Қылмыстық заңның нормаларының құрылысы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

Кіріспе

1. Тарау. Қылмыстық заң және оның міндеттері

1. 1. Қылмыстық заңның ұғымы және оның белгілері

1. 2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. Қылмыстық заңның нормаларының құрылысы

2. Тарау. Қылмыстық заңның кеңістікте және уақытта қолданылуы

2. 1. Қылмыстық заңның кеңістікте қолданылуы

2. 2. Қылмыстық заңның уақытта қолданылуы

3 Тарау. Қылмыстық заңды түсіндіру

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Қылмыстық құқық өзара байланысты элементтерден тұратын күрделі феноменнен тұрады. Қылмыстық құқықтың маңызды көрінісі, оның өміршеңдігінің нысаны болып қылмыстық заң болып табылады.

Қылмыстық заң қоғамның объективті заңдылықтары мен қажеттіліктерін бейнелеп, адам ойының нәтижесі болып табылады. Адам арқылы жасалынатын кез - келген туынды сияқты, олар тұжырымдамаларында қарапайым немесе түсініксіз болуы мүмкін, заң шығарушының дұрыс әрі терең ойларының көрінісі болса да, нысаны жағынан тиімсіз.

Бұл жағдай, заң жалпыға бірдей және міндетті болғандықтан, оны қолдану барысында көп зиян келтіруі мүмкін. Адамзат тарихында әртүрлі қатал, күлкілі және ақымақ заңдар жиі кездескен.

Қылмыстық заңды қолдану мәселесі құқықты қолданудың жалпы мәселелерінің бірі болғандықтан, қылмыстық құқықта терең түрде зерттеуді қажет етеді.

Қылмыстық заңды қарастыру барысындағы ең күрделі мәселелердің бірі-әртүрлі көзқарастар мен пікірталастарды туындатқан қылмыстық заңның ұғымы институты болып табылады. Осыған байланысты бітіру жұмысында қылмыстық заңның ұғымы оның белгілерін сипаттау арқылы берілді.

Қолданыстағы қылмыстық заңның көрінісі ретінде 16 шілде 1997 жылғы Қылмыстық кодексті айтуымызға болады.

1959 жылғы ҚазССР - нің Қылмыстық кодексіне қарағанда жаңа кодекстің артықшылықтары әрине бар. Яғни, ескі Қылмыстық кодекске қарағанда жаңа заңның құрылысы қисынға сай, белгілі бір тәртіппен орналасқан. Мысалы: бандитизм бұрын аса ауыр мемлекеттік қылмыстардың қатарына жатқан болса, жаңа кодексте бұл қылмыс объектісін дәл анықтаудың нәтижесінде қоғамдық тәртіпке және қауіпсіздікке қарсы қылмыстар тарауында қарастырылған. Ескі қылмыстық заң, меншікке қарсы қылмыстарды екі тарауда бөліп қарастырып, мемлекеттік меншікке көп көңіл бөлсе, жаңа Қылмыстық заңда меншіктің екі нысаны да тең деп жарияланып, бірдей қорғауға алынған. Жаңа қылмыстық заң қазіргі таңдағы қоғам дамуын, мемлекеттегі өзгерістерді толық көлемде қамтитын толыққанды заң деп айтуымызға әбден болады.

Дегенмен де, жаңа қылмыстық кодекс кемшіліксіз, идеалдық туынды деп айтуымызға болмайды. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, заң адам арқылы жасалатындықтан, әрине кемшіліктер кетпей қоймайды. Бірақ та, басты назар аударатын мәселе, қылмыстық заң адам тағдырын шешетін бірден - бір құрал болғандықтан кемшіліктер неғұрлым аз болса, соғұрлым бақытсыз тағдырлардың да саны кемір еді.

Осы аталған мәселелердің барлығы жиналып, аталған бітіру жұмысының тақырыбын таңдап алуыма түрткі болды.

1 . Тарау. Қылмыстық заң және оның міндеттері

1. 1. Қылмыстық заңның ұғымы және оның белгілері

Қылмыстық заң дегеніміз - қылмыстық жауаптылықтың негіздері мен қағидаларын белгілейтін, қандай қоғамға қауіпті іс - қимылдарды қылмыс деп тануды, оларды жасағандығы үшін қандай жаза қолдану керектігін және қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату мүмкіндіктерін анықтайтын, мемлекеттік билік органдарымен қабылданған нормативтік актіні айтамыз.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 1 бабының 1 бөліміне сәйкес, Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдары тек қана Қылмыстық кодекстен тұрады. Қылмыстық жауаптылықты көздейтін өзге заңдар оларды осы Кодекске енгізгеннен кейін ғана қолданылуға тиіс. Яғни, бір нормативтік бастаудың болуы қылмыстық - құқықтық ескертулерді жүзеге асыруды жеңілдетеді. Көптеген шет ел мемлекеттерінде Қылмыстық кодекс дара қылмыстық құқыктық акт болып табылмайды. Мысалы, Германияда Қылмыстық кодекске енгізілмеген, біртектес қылмыстар үшін жауаптылықты белгілейтін қылмыстық - құқықтық актілер қолданылады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі дүниежүзілік интеграцияның өзгерістерін бейнелеп, ҚР Конституциясының мемлекеттің құқық шығармашылық қызметіндегі үстемдігін білдіреді. ҚР ҚК 1 бабының 2 бөлімінде қылмыстық заңның Қазақстан Республикасы Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері мен нормаларына негізделетіндігі көрсетілген.

Қазақстан Республикасы Конституциясы қылмыстық-құқықтық сипаттағы бірқатар нормаларды (өлім жазасы туралы мәселелерді, қажетті қорғану құқығын, заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол бермейтін нормалар) қамтыған.

Егер, Конституцияны мемлекеттің құқықтық саяси негізін құрайды деп айтсақ, қылмыстық құқықтың қайнар көздеріне Конституцияның (қылмыстық саясаттын, қағидаларын олардың бағытын анықтайтын, заң атқару және құқық қорғау органдарының, жаза жүйесін немесе нақты бір қылмыс құрамдарына қолдануды анықтаудың барлық нормаларын жатқызуға болады.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, халықаралық құқықтың жұр таныған қағидалары мен нормалары және ҚР халықаралық шарттары құқық жүйесінің құрамдас белгісі болып табылады. Егер де, ҚР халықаралық шарттарында, заңмен қарастырылғаннан өзге ережелер көрсетілсе, халықаралық шарттар қолданылады. Халықаралық құқықтың нормалары мен қағидалары халықаралық пактілерде, конвенциялар мен басқа да құжаттарда бекітілген. Мысалы: Адам құқықтарының Жалпы декларациясында, азаматтық және саяси құқықтар туралы Пактіде, экономикалық әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Пактіде1.

Атап айта кегетін жағдай, Қылмыстық кодекске бірқатар баптар халықаралық шарттарға сәйкес енгізілген. Мысалы: 1961 жылғы Есірткі заттар туралы бірыңғай конвенция, 1971 жылғы жүйкеге әсер ететін заттар туралы Вена конвенциясы, есірткі заттар мен жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымымен күрес туралы БҰҰ 1988 жылы қабылдаған конвенциясы.

Қылмыстық заң бүкіл Қазақстан Республикасының аумағында күші жүретін құқықтық акт болып табылады.

Қылмыстық заңның жоғары заңдық күші бар, бұл дегеніміз - қылмыстық заңның тұрақты түрде қолданылатындығын және заңи нәтижелерді тудыратындығын білдіреді. Қылмыстық заңның жойылуы немесе өзгерістерге ұшырауы тек қана Қазақстан Республикасының парламентімен жүзеге асырылады.

Қылмыстық занға бірде - бір нормативтік акт қайшы келмеуі қажет. Егер де қайшы келетін болса, қылмыстық заң қолдануға жатады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі қылмыстық жауаптылықты қолдануды, қылмыстық жауаптылықтан босатуды және материалдық қылмыстық құқықтың басқа да ережелерін белгілейтін бірден - бір бастау болып табылады.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Қылмыстық - атқару кодексінің 170 бабы қылмыстық кодекске сәйкес емес деп айтуымызға болады. Осы бапқа сәйкес, өмір бойы бас бостандығынан айырудан шартты -мерзімінен босату сотталушының алдыңғы үш жылдың ішінде жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзушылығы болмаған жағдайда ғана қолданылады, деп көрсетілген. Ал, ҚР ҚК 70 бабы бұндай шектеулерді көрсетпеген.

ҚР ҚАК 170 б. 2 б. өмір бойы бас бостандығынан айыруды өтеу кезінде жаңадан ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған сотталғандар шартты мерзімінен бұрын босатуға ұсынылмайды, деп анықталған. Біздің ойымыз бойынша мәселенің бұлай шешілуі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексініңде, Қылмыстық - атқару кодексінің де аясына жатпайды. Сондықтан да, бұл тиым КР К, К 70 бабына көрінеу кереғар келеді.

Қылмыстық заңға нормативтілік сипат тән, себебі ол өзінің қолдану уақыты барысында адамдардың жалпыға міндетті мінез - құлқын реттейді.

ҚР Қылмыстык кодексінің 2 бабы ҚР ҚК міндеттерін анықтаған. Ол міндеттерге: адам және азаматтардың кұқықтары мен бостандықтарын, меншікті, қоғамдык тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті, қоршаған ортаны ҚР конституциялық құрылысын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау; бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қылмыстардан сақтандыру болып табылады.

Өзіміз көріп отырғанымыздай, қылмыстық заң өзінің алдына екі негізгі міндетті қояды. Олар, ең алдымен, адамның, қоғамның, мемлекеттің мүдделерін қорғау мақсатындағы қылмыстылықпен қылмыстық - құқықтық күрес жүргізу.

Екінші міндет: қылмыстардан сақтандыру. Сақтандыру жалпы және арнайы сақтандыруды қамтып, жазаны орындау процесі барысында сотталған адамға қылмыстық емес мінез - құлықтың негіздерін қалыптастыруды білдіреді. Бұл міндегтің орындалуына мемлекет тарапынан жүргізіліп отырған тиісті шаралар куә бола алады. Мысалы: бас бостандығына айыру мекемелеріндегі жазасын өтеп жүрген адамдардың саны жағынан біз өткен жылы үшінші орында болсақ, биыл он сегізінші орынға түстік. Бұл мемлекеттің қылмыстық саясатының ізгілендіруінің белгісі ретінде қарастырылады.

Қылмыстық заңның жалпы превенциясы қылмыс жасауға бейім басқа адамдарда заңға деген құрмет сезімдерін оятып, бекітуді білдіреді.

Осы аталған міндеттерді шешу үшін қылмыстық заң қылмыстық жауаптылықтың негіздері мен қағидаларын, адамға, қоғамға, мемлекетке қарсы қандай іс - қимылдардың қылмыс деп танылатындығын, қылмыс жасағандығы үшін белгіленетін жазаның түрлері мен қылмыстық сипаттағы басқа да шаралардың түрлерін анықтайды.

Қылмыстық заң жазалау қатерімен қылмыстық іс - қимылдарды жасауға тиым салады. Сонымен қатар, қылмыстық заң жасалған іс - қимылда қылмыс құрамының бар немесе жоқтығы туралы, заңды негіздерде кінәлі адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тарту, қылмыстық жауаптылықтан босату туралы сәйкес органдар мен лауазымды тұлғаларға нұсқаулар береді. Яғни, нақты іс -қимыл үшін жауаптылықты белгілейтін қылмыстық - құқықтық нормалар тиым салатын нормалар ретінде қарастырылады. Олар тәрбиелік немесе сақтандыру мазмұнында болады.

Қылмыстық құқықтық нормалардың сақтандырушы функциясы оларда белгіленген санкцияға негізделеді. Санкция арқылы қылмыс жасауға бейім адамдарға сақтандыру - тәрбиелік әсер жасалады. Қылмыстық - құқықтық нормалар азаматтарда заңды мүлтіксіз сақтау, қылмыс жасаған адамдарға шыдамсыздық көрсегуді қалыптастыруға бағдарланған.

Қылмыстық құкықтың нормалары қоғамдық қатынастарды қорғап қана қоймайды, сондай - ақ оларды реттеуді жүзеге асырады. Құқық белгілі бір мінез - құлық ережелерін белгілей отырып, оларды реттейді.

Төртінші курс студенттерінің арасында жүргізілген анкеталық сауалнамаға сәйкес, келесідей қорытынды шығаруымызға болады: бізді қылмыс жасаудан ұстайтын бірден - бер тежегіш құрал қылмыстық жауаптылыққа тартылу қаупі. Яғни, сұралынған 80 адамның 75 -і қылмысқа, қылмыстық жауаптылықтан қорыққандықтарынан ғана бармайтындықтарын көрсетті. Ыңғайлы жағдай туындаған кезде, қылмыстық жолмен баюға қарсы еместіктерін жасырмады.

Осыған байланысты, орынды түрде көтерілетін мәселе - қылмыстық жазаны күшейту және мемлекет дамуының қазіргі кезеңінде өлім жазасын орынша қалдыру деп есептейміз.

Қылмыстық заң қылмыстық - құқықтық нормалардың көрініс нысаны болып табылады, да олардың жиынтығы қылмыстық құқықты құрайды. Сондықтан да бұл үғымдар бір - бірімен байланысты. Заң мен құқық нормасы, заңдар жиынтығы мен құқықтық норма жиынтықтары, нысан және мазмұн сияқты арақатынасқа түседі.

Құқықтық мемлекет құру барысында заң, соның ішінде қылмыстық заң та үлкен маңызға ие. Елде жүргізіліп отырған құқықтық реформа мемлекет пен2 қоғамдық өмірдің барлық салаларында заң үстемдігін қамтамасыз етуге, құқықтық тәртіпті нығайтуға кең жол ашады.

Соттың шешімдері, үкімдері, қаулылары құқықтың қайнар көзі ретінде қарастырылмайды. Олар тек қана нақты оқиғаға байланысты құқықтық нормалардың негізгі мазмұнын ашып, түсіндіреді. Соттың шешімі, қаулысы, үкімі тек нақты істерге байланысты ғана міндетті сипатта болады. Осы сияқты КР Жоғарғы Сотының басшылыққа алатын қаулылары да құқық нормасын шығармайды. Олар тек қана, құқықтық норманың мазмұнын ашып түсіндіреді, талқылайды.

Заң әдебиеттерінде бұдан басқа да көзқарастар кездеседі. Мысалы, Қылмыстық құқық оқулығында былай деп көрсетілген: «қылмыстық істерге байланысты жоғарғы инстанция болып табылатын, РФ Жоғарғы Соты қылмыстық құқықты қолдану мәселесіне байланысты түсіндірмелерді шығаруға құқылы. Заң бойынша бұл түсіндірмелер барлық соттарга міндетті сипатта болады. Себебі, қылмыстық құқықтың нормаларын қолданатын барлық құқық қорғау органдары, сотқа жұмыс істегендіктен, Жоғарғы Соттың басшылыққа алатын түсіндірмелері оларға қатысты міндетті сипатта деп айтуымызга болады». Яғни, берілген оқулықтың авторларының пікірі бойынша Жоғарғы Соттың бұл қызметі норма шығармашылық қызметіне жатқызылады.

Бірақ та, жоғарыда керсеткеніміздей, бұл көзқарас ҚР ҚК 1 бабына керегар келеді. Себебі, ол жерде қылмыстық заң тек Қылмыстық кодекстен тұрады деп, ал ҚР ҚК 3 бабында іс - қимылдың қылмыстылығы мен жазаланушылығы тек қылмыстық кодекспен анықталынады деп айқын көрсетілген.

Біздің қылмыстық құқықта сот прецеденті - нақты іске байланысты сот шешімі құқықтың қайнар көзі ретінде қолданылмайды. Сот прецеденті басқа елдерде құқықтың қайнар көзі ретінде қолданылады. Мысалы: Ұлыбританияда, Канадада т. б. Кінәлі адамның қылмыстық жауаптылығын анықтау барысында сот заң ережелерін және жасалынған іс - қимылды бағалайды, түсіндіреді. Мысалы, ҚР ҚК 52 бабында жаза тағайындаудың жалпы негіздері көрсетілген. Қылмыс жасауда кінәлі деп танылған адамдарға, ҚР ҚК Жалпы бөлімінің ережелерін басшылыққа ала отырып, КР ҚК Ерекше бөлімінің сәйкес бабында көрсетілген шектерде әділ жаза тағайындалады. Жаза тағайындағанда сот істелген қылмыстық сипаты мен коғамдық қауіптілік дәрежесін, айыпкердің жеке басының ерекшеліктерін, мінез-құлқын, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуіне және оның отбасының немесе асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалын толық есепке алады. Қылмыс істеген адамға оның түзелуіне немесе жаңа қылмыс істеуден сақтандыруына қажетті және жеткілікті әділ жаза тағайындауы керек. Мұның өзі соттың жаза тағайындауында заң талаптарымен қоса өзінің құқықтық сана-сезімін басшылыққа алатынын3 көрсетеді. Алайда, кұқықтық сана-сезім құқық нормасы болып табылмайды. Ол сотқа тек қана қылмыстық құқықтық норманың мазмұнын дұрыс түсінуге жөн сілтейді. Қылмыстық заң, басқа заңдар сияқты барлық лауазымды адамдар, азаматтар, заңды тұлғалар үшін міндетті күші бар заң нормасы болып табылады4. Оны қандай да бір болмасын сылтаумен бұзуға немесе орындамауға жол берілмейді. Қылмыстық заң қылмыстық құқықтық норманы білдірудің нысаны, ал оның нормасы оның мазмұнының көрінісі болып табылады.

Сонымен, қылмыстық заң дегеніміз - қылмыстық жауаптылықтың негіздері мен қағидаларын белгілейтін, қандай қоғамға қауіпті іс - қимылдарды қылмыс деп тануды, оларды жасағандығы үшін қандай жаза қолдану керектігін және қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату мүмкіндіктерін анықтайтын, мемлекеттік билік органдарымен қабылданған нормативтік актіні айтамыз.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 1 бабының 1 бөліміне сәйкес, Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдары тек қана Қылмыстық кодекстен тұрады5. Қылмыстық жауаптылықты көздейтін өзге заңдар оларды осы Кодекске енгізгеннен кейін ғана қолданылуға тиіс6.

I. Жай диспозиция. Жай диспозиция қылмыстық іс-әрекеттің атын ғана айтып қояды, онын нақты белгілерін ашып көрсетпейді. Жай диспозиция қылмыстық іс-әрекеттің мазмұны мен оның белгілерін ашып көрсетілмегеннің өзінде жеткілікті түрде түсінікті болған жағдайда қолданылады. Мысалы, 125 баптағы "Адамды ұрлау".

1. Сипаттамалы диспозиция. Қылмыстың барлық белгілерін заңның өзінде нақтылап көрсететін диспозицияны сипаттамалы диспозиция деп атаймыз. Жай джпозицияға қарағанда қылмыс құрамын айқындайтын сипаттамалы диспозицияның артықшылығы күмән тудырмайды.

2. Сипаттамалы диспозицияға 175-бапта көрсетілген ұрлық құрамын мысал ретінде келтіре аламыз. Яғни, бұл жерде ұрлықтың өзіне тән белгі, оның жасырын түрде жасалатындығы көрсетілген.

3. Бланкеттік диспозиция. Бланкеттік диспозиция бойынша бапта көрсетілген нақты кылмыстың құрамын анықтау үшін басқа зандарға немесе нормативті актілерге, үкімет қаулылары мен жарлықтарына, бұйрықтар мен ережелерге, нүсқауларға жүгіну қажет. Яғни, қылмыстық заңның талаптарының бұзылуы орын алғандығы туралы мәселені шешу басқа зандармен немесе нормативті актілермен анықталады. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 295-бабындағы темір жол, әуе немесе су көлігі қозғалысы мен оларды пайдалану қауіпсіздігінің ережелерін бұзуы. Бұл қылмыс құрамын анықтау үшін көлік құралдарының осы түрлерінің кауіпсіздігі мен пайдалану ережесін реттейтін тиісті нормативті актіні басшылықка алу қажет. Егер осы сияқты бланкеттің нормаларды ҚК-тің өзінде тізіп көрсете берсек, сонда кодекстің баптарының көлемі тым ұлғайып, оны пайдаланудың өзі қиынға түсер еді. Мысалы, тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзудың (245-бап) өзі осы баптың диспозициясына көптеген қиын әрі күрделі ережелер мен бұйрықтарды көрсететін жазуды талап етер еді. Сондықтан да заң шығарушы мұндай реттерде бланкеттік диспозицияны пайдаланудың тиімділігіне жол берiп отыр.

4. Сілтемелі диспозиция нақты қылмыс құрамын анықтау үшін, осы заңның басқа баптарына сілтеме жасайды. Бұл диспозиция бойынша қайталап жатпау үшін қылмыстың осы құрамын анықтаған қылмыстық заңның тиісті бабына, баптың тармағына сілтеме жасайды. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 96-бабы, 2-бөлігіндегі кісі өлтіруді алайық. Онда "Н" тармағында осы Кодекстің 97-100-баптарында көзделген әрекеттерді қоспағанда, бұрын адам өлтірген адам жасаған адам өлтіру делінген. Бұл жерде бұрын адам өлтірген деген ұғымға қатысы болатын құрамдарды қайталап жатпас үшін, заң шығарушы сол ұғымдарға анықтама берілген баптарға тиісінше сілтеме жасап отыр.

Қылмыстық заң мазмұнына сай: а) қылмыстық құқықтың қағидаларын

белгілейді; б) қандай іс-әрекеттер қылмыс болып табылатындығын анықтайды; в) бұл қылмысты жасаған тұлғаларға қолданылатын жаза түрін анықтайды.

Санкция дегеніміз нақты қылмыс үшін жазаның түрлері мен көлемдері берілген қылмыстық - құқықтық норманың бір бөлігі.

Санкция нақты нормада қарастырылған іс - қимылдың заңдық бағалануын білдіреді. ҚР ҚК санкцияларында әдетте «немесе - немесе» деген қағидаларға сәйкес, балама жазалар белгіленген. Мысалы, ҚР ҚК 130 бабында жала жабу үшін айыппұл, қоғамдық жұмыстарға тарту немесе түзеу жұмыстары көрсетілген. Бірқатар қылмыстар үшін санкцияда бір жазаның түрі көрсетілуі мүмкін. Мысалы, ҚР ҚК 96 бабында адам өлтіргені үшін алты жылдан он бес жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы көрсетілген.

Қылмыстық жазалар соттың үкімде жазаның мөлшерін өзгертуіне байланысты нақты анықталған және салыстырмалы анықталған деп бөлінеді.

Нақты анықталған жазаларға өлім жазасы жатады. Яғни, санкцияда дара, жалғыз бір ғана жаза көрсетіледі. Нақты анықталған санкция қолданыстағы қылмыстық кодексте жоқ. Бұл жаза түріне мысал ретінде, 1959 ж. Қылмыстық кодекстің 273-1 бабын «милиция қызметкерінің өміріне ауырлататын жағдайда қастандық жасау өлім жазасымен жазаланады» келтіруімізге болады. Осы мысалдан көріп отырғанымыздай, өлім жазасына балама басқа жаза түрі санкцияда көрсетілмеген.

Салыстырмалы - анықталған санкция жазаның түрі мен мөлшерін көрсетедi.

Салыстырмалы - анықталған санкция келесі түрлерден тұрады: жазаның және төменгі шегі көрсетілген санкция; жазаның тек жоғары шегі санкция; жазаның тек төменгі шегі көрсетілген санкция. .

Жазаның жоғары және төменгі шегі көрсетілген санкцияға мысал ретінде: 179 бабын келтіруімізге болады: яғни, қарақшылық үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы көрсетілген.

Жазаның тек жоғары шегі көрсетілген санкцияға мысал ретінде: ҚК 178 келтіруімізге болады: яғни, тонау үшін заң шығарушы төрт жылға дейінгі бостандығынан айыру жазасын белгілеген. Заң шығарушы бұл жерде төменгі шегін тікелей осы бапта көрсетпеген. Жазаның төменгі шегін үшін біз ҚК Жалпы бөліміндегі 48 бапты қарап, бас бостандығын жазасының төменгі шегі алты ай екендігін анықтаймыз. Ендеше сот осы айдан төменге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындамауы қажет.

Жазаның тек төменгі шегі көрсетілген санкцияда жазаның тек төменгі шегі көрсетіліп, жоғары шегі көрсетілмейді. Бірақ та бұл санкцияның түрі біздің Қылмыстық кодекс орын алмаған.

Санкциялардың көпшілігі жазаның екі немесе одан да көп түрлерінің баламасын көрсетеді. Бүл соттарға кінәлі адамға жазаны дараландырумен байланысты жасалған іс - қимылдың қоғамға қауіптілік дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді.

Қылмыстық заңға келесідей талаптарды қоюға болады. Заң нақты, түсінікті, басқа нормаларға кереғар болмауы қажет. Сондай - ақ құқықтық нормалар бір жағынан - тұрақты, екінші жағынан - динамикалық болуы қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық заң, қылмыс пен жаза қылмыстық құқықтың негізгі ұғымы
Мемлекет ұғымы және оның мәні
Құқық нормаларын талқылау түрлері
Қазақстан Республикасының құқығы құқық ұғымы және оның мәні
Қылмыстық іс бойынша заңды әрі әділ үкім шығуына бірден-бір кепіл -заңдылық принципінің сақталуы
Құқықтық нормалардың рөлі
Құқықтық норманың жалпы түсінігі, құрылымы мен түрлері
Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқық нормаларының алатын орны
Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны, құндылығы мен негізгі сипаттары
Құқық туралы жалпы түсінік, құқық жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz