Жазаны тағайындаудың жалпы негіздері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе ----------------------------------- ---------------------------------
------------------- 3
I Тарау
Қылмыс пен жаза және қылмыстық атқару жүйесінің қызметі
1.1. Қылмыстық жаза және әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру --------
4
1.2. Жазаны тағайындаудың жалпы негіздері ----------------------------------
---- 6
1.3. Жазаға тартылушылардың құқықтары мен міндеттері ---------------------
12
II Тарау
Қылмыстық жауаптылықтан және жазалаудан босатылу
2.1. Қылмыстық жазадан босатылу түрлері ----------------------------------- -
---- 15
2.2. Қазақстан Республикасындағы рақымшылықпен қылмыстық жазадан босатылу
----------------------------------- ----------------------------------- ------
------- 19
2.3. Қазақстан Республикасындағы қылмыстық жазадан босатылуға соңғы үш
жылдың мәлеметтерін қолданып талдау жүргізу --------------------------------
- 21
Қорытынды ----------------------------------- -------------------------------
-------------- 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі ----------------------------------- -----------
---------- 26
Қосымшалар ----------------------------------- ------------------------------
--------- 28-31

Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл курстық жұмыста қылмыс
жасаушылардың қылмыстық жауаптылығы мен жазасынан босатылу мәселелері
кешенді зерттеледі.
Бұл курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы
өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде
орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары
мен бостандықтары болып саналады. Осы Қазақстан Республикасы
Конституциясының нормаларын басшылыққа ала отырып, 2002 жылы 20
қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мақұлданған
Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасында көрсетілгендей,
қылмыстық заңмен қорғалатын әлеуметтік жоғары құндылықтар ретінде адам
құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы мен ажырамастығын тану негізге
алынуы тиіс.
Қазақстан Республикасы Президенті Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның
2030 жылға дейінгі даму стратегиясын қарастыра келіп: Жоғарғы заңды
қорғауды қамтамасыз ете отырып, заңды сыйлайтын азаматтарды қылмыстан
қорғауға жете мән берілсін және заңға қарама-қайшы іс-әрекет жасайтындарға
заңның қатаң түрі қолданылсын -деп атап өткен болатын.
Курстық жұмыстың мақсаты. Сотталушының әрекеттерін саралау және
оларға жауаптылық белгілеуге байланысты қылмыстық-құқықтық ережелерді
жетілдіру және оны қолдану тәжірибесін көтеру үшін осы тақырыпқа байланысты
пайда болған даулы мәселелерді зерттей отырып, ұтымды әрі дұрыс бағыттағы
шешім көрсету болып табылады.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі тарудан, қорытындыдан;
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

I Тарау Қылмыс пен жаза және қылмыстық атқару жүйесінің қызметі
1.1. Қылмыстық жаза және әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру
Қылмыстық жаза - мемлекеттiк күштеу шараларының бірi болып
табылады және ол мемлекеттiң қылмыспен қарсы күрес жүргiзу құралдарының
бiрi ретiнде қолданылады. Мемлекет қылмысқа қарсы күрес жүргiзуде әр түрлi
ұйымдастырушылық, тәрбиелiк, экономикалық, рухани шаралардың барлық түрiн
кнiнен қолданады, сөйтiп қылмыстан сақтандыру мәселелерiне ерекше көңiл
бөледi. Сондықтан да бiздiң жас, тәуелсiз мемлекетiмiз қылмысқа қарсы күрес
қылмыстық жазаны қолдануда ең негiзгi басты күрес деп саналмайды, бұл
құбылысқа қарсы күресте шешушi мәселелер жоғарыда аталып экономикалық,
ұйымдастыру, тәрбие, қоғам мүшелерiнiң белсендiлiгiн, оларың құқықтық сана-
сезiмiн жетiлдiру арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да қылмыстық шара
мемлекеттiк күштеу шарасы ретiнде тек арнаулы, заңда көрсетiлгне жағдайда
ғана жүзеге асырылады. Қылмыс iстеген адамдарға мұндай шараны қолдану
мемлекеттiң атқаратын функцияларының бiрi ретiнде қарастырылады. Әсiресе
ауыр, өте ауыр қылмыс iс-тегендерге соған сәйкес ауыр қылмыстық-құқықтық
күштеу шараларын қолдану мемлекеттiң мiндетi болып табылады. Мемлекееттiк
күштеу шаралары сан алуан. Оларға бөлек қылмыстық құқықтық шаралар ғана
емес, азаматтық, әкiмшiлiк, тәртiптiк шаралар да жатады. Қылмыстық шара
мемлекеттiк күштеу шараларының жеке бiр түрi бола отырып, өз
ерекшелiктерiммен оқшауланады.
Бiрiншiден, қылмыстық жаза-мемлекеттiк күштеу шарасы ретiнде
қылмыстық заңмен ғана белгiленедi. Қылмыстық кодексте жазаның сот үшiн
мiндеттi тiзбектерi мен оны қолданудың тәртiбi тұжырымдалған. Сот қылмысқа
кiнәлi адамға қылмыстық заңда көрсетiлген шараның шеңберiнде оның шегiнен
шықпай, жаза тағайындайды. Тек ерекше жағдайларда ғана сот көрсетiлгеннен
гөрi неғұрлым жеңiлiрек жаза тағайындауға құқылы.
Мемлекеттiң күштеу шарасы ретiндегi қылмыстық жазаны мемлекет атынан
тек қана сот тағайындайды. Қылмыстық кодекстің 38-бабында жаза дегеніміз
соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбірлеу шарасы делінген.
Қылмыстық жазамен салыстырғанда басқа да мемлекеттік күштеу шаралары
мемлекеттік органдар немесе лауазымды органдар арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 38-бабының 2-бөлігінде
жазаның мақсаты-әлеуметтік әділеттікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған
адамдарды түзеу, сондай-ақ сотталғандарды да, басқа адамдарды да жаңа
қылмыстарды істеуден алдын ала сақтандыру екендігі айтылған.
Әлеуметтік әділеттікті қалпына келтіру, сотталған адамға жаза
тағайындау және жазаны орындау арқылы оны түзеу, сөйтіп жаңа қылмыс
істеуден оны сақтандыру жазаның арнаулы ескертуі болып табылады.
Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру дегеніміз - қылмыс істеген
аламға әділетті жаза тағайындау, істелген қылмыстың қоғамға қауіптілігі,
келтірілген зиян мөлшері, жаза тағайындаудың басты негіздері, кінәлінің
жеке басының ерекшеліктері ескеріле отырып, қылмысыны сайкелетін,әділ жаза
тағайындау болып табылады. Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру үшін
заңдылық принциппен қатаң басшылыққа алып жасалған қылмысқа әділ құқылық
баға және лайықты жаза белгілеу қажет.

1.2. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері
Қылмыстық құқық жаза тағайындағанда кінәлінің жеке-дара жауапкершілік
принципін негігі басшылыққа алады. Сотталушының нақты қылмыс істеудегі
кінәсі анықталғанжағдайда сот оған жазаны, істеген қылмысы үшін жауаптылық
қаралған заңнын тиісті баптарында көрсеттілген шектен шықпай тағайындайды.
Мұндай ретте,сөз жоқ, істелген қылмыстың ерекшелігі және кінәлінің жеке
тұлғасы жан-жақтыеске алынады. Тек қана осы мәселелерді есепке алған жаза
ғана әділ әрі заңға сай деп танылады.
Қылмыстық кодекстің 52-бабында жаза тағайындаудың жалпы негіздері
көрсетілген. Онда былай делінген:
Жаза тағайындаудың жалпы негіздері. 52-бап.
1. Қылмыс жасауға айыпты деп танылған адамға осы Кодекстің Ерекше
бөлімінің тиісті бабында белгіленген шектежәне осы Кодекстің Жалпы
бөлімінің ережелері ескеріле отырып, әділ жаза тағайындалады.
2. Қылмыс жасаған адамға оның түзелуі және жаңа қылмыстардың алдын
алу үшін қажетті және жеткілікті жаза тағайындалуға тиіс. Егер жасалған
қылмыс үшін көзделген жазаның онша қатаң емес түрі жазаның мақсатына жетуді
қамтамасыз ете алмайтын болса ғана ол үшін көзделгендері арасынан неғұрлым
қатаң жаза тағайындалады. Жасалған қылмыс үшін осы Кодекстің Ерекше
бөліміндегі тиісті баптарда көзделгеннен неғұрлым қатаң жаза осы Кодекстің
58 және 60-баптарына сәйкес қылмыстардың жиынтығы бойынша тағайындалуы
мүмкін. Жасалған қылмыс үшін осы Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті
баптарда көзделгеннен қатаңдығы төменірек жаза тағайындау үшін негіз осы
Кодекстің 55-бабында белгіленеді.
3. Жаза тағайындау кезінде қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілігк
дәрежесі, айыпкердің жеке басы, сонымен бірге оның қылмыс жасағанға дейінгі
және одан кейінгі мінез-құлқы, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және
ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаның сотталған адамның
түзелуіне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тіршілік
жағдайының ықпал ескеріледі.
Қылмыстық заңнын осы бабында көрсеттілген талаптарды бірнеше топқа
бөлуге болады. Оның біріншісі, әділ жаза тағайындалуы бодып табылады.
Әділеттілік принципі Қылмыстық кодекстің 3-бабында арнайы көрсетілген. Осы
бапқа сәйкес адамның қылмыс қүрамының белгілері бар іс-әрекеті ғана
қылмыстық жауаптылықтың негізі болады. Бір қылмыс үшін ешкімді де қайтадан
қылмыстық жауапқа тартуға болмайды делінген. Жазаның әділеттілігі істелген
қылмыстың ауырлығына, оны істеу жағдайларына және кінәлінің жеке басының
кім екендігіне сай келуі қажет.Тағайындалған жаза қылмыскердің іс-әрекеті
нің заңдылық зардабы, нәтижесі болуы керек. Жазаның шегі оның іс-әрекетінің
шегіне сайма-сай дәл келуі керек. Осыған байланысты тым жеңіл немесе тым
ауыр жаза тағайындалуға жол бермеуі керек. Тағайындалған жаза істелген
қылмысына пара-пар келетін әділ болғанда ғана ол өз мақсатына жетері анық.
Жаза тағайындаудың қағидалары деп қылмыстық шара қолданудың негіздері, жай-
жапсары және тәртібін белгілейтің, қылмыстық және қылмыстық- процесстік
құқық шамаларында бекітілген ережелер айтылатын. Бұл ережелердің бір нешеуі
жаза тағайындау үшін жалпы қағйдалық маңызға ие болды да (ең алдымен,
қылмыстық әрекет үшін жазалаушылық қағидасы және жазаны даралау қағидасы),
осыған орай жаза тағайындаудың жалпы қағидалары деп дәлме-дәл аталады. 1958
жылы қылмыстық заңдардың негіздерін қабылдағаннан кейін қылмыстық-құқықтық
әдебиеттерде жаза тағайындаудың жалпы негіздері жаза тағайындаудың
қағидаларымен қатар ерекшеленеді. Дегенмен, Г. Л . Кригердің әділ
тұжырымдағанындай, жаза тағайындаудың қағидалары жаза тағайындаудың жалпы
негіздерінде айшықталуына, атап айтқанда 1958 жылғы Негіздерде олардың
жазалауына байланысты, жаза тағайындаудың ұағидалары туралы мәселені дербес
күйде ерекшелеу бір ережелерді жөнсіз қайталауға әкеліп соғады.
Жаза Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында белгіленген
шекте тағайындалады. Яғни, сот жаза тағайындағанда кінәлінің істеген
қылмысы үшін жазаның мөлшерін, түрін сол баптың санкциясы көрсеткен шектен
шықпай тағайындауға міндетті. Сондықтан да әділ жаза тағайындаудың алғы
шарты іс-әрекетті дұрыс саралау, яғни істелген іс-әрекеттің белгілерінің
нақты қылмыс қүрамы белгілеріне дәлме-дәл сай болуын анықтау өте қажет.
Қылмысты дұрыс сараламау әділетсіз жаза тағайындауға әкеліп соғады.
Қылмыстық заңның нақты құрамының санкциясында көрсетілген жаза мөлшерінің
ең жоғарғы шегінен шығып, жаза тағайындауға заң ешқандай жол бермейді.
Керісінше, сот жаза тағайындағанда қылмыстық заңның 55-бабында көрсетілген
шарттарды еске ала отырып,кінәліге белгілі бір қылмыс үшін көзделген
жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындауға құқылы.
Сондай-ақ жаза тағайындағанда Ерекше бөлімнің нақты бабының
санкциясының шегін ескермеумен бірге Кодекстегі Жалпы бөлімнің ережелерін
де басшылыққа алуға міндетті. Яғни, сот адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту
үшін алдымен оның іс-әрекетінде қылмыс құрамы бар ма, жоқ па осы мәселені
анықтайды. Егер қылмыс құрамы бар болса, ол біткен немесе бітпеген қылмыс
па, қылмыскер оны жеке өзі немесе басқалармен бірге істеді ме деген
мәселелерді анықтайды. Бұл сүрақтарға жауап алу үшін ең алдымен Қылмыстық
кодекстің Жалпы бөліміндегі қылмыстың ұғымы, оның сатылары, қылмысқа қатысу
ұғымы, іс-әрекеттің қылмыстылығын жояатын жағдайлар, қылмыстық заңның
уақыттағы, кеңістіктегі, қылмыс жасаған адамдарға қатысты қолданылуы сияқты
мәселелерді анықтау керек. Қылмыстың құрамы бір іс-әрекеттерге жаза
тағайындағанда сот ең алдымен адамды қылмысты жауаптылықтан және жазадан
босатуға негіздер бар ма, жоқ па деген мәселелерді анықтауға міндетті. Егер
сот жасаған қылмысы үшін жаза тағайындау қажет деп тапса, онда ол Қылмыстық
кодекстің Жалпы бөлімінен жаза туралы бөліміндегі негізгі қағидаларды-
жазаның ұғымы мен мақсаты, жазалау түрлері, жаза тағайындаудың жалпы
негіздерін басшылыққа ала отырып біткен немесе бітпеген қылмыстарға,
қайталанған, қатысып жасалған қылмыс үшін, қылмыстардың, үкімдердің
жиынтығы үшін жаза тағайындаудың ерекшеліктерін ескереді. Сондай-ақ
мерзімдерді қосу кезінде оларды белгілеу, жаза мерзімдерін есептеу және
жазаны есепке алу туралы Жалпы бөлімінің ережелері негізгі басшылыққа
алады.
Егер жасалған қылмыс үшін көзделген жазаның онша қатаң емес түрі
жазаның мақсатына жетуді қамтамасыз ете алмайтын болса ғана сол үшін
көзделгендердің арасынан неғұрлым қатаң жаза тағайындалады. Бұл жерде
балама санкйияларды қолдану туралы сөз болып отыр. Қылмыстық кодекстің 39-
бабында жазаның түрлерінің тізбегі онша қатаң еместен, қатаң түріне қарай
тізбектеліп берілген. Осыған орай сот жазаның мақсатына жету үшін қажет деп
тапса, санкцияда көрсетілген балама жазалардың қатаң түрін тағайындауға
құқылы. Қылмыстық кодекстің 48-бабының 3-бөлігінде қылмыстардың және
үкімдердің жиынтығы бойынша жазаның қатаң түрін тағайындаудың тәртібі және
оның шегі арнайы көрсетілген.
Сот жаза тағайындағанда істелген қылмыстың сипатын және қоғаға
қауіптілік дәрежесін, айыптының жеке басының кім екендігін, істің
жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларын еске алады. Осы
айтылған факторлардың мазмұнын нақтылап толықтыратын, оларға бағынышты
түсініг болып табылады.
Осы жоғарыда айтылған екі негіз факторға сипаттама берелік. Бірінші,
істелген қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесін анықтау арқылы жаза
тағайындау. Заң бойынша әрбір әстелген нақты қылмыстың қоғамға қауіптілігі
екі жағынан: сапалық (қоғамға қауіптілік сипаты) және сандық (оның
дәрежесі) белгілері арқылы белгіленеді. Қылмыстың қоғамға қауіптілік
дәрежесі қылмыстың объективтік және субъективтік белгілері арқылы
анықталады. Мүның ішінде объктивтік белгілері (қылмыстың объективті
зардабы, іс-әрекеттің мәні, қылмыстың істелген уақыты, тәсілі, оның
жағдайы) субъктивтік белгілері, кінәнің формасы, қылмыстық ниет немесе
мақсат жан-жақты еске алынады.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты пленумының 1993 жылғы 24
маусымдағы Жаза тағайындағанда соттардың заңдарды дұрыс қолдануы туралы
Қаулысының 2-тармағында жасалған қылмыстың қауіптілігінің дәрежесін
анықтағанда, нақты қылмыстық (іс-әрекет, кінәнің түрі, себебі, тәсілі,
жасалған қылмыстық жағдай мен кезеңі, одан болған ауыртпалық, әрбір
сыбайластың қатыстылығының дәрежесі мен сипаты, т. б.) жағдайының барлығы
ескерлуі тиіс, деп жоғарыда айтылған заң талаптарының мазмұны ашып
көрсетілген.
Қылмыстық кодекстің 52-бабының келесі бір маңызды талабы айыптының
жеке басының кім екендігін анықтау болып табылады. Өйткені оны сипаттайтын
мән-жайларды дұрыс анықтаудың жазаны даралаудағы маңызы зор.
Сот нақты жағдайларға байланысты әр уақытта да кінәлінің жеке басын
сипаттайтын әлеуметтік мәні бар барлық жайттарды анықтау қажет. Оның ішінде
кінәлінің қылмыс істегенге дейінгі немесе одан кейінгі мінез-құлқы, оның
еңбекке, оқуға деген көзқарасы, өмір сүру салты, өзін қоршаған ортаға
қатынасы, оны сипаттайтын оң немесе теріс мән-жайлардың бәрі де ескерілуге
жатады. Бұнын сотталғандарға, ішімдікпен, нашақорлықпен әуестенушілерге,
қоғамдық тәртіпті бұзушыларға, қатыгездікпен немесе сыбайласып қылмыс
жасағандарға шектен тыс жеңіл жаза тағайындауға болмайды. Керісінше,
мемлекет, қоғам, отбасы алдындағы өз міндеттерін адал орындап жүрген,
өндірісте, түрмыста жағымды мінездерімен сипатталатын адамдардың бірінші
рет қылмыс жасауы олар үшін жеңілірек жаза тағайындауға негіз бола алады.
Соттардың сотталушының жеке басының мәліметтерін жан-жақты объективті
түрде тексеруін оларға тағайындалатын жазаның түрі мен көлемін белгілеу
үшін елеулі маңызы болып табылады. Сондықтан да қылмыстық құқықтың
адамгершілік принципін басшылыққа ала отырып, сот жаза тағайындағанда
сотталушының денсаулығын, отбасы жағдайын, еңбеке қабілеттілігі мен оған
деген көзқарасын, білімін, мүгедектігін, асырауындағы адамдардың санын,
тағы да басқа мәліметтерді жан-жақты еске алады.

1.3. Сотталғандардың құқықтары мен міндеттері
Қазақстан Республикасы сотталғандардың құқықтарын, бостандығы мен
заңды мүдделерін құрметтейді және қорғайды, олардың түзелуіне қажетті
жағдайларды, әлеуметтік әділеттілік кепілдігін, олардың жазаларды атқару
кезінде жеке басының әлуеметтік, құқықтық және өзге де қорғалуын қамтамасыз
етеді.
Сотталғандар жазаның нақты түрін атқарудың тәртібі мен жағдайларын
негізге ала отырып, Республика Конституциясында, Қылмыстық, Қылмыстық-
атқару кодекстерінде және өзге де заңдарында белгіленген шектеулермен
Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары болады және солардың
міндеттерін атқарады. Сотталған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың
жазаның нақты түрін атқарудың тәртібі мен жағдайларын негізге ала отырып,
шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жағдайы туралы Конституцияға,
халықаралық шарттарға, заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасының
Конституциясында қылмыстық, қылмыстық-атқару кодесктерінде және өзге де
заңдарында көзделген шектеулері бар құқықтары болады және олар сондай
міндеттер атқарады.
Сотталғандар қылмыстық-атқару кодекспен, өзге де нормативтік
құқықтық актілермен және үкіммен белгіленген құқықтық шектеулерден
туындайтын талаптарды сақтауға міндетті.
Сотталғандар жазаларды атқарушы мекемелер мен органдар
әкімшіліктерінің өздерінің мінез-құлқына арнап белгіленген заңды талаптарын
сақтауға міндетті.
Сотталғандардың өздеріне жүктелген міндеттерді, сондай-ақ
жазаларды атқарушы мекемелер мен органдар әкімшілігінің заңды талаптарын
орындамауы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа
әкеп соғады.
Сотталғандардың сот тағайындаған жаза түрін өтеудің тәртібі мен
жағдайлары, өздерінің құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат алуға құқығы
бар. Ақпаратты жазаны атқарушы мекеме немесе орган береді.
Сотталғандар жазаны атқарушы мекеменің немесе органның
әкімшілігіне, жазаны атқарушы мекемелер мен органдардан жоғары тұрған
басқару органдарына, сотқа, прокуратура органдарына, мемлекеттік өкімет
органдарына, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ адам құқығы мен бостандығын
қорғау жөніндегі халықаралық ұйымдарға ауызша және жазбаша ұсыныстар,
өтініштер жасауға және шағымдануға құқылы.
Сотталғандар түсініктеме беруге және хат алысуға, адвокаттардың,
сондай-ақ осындай көмек беруге уәкілетті басқа адамдардың заң көмегімен
пайдалануға құқылы.
Сотталғандардың әлеуметтік қамтамасыз етілуге, заңға сәйкес
зейнетақы алуға құқығы бар.
Шартты-мерзімінен бұрын босату, кешірім және рақымшылық жасауды
қолдану.
Шартты-мерзімінен бұрын босату немесе жазаның өтелмеген бөлігін
неғұрлым жұмсағымен ауыстыру қолданылуы мүмкін сотталушы жөнінде жазаны
атқарушы мекеме немесе орган Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу
заңдарында белгіленген тәртіппен сотқа сотталушыны жазасын өтеуден шартты-
мерзімінен бұрын босату туралы не жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым
жұмсақ түрімен ауыстыру туралы ұсыныс енгізеді.
Жазасын өтеуден мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босатылған
адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру ережесінің кестесі төменде №
1 қосымшада көрсетілген. Сонымен қатар, № 2 қосымшадан мерзімінен бұрын
шартты түрде босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауға қажетті құжаттар
тізімімен танысуға болады.
Кешірім жасауға ұсынылатын сотталушы жөнінде жазаны атқарушы
мекеме немесе орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген
тәртіппен тиісті өтініш енгізеді.
Жазасын өтеуден шартты-мерзімінен бұрын босату туралы, жазаның
өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыру және кешірім
жасау туралы ұсыныста сотталушының жеке басын сипаттайтын деректер, сондай-
ақ оның мінез-құлқы, жазасын өтеу кезіндегі еңбек пен оқуға көзқарасы
баяндалуға тиіс.

II Тарау Қылмыстық жауаптылықтан және жазалаудан босатылу
2.1. Қылмыстық жазадан босатылудың түрлері
Жазаланушыларды Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне
сәйкес Қылмыстық жауаптылықтан және жазалаудан босату түрлері мынадай:
Шын өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (65 бап)
1. Бiрiншi рет кiшiгiрiм немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам,
егер ол қылмыс жасағаннан кейiн айыбын мойындап өз еркiмен келсе немесе
қылмысты ашуға жәрдемдессе, немесе қылмыс келтiрген зиянды өзгеше түрде
қалпына келтiрсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.
2. Жеке адамға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаза тағайындау түсінігі
Қылмыстық жазалардың түрлері мен қылмыстық - атқару жүйесіндегі қылмыстық ықпал ету шараларын орындаудың түсінігі
Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар.
Қылмыстық құқықтағы жаза тағайындау
Жаза туралы тусінік оның белгілері және мақсаты. Қылмыстық құқықтағы жаза тағайындау
Қылмыстық жауаптылық және жаза
Жаза тағайындаудың жалпы негіздері мен түрлері
ЖАЗА ҰҒЫМЫ МЕН ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ЖАЗАНЫ ТАҒАЙЫНДАУ
Жаза тағайындау
Қылмыстық жаза туралы
Пәндер