Тауар белгілерінің үлгісі


ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
МЕМЛЕКЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ
Қорғауға жіберіледі
Кафедра меңг.
(тегі, аты-жөні)
«»20 __ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Тауар белгісі мен
қызмет көрсету белгісіне құқық
050301 «Құқықтану»
Орындаған: Мырзақұлова Ә. Қ., ЮКВ-2-6. с/б
Ғылыми жетекшісі: з. ғ. к., профессор Әбішев Х. Ә.
АСТАНА 2009
ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасы
Мамандығы: 050301 «Құқықтану»
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі
з. ғ. к., профессор Әбішев Х. Ә.
«__» 2009ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСҚА ТАПСЫРМА
Студентке
(фамилия, имя, отчество)
1. Дипломдық жұмыстың тақырыбы
,
« » 200__ ж. № институт бұйрығымен бекітілген
2. Студенттің жұмысты тапсырған мерзімі:
1 бөлім
2 бөлім
3 бөлім
3. Аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі:
4. Алынған мәліметтер:
5. Студент қарастырған сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны:_
Ұсынылған әдебиеттер тізімі:
Тапсырма берілген күн «» 200__ ж.
Ғылыми жетекшісі
(Аты-жөні, қолы)
Студент тапсырманы орындауға
қабылдады
(Аты-жөні, қолы)
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Тауар белгілері ежелден бері танымал. Осыдан З мың жыл бұрын Үнді қолөнершілері өзінің көркем шығармаларын Иранға жіберу алдында әртүрлі ерекше белгілерді басқан. Кейіннен римдік қолөнершілер өзінің саз өнімдеріне атақты FORTIS секілді фабрикалық белгілерді қолданды. Бұл белгілердің дәрежесі өскені соншама, саудада олардың көшірмесі және сол таңба басылған жалған тауарлар көбейіп кетті. Тауар белгілерін қолдану саласы орта ғасырлық сауда жағдайында кеңейе түсті. Фальсификацияны тоқтату үшін құқықтық қорғау шаралары қажет болды. Англияда мұндай бұзушылықтарға қарсы қорғау шаралары соттар арқылы жүзеге асты. Тауар белгісінің иесі басқа адамдарға сол белгіні қолдануға тыйым салу құқығына ие болды, яғни тауар белгісі құқықтық деңгейде қорғала бастады. [1]
«Тауар белгісі» сөз тіркесі кез келген адамға таныс, бірақ кез келген адам оның не білдіретінін білмейді. Бұл сұраққа патенттік сенім өкілдері және патентовед секілді мамандар жауап бере алады. Тауар белгісі туралы ақпарат өндірушілер мен тұтынушыларға да пайдалы.
Қазіргі уақытта тауар белгілері (ағылшын тілінде қысқартылған атауы ТМ) барлық жерде қолданысын табуда. Мысалы, бүкіл әлемде Пепси-кола, Кока-кола алкогольсіз сусындарының тауар белгілері жақсы ажыратылады. Бірнеше елде бизнесін жүргізіп жатқан фирмалардың өзара бәсекелестігі тауар белгілерінің рөлін нығайтып жатыр. Тұтынушылардың тауарлар мен қызмет көрсетулерді өзара ажыратуды және олардың сапасы мен бағасын анақтауды жеңілдету үшін тауар белгілерін қолданады. Осылайша, тауар белгісін тұтынушыларды қызықтыру үшін қолданатын құрал ретінде қарастыруға болады.
Көптеген мемлекеттерде өзінің өнертабыстарын, тауар белгілерін қорғау жүйесін қалыптастыру кезінде халықаралық деңгейде өндірістік мешік туралы заңнамаларын бірыңғай түрге келтірудің қажеті туды. XIX ғ. аяғында өндрістік меншікті қорғау саласында бірнеше халықаралық келісімдерге қол қойылды. Олар: 1883 ж. Париж конвенциясы, 1891ж. тауар белгілерін халықаралық тіркеу жөніндегі Мадрид келісімі және т. б.
Дипломдық жұмыстың мақсаты ретінде тауар белгісі мен қызмет көрсету белгісін тіркеу, пайдалану, қорғау, тоқтату құқықтарын еліміздің заңнамаларына сай түсіндіру.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі ретінде Қазақстанның халықаралық деңгейде алдыңғы қатарлы 50 елдің тізіміне және Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына кіруінің бірде бір талабы ретінде зияткерлік меншік саласын дамыту арқылы жағдай жасау. Еліміз дүние жүзілік Сауда Ұйымына кіру табалдырығында тұрғаны белгілі, бұл өз кезегінде жоғары индустриялық-техникалық және өндірістік дамуды талап етеді. Ал біздің ортақ міндетіміз ғылыми ізденіс, ұлттық тауар белгілерімен қорғалған бәсекеге қабілетті отандық тауарлар мен қызмет көрсетуді енгізу және өндіруін ұлғайту. ДСҰ-ға кірудің негізгі шартарының бірі ұлттық заңнаманы Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектісі жөніндегі келісімге (ТРИПС) сәйкес одан әрі жетілдіру болып табылады.
Дипломдық жұмыстың негізгі ақпарат көзі ретінде алынған нормативті құқықтық актілері - Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі мен «Тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі және тауар атауының шығу жері туралы» Заңы.
Дипломдық жұмыстың объектілері - тауар және қызмет көрсету белгілері.
Одан басқа дипломдық жұмыста тауар белгілерін Қазақстан Республикасында тіркеу, сараптама жүргізу процесі толығырақ түсіндіріледі және тауар белгісін алу үшін өтінім беру процедурасының мазмұны ашылады. Сонымен қатар, еліміздің инновациялық даму және кәсіпкерлікті жандандыру жағдайында тауар белгілері жөнінде жүргізіліп жатқан шаралар және бағдарламалар аясында заңнамаларды толықтыру және өзгерту мәселелері қарастырылған.
- Тауар белгісі және қызмет көрсету белгісі туралы түсінік
Тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі ресми түрде тіркелген немесе кейбір халықаралық шарттарға орай тіркеусіз қорғалатын, бір заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын (қызметін) басқа заңды немесе жеке тұлғаның біртектес тауарларынан (қызметінен) ажырату үшін қызмет ететін белгі. [2]
Белгілеу тауар белгісіне, қызмет көрсету немесе басқа сөзбен айтқанда құқық қорғау объектісіне айналу үшін ол бірнеше талаптарға сай болуы тиіс. Тауар белгісі не қызмет көрсету белгісі шығарылатын өнімнің сыртында немесе оның құжатында көрсетілген шартты белгілеу, символ ретінде көрсетіледі. Бұл шартты белгілеу тауар өндірушінің толық және шынайы атауының қысқартылған баламасы болып табылады. Сондықтан да, тауардың сыртында орналасқан өндірушінің толық атауы, шығарылған жері, әдісі, сапасы және қасиеті туралы ақпарат тауар белгілеріне жатпайды. Осы көрсеткіштерді біріктіретін, оңай айтылатын және есте қалатын шартты белгілеу қолданылып, осы белгілеу тауар белгісіне не қызмет көрсету белгісіне айналады. [3]
- Тауар белгісі
Көпетеген елдердің заңдары бойынша тауар белгі ретінде саналатын шартты белгілеулерге абсолютті емес, салыстырмалы жаңашылдық ұстанымын пайдаланады. Осыған байланысты, халықаралық келісімге қайшы келмейтін жағдайда, белгілі бір елде тіркелген тауар белгісімен бірдей деп танылған тауар белгісінің басқа елде қолдануына кедергі жоқ.
Жаңашылдық белгісі басымдық түсінігімен тығыз байланыста. Тауар белгісінің жаңашылдығы басымдық мерзімі бойынша анықталынады, ал басымдық мерзімі Патенттік органга тауар белгісін тіркеу өтінімі келіп түскен уақыты бойынша белгіленеді. Сонымен қатар, тауар белгісінің басымдығы Өндірістік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясының мүшесі болып табылатын шет елге тауар белгісін тіркеу өтінімі келіп түскен мерзімі бойынша да анықталынады. Осылайша тауар белгісінің жаңашылдығының мәні тауар белгісі деп танылған белгілеу тіркелген, тіркеліп жатқан немесе халықаралық келісім бойынша қорғалып жатқан тауар белгілерімен бірдей болмау керектігінде. Егер белгілеу белгілі бір тіркелген тауар белгісінің барлық элементтері бойынша бірдей және сол тауардың класына жататын болса, онда бұл белгілеу бірдей болу белгісіне ие.
Негізінде бірдей болу белгісін табу қиынға соқпайды. Мысал ретінде, Ресей өз кезегінде «Шнейдер унд Корн» атты батыс германиялық фирмасының «Chelios» атты тауарлардың 14 класы бойынша тіркеуге қарсылық білдірді. Оның себебі, Ресейде ертеректе тауарлардың 14 класы бойынша швейцариялық фирманың «Хелиос дорложери» атты тауар белгісі тіркелген еді. [3]
Тауар белгілерінің өзара ұқсас болу жағдайында мәселелер қиынырақ шешіледі. Қазақстан Республикасының Заңнамасында тауар белгісі ретінде танылу мүмкін белгілеу тіркелген тауар белгісімен өзара араласу деңгейіне дейін ұқсас болса, онда бұл белгілеу тіркелмейді. Әрине бұл нұсқау көбінесе абстракты тұрғыда қарастырылады, бірақ сонда да ол кейбір айқындықтарды енгізеді. Мысалы, тауар белгісінің кейбір элементтері ұқас деп танылуы тауар белгісін тіркемеуге себеп болып танылмайды. Ең бастысы тауар белгісі тұтынушылар үшін тіркеледі, сондықтан да ұқсастық белгілерін бағалау тек кәсіби тұрғыдағы дизайнер, суретші, графиктердің тапқан ұқсас белгілеріне негізделмей, сонымен қатар арнайы білімі жоқ қарапайым тұтынушы тұрғыда қарастырылуы тиіс. Көптеген әдебиеттерде белгілеулердің ұқсастық белгісін анықтау үшін бірнеше факторларды қолданады.
Мысалы, сөз белгілерінде бастапқы және соңғы буындарға, буын санына, дауысты және дауыссыз дыбыстарының байланысына көп көңіл бөледі, бейнелеу белгілерінде бейнелеу мотивтеріне, ал аралас белгілеулерінде бейнелеу және сөз элементтердің жекелеп және бірыңғай қабылдануына назар аударады.
Бірдей деп танылған тауар белгісіне әріптер мен буындар қосу арқылы араласу деңгейін кетіруге болмайды. Мысал ретінде, Ресейде батыс германиялық фирманың фармацевтикалық препараттар үшін арналған «Cirisol» тауар белгісі бойынша сараптама жүргізу нәтижесінде ертеректе тіркелген американдық фирманың «Ceritol» атты тауар белгісі табылды. Осыған байланысты «Cirisol» тауар белгісін тіркеуге жол берілмеді. Белгілі бір класс бойынша «Инд. С. Оливетти Энд Ко СПА» фирмасының «Quanta» тауар белгісі ертерек тіркелген «Эймс Компани ИНК., Элкхарт» америкалық фирманың «Quantab» атты тауар белгісіне ұқсас деп танылып, ол тіркеуден өтпеді. [3]
Белгілеу заңды түрде тіркеуден өткен соң ғана тауар белгісіне айналады. Тауар белгілерін қалай және қандай тәртіппен тіркеу сұрақтары кейінірек қарастырылады. Тіркеуден өткен соң ғана белгілеуді тауар белгісі ретінде және құқықтық қорғаудың жеке объектісі ретінде қарастыруға болады. Қазақстан Республикасының Заңнамалары елімізде тіркелмеген тауар белгілерін қорғамайды, халықаралық міндеттемелерді қабылдау күшіне қарай бұл тізімге жалпыға әйгілі тауар белгілері кірмейді. Сондықтан да жалпыға әйгілі белгілеулерден басқа барлық тіркелмеген белгілеуді толығымен қолданып, оған айрықша құқық сұрауға ешкімнің құқысы жоқ.
Тауар белгілерін оған ұқсас болып келетін өндірістік меншіктің басқа объектілерінен айырып білу керек. Мысалы, тауар белгілеріне өте ұқсас болып келетін фирмалық атауларды алуға болады. Оларды айырып білу қиындықтары қолданушының тауар белгісі мен фирмалық атаулары ұқсас болған кезде туады. Оның себебі белгілі бір өндірушілердің тауар белгісі басқа бір өндірушілердің фирмалық атауына ұқсас болу жағдайында, басқаша айтқанда, тұтынушылар тауар белгісі мен фирмалық атауларында адасуы және алдануы әбден мүмкін. Сондықтан да заң бойынша бір өндірушінің тауар белгісі басқа біреудің фирмалық атауымен араласу деңгейіне дейін ұқсас болмауы тиіс.
Фирмалық атаулар мен тауар белгілерінің арасында келесі айырмашылықтар бар: фирмалық атауға қарағанда тауар белгісі тек қана сөз белгілеу күйінде ғана емес, сонымен қатар бейнелеу және аралас белгілеу күйінде де кездеседі, тауар белгісі міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс, ол мерзімдік сипатта болады және келісімшарт бойынша басқа тұлғаға берілуі мүмкін.
Тауар белгісін өндірістік үлгілерден айырып білу қажет. Өндірістік үлгі өндірістік бұйымның құрамды бөлігі (пішіні, түсі, бұйым суреті) болып табылады, ал тауар белгісі (сурет, сөз) бұйымның бетіне басылады. Егер тауар белгісі көлемдік сипатта болса (бұйымның өзіндік пішіні ретінде), онда оны өндірістік үлгіден ажырату қиынға соғады. Бұл жағдайда бұйымның пішіні тауар белгісі ретінде де және өндірістік үлгі ретінде де қорғалуы мүмкін. Олардың тек функциялары ғана өзгеше болады: тауар белгісі өндірушіні таныту үшін ғана бағытталса, өндірістік үлгі өз түрімен тұтынушыларды қызықтыруға ғана бағытталады.
Тауар белгісі орындайтын функциясы бойынша өндірістік маркаларға ұқсайды. Олардың екеуі де тұтынушыға өндірушінің атын таныту үшін бағыталады. Бірақ екеуі былайша ерекшелінеді: өндірстік марка басылған кезде тұтынушыға өндіріс жағдайы мен тауардың сапасы туралы ақпарат міндетті түрде жетеді, ал тауар белгісі басылған кезде өндіруші туралы ақпарат шартты түрде бейнеленеді. [4]
Заң бойынша тауар белгісі және қызмет көрсету белгісі ретінде бір-бірінен бейнелеу пішіні, қолдану саласы, қолданушылар саны бойынша ерекшелінетін әр түрлі белгілеулерді қарастыруға болады.
Бейнелеу пішіні бойынша тауар белгілері әріптік, сөздік, сандық, көркемдік, көлемдік және аралас болуы мүмкін.
Сөз тауар белгісі, мамандардың айтуынша, ең тиімді болып табылады. Олар көбінесе өзіндік сөз, сөз тіркесі немесе фраза болып табылады. Сөз тауар белгілерінің кең қолданылу себебі - олардың тез есте қалуы, жарнамаға тиімділігі және өзара оңай ажыратылуы. Олардың көбісі мағыналық жағынан, сөздің жақсы естілуі жағынан және қысқа сөз болу жағынан тұтынушылардың қызығушылығын өзіне аударады.
Алғашқы уақыттарда сөз тауар белгілері ретінде атақты адамдар, көркем шығармалардың батыры, мифологиялық кейіпкерлер (Наполеон, Гамлет, Прометей), жануарлар, құстар, өсімдіктер, асыл тастар атаулары (Арыстан, Сокол, Клен, Алмаз), табиғи құбылыстар, аспан денелері, географиялық объектілер (Таң, Комета, Эверест) және т. б. танылды. Ежелгі тілден бастау алатын сөз тауар белгілері (Lactos, Sanorin) де кең қолданысқа түсті. Қазіргі уақытта жоғарыда аталып кеткен және оларға ұқсас атаулар көбейіп кету салдарынан, жасанды түрде пайда болған сөздерден тұратын тауар белгілері кең колданысқа түсуде. Жасанды пайда болған сөздер (нелогизмдер) жаңа затты, препаратты, приборды, материалды белгілеу үшін көп қолданылады. Мұндай тауар белгілерінің жаңашылдығы пен өзінділігі бар және олар көбірек қорғалу қабілеттілігіне ие. Мұндай тауар белгілері көбінесе фармацевтикалық препараттарда және дәрі-дәрмектерде (Тестифенон, Кортифен) кездеседі. Көбінесе сөз тауар белгілері өндірушінің фирмалық атауымен байланыста болады және оның құраушы элементі болып табылады. Кей кезде сөз тауар белгісі ретінде сөз тіркестері мен қысқаша фразаларды алуға болады. [4]
Бейнелеу тауар белгілері - сурет, орнамент, символ, жануарлар мен құстардың, әртүрлі нәрселердің бейнесі күйіндегі белгілеулер. Бейнелеу тауар белгілері сөз тауар белгілеріне қарағанда тиімділігі аз болса да, барлық тіркеліп жатқан тауар белгілері арасында оның орташа үлесі 70 % тең. Бейнелеу тауар белгілері тарихта және мәдениетте танымал ескерткіштер, архитектуралық ғимарат, географиялық объект, орнамент, тауар түрінің бейнелері күйіндегі әртүрлі белгілеулер. Бейнелеу тауар белгілері арасында абстрактылы және символды бейнелер кең тараған. Бейнелеу тауар белгілерінің жетістігі негізінен жарнамалық жағынан қарапайым, көзге түсетін, тиімді бейнелерге байланысты болады. Оған қайшы болып келетін көптеген бөліктермен күрделіндірілген бейнелеу тауар белгілерінің тиімділігі төмен болып келеді.
Сурет 1. Тауар белгілерінің үлгісі
Кока-Кола® компаниясы Пепсико, Инк. ® корпорациясы
Көлемдік тауар белгілері - үш өлшемді (ұзындығы, ені, биіктігі) бейнелермен көрсетілген белгілеулер. Көлемдік тауар белгісінің объектісі ретінде бұйымның өзіндік пішінін (сабын, шырақ, пилюля пішіні) немесе тауар орамасының пішінін (бөтелке, флакон пішіні) алуға болады. Көлемдік тауар белгісі белгілі бір заттың пішінін қайталамау керек, ол жаңашылдық және өзіндік белгілерге ие болу қажет. Одан басқа бұйымның пішіні оның тек функционалды міндетіне қарай таңдалмауы қажет. Тауар пішіні өзіндік қасиетке ие болуы керек және біртектес тауарлардың арасынан ажыратылуы тиіс. Көлемдік тауар белгісінің кең тараған түрі - ол тауарлардың өзіндік ерекше орамасы. Мысалы, «Левико» атты таллиндік өндірістік бірлестіктің шығарып жатқан ликерына өзіндік бөтелке пішініне куәлік берілді. Ликер бөтелксінің пішіні ескі мұнараға ұқсап жасалынған. [5]
Аралас тауар белгілері жоғарыда аталып кеткен барлық белгілеулерден құралады. Көбінесе мұндай тауар белгілер сурет пен сөз, сурет пен әріп, сурет пен сан, сөз бен сан және т. б. байланыстардан құралады. Көбінесе мұндай белгілер мазмұнға ие және бір-бірін жақсы толықтырады. Негізінен тауарды сипаттайтын сурет пен сөз мағына жағынан да, үйлесім жағынан да ортақ бірлікте болуы жөн. Аралас тауар белгілердің ең көп тараған түрі - ол этикеткадағы белгілі бір түстегі сурет пен сөздің үйлесімі. Мысалы, әйгілі «Красный октябрь» мәскеу кондитерлік фабрикасы шығарған «Мишка-Косолапый» кәмпитін қарастыруға болады. [3]
Соңғы уақыттарда нарықтарда тауар белгілерінің тағы бір түрі голограмма күйіндегі белгілеулер көбейіп жатыр. Егер кредиттік картаны алатын болсақ, онда оны әртүрлі бұрыштан қараған кезде оның бетінде кішкентай бейнелерді көруге болады. Онымен қоса, сирек болса да дыбыстық белгілер де қолданылады. Көбіне оларды жарнамалық телефон шалу кезінде пайдалынады. Кейбір елдерде иіс белгілеулері де тауар белгі ретінде қорғауға алынады. Тауар белгілерінің ең басты көрсеткіші - ол ерекшелік қасиетіне ие болу және тұтынушыны адастырмау тиіс.
Сурет 2. Галограмма үлгісі
Тауар белгілері тағы да қолданушы субъектілердің санына қарай бөлінеді: жеке және ұжымдық тауар белгілері. Ұжымдық тауар белгісі - айрықша құқығы бар заңды тұлғалардың бірлестігі және сол бірлестіктің мүшелері қолданатын тауар белгісі. Ұжымдық тауар белгісі жеке тауар белгісіне қойылатын талаптардың бәріне сай болуы тиіс. Бірақ оларды қолдану кезіндегі құқықтық режимі өзгешелеу болады. [5]
Ең алдымен, мұндай ұжымдық тауар белгісі тек мекемелердің бірлестігінің меншігінде болады. Тауар белгісіне тек қана бірлестіктің айрықша құқығы болады. Бірлестікті құраушы мекемелер тауар белгісіне жекелей айрықша құқыққа ие бола алмайды. Екіншіден ұжымдық тауар белгісіне бірлестіктің құрамына кіретін және жеке тауар белгісін алуға құқығы бар мекемелер ғана иелік ете алады. Ұжымдық тауар белгісіне құқығы бар бірлестікке кіретін мекемелер Тауар белгілерінің мемлекеттік тізіміне тіркеледі. Ұжымдық тауар белгісі бірлестікке кірмейтін мекемелерге қолдануға берілмейді. Үшіншіден мекеме-мүшелер өзінің тауарларында ұжымдық тауар белгісін қолдануымен қатар, өзінің жеке тауар белгілерін қолдануға құқығы бар. Төртіншіден, ұжымдық тауар белгісіне сұраныс білдірген тауарлардың бірыңғай сипаттамалары мен сапасы бірдей немесе ортақ болуы керек. Бесіншіден, ұжымдық тауар белгісінің иегері болып табылатын бірлестік сол тауар белгісін қадағалауға құқысы бар. Алтыншыдан, ұжымдық тауар белгісін пайдалануға арнайы құжат (ұжымдық тауар белгісінің уставы) керек. Оны бірлестіктің өзі жасап шығарады да, ұжымдық тауар белгісін тіркеу кезінде өтініммен бірге беріледі.
Тауар белгісі ретінде бейнелеу, сөз, әріп, цифр, көлем белгілері және езге де белгілер немесе бір тұлғалардың тауарлары мен қызметтерін басқа тұлғалардың біртектес тауарларынан немесе қызметтерінен ажыратуға мүмкіндік беретін олардың аралас үлгілері тіркелуі мүмкін.
Танымал дәрежесіне қарай тауар белгілері қарапайым және танымал болып бөлінеді. Қарапайым тауар белгілеріне қорғау құқығына ие бола алатын кезкелген жаңа өзіндік белгілеулер жатады. Оларды қорғау мен жалпыға таныту үшін мемлекеттік тіркеден өткізу керек. Танымал тауар белгілеріне белгілі тауар түрлерінің ішінде тұтынушылардың үлкен бөлігіне таныс болатын белгілеулер жатады.
- Қызмет көрсету белгісі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz