Жасы толмағандарға қылмыстық жауаптылықтан босату



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қылмыстық жауаптылықтан босату
Кіріспе 1
Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату 5
Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату. 7
Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату. 11
Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату 14
Арнайы белгілерге байланысты кейбір қылмыстардың санаттары бойынша
қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздері 19
Рақымшылық жасау актісі негізде қылмыстық жауаптылықтан босату 19
Қылмыстық Кодекстің 77-бабының 3-бөлігіне сәйкес соттылық 25
Қорытынды 28

Кіріспе

Қылмыс үшін, яғни ол қоғамға қауіпті әрекет, адамның өмірі мен
денсаулығына және мүдделеріне қол сұғушылық болып табылады. Бірақ,
Қазақстан Республикасының қоғамдық және мемлекеттің құрылысына сай,
орнатылған заң мен тиісті әрбір қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесіне
қарай жауаптылыққа тартады және жаза тағайымдалады.
Қылмысты істеген тұлғаларға қатысты сот заңда көрсетілген жазаны
қолданады.
Заңдылықты нығайтумен қылмыстық элементтер қызметтерінің жолын кеседі.
Соның салдарымен қылмысты жоққа шығарады немесе оны тез ашуға жағдай
жасайды.
Қылмыстың істеген баптарына қарай Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодекстің қылмыстық жіктелуіне сай қылмыстық заң шығарушының талабынан
сәйкес жауаптылыққа тартады және жазаны тағайындайды немесе адам босатады.
Кінәсі адамды жауаптылыққа тартқан кезде Қылмыстық кодекстен жалпы
бөлімінде көрсетілген бабына қарай оған жазасын береді.
Жауаптылықтың ауырлығына немесе жеңіліне сәйкес сот жазаны
жеңілдетеді. Төмен болса, онда мұндай жағдайда сот жазаны ауырлатпайды.
Тергеу органдардың жұмысы мынадай бағытта қалыптасады. Егер істеген
қылмысы үшін қылмыскер жауаптылықтан бас тартудан кетіп қалмайтындай
жағдайда болу керек.
Бірақта, әрбір есі дұрыс адам қылмысты қасақана оймен немесе абайсызда
жасағаны үшін бас бостандығын айыруға болмайды.
Осыған орай Қазақстан Республикасы қылмыстық заң шығарушыда
жауаптылықтан босатады, егер ол қоғамға қауіптілігі аз және түзелу мүмкін
болған жағдай қолданылады. Бұл гуманизм қағидасына негізделген.
Қылмыстық жауаптылықтан босату – қылмыстық заңдарға және қылмыстық іс
заңдарына сәйкес қылмыс жасаған адамға мемлекет органының
қылмыстық–құқықтық шараларды қолданудан бас тартуы болып табылады.
Қылмыстық жауаптылықтан босату институттарында сонымен қатар әділеттілік,
ізгілік, жеке кінәлі жауаптылығы, азаматардың заң алдындағы теңдігі
қағидалары, қағидаттары міндетті түрде бірге жүзеге асырылып отырады.
Бұл Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілген. Кейбір
жағдайларда кінәлі болып қалған адамды қылмыстық жауаптылыққа тартпай–ақ
немесе оған жаза тағайындап, бірақ оны жазаны нақты өтеуден босату арқылы
көзделген, сондай–ақ жазаны өтеуден мерзімінен бұрын босату өтелмеген
жазамен ауыстыру арқылы көзделген міндеттерді орындап тиісті мақсатқа
жетуге болады. Құқық қолдану барысында қылмыстық жасалуынң қоғамға
қауіптілігін ескеруі, кінәнің жеке басына оның қылмыс жасағанға делігі және
қылмыс жасағаннан кейінгі әрекеттеріне мән беруі керек (шын өкінуі, айыбын
мойындап келу, қылмысты алуға жәрдемдесу тағы басқалар.)
Қылмыстық жауаптылықтан босату – адамның әрекетінің қоғамға
қауіптілігі аз, онша қауіпті болмауы және адамға қылмыстық жазаны қолданбай-
ақ түзетуі мүмкін болған жағдайларда қолданылады. Осыған байланысты
қылмыстық құқықта қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату немесе жазаны
жеңілірек жазамен айырбастау көзделген.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқық кодексінде, қылмыстық заң
бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрлері мен баптары болып
табылатындар:
- Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚК–тің 65-
бабы) жауаптылықтан босату. (ҚК–тің 66-бабы)
- Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
(ҚК–тің 67 бабы).
- Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚК –
тің 67-бабы).
- Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
(ҚК–тің 67-бабы).
- Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
(ҚК–тің 68-бабы ).
- Рақымшылық жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босату
(ҚК–тің 76-бабы).
Қылмыстық жауаптылықтан босату сот органдарынң актілеріне көрсетілген
қылмыс жасаған адамды соттаудан (сөгістен) және қылмыстық зақдо
қарастырылған мемлекеттік мәжбір ету шараларын қолданудан бас тарту.
Қолданыстағы қылмыстық заңда қылмыстық жауапқа тарту мерзімінің ескіруі.
Жауаптылықтан босатудың мынадай түрлері бар:
1) Қылмыстық жауапқа тарту мерзімінің ескіруіне байланысты.
2) Қылмыс жасаған адам қоғамға қауіпті емес деп танылса.
3) Істі жолдастық сотқа беруге байланысты.
4) Кепілге беруге байланысты
5) Әкімшілік жауапқа тартылуына байланысты
6) Жасы толмағандарға қылмыстық жауаптылықтан босату.
7) Амнистия актісі бойынша.
Қазақстан Республикасының Конституциясындағы 12 бапта белгіленген.
12-бап:
1. Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен
бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі.
Арнайы белгіленгеніне байланысты кейбір жеке қылмыстардың санаттары
бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздері қарастырылған
(ҚК – тің 125, 165, 165, 231, 233, 234, 263, 251, 252, 259, 312, 326,
352, 358, 372, 373, 375, 376, 377, 378, 379, 381 – баптарының ескертулері)
Жоғарыда көрсетілген қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрлері
міндетті және факультативтік болып бөлінеді. Қылмыстық жауаптылықтан
босатудың басқа түрлері факультативтік белгілерді қамтиды, яғни заңмен
қарастырылған жағдайларда формальды негізде негізгі қолдану міндеттілікті
тудырмайды. Қандайда болмасын қылмыстық жауаптылықтан негізгі бар болған
жағдайға ғана қолданылады. Сот, прокурор, тергеу–анықтау органдары
қылмыстық және қылмыстық жауаптылықтан босату тек қана адамның қылмыстық
жазалануға жататын әрекеттері болған жағдайда ғана қарастырылады.
Ендеше әрбір қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрлеріне тоқталып
кетсек оның маңызы мен атқаратын қызметіне назар салған жөн.

Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату

Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату негізі –
кінәлінің қылмыс жасағаннан кейінгі қоғамға тигізген зардабының қауіптілігі
аз мөлшерде болуы. Кінәлінің шын өкінуі қылмыстық жауаптылық пен жазаны
жеңілдететін мән–жайлар ретінде Қылмыстық кодекстің 53-бабының қ және д
тармақтарында қарастырылған. Қылмыстық кодекстің 65–бабы заңға сай
талаптарға жауаптылықтан босатуды көздейді.
Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату заңға сай
талаптарға сүйеніп оған байланысты орындалады.
Бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған
адам, егер ол қылмыс жасағаннан кейін айыбын мойындап өз еркімен келсе, ал
немесе қылмыс ашуға көмегін көрсетсе, қылмыс істеген зиянды өзгеше түрде
қалпына келтірсе, қылмыс істегені үшін босатылуы мүмкін.
Шын өкінуде – қылмысы үшін кінәлі адамның кінәсін моындап, өз еркімен
келуін, шын жүректен өкінуі, қылмысты ашуға жәрдемдесу және келтірген іс
зиянның орнын толтыруы белгілері болуы шарт.
Кінә мойындап келу деп – кінәлінің қылмыс жасағандығы үшін, яғни
қылмыс жасағаннан кейін тергеу, прокуратура, анықтау тағы басқа да
мемлекеттік органдарға өз еркімен арыз беруін айтуға болады. Кінәсін
мойындап келудің себебі ретінде өкінуді, іштей қатты күйзелуді, жазалықтан
үрейленуді, қорқуды тағы басқаны айтуға болады.
Шын өкінудің бір шарты қылмысы үшін кінәсін мойындап келу болып
табылады. Қылмыстық жауаптылықтан босатуды міндетті және шартсыз деп екіге
бөлуге болады.
Міндетті емес босату деп – бірінші рет кішігірім немесе немесе орташа
ауырлықтағы қылмыс жасаған адам ауыр немесе аса ауырлықтағы қатысты емес,
ұйымдасқан топ немесе қылмыстық сыбайластыққа жасалған қылмыстағы босатуды,
шартсыз босату деп – көрсетілген қылмыстық жауаптылықтан босатуды қолданған
жағдайда жоғарыдағы көрсетілген мән–жайлардың кінәнің жеке басын
қатыстылығына байланыссыз болуы жағдайын айтамыз.
Мұндай жағдайлардағы қабылданған шешім қайта қаралуға жатпайды.

Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату.

Қоғамдық қауіпті қол сұғушылықтан болған үрейлену, қорқу немесе
сасқалақтау салдарынан қажетті қорғану шегінен асқан адамды сот істің
мән–жайын ескере отырып, қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін (ҚК–тің 66-
бабы)
Қажетті қорғану – қол сұғушы адамға зиян келтіру, яғни қорғанушының
өзін немесе өзге бір адамның жеке басын, құқықтарын қорғауы.
Қажетті қорғаныс шегінен асу, жалпы қағида бойынша құқыққа қарсы болып
табылады, яғни оның салдарынан адамның заңсыз өмірінен айырылуы, денеге
ауыр жарақат келуі мүмкін. Мұндай жағдайда әрекет, кодекстің 99, 109 –
баптары бойынша саралануы мүмкін.
99-бап: Қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру.
Қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру - екі жылға
дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе дәл сол мерзімге бас
бостандағынан айыруға жазаланады.
109-бап. Қажетті қорғаныс шегінен шығу негізінде жасалған қасақана
ауыр зиян келтіру бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға
жазаланады.
Қажетті қорғаныс шегінен асу белгілері әдетте қоғамға қауіпті қол
сұғушылықтан болған үрей, қорғау немесе сасқалақтау салдарынан орын алады.
Үрей - нақты төніп тұрған немесе төнуі мүмкін болған қауіптен
қорғану, тынымсыздықтың немесе қорқыныштың салдары.
Қорқу – нақты жан күйзеліспен пайда болған жан дүниенің қалыпты
жағдайының бұзылуы, өзгеруі.
Сасқалақтау – ессіздікке жақын емес, яғни адамның белгілі бір себептен
уақытша жинақтала, өз-өзіне келе алмауы, өзінің ырқынан шығуы.
Сондықтан, кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс адам қажетті
қорғану шегінен асса да, қылмыстық жауаптылықтан босатылады қылмыстың
жауаптылықтан 66 – баптың негізінде босатылу – тек қана қоғамға қауіпті қол
сұғушылықтан болған үрейлену, қорқу немесе сасқалақтау салдары болып қана
қоймай, ал нақты анық айқындалған жағдайда орын алуы керек.
Егер де істің мән–жайы үрей, қорқу, сасқалақтау бьелгілерін қамтымаса,
ондай әрекет қажетті қорғаныс шегінен шығу деп танылып тиісті бапқа сәйкес
қылмыстың жауаптылық туады. Белгіленген қылмыстық жауаптылықтан босату тек
сот арқылы шешіледі. Мұндай қылмыстық жауаптылықтан босату міндетті шарт
емес. Сот негіздерге сүйене отырып жауаптылықтан босатуы немесе босатпауы
мүмкін. Егер жоғарыда аталған мән–жайлар орын алмаса, онда сот айыпталған
бапта көрсетілген женілдікті қолданбауға құқылы.
Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
Жауаптылықтан босатудың осы түрі, яғни ҚК–тің 67-бабы неғұрлым терең
талдауды талап етеді. ҚІЖК–нің 37–бабының бірінші бөлігі бойынша қылмыстық
іс қозғалмайды, себебі бұл жағдайды қозғалған қылмыстың іс тоқтатылады. Ол
жәбірленушінің арызы бойынша – және немесе жеке жариялық тәртіппен іске
асырылады.
(ҚК–тің 103-баптың бірінші бөлігі, 104-бабының бірінші бөлігі, 105,
111, 112 баптары, 117–бабының бірінші, екінші бөліктері, 120–бабының
бірінші, екінші бөліктері, 121–бабының бірінші бөлігі, 123, 130, 135, 133,
140, 142–баптары, 144 –бабының бірінші, екінші бөлігі, 145–бабының бірінші
бөлігі, 176–бабының бірінші, екінші бөліктері, 184–бабының екінші бөлігі,
187–бабының бірінші, екінші бөліктері, 188–бабының бірінші, екінші
бөліктері, 183, 200 баптары, 226–бабының бірінші бөлігі, 227–бабының
бірінші бөлігі, 228 бабы, 229–бабының бірінші бөлігі, 296 –бабының бірінші
бөлігі, 300–бабының бірінші бөлігі, 327–бабының бірінші бөлігі бойынша).
Бұрынғы қылмыстың істер жүргізу кодексінде бұл көрсетілген жүйенің
ауқымы да мазмұны да тар еді.
Ал, Қазақ ССР–інің 1959 жылғы Қылмыстық кодексі болса жәбірленушімен
татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату негіздерін мүлдем
қарастырмаған болатын.
Мұндай жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босату мынадай негіздер
болғанда жүзеге асырылады:
Біріншіден – кінәлі адамның істеген іс-әрекеті ауыр емес немесе орташа
ауырлықтағы қылмыс деп танылуы керек. Сонымен қатар абайсыздықпен немесе
қасақана жасалған қандайда болмасын қылмысқа тағайындалған жаза бес жылдан
аспайтындай болуы керек.
Екіншіден тұлғаға моральдық не физикалық немесе мүліктік зардаптың
нақты түрде келтірілуі қажет.
Мұндай қылмыс түрлеріне мысалы 129-баптағы жала жабу, 130-баптағы
қорлау, 175-баптың бірінші бөлігі ұрлық, 104-баптағы денсаулыққа қасақана
орташа ауырлықтағы зиян келтіру, 257-баптың бірінші, екінші бөлігінде
бұзақылық және тағы басқа жатады.
Үшіншіден кінәлінің қылмысты бірінші рет жасауы, сотталғандық атақтың
болмауы және бұрын жасаған басқа да қылмыстардың не қылмыстық жауаптылықтың
болмауы керек.
Төртіншіден кінәлі адам жәбірленушіден өзара татуласып мәмілеге келуі
қажет. Мұндай татуласу қорқытудан тәуелділігіне емес, шын өзара
түсіністіктен ғана болуы қажет. Татуласуы қылмыстық іс қозғалғанға дейін
орын алуы қажет, яғни алдын ала тергеу жүргізу барысында немесе істі сотта
қарау кезінде, бірақ соттың үкім шығаруға кеңесуінің алдында болуы шарт.
Бесіншіден жәбірленушіге келген зиянның орны толтырылуы керек. Орнын
толтыру – жәбірленушінің негізінен зиянды салдардың орнын толық қалпына
келтіруі немесе оның көңілінен шығуы нәтижесінен көрінуі керек. Бұл
негіздер жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан
босатудың себептері ретінде 67–бапқа сәйкес іске асырылады. Қылмыстық істің
тоқтатылуы мәселесінің шешілуі анықтау органы, тергеуші прокурор немесе сот
қарастырады.

Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.

Қылмыс белгілері бар әрекет жасаған адамды егер сот істі қараған кезде
жағдайдың өзгеруі салдарынан ол жасаған әрекет қоғамға қауіпті емес деп
танылса, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.
Бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адамды,
егер ол адамның содан кейінгі мүлтіксіз мінез–құлқына байланысты іс сотта
қаралған уақытта ол қоғамға қауіпті деп есептеле алмайтындығы белгіленсе,
сот қоғамға (қауіпті) қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.
Қарастырылып отырған бап бойынша өз алдына жеке айқындалған, қылмыстық
жауаптылықтан босатудың негізгі қарастыратын екі ұқсас түсініктерді
анықтауға болады: қылмыс жасалғанғаннан кейін жағдайдың өзгеруіне
байланысты қоғамға қауіптіліктің белгілерінің жойылуы, бірінші рет
кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс істеген адамның содан кейінгі
мінез–құлқының мүлтіксіз болуына байланысты істелген іс-әрекеттің қоғамға
қауіпті емес деп танылуы.
Қылмыстық кодекстің 68–бабының бірінші бөлігінде қоғамдық
қауіптіліктің жойылуының объективті, сыртқы себептері туралы сөз болады.
Жағдайдың өзгеруі болып, қылмыс жасалғанан кейінгі елеулі түрдегі өмірдің
шарттарының өзгеруі танылады. Яғни, жағдайдың өзгеруі, әлеуметтік,
экономикалық өзгерістерге елімізде не жеке аймақтарда орын алған
жағдайларға ғана байланысты болады.
Жағдайдың өзгеруінің нақтылы – елеулі мәні соның салдарынан қоғамға
деген қауіптіліктің жойылуымен шарттастықта. Басқаша айтқанда жағдайдың
өзгеруіне байланысты басқаша әлеуметтік жағдай орын алуы керек. Қылмыстық
Кодекстің 68-бабы бойынша мұндағы бірінші белгі бойынша бұл жағдай қылмыс
деп танылмау болса (қоғамға қауіптіліктің жойылғандығы болса), екінші
белгілі бойынша құқыққа қайшылықтың сақталып қалуы болып есептеледі.
Жауаптылықтан босатудың бұл ҚК–тің 9–бабы мен ұқсастық белгілер бар
ҚК–тің 9-бабының екінші бөлігімен негізгі айырмашылығы, яғни әрекет немесе
әрекетсіздіктің қылмыс болып табылмауы оның жасалу сәтінен басталып елеулі
маңызды қоғамға қауіптілігі болмағандығында.
ҚК-тің 68-бабының екінші бөлігіне сәйкес жағдайдың өзгеруіне
байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату мына жағдайда ғана орын алуы
мүмкін.
а) қылмыс бірінші рет жасалса;
б) жасалған қылмыс кішігірім немесе орташа ауырлықтағы санатқа
жатқызылған болса;
в) адамның қылмыстан кейінгі мінез–құлқы мүлтіксіз болса, істелген іс-
әрекет қоғамға қауіпті емес деп танылса.
ҚК–тің 68-бабының екінші бөлігіне сәйкес қылмыстық жауаптылықтан
босатудың мәселесінің шешілуі, белгілі бір қылмыс жасаған кезден бастап,
істі сотта қарастырғанға дейінгі уақыттың аралығында болуы қажет. Осы
уақыттың аралығында қылмыстық жауаптылықтан босатылушының мінез–құлқының
мүлтіксіз болуы шарт. Мінез-құлқының мүлтіксіз болуы ешқандай да құқық
бұзушылық, тәртіп бұзушылық, әкімшілік тәртіптің бұзылуының болмауы сияқты
белгілермен бірге түсініледі.
Яғни: жұмыс орны, оқуы, тұрғылықты жерінің болуы, жанұяда қарт
адамдардың, жасы толмағандардың, я болмаса ауруға шалдыққан адамдардың
болуы. Осындай белгілерге сүйене отырып, тұлғаның қоғамға қауіпті емес
екендігіне баға беріледі. Осы жауаптылықтан босатудың түрі бойынша, онша
ауыр емес немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам, істі сотта
қарағанда басқа бір қылмысты әшкерелеп ерлік жасаса немесе еңбек етіп зор
табысқа жетсе, онда сот мұндай адамды қоғамға қауіпті емес деп танып, оны
қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.

Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату

Қылмыстық жауапқа тартудың мерзімінің ескіруі деп қылмыс істеген
уақыттын бастап, кінәлі адамды сол қылмысы үшін заңда көрсетілген шарттарға
сәйкес жауапқа тартуға мүмкіндік беретін уақыттың өтуін айтамыз.
ҚК–тің 69-бабы ескіру мерзімін қолдану институтының үш шартын
белгілейді:
а) заңда белгіленген мерзімінің өтуі;
б) заңда белгіленген мерзімінің өтуі кезінде адамның ауыр немесе аса
ауыр қылмыс, немесе жаңа қылмыс жасамауы;
в) қылмыс істеген адамның тергеуден немесе соттан бой тасамалауы.
Мерзімінің өтуінің екі түрі белгіленген:
а) дифференциалдық, яғни қылмыстың ауырлығына байланысты болатын
аралық;
б) бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыс жасаудан
басқа, жалпы қарастырылатын қылмыстардың түрлері, тергеуден немесе соттан
бой тасалап жүрген адамдарға қатысты 25–жылдық мерзімінің болуы.
Заң ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан
босатуды төмендегіше көрсетеді:
а) орташа ауырлық қылмыстық жасағаннан кейін бес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы туралы
Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату
Кәмелетке толмағандардың жасаған қылмыстарына тағайындалатын жазалардың түрлері
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ТАҒАЙЫНДАЛАТЫН ЖАЗА ТҮРЛЕРІ
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының жалпы сипаттамасы
Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жазадан босату
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
Жазаның негізгі түрлері
Қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату
Кәмілетке толмағандардын қылмыстық жауаптылығы
Пәндер