Оған қылмыстық сот өндірісінің негізгі бастамалары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

Негізгі бөлім
1. Қылмыстық іс қозғаудан бас тартудың жалпы сипаттамасы.
1.1. Қылмыстық іс қозғаудан
бас тарту түсінігі
1.2. Қылмыстық іс қозғаудан бас тартуды
сипаттайтын заңнаманың даму тарихы

2. Қылмыстық іс қозғаудан бас тартудың процессуалдық нысаны.
1. Қылмыстық іс қозғаудан бас тартудың негіздері
2. Қылмыстық іс қозғаудан бас тартудың
заңдылығы мен негізділігі. Прокурорлық қадағалау мәселелері

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан
халқына 2005 жылғы Жолдауында Конституциямызға байланысты келесі мәселені
көтерді: Ең әуелі қолданып жүрген Конституциямыздың әлеуетін барынша
пайдалануымыз қажет.
Біздің Конституциямыздың әлемде демократиялық қоғамның негізгі
міндеттеріне сәйкес келетіні танылып отыр. Егер атына сын айтылып жүрсе,
оның ережелерінің орындалуына ғана қатысты болып жүр. Бүкіл әлемде
демократия мен заңды сақтау ажырағысыз болып танылады1.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында: Қазақстан
Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет
ретінде орнықтырады; оның қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі,
құқықтары мен бостандықтары.
Республика қызметінің түбегейлі принциптері қоғамдық татулық пен
саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму;
қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін
демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе
Парламентте дауыс беру арқылы шешу делінген2
Осыған сәйкес, осындай адамның құқықтары мен бостандықтары шын
мәнінде қорғалатын демократиялық мемлекет құру үшін біздің мемлекетімізде
құқықтық реформалар жүзеге асырылуда. Бұның бір көрінісі ретінде 20 –
қыркүйек 2002 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің “ҚР құқықтық
саясатының Концепциясы туралы” Жарлығын айтуға болады. Бұл Жарлықта
адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында
Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесін жетілдіру әдістері мен бағыттары
талданып көрсетілген.
Соның ішінде қылмыстық-құқықтық заңнаманы жетілдіру қажеттілігі айтылады.
Оның бірден бір маңызды бағыты алдын-ала тергеу сатысының іс-әрекеттерін
жүргізуді жеңілдету және жылдамдату болып табылады. Анықтауды қолдану аясын
кеңейтудің қажеттілігін айтады.
Сонымен қатар кейбір бұлтартпау шараларын қолданудың орнына, басқа
жеңілдеу бұлтартпау шараларын қолданудың қажеттілігі айтыла отырып, мысал
ретінде қамауға алу бұлтартпау шарасын кепіл не үйде қамап ұстау бұлтартпау
шарасына ауыстырудың маңыздылығы айтады.
Анықтау мен алдын ала тергеу әрекеттерін жеңілдету мына бағыттар
бойынша жүзеге асырылуы тиіс: жеңіл және орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған
тұлғалардың жауапкершілігін жедел қарастыру; кейбір қылмыс құрамдарын
әкімшілік құқық бұзушылық категориясына көшіру, қылмыстық процестің
тиімділігі мен жеделдігін арттыру мақсатында алдын-ала тергеу міндетті емес
істердің тізімін кеңейту, әсіресе бұл тәртіптің дәлелдемелерін табу, бекіту
және бағалау қиын емес істерге қолдануы тиіс делінген1.
Қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің алғашқы сатысында қылмыстық істі
қозғау себептерінің заңдылығын тексеру, қылмыстық белгілерін анықтау ғана
маңызды болып табылмайды, сонымен қатар ең алдымен қылмыстық істі қозғау
немесе қылмыстық істі қозғаудан бас тарту процессуалдық шешімнің
заңдылығын, негізділігін қамтамасыз ету қажет.
Қылмыстық іс қозғаудан бас тарту қылмыстың іс қозғу сатысының бір
бөлігі ретінде қарастырылады. Құқықтық статистикалық деректеріне сүйенсек
Қазақстан Республикасында қылмыстық істі қозғаудан бас тартылған қылмыстар
туралы келіп түскен арыздар мен хабарлардың үлес салмағының өсуін
байқаймыз.
Сонымен қатар, прокурорлық және тергеу тәжірибесінің талдауы мен
жалпылауы көрсеткендей, қылмыстық істі қозғау сатысында ғалымдардың, заң
шығарушылардың және құқық қолданушылардың назарын аударуды қажет ететін
мәселелер де сақталған. Қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы негізсіз
және заңсыз шешімдері азаматардың құқықтарын елеулі түрде бұзып қана
қоймай, сонымен қатар мемлекеттік құқық қорғау жүйесіне тұрақты
сенімсіздікті тудырады. Бұндай сенімсіздіктің туындауы құқығы бұзылған
адамның құқық қорғау органдарына өзінің құқығын қорғау үшін жүгінбеуіне
алып келеді. Өкінішке орай бұндай жағымсыз жағдайлар біздің мемлекетімізде
орын алуда. Көп жағдайда қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы негізсіз
және заңсыз шешімдер қылмыстық статистика көрсеткіштерін жақсарту
мақсатында жасалады. Қылмыстық істі қозғаудан заңсыз бас тарту, сондай-ақ
арыздар мен хабарламаларды тікелей жасыру, дер кезінде ұсталмаған
қылмыскерлерге, әдетте, одан да ауыр қылмыс жасауға мүмкіндік береді.
Сондықтан да бұндай заңға қайшы әрекеттер мен күресудің маңыздылығы
зор. Оны бұндай әрекет үшін жазалауды қамтамасыз етілуі, сондай-ақ оларды
анықтау үшін жасалатын шараларға көп көңіл бөлінуі тиіс. Яғни бұндай заңсыз
іс-әрекеттерді тию үшін мүмкінше барлық шаралар жасалып, жетілдірілуі
қажет.
Сонымен қатар қылмыстық істі қозғаудан бас тарту шешімінің заңды және
негізгі қабылдануы адамның құқықтары сақталуының кепілі болып табылады.
Бұған сәйкес қылмыстық істі қозғаудан бас тарту кезінде туындайтын
қылмыстық-процессуалдық құқық қатынастарын ғылыми түрде талдау және
заңнамада белгілеу маңызы зор.

1. Қылмыстық іс қозғаудан бас тартудың жалпы сипаттамасы

1.1 Қылмыстық іс қозғаудан бас тартудың түсінігі
Қылмыстық іс қозғаудан бас тарту қылмыстық істі қозғау сатысының
ажырамас бөлігі болып табылады. Қылмыстық істі қозғау сатысының мазмұны
тек қаулы шығару және өндіріске қабылдау арқылы ғана анықталмайды, сонымен
қатар белгілі бір мән - жайлар болған жағдайда қылмыстық істі қозғаудан
бас тарту сияқты альтернативті шешім қабылдануы мүмкін1. Осыған байланысты
қылмыстық істі қозғау сатысын қарастырып кетейік.
Қылмыстық-процессуалдық құқықтық теориясында қылмыстық істі қозғау тек
процессуалдық шешім қабылдау ғана деп қарастырмайды, оны қылмыстық іс
бойынша іс жүргізудің алғашқы және жеке дара сатысы ретінде таниды. Бұл
сатының өзіне тән белгілері, яни арнайы мәселелері, құқық қатынасының
қатысушыларының шеңбері, мәселелерді шешудің арнайы құралдары және
әдістері, процессуалдық мерзімдері және қорытынды шешімдері бар.
А.П.Рыжаков Қылмыстық іс қозғау терминнің былайша анықтайды:
Қылмыстық іс қозғау термині қылмыстық іс жүргізуде бірнеше мағынаға ие.
Әдетте бұны қылмыс жасалған әрбір фактіге әсер ету және қылмыстық іс
жүргізудің келесі сатыларын орын алмаған қылмыстардың шеттету мақсаты бар
қылмыстық іс жүргізудің бірінші сатысы деп қарастырады.
А.Р.Михайленко қылмыстық іс қозғауға келесідей анықтама береді:
Қылмыстық іс қозғау – көпжақты түсінік.

Бұл ең алдыменен процессуалды нормалардан тұратын құқықтық институт.
Сонымен қатар қылмыстық іс қозғауда процессуалды акт ретінде де
қарастырады. Көп жағдайда қылмыстық іс қозғауды қылмыстық іс жүргізудің
дербес сатысы деп анықтайды.
Қылмыстық іс жүргізу заңында қылмыстық істі қозғаудың мазмұны мен
негізін анықтайтын норма көрсетілмеген, бірақ Қылмыстық іс бойынша сотқа
дейінгі іс жүргізу“ 6- бөлімінің құрамдас бөлігі болып табылатын, бұл
сатыға “Қылмыстық іс қозғау” 23-тарауын арнап отыр. Қылмыстық істі
қозғаудан бас тартудың негізгі мәселелері осы тарауда көрініс тапқан.
Жоғарыда айтылғанның маңызы мынада:
- қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу бөлімінен ҚІЖК-нің
Ерекше бөлімі басталады. Бұл арқылы заңшығарушы қылмыстық істі
қозғау сатысының, қылмыстық-процессуалдық қызметтің алғашқы кезеңі
ретінде, маңызын анықтайды;
- қылмыстық істі қозғау сотқа дейінгі өндіріске жатқызу бұл құқықтың
қатынастары субъектілерінің сапалық құрамына негізделеді, өйткені
субъектілер өкілеттіктерінің соммасынан құқықтық қатынастардың
жалпы сипатын анықтауға болады.
ҚІЖК-нің 7-бабының 27-пунктінде “іс бойынша іс жүргізу”- қозғау,
сотқа дейінгі дайындау, сотта талқылау және соттың үкімін (қаулысын)
орындау барысында нақты қылмыстық іс бойынша жүзеге асырылатын іс жүргізу
әрекеттері мен шешімдерінің жиынтығы делінген.
Әрі қарай осы баптың 28-пунктінде “қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі
іс жүргізуге” мынандай анықтама берілген – қылмыстық іс қозғалған кезден
бастап оны мәні бойынша қарау үшін сотқа жолдағанға дейін қылмыстық іс
бойынша іс жүргізу (анықтау және алдын ала тергеу), сондай-ақ қылмыстық іс
бойынша жеке айыптаушы мен қорғау тарабының материалдар дайындауы.
Келтірілген жағдайлар жоғарыда айтылғанды:
қылмыстық іс қозғау мен қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу
өзара бүтін мен соның бөлігі ретінде байланысын;
- сотқа дейінгі іс жүргізу қылмыстық істі қозғау сияқты алғашқы
кезеңі болмай орын ала-алмауын;
- қылмыстық істің қозғау сатысының болмауы, қылмыстық-процессуалды
құқықтық қатынастарының болмауына алып келетінін растайды.
Осылайша, қылмыстық істі қозғау – бұл қылмыстық процестің алғашқы және
міндетті сатысы, бұл сатыда қылмыстық ізге түсу органдары жеке лаузымды
тұлғалары, жасалған не дайындалып жатқан қылмыс туралы мәлімет алған кезден
бастап қылмыстық істі қозғау туралы шешімді қабылдау үшін себептер мен
негіздердің бар-жоғын анықтауға кіріседі.
Қылмыстық істі қозғау – бұл жасалған әрекетте қылмыс белгілерінің бар-
жоғын анықтауға бағытталған қылмыстық ізге түсу органдарының қызметін
қамтитын қылмыстық процестің дербес, бастапқы сатысы болып табылады1. Бұл
сатының маңызы іс бойынша өндірісті заңды, негізді, уақытында бастау
қылмыстық істі толық, жан-жақты, объективті зерттеудің бірден-бір кепілі
болып табылады. Мақсаттары ретінде мыналарды көрсетуге болады:
- қылмысты уақытында тергеуді бастауды қамтамасыз ету;
- жасалған әрекетте қылмыстық белгілерінің бар-жоғын анықтау;
- бұл сатыдағы қатынастарға қатысушы тұлғаларды және олардың
өкілеттіктерін анықтау.
Қылмыстық істі қозғаудан бас тарту қылмыстық істі қорғау сатысының
ажырамас бөлігі болып табылады және жеке, тереңдетілген, жан-жақты
зерттеуді қажет етеді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Іс Жүргізу
Кодексінің 187 бабында қылмыстық іс қозғауға негіздер болмаған кезде
қылмыстық ізге түсу органы қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулы
шығарады делінген. Қылмыстық істі қозғауға негіз болып іс бойынша іс
жүргізуді болдырмайтын мән-жайлардың болмауы және қылмыс белгілерін
көрсететін жеткілікті деректердің болуы осы Кодекстің 177 бабының 2-
тармағында көрсетілген. Яғни қылмыстық іс қозғаудан бас тарту үшін жоғарыда
көрсетілген негіздерінің болуы шарт. ҚІЖК-нің 177 бабында көрсетілген
себептер мен негіздерде қылмыстық істі қозғау немесе қозғаудан бас тарту
негіздерінің бар-жоғын анықтауға мүмкіндік беретін толық және жан-жақты
мәліметтер көрсетілмеген. Қылмыстық-процессуалды заң алдын-ала тергеу
органдарына қылмыс туралы хабарлар мен арыздарды тексеру үшін мерзім бере
отырып, қосымша дәлелдемелерді жинауға мүмкіншілік береді. Бұл туралы ҚІЖК-
нің 184-бабында былай делінген: қылмыс туралы арыз немесе хабар бойынша
шешім ол түскен күннен бастап үш тәуліктен кешіктірілмей қабылдануға тиіс.
Қажет болған жағдайда қосымша мәліметтер алу, құжаттарды немесе өзге
материалдарды талап ету, оқиға өткен жерді қорғау, сараптама жүргізу үшін
бұл мерзімді анықтау органның бастығы, тергеу бөлімінің бастығы он тәулікке
дейін, ал ерекше жағдайларда – бір айға дейін ұзарта алады, бұл туралы
жиырма төрт сағаттың ішінде прокурорға хабарлануға тиіс.
Қазақстан Республикасының қылмыстық-процессуалдық заңнамасын және
құқықтық институттың жалпы белгілерін (жеткілікті түрде дербестігі,
мақсаттарының арнайылығы, құқықтық қанытастарды реттеу мәселелері және
әдістері, заңда арнайы нормаларының болуы) талдау негізінде қылмыстық істі
қозғаудан бас тартуды қылмыстық процессуалдық құқықтық институты ретінде
қарастыруға болады. Бұл қорытындының қосымша негізі ретінде қылмыстық істі
қозғаудан бас тарту туралы шешімдердің қылмыстық істі қозғау туралы
қабылданған шешімдерге қарағанда көп болуын айтуға болады.
Қылмыстық істі қозғаудан бас тарту институтына жүктелген мәселелер,
қылмыстық істі қозғау мәселелерінен ерекшеленеді. Бұл мәселелерге мыналар
жатады: а) азаматтарды заңсыз және негізсіз қылмыстық құқылаудан қорғау;
ә) қылмыстық ізге түсу органдарының қаражаты мен күштерін процессуалды
үнемдеу; б) іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларын қолдануды болдырмау;
в) қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін жағдайлар жасау.
Қылмыстық іс жүргізу заңында қылмыстық істі қозғаудан бас тартудың екі
негізі көрсетіліп отыр:
- қылмыстың белгілерін көрсететін жеткілікті деректердің болмауы;
- қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді болдырмайтын мән жайлардың
болуы;
Қылмыстық істі қозғау үшін заңда көрсетілген себептер мен негіздер
болуы қажет. Бұл жерде ҚІЖК-ы 177-бабының 1-тармағына сәйкес қылмыстық істі
қозғауға мыналар себеп болып табылады:
1) азаматтардың арыздары;
2) кінәсін мойындап келу;
3) мемлекеттік органның лауазымды адамның немесе ұйымда басқару
функцияларын атқарып отырған адамның хабарламасы;
4) бұқаралық ақпарат құралдардағы хабар;
5) лауазымды адамдардың және қылмыстық іс қозғауға құқық берілген
органдардың қылмыс туралы мәліметтерді тікелей анықтауы. Бірақ қылмыстық
істі қозғау туралы шешімді қабылдау үшін бұл себептердің болуы
жеткіліксіз. Оған қоса қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын жағдайлардың
болмауы және қылмыс белгілерінің болуы қажет. Ал мұндай қылмыс
белгілерінің болмауы қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы шешім
қабылдауға негіз болып табылады. Бұл жерде фактілердің болуы және қылмыс
белгілерінің болуы туралы мәселе айтылып отыр. Қылмыстық Іс Жүргізу
Кодексінде қылмыстық істі қозғаудан бас тарту үшін негіз болып табылатын
қылмыс белгілерінің болмауын айта отырып, қылмыс құрамы туралы сөз
қозғалып жатқан жоқ. Яғни қылмыстың барлық белгілерінің болмауы шарт
емес. Қылмыс белгісінің әдетте екі белгісінің болуы қылмыстық істі
қозғаудан бас тартуды жоққа шығарады.
Қылмыстық істі қозғаудан бас тартудың келесі негізі ол қылмыстық ізге
түсуді болдырмайтын жағдайлардың орын алуы болып табылады. (ҚІЖК
37 - бабы). Бұндай ҚІЖК-ң 37-бабында көрсетілген жағдайлардың болуы
қылмыстық істі қозғауды болдырмайды, ал қозғалған істі тоқтатуға алып
келеді.
Бұл негіздердің барлығы бірдей процессуалды күшке не, яғни кез келген
бір ғана негіздің болуы қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы шешімді
қабылдау үшін жеткілікті. Бұл жағдайлардың біреуінің екіншісімен
салыстырғанда маңызды еместігін білдіреді.
Бұл жағдайларды қарастырғанда біз қылмыстық істі қозғау үшін заңды және
жеткілікті негіздердің жоқтығын айтамыз.
Қылмыстық істі қозғау және қылмыстық істі қозғаудан бас тарту сияқты
екі процессуалды шешімдерді қарастырғанда олардың бір-біріне қарсы, бір-
бірін жоққа шығаратынын байқаймыз.
Қылмыстық іс қозғаудан бас тарту-бұл қылмыстық қудалауды болдырмайтын
жағдайлардың сәйкес келуін қарастыратын материал бойынша соңғы шешім болып
табылады. Бұл жағдайларды анықтау қылмыстық істі қозғау сатысында міндетті
және қылмыстық істі қозғау немесе қозғаудан бас тарту шешімін заңды және
негізді қабылдау үшін қажет1.
Қылмыстық істі қозғау сатысы сол сияқты қылмыстық іс қозғаудан бас
тарту бұл осы процеске қатысушылардың арасында туындайтын құқықтық
қатынастарды реттейді. Бұл қатынастарға қатысушыларға ҚР ҚІЖК-нің 23-
тарауында көрсетілген тұлғалар: қылмыстық ізге түсу органдары (прокурор,
тергеуші, анықтау органы, анықтаушы), арыз беруші, мемлекеттік органның
лауазымды тұлғасы немесе ұйымда басқару функциясын атқаратын адам;
жәбірленуші; кінәсін мойындап келген тұлға жатады. Сонымен қатар бұл
тізімге зиян шеккендерді, олардың өкілдерін; қылмыстық істі қозғау немесе
қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы мәселе қарастырылып жатқан қатысты
тұлға; маман; сарапшы; куәгерлер; аудармашы; куәлар; сезіктіні ұстаған
тұлғалар жатады.

Бұл қатысушылардың барлығын келесі топтарға бөлуге болады:
1. арыздардың және хабарлардың алдын-ала тексеруді жүргізетін мемлекеттік
органдар және олардың лауазымды тұлғалары;
2. арыздар мен хабарларды қарастырғанда мүдделері қозғалатын тұлғалар;
3. басқа тұлғалардың мүдделерін білдіретін қылмыстық процестің
қатысушылары;
4. дәлелдеудің ерекшелігіне байланысты қылмыстық процеске тартылатын
тұлғалар.
Қылмыстық іс жүргізуші заңы қылмыстық іс қозғауға немесе қылмыстық іс
қозғаудан бас тартуға өкілеттіліктері бар органдар мен лауазымды
тұлғалардың толық тізімін көрсетеді. Оларға ҚР ҚІЖК-ң
62,63,64,65,66,67,183,185- баптарына сәйкес мыналар жатқызылған: анықтаушы,
анықтау органы, тергеуші, прокурор, анықтау органының бастығы, тергеу
бөлімінің бастығы.

1.2. Қылмыстық іс қозғаудан бас тартуды сипаттайтын заңнамалық даму тарихы

Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу заңнамасының тарихын
зерттеу, оның орны мен маңызы туралы көзқарасты дұрыс қалыптастыруды
қамтамасыз етеді. Сондықтан да қазіргі қылмыстық іс жүргізу ғылымының
дамуын, оның тарихи кезеңдерінің қалыптасуын зерттей отырып, қарастыру
керек. Қазақстанның қылмыстық іс жүргізу заңнамасын қарастыру арқылы,
қазіргі кездегі қылмыстық іс қозғаудан бас тарту институты өз бойына
қылмыстық іс жүргізу нормалары мен институттарының жағымды әрі жағымсыз
жақтарын сіңіріп алғанын байқаймыз.
ХХ-ғасырдың ортасында қылмыстық іс қозғауды кеңес үкіметі қылмыстық іс
жүргізу саласы бойынша ғалымдары қылмыстық процестің дербес сатысы ретінде
қарастырмады. Бұл қылмыстық іс қозғаудан бас тартуды алдын-ала тергеу
сатысының процессуалды шешімі ретінде қарастыруға алып келді. Қазақстан
Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы шетте қалған жоқ, оған Ресей
империясы, Кеңес Үкіметі кезіндегі қылмыстық іс жүргізу өз әсерін тигізді.
Қылмыстық іс қозғаудан бас тартуды сипаттайтын заңнаманың даму тарихын
қарастырғанда оны бес кезеңге бөліп қарастыруға болады.
Бірінші кезең 1832-1917 жылдар аралығы, Қазақстанның Россияға қосылған
кезден және Қазақстанда Кеңес Үкіметі орнағанға дейінгі кезең. Бұл кезеңде
қылмыстық іс қозғаудан бас тартуды қарастыру би соты мен Ресей империясы
соттарының арасында бөлінеді.
1864 жылы Реесйде сот реформасы жүзеге асырылады, осы уақытта
қабылданған қылмыстық сот өндірісінің Уставы қылмыстық іс қозғаудан бас
тарту институты құқықтық негіздерінің қалыптасуына зор әсер етті.
Бұл жүргізілген реформаға сәйкес сот жүйесі келесі негізде құрылды:
а) мировой соттар: учаскелік мировой соттар, олар уездерде жергілікті
жиналыстармен (оған дворяндар және жергілікті байлар кірді), ал қалаларда –
қалалық думалармен сайланды(оларға дворяндар, саудагерлер, фабиканттар
кірді). Бұл соттар жеңіл қылмыстық (1 жылға дейін бас бостандықтан айыру)
және азаматтық (1500руб. дейін) істерді қарастырды.
ә) жалпы соттар, бұл соттар үш судья құрамымен ауырлығы аз істерді, ал
ауыр қылмыстар бойынша істерді үш судья және 12 присяжный құрамында
қарастырды.
Қылмыстық іс жүргізуде келесі жағдайлар орын алды.
1. Мировой судьяда өндіріс жеке тұлғалардың арызы және полицияның хабары
бойынша басталды. Бұл жерде айта кететін жағдай полиция анықтауды жүзеге
асыруға құқылы болды;
2. Жалпы қылмыстық істер бойынша өндіріс, пркурорлардың қадағалауымен сот
тергеушілері, жүргізетін алдын-ала тергеуге және дәлелдерді тексеру,
айыптау мен қорғаудың бәсекелестігі және үкім шығару жүзеге асырылатын
сот талқылауына бөлінді;
3. Айыптау соттан бөліктеніп, прокуратураға берілді.
4. Айыпталушы мен жәбірленушінің құқықтары кеңейтіліп, адвокатура құрылды.
5. Сот талқылауында жариялылық, тең бәсекелестік құрылды.
6. Сотталушының қоғамда алатын орнына байланысты соттау ретінің ерекшелігі
алынды және дәлелдердің жеткіліксіздігі бойынша сезікті алып тастау
қарастырылды1.
Екінші кезең 1917-1924 жылдар аралығы, тотолитарлық мемлекеттің
идеологиясы басшылыққа алынатын кеңестік қылмыстық іс жүргізудің құрылу
кезеңі. Бұл кезеңде қылмыстық іс жүргізу қызметінде революцияның құқықтық
санасына қарсы келмейтін ресей заңнамасының нормалары қолданылды. Кеңестік
сот өндірісі дамуының бірінші қадамы сот туралы Декрет
№1 (22 қараша 1917ж.) болды. Бұл декретке сәйкес революцияға дейінгі
қылмыстық іс жүргізу тоқтатылып, іс жүргізудің жаңа нормалары қабылданды.
21 қазан 1920 жылғы халық соттары туралы қаулы алдын ала тергеу өндірісі
халық тергеушілеріне жүктелді. Бұл уақытқа дейін алдын-ала тергеу жүргізу
бірнеше тергеушілермен жүргізілді. Бұл қаулыға сәйкес қорғаушы алдын-ала
тергеу іс әрекеттеріне қатысуға құқысы болған жоқ. Бұл уақытта халық
соттары және революциялық трибуналдар қызмет атқарды. Революциялық
трибуналдар революцияға, оның идеяларына қарсы деп ұғынуға болатын
қылмыстарды қарастырды. Яғни бұл уақытта қылмыстық іс жүргізу ерекшеліктері
саяси ұстанымдармен байланысты болды. Қылмыстық іс қозғау не қозғаудан бас
тарту осы негізде жүзеге асырылды.

1. Курс Советского уголовного процесса Общая часть. Под ред. А.Д.Бойкова
и И.И.Карпеца Москв: Юр.литература 1989г. с.394
2. М.С.Строгович. Курс Советского уголовного процесса. Том 1 изд. Москва
Наука. 1968г. стр. 114.

Азаматтың соғыс және шетел интервенциясы кезінде революциялық
трибуналдар ВЧК-мен бірлесіп қызмет атқарды.
Айта кететін жағдай ВЧК-ға ерекше өкілеттік берілді. Бұл орган
революцияға қарсы қылмыстар белгілерін анықтаған жағдайда өз бетінше жаза
қолдануға құқылы болды. 1922 жылы сот өндірісінде бірқатар реформа
жүргізіліп, бірнеше заңдар қабылданды. ВЧК таратылып, 1922ж. 28 маусымда
кеңес прокуратурасы құрылды; РСФСР сот өндірісі туралы қаулы қабылданды; 25
маусым 1922 жылы РСФСР қылмыстық іс жүргізу кодексі қабылданды. Бұл жаңадан
қабылданған заңдарға сәйкес алдын ала тергеу прокурордың қадағалауымен
тергеушімен жүргізілетін болды. Бұл тергеу және сот органдарының тергеу
саласы және қылмыстық істерді шешуде қызметтеріне жан-жақты талдау жасаған
алғашқы кеңестік қылмыстық іс жүргізу кодексі болды. Бұл ҚІЖК-сі тергеу
және сот органдары қызметінің заңдылығын күшейтетін құрал болып табылды.
Осы қабылданған РСФСР ҚІЖК-нен кейін басқа кеңес республикаларының
қылмыстық іс жүргізу кодексі қабылданды, соның ішінде Қазақ ССР-ң Қылмыстық
Іс Жүргізу Кодексі.
Бұл республикалық кодекстер РСФСР-дің қылмыстық іс жүргізу кодексінің
негізінде жасалып, сол жерде қарастырылған нормалар бір-біріне сәйкес
келді. Бұл қылмыстық іс қозғаудан бас тарту институтына да сондай
қатыстылығы болды.
29 қазан 1924 жылы КСРО-ның жалпы кеңестік кодексі қабылданды. Бұл
кодексте басқа барлық республикалардың қылмыстық іс жүргізу кодекстерінің
негізіне салынуы тиіс, басқарушылық процессуалды қағидалар көрініс тапты2.
Үшінші кезең –1924- 1958 жылдар аралығы деп қарастыруға болады. Бұл
кезеңде қылмыстық іс қозғаудан бас тарту институтының лигитимді негізін
қалау, бірқатар заңдарды қабылдаумен байланысты. Бұл кезеңде қылмыстық іс
қозғаудан бас тарту арыздар мен хабарлар негізінде қабылданған шешімнің бір
түрі ретінде ғана қарастырылады. Ол процессуалды қызметтің бір түрі ретінде
қарастырылмады.
1924 жылы қабылданған ҚСРО-ның ҚІЖК-сі қылмыстық процессуалды
заңнаманың барлық республикалар үшін бірлігін біркелгілігін қамтамасыз
етті. Бірақта бұл заңды жүзеге асыру мемлекеттегі саяси жағдайдың өзгеріп
жатқан жағдайда орын алды. 20-жылдың ортасынан 30-жылдардың аяғына дейін
мемлекетте саяси жағдай көптеген өзгерістерге ұшырап, билік үшін күресте
болашақ авторитарлы жүйенің негізі салына бастады.
30-шы жылдардың басына процессуалды жеңілдету туралы талқылаулар,
қылмыстық іс жүргізу заңнаманың дамуына өзінің теріс әсерін тигізді.
Кеңестік қылмыстық процесс буржуазиялық қылмыстық процестің негіздерін өз
бойына қабылдап алды деген пікірді басшылыққа алып, процессуалды
нысандарды өзгерту туралы мәселлеер қарастырылды. Іс жүргізуге неғұрлым
“икемділік” беру мақсатында тергеу және қылмыстық істерді сотта қарауды
қарастыратын іс жүргізу ережелерін жеңілдету талдауға салынды. Заңда іс
жүргізудің тек негізгі қағидаларын қалдырып, тергеу және әр-бір қылмыстық
іс бойынша талқылаудың әрекеттерін анықтау тергеуші және соттың қарауына
беру ұсынылды.
Қылмыстық іс жүргізу нысандарын дұрыс талдамау, қылмыстық іс жүргізу
заңнамаға өз әсерін тигізді. Осылай 20 қазан 1929 жылы ЖОАК (ВЦИК)-мен
қаулы қабылданып, бұл қаулыға сәйкес алдын-ала тергеуді анықтау алмастыруға
болатын істердің шеңбері кеңейтілді. Соттың көптеген өкілеттіктері
қысқартылып, оған тек жаза мөлшерін анықтау ғана қалдырылды.
Айыпталушыларды сотта өкілеттігі прокуратураға берілді. Осылай 30 жылдардың
басында соттың орнына, неғұрлым шешуші орган ретінде орталықтандырылған
және бақыланбайтын тергеу болды. Бұл кезде айыптау үкімдері істердің
көпшілігінде (100-ден 99-%-ға дейін) қабылданды.
1934 жылы КСРО ОАК Президиумы қаулы қабылдады. Бұл қаулыға сәйкес
бұрынғы сот өндірісі тәртіптері өзгеріске ұшырады; тергеу уақыты 10
тәулікке дейін қысқартылды; айыптау қорытындысы айыпталушыға сотқа дейін
бір тәулік қалғанда берілді; тараптар –прокурор және адвокат процестен
алынып тасталды; касациялық шағым жасауға, рақымшылық сұрауға тиім салынды
– кідірместен атылды. Бұл “жеңілдетулерде” жеткіліксіз болып көрінді.
Кагановичтің ұсынысы бойынша ең қатаң жазаны қолданумен байланысты
қылмыстық істерді соттан тыс қарау енгізілді, ал Молотов істер мөлшерінің
көптігін ескеріп, “соттауды” және атуды тізім бойынша жүргізуді ұсынды.
30-жылдардың ортасында Сталиннің саяси қарсыластарын жою мақсатында,
бір қатар кез-келген жазаны, оның ішінде ату жазасын да қолдануға құқысы
бар соттан тыс органдар құрылды. (Ерекше үштіктер және ҚСРО ІІХК-нің
жанындағы Ерекше кеңес)1.
Осындай жағдайлардың орын алуы көптеген саяси қайраткерлердің кінәсіз
ату жазасына кесілуіне алып келді. Қазақ халқының көптеген зиялы, саяси
қайраткер, ағартушылары осы уақытта репрессияға ұшырап, кінәсіз өлім
жазасына бұйырылды. Жоғарыда айтылғанды ескеріп қылмыстық іс қозғаудан бас
тартудың негізгі қағидалары мүлде ескерілмеді деп айтуға жеткілікті негіз
болып табылады деп ойлаймын.
1941-1945 жылдар аралығындағы сот-прокуратура органдарының қызметі
соғыс уақытының шарттарымен анықталып, мемлекеттік қорғаныс
қажеттіліктеріне бағындырылды.
22 маусым 1941жылы “ҚСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы “Соғыс жағдайы
туралы” Жарлық қабылдап, әскери трибуналдар туралы Ережені бекітті. Осы заң
актілеріне сәйкес, қорғанысқа, қоғамдық тәртіпке және мемлекеттік
қауіпсіздікке қарсы қылмыстар әскери трибуналмен қаралды. Көптеген істер
жабық түрде қаралды. Әскери басшылықтың әскери трибуналдардың қызметіне
бақылау жөніндегі өкілеттіктері кеңейтілді. Соғыстың аяқталуы соғыс
кезіндегі нормативтік актілердің күшін жоюға алып келді. Бірақта соғыстан
кейінгі уақытта басшылық әскери уақыттық әдістерін қолданды.
Билікті асыра пайдалану орын алып отырды.
Төртінші кезең 1958-1991 жылдар аралығы қамтиды. Бұл кезеңде Қазақстан
қылмыстық іс жүргізу заңнамасының айтарлықтай егемендікке ие болған уақыт.
Қылмыстық іс қозғау сатысындағы сот өндірісін реттейтін нормалар осы
уақытта айтарлықтай дамытылды.
25 желтоқсан 1958 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесімен жалпы кеңестік қылмыстық
іс жүргізу заңы қабылданды. Бұл заңда кеңестік қылмыстық іс жүргізу
құқығының негізгі қағидалары, қылмыстық іс жүргізу институттары жалпы
көрсетіліп берілді.
Ал қылмыстық іс жүргізу қызметтің, қылмыстық іс жүргізу қатынастардың
детальды талдауы кеңістік республика қылмыстық іс жүргізу кодекстерінде
жасалды. Осыған сәйкес 22 шілде 1959 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесімен Қазақ
ССР-ң Қылмыстық іс Жүргізу Кодексі қабылданды да, ол 1 қаңтар 1960 жылы
күшіне енді.
Кеңестік республикалардың қылмыстық іс жүргізу кодекстерін қабылдағанға
дейін, республикалық іс жүргізу заңнамасы өзінің құрамына әртүрлі тарихи
кезеңдерде пайда болған, өзінің түрлілігімен көзге түсетін актілерді
енгізді. Жаңа кодекске сәйкес анықтау, тергеу органдары және сот қызметінің
белгілі ретке келтіріп, заңдылықтың, объективтіліктің сақталуына негіздер
қаланды. Алғашқы рет сот билігі сотпен жүзеге асырылатыны туралы қағида
енгізілді.
Бұл Қазақ ССР Қылмыстық іс Жүргізу Кодексі 12 бөлімнен, 36 тараудан 417
баптан құрылды. Бірінші бөлімде жалпы жағдайлар көрсетілді. Оған қылмыстық
сот өндірісінің негізгі бастамалары; процеске қатысушылар, олардың
құқықтары және міндеттері; сот өндірісіне қатысуды болдырмайтын жағдайлар;
қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер; мәжбүрлеу шаралары, процессуалды
мерзімдер енгізілді.
ҚІЖК-нің қалған тараулары қылмыстық іс жүргізу құқығының Ерекше бөлімін
құрайды.
Осы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 2-тарауында қылмыстық іс қозғаудың
нормалары қарастырылған1. Басқа мәселелермен қатар 91-бапта қылмыстық іс
қозғаудан бас тарту қарастырылған. Бұл бапқа талдау жасай келіп оның
қазіргі ҚІЖК-де көрсетілген нормадан өзгешелігін байқауға болды. Егер
қазіргі заңда қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулы қылмыстық іс
қозғауға негіз болмағанда шығарылады деп көрсетілсе, Қазақ ССР ҚІЖК-де
бұндай қаулы арыз бен хабарламада қылмыс белгілері анықталмағанда
шығарылады деп көрсетіледі. Сонымен қатар кеңестік кодексте қылмыстық істі
қозғау мәселелерін көрсете келіп, қылмыстық істі жүргізуді болдырмайтын
жағдайлардың болмауы қылмыстық істі қозғауға негіз ретінде көрсетілмейді.
Тек бұл жағдайлар осы кодекстің 42-бабында аталып өтіледі. Осылайша бұл екі
кодексті салыстыра келе Қазақ ССР ҚІЖК-ің кемшіліктерін байқауға болады.
Сонымен қатар, бұл кодексте сол кеңестік кезеңнің ықпалы байқалады. Мысал
ретінде 87-1 бапты айтуға болады.
Бұл бапта халық депутаттарына қатысты іс қозғау қарастырылады. Яғни сол
кездегі саяси жағдай, мемлекеттік құрылыстың өзгешелігі Қылмыстық Іс
Жүргізу Кодексте өз ықпалын тигізді2.
Бесінші кезең – 1991 жылдан қазіргі уақытқа дейінгі аралықтағы уақытты
қамтиды. Бұл кезеңде Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алып, басқа
заңдар сияқты қылмыстық іс жүргізу заңнамасы да егеменді мемлекеттің
заңнамасы ретінде қайта қабылданумен ерекшеленеді.
1997 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Қылмыстық Іс Жүргізу
Кодексі қабылданды. Бұл жаңа кодекс жалпы белгіленген халықаралық
стандарттар мен қағидаларға, Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес
қабылданады.

Қазақстан Республикасының жаңа тарихында да заң шығарушылық процесс
жалғасуда. Мысалы, ҚР КІЖК-сін қабылдау сәтінен 2004 жылдың наурызына дейін
он үш өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Бұған қоса 2004 жылдын
желтоқсан айында төрт өзгерту енгізілді. Бұдан көріп тұрғанымыздай
Қылмыстық іс жүргізу заң намасының даму үстінде екенің көреміз.

2 Қылмыстық іс қозғаудан бас тартудың процессуалдық нысаны

2.1 Қылмыстық іс қозғаудан бас тартудың негіздері

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Іс Жүргізу Кодексінің
187-бабының 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғауға негіздер болмаған
кезде қылмыстық ізге түсу органы қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы
қаулы шығарады. Қылмыстық іс қозғаудан бас тартудың негізі қылмыс
белгілерін көрсететін жеткілікті деректердің болмауы және қылмыстық іс
бойынша іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайлардың болуы болып табылады (ҚІЖК
177-бап 2 тармақ).
Қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын жағдайлар ҚР-ң Қылмыстық Іс Жүргізу
Кодексінің 37-бабының 1-тармағында көрсетілген. Бұл бапқа сәйкес бұл
жағдайлардың болуы қылмыстық іс қозғауды болдырмайды, ол қозғалған істі
тоқтатуға алып келеді. Бұл көрсетілген негіздер құқықтық салдары жөнінен
қарастырғанда бірдей процессуалды күшке ие, яғни көрсетілген бұл
жағдайлардың біреуі екіншісімен салыстырғанда маңызы аз да көп те емес.
Бұл жағдайларды айтқанда біз Қылмыстық іс қозғауға заңда себептермен
жеткілікті негіздердің жоқтығын түсінеміз. Қылмыстық істі қозғау және
қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы екі негізгі процессуалды шешімдерді
қарастырғанда біз олардың бір-бірін жоққа шығаратынын ескеруіміз қажет.
Қылмыстық іс жүргізуді болдырмайтын мән жайлар екіге бөлінеді:
1. Қылмыстық құқықтық негіздер
2. Қылмыстық процессуалдық негіздер
Қылмыстық Іс Жүргізу Кодексінің 37-бабында көрсетілген қылмыстық ізге
түсуді болдырмайтын жағдайларды қарастырайық.
Бірінші кезекте қылмыстық құқықтық негіздерді қарап шығайық
1.Қылмыс оқиғаның болмауы (ҚІЖК 37-б. 1-т. 1-б.) нақты белгілі бір
тұлғаның қылмыстық іс -әрекетті және қылмыстық жүріс-тұрысы шын мәнінде
болмағанын білдіреді.
Қылмыс оқиғасының болмауын былай түсіндіруге болады:
а) Келіп түскен арызда көрсетілген оқиғаның шын мәнінде болмағандығы
анықталса;
ә) Оқиға жәбірленушінің өзінің өзінің әрекетінің салдырынан болса;
б) Оқиға табиғи апаттың салдары болса;
Заңға сәйкес қылмыс оқиғасының маңызы заңмен тиым салынған қоғамға қауіпті
іс-әрекетті жасауында. Бұндай оқиғаның болмауы қылмыстық іс қозғаудан бас
тартудың сөзсіз негізі болып табылады.
Қылмыс оқиғасының болмауы тергеу барысында анықталған жағдайда,
қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.
Мысалы өз-өзін өлтіргендігі сот сараптамасын тағайындау, өлім алдындағы
хаттан немесе өзге мәліметтерден анықталуы мүмкін; өлім күтпеген, абайсызда
болған жағдайылардың немесе апат әсеріне болуы мүмкін. Мұндай барлық
жағдайларда қылмыстық іс қысқартылуға жатады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 9 бабында қылмысқа анықтама
беріледі, оған сәйкес қылмыс – бұл жазалау қатерімен тыйым салынған,
айыпты, қоғамға қауіпті әрекет (іс-әрекет не әрекетсіздік). Осы баптың 2-
тармағына сәйкес Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлігінде көрсетілген
қылмыстардың белгілері болса да, бірақ маңызсыздығына және қоғамға қауіпті
болмауына байланысты, яғни жеке тұлғаға, қоғамға немесе мемлекетке зиян
келтірмесе әрекет немесе әрекетсіздік қылмыс болып табылмайды.
2.Әрекетте қылмыс құрамының болмауы (ҚІЖК-ң 37-б. 1-т. 2-б.) қылмыс деп
айтылатын қоғамдық қауіпті іс әрекеттің сипаттайтын белгілер жиынтығының
жоқтығын қарастырады. Қылмыс құрамы бұл қоғамдық қауіпті іс әрекеттің
құқықтық сипаттамасы. Қылмыс құрамы төрт элементтен құралады: 1-ші
элементі қылмыс объектісі бұған қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық
қатынастар жатады. Әрбір істеген қылмыс белгілі бір жағдайларда қоғамдық
қатынастарға зияын келтіреді немесе зиян келтіру қауіпін туғызады.
Сондықтан да қылмыстық құқық ғылымы қорғалатын қоғамдық қатынастарды
барлық қылмыстардың жалпы объектісі деп таниды.
Қылмыстық заңмен кез келген қоғамдық қатынастар қорғала бермейді.
Мысалы, мұрагерлікке байланысты мәселелерде заңды құқығының бұзылуы қылмыс
болып табылмайды. Мұндай ретте олардың құқықтары азаматтық заңмен
реттеледі. Қарыз беруші мен борышкордың арасындағы қатынас та азаматтық
құқық нормасымен шешіледі. Жұбайлардың арасындағы мүліктік қатынас та
отбасылық құқық нормаларымен қорғалады. Жұмыс беруші мен еңбекшінің
арасындағы еңбек қатынастары еңбек туралы заңдар арқылы қорғалады.
Сондықтан да қылмыс істеу арқылы қоғамдық мүддеге елеулі қауіп келтіретін
немесе қауіп келтіруі мүмкін жағдайда ғана қылмыстық құқылық нормамен
қорғалатын қоғамдық қатынастар қылмыстық объектісі болып табылады1.
Қылмыс құрамының екінші элементі қылмыстық объективтік жағы болып
табылады. Қылмыстың объективтік жағы қылмысты істеген адамның мінез-
құлқының сыртқы көрінісін білдіреді.
Қылмыстың объективтік жағының мазмұны көптеген белгілердің жиынтығынан
құралған. Ең бастысы қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастарға
қиянатпен қол сұғатын және оған қол сұғу қауіпін туғызатын қоғамға қауіпті
іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік).
Қылмыстық құқықтағы зияын қылмыстың объективтік жағының белгісі болып
табылатын “қоғамға қауіпті зардап” деген ұғымды білдіреді. Қоғамға қауіпті
іс-әрекет пен одан туындайтын зардаптың арасын байланыстыратын белгілі
себепті байланыс деп атайды. Сонымен, қоғамға қауіпті іс-әрекет, қылмыстық
зарлап, себепті байланыс қылмыстың объективті жағының белгілері болып
табылады.
Адамның мінез-құлқының сыртқы көрінісі болып табылатын қауіпті іс-
әрекет белгілері бір кеңістікте және уақытта орын алатын нақты көрініс
болып табылады. Қылмыстық құқықта кеңістік деген ұғым нақты іс-әрекеттің
істелген орны ретінде қарастырылады. Сондықтан да қылмыстың объективтік
жағының мазмұнын ашып көрсететін белгілер қатарына қоғамға қауіпті іс-
әрекет, істелген орын және уақыт та қосылады. Сонымен қатар қылмыстың
объективтік жағына қылмыс жасау тәсілі, қолданылған құралдар мен қару-
жарақтар, қылмыстық жасалу жағдайы да кіреді2.
Қылмыс құрамының келесі элементі - қылмыстың субъектісі. Қылмыстың
субъектісі болып қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған және заңға сәйкес сол
үшін қылмыстық жауаптылықты көтеруге қабілетті адам танылады. Қылмыстық
кодекстің 4,6,7-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодексінің күні Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан
Республикасының аумағындағы азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ
шетелдіктерге қолданылады. Қылмыстық кодекстің 14-бабына сәйкес есі дұрыс,
осы Кодексте белгіленген жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық жауапқа
тартылуға тиіс.
Қылмыстық кодекстің 15-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке
16 жасқа толған тұлғалар ғана тартылады. Осы баптың 2 тармағында 14 жасқа
толғанда қылмыстық жауапкершілікке тартылатын қылмыстар тізімі көрсетілген.

Қылмыс құрамының соңғы төртінші элементіне қылмыстың субъективтік жағы
жатады. Қылмыстың субъективтік жағы бұл негізінен адамның психикалық іс-
әрекетінің қылмыс істеуге тікелей байланысты жағының көрінісі болып
табылады.
Қылмыстың сыртқы жағын бейнелейтін объективтік жаққа қарағанда
субъективтік жақ қылмыстың ішкі мәнін, мазмұнын білдіреді. Қылмыстың
субъективтік жағының мазмұнын мынадай заңдылық белгілері: кінә, қылмыстық
ниет, мақсат құрайды. Әрекетті қылмыс деп тану үшін қылмыс құрамының барлық
элементтері болуы тиіс. Қылмыстық іс қозғаудан бас тарту үшін негіз болатын
қылмыс құрамының болмауы келесі жағдайларда ескеріледі: а) бұл әрекет
қылмыс ретінде қылмыстық заңмен қарастырылмаған; ә) әрекет қылмыстық заңмен
қарастырылған және орын алған, бірақ оны жасаған тұлғаның қасақана не
абайсыздығын көрсететін белгілердің болмауы; б) әрекет қылмыс ретінде
қылмыстық заңда қарастырылған, бірақ бұл әрекетті қоғамдық қауіптілігін
және заңға қайшылығын жоятын жағдайлардың болуы (мысалы, қажетті қорғану
кезінде)1.
Жоғарыда көрсетілген жағдайлар уақытысында М.С.Строговичпен тереңдетіле
түсіндірілген: “... Егер тергеушіге, прокурорға немесе сотқа белгілі болған
оқиғада қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық іс қозғауға жатпайды... Бірақ оқиға
қылмыс белгілері болған жағдайда қылмыстық іс негізді қозғалады. Бірақ
қылмыстық іс қозғалғаннан кейін қылмыстық жауапкершілік негізінің жоқтығы
анықталады (мысалы кінәнің болмауы). Бұндай жағдайда іс қылмыс құрамының
болмауына байланысты қысқартылуға жатады”2.
3. Егер ол жасаған әрекет үшін жаза қолдануды жойса, рақымшылық ету
актісінің салдары (ҚІЖК-нің 37-б. 1-т., 3-б) қылмыстық ізге түсуді
болдырмайтын жағдай ретінде қарастырылады.
Рақымшылық ету актісі мемлекеттік биліктің жоғарғы органының актісі болып
табылады және екі қызмет атқарады: а) қылмыстық жауаптылықтан босатуды
көздейді; б) рақымшылық актісі қылмыс жасаған тұлғаларға қатысты қылмыстық
іс қозғаудан бас тартуды көздейді.
Бұрынғы қылмыстық іс жүргізу заңнамасы қылмыстық іс қозғаудан бас
тартуға негіз болатын жағдай ретінде рақымшылық ету актісі мен қоса кешірім
жасау туралы актіні де жатқызған.
Энциклопедиялық түсіндіруде рақымшылық етудің қлмыстық-процессуалды
мағынасы келесіде. Рақымшылық ету актісіне сәйкес тергеу сатысындағы істер
немесе тергеу аяқталған бірақ сотпен қарастырылмаған істер қысқартылуға
жатады, ал жазаны өтеп жүрген тұлғалар босатылады немесе жазаның мерзімі
қысқартылады. Қылмыстық іс қозғалмаған қылмыстар бойынша қылмыстық іс
қозғаудан бас тарту шешімі шығарылады.
Егер айыпталушы өзін кінәсіз деп санап, қылмыстық істі рақымшылық актісі
негізінде тоқтатуға қарсы болса, қылмыстық іс қысқартылмайды және ол
бойынша тергеу, сот талқылау жүзеге асырылады. Бірақ, егер сот айыпталушыны
кінәлі деп тапса, іс рақымшылық актісі негізінде тоқтатылады1.
ҚІЖК-нің 37-бабының 4-тармағына сәйкес рақымшылық актісі негізде іс
тоқтатылуға жатпайды, егер оған айыпталушы қарсы болса. Бұл жағдайда іс
бойынша іс жүргізу жалғастырылады және оған негіз болған кезде сотталған
адамды жазадан босату арқылы айыптау үкімінің қаулысымен аяқталады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 76-бабына сәйкес
рақымшылық жасау туралы актіні адамдардың жеке айқындалмаған тобы жөнінде
Қазақстан Республикасының Парламенті шығарады, ал кешірім жасау туралы
актіні белгілі бір жеке адамға ол жөнінде аайыптау үкімі заңды күшіне енген
жағдайда Қазақстан Республикасының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәмелетке толмағандардын - қылмыстық жауаптылығының негіздері
Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазаның түрлері мен шектері
Қылмыстық процестiң қағидалары
Сот қаулыларына апелляциялық шағымданудың қағидалары
Прокуратураның ұйымдастырылуы мен қызметінің қағидалары
Сотта прокурордың мемлекеттік айыптауды қолдауы
Прокуратура туралы жалпы түсінік
Сот билігінің тәуелсіздігі
Қылмыстық іс қозғаудан бас тартудың процессуалдық нысаны
Қылмыстық процестегі адамның жеке басына тиіспеушілік принципі
Пәндер