Тәуелсіздік үшін соғыс



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 3
1-тарау. Америка төңкерісінің алғы шарттары 5
2-тарау. Тәуелсіздік үшін соғыс 12
3-тарау. Америка Құрама Штатының тәуелсіз даму арнасын
саяси және құқықтық жағынан негіздеу 16
Қорытынды 27
Пайдаланылған әдебиеттер 29

Кіріспе

XVII-XVIII ғасырларда Солтүстік Американың Атлантика мұхиты
жағалауында 13 отар құрылды. Отарлардағы адам саны 2,5 млн.-дай еді. Оның
жарты миллионы африкалық негрлер болатын. Отарлықтар Американың жергілікті
тұрғындарын үндістерді құлдыққа көндіре алмады. Көпшілік қоныстанушылар
Еуропадан, оның ішінде көбі Англиядан келгендер еді. Отарлардың мемлекеттік
құрылыстары Англияның өзіне өте ұқсас болатын. Олардың ішкі істердегі
автономиясы король бекіткен қағаздармен айқындалды. Қоныс аударушылар
өздерімен бірге Американ отандарында қолдана алмайтын ескі еркіндіктерін,
кейбір биліктерін ала келді. Олар табиғи заңдылықтар іліміне сүйене отырып,
өз заңдарын құрды. Отарлар феодализм тәртіптерін білген жоқ. Олардың
экономикалық дамуы XVII ғасырда қалыптасқан буржуазиялық қарым-қатынастар
негізінде өрбіді.
Ағылшын мемлекеті отарларға тауар өткізетін нарық және шикізат көздері
ретінде қарады. Олар жаңадан пайда болып келе жатқан американ
буржуазиясының мүдделеріне мейлінше қысым жасады. Америка тұрғындарына құл
сатумен айналысуға рұқсат етілген жоқ, тауарларды тасымалдаумен тек
ағылшындар айналыса алатын болды, өнімдері шығарылмады. Георг III
фермерлерге Аллеган тауларының ар жағындағы жерлерді иеленуіне тыйым салды.
Америкадағы мақта, темекі, жүгері құнының төмен болуы, ағылшын тауарларының
қымбаттығы плантаторларды жиі-жиі банкроттыққа ұшыратып отырды. Еуропа
мемлекеттерінен әкелінген тауарларға төлейтін салықтарды көбейтті және оны
күміс ақшамен төлеуге мәжбүр етті. Бірақ Англияның Америка отарларын
бағындыра, ырқына көндіре ұстамақшы болған, экономикалық дамуын тоқтатпақ
болған әрекеттері Америка халқының үзілді-кесілді батыл қарсылығына тап
болды. Соның салдарынан тәуелсіздік жолындағы күрес басталды. Осы тұста
Америка Құрама Штаттарының негізін қалаушы ірі қоғам қайраткерлері,
Тәуелсіздік декларациясының авторлары тарих сахнасына шығып, әлемде ірі
мемлекеттің негізін қалады. Сондықтан да қазіргі кезде дүниежүзіне саяси-
экономикалық және әскери жағынан болсын айрықша ықпал етіп отырған алып
мемлекеттің құрылу тарихы, сол бағыттағы іс-әрекеттері мен ой-пікірлері
жайында зерттеулер жүргізу тәуелсіз мемлекет құрып, жаңа даму арнасына
түскен біздің еліміз үшін де маңызды болмақ. Сол себептен де мен осы
тақырыпты курстық жұмысқа арқау етіп отырмын.

1-тарау. Америка төңкерісінің алғы шарттары

Солтүстік Американың Атлант жағалауындағы бірінші ағылшын отары ХVІІ
ғасырдың басында құрылды.
Америкаға алғашқы британ қоныстаушыларының келгеннен бастап,
ағылшынның солтүстік американдық отарларындағы азаттық қозғалысының
басталуына дейін бар-жоғы 150 жыл өтті.
Британияның отарлары Еуропалық қоныстаушылардан бос еді. Бірақ
америкалық абориген-үндістерді өз жерлерінен ығыстыра отырып орналасқан.
Отаршылдар үндістерден ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруді, шаруашылық
әдістерін және аң аулауды үйренді. Өз өмірлерінде үндістер мәдениетінің
әсері сезінді. Үндістер оларға алғаш кезде азық-түлікпен көмектесті. Бірақ
сол Американың негізгі халқын отаршылдар өлім жағдайына жеткізсе де, оларды
13 отарда жұмысшылар жетпей жатса да, құлға айналдыра алмады.
ХVІІ-ХVІІІ ғ.ғ. аралығында Солтүстік Америка жағалауының ортаң
белінде тағы да 12 отар орналасты.
Ағылшындар жергілікті тұрғын халықты жойып олардың орнына Африкадан
құлдар алып келді. Оңтүстік және солтүстік отарлардың экономикалық ахуалы
әртүрлі болды, оңтүстік колониялар ауыл шаруашылық плантаторлық қызметпен
айналысты және оларда құл жұмсау кең орын алды. Солтүстік отарлар негізінен
мануфактуралық-өнеркәсіптік капиталистік қатынастары дамыған сипатта болды.
ХVІІІ ғасырдың 70-жылдары отарлардың тұрғылықты халқы 3,5 млн. адамға
жетті, сонымен қатар 500 мыңға жуық құлдар болды.
Американ төңкерісі отарлардың біртұтас мемлекетке бірігуі үшін
объективті жағдай жасағаны мәлім.
Төңкерістің қайнар көздері Америка экономикасы үшін дәстүрлік жолмен
дамыды. Метрополия мұхиттың ар жағына өзінің шаруашылық өнімдерін шығару
арқылы олардан көп табыс (кіріс) алып отырды. Отарлардың еншісі британ
шаруашылығы үшін негізгі материал, шикізат жеткізуші болып табылатын.
Олардың қарым-қатынастары пайда табу негізінде құрылған.
Англияның бұлай қарай тасымалдағаны кеме бөлшектері, шойын, ауыл
шаруашылық өнімдерінен бидай, күріш, индиго. Сауда өте қиын жолмен
жүргізілді. Ағылшын буржуазиялық төңкерісі кезінде 1649 жылы қабылданған
Навигациялық акт сауданы тек ағылшын су жол қатынастарымен өткізуді қажет
деп тапты. Саудаға қатысатын кемелердің капитандары болып тек ағылшын
мемлекетінің азаматтары тағайындалатын.
Өздеріне қатыссыз сауданы басқа елге жіберуге отарлардың құқығы болған
жоқ. Барлық заттар Лондон арқылы өтуге тиіс болды. Сауда жүргізгені үшін
олар Англияға үлкен баж салығын төледі. Бірақ Навигациялық акт бекіткен
сауда шарттары Америкаға белгілі бір пайда берді. Англия Еуропаның ең бай
және прогрессивтік мемлекеттерінің бірі. Оның тауарларының сапасы өте
жоғары болатын. Сондықтан олар дамыған елдердегі жеңіл өнеркәсіпті
пайдаланды. Одан басқа отарлар Британ кредиттерін пайдаланып, британ әскері
мен флотының қол астында болды. Ағылшын жеке меншігіне қол сұққан адамдар
өте қатты жазаға кесілді, көбіне ол өлім жазасы болатын.
Ағылшын кемелерінің төрттен бір бөлігі отарларда жасалды. Отарлар
жасырын жолмен контрабандамен айналысатын. Олар жергілікті өкіметпен шарт
жасасып, қалпақ, етік, жиһаз тағы басқа заттарды жасай бастады.
1769 жылы ағылшындар сауда палатасын құрды. Ол жеңіл өнеркәсіптегі
ағылшын монополиясын қолдады. Бірақ бәрібір өсу қарқыны жоғарылаған жоқ. 10
американдықтың тоғызы ағылшын киімін киді. Үлкен табыс әкелген ол үштік
сауда. Үндістаннан барлығы қант шығарды, ал Жаңа Англия одан ром шарабын
жасатып, сөйтіп, оған Африкадан құлдар сатып алатын.
Революцияға дейін ұлтаралық жағдай үлкен масштабты қамтыды, яғни,
Америкада ортақ нарық болды. Бұл капиталистік экономиканың бірден
жоғарылауына мүмкіндік туғызған еді. Американдықтардың негізгі шаруашылығы
ауыл шаруашылығы болғаны мәлім.
Америкадағы халықтың әлеуметтік құрамы өте ерекше. Феодал лордтар
бүкіл жерлерінің оннан тоғызының қожасы. Жұмысшы күші ағылшын
"зандастырылған малайлары", олар Англиядан кезінде Америкаға жете алмай,
ақшалары жоқтығынан кеме иелерімен шартқа отырып, солардың малайлары
боламыз деп міндеттеме алғандар еді. Бірақ Америкаға келгеннен кейін олар
біршама жұмыс істеп, өздеріне жер алды да, американ фермерлеріне айнала
бастады. Жердің молдығы оларды көп уақыт езгіге салуға мүмкіндік берген
жоқ. Американың жарты миллион адамы Африка негрлері оңтүстікте
плантацияларда жұмыс істейтін еді. Америка халқының көбін ерікті фермерлер
мен қолөнершілер құрайтын.
XVIII ғасырдың ортасында отарлардың саяси құрылысы былай қалыптасқан
болатын: губернатор жергілікті ақсүйектерден немесе қызметкерлерден
сайланды. Кейбір отарлар губернаторларды өздері сайлайтын еді. Отарлар үшке
бөлінді: қызметкерлердің басқаруымен болған жергілікті отарлар, жеке
отарлар, жеке адамның иесі, оларды сол отардың иесінің өзі басқарды және
ағылшындардың негізінде құрылған, өзін-өзі басқаруға келген отарлар.
Отарлардың басында губернатор тұрды, оны ағылшын королі тағайындайды немесе
отардың халқы сайлап қояды.
Америка төңкерісінің көп ерекшеліктері болды. Оны тапсыз күрес деп
атайтын. Ол бүкіл Америка халқының тәуелсіздігі үшін, бостандығы үшін
өткізген күресі. Бірақ революцияға қатысқан адамдар ағылшын әдеттеріне
сәйкес лоялистер тори және патриоттар деген екі топқа бөлінген еді.
Лоялистер корольді жақтаушы топтар. Патриоттар метрополиялық саясатқа
қарсы, ескі отарлық режимді бейнелейтін жеңілдікке ие сословиеның
дұшпандары. Оның басты тірегі төменгі, ортаңғы қала тұрғындары,
қолөнершілер мен ұсақ тауар иелері мен фермерлер. Олар өздерінің жер меншік
иесіне кіріптарлығын (басы байлығын) жоюға күш салды, ең бастысы
скваттерлер патриоттардың құрамына дәулетті топтар көпестер,
контрабандистер, буржуазиялар кірді, олар Америка жеңіл өнеркәсібімен
байланысты болатын. Торийлерге губернаторлар, сот қызметкерлері, кеден
қызметкерлері, отарлау әкімшілігі, жер ақсүйектері, кейбір плантаторлар мен
ағылшын шіркеу иелері жататын.
6070 жылдардағы оқиға азаттық қозғалысымен және америкалық
революцияның өзгеруімен тығыз байланысты. Осы жылдары революциялық күш
қалыптасты, сондай-ақ тәуелсіздік үшін күрестің әдістері мен ұйымдастыру
тәжірибесі құрылды. Тәуелсіздік үшін күрес негізінде келесі төрт мәселе
шешілуге тиісті еді: құлдықты жою, Аллеган тауларының жанындағы жаңа
жерлерге қоныс аудару, өнеркәсіп пен сауданың бостандығын алу және отарлық
әкімшіліктің тәуелсіздігін қорғау.
Отарлардағы азаттық демократиялық қозғалыстың басталғанына 20 жылдай
өткен еді. Ол Англиядағы жеті жылдық соғыстың (1756-1763) жеңісіне тікелей
байланысты. Олар Канададан француздарды ығыстырып шығарып, өздерінің қатаң
режимдерін енгізуге тырысты. Англия өкіметін жақсарту жолында бірнеше
қаулылары шықты, соның арасындағы 1765 жыл 22 наурыздағы елтаңба жөніндегі
заң көп наразылық туғызды. Соғыс аяқталғаннан кейін Англияның 340 млн. фунт
стерлинг қарызы жиналды. Жаңа заң оның 60 млн. фунт стерлинг пайда беруге
тиісті еді. Салық заңының бабы бойынша барлық баспа орындарына, заң
құжаттарына некелік контракт, сауда келісімдеріне, ұрпақ жөніндегі қағаз
және басқа да ресми құжаттарға салық салынды. Бұл салықты ағылшын
қызметкерлері емес, отарлау әкімшілігіндегі арнайы уәкілдік қызметкерлері
жинады. Ал бұл мәселені тексеріп, іске асырушы британ вице-адмиралтейстік
соты. Англия жағынан жасалған қысымға қарамастан, отарлар жедел дамыды және
капиталистік өндіріс қатысынан Америка революциясы ұшқындады.
Оның тікелей себебі ағьлшын үкіметінің қатаң істері, Аллеган жерлерін
пайдалануға қарсы шыққан корольдің бұйрықтары. 1764 жылы Еуропадан
Америкаға әкелінген заттарға баж салығына кіргізе бастады. Қоныстанушылар
ағылшын солдаттары үшін казарма салуды және оған кезекшілік орнатуды
енгізді. Бұл кезде ағылшын әскерлерінің саны өсе түскен. Отарларға кредит
билетімен кіруге болмайтынына байланысты елтаңба туралы заң шығарылып, оны
1773 жылғы саудадағы шай туралы заң толтырды.
Виргиния Ассамблеясында Генри сөзінен кейін заң шығарушылар қарсы
шығып, осы заңға оппозиция құрды. Массачусетс ұсынысы бойынша 1765 жылы
қазанның 7 жұлдызында құрылықаралық Конгресс шақырылды. Америкадағы британ
отарларының құқығы мен шағымы жөнінде декларация қабылдаған осы Конгресс.
Халық салық жинаушылардың үйлерін өртеп, олардан салық алмау жөнінде ант
алды. 1766 жылы Англия парламенті салықты өзгертті. 1767 жылы жазда
Англияның парламенті Таушенд заңдары деп аталған үш заң қабылдады. Ағылшын
отарларының наразылығын туғызған осы заңдардың мазмұны. Таушенд заңдары
қабылданғанан кейін ағылшын мен американ қатынасы бірден нашарлады да, 1771
жылы бұл заңдар өзгертілді.
Америка халықтарының талаптарын былай бөлуге болады: біріншіден,
ағылшын жеңіл өнеркәсіп заттары отарларға әкелу үшін қызметкерлер мен сот
баж салығын жинайтын. Бұл заң провинциалдық ассамблеяның тексеруімен
отарлау әкімшілігінің аппаратына көп мүмкіндік туғызды. Америка кедендік
басқармасын құру жөнінде талап білдіртті, ол барлық сауданың зандарын
қадағалау үшін, қамтамасыз ету үшін керек болды. 1765 жылғы пәтер актісі
мойындалмай, Нью-Йорк провинциалдық ассамблеясының ісі тоқтатылған еді.
1773 жылы 16 желтоқсанда Бостон қаласының халқы ағылшын кемесі арқылы
келген шайды теңізге батырып жіберді. Англия Бостон портын жауып, оны
бүліншілік жағдайында деп мәлімдеді. Бостон және Массачусетс отарларымен
қарым-қатынасқа тыйым салды. Порттардың блокадасына ерегісіп, Конгресс
бүкіл сауда туралы ағылшын заңдарын жойып, король қызметкерлерінің меншігін
тәркілеуге ұшыратқан еді.
Отарлар метрополияға қарсы күресу үшін өздерінің күштерін біріктіре
бастады.
1774 жылы 5 қыркүйекте Филадельфияда I континенталдық Конгресс ашылды.
Оған қатысқандар көпестер, өсімқорлар, ірі плантаторлар. Бір жарым ай бойы
ол мәжілісін жасырын өткізді. Оған 12 отардың 56 өкілі қатысты. Конгресс
құқықтық Декларация қабылдады. Конгрестің мәжілісінде ағылшын парламентінің
соңғы актілері талқыланды. Отарлар өз заңдары, заң шығаратын жиналыстары
болатынын мәлімдеді. Ағылшындар болса, мемлекеттің репрессивтік актілерін
өзгерту керек деп талап етті. Бірақ Конгрестің сол кезде алынған актілері
және өткізген саясаты шалағай болатын. Олар соғыс жөнінде және
метрополиядан беліну жөнінде ойланған жоқ. Бұл Конгреске дейін Франклин
1748 жылы федерацияның жобасын жасаған еді. Бірақ Англия оны кейінге
қалдырып, ортаға салған жоқ еді. Ол мемлекеттің негізгі принциптерінің бірі
халықты бөліп басқару принципі. Сондықтан отарлардың арасында бытыраңқылық
болуы заңды.
Конгресс отарлар мен метрополияның арасындағы қайшылықты бейбітшілік
жолымен шешкісі келді, сондықтан олар корольге өте жұмсақ әдіс қолданды.
Оның белсенді шарттарына тек ағылшын тауарларына басталған бойкот және
Конгрестің қабылдаған екі актісі жатады. Негізінде 1774 жылы 28 наурызда
Конгресс метрополиядан бөлінуге қарсы екенін айтты. Бұдан кейін олар
Англияға қарсы қарулана бастады, қару-жарақ жинап, әскери оқулар өткізді.
1774 жылы 28 науырызда Виргиния Ассамблеясының мәжілісі болды. Онда
Патрик Генри сөз сөйледі. Оның "Бостандық немесе елім" деген сөзі әр
адамның жүрегіне жетті. Осыдан кейін Генридің аты аңызға айналуының негізі
бар. Егер Американ әскерінің қолбасшысы Джордж Вашингтон төңкерістің
семсері болса, Патрик Генри оның көркі, ал Томас Джефферсон ақылы болды.
Буржуазияның жоғарғы топтары, плантаторлық басшылықтары метрополиямен
тіл табысуға алып келді, бірақ халықтың көбі қарулы күреске дайындала
бастаған еді.
1776 жылы 10 мамырда Филадельфияда екінші Континенталдық Конгресс
ашылды. Бұның жұмысы 1779 жылға дейін созылып, ол революцияның негізгі
өкіметі болып қызмет етті. Ол қарулы күштің тиянақты қалыптасуы жөнінде
шешім қабылдады. Д. Вашингтон әскердің басшысы болып тағайындалды, ол
өзінің 2 млн. долларын қарулы күштің қолбасшысы болып тағайындауға жұмсады.
Оның соғысқа қатысқан белгілі тәжірибесі бар еді, ол плантаторлардың
басынан жеті жылдық соғысты өткізген болатын. Ол әскердің генералитетіне
сайланды. Екінші Конгресс тұсында соғыс тоқтаған жоқ. Конгрестің бірінші
актілері оның қызметінің қайшылықтарын көрсетеді. Депутаттардың бір тобы
Англиямен тіл табысып, жұмыс істеген дұрыс деп есептеді. Бірақ отарлардағы
жағдай, халықтың өзі Конгресті белсенді төңкерістік әдістерді қолдануға
мәжбүр етті. Отарлардың көбі өздерін республика деп жариялады.
Король Георг IV барлық отарлардағы жағдайды бүліншік жағдай деп
хабарлап, 2000 әскерді іріктеді, жалдамалы негрлер мен үндістерді де
әскерге қатысуға тартты. Бұл соғыс феодализмге қарсы күрестің қаруына
айналды. Соғыс бір елді екінші елге немесе езушінің езушіге қарсы күресі
ғана емес, оның қозғаушы күші. Төңкеріс әскерінің негізгі элементі
фермерлер, қол өнершілер, жұмысшылар. Төңкеріс басшылары, тура оның түпкі
шешіміне тән болып келеді, олар солтүстік және оңтүстік плантатор,
көпестердің қолында болды.
Отарларды басқару түрлі нысанда жүзеге асырылды: жеке меншіктегі
(Мэриленд, Пенсильвания), “халық басқаратын” (Коннектикут, Род-Айленд) және
орталықтан тағайындалатын (Англиядан) губернаторлар басқаратын “патша
колониялары”. Колониялық тұрғындар өздерін Англия патшалығының еркін
азаматтары ретінде таныды және оларға метрополии құқығы: Ұлы еркіндік
хартиясы, Құқық туралы билль, “жалпы құқық”, “әділдік құқығы” таралды.
Алайда, колонияларды метрополиидің шикізатпен қамтамасыз етуші базасы
ретінде ұстау және оларды тонау саясаты халықтың ашуын тудырып, ашық түрде
үкіметке қарсы көтеріліс жасауға әкеп соқты.

2-тарау. Тәуелсіздік үшін соғыс

Күресу координациясының тәуелсіздік үшін қозғалысы негізінде
“корреспонденция, қауіпсіздік және байқау комитеттері” құрылды. 1774 жылы
Филадельфия қаласында құрамы 55 делегаттан тұратын ең алғашқы
Континетальдық конгресс өтті. Ол жерде метрополияның кедендік және салықтық
саясатына қатысты наразылық білдіретін Құқық декларациясы бекітілді. Осы
Декларациямен қатар, сол кезде корольға петиция жазылды, онда колонистер
метрополияның қысым жасауын тоқтатуды сұранды. Ал ағылшын үкіметі оларға
қарсы соғыс әрекеттерін жүргізуді бастады. Сонда, 1775 жылы мамыр айында
Екінші континенталдық конгресс жиналды. Ол жерде Англияға қарсы соғыс
жағдайына баға беріліп, және американдық әскерді құру туралы шешім
қабылданды. Ол әскердің бас қолбасшысы болып Джордж Вашингтон тағайындалды.
Тәуелсіздік үшін соғыс басталды. Әрбір колония өзін тәуелсіз мемлекет –
штат ретінде жариялады.
1775 жылдың көктемінде ағылшын королы мен колонистер арасында соғыс
қимылдары басталды. Бұл былай болғанды. Ағылшындар Бостоннан қала маңындағы
зеңбіректі, жүк арбасын, ок-дәріні, оқты, ұнды – қысқасы, американ
колонистері жасаған бүтін бір жасырын әскери қойманы басып алу үшін екі
полк король әскерін жіберді. Үстеріне қызыл мундир киген ағылшын солдаттары
асықпай қаладан шықты. Бірақ солдаттар әскери шабуыл туралы тұрғындарға
біреудің хабарлап қойғанын сезді. Күткендеріндей-ақ Бостоннан революциялық
комитеттің разведка бастығы, шебер-зергер Поль Ривир халыққа хабар беру
үшін салт атпен құйғытып келе жатты. Ағылшын солдаттары келе жатқанда дабыл
қағылып, мылтықтар атылды. Жолшыбай король әскерімен минуттық адамдардың
(дабыл қағылысымен бір минуттың ішінде қаруларымен белгілі бір орынға
жиналуға тиісті жергілікті тұрғындардың) арасында шағын қақтығыс болып,
оларды таратып жіберді. Король әскері қару-жарақ қоймасын алды, бірақ
қайтып келе жатқан жолда ағаш-ағаштың, үй-үйдің тасасынан фермерлер оларға
оқ жаудырды. Атыс үдей түсті де, ағылшындар кері қарай тым-тырақай қашты.
Колонистердің бытыранды ұрыс тактикасы, қарулы көтеріліс жасаған халықтың
күрес тактикасы осылай басталды.
Оқ-дәрі мен қорғасын жетіспеді; үй төбелерін жапқан табақ қорғасынды
алып пайдаланды, кейінірек, тіпті қорғасыннан жасалған ағылшын королының
мүсінін де аралап кесіп алып пайдаланды; қорғасынды әркімге мөлшермен
берді, ол қорғасыннан әр солдат өз мылтығының аузына лайықтап оқ құйып
алды.
Сауда буржуазиясы мен жас өнеркәсіп буржуазиясының, фермерлер,
қолөнершілер, отар жұмысшыларының талап етуімен отарлар бірінен соң бірі
Англиядан бөлінетіндігі жөнінде мәлімдеді.
Американдықтарды қорғау талпыныстарының сәтсіздігіне көзі жеткен,
азаттық үшін күрестің көрнекті идеологтары Д. Адамс, Т. Джефферсон, Т.
Гамильтон ағылшын құқығының нормаларына сілтеме жасай отырып, табиғи құқық
идеяларына жүгінді. Бұл идеялар адамның құқықтары тумысынан беріледі және
олардан айыруға ешкімнің құқығы жоқ деп таныды, мемлекет оларды бұзуға
емес, керісінше, қорғауға міндетті.
Бұл идеялар 1776 жылғы 4-шілдеде қайта шақырылған Континенталдық
конгресте қабылданған “Тәуелсіздік декларациясының” негізі болды. Томас
Джефферсон жасаған бұл құжатта метрополия тарабынан колониялардың табиғи
құқықтары бұзылып отырғандықтан метрополиямен байланысты түбірімен үзу және
тәуелсіз Америка Құрама Штаттарын құру туралы шешім қабылданды. Табиғи-
құқықтық теорияның негізінде өз аумағында ұлттың ұлттық егемендігі
жарияланды. Халықтың революция жасауға құқығы бекітілді. Алайда, өзінің
ішкі сипаты бойынша демократиялық болып табылатын бұл Декларацияда құлдық
пен үндістер туралы ештеңе көрініс таппады.
1778 жылы штаттардың өкілдерімен өткізілген Конгрессте
“Конфедерацияның баптары” атты құжат бекітілді. Штаттар АҚШ деп аталатын
“мәңгі одаққа” – конфедерацияға аяқ басты. Штаттар Конгресс қарайтын ортақ
істерден басқа мемлекет ішіндегі мәселелерді шешуде тәуелсіздікке ие
болған. Конгресс әр штаттан 2-7 делегаттан қалыптасты және шешім қабылдауда
әр штатқа бір дауыстан берілді. Конгрестің 6 айдан ұзаққа созылмайтын
сессияаралық кезеңдерінде оның кейбір өкілеттіктерін Штаттар комитеті
жүзеге асырған, ол өз кезегінде әр штаттан бір делегаттан жиналған құрамда
жұмыс істеді. Сонымен, бұл жерде біртұтас мемлекет емес, мемлекеттер одағын
құру көзделген.
Соғыс қимылдары 1782 жылға дейін созылды. Ағылшындар бөлініп шыққан
отарлардың орталығы Филадельфия қаласын басып алды. Американ солдаттары
қақаған аязда далада қыстап шықты. Қару-жарақ, қаражат, киім, аяқ киім
жетіспеді. Мұз бен қардың үстіндегі жосылған қан Вашингтон солдаттарының
жалаң аяқ жүріп өткен жолын көрсетіп жатты. Вашингтон ержүрек, бірақ әскери
іске үйретілмеген, фермерлер мен қолөнершілерден құралған армияда тәртіпті
аса зор қиыншылықпен орнатты.
Колонистер қатарында ағылшындарға қарсы бірнеше мың құл негрлер
шайқасты. Олар ерлікпен, қажырлылықпен күресті. Мысалы, Нью-Йорк штаты үшін
соғысқан негр отряды бір адамы қалмастан қырылып кетті. Массачусетстен
шыққан Геннет деген негр әйелі еркектерше киініп алып, 17 ай бойына тұрақты
полктердің бірінде ерлікпен шайқасты.
Тәуелсіздік үшін күрескен колонистерге қарсы бай жер иелері, құл
иелерінің бір бөлігі, король чиновниктері соғысты.
Колонистердің басты тірегі фермерлер мен қолөнершілер болды. Король
әскері мен аристократтарға қарсы күреске басшылық еткен революцияшыл
буржуазия еді.
Ағылшын королы өз армиясының санын көбейту мақсатымен неміс
князьдарынан 30 мың солдатты жалдап алып, Америкаға жіберді. Ол Россиядаи,
II Екатеринадан тағы да 20 мың солдат жалдап алмақшы болып еді, бірақ
Россия мен Англия арасындағы шиеленіскен жағдайға және жақында болып өткен
Россиядағы Пугачев бастаған шаруалар соғысына байланысты II Екатерина
Америкаға солдат жіберуден бас тартты.
Отарлаушы екі державаның – Англия мен Францияның арасындағы ескі
өшпенділікті пайдаланып, американдар Францияны одақ жасау және қарулы көмек
көрсету туралы шартқа көндірді. Франциядан көмек сұрау үшін Құрама
Штаттарының конгресі Парижге өз елшісі ретінде Вениамин Франклинді жіберді.
Ол аса көрнекті ғалым, дипломат, қоғам және саяси қайраткері, Тәуелсіздік
декларациясын құрастыруға қатысқан адам болатын. Францияның алдыңғы
қатарлы қоғамдық топтары американдардың азаттық күресін қызу қолдады.
Мысалы, аристократ Лафайет өз қаржысына соғыс кораблін жабдықтап, оны
Виктуар (Жеңіс) деп атап, корольдың тыйым салғанына қарамастан
Америкаға жүзіп барып, революциялық әскердің қатарында шайқасты.
1781 ж. ағылшын әскерінің негізгі күші Йорктаун түбінде Вашингтонға
берілді. 1783 ж. бітімге қол қойылды. Ағылшындар отарлардың тәуелсіздігін
мойындады, 100 мыңдай ағылшын ақсүйектері отбасыларымен Солтүстік
Америкадан қуылды, олардың жерлері кәмпескеленіп, сатылды. Тәуелсіздік үшін
болған соғыс осылай аяқталды, оны В.И. Ленин Американ халқының Американы
отарлық құлдықта ұстап, езіп келген ағылшын қарақшыларына қарсы жүргізген
революциялық соғыс деп атады.
1783 жылы АҚШ толығымен тәуелсіз болып танылуы туралы бейбіт келісім
жасалған.

3-тарау. Америка Құрама Штатының тәуелсіз даму арнасын

саяси және құқықтық жағынан негіздеу

Соғыс аяқталған соң штаттарда билікті плантаторлар, буржуазия және
саудагерлер иемденіп алған. Соғысты басынан кешкен қатардағы американдықтар
өткен соғыстың барлық зиянды салдарын өткерді (шаруашылықты қалпына
келтіру, салықтың мөлшерін көтеру және т.б.). Елде халықтың қозғалысы
басталды. Отставкадағы капитан Д. Шейстың басшылығымен ең ірі қарулы
көтеріліс өткізілді. Көтерілісті басып тастады, бірақ сонда да билік
басындағылар конфедерациядан басқа мықты бірлестік құру керек екендігін
мойындады.
1781 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Американың Тәуелсіздік Декларациясының қабылдануы
Солтүстік Америкадағы азамат соғысы және халықаралық реакция
Джордж Вашингтон
Таяу Шығыстағы Британ Француз үкіметінің отарлық саясатының дағдарысы
Соғыстан кейінгі бейбіт реттеу проблемасы
АҚШ-та ұлттық саяси жүйенің қалыптасуы (1760-1810 жж.)
Америка төңкерісі
АЛҒАШҚЫ ОТАРЛАРДАН АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫНА ДЕЙІН
XVIII ғасырдың – бірінші жартысы мен XIX ғасырдағы американдық тарихнаманың қалыптасуы
Солтүстік Америкадағы ағылшын отарлары
Пәндер