Қылмыстардың көптігінің түсінігі және олардың жекелеген қылмыстардан айырмашылығы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I Кіріспе

1. Қылмыстардың көптігінің түсінігі және олардың
жекелеген қылмыстардан айырмашылығы

2. Қылмыстардың бірнеше мәрте жасалуы

3. Қылмыстардың жиынтығы

4. Қылмыстардың қайталануы
II Қорытынды

III Қолданылған әдебиеттер тізімі

IV Мазмұны

Кіріспе

Қылмыстық кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық
қауіпті әрекет қылмыс деп аталады. Қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша
қолдануға жол берілмейді. қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің белгілі бір
бабында немесе бабының бөлігінде көзделген екі немесе одан да көп әрекетті
жасау- қылмыстардың бірнеше мәрте жасалуы деп аталады. Осыған орай, бір
ғана тұлғаның бірнеше рет қылмысқа баруы — қоғам үшін аса қауіпті болып
табылады. Біріншіден, қылмыстық кұкықтың қорғауындағы қоғамдық қатынастарға
тиетін зиян объективті түрде неғұрлым арта түседі. Екіншіден, бір тұлғаның
жасаған қылмыстары әртүрлі объектілерге қиянат келтіретін болса, зиян
келетін қоғамдық қатынастардың қатарының өзі де кеңейе түсуі мүмкін. Және
де, бір тұлғаның бір ғана емес, бірнеше ұылмыс жасауының өзі әдетте, бүл
қылмыскердің бойында тұрақты түрде қоғамға қарсы бағыт қалыптасқандығын
дәлелдейді. Мұның өзі жағдайдың тең қарастырылуы барысында бұл тұлғаға
неғұрлым қатал қылмыстық-құқықтық ықпалдың қолданылуын талап етеді.

1. ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ КӨПТІГІНІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ҚЫЛМЫСТАРДАН
АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ

Бір ғана тұлғаның бірнеше рет қылмысқа баруы — қоғам үшін аса қауіпті
болып табылады. Біріншіден, қылмыстық кұкықтың қорғауындағы қоғамдық
қатынастарға тиетін зиян объективті түрде неғұрлым арта түседі. Екіншіден,
бір тұлғаның жасаған қылмыстары әртүрлі объектілерге қиянат келтіретін
болса, зиян келетін қоғамдық қатынастардың қатарының өзі де кеңейе түсуі
мүмкін. Және де, бір тұлғаның бір ғана емес, бірнеше ұылмыс жасауының өзі
әдетте, бүл қылмыскердің бойында тұрақты түрде қоғамға қарсы бағыт
қалыптасқандығын дәлелдейді. Мұның өзі жағдайдың тең қарастырылуы барысында
бұл тұлғаға неғұрлым қатал қылмыстық-құқықтық ықпалдың қолданылуын талап
етеді.
Сонымен қатар, бір тұлғаның бірнеше қылмыс жасауы, оның істегендерінің
дұрыс саралануы мәселесін де туындатады.
Тұлғаньң қылмыстық жауапка тартылуынын, ескіру мерзімі өтпеген немесе
соттылығы жойылмаған не алынып тасталмаған немесе қылмыстық жауапқа тартылу
заңға сәйкес тоқтатылмаған екі не одан да көп қылмыс жасауы қылмыстық
қүқықта қылмыстардың көптігі деп танылады. Қазіргі қылмыстық зандар бойынша
қылмыстардың көптігінін төмендегідей түрлері айқындалып, ажыратылады:
1) қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы;
2) қылмыстардың жиынтығы;
3) кылмыстың қайталануы.
Қылмыстардың көптігінін өзіне тән белгісі — бір тұлғаның кемінде екі
қылмыс, яғни қылмыстардьң дербес құрамдарының белгілері бар әрекеттер
(немесе жиынтықталған бір әрекет) жасауы. Ал әкімшілік қүқық бұзушылық,
тәртіпке қарсы кылық, азаматтық-қүкықтық төртіп бұзушылық, сол сияқты, ҚК-
тің 9-бабының екінші бөлігінде қарастырылған іс-әрекет немесе әрекетсіздік
қылмыстың көптігіне жатпайды.
Қылмыстық жауаптылықтын, ескіру мерзімі өтіп кеткен немесе соттылығы
жойылған (алынып тасталған) заң бұзушылықтар да кьілмыстың көптігіне
жатпайды. Бұл туралы қылмыстың бірнеше мәрте жасалуына қатысты
[?]Қылмыстық кодекстің 11-бабының үшінші бөлігінде (егер адам бұрын
жасаған қылмысы үшін заңмен белгіленген тәртіп бойынша қылмыстық
жауаптылықтан босатылған болса не адамның бұрын жасаған қылмысы үшін
соттылығы жойылған немесе онысы алынған болса, немесе мұндай қылмыс үшін
қылмыстық жауапқа тарту мерзімі өтіп кетсе, қылмыс бірнеше рет жасалған
деп танылмайды) анық айтылған.
Сонымен қатар, қылмыстық-қүқықтық салдар жоққа шығарылған әрекеттер де
қылмыстардың көптігіне жатпайды. Ол жағдайлар, атап айтқанда мыналар: шын
өкінуіне Қылмыстық кодекстің (65-бабы: Бірінші рет кішігірім немесе орташа
ауырлықтағы қылмыс жасаған адам, егер ол қылмыс жасағаннан кейін айыбын
мойындап өз еркімен келсе немесе қылмысты ашуға жәрдемдесе немесе қылмыс
келтірген зияндыөзгеше түрде қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан
босатылуы мүмкін.), қажетті қорғанудың шегінен асуына (Қылмыстық кодекстің
66-бабы: қоғамдық қауіпті қылмыстан болған үрейлену, қорқу немесе
сасқалақтау салдарынан қажетті қорғану шегінен асқан адамды сот істің мән-
жайын ескере отырып, қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін ),
жәбірленушімен татуласуына (Қылмыстық кодекстің 67 бабы: бірінші рет
кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам, егер ол
жәбірленушімен татуласса және жәбірленушіге келтірген зиянның есесін
толтырса, қылмыстық жауаптылықтан босатыоуы мүмкін ) байланысты немесе
рақымшылық жасау актісі негізінде (Қылмыстық кодекстің 76-бабының екінші
бөлігі: қылмыс жасаған адамдар рақымшыл жасау туралы актінің негізінде
қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін) немесе Қылмыстық кодекстің Ерекше
бөлімінде көрсетілген жағдайларға орай (125, 165, 231, 233, 312 және басқа
баптарда кездесетін ескертулер) қылмыс жасаған тұлғаның қылмыстық
жауаптылықтан босатылуы немесе босатылуға тиістілігі.
Қылмыстардың көптігін жекелеген қылмыстан, яғни қылмыстың бір ғана
құрамының белгілерінен тұратын әрекеттен ажырата білу керек. Егер де
жасалған қылмыс қарапайым құрамның белгілерінен тұратын қылмысты қылықтың
бір ғана көрінісі болса, әрине, жекелеген қылмыс түрін қылмыстардың
көптігінен ажыратып алу, әдетте, қиынға соқпайды.
Алайда, сот тәжірибесінде сырттай қарағанда жекелеген қылмыстардың
қылмыстың көптігіне өте ұқсас болып келетін жағдайларыда ұшырасады.
Бұл күрделі (құрамдас), созылмалы, жалгаспалы қылмыстар жасағанда орын
алады.
Жеке алғанда өркайсысының өзі қылмыстың дербес кұрамының белгілерінен
тұра алатнын, алайда ішкі тұтастығына қарай бір қылмыс ретінде
қарастырылушы екі немесе бірнеше әрекеттерден құралатын қылмыстар күрделі
(қүрамдас) кылмыстар деп танылады.
Мүндай қылмыстардың ең кең тараған түрі ретінде бетен мүлікті иелену
мақсатымен жәбірленушінің өміріне не денсаулығына қауіпті болып табылатын
күш қолдану аркылы қол жеткізетін қарақшылықты мысалға алуға болады.
Жекелеген күрделі қылмыстардың қатарына екі әрекеттен, соның ішінде балама
әрекеттерден де тұратын қылмыстар жатады, Қылмыстық кодекстің 202-бабында
(Көрінеу сенімсіз ақпараты бар эмиссия проспектісін бекіту,сол сияқты
бағалы қағаздар шығару жөніндегі көрінеу сенімсіз есепті бекіту- екі жүзден
бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның
екі айдан бес айга дейінгі дейінгі жалақысының немесе өзге табысының
мөлшерінде айыппұл салуға, не төрт айдан алты айға дейінгі мерзімге
қамауға, не бір жолдан еекі жолға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не
жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бір
айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде
айыппұл салына отырып не онсыз үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан
айыруға жазаланады.) төмендегідей балама
әрекеттерден тұруы мүмкін бір ғана қылмыс туралы сөз болады: құнды
қағаздарды эмиссиялау жобасын оның жалған ақпараттардан тұратынын біле тұра
бекіту, сонымен бірге, құнды қағаздарды шығару жөніндегі есептің жалған
екендігін біле тұра, оны бекіту. Кінәлі адам осы аталған әрекеттердің тек
біреуін жасаса да, бірнешеуін жасаса да оның ісі, бәрібір, қылмыстың бір
кұрамынан тұрады деп есептеледі.
Белгілі бір қылмысты әрекет құрамын үзбестен жүзеге асырып отыру—
созылмалы қылмыс болып табылады. Атап айтканда ол — заңмен кылмыстық
қудалану қаупін төндіре отырып кінәлінің мойнына артқан міндетгердің көп
уақыт бойына орындалмауына келіп тірелетін әрекет немесе әрекетсіздік.
Айталык, П. өзінің ұлын асырауға қажетгі, сот шешімі арқылы белгіленген
қаржыны төлеуден бір жарым жыл бойы каса-қана бас тартты.Бұл уакыт
аралығында ол өзінің жұмыс орнын сегіз рет өзтертіп, бір қаладан екінші
қалаға көшумен болды. Қылмысты қылығының осыншама уақытқа созылғанына
қарамастан, П-нын ісі қылмыстың кептігіне жатпайды, ол со-зылмалы жалғыз
ғана қылмыс болып табылады.
Созылмалы қылмыстар қатарына, сонымен қатар, кашқындық (Қылмыстық
кодекстің 373-бабы:Қашқындық, яғни әскери қызметтен жалтару мақсатында
әскккери бөлімді немесе қызмет орнын тастап кету, сол сияқты осындай
мақсатпен қызметке келмеу-
жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.),
несиелі берешекті өтеуден әдейі жал-тару (Қылмыстық кодекстің 195-бабы:Ірі
мөлшердегі несиелік берешелікті өтеуден тиісті сот актісі заңды күшіне
енгеннен кейін ұйым жетекшісінің немесе азаматтың әдейі жалтаруы-
екі жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе
сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе
өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не төрт айдан алты айға
дейінгі мерзімге қамауға,не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына,
не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.), шетел
валютасьшдағы қаражатты шетелден қайтармау (Қылмыстық кодекстің 213-
бабы:Ұйым басшысының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан
Республикасының уәкілетті банкіндегі шоттарға міндетті түрде аударылуға
жататын шетел валютасындағы қаражатты шетелден іі мөлшерде қайтармауы-
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі
бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылға дейінгі
мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.) және басқалар жатады.
[?]Қылмыстық кодекстің 11-бабының бірітиі бөлігіне сәйкес — жалгаспалы
қылмыс ортақ ниетпен және мақсатпен қамтылып, тұтас алғанда, бірдей
қылмыстық әрекеттер қатарынан тұрады. Әдетте, жалғаспалы қылмыстар
әрекеттерден туындайды, бірак әрекетсіздіктен де тұруы мүмкін (Қылмыстық
кодекстің 315-бабындағы — қызметгегі әрекетсіздік, яғни лауазымды адамның
пайдакүнемдікпен немесе өзге де жеке мүддесінде өзінің қызметтік
міндеттерін орындамауы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары
мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын
мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соқса-
жүзден екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе
сотталған адамның бір айдан екі айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге
де табысы мөлшерінде айыппұл салуға, неүш жылға дейінгі мерзімге белгілі
бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не төрт айға дейінгі мерзімге
қамауға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға
жазаланады.). Барлығын тұтас алғанда жалғаспалы қылмысты қүраушы
әрекеттердің әрқайсысы жеке алғанда дербес қылмыс болуы да болмауы да
мүмкін (әкімшілік немесе тәртіптік жауаптылықпен байланысты немесе тіпті
ешқандай заң жауаптылығына байланыссыз). Алайда, кез-келген жағдайда да,
мұндай әрекеттердің әрқайсысы заң түрғысынан өз алдына жеке сараланбауы
тиіс, себебі, ол жалғаспалы қылмыс болып табылатын тұтас әрекеттің бір
кезеңі ғана. Мысал ретінде жалғаспалы ұрлықты алуға болады. Егер де кінәлі
деп табылған адам қоймадағы азық-түлікті белгілі бір уақыт аралығында
азғантай мөлшерде алып шығып ұрлап отырса, оның әрекеттерінде қылмыстың
көптігі болмайды. Бұл орайда, қылмыскердін әр кезде ұрлап шығарған мүлкінің
мөлшерінің маңызы жоқ. Әр жолғы ұрланған мүлік мелшері әртүрлі болып
келтірілген залал бір жолы айтарлықтай келесі бір жолы елеусіз болғандықтан
коғамдық қауіптілікке жатпайтын және Қылмыстық кодекстің 9-бабының екінші
бөлігіне сәйкес қылмыс болып табылмайтын күнде де бұл ұрлықтың — жалғаспалы
деп танылғаны орынды.
Ұрлықпен бірге тұтынушыларды алдау (Қылмыстық кодекстің 223-бабы:Меншік
нысанына қарамастан, тауарлар сататын немесе халыққа қызмет ететін
дүкендерде немесе басқа кәсіпорындарда не сауда (қызмет көрсету) саласында
кәсіпкерлер ретінде тіркелген азаматтардың кем өлшеуі, кем тартуы, кем
санауы, тараудың (қызмет көрсетудің) тұтынушылық қасиеттері немесе сапасына
қатысты шатастыруы немесе тұтынушыларды өзгедей алдауы, егер бұл іс-
әрекеттер елеулі мөлшерде жасалған болса-
бір жүзден екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе
сотталған адамныңбір айдан екі айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге
де табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екі жүз қырық
сағатқа дейінгі мөлшерге қоғамдық жұмысқа таратуға, небір жылдан екі жылға
дейінгімерзімге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейінгімерзімге алуға
жазаланады.), ұрып-соғу (Қылмыстық кодекстің 106-бабы: Тән ауруын
келтірген, бірақ осы Кодекстің 105-бабында көзделген зардаптарға әкеп
соқпаған ұрып-соғу немесе өзге күш қолдану әрекеттерін жасау-
жүз айлық есептік көрсеткішке ддейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның
бір айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге табысы мөлшерінде айыппұл
салуға, не жүз сағаттан жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық
жұмыстарға таратуға, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға жазаланады.),
(азаптау (Қылмыстық кодекстің 107-бабы: Ұдайы ұрып-соғу немесе өзге күш
қолдану әрекеттері жолымен тән зардабын немесе психикалық зардап шегу, егер
бұл осы Кодекстің 103 және 104-баптарында көзделген зардаптарға әкеп
соқпаса-
елу айлық есептік көрсеткіштен жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі
мөлшерде немесе сотталған адамның алты айға дейінгі кезеңдегі жалақысының
немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не үш айдан алты айға
дейінгі мерзімге қамауға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына,
не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.) және басқа да
кылмыстар жалғаспалы кылмыстар қатарында жиі ұшырасады.

2. ҚЫЛМЫСТЫҢ БІРНЕШЕ МӘРТЕ ЖАСАЛУЫ

Қылмыстардың бірнеше рет жасалуы дегеннің мағынасына тереңірек үңілер
болсақ, ол — бір тұлғаның екі немесе одан да көп кылмыстар жасауы. Бұл
әрекеттері үшін тұлғаның сотталған-сотталмағандығы ескерілмейді.
Теория жүзінде де, практика жүзінде де қылмысты бірнеше рет жасау екі
түрге белінеді: жалпы және арнайы.
Қылмыстардың қайталануының кез-келген түрі, оның қоғамдық қауіптілігінің
сипаты мен деңгейіне қарамастан жалпы бірнеше рет қайталану деп табылады.
Жалпы бірнеше рет қайталану қылмыстардың саралануына ықпал жасамайды, бірак
жаза тағайындау кезінде сот бүл жағдайды жауаптылықты ауырлататын мән-жай
ретінде ескеруі мүмкін. (Қылмыстық кодекстің 54-бабының бірінші бөлігінің
"а" тармағы:қылмыстарды әлденеше рет жасау, қылмыстардың қайталануы;).
(Кінәлі тұлғаның ұқсас немесе біртекті екі немесе одан да көп қылмыс жасауы
арнайы бірнеше рет жасалу деп табылады. Қылмыстық кодекстің 11-бабының
бірінші бөлігінде дәл осындай бірнеше рет жасалу туралы айтылған: "Осы
Кодекстің Ерекше бөлімінің белгілі бір бабында немесе бабының бәлігінде
көзделген екі немесе одан да кәп әрекетті жасау — қылмыстардың бірнеше рет
жасалуы деп танылады".
Нақты жағдайлар тұрғысынан өзара айырмашылыктары болғанымен,
бірдей қылмыс құрамьшың белгілерінен тұратын қылмыстар, ұқсас (бірдей)
қылмыстар деп есептеледі.
Мысалы, бір тұлғаның кісі өлтіру қылмысын екі рет жасауының бір-бірінен
қылмыстың жасалған уақыты, орны жөне басқа да нақты жағдайлары тұрғысынан
өзара айырмашылығы болуы мүмкін, бірақ бұл Қылмыстық кодекстің 96-бабында
қарастырылған қылмыс қүрамының белгілері бойынша ұқсас (бірдей) болып
келеді.
Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің бірқатар нормаларында ұқсас
қылмыстардың бірнеше мәрте жасалуының орын алуы саралаушы мән-жайлар
болыптабылады. (Қылмыстық кодекстің 96-бабының екінші бөлігінің "а"
тармағы: екі немесе одан көп адамдарды; 120-бабының екінші бөлігі және
т.б.).
Заңмен тікелей қарастырылған жағдайларда біртекті қылмыстардың да бірнеше
мәрте жасалуы ескеріледі. Белгілі бір объектіге немесе соған ұқсас
объектіге қайталап қиянат келтіруші, кінәнін түрі бірдей және басқа да
объективтік және субъективті ұқсас белгілерден түратын кылмыстар (мысалы,
ұрлық, тонау, қарақшылық, т.б.) біртекті кылмыстар деп таны-лады. Біртекті
қылмыстарды есепке алу мүмкіндігі Қылмыстық кодекстің 175-бабына қатысты 3-
ші ескер ту детікелей қарастырылған, атапайтқанда онда былай делінген: "Осы
Кодекстің 175—181-бап-тарындағы бірнеше рет жасалған қьілмыс деп осы бапта,
сондай-ак осы Кодекстің 248, 255, 260-баптарында көзделген бір немесе одан
да көп қылмыстардан кейін жасалған кьілмыс та-нылады". Осыған орай,
бөтенін, мүлкін ұрлау қылмысы, бұған дейін де мүлік ұрланғандықтан ғана
емес, сонымен катар, кінәлі тұлға жоғарыда аталған қылмыстардың бірін бұрын
жасаған жағдайда да бірнеще рет жасалған деп танылатын болады.
Бірнеше рет жасалу угымы, кінәлі тұлганың сотты болган қылмыстарымен
қатар, оның қылмыстық жауаптылықка әлі тартылмаган әрекеттерін де қамтиды.
Аяқталған немесе аяқталмаған қылмыс деп саралануына, кінәлі тұлғаның бұл
қылмыстардың орындаушысы немесе оған бірлесіп қатысушы болуына қарамастан,
бұл әрекеттер — бірнеше рет жасалған деп таныладьт.
(Бірнеше рет қайталанудың заң тұрғысынан алғандағы мәні мынада:
біріншіден, жоғарыда айтылғанындай Қылмыстық кодекстің 54-бабының бірінші
бөлігінің, "а" тармағына сәйкес сот оны жауаптылық пен жазаны ауырлататын
жағдай ретінде қарастыратындығында. Екіншіден, Қылмыстық кодекстің 11-
бабының бесінші бөлігіне орай "Қылмыстардың әлденеше рет жасалуы осы
Кодексте не-ғұрлым қатаң жазаға әкеп соқтыратын мән-жай ретінде көзделген
жағдайларда адамның жасаған қылмысы осы Кодекстің Ерекше бөлімінің
қылмыстарды бірнеше мөрте жасағаны үшін жазалауды кездейтін бабының тиісті
белігі бойынша айқын-далады" деп көрсетілгендігінде.

3. ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ

Қылмыстық кодекстің 12-бабының бірінші бөлігінде айтылғандай "Осы Кодекстің
түрлі баптарында немесе баптарының беліктерінде көзделген, адам солардың
бірде-біреуі үшін сотгалмаған неме-се заңмен белгіленген негіздер бойынша
қылмыстық жауап-тылықтан босатылмаған екі немесе одан да көп әрекеттерді
жасау қылмыстардьң жиынтығы деп танылады. Қылмыстардың жиынтығында адам,
егер жасалған әрекеттердің белгілері Қылмыстық Кодекстің бір бабының немесе
бабыньщ бір бөлігінің неғүрлым қатаң жаза қолдануды көздейтін нормасымен
қамтылмаған болса әрбір жасалған қылмыс үшін Қылмыстық кодекстің тиісті
бабы немесе бабының бөлігі бойынша кылмыстьқ жауапқа тартылады.
Басқаша айтқанда, кінәлі тұлғаның жасаған қоғамдык, қауіпті әрекетгерінің
жиынтығы кезінде, кылмыстың екі немесе одан да көп құрамдары орын алады.
Және де ескерілетін жай — кінәлінің жасаған істері ҚК-тің Ерекше бөлімінің
түрлі баптарында немесе бір бабының әр түрлі бөліктері мен тармактарында
қарастырылған қылмыстардың белгілеріне сай болуы керек. Тұлғаның біртекті
әрекеттер жасауы, ол әрекеттердің кейбіреулері аяқталған кылмыс, қалғандары
кылмыс жасауға даярлану, оқталу немесе бірлесіп катысу сияқты болып
сараланса да — қылмыстардың жиынтығы болып табылады. Құрамына кіретін
істердің ешқайсысы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстардың көптігінің жекелеген қылмыстардан ерекшелігі
Қылмыстардың көптігі
Қылмыстың көптігінің түрлері
Қылмыстық құқықтағы қылмыстардың көптігі
Қылмыстық құқық бұзушылықтардың бірнеше рет жасалуы
Көптік қылмыстар
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖИЫНТЫҒЫНЫҢ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Қолданыстағы заңнама бойынша қылмыстардың көптігі
Қылмыстардың көптігінің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы. Қылмыстардың қайталануы және жаза тағайындау
Көптік қылмыстарды саралаудың теориялық мәселелері
Пәндер