Қылмыстық заңның түсінігі және міндеттері
ЖОСПАР
І. Кіріспе 2
ІІ. Негізгі бөлім 3
2.1. Қылмыстық заңның түсінігі және міндеттері 3
2.2. Қылмыстық заңның құрылымы 9
2.3. Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші 12
2.4. Қылмыстық заңның уақыт аралығындағы күші 19
ІІІ. Қорытынды 24
IV. Пайдаланылған әдебиеттер 26
І. Кіріспе
Қылмыстық заң - халықтың басым бөлігінің еркі мен құқықтық санасының
көрінісі есебінде ҚР Парламенті қабылдайтын нормативтік актілердің бірегейі
болып табылады. Бұл акт қандай әрскеттер (іс-әрекеттер немесе
әрекетсіздіктер) қылмыс болып табылатынын, оларды жасаушылар қандай жаза
қолдану керектігін, қылмыстық жауапкершіліктің маңызды принциптері мен
жалпы ережелерін анықтайды.
Қылмыстық заң Қылмыстық кодекстің I-бабында көрсетілгендей, қылмыстық
құқықтың бірден-бір қайнар көзі болып табылады. Ешқандай да сот прецеденті,
әдет–ғұрып т.б. да актілер қылмыстық құқықтың қайнар көзі бола алмайды.
"Қылмыстық жауаптылықты көздейтін өзге заңдар оларды қылмыстық Кодекске
енгізгеннен кейін ғана қолданылуы тиіс".
Қылмыстық заңның негізгі міндеттеріне қылмыстық жауаптылықтың
талаптары мен принциптері, негізін, қылмыс түсінігінің жалпылама
белгілердің, қоғамға қауіпті іс-әрекеттер мен әрекетсіздіктері шеңберін,
қолданылатын жазалардың түрлерін анықтау жатса, осы міндеттерді орындау
арқылы қылмыстың алдын алу, қылмыстарды болдырмау мақсатын көздейді.
Жалпы қылмыстық заңнаманың түсінігінде, мазмұнында сондай-ақ жүйесінде
әлі де болса сан қырлы мән бар деуге болады, міне осы тұрғыдан алғанда
менің курстық жұмысымның тақырыбына арқау болып отырған қылмыстық заңнама
мәселесі бұл күнде аса өзекті ие болып отыр деп айтқан болар едім.
Сондай-ақ қазіргі кезде қылмыстық заңнаманың қоғам мен мемлекетімізде
алатын ролі мен міндеттері аса зор деп айтуға болады. Сол себептенде менің
курстық жұмысымда қарастырылатын қылмыстық заңдарға қатысты мәселелердің
теориялық және тәжірибелік тұрғыдан алғанда зор деп айтуға толық негіз
береді.
Мен өзімнің осы курстық жұмысымда қылмыстық заңның ұғымы мен
міндеттерін оның уақыт аралығындағы және кеңістіктегі әрекеті жайлы т.б.
осы сияқты мәселлердің құқықтық-теориялық аспектілерін қарастырмақпын.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Қылмыстық заңның түсінігі және міндеттері
Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығының негізгі бөлімдерінің
бірі — қылмыстық заң туралы ілімге арналған.
Қылмыстық заң дегеніміз — Қазақстан Республикасының Парламенті
қабылдаған нормативтік құқықтық акт. Қылмыстық заң қылмыстық құқықтың
қағидалары мен жалпы ережелерін, қандай әрекеттің қылмыс екендігін
айқындайды және олар үшін жаза тағайындауды белгілейді. Қылмыстық заңның
міндеттері — бейбітшілікті және адамзаттың қауіпсіздігін, адам мен
азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті,
конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, ҚК-тің 2-
бабында көрсетілген басқа да құндылықтарды қол сұғушылықтан қорғау және
қылмыстың алдын алу болып табылады.
Қылмыстық заң жазалау қатерімен тыйым салу арқылы адамның жеке басына,
қоғамға, мемлекетке кінәлі түрде зиян келтіретін немесе зиян келтіру қаупін
тудыратын қылмысты әрекеттерді істеуге тыйым салады.
Қылмыстық заң — қылмыстық құқықтың негізгі қайнар көзі. Сот үкімі,
ұйғарымы немесе қаулысы құқықтың көзі болып табылмайды. Олардың тек нақты
қылмыстық істер бойынша ғана заңдылық күші бар.
Қылмыстық заңның ережелері міндетті болып табылады. Оларды орындау
немесе сақтау лауазымды адамдардың сондай-ақ барлық азаматтардың міндеті.
Қазақстан Республикасындағы қылмыстылықпен күрес қылмыстық құқық
нормаларына сәйкес жүзеге асырылады. Заңды күшіне енген үкім бойынша
тағайындалған қылмыстық жазаның орындалуы Қылмыстық-атқару кодексімен
реттеледі[1].
Қылмыстық заң әртүрлі мазмұнда болуы мүмкін. Ол көлеміне байланысты
жеке нормалардан тұратын, бірқатар нормалардан тұратын, қылмыстық құқықтық
нормалардың аяқталған жүйесінен тұратын қылмыстық заң болып үшке
бөлінеді[2].
Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін қылмыстық заңдар қылмыстық
жауаптылықтың негіздерін белгілейді. Жеке адамға, мемлекетке немесе қоғамға
қауіпті іс-әрекеттердің қандайы қылмыс болып табылатынын айқындайды. Қылмыс
істеген адамдарға қолданылуы мүмкін және өзге де ықпал ету шараларын
белгілейді.

тудыратын қылмысты әрекеттерді істеуге тыйым салады. Қылмыстық заң сонымен
қатар тиісті органдарға және лауазымды адамдарға іс-әрекетінде қылмыс
белгісі бар кінәлі адамды қылмыстық жауапқа тарту немесе көрсетілғен
негізге сүйеніп, оларды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуды
міндеттейді. Сонымен қылмыстық құқықтық норма бір мезгілде тыйым салушы
және міндеттеуші нормалар болып табылады. Бұл нормалардың тағы да
сақтандырушылық және тәрбиелік мәні бар.
Қылмыстық құқықтық норманың сақтандырушылық функциясы— істелген іс-
әрекеті үшін тиісті баптардың санкциясында көрсетілген жазаны кінәлі адамға
тағайындау мүмкіндігі арқылы әз көрінісін табады, осы арқылы барлық
азаматтарды қылмыс істеуден күні бұрын сақтандыру арқылы тәрбиелік ықпал
ету шарасы жүзеге асырылады. Қылмыстық-құқықтық норма, сонымен бірге кез
келген азаматтарды занды бұлжытпай орындауға тәрбиелеумен бірге, оларды
қылмыс істегендермен ымырасыз күрес жүргізу рухына баулиды. Қылмыстық
құқықтық норма қоғамдық қатынастарды қорғап қана қоймайды, ол сонымен бірге
мұндай қатынастарды ретке келтіреді, өйткені қоғамдық қатынастарды
қорғаудың өзі соны ретке келтіру арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстық құқық
белгілі бір қоғамдық мінез-құлық өрелерін белгілеумен бірге, осы өрелерді
бұзушыларға қарсы қылмыстық құқықтық нормаларды қолдану арқылы өз
міндеттерін жүзеге асырады. Қылмыстық құқықтық норма өзінің реттеушілік
ықпалымен, кез келген азаматтарды қылмысты құбылысқа төзімсіз болуға,
олармен ымырасыз күрес жүргізуге баулу арқылы іске асырады.
Қылмыстық заң — қылмыстық құқықтың ең негізгі көзі. Сот үкімі, ұйғаруы
немесе қаулысы құқықтың көзі болып табылмайды. Олардың нақты қылмыстық
істер бойынша ғана заңдылық күші бар.
Республика Жоғарғы Соты Пленумының басшы қаулылары да құқық нормасы
болып табылады. Мұндай қаулылар белгілі бір қылмыстық-құқылық норманың
түпкі мәнін ашып көрсетеді, оларды түсіндіреді. Сондықтан да ондай
қаулылардың Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады. Сот
прецеденті біздің Республикамызда құқық нормасы болып саналмайды. Ол
Ұлыбритания, Канада сияқты мемлекеттерде ғана құқық нормасы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 52-бабында сот айыпты деп
танылған адамға жазаны Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінің ережелеріне
сәйкес істелғен қылмысы үшін жауаптылық қаралған Ерекше бөлімнің тиісті
баптарында көрсетілген шектен шықпай тағайындайды деп белгіленген. Жаза
тағайындағанда сот істелген қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік
дәрежесін, айыпкердің жеке басының ерекшеліктерін, мінез-құлқын,
жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ
тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуіне және оның отбасының
немесе асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалын толық есепке
алады.
Қылмыс істеген адамға оның түзелуіне немесе жаңа қылмыс істеуден
сақтандыруына қажетті және жеткілікті әділ жаза тағайындауы керек. Мұның
өзі соттың жаза тағайындауында заң талаптарымен қоса өзінің құқықтық сана-
сезімін басшылыққа алатынын көрсетеді. Алайда, құқықтық сана-сезім құқық
нормасы болып табылмайды. Ол сотқа тек қана қылмыстық құқықтық норманың
мазмұнын дұрыс түсінуге жөн сілтейді. Қылмыстық заң, басқа заңдар сияқты
барлық, лауазым адамдары, азаматтар, заңды тұлғалар үшін міндетті күші бар
заң нормасы болып табылады. Оны қандай да бір болмасын сылтаумен бұзуға
немесе орындамауға жол берілмейді. Қылмыстық заң қылмыстық құқықтық норманы
білдірудің нысаны, ал оның нормасы оның мазмұнының көрінісі болып табылады.
Қазақстан Республикасында қылмыспен күрес жүргізу қылмыстық құқық
норма ережесіне сәйкес жүзеге асырылады. Заңды күшіне енген үкім бойынша
тағайындалған қылмыстық жазалардың орындалуы қылмыстық атқару кодексімен
реттеледі. Кейбір реттерде жекелеген жазалардың орындалуы басқадай, арнайы
заңдылық актімен де белгіленуі мүмкін. Қазақстан Республикасының 1993 жылы
15 қазанда бекітілген Төтенше жағдайдың құқықтық режимі туралы заңына
сәйкес төтенше жағдай кезінде істелген қылмыс үшін сот ісін жүргізудің
төтенше түрлерін енгізуге жол берілмейді деп белгіленген[3]. 1995 жылы 30
тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына сәйкес
қылмыстық заңдар Республика Парламентінде қабылданады. Қазақстан
Республикасы Конституциясының 61-бабының I-тармағына сәйкес заң шығару,
оның ішінде қылмыстық заң шығару бастамасы құқығы да Қазақстан Республикасы
"Парламентінде депутаттарына, Республика Үкіметіне беріледі және тек қана
Мәжілісте жүзеге асырылады. Ұсынылған заңдардың жобаларын қарауға қабылдау
және қарау Мәжілістің ерекше қарауында болады (56-бап, 1-тармақ).
Республика Конституциясының 54-бабының 1-тармақшасына сәйкес заңдар
Парламент Палаталарының бөлек отырысында әуелі Мәжілісте, одан кейін
Сенатта өз кезегімен қаралып қабылданады.
Президент Парламент Сенаты ұсынған заңға он бес жұмыс күні ішінде қол
қояды, заңды халыққа жария етеді не заңды немесе оның жекелеген баптарын
қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады (44-бап, 2-тармақша).
Республика Президентінің қарсылығын туғызған заңдар немесе заң баптары
бойынша ол қарсылық жіберген күннен бастап бір ай мерзім ішінде қайталап
талқылау мен дауысқа салуды өткізеді. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент
қарсылығының қабылданғанын білдіреді. Егер Парламент әр Палата
депутаттарының жалпы санының үшінен екісінің көпшілік даусымен бұрын
қабылданған шешімді растайтын болса, Президент жеті күн ішінде заңға қол
қояды. Егер Президенттің қарсылығы еңсерілмесе, заң қабылданбайды немесе
Президент ұсынған редакцияда қабылданады деп есептелінеді. (53 -бап, 3-
тармақша). Конституцияның 53 -бабының 4-тармақшасында көзделген ретте
Республика Президенті заңдар шығарады, ал 61-баптың 2-тармағында көзделген
ретте Республиканың күші бар Жарлықтары шығарылады. Бұрын қолданылған Қазақ
ССР Қылмыстық кодексі 1959 жылы қабылданған еді. Жаңа Қылмыстық кодекс 1997
жылы 16 шілдеде қабылданды. Қылмыстық кодекс дегеніміз барлық қылмыстық,
заңдардың белгілі бір жүйеге келтірілген жиынтығы болып табылады. Кодексте
қылмыстық құқықтың жалпы ережелері мен принциптері, қылмыстық-құқықтық
қатынастарды реттейтін және қандай қоғамға қауіпті іс-әрекеттердің қылмыс
болып табылатынын анықтайтын ұғымдар, қылмыс істеген адамдарға қолданылуы
мүмкін жазалар белгіленеді. Қылмыстық кодекс Жалпы және Ерекше бөлімнен
тұрады. Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінде жоғарыда айтылған қылмыстық
құқықтың жалпы ережелері, міндеттері, қылмыс пен жазаның түсінігі, қылмыс
пен жазаны жоятын мән-жайлар, т.б. мәселелер қарастырылады. Жалпы бөлімнің
баптары өзара бір-бірімен тығыз байланыста болады. Мысалы, жауаптылықты
жеңілдететін және ауырлататын жағдайлар жаза тағайындауда және шартты
жазаны қолдануда міндетті түрде есепке алынады.
Ерекше бөлімде жекеленген нақты қылмыс түрлері үшін жауаптылық және
жаза белгіленген. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімі бірнеше тарауларға
бөлінген. Әр тарауға бір объектінің маңыздылығына қарай тиісінше орын
берілген. Қылмыстық заңның заң шығарушының еркін білдіретін белгілі бір
техникалық ережелерге негізделген өзіндік құрылымы бар. Қылмыстық-құқылық
нормалар мазмұнына қарай үш түрлі топқа бөлінеді:
I. Декларативті — яғни, қылмыстық құқықтың жалпы міндеттерін
айқындайтын нормалар (Қылмыстық кодекстің 2-бабы).
II. Анықтаушы — яғни, қылмыстық құқықтың түсінігі мен жекеленген
институттарына айқындама беретін нормалар (Қылмыстық кодекстің 9-бабы —
қылмыс ұғымы).
III. Арнаулы — яғни, нақты қылмыс құрамына және оған тағайыңдайтын
жазаға сипаттама беретін нормалар (мысалы, Қылмыстық кодекстің Ерекше
бөліміндегі, барлық нақты, жекелеген қылмыс құралдары)[4].
2.2. Қылмыстық заңның құрылымы
Қылмыстық заң белгілі бір техникалық ережелерге негізделген заң
шығарушының еркін білдіретін өзіндік нысаны бар құрылымға ие. Қылмыстық
кодекстің Жалпы және Ерекше бөлімдері баптарға бөлінген. Әр бап тисті
санмен нөмірленген бір немесе бірнеше бөліктерден тұрады, және бөліктер
мазмұны мен сипатына және жазалау түріне қарай әр түрлі болып келеді.
Сондықтан, іс жүргізу құжаттарында тек баптың өзін ғана емес, сонымен қатар
оның бөліктерін де ескеру қажет.
Құқықтық норманың құрылымы мынадай үш түрлі элементтен тұрады:
гипотеза, диспозиция және санкция.
Гипотеза қылмыстық заңда негізінен жалпы бөлімге қатысты. Яғни, құқық
нормалары қолданатын гипотезаны, қылмыстық заңда жалпы бөлім баптары іске
асырады. Мысалы, белгілі бір адам заңда көрсетілген жасқа толып, қылмысты
қасақана немесе абайсыздықпен жасаса және қылмыс жасаған сәтінде
жауаптылыққа қабілетті болып танылса, қылмыстық жауаптылыққа тартылуы
мүмкін.
Ерекше бөлім нормаларында баптар, диспозициядан және санкциядан
тұрады. Осы құрылым ішінде басты орынды диспозиция алады. Диспозиция —
нақты қылмыстық қол сұғушылықтың белгілеріне сипаттама береді. Диспозиция
өзінің құрылым ерекшеліктеріне байланысты жай, сипаттамалы, бланкеттік және
сілтемелі болып негізгі төрт түрге бөлінеді:
Жай диспозиция қылмыстық іс-әрекеттің атын ғана атап, оның нақты
белгілерін ашып көрсетпейді. Мысалы, ҚК-тің 125-бабындағы "Адамды ұрлау",
261-бабындағы "Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды
тұтынуға көндіру", 389-бабындағы "Әскери мүлікті жоғалту".
Сипаттамалы диспозиция деп қылмыстың барлық белгілерін заңның өзінде-
ақ нақты көрсететін диспозицияны айтамыз: ҚК-тің 175-бабындағы Ұрлық, 120-
бабындағы Зорлау, 237-бабындағы Бандитизм.
Бланкеттік диспозиция бойынша бапта көрсетілген нақты қылмыс құрамын
анықтау үшін басқа заңдарға немесе нормативтік актілерге, жарлықтар мен
үкімет қаулыларына, бұйрықтар мен ережелерге, нұсқауларға жүгінеді. Бұлар
қылмыстық құқықтың басқа салалармен тығыз байланысты екендігінің айқын
дәлелі. Қылмыстық заңның талаптарын орындау басқа заңдармен не басқа
актілермен де анықталады. Бланкеттік диспозицияның мысалы ретінде мынадай
баптардың диспозициясын көрсетеміз: ҚК-тің 152-бабы "Еңбекті қорғау
ережелерін бұзу", ҚК-тің 284-бабы "Қазақстан Республикасының құрлықтық
шельфі туралы және Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағы
туралы заңдардың бұзылуы".
Сілтемелі диспозиция қылмыстың белгілерін қамтымайды, керісінше
қылмыстық заңның басқа, тиісті бабына немесе оның бөлігіне сілтеме жасайды.
Мысалы, ҚК-тің 106-бабындағы "Ұрып соғу", 107-бабындағы "Азаптау", 297-
бабындағы "Жол-көлік оқиғасы болған орыннан кетіп қалу".
Санкция — ерекше бөлім баптарында белгіленген жазаның түрі мен
мөлшерін анықтайды. Қылмыстық заңның баптарында санкцияның екі түрі
қолданылады: салыстырмалы-айқындалған (относительно-определенные) және
балама (альтернативные).
Салыстырмалы айқындалған санкция жазаның түрін және мөлшерін
көрсетеді. Оны екі негізгі түрге бөлуге болады: жазаның жоғарғы және
төменгі шегін анықтайтын санкция. Алдыңғысының мысалы: ҚК-тің 101-бабының
бірінші 6өлігі"Абайсызда кісі өлтіру", 134-бабының бірінші бөлігі "Баланы
ауыстыру", және т. б. баптар бола алады.
Тағайындалған жазаның ең төменгі мөлшері болып жазалаудың ең төменгі
шегі айтылады. Жазаның төменгі шегінің мөлшері егер жаза түрі бас
бостандығынан айыру болса — 6 ай, бас бостандығын шектеу болса — 1 жыл,
қамауға -1 ай, айыппұлға — Қазақстан Республикасы Заңдарымен белгіленген
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш болып белгіленеді.
Салыстырмалы-айқындалған санкцияның екінші түрінің мысалына ҚК-тің 162-
бабы "Жалдамалылық", 181-бабының екінші бөлігі "Қорқытып алушылық", 241-
бабы "Жаппай тәртіпсіздіктер" сияқты баптарының санкцияларын жатқызуға
болады.
Балама санкция Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті
баптарындағы жазаның екі немесе одан да көп түрлерінің тек біреуін ғана
қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, жан күйзелісі жағдайында болған адам
өлтіру үшін балама жаза болып, бас бостандығын шектеу, қамау немесе бас
бостандығынан айыру тағайындалуы мүмкін (ҚК-тің 98-бабы). Атыс қаруын
ұқыпсыз сақтау (ҚК-тің 253-бабы) түзеу жұмыстарына немесе қамауға не бас
бостандығынан айыруға жазаланады. Қылмыстық заңның ерекше бөлімінің
баптарындағы диспозицияның бар болуы немесе санкция түрлерінің бекітілуі
мұқият ойластырылған. Оларды қылмыспен күресуде дұрыс пайдалану, қылмыстық
нормаларды қолданудың нәтижелі болуына мүмкіндік туғызады[5].
2.3. Қылмыстық заңның кеңістікте қолданылуы
Заң мемлекеттің еркін білдірудің көрінісі болғаңдықтан, осы ерік
билік ететін мемлекет шегінде қолданылады. Алайда, қазіргі өркениетті
әлемде бір мемлекет оқшауланып, жеке өзі өмір сүрмейді, ол өзі сияқты жеке
өзге мемлекеттермен араласып жатады[6].
Кез келген заң, оның ішінде қылмыстық заңның қолданылу аясы, яғни
күші жүретін шектеулі кеңістігі бар.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық заңының кеңістікте қолданылуы мынадай
төрт принциптерге негізделеді:
1). Территориялдық принцип,
2). Азаматтық принцип;
3). Универсалды принцип;
4). Реалды принцип[7].
Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші Қылмыстық кодекстің 6-бабындағы
(аумақтық), 7-бабындағы (азаматтық) және 8-бабындағы (қылмыскерді, ұстап
беру туралы халықаралық шарт) принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Қылмыстық кодекстің 6,7,8-баптарда бекітілген осы принциптердің
кеңістіктегі қолданылуын жүзеге асыру үшін төмендегі мынадай түсініктерді
анықтап алу қажет:
1. Қазақстан Республикасының аумағы; 2. Қазақстан Республикасының
қылмыстық заңы қолданылатын жерлер мен объектілер; 3. Қылмыс істелу орны;
4. Шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдерінің және иммунитетті
пайдаланатын өзге де азаматтарының жауаптылығы; 5. Қылмыскерді ұстап беру
туралы халықаралық шарт туралы Қылмыстық кодекстің 6-бабының 4-бөлігінде
Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған адамдарға, республика
қылмыстық заңының ережелерінің қолданылу шарты керсетілген. Бұл бапта:
1. Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған адам осы Кодекс
бойынша жауапқа тартылуы тиіс.
2. Қазақстан Республикасының аумағында басталған немесе жалғастырылған
не аяқталған әрекет Қазақстан Республикасының аумағында жасалған қылмыс деп
танылады. Осы Кодекстің күші Қазақстан Республикасының құрлықтық шельфінде
және ерекше экономикалық аймағында жасалған қылмыстарға да қолданылады.
3. Қазақстан Республикасының портына тіркелген, Қазақстан
Республикасының шегінен тыс ашық су немесе әуе кеңістігінде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz