Қылмысты объекті бойынша саралау



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ 3
I Қылмыс саралаудың алғышартТары 5
1.1. Қылмысты саралау және оның мәні 5
2 Қылмыс құрамы бойынша саралау 11
2.1 Қылмысты объекті бойынша саралау 11
2.2 Қылмысты объективті жағы бойынша саралау 18
Қорытынды 30
ҚОЛДАНЫЛҒАН Әдебиеттер тізіімі 31

КІРІСПЕ

Заң ғылымының жиынтығының тарихи құқықтық қайнар көзі қоғамдық санат
болатынын куәландырады: а) адам өз мақсаттарымен, тұтынумен қызметімен,
қоғамға тұлғаның байқалу шеңберімен. Адам өмірінің барлық деңгейінде
құқықтық нормалар адамдар арасындағы түрлі қатынастарды реттейді, мемлекет
пен қоғам арасын, олардың көзқарасын шектеп, нақты міндеттермен құқықтарын
тағайындайды.
Қылмыстық – құқықтық нормаларды іске асыру үшін оны дұрыс қолдану өте
маңызды және қажет. Ол заңмен үздіксіз байланысты себебі оның нақтылығының
саяси және құқықтық кепілдігі, ол заңды мүлтіксіз орындауға ұмтылдырады.
Қылмыстық заңды қолдану – бұл шын мәнінде құқықтық тағайындауды іске
асыру, бұл оның саралануымен дұрыс негізде – норма мәнін түсіну болмаса
елде қабылданған заңдылық бұзылады.
Қылмыс саралау тақырыбының өзектілігі мынада: қылмысты саралау қылмыс
түрін анықтап, оған қатысты объективті, субъективтісін анықтап, қылмысты
объективті жағынан саралауға, субъективті жағынан саралауға ықпал етеді. Ал
бұл өз кезегінде қылмысқа қатысушыларға тиісті жазаны қолдануда көмегін
тигізеді.
Қылмыстық заңды субъектісі бойынша саралау мына түрлерге бөлінеді:
заңды шығарушы органмен берілетін шынайы, түп нұсқаға сәйкес, легальді
(арнайы өкілетті органмен беріледі); соттық, сотпен берілетін және
доктринальді (ғылыми), ғылыми – зерттеу мекемелері беретін, сонымен бірге
ғылым – заңгерлермен берілетін.
Соттық саралаудың күші мен мәні Қазақстан Республикасының
Конституциясының 4-бабында көрсетілген, онда Қазақстан Республикасының
қолданыстағы құқық жүйесіне кіреді және Қазақстан Республикасының Жоғарғы
сотының нормативті қаулысына енеді, олар соттық түрлері болып есептеледі.
Қылмыстық құқық теориясында қылмысты саралау құқық қорғау органдарының
қылмыстық – құқықтық нормаларын қолданудың бір деңгейі ретінде көрінеді, ол
тиісті лауазымды апеляциялық, кассациялық және қылмысты іс бойынша бақылау
өндірістері арқылы іске асады, алдын-ала тергеу, соттық талдау.
Апеляциялық, кассациялық және қылмысты іс бойынша бақылау өндірістері
арқылы іске асырылады.
Қылмысты саралаудың мәні теорияда және практикада өзара байланыста және
өзара негізділікте қарастырылады.
Қылмыстық саралаудың методологиялық негізгі болып жалпы түсінік (заң
нормалары) мен нақты шындықтың біржақты құбылысы (нақты әрекет) арасындағы
қатыстың материалистік түсінігі есептеледі.
Қылмысты саралау жөніндегі ең басты мәселе оқулықтың тапшылығы. Орыс
тілінде біраз оқулықтыр бар. Бірақ олардың көпшілігі кеңес кезеңіндегі
оқулықтар.
Қазақ тілінде оқулықтар жоқтың – қасы. Ұлттық тілде оқулықтар
жарияланса, студенттерге көп көмек болар еді.
Дипломдық жұмысымды оқулықтың тапшылығына қарамай, аударма жүргізе
отырып жаздым. Жұмысымның көлемі 51 бет.

I Қылмыс саралаудың алғышартТары

1.1. Қылмысты саралау және оның мәні

Саралау сөзі латын тілінен шыққан бір нәрсенінің сапасының
анықтамасының оның бағасын жарамдық деңгейін білдіреді. “Қылмысты саралау”
түсінігі екі мағынада қолданылады:
а) Логикалық үрдіс құқық қорғау органдарымен бекітіледі;
б) Қоғамдық қауіпті және құқыққа қарсы мінез-құлықтың нәтижесі,
құқықтық бағасы.
1. Қылмысты саралау процесі қылмыстық процестің барлық деңгейінде
жүзеге асырылады. Қылмыстық кодекстің баптарында: қылмысты істі қорғауына
себеп және негіз болған жағдайда прокурор, тергеуші, анықтау өлімі, соттар
өз құзыреті деңгейінде қылмысты істі қозғауға міндетті. Прокурор, тергеуші,
анықтау бөлімі және сот қылмысты істі қозғау жөнінде қаулы қабылдауы тиіс.
Қаулыда уақыты, орны, себебі, қылмыс заңының бабы, істің одан әрі дамуы
көрсетілуі.
Келешекте тергеуші, тұлғаны айыпталушы ретінде жаупқа Тарту туралы
шешімінде, қаулы шығарып, басқа жағдайларымен бірге аталған тұлға жауапты
қылмыс, және қылмыс заңы, берілген қылмысты қарастырылатын.
Қылмыс тергеліп болғаннан кейін айыптау қорытындысы шығарылады
қылмысты іс бойынша, және бұл қылмысты - iс жүргізу құжаты сонымен бірге
қылмыстық – құқықтық қылмысты саралау сұрағы шешіледі.
Қылмысты саралау дұрыстығының мәселесі қылмысты істің үкімін шығаруда
маңызды. Айыптаушы сот үкімінде сот сотталушы кінәлі деп танылатын
қылмыстық заңды көрсетуі тиіс.
Қылмысты саралаудың құқықтық дұрыстығын тексеру алдын-ала тергеу
жүргізу мен анықтау кезінде қылмысты саралаудың құқықтық дұрыстығын
прокурор іске асырады. Прокурор айыптау деңгейіндегі көлем нұсқау беруге
құзырлы айыптау ұйымынан келгенде прокурор қылмыстың дұрыс саралануын
тексеруі тиіс.
Қылмысты саралау – бұл динамикалық процесс, қылмысты істің
ерекшеліктерін көрсету.
Жалпы түрде мемлекеттік ұйымдардың өкілдері қылмысты істің әрбір
деңгейін саралауда жалпы білместіктен, толық білмеуінен, қылмысты істі
қозғауда қылмыс жасалу жөніндегі қажет көлем аз болады. Қылмысты әрекетті
тергеуде фактілер артып, тергеу біткенде және айыптау қорытындысы
жасалғанда қылмыстың жасалуы жөнінде толық мәлімет қолданылады. Бұл
қылмысты саралаудың толық және аяқталғаны жөніндегі жағдайы.
Қылмыстың істің қозғалу деңгейінде қылмысты саралаудың алдын-
ала, бағдарлаушы сипатта болады, ал алдын-ала тергеу біткенде қылмысты
саралау максимальді толық және дұрыс болады. Тергеуді жүргізуші тұлғаның
көзқарасы бойынша қылмысты саралауды іске асыру, бұл саралау абсалютті
шыңдық сипатта, бұл жалғыз құқықтық баға.
Қылмыстық – құқықтық нормалар немесе саралау тергеушімен берілген және
прокурормен пайымдау, қылмыстық істің құқықтық табиғатының бағасы.
Қылмыстық іс-жүргізу заңы алдын-ала қарастырылады, оған үлкен мән беріледі.
Мемлекеттік ұйымдардың қызметінің бұл жақтары айқын заңдылықпен
реттелуі қылмысты істің тергеуде болуымен сот қарауына жатуын сақтауын
қамтамасыз етуі тиіс; оны тергеудің жан-жақтылығы; қылмыстың жасалуына
айыпты тұлғаның құқығын қорғаудың өз уақытында болуы және кез келген істің
әділ шешілуін кепілдеу.
2. Қылмысты саралау түсінігі нақты нәтижесінде анықтау ұйымы
қызметкерлерінің, тергеушілер, прокурор немесе соттардың танымдық
процесінің нәтижесі, тұлғаның жасаған қылмысының құқықтық бағасы болады.
Қылмыстық – іс жүргізу заңында қылмысты саралау осы мәнде айтылады.
3. Қылмысты саралау құқықтық бағадай қылмыстық заңның қандай нормалары
қоғамға қауіпті әрекеттерді қарастырады. Басқаша айтқанда қылмысты саралау
– бұл нақты өмірлік жағдайлардың қорытындысы – қылмыстың – қылмыстық заңның
нормаларында көрсетілгендей қылмыс түсінігі.
Қылмыстық - құқықтық нормаларды қолдану жалпыдан жекешеге өтеді. Бұл
мына жағдаймен түсіндіріледі, нақты қылмыстық әрекет көрнекті тұсінікті
бола отырып, құқық бұзудың жалпы түсінігіне кіреді. Қылмысты саралауда
анықтау бөлімінің қызметкерлері, тергеуші, прокурор, соттар өз
түсініктерінде бұл процестің тізбекті қатарын іске асырады.
4. Нақты жағдайдың туыстық заңдылығын саралауды шешкеннен кейін,
әрекетті қылмысты деп танып, құқықты қолдануда екінші кезеңге көшеді. Бұл
деңгейде қылмысты саралау жүргізіліп, қарастырылып отырған әрекетке қандай
қылмыстық заң нормаларын қарастырылуы тиіс, соны шешеді. Ең сонында
қылмысты саралау процесі міндетті шешім – негізгі бөлімінің баптарына
сүйеніп, кей жағдайда жалпы бөлімнің баптарына, Қылмыстық кодекстің
баптарына сүйенеді.
Күнделікті өмірде маман, қылмысты саралаушы, өз жұмысын екі деңгейге
бөлмейді. Бірінші кезең заңдылық саралауда қарастырылған өмірлік жағдай
анықтау бөлімі тергуеші, прокурор, сот қызметкерлермен саналы түрде іске
асады: тұлғаның санасы кірген әлеуметтік - құқықтық көзқарасты автоматты
түрде көрсетеді. Осылайша, тәжірибелі қызметкер көпшілік жағдайда қандай
құқық бұзушылыққа жататынын шешіп жатпайды, ол үшін ол даусыз.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыстық саралау құқық қорғау ұйымдарында
қылмыстық құқықтық ерержелерді қолданудың бір деңгейі ретінде
қарастырылады. Ол лауазымды тұлғалармен алдын-ала тергеулерде іске
асырылады (алдын-ала тергеу және анықтау бөлімі), соттық талдауда
апелляциялық, кассациялық және қадағалау өндірістерінде қылмыстық істерде
Б.А. Куринов былай деп есептейді, қылмыстық саралау құқықты қолдану
қызметінде ерекше орын алады, себебі басқада құқық қолдану ережелерінің
іске асуына негіз болып табылады. Мысалы, тек сотпен іске асырылатын
қылмыстық саралауды сезіктіге шара қолдану, кінәліге немесе басқа
жазаларға, еңбекпен түзеу колонияларында немесе тәрбиелеу колонияларында,
жазаның мерзімін ұзарту сұрағын шешу мен қою.[1]
В.Н.Кудрявцев қылмыстық саралауды қылмыстық - құқықтың жалпы
проблемаларына жатқызады, заңмен сәйкес қатаң сот әділдігінің іске асуының
терең талдауы деп есептейді. Оның ойынша, саралаудың жалпы жағдайы мен
қағидалары, қылмыс түрлерінің кез-келген күшіндегі, қылмыстық заң баптарын
таңдау тәртібі мен негізін анықтау, және оны нақты іске қолдануды зерттеу
керек.2 Мұндай қылмыстың жеке түрлеріндегі саралауды өңдеуде іске
асырылады.
Қылмыстық саралаудың методологиялық негізі болып жалпы түсінік пен
жекеше нақты іс-әрекеттің арақатынасы арасындағы материалистік түсінікті
анықтайды (заң ережелері мен нақты істер). Заң ережелері, әр уақытта жалпы,
абстрактілі сипат алады. Әрекет, керісінше, нақты кез келген жағдайда
болады.
Заң әдебиеттерінде (қылмыстық құқық оқулықтары, курстары, және
монографиялар мен ғылыми баптар) қылмыстық саралауды анықтайды. Өз мәнінде
олар бірдей және мағынасы бірдей. Олардың ішінде қысқа және көлемділері де
бар (олар шартты түрде – В.С. деп белгіленеді). Мысалы, Қылмыстық саралау
– нақты әрекетке сәйкес белгілері бекітіліп немесе басқа қылмыс құрамын
анықтау болып есептеледі.
Құқықтық білімдердің энциклопедиялық сөздігінде. Қылмыстық саралау
мен оған түсінік нақты және дәл берілген. Ол былай дейді: Қылмыстық
саралау – іс жүргізу актілеріне сәйкес нақты бекітіліп, тағайындау, іс-
әрекеттің белгілеріне сәйкес қылмыс құрамына қарай, қылмыстық заңда
көрсетілген. Түсініктеме келесідей: а) қылмыстық саралау кінәлі тұлғаға
бекітілген жазалау шараларын тағайындау және басқа жасалған қылмыстардың
зардабының болуы; б) қылмыстық саралау сот ісін жүргізуде қылмыстық
заңдылықты сақтаудың маңызына ие болған; в) қылмыстық саралаудың мәні
жасалған қылмыс сараланып, нақты заңдағыдай қылмыстық әрекеті үшін заң
алдында жауап береді. Қылмысты саралау деп, В.Н.Кудрявцев, оған яғни заңды
баға беру, қылмыстық – құқықтық ережелерге сәйкес белгілеу, осы қылмыстың
белгілері бар. Б.А.Куринов ... қылмыстық саралау – бұл жақты өмірлік
жағдайдағы шешім – қылмыс – қылмыстық заң ережелерінде бекітілген.
Қылмыстық саралау қылмыстық заң ережелерінде көрсетілген нақты өмірдегі
жағдайлар мен анықталып, заңды саралау негізінде қарастырылады.
Теория мен тәжірибеде қылмыстық саралаудың екі мәні өзара байланысты
және өзара негізді. В.Н.Кудрявцев пен Б.А. Куринов тек бұл мән –жайды
түсіндіріп қана қоймай, сонымен қатар қылмыстық саралаудың түсінігінде
анықтайды.
Саралау – бұл тағайындау мен заңдылық бекіту атқарылған әрекет
белгілеріне толық сәйкестікте және қылмыс құрамы белгілері Қылмыстық
кодекстің негізгі бөлімдерінің ережелеріне сәйкес қарастырылады.
Қылмысты саралау түрлері. Құқық теориясында қылмысты саралаудың 2
түрін айырады: арнайы, ресми емес (доктриналы).
Ресми саралау – қылмыстық – құқықтық саралау қылмысты, тұлғаның нақты
қылмысын саралау, тұлғаның нақты қылмыстық ісіне байланысты іске
асырылатын, арнайы құзырлы мемлекеттік тұлғалармен: анықтау бөлімі
қызметкерлері, тергеуші, прокурор және соттар.
Ресми емес саралау – бұл қылмыстық әрекетке сәйкес құқықтық бағасы,
жеке азаматтармен берілетін: ғылыми қызметкерлермен, монография, оқулық
авторларымен, студенттермен, қылмыстық істі оқитын.
Жеке кеңестік ғалым – заңгерлер, қылмысты заңдылықтың құқық қолдану
қызметінде қатаң нақты лауазымдық тұлғалар ғана айналысады: анықтау бөлімі
қызметкерлері, тергеуші, прокурор және соттар. Қылмыстық-құқықтық саралау –
бұл құқық қолдану қызметінің бір түрі, бұдан бұл авторлар қылмысты саралау
- бұл арнайы мемлекеттік ұйымдардың ісі дейді. Бұл анықтама тек арнайы
қылмыстық - құқықтық саралауға салыстырғанда шыңдық. Шынында мұндай саралау
нақты құқықтық мәнге ие, ол арнайы құжатта бекітіліп, арнайы құқықтық
зардапты тудырады: қылмысты істі туғызуға негіз болады және алдын-ала
тергеу жүргізудегі өндірісте айып тағып, сотқа беру, айыптау үкімін
шығаруда және т.б.
Мұндай қылмысты саралауды іске асыру үкіметпен арнайы мемлекеттік
ұйымдарға жүктеледі. Ресми емес саралауда ұқсас құқықты міндеттер
туындамайды және шектеусіз шеңбермен іске асырылады. Ресми емес саралау
жеке азаматтардың көзқарасын, ойын құқықтық тұрғыда сипаттайды. Саралаудың
бұл түрі құқықты оқу процессінде танымды құқық тәсілін оқуда маңызды орын
алады. Ресми емес саралау қоғамдық ойдың қалыптасуына әкеледі.
Қылмысты ресми және ресми емес саралау қылмыстық – құқықтық нормаларды
нақты өмірлік жағдайлармен сәйкес келуін реттейді.
Сонымен, ресми және ресми емес саралау – бұл анықталған қызмет нақты
өмірлік жағдайдың құқықтық бағасын нақты ойлы қызметпен сәйкестеу –
қылмысы; бұл нақты қылмыстық әрекеттің қылмыс құрамы, нақты қылмыстық –
құқықтық нормаларда реттелген қызмет екенін есте сақтау керек.
Қылмысты дұрыс саралаудың мәні. Қылмысты дұрыс саралау әлеуметтік –
саяси және құқықтық мәнде маңызына ие. Қылмысты дұрыс саралау қай
республиканың төңірегінде қылмыс жасалса, сол елдің қылмыстық заңын
қолдану, жасалған қылмысты қамтитын бапты қолдану аталады.
Қандай да бір талапты орындамау әрекетті дұрыс сараламау болып
табылады.
Қылмысты дұрыс саралау бұл жалғыз мүмкін нұсқа қылмысты саралаудағы
әрекеттің қылмыстық – құқықтық бағасын берудегі. Дұрыс саралау - бұл толық,
барлық заңдарды дұрыс қолдану, қауіпті әрекетті қамтитын.
Қылмыстық – құқықтық саралаудың дұрыстығы қоғамның қауіпті әрекеті
толық және нақты қолдану, кеңестік қылмыстық заңды қолдануы, осындай
қылмыстық әрекеттің мемлекеттік – құқықтық бағасын көрсететін.
Қылмысты дұрыс саралау – бұл қылмыстық заңның нұсқауын қасиетпен
сақтау.
Қылмысты саралауды дұрыс жүргізбеу үкімді өзгерту немесе алып тастауға
негізделеді. Саралаудағы қателік жазаны дұрыс қолданбауға ғана әкеп
соқпайды, құқықтық зардаптардың дұрыс орындалмауына соқтырады (соттылық,
түзеу жұмыстары орындарын дұрыс белгілемеу және түзету колонияларындағы
тәртіпті дұрыс тандамау, жеңілдіктерді пайдаланбау немесе дұрыс қолданбау,
заттарды тәркілеуді дұрыс жүргізбеу).
Әрекетті дұрыс саралаудан кінәліге дұрыс жаза қолдану туындайды.
Абайсыздықтан кісі өлтіріп алу қасақана өлтірді деп танылса әрекетке сәйкес
дұрыс жаза қолданылмайды. Алғашқы қылмысқа Қылмыстық кодекстің 101 бабы
бойынша жаза белгіленеді, 3-жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе
жазалау жылы сондай, бірақ Қылмыстық кодекстің 96 бабымен сәйкес келеді,
бас еркінен айыру 6 жылдан 15 жылға дейін, 96 баптың 2 тармағы бойынша – 10
жылдан 20 жылға дейін немесе өлім жазасымен, немесе өмір бойы бас еркінен
айыру. Немесе, М. өз әйелін төсекте басқа біреумен көріп, оны жауыздықпен
өлтірген. Қылмыс ұйымы оның әрекетін Қылмыстық кодекстің 96 бабының 2
тармағына сәйкес бағаланды, ал сот бұл саралаумен келісіп, оны 17 жылға бас
еркінен айырды. Жоғарғы соттың инстанциялар оның қылмыстық әрекетін 98
баптың 2 тармағымен саралаған және 2 жылға бас еркінен айырды. Қылмыстық
саралау ісі, яғни істің жүруі барлық қылмыстық іс жүргізу деңгейінде орын
алады, қылмыстық істі қозғаудан бастап 63, 64, 66, 67, 190, 197, Қазақстан
Республикасының қылмыстық –іс жүргізу әрекеті кодексінің баптарында
қылмыстық істі жүргізу міндеттері жөнінде айтылады, қылмысты ашу және істі
рәсімдеу жөнінде айтылады. Қылмыс белгілерін байқаудың әрбір жағдайында
прокуратура, тергеуші және анықтау бөлімі өз құзырлары шеңберінде қылмыстық
істі қозғап, заңмен көрсетілгендей қылмысты тағайындап, жауапкершілікті
тұлғалар мен оларды жазалауды атқаруы тиіс. Қылмысты істі қозғау туралы
қаулыда оны қозғау себебі көрсетілуі тиіс, қылмысты заң бабы және қылмысты
істі жіберілетін ұйым көрсетілуі тиіс, соттық талдау немесе тергеу
жүргізетін.
Қылмысты дұрыс сараламау - жеке адамдардың Қазақстан Республикасы
Конституциясында, басқа да заңдарда көрсетілген құқықтарын, бостандықтарын
қорғаудың кепілі болып табылады. 1
Қылмысты саралау қылмыстық құқықтық ғылымның институты ретінде 1 рет
В.Н.Кудряцевтың докторлық дисцертациясында қарастырылды. Оның пікірінше
қылмысты саралау қылмысқа заңды баға беру, іс жүзіндегі қылмыстық
әрекеттің белгілері мазмұндайтын қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің
баптарын көрсету.2

2 Қылмыс құрамы бойынша саралау

2.1 Қылмысты объекті бойынша саралау

Қылмыстық құқықты саралау кезеңінде жасалған қылмысты әрекетті
қылмыстық заңда көрсетілген жағдайлармен, белгілермен салыстыру жүреді.
әрбір қылмысьың нақты жағдайын 4 топқа бөлуге, субъективті жаққа жататын
жағдай. Осыған сәйкес заңда белгілер яғни қылмыс құрамы белгілері осы
жағдайды сипаттайды, оларда 4 топқа бөлінеді, әрине кез келген ғылыми
саралау сияқты, бұл жүйелеу кейбір шартты сипаттарға ие: барлық қылмыс
элементтері нақты әрекетте тұтас бірлік сипатта болады. Бұл элементтермен
белгілерді талдау оқшау, жекеше, сөзсіз туынды жағдай. Бірақ бұл тәсілді
қолдану қажет, ол зерттелетін құбылысты толық терең танып білуге қажет.
Қылмыс объектісі кез келген қылмыс үшін қажет элемент, объективсіз
қылмыс болмайды, болуы да мүмкін емес. Қылмыстық заңдылықта қылмыс
объектісін саралаудың үш түрі бар: жалпы, тектес және тікелей. Қылмыстық
құқық теориясында жалпы қабылданған жағдайларда қылмыс объектісі – қоғамдық
қатынастың қылмыстық заңымен қорғалады. Кей жағдайларда тікелей объект
болып нақты сыртқы әлемніңзаттары мысалы, мүлік: заттар, ақша, үй малдары,
автокөлік тағы басқа есептеледі. Бұл тікелей объектіні қате талқылау болып
есептеледі. Себебі қылмыстық әлеуметтік құқықтық мәні ашылмайды және жалпы
қоғамдық қатынасқа сай емес.
Қылмыстық заңмен қаралатын әрбір топ нақты өмірде қоғамдық қатынастың
қылмысты әрекетінің бірнешеуінің объектісі болуы мүмкін. Мысалы, қоғамдық
меншікке ұрлық, қарақшылық шабуыл жасау, ысырап жасау, алаяқтық, қорқытып
алушылық, қасақана және абайсыздықпен жою, қоғамның мүлкіне зақым келтіру
т.б. Бұл қылмыстардың арасындағы басты айырмашылық қол сұғу объектісі емес,
басқа элементтерде: қылмыстық қол сұғу тәсілі, зиянды зардаптар сипатымен,
кінә, түрімен, қылмыс субъектісі ерекшеліктерімен.
Қылмысты объективті саралауда жетістікке жету үшін және қылмысты
саралауға көшу үшін мына жағдайлар орындалуы керек:
а) жасалған нақты жағдай – қоғамға қауіпті әрекет (әрекетсіздік) -
қылмыстық жалпы құрамының төрт элементі бойынша топталып, жүйеленеді
объекті, объективті жағы, себебі аталған құрам нақты құрамды теориялық
негізде мазмұнын ашу үшін тану құралы бола алады;1
б) нақты қылмыс құрамының заңды белгісі – Қылмыстық кодекстің Ерекше
бөлімінің баптары – жасалған әрекетке ұқсас сонымен қатар 4 элементке
сәйкес.
Құқықтық саралауды жүзеге асырып логика заңдарын дұрыс қолдануда, оның
категорияларын және тәсілдерін дұрыс пайдалану қажет, себебі қылмысты
саралау адамның айла қабілетіне ой қорытуының, күрделі процесті танудың
қорытындысы.
Қылмыстық кодексте қылмыс құрамы көрсетілген, қылмыс объектісінен
тікелей сәйкес келетін. Мысалы, қасақана жою құрамы немесе мүлікті білдіру
толық қол сұғу құрамы мен объектісімен сәйкес келуі. Берілген жағдайда
айырмашылық тек субъективті жақта болады.
Ұрлық объектісі құрамы тонау құрамымен сәйкес келеді, зорлықсыз.
Объективті жақпен субъективті жақтың сипаттары арасында шектеу жүруі тиіс.
Яғни, қоғамдық нақты қатынастан тек бір ғана қоғамға қауіпті әрекетпен емес
бірнеше қылмыстық әрекетпен жасалады.
Жалпы, тектес және тікелей объектіні дұрыс анықтау, өте қажет,
қылмыстық қол сұғудың алғашқы кезеңі, қылмыстық заңдылықтан қажет алғашқы
бағдар іздеу. Әрбір қылмыс қоғамдық қатынасқа қол сұғады.
Қылмыс объектісі болып мынадай қоғамдық қатынастар, қол сұғудың қылмыс
объектісінің сапасында сипатталатындар болады. Бұл міндет қылмыстық
әрекетті, басқа құқық бұзудан ажыратудың өлшемі.
Қоғамға қауіпті әрекетті саралау да қылмыс объектісімен қатар қол сұғу
пәнін айыру керек, яғни материалдық әлемнің нақты заттары, қылмыскердің
қоғамға қауіпті әрекеті соларға бағытталған. Мысалы, ұрлық жасау кезінде
қол сұғу заты болып ақша түрлі материалдық құндылықтар бола алады.
Қылмыстық құқықтық нормалар диспозициясында қол сұғу затын тікелей
анықтау жиі айтылады. Заң нақты қылмысты қол сұғудың заты анық көрсетілген:
мемлекеттік қазыналық билеттер, мемлекеттік банк билеттері, қазыналық
тиындар, мемлекеттік құнды қағаз немесе шет ел валютасы. Қол сұғу затын
дұрыс анықтау жалған тиын жасау құрамын басқа пайдакүнемдік қылмыстан, оның
ішінде алаяқтықтан ажырату шектейді.
Қол сұғу заты мен қылмыс объектісі арасында тығыз байланыс бар. Қол
сұғу заты қылмыс объектісі сыртында қоғамға қауіпті әрекет қылмысын ала
алмайды. Қол сұғу заты материалдық түрі ғана.
Қылмыстық заңдылық өз нормаларымен қылмыстық қол сұғудан қоғамдық
қатынасты қорғайды. Кез келген қылмыстық қоғамдық қатынасқа қол сұғуға және
барлық қоғам үшін қауіп төндіреді. Сонымен бірге, қоғамдық қатынастар
қоғамдағы адамдар арасындағы қатынас және адам осы қоғамдық қатынасты
таратушы болып есептеледі. Сондықтан адамның жеке меншігіне қол сұғу
меншігіне, қоршаған ортаға қол сұғуда қылмыскер сонымен бірге қоғамдық
қатынасқа қол сұғуды, осы игіліктерімен байланысты.
Қылмысты объективті саралау құрамның басқа элементтерімен, ең алдымен
мынадай белгілерді талап етеді, осы элементке кіретін, жасалған әрекетті
саралау үшін қаншалықты маңызды әсер етеді, себебі әрбір қылмысты әрекет
оъективті және субъективті қасиеттердің көптеген белгілермен сипаттас,
бірақ құрамның сәйкес элементтерінің белгілері болмайды және қылмысты
саралау үшін маңызды болады.
Қол сұғудың жалпы объектісі анықтау қылмысты-құқықтық саралауды
жүргізуде мынаны анықтауға бағытталған: қарастырылған құқыққа қарсы әрекет
құқық бұзудың қай тобына жатады. Заң шығару негізінде Қазақстанның
Қылмыстық кодексінің заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар көрсетілген. Бұл
2-бап Қылмыстық кодекстің міндеттері. Онда көрсетілген қоғамдық
қатынастар қылмыстық жалпы субъектісі болып есептеледі.
Қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар қандай бірегей тектес
объектісі қол сұққанына байланысты топтарға бөлінеді. Мысалы жеке адамға
қарсы қылмыс бір топқа жинақталып және Қылмыстық кодекстегі 1-ші тарауды
құрайды, меншікке қарсы Қылмыстық кодекстің 14-тарауына енгізілген.
Қылмысты саралауда қол сұғудың тектес объектісін анықтау маңызды. Онда
Қылмыстық кодекстің нормаларын іздеу қажет емес, жасалған әрекеті үшін
нақты тұрғаны қолдайтын, барлық Қылмыстық кодекс бойынша. Тектес объектіні
тағайындау сәйкестікті анықтауды білдіреді, қылмыстық әрекетке
қажетұқсастықты табуды қажет етеді. Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің
шегінде. Кейбір қылмыстық құрамда тектестік және тікелей объектілерге
сәйкеспейді. Мысалы, ұрлық жасауда меншік есептеледі, ол бұзақылықта –
қоғамдық тәртіп есептеледі.
Қылмыс объектісінің мәні мынада, оның көлемімен қылмыстық әрекеттің
басқа белгілерімен ұқсастықты шекарасы бөлінеді. Мысалы, сотта қорлауда
Қылмыстық кодекстің 312 бабымен жауапкершілікке тартады, әділ соттық
ұйымның қалыпты қызметіне қол сұғу сияқты, ал үкімет өкілінқорлау – 320 бап
бойынша басқа ру тәртібіне қол сұғу сияқты жауапкершілікке тартады. Аталған
мысалдардан, текті объектіні анықтау қылмыскерден кім зардап шеккеніне
байланысты екенін көреміз.
Қылмыстың тектік объектісінің қылмыстық-құқықтық саралауынжүргізуші
тұлға қылмыстық заңдылықтың барлық жүйесімен таныс болуы керек. Қылмыстық
тектік объектісі сұрағын шешу үшін заңдылық негізге Қылмыстық кодекстің
баптары негіз болады, сонымен қатар Қылмыстық кодексіне сәйкес баптарының
нормаларының диспозициясын басшылыққа алады.
Тікелей қылмыс объектісін саралауды анықтауда идентификация қызмет
атқарады. Қылмыстың тікелей объектісін тағайындауда баптардың мазмұнын
талдау арқылы жасалады. Бұл кезде заңдылық база ретінде Қылмыстық
кодексінің Ерекше бөлімі таңдалады.
Қылмыстық құқықтық саралауды анықтауда қылмыстың тікелей объектісін
анықтауда барлық қоғамдық қатынастар өзара байланыста екенін ұмытпау керек.

Бір қоғамдық қатынастың дамуы екінші қоғамдық қатынастың дамуына ықпал
етеді. Осыдан көптеген қылмыстың әрекеттер бір уақытта бірнеше қоғамдық
қатынасқа қол сұғатын жағдайы шығады. Осыған байланысты қол сұғудың негізгі
тікелей обектісі мен қосымша объектілерге бөлінеді.
Тікелей негізгі объект қоғамға қауіпті әрекетті саралауда шешуші маңыз
алады.
Қосымша объект қылмысты басқа аралас құраммен шектеуде көмек көрсетеді,
әрекетті саралау мүмкіндігін қылмыс жиынтығы бойынша дұрыс шешуге көмек
көрсетеді, жаза қолдануда, шығынның орнын толтыруда көмек көрсетеді.
Қоғамдық қатынастардың нақты топтарын анықтауда қол сұғудың негізгі
тікелей объектісі сапасын мына талаптар тұрғысында есепке алу маңызды:
қылмыс әсер еткен қай топтың қоғамдық қатынасы елеулі, қандай қоғамдық
қатынасқа елеулі зиян келтірілді, қай қоғамдық қатынас үнемі қылмыс кезінде
зардап шегеді.
Тікелей объект әр уақытта текті объектімен сәйкес келеді, қылмыс
жасалуда, текті объектінің құрамды компонентіне кіреді. Аталған
ескертулерде қоғамдық қатынастың қандай да бір түрін анықтауда немесе
қоғамдық қатынастың тобының қол сұғуының тікелей объектісі сапасын
анықтауда ескеріледі.
Қоғамдық қатынастардың барлық жынтығынан негізгі тікелей объектіні
анықтауда көрсетілген өлшемдер олардың бірлігі мен өзара байланысында
қолданылуы тиіс. Қандай да бір айтылған өлшемдерді қолдану оқшауланған,
басқаларымен байланыссыз, қылмыстың тікелей негізгі объектісі сұрағын дұрыс
шешудің жағдайын жасай алмайды.
Қылмыс объектісін саралауды жүргізуде, біз көптеген қиындықтармен
қақтығысамыз. Негізінен қылмыс объектісін тікелей қабылдау қиын. Қылмыстың
басқа элементтерімен салыстырғанда оны кей уақытта тағайындау қиын және
кінәлі тұлғалардың көрсетулерінің көмегімен, куәгерлердің зардап шешулердің
көмегімен.
Көбіне бұл тұлғалар анық көрсетулері болмайды, қылмыс объектісі жөнінде
сұрақты дұрыс түсінбейді. Әдетте куәгерлер және басқа да тергеушімен жауап
алынғандар, прокурормен, сотпен азаматтар басқа қылмыс элементі жөнінде
көрсетулер береді: қандай тәсілмен, қай уақытта, қандай жағдайда қылмысты
мінез-құлықпен кінәлі тұлғаның әсерінен материалды шығын келтірілгенің
айтады. Қылмыс объектісін анықтау бұл жағдайларда жанама түрде, тағайындау
жолымен және қылмыс элементерінің басқаларын тандаумен жүргізіледі.
Қылмыстық қол сұғудың текті объектісін анықтауда қылмыстың субъективті
белгілі аз роль атқармайды. Мысалы, денсаулыққа орташа ауырлық жағдайында
қасақана зиян келтіруде қылмыстық кодекстің 104 бабы бойынша жауапқа
тартады, бұл жағдайда қылмыстың текті объектісі болып тұлға есептеледі.
Осындай әрекет, әскери қызметкермен жасалған екіншіге қатысты, Қылмыстық
кодекстің 370 бабы бойынша жауапкершілікке тартылады, себебі бұл жағдайда
әскери қызметті жүргізу тәртібіне қол сұғу орын алып отыр. Сонымен аталған
қылмыс құрамы, ара ұқсастығы бар, текті және тікелей объективті болып
бөлінеді. Осындай ұқсас қылмыс құрамдары Қылмыстық кодекстің Ерекше
бөлімінде аз емес.
Тікелей объектіге келсек, оның анықталуы Қылмыстық кодексінің Ерекше
бөлімінің тарауларының ішкі қылмыстық шектеуіне қызмет етіп, бағынады.
Қандай да болмасын қылмыс құрамы көптеген жағдайларда қоғамдық қатынас
объектісі сапасында емес, олардың материалдық көрінісін немесе нақты
игілігін (мысалы, денсаулық, меншік) қоғамға қатысушылардың қатынасын
көрсетеді, тікелей объектісі қылмыстың нақты құрамын түсінуде маңызды мәнге
ие болады, қоғамдық тәртіпті бұзудың мәнін, сипатын және қоғамға қауіпті
әрекеттің дәрежесін анықтау үшін.
Қылмыстық құқық теориясы қылмыстың тікелей объектісін негізгі, қосымша
және факультативті деп бөледі. Бұл өмір шындығынан туындайды: көптеген
криминалды әрекеттер немесе бір уақыттағы әрекетсіздік бірнеше қоғамдық
қатынасқа қол сұғатын, олар өзара байланысты. Бұзақылық кезінде – қоғамдақ
тәртіпке - негізгі объект және денсаулыққа, азаматтың қадыр-қасиетіне, ар-
намысына – факультативті объект қарақшылықта меншікке – негізгі объект,
денсаулыққа зардап шегушінің – қосымша объект. Бұл жағдайда негізгі тікелей
объект бірнеше дәрежені және жасалған әрекетті саралауда шешуші маңыз
Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің баптарына сәйкес келді. Аталған
объектіні әлеуметтік – мемлекеттік маңызда қылмыстық заңмен қорғалатын
қатынас, қылмыстық әрекепен қандай қоғамдық қатынасқа зиян келтірілді,
соған байланысты.
Қосымша және факультативті объектінің арасындағы айырмашылық мынада,
қосымша объект екі объективті болады (көп объектілі) қылмыс құрамы, ал
факультативті объект қылмыстық қарапайым құрамын жасау кезінде көрінеді.
Мысалы, бұзақылық әрекеттің бәрінде жеке басқа, меншікке қол сұғу орын
алмайды.
Факультативті объекті қол сұғудың жасалған әрекетті саралауға ықпал
етпейді, бірақ оның қауіптілігін арттырады, Қылмыстық кодексінің Ерекше
бөлімінің баптарына сәйкес санкция шегінде сот жаза қабылдауда ескереді,
осы қылмыстық жауапкершілігін қарастыратын. ол сонымен қатар аралас құрамды
шектеуге көмектеседі, қылмыс жиынтығының әрекетін саралау мүмкіндігі
сұрақты дұрыс шешуге мүмкіндік береді. Объектінің осы түрі келтірілген зиян
шығының орнына келтіруде шешуде ескеріледі.
Қылмыс объектісін дұрыс анықтауда қылмыс пәні маңызды роль атқарады.
Мысалы, егер аптекадан дәрілер ұрланса, онда ең алдымен қандай дәрілік
құралдар ұрланды деген сұрақ қойылады: наркотиктік құрамы бар немес жоқ
екенін анықтау (Қылмыстық кодекстің 200 бабы), ал екіншіде – меншік
(Қылмыстық кодекстің 145 бабы). Сонымен, қылмыс құрамы, Қылмыстық кодекстің
баптарында көрсетілгендей, ең алдымен қылмыс пәні бойынша ажыратылады.
Көптеген қылмыстық құқық теоретиктері қылмыс пәнін қылмыс құрамының
факультативті белгілеріне жатқызады, кейбір қылмыс түрлерін жасауда ол
қылмысты саралауға ықпал етпейді. Мысалы, Қылмыстық кодестің 258 бабымен
олар вандализм сияқты сараланады, транспортта мүлікті қасақана бүлдіру
болып табылады немесе басқа қоғамдық орындарда. Сұрақты шешуге кінәліні
Қылмыстық кодекс нормаларымен жауапкершілікке тартады, бұл кезде қандай
мүлік бұзылды оған байланысты емес: автобус орындығы немесе демалыс
паркіндегі орындық. Көптеген қылмыс құрамында қылмыс пәні жалпы жоқ.
Мысалы, кісі өлтіруде, зорлауда, жала жабу, сотты сыйламау, дезертирлікте
және тағы басқа.
Қылмыс пәні объектіге жатпайды не қылмыстық басқа құрамының элементіне
жатпайды. Ол қылмыс құрамының басқа белгілерінің ортасында оқшауланған орын
алады.
Қылмыс пәні материалдық әлемнен тұратын, кінәлі тұлғаға әсер ете отырып
тұлғаға зиян келтіреді, қоғамға, мемлекетке, қоғамдақ қатынастың
субъектісінің қызметі, қылмысты саралауға ықпал етеді және қылмыстық
жазалауды тағайындауда ескеріледі.
Қылмыс пәні болып тек зат қана емес, қылмыс жасау кезінде ықпал
етілетін (мысалы, жою кезінде, мүлікті зақымдау, қаруды заңсыз жасауда,
қарумен қақтығыздық жасау т.б.) және қылмыскер тиіспейтін заттарда
(өзгертілуге ұшырамайтын) бірақ сол үшін қылмыс жасалатын (мысалы, ұрлауда,
пара алуда, автомобильді заңсыз иеленуі т.б.).
Қылмыс пәні туралы әдебиетте түрліше көзқарас бар. Қылмыс пәні – бұл
тек қылмыс объектінің құрамды бөлігі, соңғысы және кінәлі қылмыс жасауда
ықпал етуші деп түсіндіреді. Яғни кейбір авторлар объектімен пәнді бөлуге
қарсы.1
Осы сұрақ төңірегінде Е.Каиржанов даулы позициясын ұсынады, пәнсіз
қылмыс болмады. Барлық қылмыс, оның ойынша, өз пәніне ие. Бірақ ол
мүлікті, материалданған немесе материалдандырылмаған қиын бағаланушы.2
Н.Коржанский ұсынған, дайындалған қылмыс құрамы көңіл бөліді қажет
етеді.
Жалпы пән деп ол материалды объектіні есептейді; туыстық адамға,
өсімдіктер мен жануарлар, заттар: көрнекті пәндер ол: адамда тұлғасы мен
психикасы; жануарларда және өсімдіктерде – жануар, адам өсірген, жабайы
жануарлар және өсімдіктер; заттарда – мүлік, ақшалар, құжаттар, қару т.б.3
Қылмысын пәні өзгереді (жойылады немесе зақымданады) өзінің физикалық,
заттық мәнде. Бұл қылмысты объектіден айырады – нақты қоғамдық қатынаста.
Сонымен, олар әртүрлі, негізгі табиғатта даму мен болмысын. Сонымен қатар,
Г.И.Сергеевамен де келісуге болады, жасалған зиянды байланысты объекті мен
қол сұғу пәні мен айырмасын білдіреді. Соңғысы көпшілік жағдайда ешқандай
зиян келтірмейді қылмыстық әрекеттен немесе әрекетсізден.
Қоғамға қауіпті әрекетті саралау жолдары объекті бойынша келесі
сұрақтарды анықтауды жорамалдайды: қандай қоғамдық қатынас зардап шекті
немесе жасалған әрекет нәтижесінде зардап шегуі мүмкін, бұл объектілерді
Қылмыстық кодекстің қылмыстық – құқықтық нормаларын қайсысы қорғайды? Бұл
процес бұл нормалардың ішінен жалғыз қылмыстық – құқықтық норманы таңдап
алуды немесе бұл нормалар жиынтығын таңдауды ұсынады.
Қылмыстық қол сұғудың объектісін анықтаумен тағайындау – бұл қылмыстық
- құқықтық саралаудың кезеңдерінің бірі ғана жоғарыда атап өткендей,
жиынтығын барлық қылмыс элементтерінің және қылмыс құрамының белгілерінің
нақты түрлерін саралау, табу, салыстыру, тағайындау. Бұл белгілердің
барлығын жиынтықта есепке алу ғана жеткілікті толық қылмыстық – құқықтық
сипаттауға мүмкіндік береді. Аралас қылмысты ажыратуда тек қылмыс
объектісімен анықталып, шектелмейді. Ұрлық, иемденіп кету, ысырап қылу,
алаяқтық жолмен талан-таражға салу қол сұғудың бірыңғай тікелей объектісі –
қоғамдақ меншік. Шекарасын ашу меншіктің басқа құрамды элементтерімен
жүргізіледі. Барлық жағдайда қылмыс объектісі тек жалғыз өлшем бола
алмайды, саралау үшін және қылмыстық шегін ашу үшін, деп пайымдау дұрыс
болады.
Қылмысты объективті саралауда қылмыстың зардап шегу объектісін анықтау
өте маңызды, себебі кез келген қылмыстық өзінің объектісі болады. Объектіні
тікелей және қосымша деп бөледі. Қылмыстарды ажырату үшін де объект маңызды
роль атқарады.

2.2 Қылмысты объективті жағы бойынша саралау

Қылмыстың объективті жағы – бұл қылмыстың заңмен қорғалатын қоғамдық
қатынасқа қол сұғудың қауіпінің сыртқы түрі.
Қылмыстық объективті жағы – бұл сыртқы акт қоғамдық қауіпті қол сұғудың
қылмыстық құқықтық қорғау объектісі, яғни тәртіп актісі, объективті өмірде
іске асатын және көрсетілген объектіге жасалағн зияндықпен қорқыту.
Аяқталған қылмыстың объективті жағы бірнеше компоненттерді айырады;
қоғамға қауіпті әрекет (әрекетсіздік) зиянды зардаптар, себепті байланыс,
сонымен бірге уақыты, тәсілі, қылмыстың жасалу жағдайы. Қылмыс құрамында
бұл қылмысты әрекеттің объективті жағының құрамды бөлімдері.
Қылмыс құрамының белгілерінің объективті жақтары қылмыстың басқа
элементтерімен салыстырғанда толық суреттелген.
Қылмыстың объективті жағы – бұл қылмыстық әрекеттің өзегі. Атап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыс объектісі
Қылмысты саралау және оның ұғымы
Қылмысты саралаудың ұғымы, маңызы және қылмыстық құқықтағы орны
Адам өлтірудің ұғымы
Қылмыс объектісінің түрлері
Қылмыс құрамының ұғымы
Қылмыс құрамының ұғымы және оның маңызы
ҚЫЛМЫСТЫҢ ТІКЕЛЕЙ ОБЪЕКТІЛЕРІ МЕН ҚОҒАМҒА ТИГІЗЕР ЗАРДАПТАРЫ
Қылмыс объектісінің түсінігі мен түрлері
ӨМІРГЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР
Пәндер