлдедегi №9 қаулысымен бекiтiлген болатын.

1997жылғы 16 шiлдеде Қазақстан Ресиубликасының Қылмыстық Кодексi қабылданғанда талан-таражға салу түсiнiгi заң бойынша бекiтiлдi.

Заң шығарушылардың анықтауы бойынша:”Талан-таражға салу деп пайдакүнемдiк мақсатта бөтеннiң мүлкiн осы мүлiктiң меншiк иесiне не өзге иеленушiсiне залал келтiре отырып, кiнәлiнiң не басқа адамның пайдасына заңсыз, қайтарымсыз алу және/не/ айналдыру танылады. ”

Келтiрiлген анықтамадан талан-таражға салудың келесiдей көрiнiс табады:

А) алу

1

Рогов И. И., Рахметов С. М. Уголовное право РК Ос. Часть. I ч. С. 346

2

ҚР 175-баптың ескертуi

7

ә) заңсыз, құқыққа қайшылығы

б) ақысыз алынуы

в) пайдакүнемдiк мақсат

Бiрiншi белгi-бөтеннiң мүлкiн алу . Бұл белгiлi қылмыс затына әсер етудiң сыртқы процессiн және қылмыстың объектiсiне зиян тигiзудiң механизiмiн дәлiрек корсетедi. Бұл белгiлi қарақшылықтан басқа талан-таражға салудың барлық нысандарына тән, сондықтан талан-таражға салуды сипаттайтын негiзгi белгiлердiң бiрi. Бiрақ әдебиеттердiң бiрiнде алуды талан-таражға салудың құрамдас бөлiгi десе, ендi бiреулер типтi көрсетпеген.

Алайда алу болмаса талан-таражға салу да болмайды. Осы белгi көмегiмен қылмыстың аяқталған-аяқталмағаны анықталады. Алу қалай жүзеге асқаны бойынша талан-таражға салу нысандарға бөлiнедi. Нысандары - жасырын, ашық, алдау, күш көрсету арқылы және т. б.

Екiншi белгi- бұл заңсыз жолмен алу. Кiнәлi бөтеннiң мүлкiн шынайы немесе болжамды құқығы болмасада мүлiктi алуы. Яғни мүлiк кiнәлiге қатысты бөтен болуы тиiс. Егер кiнәлi өзiнiң заңды мүлкiн тек алу тәртiбiн бұзып алса, ол талан-таражға салу болып табылмайды.

¦шiнiшi белгi- бұл қайтарымсыздық . Бұл белгi бойынша кiнәлi алған мүлiктiң орнын толтырмастнң оны өз пайдасына айналдырады. Бұл орайды кiнәлiнiң мүлiктi ешқандайда қайтару ниетi болмайды. Егер алу кезiнде меншiк иесiне заттың сәйкес орнын толтырса ол талан-таражға салу болып табылмайды. ‡йткенi мұндай әрекет залал әкелмейдi. Қылмыс аяқталғаннан кейiн мүлiктiң орнын толтыру немесе талан-таражға салынған мүлiктi қайтару кiнәлiнi қылымыстық жауаптылықтан босатпайды, бұл тек жазаны жеңiлдетуi мүмкiн.

Төртiншi белгi- бұл пайдакүнемдiк мақсат . Бұл дегенiмiз кiнәлi өзiнiң не басқаның пайдасына материалдық, мүлiктiк пайда табуға ұмтылуы. Яғни кiнәлi бөтеннiң мүлкiн заңсыз алып, “өз меншiгiндей”билiк еткiсi келедi.

1

Коментарий к Уголовному кодексу. Под ред. Рогов И. И., Баймурзин Г. И. Алматы, 2000, 371стр.

2

Здравомыслов С. В. Уголовное право РФ. Особ. часть. М., 1997, 143 стр.

3

Бабаев М. М., Кригер Г. А. На страже соц. Собственности. М., 1881. 18 стр.

8

Мiне, осы төрт белгi болған кезде ғана талан-таражға салу туралы айтуға болады. Бұл белгiлерге төменде толығырақ әлi тоқталамыз.

Кәзiргi заңнамалар бойынша талан-таражға салу меншiкке қарсы болып табылатын бiрнеше қылмыстарға тектiк түсiнiк болып табылады. Қылмыстық заңда талан-таражға салудың алты нысаны қарастырылған: ұрлық, иелену, ысырап ету, аляқтық, тонау, қарақшылық. Аталған нысандардың әрқайсысының өзiне тән ерекшклiктерi бар. Бұлардың әрқайсысының ерекшелiктерiн, бiр - бiрiнен айырмашылығын талан-таражға салудың қылмыс құрамын талдағанда қарастырамыз.

9

II ТАРАУ. ТАЛАН-ТАРАЖҒА САЛУ ТЕКТIК ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫН ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҰРҒЫДАН ТАЛДАУ

2. 1. ТАЛАН-ТАРАЖҒА САЛУДЫҢ ОБЪЕКТIСI ЖӘНЕ ЗАТЫ.

Объектiсi.

Кез келген қылмыс қылмыстық заңмен қорғауға алынған қандайда болсын қоғамдық қатынастарға қол сұғатын анық.

Қылмыстық объектiсi дегенiмiз - бұл қылмыстық әрекет бағытталған қоғамдық қатынастыр жиынтығы.

Талан-таражға салудың объектiсiн дұрыс анықтау кiнәлiнiң зиян келтiрген кез келген әрекетiн мәнiн түсiну үшiн, қоғамға қауiптiлiгiнiң дәрежесiн анықтау үшiн үлкен маңызы бар. Сондай ақ объектiнi талдау арқылы қылмыс салдарынан келген не келетiн зиян көлемiн көруге болады.

Талан-таражға салудың объектiсi меншiк қатынастары болып табылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiнiң 188 бабына сәйкес: “меншiк құқығы дегенiмiз субъектiнiң заң құқықтары арқылы танылады және қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы”.

Мiне, мүлiк иесiнiң өз мүлкiн өз қалауынша заңмен берiлген иелену, пайдалану, билiк ету құқығын, одан туындайтын қатынастарды талан-таражға салушы бұзады, жояды.

Қылмыстық әрекет нақты қоғамдық қатынасқа қол сұғып қоймай, сонымен бiрге бiртектес қоғамдық қатынастарғада қол сұғады. Сондықтан қылмыстық құқық теориясында объектiнi тектiк тiкелей деп бөлндi. Бұлай бөлу қылмыстық қол сұғу қандай қоғамдық қатынастарға тiкелей және бiрiншi кезекте қарсы және болашақта қандай зиян келуi мүмкiн екенiн көрсетедi. Мысалы, бiр адамның мүлкiн ұрласа, тiкелей және бiрiншi кезекте тек сол адамға зиян келуi мүмкiн. Ал егер осындай ұрлықтар көбейiп кететiн болса, бұл мемлекеттiк меншiк және сонымен байланысты қатынастарына елеулi түрде зиян әкелетiнi айдан анық. Сонымен қатар объектiнi бұлай бөлу қылмыстарды

1

Ағыбаев А. Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөл. Алматы, 1999. 62 бет.

2

Пинаев А. А. Угол. пр. борьба с хищениями. Х., 1975. 5стр.

10

топтастыруға, жүйелеуге және дұрыс саралауға көмектеседi.

Сонымен, талан-таражға салудың тектiк объектiсi болып меншiк қатынастары, яғни жеке немесе ұжымдық тұтынуға не өндiрiстiк қызметтi жүзеге асыруға арналған материалдық игiлiктердiң бөлiну аясындағы қоғамдық қатынастар болып табылады.

Ал тiкелей объектiсiне келсек ұрлық, тонау, алаяқтық және сол сияқты қылмыстардың тiкелей объектiлерi олардың тектiк объектiлерiмен сәйкес келедi. Бiрақ кейбiр авторлардың пiкiрлерi бойынша талан-таражға салудың тiкелей объектiсi меншiктiң нақты нысаны деп есептейдi. Бiрақ та бiздiң пайымдауымызша бiл бұрыңғы кеңестiк дәуiрдiң қалдығы секiлдi. ‡йткенi, Конституцияның 6 бабына сәкес: ”жеке және мемлекеттiк меншiк бiрдей қорғалады” делiнген, ҚК 175 бап ескертуiндегi талан -таражға салудың анықтамасындағы “бөтеннiң мүлкi” деген сөз жеке және мемлекеттiк менгшiктердi теңестiрiп тұр. Бұл талан-таражға салынған мүлiк кiмдiкi екенiнiң маңызы жоқ, бастысы бөтен тұлғанiкi. Бұл мәселенi шешуде ҚР Жоғарғы Сот Пленумы да өз үлесiн қосқан. Оның 1996. 07. 25 №9 қаулысының 2 бөлiмi бойынша: “меншiк нысанына қатысты бұл қылмыстар үшiн жауаптылық заңда бөлiп көрсетiлмегендiктен, ондай ұйғарым қылмыстық жауапкершiлiкке тартылатын адамды айыптау қорытындысының мiндеттi элементi ретiнде қаралмайды”.

Көптеген қылмыстар бiр ғана объектiге қол сұғып қоймайды, олар негiзгi объектiмен қатар басқа да объектiлерге қол сұғады. Ондай қылмыстар қатарына тонау мен қарақшылықты жатқызуға болады.

Тонау мен қарақшылық талан -таражға салудың негiзгi объектiсi болып табылатын меншiк қатынастарынан басқа да қоғамдық қатынастарға қол сұғады.

Тонау күш қолдану арқылы жүретiндiктен оның қосымша объектiсi адамның жеке басы. ‡мiрi емес, денсаулығы емес, тек басы болып анықталудың себебi мынада. Жалпы, тонау ашық түрде бөтеннiң мүлкiн алу, бiрақ алу адамның өмiрi мен денсаулығына қауiптi болмауы тиiс, әйтпесе бұл әрекет қарақшылыққа айналып кетуi мүмкiн.

1

Рогов И. И., Рахметов С. М. Уг. пр. РК. Ос. ч. Iч. Алматы, 1998. 345 стр;

Владимиров В. А. Квалиф. похищения личн. имущ. М., 1974. 14 стр.

2

Здравомыслов. Уг. пр. РФ. М., 1997. 141 стр.

11

Кiнәлiнiң әрекетi жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрмегенiмен, кiнәлiнiң бөтеннiң мүлкiн ашық түрде заң мен жалпы әдептiк норманы басына отырып алуының өзi қауiптi. Бұл басынудан зиян шегетiн ең бiрiншi, әрине жәбiрленушi, яғни басынушылық жәбiрленушiнiң жеке басына қол сұғып тұр.

Қарақшылық барлық жағдайда да қос объектiлi. Меншiкпен қатар ол адамның өмiрi мен денсаулығына да қол сұғады. Бiрақ қарақшылықта адам өмiрi мен денсаулығы факультативтi емес, негiзгi объектi.

Бiрақ Владимировтың пiкiрi басқаша. Оның айтуынша адам денсаулығы қарақшылықтың қос объектiсi болғанымен адам өмiрi қос объектiсi болуы мүмкiн емес. Шабуыл кезiнде кiнәлi жәбiрленушiге дене жарақатын тигiзуi мүмкiн. Ал егер қарақшылықтың құрамына адам өмiрiн қоссақ, онда пайдакүнемдiк мақсатта шабуыл кезiнде адам өлтiру қарақшылықтың бiр белгiсi болып қалады да, ауыр объектi жеңiл объектiмен сiңiрiлiп кетедi. Бұл адам өмiрi меншiк құқығынан төмен болды деген сөз ба?

Егер қарақшылық кезiнде адамды қасақана өлтiрсе, кiнәлiнiң әрекетiне екi қылмыс жиынтығы бар деп есептеледi /96 б. 2 бөл. 3/тар+179/ .

Ал абайсызда өлтiрсе тек қана бiр қылмыс құрамы- 179 б. 3 бөл. б/тар. Бұл әрине, дұрыс емес. Қылмыс абайсыз болғанымен ол бәрiбiр қылмыс. Адамның өлетiнiн кiнә бiле тұра оған жеңiлтектiкпен қарады /менмендiк/ не бiлуге тиiс болғанымен оны болжап бiлмедi/немқұрайдылық /.

Заты. Талан -таражға салудың құрамдас белгiлерiнiң бiрi бұл қылмыстың заты. Меншiк әлеуметтiк экономикалық категория ретiнде заттармен байланысты, онсыз өмiр сүру мүмкiн емес және де сол зат арқылы көрiнiс табады. Меншiк құқығы - бұл заттық құқық сондықтан талан -таржға салу заттық қылмыстарға жатады.

1

Владимиров В. А. Кв. похищ. личн. имущ. М., 1974 24 стр.

2

Коментарий к УГ под ред. Рогов И. И., Рахметов С. М. Алматы, 1998. 203 стр.

12

Меншiкке қарсы қылмыс жасағанда меншiк қатынастарына зиян қылмыс затына әсер ету арқылы келедi. Меншiк қоғамдық қатынас бола тұрып жойылмайды, талан -таражға салынбайды, меншiк тек бұзылуы мүмкiн. Жойылатын талан -таражға салынатын бұл- мүлiк. Талан -таражға салушы қылмыстық жолмен меншiк құқығын ешқашанда, ешқалай иелене алмайды, ол тек мүлiкке фактiлi иелiк жүргiзуi мүмкiн. Сондықтан да “кiнәлi өзiнiң не басқаның пайдасына бөтеннiң мүлкiн алуы және /не/ айналдыруы” деп көрсетуiнiң себебi де осы.

Мұлiк - бұл меншiк қатынастарының өзге, затының құрамы. Меншiк құқығы осы мүлiктiң “құқықтық қорғаушысы болады”.

Меншiк тек мүлiк бар болса ғана болады. Кiнәлi осы мүлiктi талан -таражға салу арқылы ғана меншiк қатынастарына зиян келтiре алады. Сондықтан талдан-таражға салудың заты мiндеттi белгi ретiнде қарастырылады. ‡йткенi қылмыс затының /мүлiктiң/ болуы қылмыс объектiсiнiң /меншiктiң/ болуына әкеп соғады. Сәйкесiнше талан -таражға салудың құрамының жоқтығын бiлдiредi. Қара сөзбен айтқандат жоқ нәрсенi ұрлау мүмкiн емес.

Қылмыстық құқық теориясы бойынша қылмыса заты дегенiмiз осы заттарға қылмыстық жолмен әсер ете отырып, қылмыс объектiсiне зиян келтiретiн материалдық әлемнiң заты.

Бiрақ материалдық әлемнiң кез келген заты талан -таражға салудың заты бола алмайды. Ол үшiн оның өзiне тән қасиеттерi болуы тиiс. Ондай қасиеттерге мыналар жатады: 1 экономикалық, 2 құқықтық, 3 материалдық /физикалық/.

Экономикалық қасиетi дегенiмiз мүлiктiң белгiлi бiр экономикалық, нарықтық құндылығы болуы тиiс. Яғни ол зат талан -таражға салғанда меншiк қатынастарын елеулi түрде бұзылуы керек, зиян болуы тиiс. Талан -таражға салудың анықтамасында айтылғандай “меншiк иесiне не басқа иеленушiге зиян” әкелмесе, бұл әрекеттi талан -таражға салу деп айту мүмкiн емес. Сондықтан шаруашылық құндылығы жоғалған, қажетсiздiгi бойынша лақтырылып тасталған заттарды алу талан-таражға

1

Пинаев А. А. Уг. пр. борьба с хищ. Х., 1975 34 стр.

2

Ағыбаев А. Н. Қылмыстық құқық. Жалпы б. Алматы, 1999. 70 бет. ;

Здравомыслов Уг. пр. РФ. 86 стр.

3

Рогов И. И., Рахметов С. М. Уг. пр. РК. Ос. ч. I ч. Алматы, 1998. 355 стр.

13

салу болып табылмайды. Экономикалық, нарықтық құндылығы, әдетте, оның арқылы анықталады. Құнын анықтаудың көмегi талан -таражға салуды ұсақ, жай, iрi деп бөлгенде тиедi.

Талан -таражға салу ұсақ деп саналады егер талан -таражға салынған мүлiктiң не зиянның талан -таражға салу кезiнде он айлық есептiк көрсеткiштен аспаса. Iрi деп саналады егер мүлiктiң не зиянының мөлшерi бес жүз айлық көрсеткiштен асып кетсе. Сәйкесiнше он айлық есептiк көрсеткiштен көп, бес жүз айлық есептiк көрсеткiштеназ мөлшер жай талан -таражға салу болып есептеледi.

Алынған заттың мөлшерiне байланысты жiктелу маңыздылығы туындайтын жауаптылығында: ұйымның мүлкi ұрлық, алаяқтық, иелену не ысырап ету арқылы ұсақ көлемде талан -таражға салынса ол үшiн қылмыстық жауаптылық туындамайды, кiнәлi өз әрекетi үшiн Әкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы кодекстiң 132 бабына сәйкес әкiмшiлiк жауапқа тартылуы мүмкiн. Ал егер iрi мөлшiрде талан -таражға салу орын алса, қылмыстық жауаптылық ауырлайды.

Жоғарыда айтқан экономикалық, нарықтық құн бұл экономикалық заңдылықтар бойынша сол мүлiкке, затқа кеткен техникалық шығындар, адамның еңбегi бойынша анықталады.

Бұл дегенiмiз талан -таражға салудың заты болу үшiн материалдық әлемнiң затына адам еңбегi сiңуi керек. Бұл талан -таражға салуды басқа қылмыстардан ерекшеленетiн белгiлердiң бiрi. Мысалы, өзендердi, орманды талан -таражға салу мүмкiн емес. Егер адам ағаштарды өз бетiнше кесiп алса, әрекет басқа қылмыс құрамын құрайды. Ал егер қолдан егiлген екпелер, қолдан өсiрген бақтардың жемiстерi талан -таражжға салынса, Қылмыстық Кодекстiң меншiкке қарсы қылмыстарының тиiстi бабы бойынша жауаптылық туындауы мүмкiн.

Заттың келесi қасиетi бұл құқық қасиетi. Талан -таражға салынатын мүлiк кiнәлiге қатысты мiндеттi түрде бөтен болуы керек. Бұл сондай ақ ҚК 175-179 бб диспозицияларындағы “бөтеннiң мүлкi ” деген сөздерден де түсiнiктi. Бұл жерде жәбiрленушiнiң, яғни мүлiктi иеленушiнiң ол мүлiкке меншiк

1

Экономикалық теория негiздерi. 73- бет.

2

Жоғар. Сот Плен. 96. 25. 07. №9 қаул. 2бөл.

14

құқығы бар-жоғы, ол мүлiкзаңды иелiкте ме әлде заңсыз иелiкте ме бұның маңызы жоқ. Бұл дегенiмiз талан-таражға салу кезiндеқылмыс заты меншiктенушiнiң өзiнде де, сенiп тапсырылған басқаның иелiгiнде де болуы мүмкiн. Тiптi ұры ұрыдан ұрлағанның өзiнде де кiнәлiнiң әрекеттерi бөтеннiң мүлкiн талан-таражға салу деп сараланады.

Егер ортақ меншiктегi мүлiк “талан -таражға салынса” бұл талан -таражға салу болып сараланбайды. ‡йткенi, оның ортақ мүлiкке /бiрлескен, үлестiк / меншiк құқығы бар болған соң шығар. ‡зiнiң мүлкiн талан -таражға салу мүмкiн емес. Егер “тт салу”зияны кiнәлiнiң ортақ меншiктегi үлесiнен асып кетсе қалай сараланады. Зиян қандай мөлшерде /толық па әлде үлесiнен асқан бөлiгi ма /есептеледi.

Бiздiң ойымыз бойынша ортақ меншiктегi мүлiкке келтiрiлген зиян талан -таражға салу ретiнде қарастырылуы қажет. Себебi Азаматтық кодекстiң 209 бабы бойынша әркiмнiң өз үлесiне құқығы болғанымен 212, 213 баптары бойынша иеленгенде, пайдаланғанда не билiк еткенде қалғандарының кетiсiмi қажет.

Сондай ақ баласы әкесiнiң не әкесi баласының мүлкiн “талан -таражға салуы” мүмкiн бе? “Неке және отбасы” заңдары бойынша әбден мүмкiн. ‡йткенi аталған заңның 58 бабының 4 бөлiмiнде “ата -анасының баласының мүлкiне, баласының ата -анасының мүлкiне құқығы жоқ. Бiрге тұрса, өзара келiсiм бойынша иеленедi, пайдаланады” делiнген. Әрине, баласы ата-анасының мүлкiн талан-таражға салды деген не керiсiнше жағдай бола қоймас. Бiрақ заң жүзiнде барлығына дайын болған кемшiлiк етпес.

Заттың соңғы қасиетi бұл материалдық белгiсi . Ол дегенiмiз мүлiк заттай, сыртқы әлемнiң материалдық заты болуы тиiс. Сондықтан да әртүрлi құқықтар, идеялар, ойлар талан-таражға салудың заты бола алмайды.

Бiрақ талан-таражға салудың бiр нысаны болып табылатын алаяқтықта оның заты мүлiкпен қатар құқық та есептеледi. Бұл

1

Жоғ. Сот. Плен. 96. 07. 25. № 9 қаул. 2тар.

2

Владимиров В. А. Кв. похищ. Личн. Имущ. М., 1974. 54 стр.

3

Рогов И. И., Рахметов С. М. Уг. пр. РК. Ос. Ч. I ч. Алматы, 1998. 342 стр.

Влалимиров В. А. Кв. похищ. личн. имущ. М., 1974. 22стр; Пинаев А. А. Уг. пр. борьба с хищ. Х., 1975, 35 стр.

15

оны басқа нысандарынан ерекшелендiретiн белгiнiң бiрi деген түсiндiрмелер көптеген әдебиеттерде кездеседi. Алайда алаяқтықтың заты құқық болады деген бiршама түсiнiксiздiкке әкелiп соғатын секiлдi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншікке қарсы қылмыстарды жіктеу
ТОНАУ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Қарақшылық қылмысының сараланған және аса сараланған құрамдары
Меншікке қатынасты қылмыстар
Меншікке қарсы қылмыстың түрлері
Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты және меншікке қарсы қылмыстардың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
БӨТЕН МҮЛІКТІ ТОНАУДЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ БӨТЕН МҮЛІКТІ ҰРЛАУДЫҢ НЫСАНДАРЫМЕН БАЙЛАНЫСЫ
Мүлікті қорғаудың қылмыстық құқықтық маңызы
Бөтеннің мүлкін талан-таражға салу
Меншікке қарсы қылмыстар түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz