Қылмыс объектісінің түрлері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе 3
Негізгі бөлім 4
1. Қылмыс объектісінің түсінігі, қылмыстық құқықтағы маңызы 4
2. Қылмыс объектісінің түрлері 12
3. Қылмыстың заты мен құралы 21
Қорытынды 28
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 29

Кіріспе

Қылмыс - ол әрқашанда жекелеген адамдарға, жалпы қоғамға, мемлекет
мүддесіне қайшы келіп, белгілі бір дәрежедегі зардаптарға әкеліп соқтырады.
Сол себепті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі қылмысқа жазалау
қатерімен тыйым салынатын, қоғамға қауіпті әрекет деген анықтама береді.
Әртүрлі қылмыстар әртүрлі ниетпен және әртүрлі мақсатпен жасалады және осы
ниеттер мен мақсаттар негізінде қылмыстар түрлі объектілерге бағытталады.
Міне, әртүрлі қылмыстар кезінде саралауды жүзеге асырғанда қылмыстың
объектісін, оның қандай мүдде мен қоғамдық қатынасқа бағытталғандығын
анықтау және қылмысты саралауда өз маңызын жоғалтпайтын қылмыстың затын
анықтау өте күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Біз білетініміздей,
осы түсініктердің барлығын қылмыстың объектісі деген түсінік біріктіреді.
Кез келген қылмысты анықтау мен саралау кезінде қылмыстың қандай
мүддеге - объектіге бағытталғандығын анықтау өте қиын мәселелердің бірі
болып табылады. Өйткені қылмыстың объектісі қылмыстың қоғамға қаншалықты
қауіпті екендігінің көрсеткіші болып табылады. Ал адамның ішкі дүниесін
зерттеп, оның қандай объектіні бұзуға бағытталғандығын және оның
зардаптарын анықтау оңай мәселе емес. Сонымен қатар, қылмыстық заңнамада
көрініс тапқан кейбір қылмыстарда қылмыстың затын анықтап алу қылмысты
саралаудағы өте күрделі мәселелердің бірі болып табылады.
Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты - осы қылмыс объектісіне түсінік
беру және оны қылмыс құрамының факультативтік белгісінің бірі - қылмыстың
затымен байланыстыра отырып зерттеу болып табылады.
Объектіні анықтау, оған нақты құқықтық баға бере білу әр заңгердің
құқықтық тұрғыдан санасының жоғары болуының бір көрінісі десек те болады.

Негізгі бөлім

1. Қылмыс объектісінің түсінігі, қылмыстық құқықтағы маңызы

Объект - құрамның міндетті элементтерінің (жақтарының) бірі, сондықтан
да объектісіз қылмыс жоқ. Қылмыстық заңда қылмыс деп қарастырылған кез
келген қоғамға қауіпті белгілі бір объектіге бағытталады. Қылмыстық
озбырлық жасалғанда объектіге елеулі нұқсан келеді немесе нақты қауіп
төнеді.
Объектіні дұрыс анықтаудың қылмыстық әрекеттің әлеуметтік және
құқықтық табиғатын (заңды түп тамырын), жасалған қылмыс үшін белгіленген
қылмыстық жауаптылықтың нысанын және мөлшерін, сонымен қатар шегін
анықтауда маңызы зор.
Кез келген қылмысты іс-әрекеттің мәнін ашу үшін қылмыстың объектісін
анықтаудың маңызы ерекше болып табылады.
Әрбір істелген қылмыс белгілі бір объектіге қол сұғумен қатар оған
белгілі бір зиян келтіру қаупін туғызады. Қылмыстық заң нормасымен
қорғалатын объектіге қылмыстың қол сұқпауы мүмкін емес. Сондықтан да
қылмысты қол сұғушылықтың объектсінің дұрыс анықтаудың теориялық,
практикалық маңызы ерекше.
Қылмыстың объектісін дұрыс анықтау ұқсас қылмыстарды бір-бірінен,
қылмысты қылмыс емес әрекеттерден ажыратуға жәрдемдеседі. Өйткені қылмыстық-
құқықтық қорғау объектісіне әрқашан да өзінің мәні мен дәрежесіне қарай
ерекшеленген маңызды қоғамдық қатынастар жатады. Объекті маңызды болса,
соған сәйкес істелген қылмыс та қауіпті болып саналады, соған орай оны
қылмыстық-құқықтық қорғау да қатаң түрде жүзеге асырылады.
Қылмыстық құқық бойынша қылмыстың объектісі деп қылмысты қол
сұғушылықтан қылмыстық заң бойынша қорғалатын қоғамдық қатынастарды
айтамыз. Әрбір істелген қылмыс белгілі бір жағдайларда қоғамдық
қатынастарға зиян келтіреді немесе зиян келтіру қаупін туғызады. Сондықтан
да қылмыстық құқық ғылыми қорғалатын қоғамдық қатынастарды барлық
қылмыстардың жалпы объектісі деп таниды. Қылмыстық заңмен қол сұғушылықтан
қорғалатын қатынастардың тізімі Қылмыстық кодекстің оның заңдарының
міндеттерін айқындайтын 2-бабында атап көрсетілген.
Қылмыстық заңның негізгі міндеттерінен осы қылмыс объектісінің белгілі
бір кескінін көре аламыз. Ол міндеттер келесідей: адам мен азаматтың
құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың
құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған
ортаны, Қазақстан Республикасының Конститутциялық құрылысы мен аумақтық
тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық
қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау,
сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады. Осыдан көріп
отырғанымыздай, қылмыстық құқық қорғайтын барлық маңызы бар қатынастар
қылмыс объектісі болып табылады.
Қылмыстық заңмен кез келген қоғамдық қатынастар қорғала бермейді.
Мысалы, мұрагерлікке байланысты мәселелерде мұрагердің заңды құқығынын
бұзылуы қылмыс болып табылмайды. Мұндай ретте олардың құқықтары азаматтық
заңмен реттеледі. Қарыз беруші мен борышқордың арасындағы қатынас та
азаматтық құқық нормасымен реттеледі. Жұбайлардың арасындағы мүліктік
қатынас та отбасылық құқық нормаларымен қорғалады. Жұмыс беруші мен
жұмыскердің арасындағы еңбек қатынастары еңбек туралы заңдар арқылы
қорғалады.
Сондықтан да қылмыс істеу арқылы қоғамдық мүддеге елеулі қауіп
келтіретін немесе келтіруі мүмкін жағдайда ғана қылмыстық құқықтық нормамен
қорғалатын қоғамдық қатынастар қылмыстың объектісі болып табылады.
Осы сияқты, әрекеттің қоғамдық қауіптілік деңгейі қандай объектіге
қастандық жасалатындығына көп байланысты, сондықтан да қазіргі күшіндегі
қылмыстық заңда былай деп көрсетілген: "қылмыстық заңда көрсетілген қандай
да бір әрекеттің формальді болса да белгілері бар әрекет немесе
әрекетсіздік қылмыс болып табылмайды, егер оның қоғам үшін қауіптілігі
елеулі болмаса". Объект рөлі мұнымен шектелмейді.
Қылмыс объектісінің белгісі бойынша заң шығарушы қылмыстық құқықтық
нормаларды жүйелеу және кодификациялау сияқты күрделі жұмыстарды жүргізеді.
Бұрынғы Одақ құрамында болған елдердің көптеген теоретиктерінің пікірі
бойынша қылмыс объектісіне қоғамдық қатынастар жатқызылған.
Қоғамдық қатынастар - қатынас деген жалпы ұғымның ең күрделі
түрлерінің бірі. Әдістемелік, анықтамалық басылымдарда қатынасқа "барлық
құбылыстардың өзара байланыс сәті" деген анықтама берілген.
Қоғамдық қатынастарда ерекше сипат бар. Мұнда адам әлеуметтік тұлға
ретінде өзекті буын болып саналады. Адам өзі жасаған заттармен,
нәрселермен, объективтік дүниемен және басқа да адамдармен белгілі бір
қатынаста болады. Нәтижесінде ол өзі игерген әлемде өз ісіне өзі адам
ретінде есеп береді, ақылға келіп басқа адамдарға өзіндей қарайды. Адам
санасының қоғамдық жаратылысын және таным процесіндегі қоғамдық қатынасты
зерттеудің қажеттігін осы жағдайлармен түсіндіруге болады.
Қоғамдық қатынастар адамдар арасында олардың күнделікті іс-әрекетінде,
танымдық және рухани өмір тірлігі барысында қалыптасатындығымен
сипатталады. Сондықтан да қоғамдық қатынастар жүйесінде бірінші кезекте,
басқа қоғамдық қатынастардың сипатын (саяси, құқықтық, діни, т.б.)
анықтайтын өндірістік қатынастар қарастырылады.[1]
Қоғамдық қатынастар өзінің сипаты жағынан да, құрылымы жағынан да өте
күрделі құбылыс болып табылады. Дегенмен қоғамдық қатынастардың басты
элементтері мыналар болуы мүмкін: қоғам, мемлекет және оның қалыптасуы,
құрылымдар және олардың өкілдері; әртүрлі бірлестіктер мен адамдар ұжымы,
жеке адамдар; материалдық заттар мен қоғамдық қатынасқа қатысушалыр
арасында әртүрлі нысанда, оның ішінде құқықтық нысанда көрініс табатын
өзара байланыс.
Қандай да бір қылмыс жасағанда адам қоғамдық қатынастың қандай да бір
элементіне қол сұғып, озбырлық жасайды, олардың өзара байланысын бұзады,
қоғамдық қатынасқа қатысушылардың мүддесіне тікелей немесе жанама нұқсан
келтіреді.
Қылмыстық заң қоғамдық қатынастардың барлығын бірдей қорғамайды, тек
олардың ішіндегі, заң шығарушының ойынша ең құнды дегендерін қорғайды. Олар
өзгеріп тұрады. Олардың өзгеруі көптеген мән-жайларға байланысты, мысалы:
ерекше тарихи кезеңге, қандай да бір нақты жағдайға, уақытқа, белгілі бір
қоғамға қарсы әрекеттердің (әрекетсіздіктің) қоғамдық қауіптілік деңгейіне
байланысты.
Қылмыс істеу арқылы қоғамдық мүддеге елеулі қауіп төндіретін немесе
қауіп келтіруі мүмкін жағдайда ғана қылмыстық құқықтық нормамен қорғалатын
қоғамдық қатынастар қылмыстың объектісі болып табылады.
Қылмыстың жалпы объектісі болып табылатын қоғамдық қатынастардың өзі
тарихи өзгермелі болып отырады. Оның қатары жаңа құбылыстардың қылмыс болып
танылуына байланысты кеңеюі немесе қылмыс болып келген кейбір нормалардың
күшін жоюына байланысты таралуы мүмкін. Мысалы, бұрын қылмыс қатарында
болмаған компьютерлік ақпартқа кіру, ЭЕМ үшін зиянды бағдарламаларды жасау,
пайдалану және тарату жаңа заң бойынша қылмыс, ал бұрын қылмыс болып
саналатын екі немесе көп әйел алушылық, алыпсатарлық жаңа заң бойынша
қылмыс емес, яғни қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастарға жатпайды.
Сондықтан да Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 2-бабының
екінші бөлігінде: "... осы Кодексте қылмыстық жауаптылық негіздері
белгіленеді, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін қауіпті қандай әрекеттер
қылмыс болып табылатыны айқындалады" деп көрсетілген. Яғни, мұның өзі
қолданылып жүрген қылмыстық заңдар бойынша белгілі бір қорғауға алынған
қоғамдық қатынастар ғана қылмыстың жалпы объектсі болып табылатынын
көрсетеді.
Алайда, қылмыстық-құқық теориясында қоғамдық катынастардың мазмұнын
құрайтын элементтер жөнінде әртүрлі пікірлер бар. Мысалы: профессор
Б.С.Никифоров қылмыстың жалпы объектісі болып табылатын қоғамдық қатынастың
құрамында қоғамдық мүдде орын алады деп санайды.
Қазақстандық ғалым, заң ғылымының докторы, профессор Е.І.Қайыржанов
қоғамдық қатынастар деген түсінікті қоғамдық мүдде деген түсінікпен
алмастыруды ұсынған.
Менің пікірімше, мүдде деген ұғым қоғамдық қатынастардың құрамдас бір
бөлігі ғана. Өйткені қоғамдық қатынастар қылмыстың жалпы объектісі ретінде
өз бойына мына элементтерді: қоғамдық қатынастардың субъектілерін; олардың
әрекеттері мен өзара қатынастарын; қоғамдық қатынас субъектілерінің заңмен
қорғалатын материалдық, заттық, мүліктік, басқа да игіліктердің,
мүдделердің жиынтығы болып табылады.
Осыған орай қоғамдық қатынастар дегеніміз - адамдардың белгілі бір
әлеуметтік қажеттілікке байланысты мінез-құлықтары, іс-әрекеттері мен
олардың өзара байланыстарының көріністерінің жиынтығы болып табылады.
Қоғамдық қатынастар бұл - өте күрделі және әртүрлі, жан-жақты әлеуметтік,
өз бойына бірнеше элементтердің жиынтығын қамтитын құрылым болып табылады.
Оған жататындар қатынастардың субъектісі материалдық заттар, игіліктер,
қоғамдық қатынастардың өзара байланысы олардың іс-әрекеті жағдайы, т.б. Бұл
элементтер өзара тығыз байланысты, осы элементтердің өзара біртұтас бірлігі
қоғамдық қатынастардың тұтастығын кұрайды. Қылмыс жасаған адам осы қоғамдық
қатынастардың белгілі бір элементтеріне қол сұғады. Ол қол сұғушылық осы
қоғамдық қатынастардың қатысушыларының біріне белгілі бір қауіп келтірілуі
әсері арқылы көрінеді.
Қылмыстық заңда қылмыстық озбырлықтан қорғалатын аса маңызды қоғамдық
қатынастар ауқымы анықталған. Мысалы, 1959 жылғы Қазақ КСР Қылмыстық
кодексінің 7-бабында "егер қоғамдық құрылысқа, саяси және қоғамдық жүйеге,
меншікке, адамға, оның саяси, еңбек, мүліктік және басқа құқықтары мен
бостандықтарына, құқық тәртібіне қарсы бағытталса, қылмыстық заң бойынша
қоғамға қауіпті әрекет қылмыс деп танылады.
Қылмыс объектілерін ары қарай нақтылау қандай әрекетті қылмыс деп
тануды анықтайтын және қылмыстық жазалау шараларын белгілейтін Қылмыстық
кодекстің Ерекше бөлімінің баптарында да орын алуы мүмкін.
Қылмыс объектісін қылмыстық құқық реттеу объектісінен ажырата білу
қажет.
Қылмыстық құқық, басқа да құқық салалары сияқты, бәрінен бұрын
құқықтық реттеу объектісі бойынша дербес салаларға бөлінген. Бұларға
өздерінің өкілетті органдары арқылы мемлекеттің және де есі дұрыс, белгілі
бір жасқа жеткен, қылмыстық жаза қарастырылған әрекет жасаған азаматтың
арасында туындайтын қоғамдық қатынастар жатады.
Сонымен, жоғарыда атап көрсеткеніміздей қоғамдық және мемлекеттік
құрылыстың әр саласында, өндірістік, қоғамдық, рухани процестерде және
адамдардың жеке өмірінде қалыптасатын қоғамдық қатынастар - қылмыс
объектісі болып табылады.
Кейде қылмыс объектісі мен қылмыстық-құқықтық қорғау объектілері
ұғымдарының арақатынасы жайында мәселе туындайды. Мұның бір ғана жауабы
бар: бұл ұғымдар нақты өмірде бірін-біріне сай келеді, сондықтан да оларды
синоним ретінде пайдалануға болады және солай ету қажет те.
Қылмыстық қол сұғушылық объектісі болып табылатын қоғамдық
қатынастардың маңыздылық дәрежесі де қылмыстық заңдарды рет-ретімен
орналастыру үшін аса қажет. Осы белгісіне қарай қылмыстық құқықтың Ерекше
бөлімінің тарауларының, сондай-ақ әрбір тараудағы баптардың бірінен кейін
екіншісінің орналасуы жүзеге асырылады. Қоғамдық қатынастардың маңыздылығы,
оған келтірген зиян мөлшері қылмысты саралау үшін, сондай-ақ қылмыс үшін
жазаның түрі мен мөлшерін белгілеу үшін де аса қажет.
Қоғамдық қатынастар қоғамның қоғамдық-экономикалық формацияларына
байланысты пайда болады, дамиды, жетіледі. Қоғамдық қатынастар қылмыс заңы
арқылы жасалмайды, қылмыстық заң қоғамдық мүддеге сай келетін қоғамдық
қатынастардың жетілуіне, дамуына, нығаюына тікелей әсер етеді. Қылмыстық
заң ең маңызды, құнды қоғамдық қатынастарды қорғауды өз міндетіне алады.

2. Қылмыс объектісінің түрлері

Бұрынғы Одақтың қылмыстық құқығында қылмыс объектісінің жүйесі жете
қарастырылған деп саналатын. Атап айтқанда, объектілерді үш сатыға
топтастыру теориясы ұсынылған, олар жалпы, тектік немесе арнаулы және
тікелей деп аталатын.
Қылмыстың жалпы объектісіне оларды бұзғандық үшін қылмыстық жауаптылық
қарастырылған барлық қоғамдық қатынастар жататын, ал тектік немесе арнаулы
объектіге - біртектілік немесе белгілі бір салада ғана болуы белгісі бір
салада ғана болуы белгісі бойынша қоғамдық қатынастардың белгілі бір бөлігі
немесе тобы жатқызылған.
Ал енді тікелей деп аталатын объектіге келсек, оларға қоғамдық
қатынастардың жалпы категориясын қолдану істің басын ашпайды,
түсініспеушілік тудырады. Нақтылап айтар болсақ, барлық қылмыстық құқық
оқулықтары мен курстарындағы кейбір жекелеген қылмыстар соған қарсы
бағытталған нақты қоғамдық қатынастарды тікелей деп түсіну қажет деген
тұжырымдар осыған мысал. Мұндай анықтаманың формальді екенін байқау қиын
емес. Бір немесе бірнеше қылмыстар тікелей немесе жанама соған қарсы
бағытталған заңмен қорғалатын нақты қоғамдық қатынастарды қылмыстың тікелей
объектісі деп ұғыну қажет деген тұжырымдар да кездеседі. Сонда, тікелей
объект - нақты қоғамдық қатынас емес, қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып
шығады. Осындайда тектік және арнаулы объекті мен тікелей объекті
арасындағы айырмашылық неде? деген заңды сұрақ туады.
Жалпы объект — бұл қылмыстық заңмен қорғалатын, барлық қоғамдық
қатынастардың жиынтығы, яғни әртүрлі деңгейдегі қоғамдық қатынастар кіретін
қылмыстық қорғау объектілерінің жүйесі. Қылмыстың жалпы объектісі жасалған
қоғамға қауіпті әрекет құқық бұзушылықтың қандай тобына (қылмыстық,
азаматтық, әкімшілік немесе тәртіптік) жататындығын анықтау туралы мәселені
шешуде маңызды болып табылады. Бұл мәселені шешудің заңдық негізі болып ҚК
2-бабы табылады. Онда қылмыстық заңмен қорғалатын маңызды қоғамдық
қатынастардың тізімі берілген. Кез келген қылмыс қылмыстық заңмен
қорғалатын қоғамдық қатынастарға қандай да бір нақты игілікке немесе
мүддеге қол сұға отырып, соңында қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық
қатынастардың барлық жүйесіне, яғни жалпы объектіге қол сұғады[2].
Топтық объект дегеніміз - қылмыстық қол сұғушылықтан қылмыстық заңнама
қорғайтын біртектес немесе өзара ұқсас қоғамдық қатынастардың белгілі бір
бөлігі болып табылады. Мысалы, қарақшылық, басқа біреудің мүлкін ұрлау,
тонау, оны алаяқтықпен алу, бір топ объектіге - басқа біреудің мүлкіне,
меншігіне байланысты қарсы қоғамдық қатынастарға қылмыстық қол сұғуды
байланысты қылмыстар Ерекше бөлімнің жеке-жеке тарауларына біріктірілген.
Қылмыстың топтық объектсінің атауы көп жағдайларда Қылмыстық кодекстің
Ерекше бөлімінің тарауларында көрсетіледі, кейбір реттерде заң шығарушы оны
Ерекше бөлімнің бір бабында атап көрсетеді. Ал қайсыбір жағдайларда оның
атауы қылмыс құрамының мазмұнына талдау жасау арқылы анықталады. Сонымен
қатар, қылмыстың біртектес тобының объектісі Қылмыстық кодекстің ерекше
бөліміндегі тараулардың өзара орналасу негізін жасаумен бірге, істелген
қылмыс үшін жауаптылықты белгілейтін нормалардың және қылмыстардың нақты,
ғылыми тұрғыда топтастырылуына жол ашады. Қылмыстық топтың объектісін
анықтау ұқсас қылмыстарды бір-бірінен ажырату объект арқылы жүзеге
асырылады. Өйткені, жеке адамдарға қарсы қылмыстың объектісі - жеке
тұлғаның өмірі, денсаулығы, ар-намысы, ал бұзақылықтың объектісі қоғамдық
тәртіп.
Қылмыстың тікелей объектісі деп қылмыстық заң қорғайтын нақты
қатынастарға бір немесе бірнеше қылмыстардың тура немесе тікелей
бағытталуын айтамыз. Мысалы, Қылмыстық кодексте көрсетілген бұзақылық
қоғамдық тәртіпті бұзуға бағытталған. Қоғамдық тәртіп - осы бұзақылықтың
тікелей объектісі. Кейбір реттерде әртүрлі қылмыс құрамдарының тікелей
объектісі бірдей болуы мүмкін, яғни, бірнеше қылмыстың бір тікелей
объектіге қол сұғуы. Мысалы, ұрлық, тонау, алаяқтық - басқа біреудің
меншігін иемдену үшін жасалады. Бұл қылмыстар бір-бірінен объектісі бойынша
емес, қылмыс құрамының басқа белгісі - қылмыстың объективтік жағының
белгілері бойынша ажыратылады. Осы қылмыстардың да тікелей объектісі басқа
біреудің меншігінде болып табылады. Тікелей объект топтық объектінің бір
бөлшегі және ол қылмыс құрамының міндетті элементтерінің бірі болып
табылады. Қылмысты қиянат пен қол сұғатын кез келген қоғамдық қатынастар
қылмыстың тікелей объектісі бола бермейді. Тікелей объект бұл нақты
қылмыстың белгілі бір мүддеге, игілікке тура бағытталуын білдіреді. Кейбір
жағдайларда заң қайсібір қылмыс құрамдарын түзегенде іс-әрекет арқылы оның
бір емес, бірнеше тікелей объектілеріне қол сұғатынын белгілейді. Мұндай
құрамдарға мысалы, қарақшылық, өтірік ақпарат тарату сияқты қылмыстар
жатады. Қарақшылықта қылмыстық қол сұғу бір мезетте екі бірдей объектіге -
меншікке және адамның денсаулығына қарсы бағытталады, ал жалған ақпарат
таратуда әділ соттылыққа және жеке адамның мүддесіне зиян келтіріледі.
Мұндай бір мезетте екі бірдей объектіге қол сұғатын қылмыстарды екі
объектілі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыс объектісінің түсінігі мен түрлері
Қылмыс объектісінің түсінігі
Қылмыс объектілерінің түрлері
Қылмыстық құқық объектісінің түрлері
ҚЫЛМЫС ОБЬЕКТІЛЕРІН АНЫҚТАУДАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР
Қылмыстың объектісінің түсінігі және маңызы
Қылмыстың обьектісі және оның қылмыстық құқықтық маңызы
Қылмыс құрамының ұғымы және оның маңызы
Қылмыстық құқық бұзушылықтың белгілері
Қылмыс құрамының ұғымы
Пәндер