Екінші шарт - орынды кәсіби тәуекелді қолдану арқылы заң қорғайтын мүдделерге зиян келтіру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Қылмысты істеген адамды ұстағанда зиян келтіру, іс-әрекеттің қылмыс
екендігін жоятын мән–жайлар
ЖОСПАР

1. Кіріспе 1
2. Негізгі бөлім 3
2.1 Іс-әрекеттің қылмыс екендігін жоятын мән-жайлардың түсінігі және
түрлері 3
Қажетті қорғану 5
Орынды тәуекел 10
Күштеп немесе психологиялық мәжбүрлеу 14
Бұйрықты немесе өкімді орындау 16
2. Қылмыс жасаған адамды ұстағанда зиян келтіру 19
3. Қылмыс істеген адамды ұстағанда сай емес зиян келтіру және оған
қылмыстық жауаптылықтың сипаты 29
III Тапсырма: 32
Қылмыстың жиынтығы бойынша жаза тағайындау және үкімдердің жиынтығы
бойынша жаза тағайындау 32
Қорытынды 40
Қолданылған әдебиеттер 41

1. Кіріспе

Менің бұл курстық жұмысымның осы тақырыпты қалаған себебім, қылмыстық
құқықта біршама тақырыптардың ішінде маған бұл тақырып ерекше күйде
көрінеді. Негізінде біздің қоғамызда әр түрлі объектіге қол сұғушылықтар
өте көп, яғни барлық құқыққа қайшы, қоғамға қауіпті әрекет, субъектінің іс-
әрекеті арқылы жүзеге асады.
Мұндай әрекеттер болса тұлға міндетті түрде қылмыстық жауапқа
тартылуы тиіс. Бұл субъектілер белгілі бір объектіге қол сұққанда қылмыстық
құрамның субъективтік белгілерінің бірі болып келеді, соның ішінде мақсат.
Осы мақсатты көздеп әр тұлға қоғамға зардап немесе зиян түсіреді. Ал
қоғам болғаннан кейін әр түрлі жағдайлар болуы мүмкін.
Сол жағдайлардаң бірі тұлға белгілі бір объективте қол сұққан кезде
оған мақсатты көздемейді, яғни оған белгілі себептерді ақпарат арқылы
жасайды.
Осы себептер арасында тұлға зиян келтіреді. Бұндай әрекеттер міндетті
түрде қылмыстық белгілері болады. Бірақта оны тұлға өзінің мақсатына немесе
қажеттілігіне жасамайды.
Ондай әрекеттерді алдағы курстық жұмысымда дәлелдеп, анықтап
көрсетемін.
Ол әрекетке мысал келтірсек күштеп немесе қорқытып бір азаматқа қылмыс
жасатады. Бұл азамат белгілі қойған талапқа амал жоқ орындауына тура
келеді.
Қарап отырсақ Қазақстан Республикасының Заң атқарушы органдары тегін
емес қоғамда барлық жағдайда қарастырып соған жауап ретінде осындай
әрекеттерді қылмыстық кодексте бекітіп кеткен.
Сол себепті бұл тақырыптың мені қызықтырған жері, ол тұлғаның сыртқы
күштеріне әсер етуімен жасалған қылмысы. Ал қылмыстық құқықтағы барлық
тақырып тек тұлғаның істеген қылмысы үшін оны жауапқа тарту және тиісті
жазасын беру, оны өкіндіру және т. б. шаралар.
Бұл тақырыпта ондай әрекеттер орын таппаған. Ал, керісінше қоғамға
қауіпті әрекет жасаған тұлғаны жауаптылықтан босатуына жағдай жасау, яғни
оған көмек беру.
Менің ойымша бұндай әрекет міндетті түрде сот органдарымен қаралып, не
барынша жауаптылықтан босатылуы тиіс деп ойлаймын.
Бірақ бұл шешімді әрине де тек қана бір-ақ орган, ол сот органдары
қабылдайды.

2. Негізгі бөлім

2.1 Іс-әрекеттің қылмыс екендігін жоятын мән-жайлардың түсінігі және
түрлері

Әрбір азаматтың конституциялық борышы – қоғамдық қатынастарда
қылмыстық жолмен қелтірген зияннан қорғау. Осы міндетті жүзеге асыруда
жеке адамға, қоғамға, мемлекетке қарсы бағыталған іс-әрекетерді дер
негізінде тыюдың, тойтарудың маңызы ерекше.
Қоғамға қауіпті іс-әрекетті тойтаруда, оның зияндылығын тыюда, сол
қауіпті төндірген адамға материалдық, моральдық және басқа да зиян
келтірілуі мүмкін. Мұндай әрекеттер формальдық жағынан алғанда Қылмыстық
кодекстің Ерекше бөлімінің жекелеген баптарында көрсетілген қылмыс құрамына
жатуы мүмкін. Бірақ та бұл әрекеттер белгілі бір жағдайларда қылмыс болып
табылмайды.
Өйткені мұндай әрекетте қылмыстық материалдық белгісі болып табылатын
басты белгі – қоғамға қауіптілік жоқ. Керісінше, мұндай жағдайларда,
қоғамдық қатынастарға зиян келтіруге бағытталған қауіпті жою, тойтару
қоғамға пайдалы іс-әрекет деп танылады.
Еліміздің қылмыстық құқық теориясындағы, ғылыми доктринадағы, іс-
әрекеттің қылмыс екендігін жоятын жайлардың жиынтығына қарамастан ұзақ
уақыт бойы Қазақстанның қылмыстық заңнамасында тек қажетті қорғану мен
мәжбүрлі қажеттіліктің белгісін құраған екі норма ғана іске асырылып келді.
1997 жылғы 16 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодексі іс-әрекеттің қылмыс екендігін жоятын мән-жайлар – қажетті қорғау
мен аса (мәжбүрлі) қажеттіліктің қатарын тұңғыш рет басқа да мән-жайлармен
толықтырады. Атап айтар болсақ, бұлар: қылмыскерді ұстау кезінде зиян
келтіру, орынды тәуекел, күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу және бұйрықты
немесе өкімді орындау. Бұл көрсетілген әрекеттер формальды әрі салыстырмалы
түрде Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімдегі жеке қылмыс құрам белгілеріне
ұқсас болып келеді. Алайда, қылмысқа ұқсас болып көрінгенімен бұл әрекеттер
қылмыстың міндетті белгілерін қамтымағандақтан қылмыс болып саналмайды.
Демек, бұл әрекеттер қоғамға қауіпті, құқыққа қайшы айыпты немесе
жазаланатын әрекеттер болып табылмайды.
Бұл әрекеттердің қылмыстық еместігі өз алдына, тіпті олар әлеуметтік
жағынан пайдалы. Кеңірек қарастырар болсақ, қажетті қорғану, қол сұғушылық
жасаған аса қажеттілік және орынды тәуекел жағдайында жасалған әрекеттер
қоғамға пайдалы болып келеді.
Осы әрекеттерді жасау арқылы құқық қорғау мүдделеріне белгілі бір
шекте зиян келтіру - адамның жеке басының құқықтарын қорғау, мемлекет пен
қоғам мүдделерін қорғау сияқты пайдалы мақсатқа жету жолындағы
қажеттіліктен туындаған мән-жайлар болып табылады.

Қажетті қорғану

Қылмыстық заңда сәйкес барлық адамдардың кәсіби немесе өзге де арнаулы
даярлығына және қызмен жағдайына қарамастан тең дәрежеде қажетті қорғануға
құқығы бар. Бұл құқық адамға қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан құтылу басқа
адамдардың немесе мемлекеттік органдардың көмегіне жүгіну мүмкіндігіне
қарамастан тиесілі болып табылады (32-бап, 2-бөлік). Қажетті қорғану
жағдайында қол сұғушы адамға зиян келтіру, яғни қорғанушының немесе өзге
бір адамның жеке басын, тұрғын үйін, меншігін, жер учакесін және басқа да
құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін
қоғамдық қауіпті қол сұғушылықтан қол сұғушыға зиян келтіру жолымен қорғау
кезінде, егер бұл орайда қажетті қорғану шегінен асып кетушілікке жол
берілмеген болса, ол қылмыс болып табылмайды делінген. ҚК–тің 32-бабының 1-
бөлігіне сәйкес, қажетті қорғану жағдайында қол сұғушы адамға зиян келтіру,
яғни қорғанушының немесе өзге бір адамның жеке басын, тұрғын үйін,
меншігін, жер учаскесін және басқада құқықтарын, қоғамның немесе
мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қоғамдық қауіпті қол сұғушылықтан
қол сұғушыға зиян келтіру жолымен қорғау кезінде, егер бұл орайда қажетті
қорғану шегінен асып кетушілікке жол берілмеген болса, ол қылмыс болып
табылмайды.
Қажетті қорғану - әрбір адамның заңды және заңмен көтермеленетін
әрекетті болып табылады.
Әлеуметтік мәні бойынша қажетті қорғанудың қоғамға қауіптілігі жоқ.
Қажетті қорғану адамның ең қасиетті, табиғи құқықтары, өмірін, денсаулығын,
бостандығын, меншігін т.б. Басқа да игіліктерін қорғаудың тәсілі болып
табылады. Қажетті қорғану қылмыстылықты тыюды, зорлықпен істелетін
қылмыстарға және меншілікке, басқа да қылмыстарға қарсы күресудің пәрменді
құралы болып табылады.
Сондай-ақ қажетті қорғанудың қолданудың аса маңызды сақтандырушылық
мәні зор. Өйткені, қиянат келтірушінің өзі зиян келтіру жолымен, тойтарыс
берілетінін сезінуі оны көп жағдайларда қылмыс істеуден тартындырады.
Міне осыған байланысты қажетті қорғану Конституцияда көрсетілген
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың кепілі, қоғамға пайдалы
әрекет деп саналады.
Мұндай жағдайда қиянат жасаушының өмірі, денсаулығы, меншігі оның
қылмыс істеуіне байланысты қылмыстық заңның қорғауынан тысқары қалады.
Қажетті қорғану жағдайында оған зиян келтіру қылмыстық құқылық әрекетпен
заң қорғайтын объектіге қол сұғушылық болып табылады.
Қылмыстық заңға сәйкес адам басқа қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан
құтылу немесе мемлекет органдарынан көмек сұрауға мүмкіндігі болғанына
қарамастан қажетті қорғануды қолдануға құқылы.
Көмек сұрау мүмкіндігіне қауіпті қиянаттан қашып кету, жасырынып қалу,
жұлқынып шығу, қиянат жасаушыға басқадай бөгеттер жасау, айғайлап көмекке
шақыру, телефонмен құқық қорғау органдарына, туысқандарына, көршілеріне,
таныстарына хабарлау сияқты әрекеттер жатады.
Заң бойынша барлық азаматтар – кәсіби немесе өзге де даярлығын, қызмет
жағдайына қарамастан қажетті қорғануды жүзеге асыруға бірдей негізде
құқылы. Заңда лауазымды адамдарды немесе басқадай құқық қорғау органдары
үшін қажетті қорғануды қолданудың ерекше талаптары белгіленбеген.
Көптеген азаматтар үшін қажетті қорғануды қолдану олардың жеке құқығы
болып табылады.
Азаматтар заңға сәйкес шабуылдан қашып қорғанудан немесе басқа амалдар
қолданудан тыс, заңға сәйкес қоғамға қауіпті шабуылға қарсы залал жасау
жолымен белсенді шараларды қолдануға қақысы бар. Мұндай кезде олар қоғамға
қауіпті шабуылдан қорғану жағдайында келтірілген залалы үшін жауап
бермейді, деп атап көрсетілген. Қажетті қорғануды жүзеге асырудың негізгі
шарттары бар.
Қиянатқа байланысты қажетті қорғануды қолданудың заңға сыйымдылық
шарттары: оның біріншісі қиянат қоғамға қауіпті болуы керек, яғни қиянат
арқылы заң қорғайтын мүдделерге тікелей зиян келтіретін немесе зиян келтіру
қаупін тудыратын жағдайда қажетті қорғануды қолдануға болады.
Қажетту қорғануды заңды әрекетке қолдануға болмайды, сол сияқты
қажетті қорғануда қандай да бір әрекетінде қылмыстық фолмальдық жағынан
белгілері бар, маңызы шамалы әрекет немесе әрекетсіздікке қолдануға
болмайды.
Мұндай әрекеттерге өте арзан заттарды ұрлау жасөспірімдердің бау-
бақшадан жеміс – жидек ұрлау сияқты әрекеттерді жатқызуға болады. Адам
мұндай іс-әрекеттері арқылы зиян келтірсе, онда олар жалпы негізде
жауаптылыққа тартылады.
Қажетті қорғануда қарсы әрекетке ғана қолдануға болады. Құқылық
міндетін орындамаған әрекетсіздікке қажетті қорғануды қолдануға негіз жоқ.
Мұндай құқылық міндетті орындамаушылық орын алған жағдайда оған зиян
келтірмей–ақ, оны зорлап орындатушылық орын алады. Заңда көрсетілген
қылмысты қиянатпен қол сұғу қасақана болуы қажет, абайсыздықпен қол сұғу
басқа жолмен тоқтатылады.
Қажетті қорғануды қолдануды екінші шарты – қорғану қол сұғушылық нақты
бар болғанда ғана қолданылады. Қол сұғушылықтың объективтік категория
ретінде басталуы және аяқталуы болады. Нақтылы төніп тұрған қол сұғушылық
деп заң қорғайтын объектіге зиян келтіруге кірісуді бастағалы жатқан немесе
кіріскен әрекетті айтамыз. Яғни, қол сұғушылықтық кірісуі деп қоғамға
қауіпті әрекеттің басталған уақытын айтамыз. Қасақана қылмыстар үшін қол
сұғушылықтың бастамасы болып қылмыс істеуге оқталғандық әрекеті айтылады.
Ал қол сұғушылықтың аяқталуы болып іс-әрекеттің нақты біткен, шын мәнінде
оның доғарылған уақыты саналады. Қол сұғушылық алға қойған мақсатқа жетуге
немесе одан ерікті түрде бас тартуға байланысты доғарылуы мүмкін. Егер де
қол сұғушылық бітіп кетсе, оған қажетті қорғануды қолдануға болмайды.
Өйткені қажетті қорғанудың мақсаты – болатын, орын алатын зиянды
тойтаруға, оны болғызбауға бағытталған. Қазақстан Республикасының Жоғары
Соты өзінің 1994 жылғы 23 желтоқсандағы Азаматтардың өмірі мен
денсаулығына қарсы әрекеттер үшін жауапкершілікті реттейтін заңдарды
соттардың қолдануы туралы қаулысында қажетті қорғану құқығы тек қоғамға
қауіпті қол сұғушылық сәтінде ғана емес, шабуыл жасау қаупі анық төнген
кезде қолданылатынын көрсеткен.
Егер қорғанушы іс-әрекеттің қауіпті емес екендігін байқауға мүмкіндігі
болып тұрып, қорғануды қасақана емес күйде жүзеге асырса, бұл жағдайда ол
абайсыздық түрінде істелген әрекет үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылады.
Қажетті қорғанудың үшінші бір шарты – қоғамға қауіпті қол сұғу айқын,
шын мәнінде, яғни қоғамдық қатынастарға анық зиян келтіретін болуы керек.
Адамның санасында ғана елестетілетін қиянаттың зиян келтірумен ешқандай
байланыс жоқ. Елестетілетін қиянаттан қорғануды жалған қорғану дейміз.

Орынды тәуекел

Қылмыстық кодекстің 35–бабында әлеуметтік пайдалы мақсатқа қол жеткізу
үшін орынды тәуекел кезінде заңмен қорғалған құқықтық мүдделерге зиян
келтіру қылмыс болып табылады делінген. Бұрынғы қылмыстық кодексте мұндай
ұғым болмаған еді. Сондықтан да бұл қылмыстық заңдағы жаңа институт болып
табылады. Егер әрекеттер қазіргі ғылыми–техникалық білімдерге сәйкес келсе,
ол қойылған мақсатқа тәуекелге байланыссыз әрекеттерсіз жетуге мүмкіндік
болмаса және тәуекелді пайдаланған адам заң қорғайтын мүдделерге зиян
келтірмеудің барлық мүмкін шараларын колданса, тәуекел орынды деп танылады.
Заңға сәйкес орынды тәуекелге байланысты әрекеттер екі түрлі шартқа
байланысты қылмыс болып табылады. Бұл шарттарды екі түрлі топқа бөлуге
болады.
Бірінші топқа тәуекел әрекеттерін қолдануға негіз болатын шарттар, ал
екінші топқа сол әрекеттің өзін сипаттайтын шарттар жатады.
Тәуекел әрекеттерін қолдануға медицина, ғылым, техника, мәдениет
шаруашылық саласы қызметінің тиімділігін жетілдіру қажеттілігі негіз
болады.
Қажеттілік қоғам, мемлекет алдына қойылған маңызды міндеттерді шешуден
де туындайды.
Ғылым, техника, өнер саласында жаңалықтар ашу көп жағдайда әр түрлі
тәжірибелерді игеру нәтижесінде жүзеге асырылады. Осыған байланысты мұндай
әрекеттерден туындайтын теріс зардаптар орынды тәуекел күйінде келтірілген
деп саналып, ол қылмыс қатарына жатқызылмайды.
Тәуекел әрекеттері кейде кездейсоқ жағдайларға байланысты да
қолданылады. Мысалы, соқырішекпен ауырған адамға операция жасау үшін оны
120 шақырым жердегі ауруханаға жеткізу қажет болды. Оған жеткенше жолдың
кедір–бұдырына байланысты аурудың жағдайы өте қиынға соғуы мүмкін.
Жергілікті дәрігер жағдайды жан-жақты есепке алып және аурыдың көлікке
отыруға жарамайтынын, оның ауыр жағдайын ескеріп, қажетті жағдайлардың
жоқтығына қарамастан операцияны өзі жасауға шешім жасауға тәуекел еткен.
Нәтижесінде ауру адам қаза болған. Мұндай жағдайда адам өмірін құтқарып
қалуға байланысты әрекет орынды тәуекел күйінде жасалған деп танылды. Яғни,
осыған сәйкес қажеттілік орынды тәуекелділікті қолданудың бірінші негізі
болып табылады. Орынды тәуекелді қолданудың екінші негізі болып алға қойған
мақсатқа тәуекелге байланыссыз әрекеттерсіз жетуге мүмкін болмаға. Талаптан
туындайтындығы болып табылады. Алға қойған мақсатқа жету қолданылып жүрген
технологиялық әдістердің, ғылыми эксперименттердің нұсқаулықтарда, ережеде
көрсетілген талаптардың шеңберінде жүзеге асырылмайтын болса, онда орынды
тәуекелді қолданудың да негізі жоқ.
Қылмыс болып табылмайтын тәуекелді қолдануға байланысты шарттар да
теорияда бірнеше түрде бөлінеді. Оның бірінші шарты – кәсіптік тәуекелді
жүзеге асыру, яғни кәсіпке байланысты дәрігерлік, ғылыми, технологиялық,
техникалық қызметтерге байланысты жұмысты жүзеге асыру.
Екінші шарт – орынды кәсіби тәуекелді қолдану арқылы заң қорғайтын
мүдделерге зиян келтіру.
Үшінші шарт, орынды тәуекел ақталған болуы керек. Орынды тәуекел құқық
қорғайтын мүдделерге зиян келтіруі мүмкін. Егер әрекеттер қазіргі ғылыми –
техникалық білімдерге және тәжірибелерге сәйкес болса, тәуекел орынды деп
танылады. Осы шартқа сәйкес осындай тәуекелге барған адамның теориялық
білімге және іс- тәжірибелік істерге негізделген жеткілікті кәсіптік сауаты
болуы қажет. Мұндай біліктілік белгілі бір әрекетті білгірлікпен жүзеге
асыруға, жаңалықтар табу арқылы ғана алға қойған мақсатына жетуге
мүмкіндіктер туғызады.
Егер тәуекел күні бұрын экологиялық қауіптің болуына немесе адамдардың
өміріне, денсаулығына қатар туғызатын болса, онда ол орынды тәуекелге
жатпайды.
Төртінші шарт, тәуекелді қолданған адам заң қорғайтын мүдделерге зиян
келтірмеудің барлық шараларын қолданса ғана ол орынды тәуекел болады. Осы
шартқа байланысты адам тәуекелге байланысты әрекеттерді істегенге дейін
мүмкін болатын барлық кедергілерді күні бұрын қарастырып, оны жоюдың
амалдарын ойластырып, одан туындайтын қоғамға зиянды нәтижелерді
болдырмаудың барлық шараларын қолдануы қажет.
Бесінші шарт, орынды тәуекел алға қойған мақсатқа тәуекелге
байланыссыз әрекеттерсіз жетуге мүмкін болмаса ғана қолданылады. Яғни,
орынды тәуекелдің алға қойған мақсаты қоғамға пайдалы нәтижеге жету болып
табылады. Олар ғылымда, техникада жаңалық ашу, жаңа технологияны өндіріске
енгізу, жаңа материалдар, шикізаттар жасап шығару, ауруға қарсы тиімді
емдер табу т.б. Аса қажеттілік пен орынды тәуекелдің бір– бірімен
ұқсастығы, сондай–ақ өзара айырмашылықтары да бар. Бұларға тән ортақ
белгілері екеуінің де құқықтық және әлеуметтік мәні бірдей, екеуі де құқық
қорғайтын мүддеге зиян келтірумен байланысты. Аса қажеттілік құқық
қорғайтын мүддеге табиғат күштерінің биологиялық процестердің, адамдардың
зиянды әрекеттері қауіпті төндіруі жағдайы негізінде пайда болады. Орынды
тәуекел мұндай қауіппен байланысты емес. Аса қажеттілікте адамның әрекеті
зиянды тойтаруға бағытталған. Орынды тәуекелде әрекет қоғамға пайдалы жаңа
жетістіктерге немесе қолда барды жақсартуға бағытталған. Аса қажеттілік
жағдайында зиян үшінші жаққа келтіріледі. Ал, орынды тәуекелде зиян тек
қана бейтарап немесе үшінші жаққа келтіріледі. Мәжбүрлі қажеттілік
жағдайында қауіпті тойтару арқылы сақтап қалған мүдделерге азырақ зиян
келтіріледі, ал орынды тәуекелде зиянның көлеміне ешқандай шек қойылмайды.

Күштеп немесе психологиялық мәжбүрлеу

Жаңа қылмыстық кодекстің 36-бабының 1-бөлігіне сәйкес егер күштеп
мәжбүрлеудің салдарынан адам өзінің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) ие бола
алмаса, күштеп мәжбүрлеудің нәтижесінде осы кодекспен қорғалатын мүдделерге
зиян келтіру қылмыс болып табылмайтындығы айтылған. Бұрынғы қолданылған
қылмыстық заңдарда мұндай ұғым болған емес. Ұзақ жылдардағы сот – тергеу
тәжірибесі көрсеткендей, күштеп мәжбүрлеудің салдарынан адам қоғамға
қауіпті іс-әрекет жасап, азаматтар мен ұйымдардың заңды мүддесіне зиян
келтіреді. Жаңа қылмыстық кодекстегі арнаулы норма күштеп мәжбүрлеудің
салдарынан болған әрекеттің заңдылық салдарына баға берген.
Осы нормаға сәйкес мұндай жағдайда істелген іс-әрекет қылмыс болып
табылмайды деп тура көрсетілген. Мысалы, далада келе жатқан жүргізушіні
қарақшы тоқтатып, көліктен алдап сыртқа шығарып, ұрып–соғып, қорқытып
ұрланған бір жылқының етін қыстаққа апаруға бұйырған. Немесе бір топ
бандиттер сақтық банкісіне шабуыл жасап, күзетшіні атып өлтіріп, кассирге
пышақ кезеу арқылы қорқытып, сейфтегі ақшаны тонап кетеді. Міне, осындай
келтірілген мысалдарға жүргізушінің немесе кассирдің әрекеті қылмыс болып
табылады, өйткені олар іс-әрекетті күштеп мәжбүрлеу салдарына өз
еріктерінен тыс, іс-әрекетін басқара алмайтын жағдайда істеп отыр.
Күштеу – бұл белгілі бір әрекетті істеуге мәжбүрлеу. Мұндай ретте
жәбірленушіге күш қолданылып, оның жанын қинайтын, сөйтіп оның еркінен
айыратын әрекеттер орын алады.
Күштеу тойтарылатын немесе тойтарылмайтын болып екі түрге бөлінеді.
Қылмыстық кодекстің 36-бабының 1-бөлігінде көрсетілген күшпен мәжбүрлеу
тойтарылмайтын жағдайда ғана орын алады. Тойтарылатын күштеуде
жәбірленушінің белгілі бір әрекетті істеу мүмкіндігі сақталады.
Сондықтан тойтарылатын күшпен мәжбүрлеуге жол бергенде, адамға 36-
бабының 1-бөлігі қолданылмайды.
36-баптың 2-бөлігінде мәжбүрлеудің екі түрі – психикалық мәжбүрлеудің,
сондай-ақ күштеп мәжбүрлеудің нәтижесінде осы кодекспен қорғалатын
мүдделерге зиян келтіргені үшін, соның салдарынан адам өзінің іс-әрекетіне
басшылық жасау мүмкіндігін сақтаған жағдайда қылмыстық жауаптылық туралы
мәселе айтылған. Мұнда сөз тойтарылатын психикалық және күштеп мәжбүрлеулер
туралы болып отыр. Мұндай реттерде адамның белгілі бір ерікті таңдай алу
мүмкіндігі бар, яғни қылмысты істеуге немесе істемеуге. Мәжбүрлеудің осы
екі түрі бойынша адам қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтірген
жағдайда олардың әрекеті келтірілген зиян тойтарылған зиянан көп болған
жағдайда ғана қылмыс болып табылады, ол зиян аз болса, ондай іс-әрекетке
Қылмыстық кодекстің 34–бабында көрсетілген, аса қажеттілік ережесі
қолданылып, іс- әрекетің қоғамға қауіптілігі жойылады.
ҚК–ң 34 бабының 1-бөлігіне сәйкес Осы кодекспен қорғалатын мүдделерге
аса қажет болған жағдайда зиян келтіру, яғни белгілі бір адамның немесе
өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына, құқықтарына мен заңды
мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің, мүдделеріне тікелей қатер
төндіретін қауіпті жою үшін зиян келтіру, егер бұл қауіпті басқа амалдармен
жою мүмкін болмаса және бұл орайда аса қажеттілік шегінен шығып кетушілікке
жол бермесе, қылмыс долып табылмайды.

Бұйрықты немесе өкімді орындау

Қылмыстық кодекстің 37-бабында өзі үшін міндетті бұйрықты немесе
өкімді орындау жөнінде іс-әрекет жасаған адамның осы кодекспен қорғалатын
мүдделерге зиян келтіруі қылмыс болып табылады. Мұндай зиян келтіргені үшін
заңсыз бұйрық немесе өкім берген адам қылмыстық жауапқа тартылады
делінген.
Құқылық табиғатына сәйкес міндетті бұйрықты орындау қылмысты әрекетке
жатпайды. Өйткені мұндай әрекет бастық пен бағыныштының қызметтік
қатынастарына, тәртіп талаптарына негізделген. Мұндай бапта Қылмыстық
кодексіне енгізу басшылардың, олардың бұйрықтары мен өкімдерінің беделін
арттырады, сонымен бірге мұндай бұйрықтар мен өкімдерді орындаушылардың
қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Ендігі жерде мұндай орындаушылардың тиісінше берілген міндетті
бұйрықты орындаудан орын алған зиянды зардаптар үшін жауапқа тартылудан
қаймығатын түгі жоқ.
Қылмыстық заң қорғайтын мүдделерге зиян келтірудің негізі болып
саналады. Бұйрық дегеніміз өкімді органның ресми түрде берген жарлығы
(әскери бастықтың, мекеме басшысының, кәсіпорын жетекшісінің). Бұйрық оны
істеуге өкілеттігі бар адам арқылы ауызша немесе жазбаша түрде жүзеге
асырылады.
Мұндай бұйрықтар мазмұны жөнінен заңсыз, қылмыстық заң қорғайтын
мүддеге зиян келтіретін болуы керек. Осындай міндетті бұйрықты
орындаушылардың іс-әрекетінің заңға сыйымдылығы мынадай белгілермен
анықталады:
- міндетті бұйрықты орындаушы бұйрық берген лаузымды адамға бағынышты
болуы.
- міндетті бұйрық соны беруге құқылы лауазым арқылы, тиісті нысанда
шығарылса, ал орындаушы қызметі жөнінен мұндай міндетті бұйрықты орындауға
әбден міндетті болса;
- міндетті бұйрықты орындау қылмыстық заң қорғайтын әр түрлі мүддеге
зиян келтірсе (табиғи ортаға мысалы, тазаланбаған өзенге жіберу, ластау,
мемлекет мүлкін бей-берекет жұмсау, жарамсыз жабдықпен жұмыс істеп, еңбекті
қорғау ережесін бұзу, ұшақты егіс даласына қондырып, егісті бүлдіру т. б.
әрекеттер). Мұндай міндеттерді бұйрықты, өкімді орындаушылар, шын мәнінде,
қылмыстық заңда көрсетілген іс-әрекетті жасайды.
Бірақ та Қылмыстық кодекстің 37-бабы 1-бөлігінің талабына сәйкес ол іс-
әрекет орындаушылар үшін қылмыс болып табылмайды. Мұндай зиян келтіргені
үшін заңсыз бұйрықты немесе өкімді орындаған адамдар емес, керісінше заңсыз
бұйрық өкімді берген адам қылмыстық жауапқа тартылады.
Қылмыстық кодекстің 37-бабының 2-бөлігінде: Көрінеу заңсыз бұйрықты
немесе өкімді орындау үшін қасақана қылмыс жасаған адам жалпы негіздерде
қылмыстық жауапқа тартылады. Көрінеу заңсыз бұйрықты немесе өкімді
орындамау қылмыстық жауаптылыққа ұшыратпайды делінген.
Осы заңның талабына сәйкес мұндай ретте орындаушы бұйрықты немесе
өкімнің айқын, көрінеу, заңсыз екенін біледі, сезеді, соған қарамастан соны
орындамауға мүмкіндігі болса да оны орындап қылмыс істейді. Мұндай әрекеті
үшін орындаушы қасақана қылмыс істеген адам ретінде жауапқа тартылады.

2. Қылмыс жасаған адамды ұстағанда зиян келтіру

Қылмыс істеген адамды ұстау – қылмыстылықпен күресудің негізгі
элементтерінің бірі.
Сондықтан да қылмыс жасаған адамға оны мемлекеттік органдарға жеткізу
және оның жаңа қол сұғушылық жасау мүмкіндігін тыю үшін ұстау кезінде зиян
келтіру, егер мұндай адамды өзге амалдармен ұстау мүмкін болмаса және бұл
орайда осы үшін қажетті шаралар шегінен шығуға жол берілмесе, қылмыс болып
табылмайды.
Қол сұғушылық жасаған адамды ұстауға бұған арнаулы уәкілеттігі бар
адамдармен бірге жәбірленушілермен басқа азаматтардың да құқығы бар (33-
бап).
Бұл - әркімнің қызметтік және азаматтық парызы. Қылмыскерді ұстау
туралы қылмыстық құқық нормасы бұрынғы Қазақ КСР Қылмыстық кодексінде
көрсетілмеген еді. Азаматтардың қылмыскерді ұстауға байланысты әрекеттері
қажетті қорғану ретінде бағаланады. Осындай арнаулы заң нормасы Украина,
Өзбекстан Қылмыстық кодексінде бұрын бар болатын. Қазақстан
Республикасының жаңа қылмыстық кодексінде тұңғыш рет қылмыс істеген адамды
ұстағанда оған зиян келтіру қылмыс болып табылмайды деп көрсетілген.
Өйткені қылмыскерді ұстағанда оның жеке өзіне мүліктік мүддесіне зиян
келтірілуі мүмкін. Кейбір жағдайларда ондай зиян мөлшері аса елеулі болуы
да мүмкін. Сондықтан да қылмыстық заң мұндай реттерде зиян келтірудің
шекаралық белгілерін көрсетіп беруі тиіс.
Қылмыс істеген адамды ұстағанда зиян келтірудің дұрыстығын анықтаудағы
мән–жайлар негізінен екі топқа бөлінеді.
Бірншісі, қылмыс істеу фактісіне байланысты мән–жайлар, екіншісі
қылмыс істегеннен кейін оны ұстауға байланысты келтірілген зиян.
Қылмыскерді ұстаудың негізгі болып оның біткен немесе аяқталмаған
қылмысты істеуі немесе қылмыс істегеннен кейін одан жасырыну, құтылу
әрекеттерін жасауы болып табылады.
Бұл жерде ескеретін жайт, қылмыскер деп қасақана немесе абайсыздықпен
қылмысты істеген адамға белгілі бір дәрежеде оны ұстағанда зиян келтіру
туралы болып отыр. Қылмыс істеп жатқан адамның өзін немесе қылмыс
істегеннен кейін жоқ сол қылмыскерді ұстау – осы институтты жүзеге асырудың
негізгі шарты болып табылады.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарына сәйкес қылмыс істеді деп
сезіктенген адамды ұстауға мынадай негіздердің бірі болғанда ғана жол
беріледі:
а) Бұл адамның қылмыс істеп жатқан үстінен шықса немесе қылмысты жаңа
ғана істеп болған үстінен шықса;
б) Көзімен көрген адамды, соның ішінде жәбірленуші де қылмысты істеген
осы адам деп тура көрсетсе;
в) Сезікті адамның өзінде немесе киімінде, өз қасында немесе үйінде
қылмыстың айқын көздері табылса.
Қылмыскерді ұстаудың сөзсіз негіздері болып оның тұтқыннан, қамаудан,
жаза өтеп жатқан мекемеден қашуы болып табылады.
Қылмыскерді ұстау деп негізінен ол адамның қылмыс істеп жатқан кезінде
ұсталуын айтамыз. Бірақ адам қылмыс жасаған кезде ұсталмаса оны ұстау
қылмыс істегеннен кейін де қылмыстық жауапқа тартудың мерзімі ішінде жүзеге
асырылады.
Қылмыс істеген адамды ұстаған кезде зиян үшінші жаққа емес, тек соның
өзіне ғана келтіріледі. Келтірілген зиян барынша шамалы, аз және негізді
болуы керек.
Мұндай зиян келтіру тек амалсыздан, басқа шараның жоқтығынан болуы
қажетті. Егер қылмыс істеген өзі туралы белгілі болса, айналасындағыларға
қауіп төндірмесе, оған зиян келтіруге ешбір негіз жоқ. Қылмыскерді ұстау
барысында оған келтірілген зиян мөлшері істеген қылмыстық қауіптілігіне,
қылмыскердің тұлғасына, оның мінез – құлқына немесе оны ұстау жағдайында
байланысты болады.
Ауыр өте ауыр қылмыс жасаған қылмыскерді ұстау кезінде оған елеулі
зиян келтірілуі мүмкін. Мысалы, әйел ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Іс-әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайлар
Орынды тәуекел
Қажетті қорғанудан жалған қорғануды ажырата білудің маңызы
Коғамдық қатынастарды қылмыстық жолмен келтірілген зияннан қорғау
Қылмыс жасаған адамды ұстағанда зиян келтіру
Қылмыс істеген адамды ұстағанда сай емес зиян келтіру және оған қылмыстық жауаптылықтың сипаты
Қылмыс және одан қорғану шаралары
Қажетті қорғану
Қажетті қорғану шегінен асып кеткендік
Қажетті қорғану шегінен шығып кеткендік қоғамға зиянды
Пәндер