ЕСКІРУ МЕРЗІМІНІҢ ӨТУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
жоспар

КІРІСПЕ 2
1. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН ЖӘНЕ ЖАЗАДАН БОСАТУДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
4
2. ШЫН ӨКІНУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУ 6
3. ҚАЖЕТТІ ҚОРҒАНУ ШЕГІНЕН АСҚАН КЕЗДЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУ 7
4. ЖӘБІРЛЕНУШІМЕН ТАТУЛАСУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУ 8
5. ЖАҒДАЙДЫҢ ӨЗГЕРУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУ 9
6. ЕСКІРУ МЕРЗІМІНІҢ ӨТУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУ 10
7. ЖАЗАНЫ ӨТЕУДЕН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ШАРТТЫ ТҮРДЕ БОСАТУ 11
8. ЖАЗАНЫҢ ӨТЕЛМЕГЕН БӨЛІГІН НЕҒҰРЛЫМ ЖЕҢІЛ ЖАЗА ТҮРІМЕН АУЫСТЫРУ 13
9. ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЖӘНЕ ЖАС БАЛАЛАРЫ БАР ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЖАЗАНЫ ӨТЕУІН КЕЙІНГЕ
ҚАЛДЫРУ 14
10. АУРУҒА ШАЛДЫҒУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖАЗАДАН БОСАТУ 16
11. ТӨТЕНШЕ МӘН-ЖАЙЛАРДЫҢ САЛДАРЫНАН ЖАЗАДАН БОСАТУ МЕН ЖАЗАНЫ ӨТЕУДІ
КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ 18
12. АЙЫПТАУ ҮКІМІН ОРЫНДАУДЫҢ МЕРЗІМІ ЕСКІРУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖАЗАДАН БОСАТУ
19
13. РАҚЫМШЫЛЫҚ НЕМЕСЕ КЕШІРІМ ЖАСАУ АКТІСІ НЕГІЗІНДЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ
ПЕН ЖАЗАДАН БОСАТУ 20
14. СОТТАЛҒАНДЫҚТАН АРЫЛУ ЖӘНЕ ОНЫ ЖОЮ 24
қорытынды 28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 29

КІРІСПЕ

Жиырмасыншы ғасырдың соңы қазақ халқына зор табыс, жақсылық
–жаңалықтарымен қоса ауыр сын да ала келді. Жақсылықтың ең бастысы – ата-
бабаларымыз армандап өткен дербес мемлекет болу мәртебесіне қол жеткіздік.
Алайда дүниетанымымыз бен санамызға сіңіп қалған бодандық зардабынан тез
арада арылу, оқ бойы озып кеткен өркениет көшін қуып жету оңай болмауда.
Қоғам құрылымын жаңартып, демократиялық үрдістерге көшу жеңіл–желпі міндет
емес.
Егемендік пен тәуелсіздікке ие болған Қазақстан бүгінгі таңда дүниежүзі
таныған мемлекетке айналды.
Қазақстан Республикасының егемендік пен тәуелсіздікке ие болуы,
реттеудің нарықтық механизміне негізделген жаңа экономикалық қатынастардың
даму жолын таңдауы, құқықтық саланы реформалаудың қажеттілігін шарт етіп
қойды. Бұл мақсаттарды жүзеге асыру идеологиялық және саяси ұрандармен
бүркемеленген, социалистік құқықтың, соттардың және құқық қорғау
органдарының мемлекеттендірілген және репрессиялық сипаттағы кеңестік
тоталитаризмнен мұраға қалған заң саласын тазартуды талап етті.
Жаңа қоғамдық қатынастардың орнығуы олардың құқықтық қамтамасыз
етілуінің мезгілінде түзетілуімен, сапалы заңның қабылдануымен, оның жоғары
кәсіптік деңгейде құқықтық қолданылуымен қатар жүргізілуі керек.
Сонымен қатар, юриспруденция саласындағы болуға тиіс жаңартулардың
бүкіл күрделілігі мен ауқымдылығын назарға алу керек еді, өйткені, ескі
әміршіл–репрессиялық режимнің заң институттары бүгінгі жағдайға сәйкес
келмейтін. Сондықтан да, жаңа құқықтық институттарды, жетілдірілген заң
процесстерін құруға, заңға ревизия жасаудың, қалыптастырудың құқық қолдану
практикасында өзгертулер мен толықтырулар енгізу қажет болды.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздікті алу жылдарындағы құқықтық
реформаға талдау жасау барысы, оның басты нәтижесі мемлекет дамуының
стратегиялық бағыттарын айқындаған, адамдардың және азаматтардың құқықтары
мен бостандықтарының негізін қалаған, сондай-ақ мемлекеттік органдардың
жаңа жүйесін бекіткен Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдауы
болып табылады.
Ал, 1998 жылдың 1-қаңтарында Қылмыстық кодексі заңды күшіне еніп,
қылмыстылықпен күресуге бағытталған нормаларының прогрессивтілігімен
ерекшеленді. Бұл заңның елеулі көрінісі – адамның ар-ожданының,
бостандығының құндылығын түсіну болып табылады.
Менің қозғайын деп отырған мәселем қылмыс жасаған азаматтарға
адамгершілік тұрғысынан қарау, нақтырақ айтсам, “Қылмыстық жауаптылықтан
және жазадан босату” тақырыбына арналады.
Өмірде қалыптасқан “қылмыс жасаған адамды қылмыстық жауапкершілікке
тарту, оның қылмысын әшкерелеу” мәселесін жүзеге асыру барысындағы сот
органдары қызметінің орны ерекше.
Қазіргі таңда қылмыстылықпен, әсіресе рецидивті қылмыстармен күресудің
бір тәсілі ретінде – рақымшылық жасап, тәрбиелік әсер ету болып табылады.
Қазіргі таңда қылмыс жасаған азамат пен мемлекет арасындағы қатынас заң
негізінде құрылуда. Олар жазаланып, сот үкімі шығып өз жазаларын өтеп те
жатады. Дегенмен, кейде кінәлі адамға қылмыстық жауаптылық қолданылмауы
мүмкін. Сонымен қатар, заңда белгілі жағдайларда қылмыстық-құқықтық тыйым
салынған жайттарды бұзуына кешірімділікпен қарап гуманизм тұрғысынан жазаны
өтеуден ғана емес, жалпы қылмыстық жауаптылықтан босату қарастырылады.
Біз қарастырып отырған тақырып қылмыс жасаған тұлға үшін де және заң
шығарушыға да, сонымен қатар құқық қорғау органдары қызметкерлеріне де
маңызды тақырып.

1. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН ЖӘНЕ ЖАЗАДАН БОСАТУДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ

Жалпы қағидаға сәйкес қылмыстық жауаптылық сот арқылы қылмыс жасаған
кінәлі адамға жаза тағайындау арқылы жүзеге асырылады. Бірақ кейбір
реттерде қылмыстылықпен күресте мақсатқа жету кінәлі адамды қылмыстық
жауапқа тартпай-ақ немесе оған жаза тағайындап, бірақ оны жазаны нақты
өтеуден босату арқылы, сондай-ақ жаза өтеуден мерзімінен бұрын босату,
өтелмеген жазаның бөлігін жеңілірек жазамен ауыстыру арқылы жүзеге асырылуы
да мүмкін.
Осыған байланысты қылмыстық құқық қылмыстық жауаптылықтан және жазадан
немесе жазаны жеңілірек жазамен айырбастау туралы институтты белгілейді.
Мұның әрқайсысы тәжірибеде кеңінен қолданылады. Сонымен бірге ескерілетін
жағдай, қылмыстық жауаптылықтан, жазадан босатуды кеңінен пайдаланудың да
зиянды жағы бар. Бұл институтты практикада жиі қолдану қылмыстық құқықтағы
жауаптылықтың сөзсіз болуы принциптерін аяққа басады. Сондықтан да
көрсетілген мәселелерді қолдану заңға негізделген және тиімді болған
жағдайда ғана қылмыспен күрес мақсатының қылмыстық жауаптылық немесе жазаны
қолданбай-ақ жүзеге асырылуы жағдайында ғана қолданылуы қажет.
Қылмыстық заң бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың мынадай
түрлері көрсетілген:
1. Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
2. Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату.
3. Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан
босату.
4. Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
5. Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
6. Рахымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық
жауаптылықтан босату.
Осы аталған негіздер мен қылмыстық жауаптылықтан босату түбегейлі
түрде шартсыз жүзеге асырылады.
Қылмыстық заң бойынша кінәлі деп танылған адам жаза өтеуден жазаны
өтеуді жалғастырудан босатылуы немесе оның жазасын жеңілірек жазамен
ауыстырылуы мүмкін.
Қылмыстық заң бойынша жазадан босату мынадай негіздер бойынша жүзеге
асырылады:
1. Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату;
2. Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату;
3. Жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру;
4. Жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдерді жазаны өтеуден
кейінге қалдыру;
5. Төтенше мән-жайлардың салдарынан жазадан босату мен жазаны өтеуді
кейінге қалдыру;
6. Айыптау үкімінің ескіру мерзімі өтуіне байланысты жазаны өтеуден
босату;
7. Рахымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде жазадан босату.
Қылмыстық жауаптылықтан босату, жазадан босату немесе жазаны одан әрі
өтеуден босатудың бір-бірінен айырмашылығы оларды қолдану негіздеріне
байланысты болады. Әдетте, қылмыстық жауаптылықтан босату (қылмыстық
жауапқа тартудың мерзімі ескіруге байланысты жауаптылықтан босатудан
басқасы) істелген қылмыстың қоғамға қауіптілігі онша көп болмаған және оны
істеген адамның түзелуі, жаза қолданбай-ақ мүмкін болған жағдайларда
қолданылады. Жазадан немесе оны одан әрі өтеуден босату сот үкімі бойынша
белгілі бір жазаға тағайындалып, соны өтеу барысында өздерінің
түзелгендігін дәлелдеген адамдарға қолданылады. Мұндай жазадан босату тек
заңда белгіленген тәртіппен сот арқылы ғана жүзеге асырылады.
Қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босатылудың кейбір түрлері
жұртшылық өкілдерінің қатысуы арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, жазадан
шартты түрде мерзімінен бұрын босату жазаны өтеу мекемесінің және бақылау
комиссиясының бірлескен ұсынысы болған жағдайда ғана сот арқылы жүзеге
асырылады. Қылмыстық жауаптылыққа тартудың мерзімі ескіруге байланысты
қылмыстық жауапкершіліктен босату, айыптау үкімін орындаудың мерзімі
ескіруге байланысты жазадан босату (69, 75 баптар) жұртшылық өкілінің
пікірін ескермей-ақ қолданыла береді.

2. ШЫН ӨКІНУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУ

1. Бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған
адам, егер ол қылмыс жасағаннан кейін айыбын мойындап өз еркімен келсе
немесе қылмысты ашуға жәрдемдессе немесе қылмыс келтірген зиянды өзгеше
түрде қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін (65-бап, 1-
бөлігі).
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың бұл түрі Қылмыстық кодекстіқ Ерекше
бөліміндегі жеке қылмыс құрамының санкцияларында көрсетілген реттерде ғана
қолданылады. Мұның өзінде шын жүректен өкіну деп тану үшін кінәлінің
кінәсін мойындап, өз еркімен келуі, шын жүректен өкінуі қылмысты ашуға
жәрдемдесу және келтірілген зиянның орнын толтыруы белгілері болуы шарт.
Кінәсін мойындап келу деп біткен немесе дайындық арасындағы
(дайындалу, оқталу), қылмыстарды істегеннен кейін кінәлі адамның өзінін
айыбын мойындап заңда көрсетілген органға келуін айтамыз. Кінәсін мойындап
келу көп жағдайларда аяқталған қылмысты істегеннен кейін орын алады. Шын
жүректен өкіну деп, істеген кінәлінің қылмысы үшін ағынан жарылып өкініш
білдіруі; өзін-өзі айыптауы; істеген ісі үшін қандай да болсын жазаны адал
өтеуге даяр екендігіне көз жеткізу; іштей қатты күйзеліп, қайғылануы сияқты
әрекеттерін айтамыз. Келтірілген зиянның орнын толтыру деп кінәлінің өз
еркімен ешкімге айтқызбай-ақ келтірген материалдық зиянның орнын толтыруы,
жәбірленушіден келтірген моральдық зияны үшін кешірім сұрап, істеген іс-
әрекеті үшін өзінің айыбын толық мойындап, болашақта оны қайталамауға уәде
беруі және тағы басқа әрекеттер жатады. Қылмысты ашуға жәрдемдесу деп
тергеу органдарына болған мән-жайларды айқын баяндауы, қылмысқа
қатысқандарды дұрыс анықтап беруді, қылмыстық құралдарды, қолды болған
затты табуға көмек беруін, сондай-ақ жәбірленушіге келтірген моральдық
зияны үшін одан кешірім сұрауын айтамыз. 65-баптың 1-бөлігі бойынша шын
жүректен өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату біріншіден,
айыптының бірінші рет онша ауыр емес немесе ауырлығы орта қылмысты істеуі,
екіншіден, қылмыс істегеннен кейін: а) айыбын мойындап өз еркімен келуі; б)
қылмысты ашуға жәрдемдессе; в) келтірген зиянның орнын қалпына келтірсе
ғана қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Сондай-ақ қылмыс жасаған
адамды сот егер ол ұйымдасқан топ немесе қылмысты сыбайластық (қылмысты
ұйым) жасаған қылмыстарды болғызбауға, ашуға немесе тергеуге, ұйымдасқан
топ немесе қылмысты сыбайластық (қылмысты ұйым) жасаған қылмысқа басқа да
қатысушыларды анықтауға белсенді түрде жәрдемдессе, қылмыстық жауаптылықтан
босатылуы мүмкін (65-бап, 2-бөлігі). 65-баптың 2-бөлігі жеке адамға қарсы
ауыр немесе аса ауыр қылмыс істегендерге қолданылмайды. Демек, бұдан басқа
қылмыстарды жасаған адамға сот осы көрсетілген қағидаға сәйкес егер ол
ұйымдасқан топ немесе қылмысты ұйым жасаған қылмыстарға қарсы заңда
көрсетілген іс-әрекеттерді шын жүректен жасағанда ол қылмыстық
жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Қылмыстық кодекстің осы 65-бабының бірінші
және екінші бөлігінде көзделген жағдайлар болған кезде басқа санаттағы
қылмыс жасаған адам тек осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында
арнайы көзделген реттерде ғана қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін (65-
бап, 3-бөлігі). Мысалы, Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің кейбір
баптарының санкцияларында шын жүректен өкіну қылмыстық жауаптылықтан немесе
қылмыстық жазадан босатудың негізі ретінде көрсетілген. Мысалы, пара
бергендігі жөніндегі (312-бап), есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін
заттарды заңсыз дайындау, сатып алу, тасу, тұтыну іс-әрекеттері үшін (259-
бап).

3. ҚАЖЕТТІ ҚОРҒАНУ ШЕГІНЕН АСҚАН КЕЗДЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУ

Қылмыстық кодекстің 66-бабына сәйкес қоғамға қауіпті қылмыстан болған
үрейлену, қорқу немесе сасқалақтау салдарынан қажетті қорғану шегінен асқан
адамды сот істің мән-жайын ескере отырып, қылмыстық жауаптылықтан босатуы
мүмкін. Мұндай ретте қажетті қорғану шегінен асып кісі өлтірген немесе
денеге ауыр жарақат түсірген адамның іс-әрекеті қоғамға қауіпті, заңға
қайшы, кінәлі түрде істелгендіктен қылмыс болып табылады. Бірақ та сот
істің нақты мән-жайына қарай отырып, айыпты адамның нақты қылмыс істеу
кезіндегі болған үрейлену, қорқу немесе асып-сасу салдарынан қажетті
қорғану шегінен асқандығын есепке ала отырып, оны қылмыстық жауаптылықтан
босатуы мүмкін. Егер жоғарыда аталған мән-жайлар орын алмаса, онда сот
айыптыға осы бапта көрсетілген жеңілдікті қолданбауға құқылы. Өйткені осы
бап бойынша қылмыстық жауаптылықтан босату немесе босатпауды сот нақты
жағдайларға байланысты ғана шешіледі.

4. ЖӘБІРЛЕНУШІМЕН ТАТУЛАСУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУ

Қылмыстық кодексте (67-бап) бірінші рет немесе орташа ауырлықтағы
қылмыс істеген адам егер ол жәбірленушімен татуласса және жәбірленушіге
келтірген зиянның есесін толтырса, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін
деп көрсетілген.
Мұндай негізде қылмыстық жауаптылықтан босату үш түрлі негіз болғанда
жүзеге асырылады:
Біріншісі, кінәлі адамның істеген іс-әрекеті ауыр емес немесе орташа
ауырлықтағы қылмыс деп танылуы керек.
Екіншісі, кінәлі адам жәбірленушімен өзара татуласып, мәмілеге келуі
қажет. Мұндай татуласу қорқытудан, тәуелділіктен емес, шын өзара
түсіністікпен ғана болуы қажет.
Үшіншіден, жәбірленушіге келтірілген зиянның орны толтырылуы қажет.
Осы белгілердің жиынтығы орын алған кінәлі адамға осы 67-бапта көрсетілген
жазаны қолдануға негіз бар. Көрсетілген белгілердің кем дегенде біреуі
болмаса, онда айыптыға бұл көрсетілген заң нормасын қолдану арқылы
қылмыстық жауаптылықтан босатуға негіз жоқ.

5. ЖАҒДАЙДЫҢ ӨЗГЕРУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУ

1. Қылмыс белгілері бар әрекет жасаған адамды, егер істі сот қараған
кезде жағдайдың өзгеруі салдарынан ол жасаған әрекет қоғамға қауіпті емес
деп танылса, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.
2. Бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған
адамды, егер ол адамның содан кейінгі мүлтіксіз мінез-құлқына байланысты іс
сотта қаралған уақытта ол қоғамға қауіпті деп есептеле алмайтындығы
белгіленсе, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін (68-бап).
Қылмыстық кодекстің 68-бабына сәйкес жағдайдың өзгеруіне байланысты
(баптың 1-бөлігі) және қылмыс істеген адамның содан кейінгі мінез-құлқының
мүлтіксіз болуына байланысты (баптың 2-бөлігі) істелген іс-әрекет қоғамға
қауіпті емес деп танылады. Жағдайдың өзгеруіне байланысты өмірде болатын
объективті елеулі өзгерістердің болуынан бұрынғы істелген іс-әрекеттердің
қоғамға қауіптілігі жойылады. Немесе ондай іс-әрекеттер жаңа қоғамдық
қатынастарға байланысты әкімшілік құқық бұзушылық немесе тәртіптік теріс
қылық болып қалуы мүмкін. Мысалы, соғыс жағдайынан бейбіт жағдайға өтуге
байланысты көптеген қылмыс құрамдары қоғамға қауіптілік мәнін жояды.
Осындай іс-әрекеттер істі сотта қараған кезде жағдайдың өзгеруіне
байланысты қоғамға қауіптілік сипатын жояды, осыған байланысты сот қылмыс
белгілері бар әрекетті жасаған адамды қылмыстық жауаптылықтан босатуы
мүмкін. Осы баптың екінші бөлігінде бірінші рет онша ауыр емес немесе
ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам, қылмыс жасағаннан кейін, өзінің
өнегелі мінез-құлқымен көзге түссе, онда сот істі қараған кезде мұндай адам
қоғамға қауіпті емес деп тауып, оны қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.
Мысалы, онша ауыр емес немесе орташа ауырлықтағы қылмыс істеген адам, істі
сотта қарағанда басқа бір қылмысты топты әшкерелеп ерлік жасаса немесе
еңбекте зор табыска жетсе, онда сот мұндай адамды қоғамға қауіпті емес деп
танып, оны қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.

6. ЕСКІРУ МЕРЗІМІНІҢ ӨТУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУ

Қылмыстық жауапқа тартудың мерзімінің ескіруі деп қылмыс істеген
уақыттан бастап, кінәлі адамды сол қылмысы үшін заңда көрсетілген шарттарға
сәйкес жауапқа тартуға мүмкіндік беретін уақыттың өтуін айтамыз. Мұндай
мерзімнің өтуі қолданылатын шараның тиімділігін, қажеттілігін жояды,
сондықтан да ол қылмыс ескірген қылмыс қатарына жатқызылады. Уақыты өтіп,
ескірген қылмысты тергеу оған дәлелдерді жинау, істі сотта қарау кезінде
жинақталған мәліметтерді қайта жаңғыртудың өзі де көптеген қиындықтарды
туғызады. Сондықтан да жауапқа тарту мерзімі ескірген қылмысы үшін кінәлі
адамға қылмыстық жауаптылық жүктеудің қажеті жоқ. Қылмыстық кодексте (69-
бап) мұндай жауаптылықтан босатудың негіздері істелген қылмыстың ауырлығына
байланысты болып көрсетілген.
1) Кішігірім қылмыс істегеннен кейін 2 жыл өтсе;
2) орташа ауырлықтағы қылмыс істегеннен кейін 5 жыл өтсе;
3) ауыр қылмыс істегеннен кейін 10 жыл өтсе;
4) аса ауыр қылмыс істегеннен кейің 15 жыл өтсе;
Ескірудің мерзімі қылмыс істеген күннен бастап және сот үкімі заңды
күшіне енген кезге дейін есептелінеді. Қылмыс істеген уақыт деп қылмыстың
зардабының орын алған уақытынан тысқары қоғамға қауіпті іс-әрекет жүзеге
асырылған уақытты айтамыз. Үзіліссіз қылмыста қылмысқа байланысты іс-
әрекеттерді толық тоқтатқан уақыттан бастап оның ескіру мерзімі
есептелінеді. Созылмалы қылмыста ескіру мерзімі ең соңғы іс-әрекетті істеп
біткен уақыттан бастап есепке алынады.
Егер заңда көрсетілген мерзім өткенше ауыр немесе аса ауыр қылмыс
істеген адам 69-баптың 1-бөлігінде аталған мерзім өткенге дейін жаңадан
қасақана қылмыс жасаса, ескіру мерзімі тоқтатылады. Бұл ретте ескіру
мерзімінің есептелуі жаңа қылмыс істеген кезден бастап, ал қалған реттерде
егер адам ескірген мерзімі біткенге дейін жаңа қылмыс жасаса, әрбір қылмыс
бойынша ескіру мерзімі өз бетімен, дербес жүріп отырады.
Егер қылмыс істеген адам тергеуден немесе соттан бой тасалап жүрсе,
оның ескіру мерзімінің өтуі тоқтатыла тұрады. Тергеуден немесе соттан бой
тасалаудың өзі кінәлі адамның қоғам үшін қауіптілігін, оның түзелу жолына
бет алмағандығын көрсетеді. Мұндай реттерде ондай адамдарды қылмыстық
жауаптылықтан босатуға жол берілмейді. Мұндай адамдар жөніндегі ескіру
мерзімінің өтуі ол адамды ұстаған күннен бастап немесеі кінәсін мойындап
өзі келген күннен бастап, қайта жаңғыртылады. Бұл орайда, егер қылмыс
жасалған уакыттан бері 25 жыл өтсе және ескіру мерзімі токталмаса, адам
қылмыстық жауапқа тартылмауы керек.
Өлім жазасы қолданылуы мүмкін болған қылмыс құрамын істегендерге
қылмыстық жауапқа тартудың ескіру мерзімін қолдану жөніндегі мәселені тек
қана сот шешеді. Егер ескіру мерзімінің бітуіне байланысты сот адамды
қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкін деп таппаса, өлім жазасын
тағайындауға болмайды. Бұл ретте сот 25 жылға дейінгі мерзімге бас
бостандығынан айыруды немесе өмір бойы бостандығынан айыруды тағайындайды
(69-бап, 5-бөлігі).
Мерзімі ескіруге байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуға болмайтын
қылмыстар да бар. Қылмыстық кодекстің 69-бабының 6-тармағында бейбітшілікке
және азаматтың қауіпсіздігіне қарсы қылмыс істеген адамдарға ескіру мерзімі
қолданылмайды.

7. ЖАЗАНЫ ӨТЕУДЕН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ШАРТТЫ ТҮРДЕ БОСАТУ

Жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату жазаның алға қойылған
мақсатын тез әрі тиімді шешуге мүмкіндік берумен бірге, қылмыстылық пен
қарсы күрес жүргізуге зор үлесін тигізеді. Сот тәжірибесі көрсеткендей,
жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандардың қайталамалы қылмыс
жасауы жазаны толық өтеп шыққандарға қарағанда едәуір төмен. Мұның өзі,
жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың мерзім ішінде қылмыстық
жазаның алға қойған мақсаттарына жетуіне тиісті көмегін тигізетінін
көрсетеді.
Жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату деп сотталған адамды
үлгілі мінез-құлқы және еңбекке, оқуға адал көзқарас негізінде үкім бойынша
тағайындалған жазаны өтеуден мерзімінен бұрын босатып, оған сынақ мерзімі
ішінде жаңадан қылмыс жасамау шартын қоюды айтамыз.
Қылмыстық кодекстің 70-бабына сәйкес:
1. Егер сот түзеу жұмыстарын, әскери қызмет бойынша шектеу, бас
бостандығын шектеу, тәртіптік әскери бөлімде ұстау немесе бас бостандығынан
айыру жазасын өтеп жүрген адам өзінің түзелуі үшін сот тағайындаған жазаны
толық өтеуді қажет етпейді деп таныса, ол мерзімінен бұрын — шартты түрде
босатылуы мүмкін. Бұл орайда адам қосымша жаза түрін өтеуден толық немесе
ішінара босатылуы мүмкін.
2. Сот мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды қолдана отырып,
сотталған адамға осы Кодекстің 63-бабының 5-бөлігінде көзделген міндеттерді
жүктеуі мүмкін, ол бұларды жазаның өтелмей қалған бөлігі ішінде орындауға
тиіс.
3. Жазадан шартты түрде — мерзімнен бүрын босату сотталған адам:
а) кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыс үшін тағайындалған жаза
мерзімінің кемінде жартысын;
б) ауыр қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен
екісін;
в) аса ауыр қылмысы үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде төрттен
үшін; сондай-ақ бұрын жазадан мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған
адамға егер мерзімінен бұрын — шартты түрде босату осы баптың жетінші
бөлігінде көзделген негіздер бойынша жойылған болса, тағайындалған жаза
мерзімінің кемінде төрттен үшін нақты өтегеннен кейін қолданылуы мүмкін.
4. Бас бостандығынан айыруға сотталушының нақты өтеу мерзімі 6 айдан
кем болмауы керек.
5. Сот тағайындаған өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өтеп
жүрген адам, егер сот ол бұл жазаны одан әрі өтеуді қажет етпейді деп
таныса және кемінде 25 жыл бас бостандығынан айыруды іс жүзінде өтесе,
мерзімінен бұрын — шартты түрде босатылуы мүмкін.
6. Мерзімінен бұрын — шартты түрде босатылған адамның мінез-құлқына
бақылау жасауды оған мамандандырылған өкілетті мемлекеттік орган, ал әскери
қызметшілер жөнінде — әскери бөлімдер мен мекемелердің командованиесі
жүзеге асырады.
7. Мерзімінен бұрын — шартты түрде босату қолданылған адам, егер
жазаның қалған өтелмеген бөлігі ішінде:
а) өзіне әкімшілік жазасы салынған қоғамдық тәртіпті бұзса немесе оған
мерзімнен бұрын — шартты түрде босатуды қолдану кезінде сот жүктеген
міндеттерді орындаудан әдейі жалтарса, сот осы баптың 6-бөлігінде аталған
органдардың ұсынуы бойынша мерзімінен бұрын — шартты түрде босатудың күшін
жою және жазаның өтелмей қалған бөлігін орындау туралы қаулы ете алады;
б) қылмыс абайсызда жасалса, жаңа қылмысқа жаза тағайындау кезінде
мерзімінен бұрын — шартты түрде босатудың күшін жою немесе оны сақтау
туралы мәселені сот шешеді;
в) қылмыс қасақана жасалса, сот оған осы Кодекстің 60-бабында
көзделген Ережелер бойынша жаза тағайындайды. Егер сот мерзімінен бұрын —
шартты түрде босатудың күшін жойса, абайсызда қылмыс жасаған жағдайда да
жаза осы ережелер бойынша тағайындалады.
Өлім жазасы түріндегі жаза кешірім жасау тәртібі бойынша бас
бостандығынан айырумен ауыстырылған адамға мерзімінен бұрын — шартты түрде
босату қолданылмайды.

8. ЖАЗАНЫҢ ӨТЕЛМЕГЕН БӨЛІГІН НЕҒҰРЛЫМ ЖЕҢІЛ ЖАЗА ТҮРІМЕН АУЫСТЫРУ

Жазаның өтелмеген бөлігін жеңілірек жазамен ауыстырудың жазадан шартты
түрде мерзімінен бұрын босатудың айырмашылығы оның шартсыз, түпкілікті
босатылуында болып табылады. Жазаның өтелмеген бөлігін жеңілірек жазамен
ауыстырудың негізі болып жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатудағы
сияқты сотталған адамның үлгілі мінез-құлқы және еңбекке, оқуға деген адал
көзқарасы есепке алынады. Сот тәжірибесінде түзелу жолына нақты түскен
адамдарға ғана жазаны ауыстыру қолданылады. Мұндай жағдайда жазаның алға
қойған мақсатына түпкілікті жету жеңілірек жазаны өтеу арқылы-ақ жүзеге
асырылады. Жазаның өтелмеген бөлігін жеңілірек жазамен ауыстыру сотталған
адамға мына негіздерде қолданылуы мүмкін:
1. Кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс үшін бас бостандығынан
айыру жазасын өтеп жүрген адамға сот оның жазасын өтеу жөніндегі мінез-
құлқын ескере отырып, жазаның өтелмей қалған бөлігін оның жеңіл түрімен
ауыстыра алады. Бұл орайда адам жазаның қосымша түрін өтеуден толық немесе
ішінара босатылуы мүмкін.
2. Жазаның өтелмеген бөлігі онын неғұрлым жеңіл түріне сотталған адам
жаза мерзімінің кем дегенде үштен бір бөлігін нақты өтегеннен кейін
ауыстырылуы мүмкін.
3. Жазаның өтелмеген бөлігін ауыстыру кезінде сот осы Кодекстің 39-
бабында аталған жаза түрлеріне сәйкес, осы Кодексте әрбір жаза түрі үшін
көзделген шекте жазаның кез келген неғұрлым жеңіл түрін таңдап алуы мүмкін
(ҚК-тің 71-бабы).
Жазаның өтелмеген бөлігі жеңілірек жазамен ауыстырылу қолданылған
сотталған адамды сот қосымша жазадан толық немесе ішінара босатуы да,
босатпауы да мүмкін. Бұл мәселе нақты жағдайларға қарап шешіледі. Егер
жеңілірек жазамен ауыстырылған ретте, қосымша жаза одан гөрі қатаңырақ
болса, мұндай ретте сотталған адам міндетті түрде қосымша жазадан да
босатылуы қажет. Жаза жеңілірек жазамен ауыстырылу қолданылған адам жазаның
өтелмеген бөлігі ішінде қылмыс істесе, сот мұндай жағдайда кінәлі адамға ҚК-
тің 60-бабына сәйкес үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындайды да,
бірінші үкім бойынша өтелмей қалған жазаны соңғы жазаға қосады.

9. ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЖӘНЕ ЖАС БАЛАЛАРЫ БАР ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЖАЗАНЫ ӨТЕУІН КЕЙІНГЕ
ҚАЛДЫРУ

Жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердің жазаны өтеуін
кейінге қалдыру Қылмыстық кодекстің 72-бабында қаралған және бұл сот
тағайындаған жазаны өтеуден босатудың бір түрі болып табылады. Заңда
жазаның қайсы түрін өтеуді кейінге қалдыру туралы айтылмаған. Бірақ, заңның
мәтініне зер салсақ жүкті әйелдерді және балалары бар әйелдерді бас
бостандығынан айыру жазасын өтеуін кейінге қалдыратынын аңғарамыз. Заңға
сәйкес жеке адамға қарсы ауыр және аса ауыр қылмысы үшін бес жылдан астам
мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған әйелдерді қоспағанда,
сотталған жүкті әйелдерді және 8 жасқа толмаған балалары бар әйелдерді сот
тиісінше бір жылға дейінгі немесе бала 8 жасқа толғанға дейінгі мерзімге
жазасын өтеуден босатуы мүмкін. Демек, жазаның бұл түрін өтеуден босату тек
қана жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмыстардың басқа қылмыстарды
істеген жүкті әйелдер мен 8 жасқа толмаған балалары бар әйелдерге, егер
олар 5 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған болса,
қолданылады. Заңға сәйкес жеке адамға қарсы ауыр немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату туралы
Жасы толмағандарға қылмыстық жауаптылықтан босату
Ескіру мерзіміне байланысты жауаптылықтан босату
Қылмыстық жауаптылықтан босату
Қылмыстық жауаптылық. Жауаптылықтан босату себептері
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздері
Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
Арнайы белгілерге байланысты қылмыстардың санаттары бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздері
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түсінігі
Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың түсінігі
Пәндер